- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
4.3.2. Сальмонеллез
Сальмонеллез – аш ішектің жарақатының нәтижесінде энтеритке алып келетін. жіті ішіек инфекциясы. Қоздырғыштары S. Typhi мен S. Рaratyfi дан бөтен S. Entercaның барлық серотоптары болып табылады. Адамдарға сальмонеллез әр түрлі үй жануарлары мен құстардан жұғады. Сальмонеллар — негізінен көптеген жабайы және үй жануарларының ішек жолының қалыпты микрофлорасына жатады. Салмонеллалар кейбір химиялық және физикалық факторларға және төменгі, жоғарғы температураларға, дезинфекциялызаттарға, УК- сәулелерге өте сезімтал. Таза суық суда бір жарым жылға дейін , бөлме шаңында -80 тәуліктен 550 тәулікке дейін, шұжықта үш ай, тоңазылтылған етте және жұмыртқада бір жыл, жеміс-жидекте 5-10 тәулікке дейін сақталады. Олар тағамдық заттарда (етте,сүтте және т,б.) сақталып қоймай онда көбейеде алады. РН ортада 4-9 аралығына дейін шыдайды. Қолайсыз жағдайда салмонеллалар дақылданбайтын түрге ауысуыда мүмкін. Салмонеллалардың негізгі көзі - жауарлар, жиі үй жануарлары және құстар, бактерия тасымалдаушылар. Салмонеллалардың тасымалдаушылары тышқан, көгершін, тасбақа, таракан т.б, болу мүмкін. Сирек жағдайда аурудың көзі науқас және тасымалдаушы адамдар болып табылады. Жұғу көзі фекальді-оральді және су арқылы басым, тағамдық астан уланулар, госпитальды (ауруханаішілік, нозокомиалды) салмоналлез, тұрмыстық қатынас арқылы сиректеу беріледі. Ауру әсіресе жаз бен күз айларында жиі кездеседі. Сальмонеллалар тағам интоксикациясының қоздырғыштары болып табылады, сондай-ақ диарияны да тудырады. Кейбір сальмонеллалар 2 түрлі экзотоксин синтездейді термолабильді және термостабилде (энтеротиксиндері LT, ST түрі) сальмонеллездың пайда болуы 70-80%. S. typhimurium мен S. enterminiti–ге байланысты. Сальмонеллез әртүрлі клиникалық белгілермен көрінуі мүмкін.
Қоздырғыштар ауыз арқылы ағзаға түсіп, ащы ішекке туседі де, патологиялық процесс шақырады. Эпителиальлы қабаттанан субэпителиальды кеністікке өтіп. Ол жерде қабыну және су-тұз алмасуды бұзады да диареяға алып келеді. Инкубациялық кезең 12-24 сағат. Ауру іштің ауруы мен, дененің температурасының көтерілуі мен, жүректің айнуы мен құсу және диарея мен сипатталынады. Науқас 7 тәулік ауырады, кеде ауру жедел түрде іш сүзегі тәрізді өтіп, өлімге алып келеді. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қартадамдарда ауыр өтеді.
Сальмонеллездарды емдеуі асқазанды жедел жуып-шаяды, дененің улануын әлсірететін, жоғалтқан тұз-су балансын қалпына келтіретін әр түрлі сұйықтықтарды тамырға құю, витаминдер, бактериофагтар, антибиотиктер (левомицетин, циклофлоксацин, т.б.) қабылдау.
Ауырғаннан кейінгі иммунитеті әлсіз және IgA - ға тәулді болады. Сальмонеллезбен иммунитеті төмен адамдар ауырады.
Сальмонемезды инфекцияның микробиологиялық диагностикасының негізгі әдісі – бактериологиялық және серологиялық әдістер.
Алдын алуы: Сальмонеллез бен күресу және оның алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық және індетке қарсы шаралар кешені жүргізіледі, спецификалық профилактикасы жоқ.
4.4.Тағам токсикоинфекциялары
Микроб шақырған тағамда улану 2 топқа бөлінеді:
а) тағам интоксикациясы – тек микробтар бөлген токсиндермен улану. Бұл жерде тірі микроорганизмдер жоқ.
