Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.5 Mб
Скачать

4.2.Шигеллалар

Бактериялық дизентерия немесе шигеллез фекальды-оральды жұғу механизмімен берілетін антропонозды, көбінесе тоқ ішекті зақымдап колит пен ағзаны интоксикацияға алып келетін, Shigella туыстығының бактериялары тудыратын жұқпалы ауру. Жұқпа көзі аурудың жедел түрімен ауыратын науқас адам, созылмалы, жасырын, субклиникалық, инаппаранттық түрімен ауыратын науқастар және бактерия тасымалдаушылар болып табылады. Бактериалды дизентерия немесе шигеллезды 1898 жылы К.Шиг толық зерттеген. Дизентерияның қоздырғыштарына Shigella туысына жататын бактериялар жатады, бұған 40-тан астам серотиптер кіреді.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Enterobacteriaceaе

Туыстастығы: Shigella

Түрлері (4):

  1. S.dysenteriae (А) – 12 серовар;

  2. S. flexneri (В) 9 серовар;

  3. S. soonei(С) 18 серовар;

  4. S.boydii (D) 1 серовар.

«Дизентерия» клиникалық түсінігі ежелгі уақыттан бері белгілі. Ауруға дизентерия атын берген Гиппократ. Осы термин арқылы «қан немесе күшенумен өтетін тышқақ» аурулары аталды. Сосын кейінірек ішектің жұқпалы ауруы ретінде қолданылады. Бірақ бұл аурудың алғашқы себебі көп уақытқа дейін белгісіз болып қалды, тек XIX ғасырдың соңында белгілі болды. Алғаш рет дизентерия қоздырғышына сипаттаманы орыс зерттеушілерімен берілді, ал 1891ж. А.В.Григорьев қоздырғышты бөліп, толық сипаттама бере отырып, науқастың нәжісімен, ішкі ағзаларынан, осы аурудан өлген науқастардан тапты. Кейінірек шетел зертеушілері ашып, осыған ұқсас бірнеше микроорганизмдер туыстығын анықтады. Шигеллездар жедел ішек инфекциялары арасында әлемде кеңінен таралған, клиникалы-эпидемиялық тұрғыдан қарағанда маңызды аурулар қатарына жатады. Қазақстан Республикасында дизентерияның жиі кездесетін қоздырғыштары Зонне және Флекснер. Таралуы жағынан жедел вирусты респираторлы инфекциядан кейін 2-ші орында, балалар және ересектер арасында жиі кездеседі, әсіресе жылдың жылы мезгілінде.

Морфологиясы. Олар қысқа, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін қозғалмайтын, грамтеріс таяқшалар. Көптеген штамдарда түктермен жыныстық кірпікшелер анықталады. Кейбір шигеллалар микрокапсулаға ие (4.2.сурет).

Дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Дизентериялық таяқшалар – факультативті анаэробтар. Олар қоректік ортаға талғампаз, 37°С-та және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік ортада жақсы өседі. Тығыз қоректік ортада домалақ, дөңес, жартылай мөлдір R және S колониялар түзеді. R–сұр, жалпақ, беттері бұдыр, шеттері тегіс емес, сұйық ортада біртегіс лайланады, S–колонияларда шеттері тегіс формасында сұйық орта мөлдір болады.

Shigella – Грам әдісімен бояп, жарық микроскоптағы көрінісі. Таза дақылы.

S. flexneri – иммунофлюоресцентті микроскоптағы көрінісі. Таза дақылы.

4.2.сурет. Шигеллалардың морфологиясы. /Компьютерная программа «Диаморф»-«Медицинская микробиология»-атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад. проф. Воробьева А.А/

.

