- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
Бабезиялар
Бабезиялар (Babesia туыстастығы) - Apicomplexa типінің қарапайымдылары. Бабезиоз ауруын шақырады. Алғаш рет 1957 ж. Югославияда табылған.
Бабезиялар - үй және жабайы аңдардың паразиттері (9.14.сурет). Иксодалы және аргассалық кенелер арқылы беріледі. Паразит қожайыны: тышқандар, кемірушілер, иттер, мысықтар мен ірі қара малдар. Ауру симптомсыз өтеді. Паразиттер 10-15 % эритроциттерді зақымдай алады. Бабезиялар эритроциттердің клеткааралық паразиттері.
Микробиологиялық диагноз қою. Микроскопиялық әдіс: қанның қалың тамшысын және жұғындыны зерттейді, Романовский-Гимзе бойынша боялады. Бабезия цитоплазмасы көкшіл түске, ал ядросы қызыл түске боялады. Серологиялық әдіс: тікелей емес ИФР, ИФТ.
|
Бабезияның даму циклі: 1 – кене шаққаннан кейінгі мерозоиттің эритроцитке енуі; 2 - мерозоит эритроцитте; 3 – паразиттің бинарлы жыныссыз бөлінуі; 4 – эритроцитте паразиттің тетрадтарының құрылуы; 5 – эритроциттердің лизисі және мерозоиттердің қан плазмасына шығуы; 6 – мерозоиттің эритроцитке енуі және циклдің қайта дамуы; 7 – адам қанынан кенеге мерозоиттердің берілуі. |
9.14.сурет. |
|
Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
|
9.4. Инфузориялар
9.4.1. Балантидиоз қоздырғышы
Инфузориялар классы – Infusoria. Инфузорияларда талшықтылардағы сияқты пелликула бар, олардың дене пішіні тұрақты. Қозғалу мүшелері көптеген кірпікшелер, бүкіл денесін жауып тұрады.Полимерленген талшықтылар сияқты кірпікшелердің әрбір түрінде екі ядродан бар: үлкені – макронуклеус, кішісі – микронуклеус. Макронуклеус зат алмасуды ретке келтіреді, микронуклеус коньюгацияда ұрпақтық хабардың алмасуы қызметін жасайды. Инфузорияда – макронуклеус полиплоидты ал микронуклеус гаплоидты немесе диплоидты. Ас қорыту қондырғысында күрделі құралған көптеген ауыз – цистостом, клеткалы жұтқыншақ – цитофаринкс тұрақты пайда болып тұрады. Ас қорыту вакуольді эндоплазма бойынша орын ауыстырады, сондықтан литикалық ферменттер сатылап бөлінеді. Бұл тамақ бөлшектерінің толық қорытылуын қадағалайды. Қортылмай қалған ас қалдықтары клетка бетінің арнаулы бөлігі порошица арқылы сыртқа шығарылады. Инфузория – жоғары құрылымды қарапайымдылар. Олардың арасында паразиттік өмір сүретіндер көп емес. Адамда бір түрі кездеседі ол паразит – балантидия болады. Ол ас қорыту жүйесінде өмір сүреді.
Таксономиясы. Балантидиоз қоздырғышы Balantidium coli, Cilipora типіне, Ciliate классына, Balantidium тұқымдастығына жатады.
Морфологиясы. Балантидий Balantidium coli ( гректің вalantidium – қап) балантидиоз қоздырғышы адамдар қарапайымдыларының ішіндегі көлемі ең үлкен өкілі. Қоздырғышты алғаш рет 1857 швед дәрігері P.Malmsten іші өтетін аурудан бөліп алған (9.15.сурет). Бұл ірі қарапайым, ұзындығы 200 мкм. Еркін өмір сүретін инфузориялардың барлық белгілері сақталған: денесі кірпікшелермен қапталған, цитостомы және цитофаринксі бар. Пелликуланың астында мөлдір эктоплазма қабаты орналасқан, тереңінде органеллалар және екі ядросы мен эндоплазма табылады. Макронуклеус гантель тәрізді, бұршақ тәрізді, қасында микронуклеус орналасқан. Балантидияның цистасы сүйір 50-60 мкм 2 қабатты қабықшамен қапталған, кірпікшелері болмайды.
