- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
Медициналық мекеменің микробиологиялық зертханасында жұқпалы аурудың қоздырғыштарымен жұмыс iстеген соң, оның жұғып кетуiнен сақтану үшiн қатаң түрде iшкi тәртiптi сақтау керек.
Лабораторияға жұмыс iстеуге кiргенде мiндеттi түрде халат, бас киім, аяқ-киiм ауыстыру керек.
Лабораторияда темекi шегуге, тамақ iшуге тыйым салынады.
Жұмыс орны тәртiпке сай жинақты болуы қажет, қызметкерлердің артық заттары арнайы бөлмеде сақталуы қажет.
Абайсызда залалданған материалды тыңғылықты түрде дизенфекциялайтын ертіндімен өңдеу керек.
Қолданылған (пипетка, зат айнасын, шпательдердi, мақта тампоны) дезинфекциялы ерiтiндiге салу керек. Пинцет, бактериальдық iлмектi, инелердi отқа ұстап залалсыздандырады.
Микробты материал, залалданған жануарлар мәйiтi, қолданылған дақылдардың барлығын залалсыздандыруға тапсыру керек.
Микроорганизмдер дақылы арнайы инструкция бойынша сақталу керек. Патогендi микроорганизмдер арнайы журналға тiркелу керек.
Жұмыс аяқталғаннан кейiн қолды сабынмен жуып, қажеттi жағдайда дезинфекциялы ерiтiндiмен шаю керек.
Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
Дәрігердің жұқпалы ауруларға дұрыс микробиологиялық диагноз қою, науқасқа алдын ала қойылған диагнозына, аурудың кезеңіне байланысты зерттеуге арналған материалды дұрыс таңдап алып және оны тасымалдауына тәуелді.
Аурудың кезеңіне байланысты микроорганизмдер жұтқыншақта, мұрын қуысында, лимфа түйініндерінде, қанда, ішекте болуы мүмкін және қоршаған ортаға қақырық, зәр, нәжіс арқылы бөлінуі мүмкін.
Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі, мына шарттарды талап етеді;
Материалды ХТП немесе антибиотиктерді қолданғанға дейін алу керек (егер қолданған болса оны ескеру керек).
Материалды стерильді құрал - саймандармен санитарлық ережені сақтаған жағдайда алуы керек.
Материалды жинайтын ыдыс стерильді болуы тиіс (ескерту: ыдыста дезинфектанттардың ізі де болмауы тиіс).
Зерттеуге арналған материалды жеткілікті мөлшерде алу керек.
Мүмкіншілігінше материалды тез арада лабораторияға жекізу керек. Зерттеуге арналған материалдың түріне (микроорганизмнің тобына) байланысты белгілі температураны сақтай отырып, арнайы тасымалдайтын (контейнермен) ыдыспен, кейде арнайы көлікпен лабораторияға жеткізілуі тиіс.
Зерттеуге арналған материалмен бірге міндетті түрде материалды жіберуші, толық дұрыстап толтырған жолдама жіберуі тиіс (жіберуші жолдамада науқастың аты жөні, жасы, мекен-жайы, зерттеуге арналған материалдың аты, науқастың жұмыс орны, алынған күні мен уақыты, науқастың алғашқы клиникалық диагнозын жазып, өзінің қолын қоюы тиіс.
1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
Микробиологиялық зертханаға алып келінген материалды дұрыс зерттеп, анық диагноз қою үшін зерттеуге арналған материалдың түрін (зерттеу барысында материалдың алынған жерін ескеру керек, себебі таза яғни стерильді сұйықтықтардан (қан, плевралық сұйықтық, жұлын сұйықтығы) микроорганизмдер анықталса, ол ауруды білдіреді. Ал қақырықта, нәжісте, жұтқыншақта, тері және шырышты қабаттың бетінде шартты-патогенді микроорганизмдер болғандықтан оны патогенді микроорганизмдерден ажырата білу тиіс), науқастың алғашқы клиникалық диагнозын ескере отырып келесі 4 тәсілдер қолданылады;
Микроскопиялық - (бактериоскопиялық, вирусоскопиялық)
Микробиологиялық - (бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық, протозоологиялық).
