- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
Хламидиялар иесінің сезімтал жасушаларында паразиттік тіршілік етуші, патогенді облигатты жасушаішілік - грам теріс қозғалмайтын, ұсақ патогенді бактериялар. Хламидиялар эукариоттық жасушалалардың тек цитоплазмасында көбейеді, себебі олар өзіндік энергетикалық қосылыстарды синтездемейді (АТФ).Тірі ағзада тіршілік етуінің себебі энергиямен қамтамасыз ету механизмінің болмауы. Хламидия адамдарда көз ауруларын (басыр, конъюнктивит, т.б.), несеп-жыныс жолдарының (уретрит, простатит, эндометрит, сальпингит, т.б.), шап бездерінің вирусты ауру (шап лимфогранулематозы) және өкпенің қабынуы (бронхит, пневмония, орнитоз, т.б.), асқазан ішек, жүке жүйесін және жүрек қан тамырлар жүйесі мен буындардың ауруларын қоздыруға себепкер болады. Қоздыратын ауру түріне байланысты жұғу жолдары да әр түрлі болып келеді. Көбінесе тұрмыстық қатынас арқылы (тікелей жанасу немесе тұрмыстық заттар арқылы), жыныстық жолмен және тыныс алу жолдары арқылы жұғады. Хламидия қоздыратын ауруларды жалпы атпен хламидиоздар деп атайды.
Хламидияның бірнеше түрі бар:
C. trachomatіs, C. psіttacі, C.pneumoniae — адамдарда;
C. pecorum, C. abortus, C. felіs — жануарларда ауру қоздырады.
Chlamydiaccue тұқымдастығы, Gracilicutes , бөлімі, туысы- Chlamydia.(грек тілінде- плащ).
Қазіргі кезде 3 түрі бар: C. trachomatis, C. psittaci және C. pneumanice. 3- де адам мен жануарға патогенді. Хламидия- «энергетикалық паразит». Өздігінен жоғары энергия бөле алмайды және өзін энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Клетка ішілік паразит жағдайда жақсы өседі. Бинарлы бөліну арқылы көбейеді.
Өмірлік циклы 2- негізгі формада қалыптасады:
Морфологиясы. Хламидиялар грам-теріс бактерияларға жақын, ДНҚ және РНҚ-сы, цитоплазматикалық мембранасы мен жасуша қабырғасы бар. Грам-теріс бактериялар тәрізді кең спектрлі антибактериалдық дәрі-дәрмектерге сезімтал. Тетрациклиндік және макролидтік қатардағы антибиотиктерге өте сезімтал болып келеді.
Элементарлы денешік- ұсақ (0,2-0,5 мкм) сфера тәрізді (8.5.сурет) жасушадан тыс құрылым және үш қабатты клетка қабырғасы. Метобализмге аз активті және жасушадан тыс өмір сүруге бейімделу.
Элементарлы денешік- жұқпалы бірлік, клетканы зақымдайды. Элементарлы денешік Романовский- Гимза әдісімен бояғанда- пурпурный түс береді.
Ретикулярлы денешік- репродукциялық клетка ішілік формада. Ірі болады (1 мкм дейін) клетка қабырғасы қалың болады. Элементарлы денешік 5-6 сағатта өсіп шығады, цитоплазмаға еніп құрылысын өзгертеді. Алғаш Э.Д.-тен инициальді денешік (вегетативті форма) пайда болады. Романовский- Гимза әдісімен бояғанда көк түске боялады. Инициальді денешік біраз уақыттан соң РД айналады. РД айналған соң клетка бинарлы бөлініп көбейеді, қасында денешік пайда болады.
|
|
|
Хламидиялар -ретикулярлы денешік |
Хламидиялар - элементарлы денешік |
Хламидиялар – электронды микроскоптағы көрінісі |
8.5.сурет http://go.mail.ru/search_images?gp=profitraf3&q=хламидии |
||
Антигендік құрылымы.
