- •Алматы 2010
- •Ауру және біртектес дерттік үрдістер
- •Организм реактивтілігі
- •Организмнің төзімділігі және оның түрлері
- •Реактивтіліктің түрлері
- •Сүлде қабынудың даму жолдары
- •Тін бүліністеріне организмнің жалпы серпілістері
- •Жіті кезеңдік жауап
- •Жіті кезеңнің арнайыланған нәруыздары
- •Қан сұйығының протеолиздік жүйесінің әсерленуі
- •Қызбаның клиникалық жіктелу түрлері
- •Жалпы адаптациялық синдром (стресс)
- •Сілейме (шоқ)
- •Сілеймені емдеу әдістерінің патогенездік негіздері
- •Оттегі гомеостазының бұзылыстары
- •Гипоксия
- •Экзогендік (гипоксиялық) гипоксия
- •Эндогендік гипоксиялар
- •Тіндерде оттегінің пайдаланылмауынан дамитын гипоксия
- •Тіндерде қоректік заттардың тотығуы мен фосфорлану үрдістерінің бір-біріне ұласпауынан дамитын гипоксия
- •Гипоксия кезіндегі зат алмасулары мен физиологиялық міндеттемелердің бұзылыстары.
- •Гипероксия
- •Өкпенің газ алмастыру қызметін сипаттайтын қалыпты көрсеткіштер
- •Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары
- •Гипогидратация немесе сусыздану.
- •Гипогидрияны емдеу жолдарының негіздері.
- •Гипергидрия немесе сулану.
- •Гипернатриемия
- •Гипонатриемия
- •Кальций, фосфор, магний иондары алмасуының бұзылыстары
- •Гипокальциемия және гиперкальциемия
- •Фосфор иондары алмасуының бұзылыстары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Қандағы қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Жасуша ішілік қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (қсү) артериалық қандағы калыпты көрсеткіштері
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Гиперкапния кезіндегі жүйелердің бұзылыстары
- •Семіздіктің жіктелулері
- •Біріншілік (идиопатиялық) семіру
- •Семірудің зардаптары
- •Гиперлипопротеинемиялар. Атеросклероз
- •Атеросклероз
- •Бауырда бос май қышқылдарынан үшглицеридтер мен бете-липопротеидтер түзілуі
- •Атеросклероздың патогенезі
- •Қан плазмасындағы майлар мен липопротеидтердің алмасулары
- •Иммундық жүйенің бұзылыстары
- •Иммундық тапшылықты жағдайлар
- •Туа біткен (біріншілік) иммундық тапшылықтар
- •Салдарлық (жүре пайда болған) иммундық тапшылықтар
- •Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (житс)
- •Аутоиммундық үрдістер
- •Трансплантатты тойтару
- •Аллергия
- •Аллергиялардың жіктелуі
- •Аллергиялық серпілістердің патогенезі
- •Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі
- •Аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік III-түрі
- •Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-ші түрі немесе баяу дамитын жоғары сезімталдық (бджс)
- •Дереу және баяу дамитын аллергиялық серпілістердің айырмашылықтары
- •Жалған аллергиялар
- •Жұқпалар патофизиологиясы. Сепсис
- •Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының түрлері
- •Жұқпалар пайда болуына әкелетін жағдайлар
- •Микроорганизмдердің жасушаларды бүліндіру тетіктері
- •Жұқпалы үрдістердің патогенезі
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Жұқпа қоздырғыштарынан организмнің қорғану тетіктері
- •Бейспецификалық тетіктеріне:
- •Арнайыланған қорғаныстық тетіктер
- •Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері
- •Өспе өсу патогенезі
- •Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы.
- •Өспе жасушаларының қатерлі өспелердің қасиетін қабылдап, қарқынды өсіп-өнуінен бастапқы өспе түйіні пайда болуы (промоция)
- •Өспе алды жағдайлар.
