- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
8.1.Риккетсиялар
Rickettsiacеае тұқымдастығы - грам теріс облигатты жасушаішілік паразиттер тобы, олар адамдарды, жануарлар, құстар және буынаяқтыларды зақымдайды. Барлық риккетсиялар облигатты жасуша ішілік паразиттер болып келеді. Риккетсиялар вирустар мен бактериялар арасынан орын алады. Вирустар сияқты, риккетсиялар майда пішінді микроорганизмдерге жатады және мезоэндотелия жасушаларының ядросы мен цитоплазмаларында өсіп өнеді (8.1.сурет). Қарапайым қоректік орталарда өспейді, тірі және ауыспалы жасушаларда дақылданады. Бактерияларға ұқсас нуклейн қышқылының 2 түрі (ДНҚ мен РНҚ) бар, көп қабатты жасуша қабығы бар және цитоплазмасында дәнге ұқсас қосындылары бар, L-пішінге өте алады, гемолизин, токсиндер түзеді, фагтары бар. Арнайы антигендік қасиетке ие. Риккетсия жасушалары полиморфты: кокк пішінді, овоидты-эллипсоидты, диаметрі 0,2 - 0,5 мкм, гомогенді - дәнді, осы пішінде иесінің жасуша ішінде жиі кездеседі, бұл пішін қоздырғыштың жедел жасуша іші көбейгенін көрсетеді; таяқша пішінді – ұзындығы 1-4 мкм, протоплазмасы нашар боялатын, екі шетінде бір дәннен орналасқан қоздырғыштың интенсивті көбеюімен сипатталады; жіп тәрізді немесе «мицелиальды» - ұзындығы 10 - 40 мкм нашар боялатын көп дәнді протоплазмамен, инфекцияның басталумен сипатталады; ұзынша таяқшалар - 0,5 х 3 - 4 мкм, екі ұшында 2 - 4 жұп дәндері (үлкендігі 20 - 70 нм) бар, баяу көбеюмен сипатталады.
Эпидемиологиясы. Адам және жануарлар арасында таралуы тасымалдаушылардың (кенелер, биттер) көптігімен байланысты. Риккетсиялар тудыратын аурулардың жалпы аталуы - риккетсиоздар. Риикетсиоздар – дене қызбасымен сипатталатын трансмиссивті аурулар тобы. Rickettsiaceae тұқымдастығы келесі туыстастықтардан тұрады: Rickettsia, Orientia, Ehrlichia, Coxiella. Қазіргі жіктелуі бойынша Rickettsiaсeae тұқымдастығы альфа-1 - протеобактериялар классына жатады және 3 туыстық кіреді: Rickettsia, Orientia, Ehrlichia. Coxiella туыстығы осы тұқымдастықтан шығарылып гамма-протеобактериялар классына жатқызылған. Альфа-2 - протеобактерияларға Bartonellaceae тұқымдастығы жатқызылған.
8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
Эпидемиялық бөртпе сүзегі (Typhus exanthematicus және Брилль-Цинссер аурулары) – Rickettsia prowazekii тудыратын жұқпалы ауру, дене қызбасы, арнайы бөртпелермен, ОЖЖ және қан тамырларының зақымдануымен өтетін антропонозды жедел жұқпалы ауру.
Таксономиясы. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы осы инфекцияны ашу жолында қайтыс болған АҚШ ғалымы Н. Риккетс және Чехия ғалымы С. Провацек құрметіне аталған.
Тұқымдастығы: Rickettsiacеае.
Туыстастығы: Rickettsia.
Түрі: Rickettsia prowazekii.
Морфологиясы.
