Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиническая патофизиология 2010.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.39 Mб
Скачать

Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері

Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі мына белгілермен әйгіленеді:

● жүрек қуыстарында қанның қалдық көлемі мен қысымы көтерілуден оның қуыстары кеңиді, көлемі ұлғаяды;

● жүректің соққылық және минөттік қан көлемдері азаяды, қанайналым жылдамдығы 2-4 есе баяулайды, көктамырларда қан қысымы көтеріледі;

● артериялық қан қысымы төмендейді; бірақ ол жүректен тыс реттелу тетіктерімен теңгеріліп тұруы мүмкін;

● симпатикалық жүйкелер қозып, тахикардия дамиды;

● ағзалар мен тіндерде микроциркуляция бұзылудан қанайналымдық гипоксия дамып, ентік пайда болады, тері мен шырышты қабықтарда көгілдірленуі (цианоз) байқалады;

● қылтамырлардың іштерінде қан қысымы көтерілуден және ренин-ангиотензин-әлдостерон-вазопрессин жүйесі әсерленуден дене мүшелерінің ісінуі болады. Төсек тартып жатқан науқастардың астыңғы жақтарында, артынан бүкіл денеде тері асты торшаларын қамтитын ісінулер (анасарка) пайда болады. Сонымен қатар, сұйықтар организмнің сірі қуыстарында жиналады (гидроторакс, гидроперикардиум, іш шемені). Бауырдың ісінуінен артынан бауырдың салдарлық циррозы дамиды.

- сызбанұсқа

Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігінің патогенезі

Жүректің насостық қызметі төмендеуі

Оңжақ жүрекше мен қуыс веналардың қанға артық толуы

Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты артуы

Гиперкатехоламинемия

Гиперкортикостероидемия

Шеткері тамырлардың жиырылуы

Ангиотензинге ауыстыратын ферменттің белсенділігі артуы

Бүйрек ишемиясы

Ренин түзілуі артуы

Ангиотензиноген

Ангиотензин I

Ангиотензин II

Әлдостерон түзілуі артуы

Фибробластардың өсіп-өнуі

Қанда натрий көбеюі

Кардиосклероз дамуы

Антидиурездік гормон түзілуі

Судың несептен қанға сіңірілуі

Айналымдағы қан көлемі көбеюі

Миогендік дилятация

Жүрек қуыстарының диастола кезінде қанға артық толуы

Жүрек шығарымының үдемелі азаюы

Тіндерде қан ағуы баяулауы

Қан көктамырлар мен қылтамырларда іркілуі

Ісіну

Гипоксия, ацидоз

А Ағзалардың қызметтері бұзылуы ғза қызметтерінің бұзылуы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (жқсж) емдеу шаралары

ЖҚСЖ-ін емдеу шараларының негізінде симпатикалық жүйке жүйесі мен ренин-ангиотензин жүйелерінің артық белсенділігін азайту жатады. Организмде су мен тұздардың жиналуын шектеу үшін оларды сусынмен, тағаммен пайдалануды азайту қажет. Сонымен бірге зәрайдатқыларды пайдаланып организмнен артық сұйықты шығару арқылы денедегі қанның көлемін азайту маңызды. Осы мақсатта гипотиазид, фуросемид, урегит (этакрин қышқылы) т.б. зәрайдатқылар қолданылады. Организмде натрийдің мөлшерін азайту үшін әлдостеронның тежегіштерін (спиронолактон т.с.с.) пайдалануға болады. Осылармен бірге, шеткері қан тамырларын кеңейтетін нитраттарды (динитрат изосорбиді, мононитрат изосорбиді) қолданып, жүрекке келетін қан көлемін азайту арқылы оның атқаратын жұмысын жеңілдету қажет. Жүрек қызметін әлдендіретін дигитоксин, дигоксин, метилдигоксин т.б. пайдаланылады. Бірақ бүл келтірілген шаралар ЖҚСЖ-нің ары қарай дамуын тоқтатпайды. Оны тоқтату бета-адрено-рецепторлардың тежегіштерін (бисопролол, карведилол, метапролол т.б.), ангиотензинге ауыстыратын ферменттің тежегіштерін (капотен, лизикоприл, эналаприл т.б.), қабыну туындататын цитокиндердің тежегіштерін қолдану қажет.

Ангиотензинге ауыстыратын ферменттің тежегіштері жүректің қызметіне қолайлы ықпал етеді, коронарлық қанайналымды жақсартады, аритмия дамуына қарсы әсер етеді. Ангиотензин II рецепторларын тежейтін валсартан, лозартан т.б. қолдануға болады.

Кардиогендік өкпе ісінуін емдеу үшін солжақ жүрекше қуысында жоғары қысымды төмендету маңызды. Осы мақсатта жүрекке келетін қан көлемін азайтатын тәсілдер қолданылады. Ол үшін Ослер деген ғалым науқастың аяқ-қоларына бұрау салуды алғаш ұсынды. Науқастың басы мен кеуде жағы жоғары көтеріліп, жартылай отырған жағдайда жатуы да жүрекке келетін қан көлемін азайтады.

Жүректің жиырылу күшін арттырып шеткері қан тамырларын кеңітетін дәрілер (нитропруссид т.б.) көктамырларды кеңітіп, жүрекке келетін қан көлемін азайтумен қатар солжақ қарыншаның қанды айдап шығару күшін арттырады. Өйткені бұл кезде шеткері артериялар да кеңуінен қан ағуына қарсы кедергі азаяды.

Қуатты зәрайдатқыларды (фуросемид т.б.) көк тамырға енгізгенде жасушалар сыртындағы сұйық сыртқа шығарылумен қатар көктамырлардың кеңуі болады. Осыдан өкпенің майда тамырларында гидростатикалық қысым төмендейді, сұйықтың өкпе тініне сүзілуі азаяды.

Жүректі әлдендіретін дәрілер (жүрек гликозидтері, допамин, добутамин) микардтың жиырылу күшін арттырып солжақ жүрекшеде қан қысымын кемітеді.