Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.5 Mб
Скачать

11.10.3. Сары қызба

Сары қызба – қоздырғыштың трансмиссивті берілу механизмі бар карантинді, аса- қауіпті, зоонозды және антропонозды табиғи- антропургиялық вирусты жұқпалы ауру. Екі фазалы ағыммен, интоксикация, геморрагиялық синдроммен, бауыр мен бүйректің зақымдалуымен сипатталады.Сары қызба – дүние жүзінің тропикалық және субторпикалық аймақтарда таралады. Европеецтердің ішінде алғашқы сары қызбамен ауырғандар 1492 жылы Америкаға келген Христофор – Колубтың матростары. Қоздырғыш – құрамында РНК бар, В топ антигенді арбовирус, Flaviridae туыстығына, Flavivirus тұқымдастығына жатады. Теңіз шошқаларға, ақ тышқандарға, маймылдарға патогенді.

Резистенттілігі. Ұзақ уақыт кепкен және мұздатылған түрде сақталынады. T600 С 10 минуттың ішінде инактивтірілінеді, РН 3-5 тұрақты емес, ультрафиолет сәулесімен, эфирленген кәдімгі концентрациясы бар хлорқосылған дезинфекциялызаттарда тез арада инактивтірілінеді.

Жұқпа көзі мен резервуары. Негізінде маймылдар, сонымен қатар адамдар.

Жұқпа көзінің жұқтыру кезеңі. Жануарларда анықталмаған. Адамдарда сырқаттың клиникалық белгілері басталмаған кезде басталады және 3-4 күннен кейін аяқталады. Масалар болмаған жағдайда науқас адамның эпидемиологиялық маңыздылығы жоқ. Маса қоршаған ортаның Т 25 С дейін болса, қан сорғаннан 9-12 күннен кейін ауруды жұқтырады.

Қоздырғыштың берілу механизмі: трансмиссивті.

Тасымалдаушылар: қала ошақтарында – Aedes aegypti масасы.

джунглияда – осы масалардың басқа түрлері. Сирек қатынастық берілу жолы анықталады, зақымдалған теріге залалданған қан арқылы болады.

Адамның қабылдағыштығы – жоғары, ауырып жазылғаннан кейін тұрақты иммунитет (6 жылға дейін және одан жоғары).

Негізгі эпидемиологиялық белгілер. Африканың жамбырлы зоналарының тропикалық ормандарына, Оңтүстік Американың кең аймақтарына ауыруға эпидемиялық тән. Германия, Италия, Франция, Португалия, Испания елдерінде сырқаттан әкелген өршулер тіркеледі.

Сары қызбаның екі эпидемиологиялық түрлері анықталған: Зоонозды (джунглиялық, ауыл шаруашылық, табиғи-ошақтық, барлық кезде қоздырғыштың резервуары маймылдар). Антропонозды (қалалық немесе классикалық, жұқпа көзі – адам). Зоонозды формамен жиі табиғи ошақтық аймақтарда жұмыс істейтін немесе осы аймақтарға келетін үлкен ер адамдар ауырады. Антропонозды формамен – күріш өсіретін зоналарда, қоздырғыштың тасымалдайтын масалар мекендейтін жерлердегі тұрғындар ауырады.

Масалардың популяциясы максимальді жоғарлағанда жаңбыр кезеңі өткеннен кейін сырқат өседі. Инкубациялық кезең – 3-6 күн, сирек 9-10 күнге дейін созылуы мүмкін.

Клиникасы. Сырқат ауыр, жеңіл, абортивті, штамсыз формада тіркелуі мүмкін. Сырқат жедел басталады, 1-2 күнде дене температурасы 39-40 С-ге жоғарлайды, 3-4 күн сақталып, 1-2 күннен кейін қайта жоғарлайды.

Аурудың 3-4-ші күні сырқаттың екінші фазасы басталады: цианоз, сарғаю, мұрыннан, тістің қызыл етінен қан кету (14.3.сурет), құсық пен нәжісте қан аралас болады, бауыр мен көк бауырды пальпация кезінде ауырсынуы және ұлғаюы байқалады.

Клиникалық триада байқалады: сарғаю, геморрагиялық синдром, олигоурия. Аурудың ауыр ағымында “шок” болуы мүмкін. Летальдік көрсеткіш 5-10%, бірақ 2-40% жоғарлауы мүмкін.

Микробиологиялық диагноз қою Ақ тышқандарды ми ішілік зақымдалу жолымен, сырқаттың алғашқы 3-4 күні алынған науқастың қаннында вирусты анықтауға негізделегн.

Серологиялық реакциялардың ішінде РН, РСК, РТГА қолданады, оларды ауруды 1 аптаның аяқ жағында және 2-3 күннен кейін алынған жұп қан сарысу арқылы қояды.

Экспресдиагностика - өлгендердің бауырында немесе қанында вирустің антигенін индикациясына негізделген, ИФА арқылы жүргізіледі. Бұл диагностика 3 сағатта жүреді, ал вирустің анықтауы және оның индикациясы 3-5 күнде болады.

Алдын алу шаралары. Қоздырғышты шет елдерден енуін алдын алуға бағытталған және Халықаралық медико – санитарлық ережелер мен аймақты санитарлық қорғау ережесіне негізделген. Эпидемиялық аймақтарда масалар мен олардың көбею жерлерін жою, бөлмелерді қорғау және жекелеген қорғаныш заттарды қолдану. Иммунопрофилактика ретінде 17 – Д (0,5 мл тері астына) вакцинаны қолданады. Бақылаған кезде сары қызбаға қарсы вакцинация немесе ревакцинация туралы Халақаралық куәлік беріледі.

Эпидемиялық ошақта жүргізілетін шаралар. Сары қызба карантинді жұқпа тобына жатуына байланысты, Халықаралық санитарлық ережелеріне сай, әр мемлекет сырқат пайда блған кезде БДҰ – на және көрші мемлекетке міндетті түрде хабарлау керек.

Эпидемиологиялық тексеруге жатады. Алғашқы мақсат – сырқат келген ауданды анықтау; науқас келген транспортта масалардың болуы;

қатынаста болған адамдарды анықтау, олар иммунизация туралы Халықаралық куәлік көрсету керек, болмаса олар иммунизациялынады.

Науқасты госпитализациялайды. Егер де ауру адамды рейс кезінде кемеде анықтаса, оны бөлек каютаға жатқызады.

Дезинсекция – сары қызба бойынша сәтсіз ауданнан келген транспортта теңіз медико – санитарлық деклорация немесе ауа- транспорттың жалпы деклорациясының медико – санитарлық бөлімге енгізу жүргізілген дезинсекция туралы мәлімет болуы керек. Егер де мұндай мәлімет жоқ болса транспортта дезинсекция жүргізіледі. Науқас жатқан бөлменің тесік пен терезелерге тор қою арқылы масалардың кіруінен қорғайды. Эпидемиялық аудандардан егілмеген қатынаста болғандарды оңашалайды және 9 күн медициналық бақылайды.

Сары қызбаның өршуі басталған кезде тұрғындарды жаппай егеді. Диспансерлік бақылау тағайындалмайды.