Антигендік құрылымы. Антигендік құрылысының ерекшеліктері мен биохимиялық қасиеттеріне байланысты шигеллалар 4 түрге бөлінеді: S. dysenteriae /А серотобы/ , S. flexneri /B серотобы/, S. boydii /C серотобы/, S. sonnei /D серотобы/. Глюкоза және басқа көмірсуларды қышқылға дейін ыдыратады. (кейбір биотоптарынан басқа) лактозаны (Зонне баяу лактозаны ыдыратады) желатинді ыдыратпайды, индол түзуі тұрақсыз. Шигеллаларда әртүрлі О- және К-антигендер бөлінген.

Патогенділік факторларлары. Шигелланың торша қабырғасынан эндотоксин құрайды, ол ақуыздық – липо сахаридтік кешеннен тұрады. Термостабильді эндотоксин, яғни энтеротоксин, О-антигеніне сәйкес келеді, тәжірибелік жануарларда ішектік және тағы басқа бұзылыстар, лейкопения, температураның көтерілуі, бауырда гликогеннің және бүйрек үсті безінде аскорбин қышқылының төмендеуі, қан қоюланумен жүреді. Шигелланың төрт негізгі патогенді факторлары: адгезияға қабілеттілігі, инвазияға, токсин түзуге және клетка ішілік көбеюге қабілеттілігі бар. Осы уақытқа дейін Шига бактериясы экзотоксин, энтеро-, нейро-, цитотоксикалық белсенділігі бар токсиндер түзеді деп саналады. Қазіргі уақытта бактерия Флекснер мен Зонне осыған ұқсас токсиндерді аз мөлшерде бөлетіні дәлелденді. Барлық дизентериялық таяқшалар энтеротропты, нейротропты және пирогенді әсер беретін эндотоксинді бөледі.

Шигеллаларды 3 топқа бөлуге болады:

1. Адгезиялық және колонизациялық факторлар, оны қамтамасыз ететіндер кірпікшелер, сыртқы мембрананың ақуызы және липополисахаридтер.

2. Екінші топқа инвазия факторы жатады. Шигеллалардың энтероциттерге еніп көбеюін және цитотоксикалық, энтеротоксикалық эффект көрсетеді.

3. Эндотоксин және экзотоксин кіреді. Экзотоксиннің 2 түрі. Шига және шигатәрізді (SLT–I және SLT-II). Шигатәрізді экзотоксиндер немесе энтеротоксиндер аденилатциклазаның активтігін тежейді. Шига немесе нейротоксиндер цитотоксикалық әсер береді. Жұқпалы ошақ көбінесе тік ішекте орналасады. Процесс циклді түрде жүреді: адгезия, колонизация, энтероциттер цитоплазмасына шигелланың енуі, эпителиальды жасушаның бұзылуы мен бөлінуі, қоздырғыштың ішек қуысына шығуы. Содан кейін цикл қайта жүреді яғни, адгезия. Осының салдарынан ішек қабырғасында жара пайда болады, нәжісте қан, ірің іздері көріне бастайды. Цитотоксиндер жасушаның бұзылуына әкеледі, энтеротоксин-диареяға, эндотоксин-жалпы интоксикацияға әкеледі.