Хламидиялардың антигендік құрлымы күрделі, жасуша қабырғасында орналасқан бүкіл тұқымдастыққа тән, липополисахаридтік термостабильді антигені бар. Түрспецификалық және типтік спецификалық антигендер ақуыздық фракциялардан құралған, термолабильді антигендер болып келеді. Типтік спецификалық антигендерінің болуына байланысты C.trahomatis–тің18 сероварын ажыратады. C.рneumoniae–ның бір ғана серовары бар.
Дақылдық және биохимиялық қасиеттері.
Хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алуды дамып келе жатқан тауық эмбриондарының саруыз қапшықтарының эпителий жасушаларында және жасуша дақылдарында жүргізеді. Дамуына 6-8 күн толған тауық эмбриондарының саруыз қапшығына жұқтыру ұзақ уақыттар бойы хламидиялық инфекцияларға этиологиялық дигноз қою үшін қолданылып келген ең нақты әдіс болды. Қазіргі кезде де хламидиоз диагнозын дәлелдеуде жоғары спецификалық әдіс болып келеді. Сезімталдылығы бойынша бұл әдіс жасуша дақылдарында хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алумен тең. Хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алу критерийлері: микроорганизмнің морфологиялық құрлымдарының және тұқымдастыққа тән антигендердің болуы. Техникалық орындауы жағынан әдіс қарапайым болып келеді, бірақ даму үрдісінің өзі әрі күрделі әрі ұзақ уақытты талап етеді (2-3 пассаж жасалғаннан кейін 7-12 күннен 3-4 аптаға дейін), сондықтан жылдамдатылған әдістердің болуы іс жүзінде бұл әдістің қолданылуын шектейді.
Спецификалық диагноз қою әдісі in vitro-да дақылдандыру болып табылады. Әдіс «алтын стандарт» атауына ие болған. Қазіргі кезде хламидияларға сезімталдылығы жоғары жасушалардың әр түрлері қолданылады. Көз және жыныс мүшелерінен алынған зерттеу затын жасуша дақылдарына сеуіп хламидияларды бөліп алу, саруыз қапшығында дақылдандырудан әлдеқайда сезімтал болып келеді. Бұл әдістің артықшылығы 100% спецификалылығы мен жоғары сезімталдылығы. Бірақ бұл әдісті кеңінен қолдануға оның қымбаттылығы, күрделілігі және нәтижесін 72 сағаттан кейін ғана алуға болатындығы кедергі жасайды.
Патогенділік факторлары. C.trachomais-тің патогенділік факторлары: сыртқы мембрана ақуыздары (эстеразалық белсенділік, адгезиндер), эндотоксиндер (ЛПС), персистенттілік факторы. C.рneumoniae–ның патогенділік факторлары: адгезиндер, эпителиоциттер мен лимфоциттердің инвазивтілік факторлары болып табылады. C.psittaci эндотоксин түрінде улы зат түзеді.
Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Респираторлы хламидиоз – антропонозды инфекция. Инфекцияның көзі – науқас адамдар, таралу жолдары – ауалы-тамшылы. Адамның сезімталдығы өте жоғары, әсіресе 20 жастан асқан жас адамдар. Ерекшелігі – инфекцияның таралуы баяу өтеді, себебі ауру адам қоршаған ортаға хламидияларды аз мөлшерде бөледі. Дегенмен, тасымалдаушыларда тыныс жолдарының жоғары бөлімдерінде хламидиялардың жинақталуға қабілеттері бар. Ауру Солтүстік Еуропада кеңінен таралған, пневмониялар арасында 10%–ын хламидиялар қоздырады. Қоздырғыш дезинфекциялы заттар әсерінен және қыздыру кезінде инактивицияланады, дегенмен кептіруге, мұздатуға төзімді. Қоршаған ортада 2-3 аптаға дейін сақталады.
Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті. Хламидиялар урогениталды жолдар, сондай-ақ конъюнктиваның шырышты қабаты арқылы енеді. Қоздырғыштар уретраның, жатыр мойнының, қосалқыларының, аталық бездің, конъюнктиваның қабынуын тудырады.
