- •0.1.Кесте
- •Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
- •Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері.
- •Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдауы.
- •1.4.Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.
- •2.1.Грам оң коктар
- •2.1.1. Стафилококтар
- •Стрептококтар
- •2.1.2.2. Пневмококтар.
- •2.1.3.Энтерококтар.
- •2.1.4.Микрококтар.
- •2.1.5.Пептококтар
- •2.1.6.Пептострептококтар (Peptostreptococcus туыстастығы)
- •2.2. Грам теріс коктар. Нейссериялар
- •2.2.1. Менингококтар
- •2.2.2. Гонококтар
- •2.2.3.Моракселлалар Moraxella және Branhamella туыстасастылары
- •2.2.4.Вейлонеллалар
- •2.3. Грам теріс таяқшалар
- •2.3.1 Протейлер
- •2.3.2 Клебсиеллалар
- •2.3.3. Псевдомонадалар – (Pseudomonas туыстығы)
- •3.1.Сiреспе клостридиясы
- •3.2.Газды гангрена
- •3.3.Ботулизм
- •Iшек инфекцияларының қоздырғыштары. Эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллалар. Тағам токсикоинфекциялары. Тырысқақ.
- •4.1.Ішек таяқшалары
- •4.2.Шигеллалар
- •4.3.Сальмонеллалар
- •4.3.2. Сальмонеллез
- •4.4.Тағам токсикоинфекциялары
- •Хеликобактериоз
- •4.6.Иерсиниоз
- •5.2. Туляремия қоздырғышы
- •5.3.Бруцеллез (сарып) қоздырғыштары.
- •5.4. Сібір күйдіргісі (Bacillus туыстастығы)
- •6.1. Коринебактериялар.
- •6.2.Бордетеллалар (Bordеtella туыстығы ).
- •6.3.Микобактериялар
- •6.3.1.Туберкулез қоздырғыштары
- •6.3.2.Алапес (лепра) қоздырғышы (Mycobacterium leprae)
- •7.1.Трепонемалар (Treponema туыстығы)
- •7.1.1.Мерез. Бозғылт трепонема.
- •7.2.Боррелиялар. Боррелиоздар.
- •7.2.1.Эпидемиялық қайталама сүзек
- •7.2.2.Эндемиялық қайталама сүзек (кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).
- •7.2.3.Иксод кене боррелиозы - Лайм ауруының тобындағы аурулар
- •8.1.Риккетсиялар
- •8.1.1.Бөртпе сүзек тобына жататын риккетсиялар.
- •8.1.2.Эндемиялық (бүргелік) бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •8.1.3.Солтүстік азиялық кенелік бөртпе сүзегі
- •8.1.4.Марселдік қызбаның қоздырғышы.
- •8.1.5.Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы
- •8.1.6.Коксиеллалар (Ку– қызбаның қоздырғышы)
- •8.2.Хламидиялар. Хламидиоздар.
- •8.3.Микоплазмалар. Микоплазмоздар. ( Mycoplasma)
- •9.1.Тамыраяқтылар /саркодалылар/ .
- •9.1.1. Дизентерия амебасы
- •9.1.2. Ауыз амебасы
- •9.1.3. Ішек амебасы
- •9.2.Талшықтылар.
- •9.2.2.Трипаносомоз қоздырғышы
- •9.2.3.Трихомониаз қоздырғышы
- •9.2.4.Лямблиоз
- •9.3.Споровиктер классы
- •Бабезиялар
- •10.1 Саңырауқұлақтар
- •11.1. Респираторлы вирустық аурулардың қоздырғыштары.
- •11.1.1.Ортомиксовирустар (Orthomyxoviridae тұқымдастығы). Грипп
- •11.1.2.Парамиксовирустар.