|
А-белсенді жүзуші пішін; Б-болған циста; В-боялмаған циста; 1-ауыз қуысы; 2-ядро; 3-цистаның қабығы. |
9.15.сурет. Balantidium coli-адамның ішегінде паразиттік мекендеуші инфузориялар |
Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А. |
Микронуклеусі көрінбейді, жиырылғыш вакуольі анық көрінеді. Балантидий адам ішегінде бактериялармен қоректенеді. Кейде ішек қабырғасына еніп, қанды ірің өткізуі мүмкін. Мұндай жағдайда оның цитоплазмасында иесінің қаны табылады. Амеба дизентериясы сияқты балантидий қан айналымға түсіп, бауырды, өкпені және т.б мүшелерде абсцесс тудырады. Инфузорияның ерекшелігі гиалурдаза ферментін бөліп, сол арқылы зақымдалған ішек қабырғасына енеді. Гистологиялық препаратта сондай жолды бір жерге көп трофозоидтың жиналуын көруге болады. Морфологиялық жағынан еш айырмашылығы жоқ, бірақ циста түзбейді. Балантидиялардың негізгі резервуары шошқа мен тышқандар болып табылады. Балантидиоз – зоонозды ауру, тоқ iшектiң жаралық жарақаттың уымен және жалпы интоксикациямен ерекшеленедi. Балантидиоздың қоздырғышы Infusoria - ға жатады. Паразит вегетативтi және цистаның даму кезеңдері бар. Цисталар қоршаған ортаға нәжiспен бiрге түседi және онда ұзақ сақталады. Цисталар ауыз арқылы түседi. Вегетативтi стадиясы кiрпiкшесi бар, соңында қуысты тестiк-периостом және ауызды тестiк-цитостом бар домалақ формалы паразиттермен сипатталады. Паразит өте кең таралған, бiрақ өте сирек ауру тудырады.
Резистенттілігі. Вегатативті түрлері қоршаған ортаға төзімді, нәжісте 5-6 сағат сақталады, қалың екі қабатты, 50-60 мкм циста құрайды. Цисталары бөлме температурасында, ылғалдылық жеткілікті болса, тіршілік қаблеттілігін екі айға дейін сақтайды. Карбол қышқылының 5% су ертіндісінде 3 сағатқа дейін, формалиннің 10% ертіндісінде 4 сағатқа дейін өмір сүреді. Екі түрі ( цистасы және вегетативтік) құрғаса өледі.
Эпидемиологиясы. Балантидоз ішек зоонозы. Табиғи ошағы үй шошқалары мен жабайы қабандар. Сирек жағдайда егеуқұйрықтар, иттер, маймылдар қоздырғыштың қосымша көзі бола алады. Ауру адамнан адамға тазалықты сақтамағанда және кеселдің ауыр кезеңінде жұғуы мүмкін.
Қоздырғыштың берілу механизмі. Ауыз- нәжістік, тағам, шошқа нәжісімен ластанған су, тұрмыстық заттар, нәжіспен ластанған көкеніс, тағам т.б. арқылы беріледі. Ауру көбінесе басқа диагноздармен өтуі мүмкін (дизентерия және ішектің жедел инфекцияары). Сол себептен тіркелген ауру адамдардың нақты деңгейін көрсете алмайды.
Патогенезі және клиникалық белгілері. Асқазанға түскен цисталар вегетативтік түрге айналады. Олар соқыр, сигма тәрізді, тоқ ішектерде өсіп -өнеді. Олардың тіршілік еткен жерінде жара пайда болады. Тін ішіне енген балантидиялар қан құйылу және некроз ошағын тудырады. Некрозға ұшыраған жерде ішек қуысымен байланысқан тесік (жара) қалады. Қосылған екіншілік микрофлоралар перетониттің, аппендициттің себебі болуы мүмкін. Аурудың жедел түрінде дене температурасының көтерілуі, қалтырау, лоқсып құсу, іштің қатты ауруы, тәулігіне15-20 рет іштің өтуі байқалады. Нәжіспен бірге қан мен шырыш қосындылары және сұйық нәжістен шірік иісі байқалады. Ауру екі айға созылуы мүмкін, егер ауру емделмесе созылмалы түрге ауысып, 5-10 жылға созылып жалғасады.
