- •Алматы 2010
- •Ауру және біртектес дерттік үрдістер
- •Организм реактивтілігі
- •Организмнің төзімділігі және оның түрлері
- •Реактивтіліктің түрлері
- •Сүлде қабынудың даму жолдары
- •Тін бүліністеріне организмнің жалпы серпілістері
- •Жіті кезеңдік жауап
- •Жіті кезеңнің арнайыланған нәруыздары
- •Қан сұйығының протеолиздік жүйесінің әсерленуі
- •Қызбаның клиникалық жіктелу түрлері
- •Жалпы адаптациялық синдром (стресс)
- •Сілейме (шоқ)
- •Сілеймені емдеу әдістерінің патогенездік негіздері
- •Оттегі гомеостазының бұзылыстары
- •Гипоксия
- •Экзогендік (гипоксиялық) гипоксия
- •Эндогендік гипоксиялар
- •Тіндерде оттегінің пайдаланылмауынан дамитын гипоксия
- •Тіндерде қоректік заттардың тотығуы мен фосфорлану үрдістерінің бір-біріне ұласпауынан дамитын гипоксия
- •Гипоксия кезіндегі зат алмасулары мен физиологиялық міндеттемелердің бұзылыстары.
- •Гипероксия
- •Өкпенің газ алмастыру қызметін сипаттайтын қалыпты көрсеткіштер
- •Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары
- •Гипогидратация немесе сусыздану.
- •Гипогидрияны емдеу жолдарының негіздері.
- •Гипергидрия немесе сулану.
- •Гипернатриемия
- •Гипонатриемия
- •Кальций, фосфор, магний иондары алмасуының бұзылыстары
- •Гипокальциемия және гиперкальциемия
- •Фосфор иондары алмасуының бұзылыстары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Қандағы қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Жасуша ішілік қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (қсү) артериалық қандағы калыпты көрсеткіштері
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Гиперкапния кезіндегі жүйелердің бұзылыстары
- •Семіздіктің жіктелулері
- •Біріншілік (идиопатиялық) семіру
- •Семірудің зардаптары
- •Гиперлипопротеинемиялар. Атеросклероз
- •Атеросклероз
- •Бауырда бос май қышқылдарынан үшглицеридтер мен бете-липопротеидтер түзілуі
- •Атеросклероздың патогенезі
- •Қан плазмасындағы майлар мен липопротеидтердің алмасулары
- •Иммундық жүйенің бұзылыстары
- •Иммундық тапшылықты жағдайлар
- •Туа біткен (біріншілік) иммундық тапшылықтар
- •Салдарлық (жүре пайда болған) иммундық тапшылықтар
- •Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (житс)
- •Аутоиммундық үрдістер
- •Трансплантатты тойтару
- •Аллергия
- •Аллергиялардың жіктелуі
- •Аллергиялық серпілістердің патогенезі
- •Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі
- •Аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік III-түрі
- •Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-ші түрі немесе баяу дамитын жоғары сезімталдық (бджс)
- •Дереу және баяу дамитын аллергиялық серпілістердің айырмашылықтары
- •Жалған аллергиялар
- •Жұқпалар патофизиологиясы. Сепсис
- •Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының түрлері
- •Жұқпалар пайда болуына әкелетін жағдайлар
- •Микроорганизмдердің жасушаларды бүліндіру тетіктері
- •Жұқпалы үрдістердің патогенезі
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Жұқпа қоздырғыштарынан организмнің қорғану тетіктері
- •Бейспецификалық тетіктеріне:
- •Арнайыланған қорғаныстық тетіктер
- •Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері
- •Өспе өсу патогенезі
- •Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы.
- •Өспе жасушаларының қатерлі өспелердің қасиетін қабылдап, қарқынды өсіп-өнуінен бастапқы өспе түйіні пайда болуы (промоция)
- •Өспе алды жағдайлар.