- •11.1.2.1. Парагрипп
- •11.1.2.2. Қызылша қоздырғышы
- •11.1.2.3. Мысқыл (Эпидемиялық паротит) вирусы
- •11.1.2.4. Респираторлы-сенцитиальді вирусы (рсв)
- •11.1.3.Аденовирусты инфекция. (Adenoviridae тұқымдастығы)
- •11.1.4.Тогавирустар
- •11.1.4.1. Қызамық.
- •11.1.5. Коронавирустар.
- •11.1.6. Шын шешек вирусы
- •Емдеуі:Дезинтоксикациялық, вирусқа қарсы препараттар, жараның бетін қңдеге антисептиктер қолданады. Алын алуы. Вакциноапрофилактика
- •11.2. Герпес немесе ұшық вирусытары герпевирус.
- •11.2.1.Желшешек немесе үш -типтік ұшық вирусы (varicella- zoster)
- •11.2.2.Қарапайым ұшық.
- •11.2.3.Белдемелі ұшық
- •11.3. Жедел ішек вирустық аурулардың қоздырғыштары Пикорновирустар, гепатиттер.
- •11.3.1.1. Энтеровирустар ( Enterovirus туыстығы)
- •11.3.1.2.Сал (полиомиелит) вирусы (Picarnoviridae тұқымдастығы )
- •11.3.1.3. Коксаки вирустары
- •11.3.1. 4. Есно - ң вирустары
- •11.3.2. Риновирустар.
- •11.4. Гепатит вирустары
- •11.4.1. Вирустық гепатит а.
- •4.4. Вирустық гепатит е
- •11.4.5. Вирустық гепатит с
- •11. 4.6. Вирусы гепатит g
- •11. 5. Ротавирустар.
- •11.7. Ретровирустар және рабдовирустар
- •11.7.1. Адамның иммундытапшылық вирусы (аив)
- •11.8. Сүйел вирусы.
- •11.9. Рабдовирустар (Rhabdoviridae тұқымдастығы).
- •11.10.1. Конго-Қырым қанды қызбасы
- •11.10.2. Омбылық геморрагиялық қызбалар (огқ).
- •11.10.3. Сары қызба
- •11.10.4. Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба.
- •11.11. Эбола вирусы
- •11. 12. Приондар (Зардапты ақуыздар). Прионды аурулар.
- •Қорытынды
Микробиологиялық зертхананың сипаттамасы.
Микробиологиялық зертхана – бактериологиялық, вирусологиялық, иммунологиялық және басқада микробиологиялық зерттеулер жүргізетін ғылыми – тәжірибелік мекеме. Бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық және серологиялық (иммунологиялық) зертханалар мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің (МСЭҚД), диагностикалық орталықтардың және ірі ауруханалардың құрамына кіреді. МСЭҚД зертханаларында науқастардан және олармен қарым-қатынаста болған адамдардан алынған материалдардың бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық талдамалары орындалады, бактерия тасымалдаушыларды тексереді және судың, ауаның, топырақтың, тағамдық азықтардың және т.б. санитарлы микробиологиялық зерттеулері жүргізіледі. Ауруханалар мен диагностикалық орталықтардың бактериологиялық және серологиялық зертханаларында ішектік, іріңді-қабыну, респираторлы және басқа да жұқпалы аурулардың диагностикасы мақсатында зерттеулер жүргізіледі, стерилизация мен дезинфекцияға микробиологиялық бақылау жасалады. Аса қауіпті инфекциялардың (оба, туляремия, сібір күйдіргісі, тырысқақ т.б.) диагностикасын арнайы режимді зертханаларда жүргізеді. Вирусологиялық зертханаларда вирустардан (грипп, гепатит, полиомиелит және т.б.) және қайсыбір бактериялар – хламидиялар мен риккетсиялардан тарайтын (орнитоз, бөртпе сүзегі, Ку қызбасы т.б.) ауруларды диагностикалайды. Вирусологиялық зертханаларды ұйымдастыру және жабдықтау кезінде вирустармен, жасуша дақылдарымен, тауық эмбриондарымен жұмыс істеудің қатаң асептиканы талап ететін спецификасы ескеріледі. Микологиялық зертханаларда патогенді саңырауқұлақтар туғызатын микоз ауруларының диагностикасы жүргізіледі.
