Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиническая патофизиология 2010.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.39 Mб
Скачать

Фибринолиз жүйесі

Фибринолиз — қанның плазминоген-плазмин протеолиздік ферментті жүйесімен жүреді. Плазминоген бауырда, сүйек кемігінің эозинофилдерінде, бүйректе өндірілетін гликопротеид. Қанда оның мөлшері 1-2 мкмоль/л болады. Плазминоген тек фибрин болғанда ғана әсерленеді. Қан плазмасында және әртүрлі тіндерде (жатыр, қалқанша без, өкпе, ұйқыбез, қуық асты безі) плазминогенді плазминге ауыстыратын әсерлендіргіш заттар (активаторлар) болады. Олар тамырлардың, әсіресе көктамырлардың, венулалардың, өкпе артерияларының эндотелий жасушаларында өндіріледі. Оларды плазминогеннің тіндік әсерлендіргіштері дейді және олардың бір өкілі болып урокиназа есептеледі.

Кейбір бактериялар туындыларының (мәселен, стрептокиназа) плазминогенді плазминге ауыстыру қабілеті бар. Стрептокиназа тікелей әсер етпейді. Алдымен ол плазминогенмен қосылып, стрептокиназа-плазминоген кешенін құрады, содан кейін осы кешен плазминогенді әсерлейді. Сонымен, плазминоген әрі әсерлеуші, әрі әсерленуші зат болады. Қандағы плазминогенді әсерлендіретін заттардын мөлшері қол жұмысынан немесе басқа ауыртпалықтардан кейін, организмге никотин қышқылын немесе пирогендік заттар енгізгеннен кейін көтеріледі.

Қанның тамыр ішіндегі ұюы фибринолиздік жүйенің негізгі табиғи әсерлендіргіші болады. Плазминогеннің әсерленуінде белсенді Хагеман факторы (калликреин-кининдік және комплемент жүйелерінің қатысуымен), тромбин және фибрин қатысады.

Фибринолиз лейкоциттердің лизосомалық қышқыл протеазаларының әсерлерінен де болады. Фибринолиздің әсерлендіргіштерінің әсерінен плазминогеннің молекуласы ферменттік ыдырауға түсіп, плазминге айналады. Плазминнің фибрин - фибриногенге қарсы протеолиздік қасиеті бар. Фибриннің ыдырауы бірнеше сатыда өтеді.

Сонымен бірге қан сұйығында қандағы плазминогеннің әсерлендіргіштерін бәсеңсітетін де заттар болады. Оларды плазминогеннің әсерлендіргіштерінің бәсеңсіткіштері дейді. Мәселен, α -глобулиндерге жататын антиплазмин фибринолизді реттейді және оның үдемелі қарқынын тежейді.

Фибринолизді емдік мақсатта арттыру бактериялардан алынатын ферменттердің (стрептокиназа т. б.) немесе урокиназаның көмегімен жүргізіледі. Керісінше фибринолизді тежеу үшін жасампаздық жолмен алынған аминқышқылдары, сонымен қатар жануарлардан және өсімдіктерден алынатын антипротеазалар (трасилол, контрикал т.с.с.) қолданылады.

- сызбанұсқа

Гемостаздың бұзылу түрлері

Гемостаз жүйесіндегі бұзылыстар оның барлық (қан тамырлық, тромбоциттік және қан ұюлық) сатыларында байқалады. Олар қанауға бейімділікпен, тромбоздық синдромдармен және тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю синдромымен (ТШҚҰ-синдромымен) көрінуі мүмкін ( - сызбанұсқа).

- сызбанұсқа

Қанағыштыққа бейімділік

Қанағыштыққа бейімділікті геморрагиялық диатездер дейді. Олар:

● қан тамырларының қабырғаларының бүліністерінен;

● тромбоциттердің өзгерістерінен;

● плазмалық қан ұю факторларының бұзылыстарынан;

● тромбоциттердің өзгерістері мен қан ұюдың біріккен бұзылыстарынан - дамуы ықтимал.