- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
Бордетеллалар – адам және кейбір жануарлардың тыныс алу жолдарында орналасатын ұсақ, грам теріс бактериялар. Адамға патогенді түрлері Bordеtella pertussis, Bordеtella parapertussis.
Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштары.
Көкжөтел – Bordеtella pertussis - адамның жедел жұқпалы ауруы, ол жоғарғы тыныс жолдарының жарақатымен спазмалық ұстама жөтелмен сипатталынады. Көбінесе мектепке дейінгі балаларда жиі кездеседі. Ауру қоздырғышы 1900 жылы ауру адамның қақырығынан табылды, Көкжөтел қоздырғышы - Bordеtella pertussis (коклюш) 1906 жылы белгиялық бактериолог Ж. Борде және француз ғалымы О. Жангу көкжөтел қоздырғышының таза дақылын бөліп алып, негізгі қасиеттерін анықтаған. Көкжөтелге ұқсас, жеңiл өтетiн ауру қоздырғышы Bordеtella parapertussis (паракоклюш)
Морфологиясы. Bordеtella pertussis - ұсақ, сопақша, грам теріс, ұшы жұмырланған таяқшалар (коккобактериялар). Спорасы, талшығы жоқ, микрокапсула түзеді (6.2.сурет). Толуоидин көгімен бояғанда бордетеллалар құрамында метахромазиялық боялатын, биполярлы орналасқан дәндер (липоидтар) анықталады. Кейбір түрлері (B. bronchioseptica, B. avium, B. hinzii, B. trematum) 37°С температурада қозғалғыштыққа ие болады.
|
|
|
Bordеtella pertussis - электронды микроскоптағы көрінісі |
Грам әдісімен боялған Bordеtella pertussis - жарық микроскоптағы көрінісі |
Bordеtella pertussis - казеинді-көмірлі агарда |
6.2.сурет. http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q= Bordеtella pertussis |
||
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. (6.1.кесте)
Bordеtella pertussis– облигатты аэроб, өсу үшін қолайлы температурада - 370С, рН - 7,2, 3-7 тәулікте өседі; қоректік орталарға өте талғамды, қоректік орталар құрамында міндетті түрде сорбенттер болу қажет (қан, белсенділігі жоғары көмір, альбумин), себебі бұл бактериялар метаболизм нәтижесінде қанықпаған май қышқылдарын, Н2О2, метал иондарын, коллоидты күкірт, сульфиттер бөліп өздерінің өсуіне кедергі жасайды. Борде-Жангу (қан қосылған картоп-глицеринді агар) ортасында өседі, онда олар қара түсті сынап тамшылары тәрізді, шамалы гемолиз беретін колониялар түзеді, және казеинді-көмірлі агарда сұр крем түсіне ұқсас колониялар түзеді (6.2.сурет). Бордетеллалардың басқа түрлері (Bordеtella parapertussis, Bordеtella bronchiseptica, Bordеtella avium) қарапайым қоректік орталарда өсе алады, 24-48 сағат инкубациялаудан кейін көзге көрінетін колониялар түзеді. Ферменттік белсенділігі. Bordеtella pertussis биохимиялық инертті немесе белсенділігі жоқ.