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы
- •Тері бөртпелерінің морфологиялық элементтері
- •Тері қабынулары
- •Дерматиттер
- •Фолликулиттер
- •Гидраденит
- •Дерматоздар
- •Тері өспелері
- •Тірек-қимылдық мүшелердің патофизиологиясы Сүйек тінінің бұзылыстары
- •Остеопатиялар
- •Тұқыммен тарайтын остеопатиялар
- •Жүре пайда болған остеопатиялар
- •Остеопороз
- •Остеомаляция
- •Остеонекроз
- •Сүйек сынуы немесе шатынауы
- •Буын дерттері (артропатиялар)
- •Артриттер
- •Құздама тәрізді артрит
- •Бұлшықеттердің біртектес бүліністері
- •Бұлшықеттердің жүре пайда болған бүліністері
- •Бұлшықеттердің туа біткен бүліністері
- •Қозудың жүйкеден бұлшықетке тарауы және жүйкелік нәрленістік ықпалдардың бұзылыстары
- •Ацетилхолиннің түзілуі мен оның қимылдық жүйкелердің аяқшаларында жинақталуының ақаулары
- •Ацетилхолинэстеразаның шынайы тапшылығы
- •Холинорецепторлардың түзілуі мен жүйке-бұлшықет синапстарының пре- және постсинапстық мембраналарында олардың жинақталуының ақаулары
- •Қан жүйесінің патофизиологиясы
- •Анемиялар
- •Эритропоез бұзылыстарынан дамитын (дизэритропоездік) анемиялар
- •Тапшылықты анемиялар
- •Темір тапшылықты анемиялар
- •Теміртапшылықты анемияның патогенезі.
- •Сүлде аурулар кездеріндегі анемиялар
- •Сидеробластық анемиялар
- •Гем молекуласының түзілуі.
- •Фолий-тапшылықты анемия
- •Гипоплазиялық немесе аплазиялық анемиялар
- •Гемолиздік анемиялар
- •Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар.
- •Жіті қансырау
- •Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар
- •Лейкоздар
- •Лейкоздардың жіктелуі.
- •Жіті лейкоздар
- •Сүлде лейкоздар
- •Гемостаздың бұзылыстары
- •Қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын біріншілік гемостаз.
- •Қан ұю жолдары.
- •Қан ұюына қарсы (антикоагулянттық) жүйе
- •Фибринолиз жүйесі
- •Гемостаздың бұзылу түрлері
- •Қанағыштыққа бейімділік
- •Тамыр қабырғаларының бүліністерінен дамитын геморрагиялық диатездер
- •Тромбоциттердің өзгерістерінен дамитын қанағыштыққа бейімділіктер
- •Жүре пайда болған тромбоцитопатиялар
- •Коагулопатиялар
- •Гемостаздың плазмалық қан ұю факторлары мен тромбоциттік бұзылыстардың біріккен әсерлерінен дамитын геморагиялық диатездер.
- •Тромбоз, тромбэмболия
- •Тромбоз дамуында қан тамырлық-тромбоциттік гемостаз бұзылыстарының маңызы
- •Аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артерияларының эмболиясы
- •Хирургиялық науқастарда аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артериясының тромбэмболиясынан алдын-ала сақтандыру жолдарының патогенездік негіздері
- •Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (тшқұ) синдромы
- •Тшқұ-синдоромының патогенезі
- •Тшқұ-синдромының зертханалық көрсеткіштері
- •Тшқұ-синдромы кезіндегі қан ұю жүйесінің зертханалық көрсеткіштері
- •Жіті және жітілеу тшқұ-синдромын емдеу ұстанымдары
- •Жүрек-қантамырлар жүйесінің патофизиологиясы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі
- •Жүрек алдылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •Оңжақ жүрекше мен қуыс веналардың қанға артық толуы
- •Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты артуы
- •Жүрек қуыстарының диастола кезінде қанға артық толуы
- •А Ағзалардың қызметтері бұзылуы ғза қызметтерінің бұзылуы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (жқсж) емдеу шаралары
- •Жүректің ишемиялық ауруы (жиа)
- •Жүректің ишемиялық ауруының түрлері
- •Миокард инфарктының патогенезі
- •Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері
- •Миокард инфарктынан сауығу кезеңінде мүмкін болатын асқынулардың патофизиологиялық сипаттамалары
- •Жүрек аритмиялары
- •Номотоптық аритмиялар
- •Гетеротоптық аритмиялар
- •Шүріппелік белсенділік артып кетуі
- •Ұстамалы тахикардия
- •Өткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары
- •Ырғақ игерілуінің бұзылыстары
- •Cерпіндердің қалыптасуы мен өткізілуінің біріккен бұзылыс-тарынан дамитын жүрек аритмиялары
- •Жүрек аритмияларының патогенезі
- •Жүрек жыпылығы дамуының электрофизиологиялық негіздері
- •Жүрек аритмияларын емдеу негіздері
- •Артериалық гипертензиялар
- •Эссенциалық гипертензия.