Chlamidia psittaci–орнитоз ауруын, Chlamidia pneumoniae – адам бронхопневмониясын қоздырады. Инфекцияның таралу жолы: ауалы–тамшылы, ауалы–шаңды, кіріу қақпасы жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары. Тағам өнімдерімен де таралуы мүмкін. Орнитозға адамдардың сезімталдығы өте жоғары, орта және үлкен жастағы адамдар жиі ауырады. Ауру негізінде көктем, күз мезгілдерінде кездеседі. Бірен-саран кездесетін жағдайлар жиірек болады, дегенмен орнитоздың күрт көбеюі де байқалады. Адам бронхопневмониясы мен орнитоз патогенезі: хламидиялардың жасуша ішінде көбейіп, оны бұзуы; тыныс алу жолдарының, өкпе мен лимфа түйіндерінің некроздық грануломатоздық зақымдалуы; қоздырғыштардың лимфоидты тіндерде персистенцияланауы. Chlamidia trachomatis– басыр (трахома), яғни конъюктива мен мөлдір қабықтың эпителиоциттерінің зақымдануын, урогенитальдық хламидиоз және жыныстық лимфагранулема (уретраның, жатыр мойнының, қуық асты безінің, сыртқы жыныс мүшелерінің қосалқылары мен жергілікті лимфа түйіндерінің қабынуын) шақырады.
Жұқпа көзі науқастар мен тасымалдаушылар. Жұғу жолдары - трахома кезінде тұрмыстық жанасу арқылы, урогенитальдық хламидиоз және жыныстық лимфагранулема кезінде жыныстық, трансплацентарлық жол арқылы беріледі.
Клиникалық көріністері Ең күшті вируленттілікке орнитоз қоздырғыштары Сhlamydia psittaci ие. Себебі қоздырғыштың бұл түрі иесінің жасушасына кең спектрлі торпизмге ие, сондықтан аурудың бұл түрі генерализациялануға жақын болады. Инкубациялық кезеңі 6-17 тәулік созылады. Ауру жиі ауыр пневмония түрінде өтеді. Кейде патологиялық процеске жүрек-тамыр жүйесі, бауыр, көкбауыр, серозды менингит қосылуы мүмкін. Инфекцияның жедел және созылмалы түрлері болуы мүмкін. Аурудың бұл түрі ауыл тұрғындарының арасында жиі кездеседі, кәсіби ауруларға жатады. Сhlamydia pneumoniae – жедел, созылмалы бронхит пен өкпе қабынуын жиі қоздырады. Адам ағзасына хламидиялар жоғары тыныс алу жолдары арқылы түседі. Қоздырғыштар тыныс алу жолдарының эпителиіне жоғары тропизмділік қасиетке ие, сондықтан қабыну үрдісіне әкеледі (фарингит, бронхит, синусит, пневмония). Өкпе тінінің ішінде көбею нәтижесінде хламидиялар осы жасушаларды жояды, өкпенің ауыр түрде дамитын қабынуына әкеледі. Ыдыраған жасушалардың улы өнімдері әртүрлі ағзалар мен жүйелерде көптеген өзгерістер тудырады. Хламидиялар басқа микробтармен (микоплазма, легионеллалар, вирустар) тудыратын атиптік пневмониядан клиникалық белгілері бойынша айырмашылығы жоқ. Респираторлы хламидиоз белгісіз, субклиникалық түрде өтуі мүмкін. Chlamydia traсhomatis - адамның зәр-жыныс жүйесінің, көздің, тыныс жолдарының ауруларының қоздырғыштары. Ауру – көз конъюнктивасы мен мүйізді қабатының эпителиялы жасушасын зақымдап, терең жатқан тіндерді де қамтиды, яғни бөсір(трахома) ауруын қоздырады. Жасырын кезеңі 7-14 күн. Әдетте екі көз де зақымдалады. Аурудың басында көзде бөтен дененің болуы және көздің ашуы сезіледі. Жедел басталуы да мүмкін: жарықтан сескену, шырышты-іріңді бөліну. Конъюнктивит және кератоконъюнктивит дамиды, олар тіліну және тыртықтану нәтижесінде көздің ағы және соқырлыққа әкеледі.
