- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
Марселдік қызба (Жерорта теңізі риккетсиозы) алғашқы қабыну ошағы теріде болумен, жайылмалы бөртпемен және аймақтық лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталатын, бірақ ағымы қатерсіз, Rickettsia conori тудыратын жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышын алғаш рет Э. Брумт 1932 жылы тапқан.
Ауру қоздырғышы – Riсkettsia conori – ядро мен цитоплазмаішілік паразит.
Морфологиясы. Басқа риккетсияларға ұқсайды.
Антигендік құрылымы. Басқа риккетсияларға ұқсайды.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Кенелер қан сорған кезде олардың сілекейімен Riсkettsia conori жұғады. Ит кенесі Rhinocephalus sanguineus қоздырғыштың тасымалдаушысы және резервуары (иттерде болуы мүмкін) болып табылады.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Инфекцияның адамнан адамға берілетіндігі анықталмаған. Клиникалық белгілері. Қоздырғыш енген (кене шаққан жер) кезде бірінші аффект пайда болады: 1 немесе бірнеше қызыл инфильтрат, бетінде қара қабыршағы бар (лимфаденит дамуы мүмкін). Аурудың инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 5-7 тәулік. Ауру жедел дене қызбасының 39-400 С температураға дейін көтерілуімен басталады. Миалгия, артралгия, бас ауыруымен сипатталады. Қызбаның ұзақтығы 10-14 тәулікке созылады. Аурудың 3-4 күні дақты-папулезды бөртпе бүкіл денеде пайда болады. Аурудың ағымы - қатерсіз, рецидивсіз.
Иммунитеті. Аурудан кейін өмірлік тұрақты иммунитет қалыптасады. Осы ауруға қарсы пайда болған иммунитет басқа риккетсиалардан да организмді сақтайды (мысалы: кенелік риккетсиоз қоздырғышынан).
Микробиологиялық диагноз қою. Микробиологиялық, биологиялық, серологиялық әдістері қолданылады. Ауру қоздырғышының таза дақылын бөліп алу үшін зерттеу материалын тауық эмбрионының жасушаларына және теңіз шошқасына жұқтырады.
Инфекцияны емдеуі мен алдын алуы. Тетрациклин, макролидтер қатарының антибиотиктерімен жүргізіледі. Кенелер мекендейтін орындарды (ит күркесі, сарайлардың қабырғасы, дарбазалар және тағы басқа) міндетті түрде өңдеу. Эндемиялық ошақтарда қаңғып жүрген иттерді жою. 2 ай сайын бір рет үй жануарларына, иттерге тазарту жүргізу. Арнайы сақтандыруы жоқ.
8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
Құзды таулардың ақтандақтық қызбасы - қоздырғышы (Riсkettsia ricketsii) иксод кенелерімен трансмиссиялық механизм арқылы таралатын, зооантропонозды риккетсиоз. Кенелер жоқ жағдайда ауру таралмайды.
Тұқымдастығы: Ricketsiacеае.
Туыстастығы: Rickettsia.
Түрі: Rickettsiaricketsii.
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері.
Сезімтал жасушаның цитоплазмасы мен ядросында өмір сүреді. Әр түрлі кене ағзаларында және дақылдық жасушаларда жақсы өсіп - көбейеді. Тауық эмбрионының сары қапшығында және теңіз шошқаларының ағзасында жинақталады. Жасуша дақылдарында негативті колониялар (ақтандақтар) түзеді, гемолитикалық қасиеті айқын көрінеді. Сезімтал биологиялық үлгі ағзаларында токсикоз тудырады. Романовский - Гимзе немесе Гименес әдістерімен жақсы боялады.
Антигендік құрылымы. Осы топқа жатататын риккетсиялармен жалпы антигенге ие.
Патогенділік факторларлары. Қоздырғыштың табиғаттық штамының вируленттілігі кең көлемде құбылмалы.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Әр түрлі туыстастыққа жататын кенелер арқылы тарайды: орман кенесі – D.andersoni, D.occidentalis, ит кенесі -D.vaziabilis, бразилиялық кене - A.cajensis, A.ameircanum, A.masculatum, A.cayennense. Зертханаларда құрамында риккетсиялары бар аэрозоль арқылы жұғуы мүмкін. Қоршаған орта факторларының әсеріне тұрақсыз. Кең қолданылатын дезинфектанттар әсерінен жылдам жойылады. Дегенмен, кене ағзаларында бірнеше айлар сақталады. Ауру Америка аймағынан басқа жерде кездеспейді. Табиғатта қоздырғыштың айналымы жабайы жануарлар, кеміргіштер және кенелер арқылы, ал адамдар арасында – ит пен кене көмегімен жүреді. Бұл аурумен балалар мен жас өспірімдер жиі ауырады: еркектер екі есе жиі ауырады. Ауру жаз айларында жиі кездеседі.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті.
Жасырын кезеңі орташа 6-8 (2-14 күн) күн. Басталуы – жедел (бастың қатты ауыруы, жарықтан қорқу, миалгия мен құсу), клиникалық көріністері жайылмалы панваскулиттің нәтижесінде дамиды, содан кейін қан құрамында коагуляциялық - антикоагуляциялық және комплемент жүйелерінде бұзылыстар пайда болады. Диагноз қоюда үштік белгілерге назар аудару қажет: кененің шағуы және сонымен қарым - қатынаста болуы; бүкіл денесіне таралған және алақан мен табанда да орналасатын макулалық-папулалық бөртпелер; жоғары температурамен сипатталатын қызба. Көбінесе кене шаққан жерінде алғашқы аффект болмайды. Ем қабылдамағанда өлім жітім 35% жетеді.
Иммунитеті.Толық зерттелмеген, ол туралы әдеби мәліметтер жарияланбаған.
Микробиологиялық диагноз қою. Қорытынды диагнозы серологиялық әдіспен дәлелденеді: КБР, ЖИФР т.б.
Инфекцияларды емдеуі мен алдын алуы. Кең спектрлі антибиотиктер қолданылады (тетрациклин, диоксициклин).
Жалпы медициналық сақтану шаралары қолданылады. Арнайы алдын алу, яғни вакцина егу жасалмаған.