- •Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтандыру мен емдеу әдістерінің патофизиологиялық негіздері
- •Әйгіленімдік гипертензиялар
- •Сыртқы тыныс патофизиологиясы
- •Обструкциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Бронхиалық демікпе
- •Демікпелік күй (status)
- •Демікпелік күймен ауыратын науқастарды қарқынды патогенездік емдеу негіздері
- •Асфиксиялық синдром
- •Рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Өкпе гипертензиясы
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпеқап дерттері
- •Өкпені жасанды желдетудің патогенездік негіздері
- •Асқорыту жүйесінің патофизиологиясы Бауыр патофизиологиясы
- •Сарғыштану
- •Механикалық сарғыштану
- •Бауырлық сарғыштану
- •Гемолиздік сарғыпггану
- •Сарғыштануларды өзара ажырату көрсеткіштері
- •Вирустық гепатит
- •Клиникалық көріністері
- •Сүлде гепатит
- •Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен сана-сезімнің бұзылыстары мен энцефалопатия дамуы
- •Бауыр циррозы, порталдық гипертензия және асцит
- •Бауыр ауруларына тән зерханалық көрсеткіштер
- •Холецистит
- •Тіс жегісі (кариесі).
- •Пародонтит
- •Гастриттердің патогенезі
- •Жіті гастрит
- •Сүлде гастрит
- •Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Жіті панкреатит
- •Сүлде панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі
- •Ішек бітелуі
- •Бүйрек патофизиологиясы Гломерулопатиялар
- •Жіті гломерулонефрит
- •Жітілеу жайылмалы гломерулонефрит
- •Сүлде жайылмалы гломерулонефрит
- •Нефроздық (нефроткалық) синдром
- •Пиелонефрит
- •Несеп-тас ауруы (нефролитиаз, уролитиаз)
- •Обструкциялық уропатия
- •Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
- •Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі (бжж)
- •Бүйрек кызметінің сүлде жеткіліксіздігі (бсж)
- •Жүйке жүйесінің патофизиологиясы Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
- •Қанайналымның бұзылыстарынан болатын мый бүліністері
- •Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістері
- •Нейрон мембраналарының бұзылыстары
- •Аксон қызметтерінің бұзылыстары
- •Дендриттердің бүзылыстары
- •Түйіспелер қызметтерінің бұзылыстары
- •Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері
- •Тежелудің тапшылығы
- •Сезімталдықтың бұзылыстары
- •Тітіркендіргіштің қарқынын түйсінудің бұзылуы
- •Тітіркендіргішке сезімнің сәйкессіздігі
- •Сезімталдық бұзылыстарының жалпы тетіктері
- •Ауыру сезімінің патофизиологиясы
- •Сүлде ауырулық синдромдардың түрлері және даму жолдары
- •Соматогендік ауырулық синдромдардың даму тетіктері
- •Бастапқы гипералгезияның пайда болу тетіктері
- •Салдарлық гипералгезияның даму тетіктері
- •Нейрогендік ауырулық синдромның даму тетіктері
- •Дерттік (сүлде) ауыру сезімін емдеу негіздері
- •Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары
- •Қимыл-қозғалыс бұзылыстарының түрлері
- •Гиперкинезиялар
- •Шабан гиперкинезиялар
- •Атаксиялар
- •Жүйкелік нәрленістің бұзылыстары және нейродистрофиялық үрдістер
- •Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік себепкер ықпалдар қалыптасуының маңызы
- •Эпилепсия (қояншық ауруы)
- •Тырыспа-селкілдек ұстамасының түрлері
- •Нейрожұқпалар
- •Менингиттер
- •Мый қанайналымының бұзылыстары
- •Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері
- •Оңжақ және солжақ мый жартылары инсультінің ерекшеліктері Мыйдың солжақ жартысының бүлінуі
- •Оңжақ мый жартысының бүлінуі
- •Инсульттің зардаптары
- •Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары (мқөб)
- •Мыйға қан құйылу – геморагиялық инсульт
- •Ишемиялық инсульт (мый инфаркты)
- •Жоғары жүйке әрекеттерінің бұзылыстары. Жүйке тозуы (невроздар)
- •Невроздардың жіктелуі
- •Невроздық жағдайлардың жалпы көріністері
- •Вегетоневроздар туралы түсінік
- •Эндокриндік жүйе бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Бездердіњ орталыќ реттелулерініњ бђзылыстары