R. prowazekii - грам теріс таяқшалар, Романовский - Гимзе әдісі бойынша қызыл түске боялады. Олардың субмикроскопиялық құрылысы грам теріс бактериялардың құрылымына ұқсас. Жаусуша ішіндегі R. рrowazekii-ді электронды микроскопта қарағанда микрокапсуласын көруге болады. Эпидемиялы қайталамалы сүзек ауруының қоздырғышы - Borellia reccurentis жіп тәрізді, спиральды оралған 3-8 оралымнан тұратын микроорганизмдер. Спора және капсула түзбейді, қозғалмайды. Романовский-Гимзе және Здродовский бойынша көк-күлгін түске боялады. (8.1.сурет)
|
|
|
Риккетсиялар майда пішінді микроорганизмдер және мезоэндотелия жасушаларының ядросы мен цитоплазмаларында өсіп өнеді |
Риккетсиялар – электронды микроскоппен көргенде. |
Риккетсиозды перитонит кезіндегі жіп тәрізді риккетсиялар мезоэндотелия жасушаларының ядросы мен цитоплазмаларында Карболфуксин мен боялған. |
8.1.сурет http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=риккетсизы |
||
Қайталамалы сүзектің қоздырғыштары микроаэрофильдер, қан, қан сарысуы бар арнайы қоректік орталарда өседі. Тауық эмбрионында жақсы көбейеді.
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері.
Риккетсиялар иесінің жасушасының ішінде көбейеді. Аэробтар. Өзіндік метоболизмі бар, жасушада өздігінен өмір сүреді. Паразиттің жасушасына энергетикалық жағынан тәуелді. Риккетсиялар түрлеріне қарай жасуша иесінің белгілі бір жерінде көбейеді: жасуша цитоплазмасында, ядро немесе вакуольда. Олар өздеріне сезімтал жануарлар мен буын аяқтылардың ұлпасында жақсы көбейеді. Биохимиялық қасиеттері анықталмаған.
Антигендік құрылымы. Негізгі екі антигені бар: беткейлі орналасқан термостабилді топтық- спецификалық липополисахарид және ерімейтін соматикалық түрлік-спецификалық термолабилді ақуызды - полисахаридті кешен. Провацек риккетсиясының генетикалық инженерия әдісімен үш ақуызды антигені анықталды. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы - жасуша цитоплазмасында көбейетін жасушаішілік паразит. Токсикалық және гемолитикалық қасиетке ие. Оны тауық эмбрионының сары уыз қапшығында, жасуша дақылында және сезімтал жануарларда (тышқан, теңіз шошқасы, ор қоян) өсіреді.
Патогенділік факторы. Риккетсиялар термолабильді эндотоксин түзеді.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Жұқпа көзі – ауру адам. Тасымалдаушысы науқастың қанын сорған киім биттері (8.2.сурет). Риккетсия бит ішегінің эпителийінде көбейеді және де ішек қуысына бөлінеді, биттердің сілекей бездерінде және қан сорғыш мүшесінде риккетсиялар болмағандықтан шаққан кезде жұқпайды. Адамның зақымдануы бит шаққан жерді қасыған кезде олардың экскременттерін теріге жағып, риккетсиялардың кіруіне жағдай жасалынады. Бөртпе сүзегінің пайда болуы мен таралуы биттеумен (педикулез) байланысты. Бөртпе сүзегі көне заманнан белгілі, дегенмен жеке ауру ретінде XIX ғасырдың аяғында тіркелді. Ауру барлық жерде кездеседі. Бөртпе сүзегінің эпидемиясы соғыс, аштық, әлеуметтік дағдарыстарға, яғни санитарлық-гигиеналық деңгейдің, адамдардың өмір сүру жағдайларының төмендеуіне байланысты. Бұрынғы кезде өлімге шалдығуы 80% дейін болған. Қазіргі уақытта бірен-саран (спорадикалық жағдайда), көбінесе Брилль-Цинссер ауру түрінде кездеседі. Бұл ауру бұрын бөртпе сүзегімен ауырғандарда қоздырғыш тасымалдаушы болмасада дамитын эндогенді спорадикалық инфекция. Аурудан биттерге жұғып, бөртпе сүзегінің эпидемиясы қайта дамуы мүмкін. Бөртпе сүзегінің қоздырғышына адам организмі қыс-көктем уақытында сезімтал болып келеді. Ал Брилль-Цинссер ауруы жыл мезгіліне тәуелді емес және қарт адамдар ауырады. Ауру дамуына хирургиялық ауыр операциялар, аштық, басқа аурулар, стресс септік болуы мүмкін. Провацек риккетсиясы қоршаған ортаға тұрақсыз. Жоғары температураға, антибиотиктерге, дезинфекция ертінділеріне өте сезімтал, дегенмен төменгі температурада, биттің құрғақ экскременттерінде ұзақ сақталады (6 тәуліктен 3 жылға дейін).
