Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.5 Mб
Скачать

2.1.3.Энтерококтар.

Морфологиясы. Энтерококтар - грам оң, спора және капсула түзбейтін, қозғалмайтын, ұсақ, шар не болмаса сопақша тәрізді жасушалар. Полиморфты бактериялар, 1-4 талшыққа ие, кейбiр штаммалары қозғалғыш болып келеді. Типтік түрі E.faecalis.

Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Энтерококтар қарапайым ортада жақсы өседi, қанды агарда гемолиз ошағын түзуімен сипатталады. 24 сағаттан кейiн энтерококтар диаметрi 04-2 мм сұр түстес колониялар түзедi, 6,5 процент NaCI-ы бар ортада өседі, 4-6 сағаттан кейiн 37ºС -ға лакмус сүтiнiң түсiн өзгертуге қабылетi бар. Энтерококтарды бөліп алу және өсіру үшін селективті орталар таңдалады ( негізі қанды агар оған азид қосылған, азидодекстрозды сорпа т.б.) 2.4. кесте

Антигендік құрылымы. Стрептококтарға ұқсас, D серотоптарға жатады.

Патогенділік факторлары. Жасуша қабырғасының бөлшектері, агрессия ферменттері мен токсиндері жатады.

Эпидемиологиясы мен резистенттілігі . Энтерококтар шартты патогенді микроорганизмдерға жатады. Табиғатта өте көп тараған. Е. faecalis-ті дені сау адамдардың нәжісінен бөліп алуға болады.

Қоршаған ортада көп уақытқа дейiн тұрақты болу салдарынан қарым-қатынас (контакт) арқылы жұғады, құрғатуға тұрақтылығы жоғары, оларда күн сәулесiнiң зор әсерiне қарсы арнайы пигмент бар. Қайнатсаң 70-80ºС 20 мин ішiнде жойылады. Энтерококтарды стафилококтармен қатар санитарлық микробиологияда санитарлық көрсеткіш ретінде қарастырылады (қоршаған ортаның нәжіспен жаңадан ластануын көрсетеді). Дезинфектанттарға өте сезімтал. Энтерококтардың көптеген антибиотиктерге ( аминоглкозид, цефаоспорин) табиғи тұрақтылығы бар.

2.4. кесте. Дақылдық, биохимиялық қасиеттері кестеде берілген

Белгі

E. durans

Е. faecalis

E. faecium

Қозғалғыштығы

-

+ -

+ -

Өсуі

45° С

+

+

+

50° С

-

+ -

+

Қоректік орталарда өсу:

Құрамында 6,5% NaCI

+

+

+

Құрамында теллурит 0,04

-

+

-

Құрамында 0,1% метилен көгі бар сүт

+

+

?

Қышқылға дейін ыдырауы

арабиноза

-

_

+

маннит

+ -

+

+

рамноза

-

+

-

сахароза

-

+

+

глицерин

-

+

+

сорбит

-

+

-

Сары пигмент түзуі

-

-

-

Гемолиз

альфа бетта

кейде бетта

кейде альфа

Гипуратты гидролиздеуі

+

+

+

Лэнсфилд бойынша серологиялық тобы

D

D

D

Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Клиникалық маңызы бар энтерококтар: E. durans, Е. faecalis, E. faecium. Энтерококтар ауыз қуысы, iшек және зәр шығару, жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасына кiредi (фекальды стрептококтар, энтерококтар) адам iшегiнде өмiр сүрушi болып табылады. Несеп жолының қабынуын тудырады, әсіресе катетерді қолданған жағдайда жиі кездеседі, яғни аурухана ішілік инфекциялар дамиды. Бактериемия, сепсис, жеделдеу сепсисті эндокардит, өт жолдарының инфекциялары немесе кеуде қуысының абсцестеріне әкеледі. Гемолитикалық энтерококтар шақыратын инфекциялардың көпшiлiгi эндогендiлiгімен сипатталады, колонизацияның басымдылығында және цефолоспориндердiң жоғары жиiлiкпен қолданылған кезiнде, микроорганизмдердің инвазивтілігі жоғарлай түседі. Гемолизидеушi энтерококтар тағаммен улануды және iшектiң дисбактериоздарын тудыруға себепкер болады. Иммунитеті-тұрақсыз

Микробиологиялық диагноз қою. Зертеу материалы ірің, қан, несеп және т.б. Зертханалық диагноз қою үшін бактериологиялық және серологиялық әдістер қолданылады. Қоздырғышты бөліп алу қиын емес, энтерококтарды стептококтармен ажыратады.

Емдеуі және алдын алуы. Антибиотиктермен емдейді. Энтерококтар антибиотиктерге тұрақты қасиеті болғандықтан антибиотикаграмма жасап барып емдейді, себебі антибиотиктерге тұрақты штамдары пайда болып, әр түрлі асқынуларға әкеледі. Жалпы жеке бастың гигиенасын сақтау, антибиотиктерді ретсіз және дәрігердің тағайындаусыз қабылдауға болмайды.