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы
- •Тері бөртпелерінің морфологиялық элементтері
- •Тері қабынулары
- •Дерматиттер
- •Фолликулиттер
- •Гидраденит
- •Дерматоздар
- •Тері өспелері
- •Тірек-қимылдық мүшелердің патофизиологиясы Сүйек тінінің бұзылыстары
- •Остеопатиялар
- •Тұқыммен тарайтын остеопатиялар
- •Жүре пайда болған остеопатиялар
- •Остеопороз
- •Остеомаляция
- •Остеонекроз
- •Сүйек сынуы немесе шатынауы
- •Буын дерттері (артропатиялар)
- •Артриттер
- •Құздама тәрізді артрит
- •Бұлшықеттердің біртектес бүліністері
- •Бұлшықеттердің жүре пайда болған бүліністері
- •Бұлшықеттердің туа біткен бүліністері
- •Қозудың жүйкеден бұлшықетке тарауы және жүйкелік нәрленістік ықпалдардың бұзылыстары
- •Ацетилхолиннің түзілуі мен оның қимылдық жүйкелердің аяқшаларында жинақталуының ақаулары
- •Ацетилхолинэстеразаның шынайы тапшылығы
- •Холинорецепторлардың түзілуі мен жүйке-бұлшықет синапстарының пре- және постсинапстық мембраналарында олардың жинақталуының ақаулары
- •Қан жүйесінің патофизиологиясы
- •Анемиялар
- •Эритропоез бұзылыстарынан дамитын (дизэритропоездік) анемиялар
- •Тапшылықты анемиялар
- •Темір тапшылықты анемиялар
- •Теміртапшылықты анемияның патогенезі.
- •Сүлде аурулар кездеріндегі анемиялар
- •Сидеробластық анемиялар
- •Гем молекуласының түзілуі.
- •Фолий-тапшылықты анемия
- •Гипоплазиялық немесе аплазиялық анемиялар
- •Гемолиздік анемиялар
- •Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар.
- •Жіті қансырау
- •Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар
- •Лейкоздар
- •Лейкоздардың жіктелуі.
- •Жіті лейкоздар
- •Сүлде лейкоздар
- •Гемостаздың бұзылыстары
- •Қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын біріншілік гемостаз.
- •Қан ұю жолдары.
- •Қан ұюына қарсы (антикоагулянттық) жүйе
- •Фибринолиз жүйесі
- •Гемостаздың бұзылу түрлері
- •Қанағыштыққа бейімділік
- •Тамыр қабырғаларының бүліністерінен дамитын геморрагиялық диатездер
- •Тромбоциттердің өзгерістерінен дамитын қанағыштыққа бейімділіктер
- •Жүре пайда болған тромбоцитопатиялар
- •Коагулопатиялар
- •Гемостаздың плазмалық қан ұю факторлары мен тромбоциттік бұзылыстардың біріккен әсерлерінен дамитын геморагиялық диатездер.
- •Тромбоз, тромбэмболия
- •Тромбоз дамуында қан тамырлық-тромбоциттік гемостаз бұзылыстарының маңызы
- •Аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артерияларының эмболиясы
- •Хирургиялық науқастарда аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артериясының тромбэмболиясынан алдын-ала сақтандыру жолдарының патогенездік негіздері
- •Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (тшқұ) синдромы
- •Тшқұ-синдоромының патогенезі
- •Тшқұ-синдромының зертханалық көрсеткіштері
- •Тшқұ-синдромы кезіндегі қан ұю жүйесінің зертханалық көрсеткіштері
- •Жіті және жітілеу тшқұ-синдромын емдеу ұстанымдары
- •Жүрек-қантамырлар жүйесінің патофизиологиясы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі
- •Жүрек алдылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •Оңжақ жүрекше мен қуыс веналардың қанға артық толуы
- •Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты артуы
- •Жүрек қуыстарының диастола кезінде қанға артық толуы
- •А Ағзалардың қызметтері бұзылуы ғза қызметтерінің бұзылуы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (жқсж) емдеу шаралары
- •Жүректің ишемиялық ауруы (жиа)
- •Жүректің ишемиялық ауруының түрлері
- •Миокард инфарктының патогенезі
- •Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері
- •Миокард инфарктынан сауығу кезеңінде мүмкін болатын асқынулардың патофизиологиялық сипаттамалары
- •Жүрек аритмиялары
- •Номотоптық аритмиялар
- •Гетеротоптық аритмиялар
- •Шүріппелік белсенділік артып кетуі
- •Ұстамалы тахикардия
- •Өткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары
- •Ырғақ игерілуінің бұзылыстары
- •Cерпіндердің қалыптасуы мен өткізілуінің біріккен бұзылыс-тарынан дамитын жүрек аритмиялары
- •Жүрек аритмияларының патогенезі
- •Жүрек жыпылығы дамуының электрофизиологиялық негіздері
- •Жүрек аритмияларын емдеу негіздері
- •Артериалық гипертензиялар
- •Эссенциалық гипертензия.