6.1.кесте. Бордетелла түрлерінің дифференциациясы |
||||
Белгілері |
Микроорганизмдердің түрлері |
|||
B. pertussis |
B. paraper-tussis |
B. bronchi-septica |
B.avium |
|
Қозғалғыштығы |
- |
- |
+ |
+ |
Борде-Жангу ортада өсу уақыты, (тәулік) |
3-6 |
2-3 |
1-2 |
1-2 |
ЕПА-да өсуі |
- |
+ - |
+ |
+ |
Пигмент түзуі |
- |
+ |
- |
-/ |
Биохимиялық белсенділігі: Урезаға тест Оксидазаға тест Нитраттың нитритке тотықсыздануы Каталазаға тест |
- - |
- - |
- |
- - |
Патогенді факторлары: Пертуссис-токсин Жасушадан тыс аденилатциклаза Трахеялық цитотоксин |
|
- |
- |
- - |
Антигендік құрылымы. Бордетеллалар термостабильді туыстастық арнайылығы бар О-антигенге ие, олар тек S-пішінді түрлеріне тән. Бордетеллалардың беткейлік термолабилді 14 капсулалық антигендері анықталған. Bordеtella pertussis міндетті түрде 1-6 факторларға ие, оның ішінде 2, 3, 4, 5, 6 факторлары әр түрлі кұрамдаста болады. Сонымен қатар барлық бордетеллаларға тән жалпы 7-факторы белгілі. Олардың үйлесімді тәуелділігіне қарай Bordеtella pertussis-тің серологиялық варианттарын ажыратады. 14-фактор Bordеtella parapertussis-ке, ал 12-фактор - Bordеtella bronchiseptica-ға ғана тән. Бордетеллалардың К-антигендері агглютинациялық реакция арқылы анықталады, соған байланысты оларды агглютиногендер деп атайды. Бұл реакция эпидемиологиялық маркерлерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Патогенділік факторлары. Bordеtella pertussis қызба тудыратын эндотоксин, антифагоцитарлық белсенділікке ие және лимфоцитозды күшейтетін ақуызды токсин (пертуссис-токсин), тамырдың өткізгіштігін жоғарылататын, гистамин-сенсибилизациялық әсер ететін, эпителиалды жасушалардың жойылуын тудыратын агрессиялық ферменттерді бөледі: 1. Филаментозды гемагглютинин - тыныс алу жолы эпителиінің жасуша мембранасының гликолипидімен және басқа полиморфты-ядролық лейкоциттің беткейлі гликопротеинді рецепторымен байланысып, фагоцитозды тудырады. 2. Көкжөтелдік токсин (пертуссис токсин) - пертуссиннің 1-ші суббірлігі фагоциттердің белсенділігін және моноциттердің көшуін басады. Пертуссиннің 2-ші суббірлігі – тыныс жолдарының беткейлі жасушаларымен байланысады. Пертусиннің 3-ші суббірлігі – фагоциттердің беткейлі ганглиозидтерімен байланысады. 3. Пили және пертактин – тыныс алу жолдарының жалпылық эпителиіне жабысуын (адгезия) қамтамасыз етеді. 4. Аденилатциклаза - фагоциттердің киллинг-белсенділігін және моноциттердің көшуін басады. 5. Дерматонекротоксин - теріні зақымдайды және зертханалық жануарларға леталды фактор болып келеді. 6. Кеңірдектік цитотоксин - тыныс жолдарының кірпікшелі жасушаларын бұзатын пептидогликанның бөлшегі; интерлейкин-1 іске асырылуын күшейтеді (қызба). 7. Эндотоксин (липополисахарид) - комплементті белсендіреді және цитокиннің бөлінуін күшейтеді. Бактериялардың адгезиясына гемагглютинин, сыртқы мембрананың ақуызы және пили қатысады.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. B. pertussis дақылын ақ тышқандарға интраназалды (мұрын қуысы арқылы) енгізгенде пневмония дамиды. Көкжөтел және паракөкжөтел – антропонозды аурулар; Жұқпа көзі - ауру адам (әсіресе аурудың басында қауіпті) және тасымалдаушылар. Жұқпа ауа-тамшылы жол арқылы жұғады. Ауру барлық жерде кездеседі. Аурумен мектепке дейінгі балалар жиі ауырады. Әсіресе көкжөтелге емшектегі балалар сезімтал болып келеді, олар үшін ол өте қауіпті. Аурумен қыста және күзде жиі ауырады. Көкжөтел қоздырғышы қоршаған ортаға өте төзімсіз. B. pertussis суыққа сезімтал, кепкен қақырықта бірнеше сағатта өледі. Ультракүлгін сәулелерге, дезинфекциялы ертінділерге және жоғары температураға сезімтал. 50 - 550С қыздырғанда оларды 10 – 30 мин өлтіреді. Паракөкжөтел сирек кездеседі, көкжөтелмен салыстырғанда клиникасы жеңіл өтеді.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Инфекцияның кіру қақпасы жоғарғы тыныс жолдары, онда катаралдық қабыну дамиды. Тыныс жолдарының рецепторларын токсинмен тұрақты түрде тітіркендіру нәтижесінде жөтел пайда болады, әрі қарай тыныс алу орталығында қозу ошағы пайда болады және бейспецификалық себептермен де жөтелдің ұстамалары тууы мүмкін. Жөтел ұстамасының пайда болуы Bordеtella pertussis токсинінің ағзаны сенсибилизациялау маңыздылығымен байланысты.