б) тағам токсикоинфекциясы егер қабылдаған тағамда көп мөлшерде бактериялар болған кезде пайда болады.
Тағам токсикоинфекциясының клиникасы мен патогенезі.
Асқазан – ішекке түскен бактериямен жарақатталған дұрыс залалсыздандырылмаған тағаммен белгіленеді. Бұл жерде өмір сүруге қабілеті бар бактериялар жылдам көбейеді. Ішекке түскен бактериялар /көп мөлшерде/ көбейіп эндотоксин бөле бастайды. Олар ащы ішектің интромуральды нейрорецепторлы қондырғыға және құрсақ қуысының тамырына әсер етеді. Бұл ішек қабырғасы мен басқа ағзалардың жасушаларына нейродистрофикалық әсер етеді. Тағам токсикоинфекциясындада көбінесе қоздырғыш асқазан – ішектен ауру басталған кезден кейін бірнеше сағаттан соң ішектен шығып кетеді. Кейде сальмонеллалар ішекте ұзақ сақталып /апталар, айлар/, акдам бактериятасымалдаушы болады. Тағам токсикоинфекциясының бактериологиялық диагностикасы; зерттелетін материалды /фекалилер, құсық асқазан жуындылары, тағам қалдықтары/ дифференциальды – диагностикалық ортаға /Эндо, Плоскирев т.б./ егіп сальмонеллалардың, шигеллалардың және эшерихиялардың таза дақылын бөліп алу, сондай – ақ конденцациялы сулы протея бөліп алу үшін, қиғаш ортаға егу арқылы жүргізеді. 37°С, 30-24 сағаттан инкубацияландырғаннан кейін дифференциальды – диагностикалық ортадағы колонияларды анықтап, қиғаш ортадағы протеяға тән «жайылып» өсуді байқады. Күдікті колониялардан таза дақыл бөліп алу үшін қиғаш қоректік ортаға егіп, бір мезгілде сальмонеллалардың әр түрлі сероварымен диагностикалық сарысумен шыныда агглютинация реакциясын жүргіземіз. Реакцияның нәтижесіне байланысты белгілі сальмонеллалардың сероварларына сәйкес моноцепторлы сарысу мен агглютинация реакциясын жүргізеді және «шұбар» /Гисс ортасына/ қатарға егеді. Науқас адамнан бөлінген тағамдағы сальмонеллалардың серовары бір болса, тағам токсикоинфекциясының этиологиясы туралы анық соңғы қортынды беріледі. Конденсациялық судан «ілінген» тамшы жасап қимылын байқау үшін жұқпа жасап, Грам әдісімен бояп микроскоппен көреді.
Тағаммен уланудың алдын алуына, тағамды дайындағанда, тасымалдағанда, сақтағанда және жұмысшылардың өздері санитарлық ережені қатаң сақтауы тиіс.
Тесттер.
1. Тағам токсикоинфекциясының себебінің 95 %-ы көбінесе ... болып табылады.
сальмонеллалар
микобактериялар
клостридиялар
шигеллалар
коринобактериялар
2. Адам ағзасы мен тағам өнімдерінде тағам интокцикациясы ... тудырады.
сальмонеллалар
клостридиялар
шигеллалар
коринобактериялар
микобактериялар
3. Сальмонелалар ... ортасында қара түске боялады.
Висмут-сульфит-агар
Раппопорта
Эндо
Селениті
Магнилі
4. Эндо, Плоскирев, Левин ортасында түссіз колония түзіп, висмут-сульфит агарда-колониялары қара түсті ... береді.
сальмонеллалар
шигеллалар
эшерихиялар
клебсиеллалар
протейлер
5. Азық-түліктерде көбейе алатын энтеробактериялар
А) вибриондар
В) ішек таяқшалары
С) шигеллалар
Д) сальмонеллалар
Е) иерсиниялар
6. Висмут-сульфит агарында сальмонеллалар... түсті колония түзеді.