Балантидиозды емдеу мен алдын алу. Амебиоздың емделуiне ұқсас, көбінесе антибиотиктер қолданылады: тетрациклин, окситетрациклин (террамицин), ампицилин, меронидазол (трихопол). Инвазия қоздырғышының берілу көздерін дер кезінде табу. Әртүрлі қоршаған объектілерін балантидиялар цисталарымен ластануына тексеру өткізу Тұрғандарға жеке бас тазалығын үйретуге және оны сақтауға ерекше көңіл бөлу керек. Инвазия көзіне бағытталған шараларды міндетті түрде өткізу.
Протозоидты аурулалардың емдеу препараттары: 1. Амебиоз қоздырғышы. Емдеу үшiн эметин гидрохлоридi, метринидазол (трихопол), хиниофан, ягрен, делатин, резохин, хлорохин қолданады. 2. Лейшманиоздың қоздырғышы емдеу үшiн салюсурамин қолданады. 3. Токсоплазмоздың қоздырғыштарын емдеу үшiн хлоридин және сульфаниламидтiк препараттар қолданады. Ең жақсы эффективтi осы препараттармен комбинирленген терапия. 4. Малярияның қоздырғыштарын емдеу үшiн эритроцитарлық және ұлпалық шизонттарға және гематоцитке әсер ететiн препараттар қолданады. Сондықтан хинацидпен, хининмен, бимутолеммен және хлоридинмен комплексi. 5. Балантидиоздың қоздырғышын емдеу үшiн амебиоз кезiнде препараттар қолданады.
Тесттер.
1. Қоздырғышы науқас нәжісінде төрт ядролы циста түрінде ... ауруында кездеседі.
лямблиоз
амебиаз
лейшманиоз
трихомониаз
трипаносомоз
2. Терілік және вицеральды түрлерімен ерекшеленетін ... ауруының қоздырғышы.
Trichomonas hominis
Balantidium coli
Leischmania donovani
Plasmodium malariae
Lambliu intenstinalis
3. Талшықтылардың қозғалыс органоиды:
псевдоподия
талшықтар
кірпікшілер
жалғанаяқтылар
барлық жауап дұрыс
4. Талшықтылардың дене пішінін тұрақты ететін арнаулы қабықша:
эктодерма
эндодерма
цитоплазма
пелликула
аксостиль
5. Талшықтылардың энергиялық қызметтін атқаратын органоид:
ундулирлі мембрана
кинетосома
рибосома
аксостиль
хроматофор
6. Талшықтылардың тірек қызметін атқаратын органоид:
ундулирлі мембрана
кинетосома
аксостиль
митохондрия
хроматофор
7. Ауыз қуысында мекендейтін комменсал қарапайым:
Lamblia intestinalis
Toxoplasma gondii
Pneumocustis carinii
Trichomonas tenax
Balantidium coli
8. Трансмиссивті берілетін ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:
Leishmania brasiliensis
Leishmania donovani
Leishmania tropica
Trypanosoma brucei gambiense
барлық жауап дұрыс
9. Тері лишманиозының қоздырғышы:
Trypanosoma brucei gambiense
Leishmania tropica
Leishmania donovani
Trihomonas cruzi
Leishmania brasiliensis
10. Трансмиссивті берілетін ұлпаларда мекендейтін қарапайымдылар:
Leishmania brasiliensis
Leishmania donovani
Leishmania tropica
Trypanosoma brucei gambiense
барлық жауап дұрыс.
11. Қоздырғышы Цеце шыбынының шағуы арқылы берілетін ауру:
токсоплазмоз.
амебиаз.
лейшманиоз.
балантидиоз.
Трипаносомоз
12. Көп талшықтылар отрядына жататын қарапайымдыларды атаңыз:
Trihomonas hominis
Leishmania donovani
Entamoeba gingivalis
Plasmodium vivex
Toxoplasma gondi
13. Trypanosoma gambiense–тің патогенді әсері:
тері жарасы
жүрек - қан тамыр жүйесінің бұзылуы
асқазан жарасы
ОЖЖ қызметінің бұзылуы
бауырдың гиперфункциясы
14. Уретра мен простатаның қабынуымен сипатталатын ауру:
токсоплазмоз.
амебиаз.
лейшманиоз.
