- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
Қу-қызбасы - (ағылшынша Query – белгісі анық емес) – клиникалық көрінісі полиморфты, өкпенің зақымдалуымен сипатталатын, Coxiella burnetii тудыратын зоонозды жұқпалы ауру. Алғашқы рет 1937 жылы Ф. Бернет және М. Фримен Австралияда ауру адамнан бөліп алған.
Тұқымдастығы: Coxiellaceae.
Туыстастығы: Coxiella
Түрі: Coxiella burnetii.
Морфологиясы.
Олар грам теріс, қозғалмайтын, майда кокк немесе таяқша тәрізді құрылымдар. Coxiella burnetii вирустардан зат алмасуының автономдылығымен ерекшеленетін облигатты жасушаішілік паразиттер (8.4.сурет).
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Coхiella burnettii – қоректік орталарда өспейтін эукариотты Жасушаның фаголизосомальды паразиті.
Жасуша дақылында, тауық эмбриондарынының сарыуыз қапшығында, әр түрлі зертханалық жануарларда өседі. Коксиеллалардың фазалық вариациялары, R- және S- бактерия түрлері. Фаза 1 және фаза 2 қоздырғыштары вируленттілігі, құрлысы, иммуногендігі және басқа қасиеттері бойынша ерекшкленеді. Коксиеллалар риккетсиялардан ұсақтау, инфра түр түзуге қабілетті (40 нм кіші), ал олар бактериялық фильтрлерден өтуге өте қабілетті, сыртқы ортаға тұрақты. Ку-лихорадка ауруының қоздырғышы - Coxiella burnetti-ің басқа риккетсиилерден айырмашылығы эукариоттық жасушалардың фаголизасомаларында көбейеді, ол тыныштық стадиясында эндоспора түзбейді. Қоздырғыштың полимофты талшықтары жоқ, капсула түзбейді. Тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында 370С-та дақылдағанда жақсы көбейеді. Қоздырғыш физикалық және химиялық факторларға үлкен тұрақтылығымен ерекшеленеді.
|
|
8.4.сурет Coxiella burnetii морфологиясы. http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=риккетсизы |
|
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі Қоздырғышқа зертханалық және ауылшаруашылық жануарлары өте сезімтал. Ку-қызбасы барлық жерде таралған. Сүткқоректілер, құстар, буынаяқтылардың көптеген түрлерінде Coxiella burnetii паразиттік өмір сүреді. Үй жануарлары мен кеміргіштердің кейбір түрлері эпидемиялық қауіптілік тудырады. Қоздырғыштың табиғи ошақтардағы таралу жолы – трансмиссиялық (кенелердің 70 астам түрлері). Ауылшаруашылық ошақтарында Жұқпа көзі ірі және ұсақ қара малдар, жылқылар, түйелер болып табылады. Резистенттілігі.Физикалық, химиялық факторларға тұрақты. 900С дейін қыздырғанда 1 сағаттан аса сақталады, қоршаған ортада ұзақ сақталады.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті.
Ку-лихорадканың берілу жолы- аэрогенді, алиментарлы, су және кенелердің шағуы арқылы болады. Риккетсиялар кілегейлі қабықшалар және тері арқылы енген соң лимфаға және қанға түсіп, риккетсиемия жағдайын тудырады. Риккетсиялар гистиоцттерде және макрофаггтарда көбейіп, оларды бұзады, нәтижесінде процесстің генерализациялануы және токсинемия байқалады.
Қоздырғыш ауа – тамшылы жолмен (ауру жануардың терісін өңдегенде) және тағам арқылы (ауру жануардың сүт және сүт өнімдерін қолданғанда) жұғады. Науқас адамнан сау адамға ауру жұқпайы. Қоздырғыш қанға түсіп, көптеген ағзаларға таралады, әсіресе өкпені зақымдайды. Ағымы қызбалық аурулар сияқты. Ку – қызбамен ауырғандарда ұзаққа созылатын тұрақты иммунитет қалыптасады, қайталап ауыруы сирек кездеседі.
Микробиологиялық диагноз қою. Ку-лихорадкасын микробиологиялық диагностикалауда негізінен үш әдісті қолданады: Қоздырғышты бөліп алу және идентификациялау қоздырғышты бөліп алу үшін науқастың қанымен теңіз шошқасын залалдайды, қоздырғышты морфологиялық белгілеріне, жасуша ішілік көбею және серологиялық ерекшеліктеріне қарай идентификациялайды.
Арнайы риккетсиозды антигендер мен серологиялық реакциялар (КБР, ПТА, РА, ИФМ) жасайды.
Тері ішілік аллергиялық сынамамен жасайды. Аурудан соң риккетсияның антигені 4 жылға дейін оң сынамалық көрсеткіш береді.
Ку-лихорадканы емдеу үшін антибиотиктер пайдаланады. Арнайы профилактика үшін (эпид. көрсеткіштерге сәйкес) әлсіз тірі вакцинаны тері үстінен салады.
Инфекцияларды емдеу мен алдын алуы. Антибиотиктерден тетрациклин (тетрациклин, доксициклин, моноциклин) және хинолон қатарын (ципрофлоксацин, офлаксоцин және т.б.) қолданады.
Бейспецификалық алдын алу үшін санитарлық- ветеринарлық шаралар жүргізіледі. Иммунитет тудыру үшін М-44 штамынан алынған тиімді тірі вакцина қолданылады