Эпидемиологиясы мен резистенттілігі. Дизентерияның инкубациялық кезеңі 2-5 тәулік. Аурудың жұғу механизмі- фекалды-оралды. Сонымен бірге тағам, су, қарым-қатынас арқылы да жұғады. Сау адам организміне қоздырғыш ауыз арқылы күнделікті тұтынатын заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, лас қолмен, ауыз су, жуылмаған жеміс-жидектер, тағамдармен бірге енеді. Сонымен қатар жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтамаудың нәтижесінде, азық-түліктер, шигеллаларды тасымалдаушы шыбындар арқылы ластанып, аурудың жұғу факторларының бірі болады. Емізулі балалар үшін жұқпа көзі анасы болып табылады, яғни дизентерияның жасырын түрімен және басқа танылмаған түрімен ауыратын күтуші адамдарда болып табылады. Бұл аурумен көбіне барлық жастағы балалар ауырады. Аурудың көбіне жазғы-күзгі мезгілде көтерілуі болады. Залалдану жолдары – фекальды –оральды жолдар. /S. flexneri – су арқылы, S. sonnei – алиментарлы жолмен. /Григорьев-Шига дизентерия қоздырғышына жоғарғы вируленттілік және төменгі жұқтыру мөлшері тән, сондықтан тиімді жұғу жолы жеке бас гигиенасын сақтамау жағдайында, тығыз тұрмыстық қатынас, жақсылап жабдықталмаған коммунальды тұрғын үй мен ошақтық дезинфекцияның болмауы. Жұқпа көзі жедел және созылмалы дизентериямен ауыратын науқастар, сонымен қатар бактерия тасымалдаушылар. Тұрмыстық заттарда: жиhаз, ыдыс-аяқ, ойыншық, есік тұтқасы және т.б. заттарда ұзақ уақыт бойы сақталады. Сыртқы қоршаған ортада бактерия Григорьев-Шига тұрақсыз, ал Зонне – Бойда тұрақты. Шигелла дезинфекциялайтын құралдар әсерімен жойылады, қайнауда – бірден, тіке күн сәулесі әсерінен – 30 минут, ультракүлгін сәуле әсерінен - 10 минутта өледі. Дизентерия қоздырғышы антибактериальды дәрілерге тұрақты, әсіресе Шигелла Зонне. Шигеллалар қоршаған ортада тұрақты, сепкен нәжісте 4-5 ай, топтарға 3-4 ай, суда 0,5-3 айға дейін сақталады. 60°С температурада 15-20 минутта өледі. Дизенфектанттарға сезімтал. Инфекцияның көзі (адам, су) тек қана адам.

Патогенезі, клиникасы және инфекциядан кейінгі иммунитеті Бактериальды дизентерияда патологиялық процесстің дамуы өте күрделі және толық зерттелмеген. Дизентерияны жұқтыру тек қана ауыз қуысы арқылы жүзеге асады. Ауыз қуысынан қоздырғыш асқазанға түседі де бір тәулік көлемінде сақталады (кейде адамда ұзақ). Лизоцим, асқорыту ферменттері, тұз қышқылы әсерінен жартылай жойылып, эндотоксин бөледі. Тірі қалған бактерия аш ішекке түседі, өттің әсерімен жартылай өледі. Қалған бактериялар аш ішікте бірнеше тәулік сақталады, тіпті көбейеді. Әрі қарай Шигелла ішектін дистальды бөліміне түсіп өсіп өнеді. Тоқ ішектің зақымдалуы жедел дизентерияның колиттік вариант симптомымен сипатталады. Бактерия өсуі кезінде әртүрлі улану өнімдерін түзеді, оның әсерінен тоқ ішектің шырышты қабаттарында қабыну дамиды. Морфологиялық өзгеріс пен жүйелік бұзылыстар пайда болады. Дизентериядағы жұқпалы процесстің дамуы шигелланың жасушаішілік инвазиясына байланысты. Шигелланың ішектің шырышты қабатымен байланысы микроорганизмнің жасуша эпителиясына енуі, бастапқыда адсорбция, одан кейін адгезия процесімен жүреді. Адгезия процессі шигелланың өзгермеген функциональды белсенді колоноциттерімен байланысуынан басталады. Бұл кезде шырышты қабаттарының жасушасы белсенді түрде микроорганизмдерді ұстап алады. Қоздырғыштың бекіген жерінде адгезия процесінен микроворсинкалардың ісінуі мен бөлінуінен кейін қабыну дамиды. Шигелланың адгезияға қабілеттілігі генетикалық қалыптасқан ірі молекулярлы плазмидтің болуы, микроорганизмнің инвазиясын бақылайды. Ішек жасушасына енген шигелла белсенді түрде көбейеді, гемолизин бөлу арқылы, фагоцитарлы вакуольды бұзып, қоздырғыштың ішек тініне таралып, қабыну процессін тереңдетеді. Сонымен қатар, шигелла цитотоксикалық энтеротоксин синтездейді, бұл қабынуды күшейтеді және ұзақ уақыт бойы ұстайды. Науқастың ауруға қарсы төзімділік факторларының жағдайы өмір салтына, тамақтануына, жасына, қосымша ауруларының болуына тығыз байланысты және ол генетикалы түрде анықталған. Науқастың қорғаныс механизмдер жүйесі қалыпты болғанда және ауруды дұрыс емдеген кезде көп жағдайлар сауығумен аяқталады. Алайда, кейбір жағдайларда жеделдеу ағымға және кейде созылмалы формаға өтуі мүмкін. Инфекциядан, секреторлы IgA корғайды, ол адгезияны алдын алып, шигеллаларды жоюға қатысады. Дизентерияда иммунитет ұзаққа созылмайды және тұрақсыз, түрлік типті, арнайы типтік болады және оның ұзақтығы 1-3 айдан 2 жылға дейін созылуы мүмкін.

Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі әдіс – бактериологиялық. Материал ретінде нәжістің іріңді-шырышты-қанды бөлігінен алынады да лактозасы бар дифференциалды – диагностикалық орталарына егеді; Эндо және Плоскирев дифференциалды – диагностикалық орталарына егіп, бөлінген колониялардан таза дақыл алып, биохимиялық және серологиялық қасиеттеріне байланысты поливалентті ма, әлде моновалентті ма екендігін анықтау үшін аглютинациялық реакция жүргіземіз. Жедел диагностика үшін қолданылатын әдіс – антидене флюросценциясы. Зонне шигелласы әртүрлі калициногенді факторлардан тұрады. Оларды индикаторлық штаммдар арқылы анықтайды. Эпидемиологиялық мақсатта колициногенотиптеу қолданылады. Шигелла Флекснер шақыратын диагностикалық титр 1:200, ал зоне шигелласы 1:100 болады.

Дизентерияны емдеу және алдын алу. Дизентерияны емдеу үшін этиотропты дәрілік заттар, нитрофуран препараттары, антибиотиктер қолданылады. Шигеллез терапиясында әртүрлi антибиотиктер қолданады. Бұзылған тұз-су алмасуын түзеу үшiн оральдi газды ерiтiндiлер қолданылады. Миробтардан дайындалған биологиялық препараттар антагонистер - бифидумбактерин, лактобактерин қолданылады.

Алдын-алу шаралары. Бала-бақшада, перзентханаларда т.б. мекемелерде санитарлық гигиеналық ереже сақтау және аурулар мен тасымалдаушыларды анықтау. Дизентериямен ауырған науқас жазылғаннан кейін диспансерлік бақылауда 1 ай болады. Ал, созылған, созылмалы түрлерінде 3 ай диспансерлік бақылауда болады. Аурудың жеңіл түрін үй жағдайында емдеуге болады. Үй жағдайындада науқастың диетаны сақтауын қадағалау, көп мөлшерде сұйықтық ішкізу, балалардың жасына сәйкес тамақтармен аз мөлшерде, жиірек тамақтандыру, емізулі балаларды ана сүтімен қамтамасыз ету, егерде жасанды тамақтанатын нәрестелер болса, оларға арнайы қышқыл сүт қоспаларын тағайындау керек. Қоспаларды тағайындау кезінде нәрестелердің дене салмағына, табиғи және жасанды тамақтануына көңіл бөлінеді. Дизентерия ауруының орташа ауыр, ауыр түрлері жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді. Ауруханада науқастарды ауруханаға түскен мерзімі мен дизентерия түрінің қай түрі екенін ескере отырып, бөлек жатқызылады. Мұндада емдік диета сақталады. Диетаны аурудың өту кезеңіне және ішектің қабыну дәрежесіне қарап, тағайындайды. Алғашқы кезде №4 диета, кейін №2 диетаға көшіріледі.

1. Науқасты оқшаулау.