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті
Риккетсиялар қанға түсіп, қан тамырларының қабырғасында орналасқан эндотелий жасушасына енеді, сонда көбейеді және эндотоксин бөледі. Токсин әсерінен эндотелий жасушалары бұзылып, риккетсиялар қайта қанға түседі. Ұсақ қан тамырлардың, капиллярлардың зақымдануына байланысты мида, бүйректе, миокардта және басқа да ағзаларда микроайналым бұзылуы нәтижесінде менингоэнцефалит, миокардит, гломерулонефрит дамиды (8.2.сурет). Науқас жазылған соң риккетсиялар адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы ықтимал, бұл бөртпе сүзегінің рецидивтік түріне әкелуі мүмкін.
Инкубациялық кезеңі - орташа 12 - 14 тәулік. Ауру ағымын 3 кезеңге бөледі: бірінші 4 - 5 күн бөртпе пайда болғанша; аурудың масимальды айқындалуы 5 - ші күннен 10 - 12-ші күнге дейін; реконвалесценция кезеңі (2 - 3 апта). Аурудың белгілері бойынша ауыр, орташа және жеңіл түрге бөлінеді. Аурудың негізгі белгілері: дене температурасы 38 - 390С, сандырақтау, естудің нашарлауы, бастың қатты ауыруы, миалгия, қан тамырларының зақымдану әсерінен розеолозды-петехиальды бөртпемен сипатталады. Ауру дене қызуының көтерілуімен, бастың қатты ауыруы, ұйқысыздық, сандырақтаумен басталады; 4 - 5 күннен кейін тері капилляларының кеңеюі және оның зақымдану нәтижесінде ерекше бөртпелер пайда болады. Ауыр жағдайда жүрек және ми зақымдануының асқынулары дамуы мүмкін.
Организмде ауруға қарсы пайда болған иммунитет әсерінен Брилль-Цинссер ауруы жеңіл өтеді. Бөртпе розеолозды және аз мөлшерде, олардың дамуы мен сипаты бөртпе сүзегіне ұқсас.
|
|
|
Қасаға педикулезі |
розеолозды-петехиальды бөртпе |
|
8.2.сурет http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=риккетсизы |
||
Микробиологиялық диагноз қою Науқас ағзасынан риккетсияны бөліп алу қиындықтар тудырады. Негізгі диагноз қою әдісі – серологиялық. Науқастардан алынған әртүрлі материалдардан (қан сарысуы) риккетсиялық антиген немесе антиденелерді анықтау үшін ПГАР, АР, КБР, ИФР, ИФТ қолданылады. Бөртпе сүзегінің және Брилль-Цинссер ауруын ажырату «иммунологиялық әдіс» феноменіне негізделген. Бөртпе сүзегінде алғашқыда IgM, содан кейін IgG түзіледі. Ал, Брилл ауруында IgG тез түзіледі.