Биологиялық (биосынақ).
Иммунологиялық - (тері-аллергиялық, серологиялық).
Айтылған әдістер бір-бірінен зерттеу уақытының ұзақтығымен, сезімталдылығымен, ақпараттылығымен ажыратылады.
Микробиологиялық - дагностикалық тәсілдерінің ақпараттылықтары, артықшылықтары мен кемшіліктері.
М и к р о с к о п и я л ы қ т ә с і л - Зерттелінетін материалдан жұғынды дайындап, оны бояп, немесе боямай /нативті тірідей микроскоп арқылы көріп, микроорганизмнің морфологиялық және тинкториальдық қасиеттерін анықтауға негізделген. Вирустарды электронды микроскоппен көреді.
Бұл тәсілдің артықшылығы: зерттеу небары 30-60 минутты талап етеді. Егер иммунофлюоресценттік зерртеу тәсілін (ИФА) қолданса микроскопиялық тәсілдің нәтижесінің дәлдігі жоғарлай түседі. Жарық микроскоп арқылы тек туберкулезге, созға және көбінесе микоздар мен қарапайымдылар шақырған ауруларда микроскопиялық тәсіл жеткілікті, микроскоп арқылы қарапайымдылар мен кейбір микоздарды идентификация жасауға мүмкіншілік бар. Кемшілігі: диагноз қою үшін микроорганизмдер туралы ақпараттың кемдігі.
М и к р о б и о л о г и я л ы қ т ә с і л - (бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық, протозоологиялық) - өте тиімді, ақпараттылығы өте жоғары тәсіл, микроорганизмнің таза дақылын бөліп алып, оның морфологиялық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттеріне байланысты идентификациялауға (талдауға) негізделінген. Бұл әдісте микроорганизмнің таза дақылын бөліп алып, лабораториялық жануарлар арқылы (in vivo), немесе арнайы қоректік орталар арқылы оның патогенділігін - токсин түзілуін (in vivo), сонымен қатар антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға және фаготиптеуге болады. Микробиологиялық зерттеу тәсілінің көмегімен бактерия тасымалдаушыларды анықтауға болады. Артықшылығы: микроорганизмдерді толық ажыратып анықтап, антибиотиктерге сезімталдығын бағалайды. Кемшілігі: жұмысы ұзақ уақытты талап етеді, қаржы көп жұмсалады.
Б и о л о г и я л ы қ т ә с і л ( б и о с ы н а қ ) - сезімтал лабораториялық жануарлардың ағзасын вирустарды және риккетсиялар мен хламидияларды дақылдап, микроорганизмдердің вируленттілігін анықтауға негізделген. Ол үшін жануарлардың жасын, салмағын, түрін ескере отырып, оларды микробтың таза дақылымен немесе алынған зерттелінетін материалдың өзімен залалдайды.
Артықшылығы: бұл тәсілде, жасанды қоректік ортада өспейтін патогенді микроорганизмнің таза дақылын бөліп алуға және оның патогенділік және вируленттілік дәрежесін анықтауға болады. Кемшілігі: микроорганизмнің морфологиялық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттерін және антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға болмайды. Яғни ақпараттың кемдігінен.
И м м у н о л о г и я л ы қ тәсіл (тері-аллергиялық, серологиялық) - серологиялық диагностикасы және жасушалық (Т-жүйесі) және гуморальдық (В-жүйесі) иммунитетке баға беру тәсілдері және тері-аллергиялық сынақ (диагностика) жатады. Серологиялық диагностикада науқас адамның қан сарысуында арнайы антиденелердің түзілуі мен ауру барысында жиналуын бағалап белгілі антигендер арқылы белгісіз антиденелерді анықтауға немесе белгілі антиденелер арқылы белгісіз антигендерді анықтауға негізделінген. Серологиялық зерттеу әдісі вирусты ауруларға диагноз қоюда кең қолданады. Сонымен қатар вирустың таза дақылын бөліп алудың қиындығына байланысты серологиялық зерттеу әдісін қолдану қолайлы және эпидемиологиялық анализде жұқпалы ауруларды анықтауда маңызы өте зор. Тері-аллергиялық сынақ кейбір жұқпалы ауруларды (туберкулез, бруцеллез, туляремия) анықтау барысында және ағзаның антигендерге жоғары сезімталдығын анықтау мақсатында қолданады. Микробиологиялық және иммунологиялық зерттеулердің нәтижесі аурудың кезеңіне тығыз байланысты. Артықшылығы: бұл тәсіл диагноз қоюдағы жоғары нақтылықпен ерекшелінеді. Кемшілігі: Микроорганизмнің морфологиялық, дақылдық, биохимиялық, антигендік қасиеттерін және антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға болмайды.
Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу нәтижелерін бағалау. Диагноз қоюда аурудың қоздырғышы болып табылатын патогенді микроорганизмдерді шартты-патогенді микроорганизмдерден ажыратып анықтау негізгі орын алады. Патологияда шартты-патогенді микроорганизмдерді бағалау үшін келесі критериилер қолданылады.
Қалыпты жағдайда сау адам ағзасының стерильді болып келетін сұйықтықтарынан микроорганизмдердің бөлінбеуі.
Зерттеуге арналған материалда, әсіресе дисбактериоз кезінде, шартты-патогенді микроорганизмдердің өте көп бөлінуі.
Науқастан алынған материалдан бір түрге жататын микроорганизмдердін қайта-қайта бөлінуі.
Әртүрлі материалдан ұқсас шартты-патогенді микроорганизмдердін бөлінуі.
Белгілі бір процесстің қоздырғышы болып есептелетін микроорганизмдердін шартты-патогенді микроорганизмдермен салыстырғанда жұп қан сарысуында антидененің титрінің еселеп өсуі.
Шартты-патогенді микроорганизмдермен жасалған аллергендерге науқаста тері-аллергиялық сынақтың оң болуы.
Госпитальды жұқпа кезінде науқастан алынған материалдардан ұқсас микроорганизмдердің дақылының бөлінуі.
Науқастың жалпы жағдайының жақсаруымен микроағзаның өлімімен немесе сандық азайуымен дәлелденген және клиникалық жағдайда жүргізілген антибактериальды терапияның эффективтілігі мен лабораториялық зерттеу нәтижесінде анықталған микроорганизмнің антибиотиктерге сезімталдығының сайма-сай келуі.
Тесттер
1. Микробиологиялық зертханада ... зерттеулер ЖҮРГІЗІЛМЕЙДІ.
химиялық
бактериологиялық
вирусологиялық
иммунологиялық
протозоологиялық
2.Аса қауіпті инфекциялардың диагностикасын ... зертханаларында жүргізеді.
клиникалық
арнайы режимді
химиялық
физикалық
МСЭҚД
3.Микологиялық зертханаларда патогенді ... туғызатын микоз ауруларының
диагностикасы жүргізіледі.
саңырауқұлақтар
қарапайымдылар
бактериялар
вирустар
риккетсиялар
4. Булы қысыммен стерильдеу үшін ... қолданылады.
Пастер пеші
Кох аппараты
су моншасы
центрифуга
автоклав
5. Пастер пешінде ... стерильдейді.
шыны ыдыстарды
резинкалық бұйымдарды
физиологиялық ерітінділерді
қоректік орталарды
синтетикалық бұйымдарды
6. Автоклавты ағымды бумен стерильдеу мақсатында автоклавтың қақпағын
ашық күйде қалдырып қолданылатын қондырғыны ... деп атайды.
Кох аппараты
термостат
Пастер пеші
су моншасы
центрифуга
Температураны бiр қалыпта сақтайтын, микроорганизмдерді өсіру үшін қолданатын қондырғыны ... деп атайды.
термостат
Кох аппараты
Пастер пеші
су моншасы
центрифуга
Анаэробты микроорганизмдерді оттегісіз жағдайда өсiретiн қондырғыны
... деп атайды.
Кох аппараты
микроанаэростат
Пастер пеші
су моншасы
центрифуга
Микроорганизмдердің дақылын, қоректiк орталарды, қанды, вакциналарды, сарысуларды т.б. бұзылатын биологиялық активтi препараттарды ... сақтайды.