жасыл
қара
ақшыл
сары
көгілдір
7. Қоздырғышы эндо- және экзотоксиндерді адам организмінде ғана емес, тағамдарда да бөлетін ... инфекциясы.
a) дизентерия
b) колиэнтерит
c) эшерихиоз
d) тырысқақ
e) сальмонеллез
8. Жалаң цитратты агарда өсетін ... сальмонеллалары.
a) Salmonella typhi
b) Salmonella houtenae
c) Salmonella salamae
d) Salmonella arizonae
e) Salmonella bongori
9. Н-антигенінің екі типі бар (1-фаза, 2-фаза) бактерия
А) шигелла
В) эшерихия
С) сальмонелла
Д) иерсиния
Е) кампилобактер
10. 2200 ден астам сероварианттары бар энтеробактерия туыстасы
А) эшерихия
В) сальмонелла
С) шигелла
Д) иерсиния
Е) кампилобактер
11. Сальмонелез ауруларында қанға себу жасау үшін ... ортасын қолданады.
a) Плоскирев
b) Раппопорт
c) Эндо
d) Вильсон-Блер
e) Левенштейн-Иенсен
12. Вируленттілік антиген деп аталатын, беткейлік антигені бар бактерияға ... жатады.
іш сүзегі таяқшасы
ішек таяқшасы
паратиф таяқшасы
дизентерия таяқшасы
холера вибрионы
13. Тек іш сүзегінде және кейбір энтеробактерияларда ... кездеседі.
Vi антигені
S антигені
протективті антигені
H антигені
K антигені
14. Іш сүзегі қоздырғышына қолайлы өсу ортасына ... жатады.
a) қан
b) құсық
c) өт
d) зәр
e) нәжіс
15. Ішектің лимфа жүйесінің зақымдалуымен және айқын интоксикациясы ... байқалады.
іш сүзегі, паратифте
холерада
иерсиниозда
дизентерияда
эшерихозда
16. Өт қапшығында ұзақ сақталып, аш ішектің лимфатүйіндерін қайталап зақымдайтын ... қоздырғыштары болып табылады.
іш сүзегі, паратиф
иерсиниоз
дизентерия
холера
эшерихоз
17. Клиникасында бастың ауруы, естің тануы, сандырақтың және денеде бөртпенің пайда болуын шақыратын энтеробактериялар ... қоздырғышы болып табылады.
іш сүзегі
иерсиниоздың
дизентерияның
тырысқақтың
эшерихиоздың
18. Адам ағзасында L-форма түзетін энтеробактериялар
А) кампилобактерлер
В) ішек таяқшалары
С) дизентириялық таяқша
Д) иерсиниялар
Е) іш сүзегі және паратиф сальмонелласы
19. Ұзақ иммунитет түзетін энтеробактериялар ... қоздырғышы болып табылады.
іш сүзегі мен паратиф
дизентреия
иерсиниоз
тырысқақ
эшерихиоз
20. Видаль және ТГАР аглютинация реакциясының көмегімен ... диагностикаланады.
іш сүзегі
дизентерия
иерсиниоз
тырысқақ
эшерихиоз
21. Тоқішек эптелийіне тропизмдікке ие, көбейген кезде жараның пайда болуына алып келетін энтеробактериялар
А) сальмонеллалар
В) ішек таяқшалары
С) шигеллалар
Д) вибриондар
Е) иерсиниялар
4.5.Кампилобактериоздар Кампилобактериоздар- фекальды – оральды жолмен жұғатын антропонозды жұқпалы ауру, жиі энтороколит түрінде өтеді; балаларда және иммунитеті тапшы адамдарда жүйелік жұқпа түрінде өтеді. Campylobacter туыстастығы 1909ж қойлар арасында жұқпалы түсік кезінде ыдыраған эмбрионынан табылған (C.fetus). Кампилобактерия туысына 16 түр кіреді. 1991 жылы бұдан Геликобактер деген туыстық жеке бөлінген болатын /2 түр H. pylori және H. mustelae/. Кампилобактериялардың негізгі түрлері: C. jejuni, C. coli, C. lari
Морфологиясы. Кампилобактериялар – аэробты және микроаэрофильді, грамтеріс, - спираль тәрізді имектелген, “шағала қанатына” ұқсас бактериялар (4.6.сурет), 48-72 сағат өсірген кезде пішіні кокка тәрізді. Қозғалғыш, оралып жылжиды, талшықтары бір немесе екі шетінде орналасады (талшықтың ұзындығы 2-3 есе бактерия денесінен ұзын), хемоорганотрофтар, негізгі зат алмасу метаболизмі тыныстық. Капсула, спор түзбейді.