ПГАР. Гетерогенді аглютининдерден босату үшін зерттелінетін сарысуды 30 мин 560 С-та қыздырып изотоникалық ерітіндімен 1:10-нан 1:5120-ға дейін сұйылтады. Қой эритроциттерін сезімтал ету үшін (диагностикум дайындау) R. рrowazekii ерітілетін фракциясынан тұратын құрғақ антигенді жиі қолданады. Сарысудың максимальды титрін анықтайтын антигеннің жұмыс мөлшерін алдын ала анықтайды. Пробиркада немесе ойшықтарда 0,4 мл антиген ерітіндісін 0,1 мл үш мәрте натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен шайылған сезімталды эритроциттермен араластырады. Бақылау алдын ала иммунды және қалыпты сарысумен сезімталдандырылған эритроциттер; сезімталмаған эритроциттер зерттелінетін сарысумен және сарысусыз, сондай-ақ сарысу тек қана құйылған пробиркаларда атқарылады. Реакция талдауы 370 С-та 2 сағат инкубациялағаннан кейін бақылауда эритроцит тұнбаға түскенде жүргізіледі. Сосын талдауды 24 сағат бөлме температурасында инкубациялағаннан кейін, эритроциттер «қолшатыр» мен «түйме» тәріздес тұнба түзуіне қарай қорытынды жасалады. Диагностикалық титр 1:250 болып есептеледі және қайта қойғанда титрі өседі.
Агглютинациялық реакция R. рrowazekii-мен (Вейгля реакциясы) микросопиялық әдіспен шыныда немесе макро әдіспен пробиркада қояды (Мосинг, Шульман бойынша және т.б.). Микроскопиялық агглютинацияда зертелінетін сары судың сұйылтуларын (1:20, 1:40, 1:80 және т.б.) ілмекпен шеттеріне вазелин жағылған жабын шыныларға енгізеді. Оған жіңішке созылған пастер түтікшесімен натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде араластырылған жұмыртқа сарыуызында, кеміргіштердің өкпесінде дақылданған R. рrowazekii-дің корпускулярлы антигенін немесе құрғақ антигенін қосады. Жабын шынының ортасына антигенді бақылауға тамызады. Оны ойығы бар заттық шыныға жабады. РАР нәтижесін 370 С-та 1 - 2 сағат немесе бөлме температурасында 24 сағат инкубациялағаннан кейін диафрагмасы тарылған микроскопта қарап тіркейді.
КБР. Реакцияда корпускулярлы немесе ерітілген антиген қолдалынады. КБР жалпы кесте бойынша қояды: көлемі – 1,25 мл, суықта (40 С-та 18 сағат) немесе термостатта (370 С-та 1 сағат) байланысады. Комплементті мұқият титрлейді. Гемолитикалық жүйені 370 С-та 30 минут инкубациялағаннан кейін қосады. Бөртпе сүзегін эндемиялық сүзектен ажырату үшін R. рrowazeki-лік екі антигенмен және Музер антигенімен (R. typhi) қояды. Бөртпе сүзегінде диагностиаклық титрі аурудың 6-8 күні 1:80 және жоғары, 2-4 аптада кейін 1:1280-1:5150 болып есептеледі. Бөртпе сүзегімен бұрын ауырғандарда рекация нәтижесі оң болады.
Инфекцияларды емдеуі мен алдын алуы Риккетсиоздарды емдеу үшін ең қолайлысы - тетрациклин, левомицетин, рифампицин т.б. антибиотиктер қолдану.
Алдын алуы. Биттеудің алдын алу және жою шараларын жүргізу қажет. Арнайы сақтандырудың яғни тірі әлсіз вирулентті вакцина (ЖКСВ-Е) егудің тек қана қосымша маңызы бар. Отан соғысы жылдары өлтірілген вакцина кең қолданылды. Құрғақ аралас бөртпесүзек вакцинасы шығарылады: ерітілген Провачек риккетсиясының антигені (вирулентті Брейнль штамм) және лиофильді кептірілген стерильді сиыр сүтіндегі Провачек риккетсиясы (авирулентті штамм - Мадрид Е). Тері астына 0,25 мл вакцина енгізгенде 2 жылдан аз уақытқа созылатын иммунитет дамиды, 2 жылдан кейін ревакцинация жүргізіледі.
