Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.5 Mб
Скачать

2.2.2. Гонококтар

Гонорея, соз ауруы (грек gono- шәует,rhoia- төгілуі)- несеп шығару жыныс жолдарының шырышты қабығының қабынуымен сипатталатын жыныстық ауру. Гонококты инфекция-ол адамның жедел және созылмалы жұқпалы ауруы, оны Neisseria gonorrhoeae (гонококтар) шақырады, Neisseria gonorrhoeae (гонококтар) жынысты жолмен жұғып, несеп жыныс жолдарының (гонорея), көз конъюнктивасының (бленорея), басқа да ағзалардың шырышты қабатының іріңді қабынуымен және интоксикациясымен сипатталады. Гонореяның қоздырғышын 1879 жылы Нейссер ашқан.

Морфологиясы. Гонококтар тудыратын адамдардағы жұқпалы ауру, ол зәр шығару және жыныс мүшелерiнiң шырышты қабатындағы қабыну процессiмен сипатталады. Қоздырғыш кофе дәнiне ұқсас коктар, жұптасып орналасады, жасушаның ойық беткейлерi бiр-бiрiне қараған, талшықтары, капсуласы жоқ. Спор түзбейді. (2.14.сурет)

Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. ЕПА-да нашар өседi, ал қан сарысуы мен қаны бар қоректiк ортада жақсы көбейедi. Гемолиз тудыртпайды тығыз қоректiк ортада ұсақ, тамшыға ұқсас, жылтыр колония түзедi. Сұйық қоректiк ортада диффузды өсiп беткейлiк қабықша түзедi және бiрнеше күннен кейiн ыдыстың түбiне шөгедi. Гонококтар тек глюкозаны қышқыл түзіп ыдыратады, каталазаны және цитохромоксидазаны түзеді. Протеолиттiк қасиеттері жоқ.

Антигендік құрылымы. Гонококтар арасында түрлi антигендiк популяция болады. Сыртқы мембранасындағы ақуыздың антигендерi бойынша гонококтар 16 серотипке бөлiнедi. Сондай-ақ гонококтар липополисахаридтiк (ЛПС) антигендерi бойынша да бөлiнедi.

Патогенділік факторларлары. Гонококтардан экзотоксин табылған жоқ. Негiзгi патогендiк факторлар: кірпікшелер (пили), капсула, эндотоксин, сыртқы мембрананың бетіндегі ақуыздар, протеазалар. Пилидің (кірпікшелер) көмегiмен гонококтар эпителиальды жасушаға жабысып, колонизацияланады және бұзылған гонококтар эндотоксин түрiнде босанып шығады. Бірінші классқа жататын беткейлік ақуыз шырышты қабаттың бактериоцидті әсеріне қарсы тұрады, екінші класқа жататын беткейлік ақуыз эпителияға жабысуды қамтамасыз етіп, фагоцитозды тежейді, протеазалар секреторлық IgA, антиденеге бөгет жасап, фагоцитозды тежейді.

Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Гонококтардың сыртқы ортаның әсерiне тұрақтылығы әлсiз: олар күн сәулесiнiң тiкелей әсерiнен, УК: (ультракүлгiн) жарықтың, құрғатудан, жоғары температурының әсерiнен тез жойылады.Түрлi химиялық заттар мысалы: күмiс тұздары, сынап және дезинфектанттар оларды қысқа уақытта өлтiредi. Жануарлар үшiн гонококтар патогендi емес. Жұқпа көзi залалданған адам. Залалдану негiзiнен жынысты жолмен, кейде тұрмыстық тұтыну заттары арқылы жұғады.

Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Соз(гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонококтың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерде біршама айырмашылықтары бар. Ер адамдарда гонококтар бiрiншi кезекте уретраны залалдайды, ал әйелдерде қынаптың мойынынан, сондай-ақ iрiң бөлiне бастағаннан уретраны, клитормен тiк iшектi зақымдауы мүмкiн. Гонококтар фибриллерiнiң көмегiмен зәр шығару, жыныс трактiсiнiң эпителиальды жасушасына жабысады. Негiзiнен гонококтар цилиндрлi эпителилердiң микроворсинкаларымен байланысу қабілетiне ие. Фагоцитоз кезiнде гонококтар жасуша iшiне енедi. Жалпақ эпителиге олар енбейдi, бұның өзi жедел гонореяның алғашқы клиникалық суретiн айқындайды /уретра мен қынап мойны цилиндрлi эпителиимен қапталған/.

Еркек гонореясы. Еркектерде ол тек жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея (2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп бөлінеді. Аурудың байқалуы 3-тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда болады (кейде 1 күннен- 2-3 апта аралығында болады). Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі бөліністер байқалады (жыныс мүшесінің басы) 3-4 күннен кейін ауру құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен ісіну пайда болып, ол тығыздалып және аурулы болады. Ірің бөлінеді:лайланады,сары түсті және көп бөлінеді. Несеп шығаруда ауру пайда болады. Жалпы ағза азап шегеді және әлсіздік, қозғыштық пайда болады. Содан басқа бұл қолайсыз жұқтырылған факт жүйкені тоздырып, психо- эмоционалды стрессті қалыптастырады.