трихомониаз.
балантидиоз.
15. Пішіні алмұрт тәрізді жасуша басында төрт талшықтары бар болып келетін қоздырғышқа ... жатады.
Trichomonas vaginalis
Lambliu intenstinalis
Balantidium coli
Plasmodium malariae
Leischmania donovani
16. Трихомонадалар ...арқылы көбейеді.
ұзынынан бөліну
көлденеңінен бөліну
екіеселену
спора
жыныс жасушалары
17. Трихомониаз ... инфекцияға жатады.
анропонозды
зоонозды
трансмиссивті
орнитозды
антропозоонозды
18. Трихомониаздан кейін иммунитет ... .
тұрақты
әлсіз
алты айға дейін
қалыптаспайды
спецификалық
19. Шагас ауруының қозырғышының тасымалдаушысы:
Anopheles маса туысы
синантроптық шыбын
Triatoma қандала туысы
Phlebotomus москиттер туысы
шыбын теміреткілер
20. Көп талшықтылар отрядына жататын қарапайымдыларды атаңыз:
Trihomonas hominis
Leishmania donovani
Entamoeba gingivalis
Plasmodium vivex
Toxoplasma gondi
21.Trihomonas cruzi патогенді әсері:
жүрек бұлшық етінің зақымдануы
лихорадка
жоғарғы қоздырғыштық
терідегі жара
катаралдық құбылыс
22. Trihomonas vaginalis мекен ету орыны:
жұлын
тоқ ішек
қан
зәр-жыныс жолы
бауыр жасушасы
23. Цистасында төрт ядросы бар қарапайымдылар:
a) токсоплазмалар.
b) лямблиялар.
c) трипаносомалар.
d) амебалар.
e) лейшманиялар.
24. Лямблиоз қоздырғышы:
ауыз амебасы
балантидий
лямблий
лейшмания
трихоманада
25. Лямблиоздың инвазиялық стадиясы:
вегетативтік форма
спора
циста
гаметоцисталар
шизонттар
26. Лямблиоздың лабораториялық диагностикасы:
нәжіс жұғынын микроскоптау
қан жұғынын микроскоптау
лабораториялық жануарларды зақымдау
қақырықты микроскоптау
сілекейді микроскоптау
27. Қарапайымдылар Plasmodium туысы ... қызба ұстамасымен, анемиямен, бауырдың және көк бауырдың ұлғаюымен шақырылады.
безгекте
амебиозда
лямблиозда
трихоманиозда
трипоносомозда
28. Арнайы алдын алу шаралары... қолданылады.
токсоплазмозда
балантидозда
безгекте
трипаносомозда
трихомонозда
29. Үш күндік, бес күндік қызбалармен сипатталатын ... протозойлы инфекция.
a) трипаносомоз
b) токсоплазмоз
c) лямблиоз
d) безгек
e) балантидиоз
30. Қоздырғышы Anopheles туысының масасының шағуы арқылы берілетін ауру:
a) трипаносомоз.
b) токсоплазмоз.
c) амебиаз.
d) лейшманиоз.
e) малярия.
31. Өмір сүруі спорогония және шизогония циклдерімен жүретін адамның паразиті, ...
a) Lambliu intenstinalis
b) Balantidium coli
c) Trichomonas hominis
d) Plasmodium malariae
e) Leischmania donovani
32. Адамда безгек плазмодиясының неше түрі паразит жолмен тіршілік етеді:
1
2
3
4
5
33. Адам үшін безгек ауруында инвазиялы кезең:
спорозоиттар
мерозоиттар
гаметалар
шизонттар
гаметоциттер
34.Спорогия-бұл:
зиготаның бөліну процессінде спорозоиттардың пайда болуы
зиготаның пайда болу процессі
шизонттың пайда болу процессі
спороцистаның пайда болу процессі
ұрпақтардың алмасу процессі
35 Кокцидийлердің көбею әдістері:
шизогония
жыныс процессі
жыныссыз процессі
спорогония
барлық жауаптар дұрыс
36 Toxoplasma gondіі-ң аралық иелері:
кеміргіштер
қосмекенділер
балықтар
жәндіктер
шаянтәрізділер
37.Токсоплазмоздың аралық және негізгі иелері үшін инвазионды кезең:
спорозоит
циста
шизонт
трофозоит
мерозоит
38. Трихоцисталар қайсында бар:
саркодтарда
талшықтыларда
кокцидийлерде
инфузорияларда
споровиктерде
39. Бауыр жасушалары бұзылғаннан кейін мирозоиттар қанға түсіп, бекінеді:
лейкоциттерғе
тромбоцитке
эритроцитке
қызыл жілік майына
сары жілік майына
40.Эритроциттерде паразит қоректенеді:.