|
|
Кампилобактериялардың Эндо ортасында өсуі. |
Кампилобактериялардың - электронды микроскоптағы көрінісі http://en.academic.ru/dic.nsf/enwiki/40214 |
H.pilori – Грам әдісі- мен боялған таза дақылы. http://go.mail.ru/search _images |
|
4.6.сурет. Кампилобактериялардың морфологиялық,тинкториялық және дақылдық қасиеті |
||
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Кампилобактериялар – микроаэрофильдер. Дақылданыру үшін оттегінің төмен, ал көмірсудың жоғары болғанын талап етеді. Оптималді өсіру температурасы 37-44°С, рН 7.0-7.2; микроаэрофилді жағдай жасау үшін анаэростаттың ауасының құрамы 75% газдық ертінді болу керек (90% азот пен 10% СО2) немесе анаэростатқа шам жарығын қою керек. Кампилобактериялар тасымалдауда жойылып кетуі мүмкін, сондықтан материалды бірден консерванты бар ортаға егеді (тиогликолді сорпа немесе сілтілі пептонды су) және 40°С сақтайды.
- таза өсіндісін алу үшін фильтрация әдісі қолданылады. Әдістің негізгі ерекшелігі фильтратты селективті емес ортаға егуі (мысалы, қанды агар немесе шоколадты агар). Бактерияларды жылдам бөлу үшін селективті орталарға егеді - Скирбоу, Бутцлер немесе Престон орталарына. Тығыз қоректік орталарында 2 типті колониялар түзеді - ылғал кілегейлі “жайылмалы” сұр түсті колониялар шеттері бұдыр (өте ұсақ конденсат тамшыларына ұқсас болуы мүмкін) немесе ұсақ дискретті жылтыр дөңес колониялар мөлшері 1-2 мм. Жартылай сұйық және сұйық қоректік орта бетінде аспан көк-сүр түсті қабықша пайда болады.
Кампилобактериялар энергияны аминоқышқылдан және үшкарбон қышқылдарына дейін бөледі /көмірсудан емес/. Көмірсутектерді ферменттемейді. Н2S түзеді, сүтті ірітпейді, гемолитикалық активтілігі жоқ. Өсіру үшін сары су қажет етпейді, энергия көзі аминқышқылдары немесе цикл Кребстің ортаңғы өнімдері; Фогес-проскауэр реакциясы және метилен қызылмен қоятын сынама қорытындысы теріс; желатина мен мочевинаны гидролиздемейді, пигмент түзбейді, оксидазалық және каталазалық активтілігі бар. Көмірсуларды ыдыратпайды, қышқылды және нейтралді өнімдер бөлмейді. Адамға патогенді түрлері капнофилдер (СО2 10-15%) және микроаэрофилдер (О2 21%), ал кей түрлері, мысалы C.fetus анаэробты жағдайда тіршілік ете алады. Микроаэрофилді жағдайда тіршілік ету үшін кей түрлерге Н иондары мен фумараттар қажет (аэробты жағдай жасау керек). Грам(-), анилин бояуларын қиын қабылдағандықтан, Циль бойынша карбол фуксинімен боялады. Негізгі өкілі - C.fetus, туыстастықта адамға және жануарларға патогенді түрлері бар - кампилобактериоз ауруын тудырады. Кампилобактерияларды негізінен несеп-жыныс мүшелерінен, ішектен және ауыз қуысынан тапқан. Медициналық маңызы бар түрі - C.jejunі, жақын уақытта анықталған. Campylobacter jejunі тобы (C.jejunі, C.colі, C.larі). Лабораторияда бөлу қорытындысының эффективтілігі - температура, ортаның газдық құрамы және қоректік заттың сапасы.