- •Бездердіњ љздерінде орналасќан дерттер
- •Гормондардыњ безден тыс жѕне шеткері ѕсер ету тетіктерініњ бђзылыстары
- •Эндокриндік бездердіњ ќызметтерініњ бђзылыстары
- •Ќантты диабеттіњ патогенезі жѕне клиникалыќ кљріністері
- •Ќалќаншабез патофизиологиясы
- •Гипотиреоз
- •Гипотиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Гипертиреоз
- •Гипертиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Бџйрекџсті бездерініњ патофизиологиясы
- •Гипокортицизм
- •Гиперкортицизм
- •Гиперкортицизмніњ кљріністері
- •Гиперѕлдостеронизм
- •Феохромоцитома
- •Адамныњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ бђзылыстары Еркектердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Ерлердіњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардыњ ѕсері
- •Ѕйелдердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Етеккір оралымыныњ гормондыќ реттелуі
- •Жыныстыќ жетілу жѕне оныњ бђзылыстары
- •Еркектерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Туа біткен гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Нормогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Егде тартќан еркектерде андрогендердіњ тапшылыѓы
- •Еркектердіњ бедеулігі
- •Ќуыќастыбез ќызметініњ біртектес бђзылыстары
- •Ѕйелдерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Аменорея
- •Гипергонадизм
- •Дертті жџктілік
- •Жыныстыќ жџйеніњ даму аќаулары мен дерттік љзгерістері
- •Жџктілік дамуына жыныстыќ жџйеден тыс аѓзалар ауруларыныњ ѕсері
- •Жџктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жџкті ѕйелдердіњ нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдыќ сілейме
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболияныњ клиникалыќ кљріністері
- •Адамның ұрпақ өрбіту қабілеті Еркектердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Ерлердің ұрпақ өрбіту қабілетінің реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардың әсері
- •Атабездер мен олардың қосалқылары қызметтерінің біртектес бұзылыстары
- •Еркектерде гипоталамус-гипофиз-жыныстық жүйенің (ггжж) бұзылыстары
- •Қуықасты безі қызметінің біртектес бұзылыстары
- •Әйелдердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Етеккір оралымының гормондық реттелуі
- •Әйелдердің гормондық бұзылыстары
- •Аналық жасушаның ұрықтануы
- •Әйел денесінің жүктілікке бейімделуі және оның бұзылыстары
- •Дертті жүктілік
- •Жүктілік дамуына жыныстық жүйеден тыс ағзалар ауруларының әсері
- •Жүктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жүкті әйелдердің нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдық сілейме
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболияның клиникалық көріністері
Рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі
Рестрикциялық (лат. restrictio-шектелу) тыныс жеткіліксіздігі тыныс алуға қатысатын өкпе ұяшықтары мен қан қылтамырларының азайып кетуінен дамиды. Бұл кезде өкпенің желдетілуі және өкпе ұяшықтары мен қылтамырлар арасында газдардың диффузиясының бұзылыстары байқалады. Газдардың диффузиясы олардың мембраналардың екі жағындағы деңгейлерінің айырмашылығына, тыныс алуға қатысатын беттің аумағына және газдардың жайылуына қажетті (өкпе ұяшықтары мен қан қылтамырларының арасындағы) аралықтың қашықтығына байланысты болады. Өкпе ұяшықтарындағы ауада оттегі мен көмірқышқылы газының үлестік қысымдарының деңгейі:
√ өкпе ұяшықтарының желдетілу мөлшеріне;
√ дем алатын ауада оттегі мен көмірқышқылы газының деңгейіне;
√ өкпеде қанайналым мөлшеріне;
√ тыныс алу жолдарындағы пайдасыз кеңістіктің көлеміне - байланысты. Газдардың жайылуына қажетті аралықтың қалыңдығы ұлғайғанда, қызмет атқаратын өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың азаюы кездерінде және қанның оттегіні байланыстыру қабілеті төмендегенінде газдардың диффузиясы бұзылады.