микроанаэростатта
Кох аппаратында
Пастер пешінде
тоңазытқыштта
автоклавта
Сұйықтықтардағы микроорганизмдерді, эритроциттерді және басқа жасушаларды тұндыруға және біртекті емес сұйықтықтарды бөлектеуге арналған қондырғыны ... деп атайды.
центрифуга
термостат
Кох аппараты
Пастер пеші
су моншасы
11.Микробиологиялық зерттеулер ... тәсілден тұрады
10
1
4
15
8
12.Зерттелінетін материалдан жұғынды дайындап, микроорганизмнің морфологиялық және тинкториальдық қасиеттерін ... тәсілінде анықтайды.
микроскопиялық
микробиологиялық
биологиялық
иммунологиялық
серологиялық
Микроскопиялық тәсіл арқылы ... анықтауға болады.
туберкулезді
эшерихиозды
шигеллезді
салмонеллезді
туляремияны
Бактерия ультрақұрылымын зерттеу үшін ... микроскоп қолданылады.
электронды
күнгірт-жазықтық
фазалы-контрасты
люминицентті
иммерсионды
Зертханалық ыдыстарды, резинке және тағы басқалар залалсыздандыру
әдісіне ... жатады.
қайнату
пастеризация
автоклавтау
тиндализация
фильтрлеу
Вирустарды ... микроскоппен зерттейді.
жарықтық
фазалы-контрасты
электронды
люминесцентті
күңгірт жазықтық
Микроорганизмнің таза дақылын бөліп алып, оны идентификациялау
үшін ... тәсілін қолданады.
микробиологиялық
микроскопиялық
биологиялық
иммунологиялық
серологиялық
Антибиотиктарге сезімталдықты анықтау үшін ... тәсілін қолданады.
микробиологиялық
микроскопиялық
биологиялық
иммунологиялық
серологиялық
Сезімтал лабораториялық жануарлардың ағзасын вирустарды және риккетсиялар мен хламидияларды дақылдап, микроорганизмдердің вируленттілігін анықтау үшін ... тәсілін қолданады.
микробиологиялық
микроскопиялық
иммунологиялық
биологиялық
серологиялық
2 БӨЛІМ
Медициналық бактериология
Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары.
Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары өте көп тарағандардың санына жатады. Бұлармен жылда миллиондаған адамдар ауырады. Себептерінің бірі қоздырғыштардың көп көлемде болуы. Коктар көбінесе адамдарда және жануарларда іріңді және серозды- іріңді қабынуларды туғызуға қабілетті, көптеген патогенді және шартты патогенді бактерияларға ие бола алады.
Екінші орында грам теріс факультативті анаэробты бактериялардан тұрады: Escherichia, Proteus, Klebsiella, Pseudomonas және т.б. Сонымен қатар Bacteroidaceae (Bacteroides және Fusobacterium) тұқымдастығынан спора түзбейтін қатаң анаэробтардан тұрады. Тұқымдастығы грам оң коктарға Micrococcacеae (Staphilococcus туыстастығы) және Streptococcaceae (Streptococcus туыстастығы), грамтеріске Neisseriaceae жатады.
Коктар – үлкен топқа кіретін, шар тәріздес микроорганизмдерге жатады. Коктарға стафилококтар, стрептококтар, энтерококтар, пневмококтар, пептококтар, пептострептококтар, нейссериялар, вейлонеллалар т.б. Коктар грам оң және грам теріс болып келеді. Тыныс алу түріне қарай: аэробты, микроаэрофильді факультативті аэробты, облигатты аэробты коктар болып бөлінеді. Коктар морфологиялық және ауру қоздыру қасиеттеріне байланысты бір-біріне ұқсас болып келеді .
Аталған коктар іріңді қабыну процессін қоздырады. Іріңді-қабыну аурулары- хирургиялық аурулардың 35-40%, әр 3/1 ауру іріңді қабыну процессімен ауырады. Іріңді қабыну процессі тек қана хирургиялық, акушер-гиникологиялық, отолорингологиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық ауруханаларда кездеседі.
Әдеби мәліметтерге сүйенсек 25-50% іріңді қабыну процессін коктар қоздырады.
