Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.5 Mб
Скачать

11.1.2.Парамиксовирустар.

Парамиксовирустар-негізінде берілу механизмі бәріне бірдей, яғни аэрогенді жолмен тарайтын, РНҚ-құрамды вирустар (латынша: para-маңайлық, маңайындағы, myxa-шырын, кілегей) тұқымдастығына жатады.

11.1. Парамиксовирустар

Туыстастығы

Өкілі

Morbillivirus

Қызылша вирусы

Paramixovirus

1-4 парагрипп вирусы, Сендай вирусы

Rubulavirus

Эпидемиялық іш-сүзегі вирусы

Pneumovirus

Адамның респираторлы-сенцитиальді вирусы (РСВ)

Морфологиясы және химиялық құрамы. Парамиксовирустардың вириондары сфера пішінді, диаметрі 150-500 нм, гликопротеинді тікенекшелері бар сыртқы қабықшамен қапталған. Вирионның ортасында симметриясы спираль типті нуклеокапсид орналасқан. Вирион геномы-сегменттелмеген біржіпшелі минус-РНҚ. Нуклеокапсид құрамында бірнеше вирус-спецификалық ферменттер (соның ішінде РНҚ полимераза немесе транскриптаза) және нуклепротеин (NP) болады. Нуклиокапсид сыртқы қабықшаның ішкі жағына төселген матрикстік ақуызбен (М) қапталған. Суперкапсиді екі липидті қабаттың және гликолизирленген HN және F ақуыздан тұрады. F белогы эритроциттердiң гемолизiн шақырада, вирустық мембрананың жасуша мембранасымен және лизосомамен қосылуынан түзiлген синцития бойынша жасушадан жасушаға вирустардың көбеюiн қамтамасыз етедi, яғни гемагглютинирлеуші, нейраминидазалық, гемолитикалық және симпласт түзуші қабілетке ие(11.2.сурет). Сырытқы қабық шығу тегі бойынша жасушаның 2 липиттік және 3 вирус спецификалық ақуыздық қабаттардан тұрады. Олардың екеуі-NP гликопротеиндер тікенше өсінділерінің құрамына кіретін гемагглютининдік және нейраминидазалық қабілеттілігі бар. Үшіншісі F-ақуыз (ағылшынша fusion-қосылу,тіркелу) жасушалық мембрананың вирустың қабықшасымен қосылып ие жасушасына енуін қамтамасыз етеді. Бұл ақуыз (F) вирустың гемолитикалық және цитотоксикалық әсер етуіне жауапты.

Антигендері. Парамиксовирустар құрамында түрспицификалық екі антиген бар: ішкі S-антиген (нуклеопротеиндер) және сырықты V-антиген (тікенше өсінділердің протеиндері).

Репродукциялануы. Парамиксовирустар иесінің сезімтал гликопротеинді тікенекшелерінің көмегімен адсорбцияналады. Вирионның жасуша ішіне енуі рецепторлық эндоцитоз тәсілімен немесе вирустық қабықшаның цитоплазматикалық мембранамен бірігіп қосылу жолымен атқарылады(F-ақуыздың себебінен).Транскрипция, ақуыз синтезделуі және геномның репликациялануы жасуша цитоплазмасында жүреді.

Парамиксовирустардың (Paramyxoviridae) құрыласы

Парамиксовирустардың репродукциялануы

11.2.сурет

Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А

Геномның репликациялануы жалпы(-) РНҚ вирустардың репликациясына ұқсас. РНҚ-ы вирустың геномның минус жіпшесінен РНҚ –ның толық емес плюс-жіпшесі транскрипсаланады. Жаңа геномдар полимиразамен және NP ақуыздармен өзара әрекеттеседі де нуклиокапсидтер түзіледі. Нуклеокапсид матристік М ақуызбен және плазмолеммамен модифицияланған гликопротеинмен байланысады. Вирион жасушадан бүршіктену тәсілмен шығады. Инфицирленген жасушалардың цитоплазмасында ацидофильді қосындылар пайда болады.

Дақылдандыру. Парамиксовирустарды дақылданыру көбінесе біріншілік және ауыспалы жасуша дақылдарында атқарылады. Вирустар өсіп-өнген жағдайда жасушалар бір-бірімен қосылып көпядролы алып жасушалар(синцитиялар) пайда болады.

Резистенттілігі. Парамиксовирустар төзімділігі өте төмен вирустар қатарына жатады. Сонымен қатар басқа факторлардың әсеріне сезімтал келеді.Төменгі температураның әсерін өте төзімділігімен ерекшеленеді. Парамиксовирустар детергенттермен, дезинфектанттармен, сонымен қатар жоғары температурының (50ºС) дейiнгi температурада қыздырылғанда бұзылады. Жұқпакөзi болып аурулар және вирус тасымалдаушылар болып табылады. Жұғу жолы аэрозольды қатынастық. Адамдарда парагрипп инфекциясы ЖРА типi бойынша өтедi. Вирустар мұрын жұтқыншақ шырышты қабығанан эпителиальды жасушаларында репродукцияланады. Сосын олар вирусемияны шақырып қанға өтедi. Инфекциядан кейiн типоарнайы гуморальды иммунитет қалыптасады және ол бiрнеше жыл сақталады.

Эпидемиологиясы. Жұқпа көзі -ауру адамдар және вирус тасымалдаушылар. Вирус аэрогенді өтеді. Паротит және қызылшамен науқастанған балалардың айналасындағыларға жасырын кезеңінен бастап жұқтыру қаупі өте жоғары.