Өкпе тамырлары арқылы қанның өтуі:
√ өкпе артериялары мен сол жақ жүрекшеде қан қысымының айырма-шылықтарынан;
√ өкпе тамырларының кедергілік қасиеттерінен;
√ өкпе ұяшықтары ішіндегі қысымның мөлшерінен;
√ өкпе тінінің серпімді қасиеттеріне байланысты қанды өзіне тарту күшінен;
√ өкпе ұлпасында дерттік үрдістердің болуынан - байланысты болады. Дерттік үрдістердің пайда болу себептері мен даму жолдарына қарай өкпе бүліністерінің әртүрлі синдромдары пайда болады.
Жіті тыныстық дизстресс-синдром (ЖТДС) көптеген себептерден пайда болатын жіті тыныс жеткіліксіздігінің жалпы түрі. Бұл кезде тыныс алу бұзылады, тахипное, гипоксемия, цианоз дамиды, өкпе тінінің серпімділігі азаяды, екі өкпеде бірдей лейкоциттердің жайылған сіңбеленуі болып, өкпе ұяшықтары сұйыққа толады. Бұндай ісіну жүрек қызметінің бұзылысына байланысты болмай дамиды және ауыр гипоксемия дамуына әкеледі. ЖТДС өкпенің бұрынғы дамыған ауруларының асқынуы негізінде пайда болады және сатылы түрде өтеді.
ЖТДС қабыну медиаторларынан туындайтын өкпеде майда қанайналым (микроциркуляция) бұзылыстарымен сипатталатын қабынудың түрі ретінде қарастырылады. Ол сепсис, жіті панкреатит т.с.с. дерттер кездерінде өкпенің жанама түрде, кеуде сарайының жарақаты, өлеттенетін пневмония кездерінде оның тікелей бүліністерінен дамиды. Осындай жағдай қатерлі жіті тыныстық синдром (ағылш. Severe acuta respiratory syndrom –SARS) кезінде де байқалады. Ол жаңа корона-вирустың (ағылш. New Corona-virus) әсерінен дамиды. Ел арасында ол «келбетсіз пневмония» делінеді. Көрсетілген вирус иммунитеттің жасушалық тетіктерін (Т- жасушаларын) тежеп тастайды. Содан өкпеде қабыну дамиды. Жіті тыныстық дистресс синдромы кезінде өкпе ұяшықтары қабынулық жалқыққа толып қалады және онда, сурфактанттың аздығынан, көптеген ателектазалар пайда болады. Өкпенің аралық тіндері бүлініп, газдардың диффузиясы бұзылады. Осылардан тыныс алу жеткіліксіздігі дамиды.
ЖТДС дамуына өкпе тініне әртүрлі ядролы лейкоциттердің сіңбеленуі, иммундық және иммундық емес жасушалармен цитокиндер өндіріліп шығарылуы тән құбылыс. Олардың мөлшері жасуша аралық кеңістіктерде тым көбейіп кетуі жергілікті және жүйелі қабыну туындауына әкеледі. Бұл синдром дамуының бастапқы кезеңінде өкпе тамырларындағы макрофагтардың белсенділігі артып, эндотелий жасушаларын әсерлендіретін цитокиндер – интерлейкин-1, өспелерді жоятын α-факторын өндіре бастайды. Эндотелий жасушалары әсерленуінен интегриндердің қатысуымен Е-селектиндер, жасуша ішілік және лейкоциттік жабыстырғы (адгезиялық) молекулалар (ICAM-1, ELAM-1) өндіріледі. Олардың әсерінен өкпе ұлпасына негізінен нейтрофилдер мен моноциттер көптеп сіңбеленеді. Моноциттердің цитокиндерінің әсерлерінен нейтрофилдер мен эндотелий жасушаларының белсенділігі артып, ксантиноксидаза ферментінің қатысуымен өкпе ұлпасының бүліністеріне әкелетін оттегінің бос радикалдары (супероксид-О2-, гидроксил радикалы-ОН●, синглетті оттегі-1О2, сутегінің асқын тотығы-Н2О2, липопероксид-ROO●) өндіріліп шығарылады.
