Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиническая патофизиология 2010.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.39 Mб
Скачать

– Кесте Адамда андрогендік гормондардың әсері

Даму кезеңі

Тестостерон

Дигидротестостерон

Құрсақ ішінде даму кезеңінде

Атабез қосалқылары, ұрық шығатын өзектер мен ұрық көпіршіктерін дамытады

Жыныстық мүше, үрпі, ен және қуықасты без

дамуына ықпал етеді

Жыныстық

жетілу кезеңінде

Жыныстық мүшенің, ұрық көпіршіктерінің, бұлшықеттер мен қаңқаның және жұтқыншақтың өсуіне

ықпал етеді.

Еннің, қуықасты бездің, май бездерінің өсуін,

ерлерге тән жүн шығуын

қадағалайды.

Жыныстық

жетілген

кезеңде

Сперматогенезді

қамтамасыз етеді.

Қуықасты без сұйығы бөлінуін қамтамасыз етеді.

Фоллитропин лютропин сияқты α-және β-пептидтік тізбектерден тұратын липопротеиндерге жатады. Нысана-жасушалардың арнайы рецепторларымен байланысуы β-тізбектің қатысуымен болады. Ересек ер адамдарда фоллитропин Сертоли жасушаларының белсенділігін арнайы түрде реттейді. Ал, бұл жасушалардың қызметін бейспецификалық реттеуде көптеген ағзалар мен тіндердің жасушаларында өндірілетін инсулин тәрізді өсу факторының (ИТӨФ) маңызы зор. Сертоли жасушаларында бұл факторды қабылдайтын рецепторлар көп болады және оның әсерінен фоллитропиннің арнайы әсері қатты көтеріледі. Фоллитропин Лейдиг жасушаларының лютропинге сезімтадығын көте-реді. Сертоли жасушалары ұрық өзекшелерінің құрамына еніп оларда шәуһет өндірілу қарқынын айқындайды. Ұрық өзекшелерінің эпителий жасушалары екі түрлі жасушалар тобынан тұрады. Біріншісі қатты поляризацияланған фолликулалық (Сертоли) жасушалары, екіншісі сперматозоид өндіретін жасушалар. Сертоли жасушалары гемато-тестикулалық тосқауыл қалыптастырады. Сондықтан қан сұйығының бөлшектері ұрық өзекшелерінің саңылауына Сертоли жасушалары арқылы ғана аздап өтеді. Бұл жасушалар атабездерге өтіп кеткен және тіршілігін жоғалтқан микробтар мен бөтен текті заттарды фагоциттейді. Сертоли жасушаларында фоллитропинге, инсулин тәрізді өсу факторына және басқа биологиялық белсенді заттарға арнайыланған рецепторлар болады. Бұл жасушалардың қылтамырлар қуысына қараған үстіңгі беті сперматозоидтардың дамуы мен нақтылануына қолайлы жағдай туындатуға қатысады. Сертоли жасушаларының оңтайлы қызмет атқару тәртібі фоллитропиннің мөлшеріне байланысты болады. Бұл гормон Сертоли жасушасының мембранасындағы арнайы репепторлар арқылы аденилатциклаза ферментін әсерлендіріп, цАМФ түзілуін арттырады. Содан матрицалық РНҚ түзілуі күшейіп тестостеронмен кешен құратын андрогендерді байланыстыратын нәруыз түзіледі. Фоллитропиннің келтірілген әсері инсулин тәрізді өсу факторының ықпалынан сергиді. Лейдиг жасушалары өз алдына атабездің аралық тініне, Сертоли жасушалары мен ұрық өзекшелері кешенінде қалыпты сперматогенез болуына қажетті мөлшерде, тестостерон бөліп шығарады. Сертоли жасушалары «тестостерон-адрогендерді байланыстыратын нәруыз кешенін» жасуша сыртылық сұйыққа шығарады. Осыдан атабез қосалқыларының аралық тініне андрогендердің тасымалдануы жеңілдейді. Ұрық өзешелерінде «тестостерон-андрогендерді байланыстыратын нәруыз кешені» сперматозоид өндіретін (герминалдық) жасушалардың ядросына ауысады да сперматогенезді сергітеді (-сызбанұсқа).

Сперматогенез ұрық өзекшелерінің эпителий жасушаларының цитоплазмасында «тестостерон-андрогендерді байланыстыратын нәруыз кешені» белгілі мөлшерде болғанда ғана дұрыс дамиды. Оның қажетті мөлшері фоллитропин өндіріліп шығарылуының қатаң реттелуімен қамтамасыз етіледі. Ингибин, тестостерон, эстрадиол және гонадолиберин өндірілуі фоллитропиннің оңтайлы деңгейде өндірілуін реттейді. Фоллитропин жыныстық кәмелетке толмаған ұл балалар мен ересек еркектердің атабездеріне әртүрлі әсер етеді. Балаларда ол аздаған Сертоли жасушаларымен байланысады. Содан бұл жасушаларда цАМФ түзілуі артады, цАМФ-тәуелді протеинкиназа белсенділігі көтерілуінен ДНҚ мен РНҚ түзілуі көбейеді, жасушалардың өсіп-өнуі артады. Осыдан жыныстық жетілу кезінде атабезде Сертоли жасушаларының саны көбейеді.

Ересек еркектерде фоллитропин Сертоли жасушаларының құрылымы мен сөлденістік қызметі сперматогенезді, нәрленуді және шәуһет өндіретін эпителийдің дұрыс болуын қадағалайды. Лейдиг жасушаларында тестостерон өндіріледі. Сайып келгенде, осы екі гормон аталық жасушалардың өндірілуін арттырады. Сертоли жасушасының ішіне тек бос тестостерон енеді. ОЖЖ жасушаларында тестостерон эстрадиолға, ал андростендиол – эстронға айналады.

Еркектерде эстрогендердің құрылуы андрогендер түзілуін реттеуде маңызды орын алады. Дені сау еркектердің қанында аз мөлшерде эстрогендердің болуы андрогендердің түзілуі мен бөлініп шығарылуын жақсы сергітеді және олардың 90%-дан астамы атабезден қанға түседі.

- сызбанұсқа

Қанда эстрогендер тым көп болса гипоталамуста гонадолиберин өндірілуін тежеп еркектердің жыныстық бездерінің қызметін қатты бұзады.

Еркектердің қанында андрогендер мен эстрогендер мөлшерінің өзгеруі дене бітіміне үлкен әсер етеді. Май тінінде андрогендердің жиналуы липолизді күшейтеді, шелмайда май жасушаларының қайта бөлінуін туындатады, бөкседе және бұтта май жиналуын азайтады. Эстрогендердің тым артық түзілуінен және олардың май тінінде жиналуынан иықтарда май жасушалары азайып, олар бөксе мен бұт аумағында ұлғаяды. Осыдан еркектерде семірудің әйелдерге тән (гиноидтық) түрі байқалады.

Сонымен, дені сау ересек еркектерде гонадолибериннің, лютро-пиннің, фоллитропиннің, тестостеронның нысана-жасушаларда қажетті деңгейде болуы жыныстық нәпсіні және спермаогенезді қамтамасыз етеді. Пролактин (әйелдерде өндірілетін мөлшерінің 2/3 бөлігіндей мөлшерінде) өндірілуі ұрық көпіршіктері мен қуықасты бездің өсуін қамтамасыз етеді.