Егер бұл жағдайда медициналық көмекке назар аудармаса, онда қуықта жұқпа тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы күшейеді. Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея созылмалы түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріңдік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарап, аурудың күйі біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура, бездің ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек ұрықсыздықпен аяқталады. Қуық алды бездің зақымдануы жоғарғы температурамен және шап ауруымен сипатталады. Импотенцияның дамуы да ықтимал. Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық жолмен өтеді. Бірақ әйелдерде, әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін, басқа ішкі киімнен, жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Әйелдерде созылмалы және латтенті гонорея әлсіз ағады. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері байқалмай, сөйтіп олар жұқтырудың негізгі көзі болады. Жыныстық мүшелерінің құрылысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының ағымы да әр түрлі. Несепағар өзегінің зақымдануы әйелдерде еркектердікі сияқты өтеді. Әйелдерде инфекцияның тез терең енуі,несепағар өзегінің қысқалығымен байланысты. Жедел сатысында несепағар өзегі ауырады,кілегей, кейіннен ірің бөлінеді, қызаруы және несепағар өзегінің сыртқы тесігінде ісіну пайда болады. Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей қабығы жұмсарып, іріңдеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі байқалады. Бұл жатырдың шырышты қабатының зақымдалуына әкеледі. Бұл жағдай іштің төменгі жағын ауыртып, температурасын жоғарылатып, қынаптан ретсіз қанның бөлінуіне әкеп соқтырады. Жатырдың кілегейлі қабығының зақымдануы қауіпті, біріншіден ол жатыр түтігіне, жұмыртқасына және құрсақ қуысына инфекцияның өтуіне жол ашады; екіншіден- егер әйел жүкті болса, жатырындағы ұрық зақымдалып, оның дамуы нашарлайды. Тағы бір жағдай, жеткіліксіз емделсе, жұмыртқаның зақымдануына, ал бұл келешек ұрықсыздыққа әкеледі. Егер құрсақ қуысы зақымданса, онда қатерлі ауру құрсақ пердесінің қабынуына немесе перитонитке әкеледі. Ал, бұл, күрделі хирургиялық ауру. Гонореяның генерализациялануы сирек, бiрақ гонококтар гонореяның, сепсистiң себепкерi болады. Экстрагенитальды қабыну процесстерiн /артриттi/ тудыруы мүмкiн. Гонококтар көз коньюктивасын зақымдап бленорея ауруын тудырады. Иммунитеті. Гонореяда иммунитет болмайды, сондықтан тез қайталанып жұғу пайда болуы мүмкін. Гонорея жедел сатысында ғана адамға жұғады, бірақ ол созылмалы кезінде де жұғуы мүмкін.

Микробиологиялық диагноз қою. Негiзгi диагностикалау әдiсi бактериоскопиялық зерттеу. Ерлерде уретрадан, әйелдерде уретрадан, қынаптан және тiк iшектен зерттелетiн материал алынады. Жұғындыны екi шыныда дайындап, Грам және метилендi көкпен бояйды. Лейкоциттердiң iшiнде орналасқан Грам терiс диплококтарда (аяқталмаған фагоцитоз) табу диагнозы дұрыстайды. Бактериоскопиялық зерттеу күмән келтiргенде қосымша бактериологиялық зерттеу арқылы лабораториялық диагнозды толықтырылады. Материалды арнайы қоректiк ортасы бар Петри табақшасына егедi. Таза дақылын алған соң сахаролитикалық қасиетiн тексередi. Созылмалы гонореяда және асқынғанда серодиагностика жүргiзiледi. КБР (гонококтың антигеннен Борде-Жангу реакциясын) қояды. Жеделдетілген әдіс: Молекулярлы генетикалық әдіс ДНҚ зонд арқылы тест, ПТР, ИФР.

Грам әдісімен боялған

Шоколад агарында өсуі

2.14.сурет. Neisseria gonorrhoeae (гонококктар)

/Медициналық микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.- Алматы./

Гонореяны алдын алу және емдеу. Жаңа туылған нәрестелердiң гонорея және бленорея ауруының алдын алу.

Арнайы алдын алу жолы жоқ, себебі гонококтардың антигендiк өзгергiштiгi тым жоғары болғандықтан, гонококқа қарсы вакцина алу әсер етуі болмады. Қазiргi кезде гонококтық вакцина аурулалардың асқынған түрiн емдеу және диагностикалық мақсатта (провакционды сынақ) қолданады. Жаңадан туылған нәрестелерде бленореяның алдын алу үшiн коньюктивальды қалтаға 1-2 тамшы 2%-тiк күмiс нитраты ерiтiндiсiн немесе 30%-тiк пенициллиннiң майлы ерiтiндiсiн тамызады. Гонореяны емдеу үшiн антибиотиктер мен сульфаниламидтi препараттар (цефалоспориндер, фторхинолондар, макролидтер, спектиномицин) мен химиопрепараттар қолданады. Иммунды терапия мақсатында созылмалы түрінде өлі гонококктық вакцина енгізеді.