плазматикалық мембрананың ақуызымен
плазматикалық мембрананың липидтерімен
гемоглобинмен
сарыуызбен
темір иондарымен
41.Toxoplasma gondіі-ң спецификалық тасмалдаушылары:
масалар
болмайды
соналар
қандалалар
кенелер
42. Безгек ауруында қалтырама жағдайын немен түсіндіруге болады:
масаның шағуына реакциясымен
плазмодий тіршіліктеріндегі токсикалық өнімдермен
масаның шаққан жеріндегі екінші ретті инфекциямен
өзін-өзі сіңімдірумен
хининнің әсерімен
43. Жаңа ғана эритроцитке енген плазмодияның морфологиялық пішіні:
төртбұрышты
сақиналы
диспергириленген
үшбұрышты
көлдене-жолақты
44. Кокцидиялардың көбею әдістері::
шизогония
жыныс процессі
жыныссыз процессі
спорогония
барлық жауаптар дұрыс
45. Токсоплазмоз қоздырғышының негізгі қожайыны:
a) иттер.
b) кеміргіштер.
c) қояндар.
d) құстар.
e) мысықтар.
46. Даму сатыларының бірінде жарты айға ұқсас болатын қоздырғыш:
трипаносома.
амеба.
Токсоплазма.
лейшмания.
трихомонада.
47. Токсоплазманың соңғы иесі:
Мысықтар
тышқандар
адам
қустар
үй жануарлары
48. Токсоплазмозда аралық иесі үшін инвазиялы кезең:
споралар
Ооцисталар
трофозоиттар
шизонттар
мирозоиттар
49. Toxoplasma gondіі-ң аралық иелері:
Кеміргіштер
қосмекенділер
балықтар
жәндіктер
шаянтәрізділер
50 Токсоплазмоздың аралық және негізгі иелері үшін инвазионды кезең:
спорозоит
циста
шизонт
трофозоит
мерозоит
51. Ең ірі патогенді қарапайымдыға төмендегілердің қайсысы жатады:
a) балантидия.
b) токсоплазма.
c) трипаносома.
d) амеба.
e) лейшмания.
52. Адамға патогенді қарапайымдылардың ішіндегі ... ең ірісі.
Balantidium coli
Plasmodium malariae
Trichomonas hominis
Leischmania donovani
Lambliu intenstinalis
53. Көп мөлшердегі кірпікшелері бар қоздырғыш:
a) балантидия.
b) токсоплазма.
c) трипаносома.
d) амеба.
e) лямблия.
54. Ең ірі патогенді қарапайымдыға төмендегілердің қайсысы жатады:
a) амеба.
b) токсоплазма.
c) трипаносома.
d) балантидия
e) лейшмания.
55. Қарапайымдыларды ашқан ғылым:
М.Шлейден
Т.Шванн
А.Левенчук
К.Линней
К.Бәр
56.Балантидиозбен зақымдалу әдістері:
ауа-тамшы
перкутанды
трансмиссивті
тік
Алиментарлы
57. Инфузорияға қандай жыныс процессі тән:
партеногенез
гиногенез
копуляция
Коньюгация
Данизогамия
58. Балантидияның патогенді әсері:
ОЖЖ қызметінің бұзылуы
қалтыраманың ұстамасы
ойлау депрессиясы
ұйқысы келе береді
іштең қанның өтуі
59. Қарапайымдылар типінің өкілдерінің қозғалу органоидтары:
кірпікшелер
псевдоподий
талшықтар
ундулярлы мембрана
барлық жауаптар дұрыс
60.Шошқа фермасында істейтін жұмыскерлер қандай инвазияға қауыпты:
амебиаз
дизентерия
лямблиоз
балантидиаз
аскаридоз
10.Бөлім
Микоздар