Антигендік құрылымы. Кампилобактерилерде О, Н және К антигендер анықталған, термотөзімді О-антиген бойынша 55 серотобы анықталған.
Антигендік құрылысы - күрделі, әсіресе термолабилді антигендер құрамы. Маңызды беткейлік Аг ЛПС (О-Аг) және қышқылға сезімтал ақуызтық фракцияларынан құралған, серотиптелінеді. Жалпы энтеробактерийлерде кездесетін антигені жоқ. Талшықтық Н-Аг табылған.
Патогенділік факторлары Кампилобактеряларда бірқатар күрделі патогенділік факторлары бар. Эндотоксинінің әсері сальмонелла эндотоксиніне ұқсас болып келеді. Эндотоксин /холероген типті/ және цитотоксин адамның ащы ішектің шырышты қабатына әсер еткенде, ол дизентерияға ұқсас өзгерістерге алып келуге қабілеті бар. Көбінесе қарт адамдарда артриттердің, менингиттердің, васкулиттердің себебі болып табылады. H. pylori асқазан мен 12-елі ішектің жарасын, эрозиялық жарақаты мен ассоцирлеуші этиотропты агенті болып табылады. Инфекциядан кейінгі иммунитет ұзаққа созылмайды.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі Бөлмедегі, әсіресе төменгі температурада кампилобактериялардың тұрақтылығы жоғары. Тағамдарда, суда, нәжіс және зәрде 1-5 апта сақталады. Олар қыздырғанға, күн УК-сәулелеріне, кептіргенге, дезертінділерге сезімтал. Кампилобактериялар жануарлар мен құстардың барлық түрлерінде табылған. Бұлардан негізгі резервуарлары ауыл шаруашылық малдары, науқас адамдар мен жануарлар. Жұғу жолдары; тағам, су, қарым-қатынас. Кампилобактериалық гастроэнтериттер барлық жерде кездеседі. Ауру спорадиялық түрде тіркеледі. Ерекшелігі - ауыл тұрғындары - қысқы мезгілде, ал қала тұрғындары - жазғы уақытта ауырады. Сонымен қатар, саяхатшылар диареясы деп аталады. Инфекцияның жұқтыру көзі - жануарлар, құстар, адам. Адам олардан дайындалған тағамдардан өте ластанған кезде жұқтырады. Бөлмедегі, әсіресе төменгі температурада кампилобактериялардың тұрақтылығы жоғары. Тағамдарда, суда, нәжіс және зәрде 1-5 апта сақталады. Олар қыздырғанға, күн УК-сәулелеріне, кептіргенге, дезертінділерге сезімтал. Кампилобактериялар жануарлар мен құстардың барлық түрлерінде табылған. Бұлардан негізгі резервуарлары ауыл шаруашылық малдары, науқас адамдар мен жануарлар. Жұғу жолдары; тағам, су, қарым-қатынас. Кампилобактериалық гастроэнтериттер барлық жерде кездеседі.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Аурудың патогенезі кампилобактерлердің адгезивтік және инвазивтік белсенділігімен сипатталады. Өт жолдарында қарқынды көбейіп, ашы ішекте таралады.