Қалыпты жағдайда супероксид суперосиддисмутаза ферментімен, гидроксил радикалы токоферолмен, синглетті оттегі β-каротинмен, сутегінің асқын тотығы каталаза ферментімен, пероксид глутатионпероксидаза ферментімен бейтарапталады. Супероксид тым артық өндірілгенде жасуша мембраныларындағы қанықпаған май қышқылдары асқын тотығуға ұшырап кетеді. Гидроксил радикалдары - нәруыздардың, нуклеотидтердің, май қышқыл-дарының түзілуін тежейді. Синглетті оттегі молекулалары - нуклеин қышқылдарына әсер етіп, олардың молекуласында қиылысқан байланыстар туындатады, ДНК молекуласының тізбектерін үзеді. Н2О2 - SH топтары бар ферментерді тотықтырып әсерсіздендіреді. Пероксидтер – полиқанттардың полимерленуін бұзады.
Өкпе ұлпасында жиналған лейкоциттер интерлейкин-1 және -8, өспелерді жоятын фактор, тромбоциттерді әсерлендіретін фактор, тромбоциттік өсу факторын бөліп шығарады. Бұлар антиоксиданттық заттарды азайтып, липидтердің асқын тотық өнімдерін көбейтіп жібереді. Қабыну ошағында тромбоксан А2 артық жиналуы майда бронхиолаларды қатты жиырады, тамыр ішінде тромбоциттердің агрегациясын туындатады. Лейкотриендер C2, D2 және E2 әсерлерінен бронхиолалардың, коронарлық артериялардың тегіс салалы еттері жиырылады. Лейкотриен В4 лейкоциттерге хемотаксистік әсер етіп, өкпе ұлпасының қабынуын күшейтеді. Цитокиндердің, белсенді радикалдардың әсерлерінен бүлінген эндотелий жасушалары интерлейкин-8, тромбоциттердің өсу факторын және хемотаксистік әсер ететін лейкотриендер өндіре бастайды. Осы жағдайларда өкпе ұлпасында қан тамырларына белсенді әсер ететін заттар және зат алмасуларының уытты өнімдері көбейеді. Өкпе тінінде гистамин, серотонин, тромбоксандардың көбеюі бастапқы сағаттарда онда асептикалық қабынумен (лейкоцитозбен, эндотелий жасушаларының ісінуімен, тінаралық кеңістерде сұйық жиналуымен т.с.с.) көрінетін қайтымды бүліністер туындатады. Артынан қан тамырларына белсенді әсер ететін заттар мен зат алмасуларының уытты өнімдері жиналуынан өкпе қылтамырлары қабырға-ларының өткізгіштігі қатты көтеріледі, тромбоциттердің агрегациясы мен тамыр ішінде қан ұю артуынан көптеген микротромбоздар дамиды. Интерлейкин-8, лейкотриен В4, комплементтің С5а құрамбөлшегі, тромбоциттерді әсерлендіретін фактор өкпе ұяшықтарына лейкоциттердің шығуын арттыруда өте маңызды орын алады. Бұл заттардың өкпе ұяшықтарында жиналуынан және жасуша мембраналарында липидтердің асқын тотығуынан пайда болған бос радикалдардың әсерлерінен өкпе жасушалары тікелей бүлінеді. Өкпе ұяшықтарындағы нейтрофилдерден, II-ші түрдегі пневмоциттердің бүліністеріне әкелетін лизосомалық ферменттер (протеазалар, липазалар т.б.) босап шығады. Бүлінген өкпе ұяшықтарына нәруыздарға бай сұйық жиналады. Оның құрамына енетін әлбумин, фибриноген, фибрин-мономерлер, лизофосфатидтер, бос радикалдар, ферменттер (фосфолипазалар, протеазалар т.б.), IgG болады. II-ші түрдегі пневмоциттердің бүліністері нәтижесінде сурфактантың өндірілуі бұзылып, оның жетіспеушілігі пайда болады (-сызбанұсқа).