Chlamidia trachomatisтің репликартивті кезеңдері
|
Chlamidia trachomatis шақыратын урогенитальды хламидиоздың клиникалық белгідері.1-қөз; 2-жатыр мойны; 3-ер адамдардың уретрасы |
|
|
1
|
|
2 |
3
|
|
8.6.сурет http://go.mail.ru/search?q=урогенитальный хламидиоз |
||
Урогениталды хламидиоз - антропонозды инфекция. Жұқпа көзі – науқас адамдар және ауру ағымы жасырын өтеді. Таралу механизмі – жыныстық қатынас жолы арқылы, кейде тұрмыстық–қатынас жолымен де жұғуы мүмкін (бассейндерде шомылғанда хламидиялар конъюнктиваға енеді). Науқастанған ананың жүктілік кезінде хламидиялар ұрықты зақымдауы мүмкін. Жасырын кезеңі 7-14 күн. Шырышты қабаттарда бөлінді шығу, қышыну, қызару белгілері пайда болады. Ауру жиі созылмалы түрге ауысады. Венерологиялық лимфогранулеманың – жұқпа көзі науқас адам. Зақымдану көбінесе жыныс жолы арқылы, сирек жағдайда тұрмыстық-қатынас жолы арқылы атқарылады. Кіріу қақпасы – жыныс мүшелерінің шырышты қабығы. Жасырын кезеңі – 30 күнге дейін. Жыныс мүшелерінде папулалар, ойық жаралар пайда болады. Аймақтық лимфа түйіндер ісінеді.Аурудың кез-келген түрінен кейін тұрақсыз иммунитет қалыптасады.
Микробиологиялық диагноз қою. Микробиологиялық диагноз қою. Хламидияларды зақымдалған жасушалар ішінен қосындылар түрінде немесе жасушадан тыс элементарлық немесе ретикулярлық денешіктер түрінде бөліп алуға болады. Клиникалық көрінісінің әр түрлі болуы хламидиоздарға диагноз қоюды қиындата түседі. Хламидиялық инфекцияларды анықтауда негізгі орынды зертханалық диагноз қою әдістері алады.
Хламидиоздар кезіндегі зертханалық диагноз қою тікелей зерттеуден (қоздырғышты немесе оның агенттерін табу) және серологиялық (хламидияларға қарсы антиденелерді табу) әдістен тұрады.
8.1.кесте Хламидиялық инфекцияларға зертханалық диагноз қою. |
||
Әдістері |
Мақсаты |
Тесттер |
Микроскопиялық |
Қоздырғыштың морфологиялық құрылымдарын анықтау |
Жағындыларды Романовкий-Гимзе және т.б. әдістермен бояу |
Дақылдық |
Қоздырғышты табу |
Жасушалық дақылдар, тауық эмбриондары, зертханалық жануарлар |
Иммунологиялық |
Қоздырғыштың АГ, АД анықтау |
ИФР, ЖИФР, ИФТ, КБР және т.б. |
Молекулалық-биологиялық |
ДНҚ-ын анықтау. |
Гибридизациялау, амплификациялық тест- жүйелер |
Қазіргі кезге дейін микроскопиялық әдіс ең кеңінен таралған әдіс болып келді, хламидиялар түзетін цитоплазматикалық қосындыларды анықтауға негізделген. Қырынды препараттарды Романовский-Гимзе әдісімен бояп, хламидиялар түзетін цитоплазматикалық қосындыларды табу, хламидиоз диагнозын қоюдың классикалық әдісі болып табылады. Цитоплазматикалық қосындылар ядроның қасында жиі орналасып, көбінесе оны жасушаның шетіне қарай ығыстырады, пішіні әр түрлі болып келеді – кейде дөңгелек, ал кей жағдайда сопақшалау болады. ЭД қызғылт-күлгін түске, РД көгілдір-күлгін түске боялады. Әдісті орындау қиын емес, бірақ та псевдоқосындыларды (жасуша құрылымдары мен бактериялар) нағыз қосындылармен шатастырып алуға болатындығын ұмытпау қажет. Әдіс сезімталдылығы конъюктивит кезінде 30-60%; урогенитальдық хламидиоздар кезінде 20-30% болады. Препаратты қарап шығуға 30-40 минут қажет. Люголь ерітіндісімен бояу әдісі ең қарапайым болып келеді. Бұл әдіспен бояғанда жасуша сары түске боялып, қосындылар қызғыш-қоңыр түске боялады. Әдіс сезімталдығы өте төмен, тек қана C. traсhomatis қосындыларын анықтауда қолданылады. Иммунологиялық әдіс клиникалық зерттеу заттарында хламидияларды анықтау үшін кеңінен қолданылады. Құрамына флюоросценттік заттар қосылған, иммунды реагенттер қолданатын иммунохимиялық әдістер жиынтығы – ИФР болып табылады. Әдістің тиімді жақтары: жоғары дәлділігі мен жылдам орындалуы, қоздырғышты бірден зерттеу затынан табу, спецификалық емес жарық бөлуін бағалау мүмкіндігі. ИФР кемшіліктері: міндетті түрде флюоросценттік микроскоптың болуы, нәтижелерді субективті интерпретациялауы, көп мөлшердегі сынамаларды өңдеудің қиындығы.