Тағайындалуына байланысты әрбір зертхана мемлекеттік денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен санитарлық ережелер мен нормативтік нұсқауларға және бұйрықтарға сүйене отырып жұмыс істейді.
Әрбiр зертхана бiрнеше бөлiмшелерден тұрады.
Бактерия немесе вирустың жеке тобымен жұмыс iстейтiн бокстар;
Серологиялық зерттеулерге арналған бөлмелер;
Ыдыстарды жуу-стерильдеу бөлмелері;
Қоректік орталар дайындау бөлмелері;
Тәжiрибиелiк жануарларды ұстайтын бөлме /вивариялар/;
Зерттеу материалдарын қабылдап тiркейтiн бөлім;
Киім - кешек ауыстыратын және ас қабылдайтын бөлме.
Зертхана мына құрал жабдықтармен жабдықталады: биологиялық иммерсионды микроскоп, қосымша көмекшi құралдар мен жарықтандыру, (фазалы-контрастты құрылым, күңгiрт жолақты конденсор т.б.) люминесценттi микроскоп, термостат, анаэростат, стерилизациялық қондырғылар (автоклав, Кох қондырғысы, кептiрушi шкаф), рН метрлер, дистиллятор, центрифугалар сүзгiш қондырғылар, Зейтц сүзгiші т.б. Мұздатқыш, мақта дәрiлiк тығын жасайтын құрал, құрал жабдықтар жиынтығы (iлмек шпатель, ине, пинцет, т.б.) лабораториялық ыдыстар (пробирка, колба, Петри табақшасы, флакон, ампула, пипетка т.б. Лабораторияның барлық бөлмелерi желдеткiшпен, су құбыры канализациямен және электроэнергиямен қамтамасыз етiлуi керек. Бөлме қабырғалары боялған немесе кафельдi плиткамен қапталған болуы тиіс. Үлкен лабораторияларда микроорганизмдердi көп мөлшерде қабылдау үшiн термостатты бөлмелер бар. Микробиологиялық лабораторияларда дақылды өсiру үшiн және оны сақтау үшiн лабораториялық ыдыстарды стерилизация жасау үшiн және т.б. мақсатта мынандай төмендегi қондырғылар қолданылады:
Автоклав - булы стерилизатор. Су буының қысымының көмегімен стерильдеу. Зертханалық және ауруханадағы стерильдеуді талап ететін барлық ыдыстарды, материалдар мен аспаптарды су буының қысымының көмегімен стерильдеуге арналған қондырғы.
Кох аппараты – бұл автоклавты ағымды бумен стерильдеу мақсатында автоклавтың қақпағын ашық күйде қалдырып қолданылатын қондырғы.
Термостат – бұл температураны бiр қалыпта сақтайтын, микроорганизмдерді өсіру үшін қолданатын қондырғы. Микроорганизмдердің негiзгi оптимальды көбею температурасы 37оС- ға тең.
Микроанаэростат - анаэробты микроорганизмдерді оттегісіз жағдайда өсiретiн қондырғы.
Тоңазытқыш – бұл микроорганизмдердің дақылын, қоректiк орталарды, қанды, вакциналарды, сарысуларды т.б. бұзылатын биологиялық активтi препараттарды сақтайды.
Центрифуга – сұйықтықтардағы микроорганизмдерді, эритроциттерді және басқа жасушаларды тұндыруға және біртекті емес сұйықтықтарды бөлектеуге арналған қондырғы.
Пастер пеші - құрғату-стерильдеу шкафы. Зертханалық шыны және темір ыдыстар мен аспаптарды құрғақ ауамен стерильдеуге арналған қондырғы.