Шырышты қабатқа бактерия беткейіндегі арнайы адгезиндермен жабысады; ерекшелігі - кампилобактерлер кілегейлі шырыштан өтіп эпителий бойына орналасады (шырышты кілегейде 30 мин тіршілік ете алады) себебі талшықтар - негізгі адгезия факторы. Кампилобактерлер эпителиалді жасушалар мембранасынан тез өте алады, инвазия нәтижесі - науқастың нәжісінде қан мен кілегей болады. Кампилобактерлердің аш ішегіне колонизациялауы шырышты қабаттарда қабыну процесі мен ісіну пайда болады; базалді мембранада полиморфты лейкоциттер, лимфоциттер және плазматикалық жасушалары бар инфильтрат дамиды. Эндоскопия жасағанда шырышты қабаттың ісінуімен гиперплазиясы, эрозия, бір-бірімен бірігіп, аш және тоқ ішекте жаралар пайда болғанын көруге болады. Зақымдау патогенезінде маңызды роль алатындар термолабилді және термостабилді энтеротоксиндер. Энтеротоксині эшерихиялардың диарегенді және тырысқақ вибрионның термолабилді токсиндеріне ұқсас (клетка ішіндегі ЦАМФ деңгейін күшейтеді). Термостабилді энтеротоксин (эндотоксин) кампилобактерлер жойылған кезде шығады, әсері барлық энтеробактерийлердің эндотоксин әсеріне ұқсас. Тірі және өлі микроорганизмді тышқандарға енгізгенде, олар өледі. Аурудың ауырлығы бір жағынан макроорганизмнің иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Қауіпті топтар қатарына балалар (2 жасқа дейінгілер), кариялар, иммунодефициттері бар науқастар, стероидтар мен цитостатиктер қолданатын науқастар жатқызылады. Клиникалық көріністері әр түрлі - пиогенді менингиттер, менингоэнцефалиттер, түсік, эндокардиттер, тромбофлебиттер, артриттер, гепатомегалия. Диагноз тек қоздырғышты тапқан кезде дәлелденеді. Диагностикасы басқа кампилобактерлер секілді өткізіледі. Негізгі көрінісі - энтероколит; инкубациялық кезеңі - 2-5 тәулік, 10 тәулікке дейін болуы мүмкін. Көптеген науқастарда жедел колит симптомдары дамиды; ректороманоскопия қорытындысы - шырышты қабаттың ісінуі, гиперемиясы, қабырғасы жұқарған. Гомосексуалистер арасында кампилобактериозды проктит дамиды. Өте ауыр жағдайларда дегидратация белгілері мен іштің қатты ауруы байқалады - жедел перитонит. Сирек жедел кампилобактерлі менингит болуы мүмкін. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, Campylobacter jejunі Гийена-Барре синдромын тудыратыны анықталған - жедел бірінші реттік идиопатиялық полирадикулоневрит - аутоиммунды реакциялар - моторлы ганглийлердің нейрондары кампилобактерлердің ЛПС олигоқанттарымен қиылыса байланысады. Келесі асқынуы - реактивті артрит 2% науқастарда аурудың басталуынан 1-2 аптадан соң дамиды. Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі әдіс – бактериологиялық. Зерттеу материалдары ретінде; нәжіс, қан, су, сүт, тағам өнімдері алынады. Арнайы қоректік ортаға егіп, микроаэрофильді жағдай жасаймыз. Өскен колонияларын бөліп алып талдау /идентификация/ жүргізіледі. Лабораториялық диагностикасында науқас нәжісінен қоздырғышты табу; есте сақтау керек - қоздырғыштың колонияларын алу үшін сапалы қоректік орта қажет - жаңа дайындалған қоректі ортада колониялар жайылып өседі. Серологиялық диагносткасында; кампилобактерлердің идентификациясы серологиялық әдіспен жүргізіледі, мысалы, агглютинация реакциясы немесе комплемент байланыстырушы реакция (КБР), агглютинациясы тура емес реакция, иммуноферментті анализ (ИФА) және (ИФР), (ПГАР) қолданады. Кампилобактериоздардың емделуі мен алдын алу. Арнайы алдын алу жолдары жоқ. Алдын алу шараларға тағамдарды сақтау, тасымалдау, емдеу кезінде, ветеринарлы – санитарлық, санитарлық гигиеналық ережелерін дұрыс сақтауы болып табылады. Кампилобактериозды емдеу үшін антибиотиктер аминогликозидтер, эритромицин, тетрациклин, левомицетин және фуразолидонга сезімтал, ал пенициллинге, цефалотинге, бисептолға төзімді, оның ішінде эффектісі жоғары гентамициндер мен эритромициндер сияқты препараттар қолданылады.
Көптеген жағдайда диагнозы дәлелдеген кезде, науқас өзінен өзі сауығып кетеді. Антибиотиктерді тек ауыр жағдайда ғана қолданады.
Кампилобактерлер Campylobactеr jejuni