Хламидияларға қарсы антиденелерді табуға негізделген әдістерді урогенитальдық жолдардың, жаңа туылған нәрестелердің ауыр қабыну үрдістері болған жағдайда немесе аралас инфекциялар кезінде арасында хламидиялар бар екендігін дәлелдеу керек болған жағдайларда қолданады.
Экспресс әдіс. Иммунохромотографиялық әдістер қолданылады. Талдау 10-30 минут ішінде нәтиже береді. Бірақ күнделікті қолданылып жүрген тест-жүйелеріне қарағанда экспресс әдістің сезімталдылығы мен спецификалылығы төмен. Молекулалық-биологиялық әдістер. Соңғы кездері хламидиялардың ДНҚ-ын анықтауға бағытталған спот-гибридизация, сэндвич-гибридизация, in situ гибридизациялау әдістері қолданылып жүр. Әдіс сезімталдылығы мен спецификалылығы 80-100%. Бұл әдіс басқа әдістермен анықталмайтын хламидияларды табуда өте тиімді. Бұл әдістердің кемшілігі тек қана арнайы құрал-жабдықпен жүргізу қажет және қажетті заттарының қымбаттылығы болып табылады.
Инфекцияларды емдеуі мен алдын алуы. Хламидиялық инфекцияларды оптимальды және түбегейлі емдеу әдістері соңына дейін зерттеліп жасалынбаған. Брақ ауруды созылмалы және ауыр түріне өткізіп алмай, ғылыми негізделген емдеу шараларын дер кезінде бастау, оң нәтиже беретіндігі дәлелденген. Ал созылмалы және ауыр күйіне өтіп кеткен түрлерін емдеп, жазу өте қиын мәселе. Урогенитальды хламидиозды емдеудің бірден-бір есебі – ол науқаспен қатар оның жыныстық қарым қатынастағы серігін де емдеу қажеттілігі. Жеке емдеу бағдарламасын жасаған кезде науқасты кешенді түрде емдеумен бірге зақымдалған, яғни қоздырғыш локализацияланған ағзаларды да емдеп отыруды ұмытпаған жөн. Сонымен қатар емдеуді жүргізу барысында хламидиялардың даму айналымында екі кезең болатындығын да ескерген дұрыс: ол- инфекциондық кезең (ЭД), бұл кезде хламидиялар антибиотиктерге резистентті болып келеді; инфекциондық емес, вегетативтік кезең (РД), бұл кезде хламидиялар антибиотиктерге сезімтал болады. Антибиотиктерді дұрыс қолданбаған немесе пенициллин қатарына жататын антибиотиктерді қолданған кезде L-тәрізді хламидиялар пайда болуы мүмкін. Антибиотиктердің ішінде хламидиялар тетрациклин қатарына және макролидтерге жататын антибиотиктерге сезімталдылығы анықталған. Арнайы алдын алуы жоқ. Бейспецификалық алдын алу шаралары тұрғындар арасында санитарлық-гигиеналық мәдениетін жоғарылатуға, қауіпсіз жыныстық қарым-қатынастарды насихаттауға бағытталған.