Жасырын кезеңі 2-14 күн. Науқастану дене қызуының аздап көтерілуімен, шамалы жөтелумен, риниттік белгілермен (тұмау) көрінеді. Осыдан кейін спазмалық жөтел пайда болып, қақырық бөлінумен аяқталады. Мұндай жөтел ұстамалары тәулігіне 5-тен 50-ге дейін болуы мүмкін. Науқастың жөтелі «қораздың шақыру дауысына» ұқсас (французша “coqueluche”). Ауру 2 айға дейін созылады. Көкжөтелдің жеңіл, орташа ауыр және ауыр түрлерін ажыратады. Ауырғаннан кейінгі иммунитет тұрақты, өмір бойы сақталады. Маңызды рөлді секреторлы А иммундыглобулин атқарады. Иммунитеті тек түрарнайы, сондықтан пайда болған антиденелер көкжөтел қоздырғышына ғана қарсы әсер етеді, басқа (Bordеtella parapertussis, Bordеtella bronchiseptica) бордетеллалар түрлерінен қорғамайды.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін материал - жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышы. Зерттеу материалын екі жолмен алады: тампонды және жөтел пластинкасы әдістері. Екі түрлі тампонды қолданады: құрғақ және ылғалданған. Құрғақ тампонмен алған материалды тығыз қоректік ортаға жедел себеді, ал ылғалданған тампонмен алғанда зертханаға себуге 2-4 сағатта жеткізу керек. Диагноз қоюдың негізгі әдісі - бактерологиялық. Бұл әдіс бойынша тығыз қоректік орталарға - әлсіз гемолиз аймағы бар, ұсақ, күмбез тәрізді тегіс колониялар өсетін Борде-Жангу ортасына (картоп-глицеринді қанды агар); сүтті - қанды агарға; ұсақ сұр-крем түсті колониялар өсетін казеинді-көмірлі агарға (ККА - КУА) себеді. Таза дақылды морфологиялық, дақылдық және антигендік қасиеті бойынша идентификациялайды. Зерттеудің бірінші күні. Тампонмен алынған материалдарды бір-екі Петри табақшаларына (Борде-Жангу ортасы немесе ККА және алдын-ала пенициллинмен немесе бициллинмен қосалқы микрофлорасын басқан ортасы бар) себеді. Себілген орталарды температурасы 370С 72 сағат инкубациялайды.