Сурфактанттың тапшылығынан демді сыртқа шығару кезінде өкпе ұяшықтары солып қалады, өкпеде қалдық ауаның көлемі азаяды, организмнің мұқтаждығына сай тыныстық көлемді қамтамасыз ету үшін энергияны пайдалану артады. Өкпе ұяшықтарының гиповентиляциясы, тыныстық ауа көлемінің азаюы тыныс алуды жиілетеді. Қылтамырлардың және өкпе ұяшықтарының эпителий жасушаларының қатты бүліністерінен қан сұйығы бүлінген жерлерге өтіп, тінаралық ісіну дамытады. Қабыну ошағында майда қанайналым бұзылыстары веналық гиперемия дамуына, өкпе ұлпасына қан құйылуға және өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы азаюына әкеледі. Қан өкпе тамырларында іркілуінен өкпе артериялары жиырылып, оларда қан қысымы көтеріледі, оң жақ жүрекшенің қызметі ауырлайды. Артынан оның қызметі әлсіреп өкпеде микроциркуляция одан сайын бұзылады, үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің қанында оттегінің мөлшері қатты азаяды. Бұл кезде ағзалар мен тіндерде анаэробтық гликолиздің артуы, метаболизмдік ацидоз дамуы тыныс алуға қатысатын бұлшықеттердің жиырылу қабілетін төмендетіп, жүрек-қан тамырлар жүйесі қызметінің жеткіліксіздігімен ушығатын, тыныс алу жеткіліксіздігін үдетеді.
Өкпе ісінуі
Өкпеде газдардың алмасуы қатты бұзылыстарына әкелетін өкпе ұяшықтарында және/немесе тінаралық кеңістіктерде тез арада сұйықтықтың жиналып қалуын өкпе ісінуі дейді. Даму жолдарына қарай өкпе ісінуін:
● гидростатикалық;
● мембраналық – деп екіге ажыратады.
Гидростатикалық өкпе ісінуі өкпе қылтамырларының ішінде қан қысымы көтерілуімен сипатталатын аурулар кездерінде байқалады. Өкпе қылтамырларының ішінде гидростатикалық қысым с.б.б. 7-10 мм-ге дейін көтерілгенде қан сұйығының тамыр сыртына сүзілуі оның лимфалық тамырлармен ағып кетуінен артып кетеді. Өкпе қылтамырларының ішінде қан қысымы көтерілуі мына себептерден пайда болуы ықтимал:
√ сол жақ жүрекшенің қызметі жеткіліксіздігі, митралдық қақпақша тесігінің тарылуы, жүрек аритмиялары кездерінде;
√ бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі т.б. кездерінде айналымдағы қан көлемі тым артып кетуінен;
√ өкпе көктамырлары тарылып қалғанда;
√ өкпе эмболиясы кезінде;
√ бронхиалық демікпе т.б. себептерден тыныс алу жолдары бітелгенде;
√ пневмоторакс, өкпе өспесі кездерінде өкпеде лимфалық тамырлардың тарылуынан.
Мембраналық өкпе ісінуі өкпе қылтамырлары қабырғаларының өткіз-гіштігі көтерілуден дамиды. Ол мына синдромдар:
√ жіті тыныстық дистресс-синдромы (жоғарыда келтірілді);
√ аспирациялық синдром (тыныс алу жолдарына тағам, су түсуінен);
√ ингаляциялық синдром (уытты газдармен, сынап парларымен, түтінмен т.б.б дем алғанда);
√ уыттылық синдром (бактериялық эндотоксиндер, бүйрек қызметі жеткіліксіздігі т.с.с.) - кездерінде байқалады.
Пайда болу себебіне қарамай өкпе ісінуі жасушалардың ішінде, тіндерде және өкпе ұяшықтарында сұйық жиналуымен көрінеді. Оның даму жолдарында өкпе қылтамырларында гидростатикалық қысымның көтерілуі, қан нәруыздарына, әсіресе әлбуминдерге, майда тамырлар қабырғаларының өткізгіштігі артуы және өкпе тінінде лимфа айналымының бұзылуы маңызды орын алады. Бұл бұзылыстар көптеген биологиялық белсенді заттардың (гистамин, серотонин, брадикинин, простагландиндер мен лейкотриендер, тромбин т.б.) және макрофагтар мен тромбоциттердің өкпе тамырларына әсерлерінен дамиды. Тамыр сыртына шыққан әлбуминдер тінаралық кеңістіктерге жиналып өкпе ісінуін дамытады.
Өкпе тамырларында қан өтуінің кезкелген бұзылыстары тамыр ішінде қан түйіршіктерінің (лейкоциттердің, тромбоциттердің) әсерленуіне әкеліп, тромбоксан А2, жүйкелік медиаторлар, простагландиндер т.б. тамыр қабырғаларының өткізгіштігін арттыратын заттардың бөлініп шығарылуын арттырады. Өкпе ұяшықтары сұйыққа толып қалуынан ұяшықтардың желдетілуі бұзылады, ауыр гипоксемия және гиперкапния дамиды.