2. Қарым қатынаста болған адамдарды бақылау, тексеруден өткізу,

3. Дезинфекция.

Ауру кезеңінде, жазылғанға дейін күнделікті зарарсыздандыру жүргізу, науқасты стационарға жатқызғаннан кейін немесе жазылып, стационардан шыққаннан кейін қорытынды зарарсыздандару жұмысын жүргізу. Ең бастысы жеке бас және қоршаған орта тазалығын қатаң сақтау, азық-түлікті дұрыс жинап сақтау және тазарту керек. Балалар бақшасында, мектепте, оқу орындарында, арнайы алдын-алу шараларын жүргізу. Шигелла қоздырғышын таратушы адамдар жұмысқа жіберілмейді. Арнайы дизентерияның алдын алу үшін дизентрия бактериофагын қолдану. Дизентерияның профилактикасында комплексті шаралар қолданылады. Олар – ауру адам, жұқпа ошағында, бала-бақша және асханада т.б. жерлерде санитарлы – гигиеналық режимді сақтау.

Тесттер.

1. Бактериялық дизентрияны ... шақырады.

  1. шигелла

  2. ішек таяқшасы

  3. сальмонелла

  4. вибриондар

  5. иерсиния

2. Бойд 88, Манчестер және Ньюкасл атты үш биотипі бар шигелла

    1. дизентерия шигелласы

    2. Зонне шигелласы

    3. Флекснер шигелласы

    4. Боуди шигелласы

3. Патогенділігі эндотоксиндеріне, адгезивтік қасиетіне және жасушаішілік көбейю қасиетіне байланысты болатын энтеробактериялар

  1. ішек таяқшалары

  2. В) шигеллалар

  3. С) сальмонеллалар

  4. Д) вибриондар

  5. Е) иерсиниялар

4. Ферменттейтін көмірсуларына байланысты Бойд, Манчестер, Ньюкасл биотиптеріне ... бөлінеді.

a) Shigella dysenteriae

b) Shigella flexneri

c) Shigella boydii

d) Shigella sonnei

e) Shigella sonnei және boydii

5. Спора түзбейтін, қозғалмайтын, төрт түрге бөлінетін, шеті жұмырланған грамтеріс таяқшалар:

  1. шигеллалар

  2. ішек таяқшалары

  3. сальмонеллалар

  4. вибриондар

  5. иерсиниялар

6. Диареяны шақыратын, нәтижесінде нәжісінде қан және шырыш пайда болатын энтеробактерияларға ... жатады.

  1. шигеллалар

  2. ішек таяқшасы

  3. сларальмонелла

  4. вибриондар

  5. иерсиниялар

7. Тоқ ішектің эпителиінде тропизмге ие және көбею кезінде ... ойық жара түзеді.

  1. шигеллалар

  2. ішек таяқшалары

  3. сальмонеллалар

  4. вибриондар

  5. иерсиниялар

8. Халықаралық жіктеме бойынша маннитті ферменттейтін, бір-біріне серологиялық ұқсастыққа ... ие.

a) Shigella flexneri

b) Shigella dysenteriae

c) Shigella boydii

d) Shigella sonnei

e) Shigella sonnei және boydii

9. Маннитті ферменттемейтін шигелла

  1. Боуди шигелласы

  2. Зонне шигелласы

  3. Флекснер шигелласы

  4. дизентерия шигелласы

10. Көбінесе тоқ ішектің зақымдалуымен өтетін бактериальді дизентерия қоздырғышы

  1. ішек таяқшасы

  2. шигелла

  3. сальмонелла

  4. вибрион

  5. иерсиния

11. Патогенділігі эндотоксиндеріне, адгезивтік қасиетіне және жасушаішілік көбейю қасиетіне байланысты болатын энтеробактериялар

  1. А) ішек таяқшалары

  2. В) шигеллалар

  3. С) сальмонеллалар

  4. Д) вибриондар

  5. Е) иерсиниялар