Зерттеудің төртінші күні. Табақшаларды күмәнді колонияларға зерттейді. Қоректік ортада күмәнді колонияларды байқағанда қиғаш казеинді-көмірлі агарға себеді. Колониялардан жағынды дайындап, Грам әдісімен бояп, микроскопта қарайды. Заттық шыныда агглютинация реакциясын адсорбцияланбаған арнайы түрлік сары сумен қояды. Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштарын дифференциациялау үшін уреазаға сынама, қиғаш ЕПА егеді, жартылай тығыз ортаға сеуіп қозғалғыштығын анықтайды және Симмонс ортасына себеді. Зерттеудің бесінші-алтыншы күні. Идентификация нәтижелерін талдайды. Көкжөтел микробының сероварын анықтайды. Қорытынды жауап береді. Бактериялардың идентификациясы үшін флюрохроммен таңбаланған Bordеtella pertussisпен Bordеtella рarapertussis-ке қарсы антиденелерді қолдана отырып ИФР-ын (жедел диагностика) жүргізеді. Ретроспективтік диагноз қою үшін серологиялық әдіс қолданылады: Bordеtella рertussis токсині мен гемагглютиніне қарсы IgG және IgA анықтау (АР, КБР, ПГАР, ПТР).
Инфекцияларды емдеу мен алдын алу.
Көкжөтелдің ауыр жағдайында антибиотиктер (эритромицин, тетрациклин, левомицетин), қалыпты гомологиялық иммунды глобулин тағайындалады. Салқын таза ауа, антигистаминді препараттар ұсынылады.
Көкжөтелге қарсы арнайы сақтандыру үшін адсорбцияланған көкжөтелді-Күллы-сіреспе вакцинасын (АКДС) қолданады. Балаларға 3 айдан бастап енгізіледі. 1 жасқа дейінгі балаларға және ауру адаммен қатынаста болғандарға адамның қалыпты иммунды глобулинін енгізеді. АКДС-М құрамы: 1 фазадан тұратын B.рertussis-тің өлі дақылы, көкжөтел токсині, агглютиногені, капсулалы антиген, Күллық және сіреспелік анатоксин.
Қазіргі уақытта құрамында тазартылған көкжөтел бордетеллаларының антигендері орналасқан – филаментті гемагглютинин, пертактин, агглютиноген немесе пертуссис-анатоксині бар суббірлік вакциналар қолданылады (ацеллюларлы, субкорпускулярлы).
Тесттер.
1. Көкжөтел ауруының қоздырғышы:
Salmonella typhi
Vibrio cholerae
Clostridium botulinum
Bordotella pertussis
Bacillus cereus
2. 1906 жылы Ж. Борде және О.Жангу... қоздырғышын ашты.
көкжөтел
паракөкжөтел
Күл
Жәншәу
бруцеллез
3. Көкжөтелде ... арқылы жұғынды алынады.
венадан қан алу
мұрын жұтқыншағынан мақталы тампон
терінің зақымдалған бөлігінен биоптат
құсық массасы
ОНЖ тіндерінен биоптат
4. Көкжөтелдің бактериологиялық диагностикасында… әдісін қолданады.
биологиялық
микроскопиялық
жөтел пластинкасы
серологиялық
тері-аллергиялық
5. Көкжөтел қоздырғышының колониясы Борде-Жангу ортасында ... тәрізді болады.
шық тамшысы
дәстүргүл гүлі
қара колония
сынап тамшылары
арыстан жалы
6. Спазмалық жөтелмен сипатталатын антропонозды ауруға ... жатады.
Күл
Жәншәу
бруцеллез
туляремия
көкжөтел
7. Көк жөтел қоздырғышын дақылдау үшін ... қолданады.
Рессел ортасын
Китта-Тароции ортасын
казеин-көмір агарын
Вильсона-Блер ортасын
Леффлер ортасын
8. Казеин-көмір агарында дақылданатын ... қоздырғышы болып табылады.
Күл
Жәншәу
бруцеллез
туляремия
көкжөтел
9. Көбінесе мектепке дейінгі балаларда байқалатын спазмалық жөтел ұстамасы ... байқалады.
Күлда
Жәншәуда
туберкулезде
көк жөтелде
микоплазмозда
10. Көкжөтел қоздырғышының негізгі патогенділік факторы ... болып табылады.
термолабилді экзотоксин
капсула
гиалуронидаза
лецитиназа
плазмокоагулаза