- •Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтандыру мен емдеу әдістерінің патофизиологиялық негіздері
- •Әйгіленімдік гипертензиялар
- •Сыртқы тыныс патофизиологиясы
- •Обструкциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Бронхиалық демікпе
- •Демікпелік күй (status)
- •Демікпелік күймен ауыратын науқастарды қарқынды патогенездік емдеу негіздері
- •Асфиксиялық синдром
- •Рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Өкпе гипертензиясы
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпеқап дерттері
- •Өкпені жасанды желдетудің патогенездік негіздері
- •Асқорыту жүйесінің патофизиологиясы Бауыр патофизиологиясы
- •Сарғыштану
- •Механикалық сарғыштану
- •Бауырлық сарғыштану
- •Гемолиздік сарғыпггану
- •Сарғыштануларды өзара ажырату көрсеткіштері
- •Вирустық гепатит
- •Клиникалық көріністері
- •Сүлде гепатит
- •Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен сана-сезімнің бұзылыстары мен энцефалопатия дамуы
- •Бауыр циррозы, порталдық гипертензия және асцит
- •Бауыр ауруларына тән зерханалық көрсеткіштер
- •Холецистит
- •Тіс жегісі (кариесі).
- •Пародонтит
- •Гастриттердің патогенезі
- •Жіті гастрит
- •Сүлде гастрит
- •Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Жіті панкреатит
- •Сүлде панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі
- •Ішек бітелуі
- •Бүйрек патофизиологиясы Гломерулопатиялар
- •Жіті гломерулонефрит
- •Жітілеу жайылмалы гломерулонефрит
- •Сүлде жайылмалы гломерулонефрит
- •Нефроздық (нефроткалық) синдром
- •Пиелонефрит
- •Несеп-тас ауруы (нефролитиаз, уролитиаз)
- •Обструкциялық уропатия
- •Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
- •Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі (бжж)
- •Бүйрек кызметінің сүлде жеткіліксіздігі (бсж)
- •Жүйке жүйесінің патофизиологиясы Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
- •Қанайналымның бұзылыстарынан болатын мый бүліністері
- •Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістері
- •Нейрон мембраналарының бұзылыстары
- •Аксон қызметтерінің бұзылыстары
- •Дендриттердің бүзылыстары
- •Түйіспелер қызметтерінің бұзылыстары
- •Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері
- •Тежелудің тапшылығы
- •Сезімталдықтың бұзылыстары
- •Тітіркендіргіштің қарқынын түйсінудің бұзылуы
- •Тітіркендіргішке сезімнің сәйкессіздігі
- •Сезімталдық бұзылыстарының жалпы тетіктері
- •Ауыру сезімінің патофизиологиясы
- •Сүлде ауырулық синдромдардың түрлері және даму жолдары
- •Соматогендік ауырулық синдромдардың даму тетіктері
- •Бастапқы гипералгезияның пайда болу тетіктері
- •Салдарлық гипералгезияның даму тетіктері
- •Нейрогендік ауырулық синдромның даму тетіктері
- •Дерттік (сүлде) ауыру сезімін емдеу негіздері
- •Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары
- •Қимыл-қозғалыс бұзылыстарының түрлері
- •Гиперкинезиялар
- •Шабан гиперкинезиялар
- •Атаксиялар
- •Жүйкелік нәрленістің бұзылыстары және нейродистрофиялық үрдістер
- •Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік себепкер ықпалдар қалыптасуының маңызы
- •Эпилепсия (қояншық ауруы)
- •Тырыспа-селкілдек ұстамасының түрлері
- •Нейрожұқпалар
- •Менингиттер
- •Мый қанайналымының бұзылыстары
- •Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері
- •Оңжақ және солжақ мый жартылары инсультінің ерекшеліктері Мыйдың солжақ жартысының бүлінуі
- •Оңжақ мый жартысының бүлінуі
- •Инсульттің зардаптары
- •Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары (мқөб)
- •Мыйға қан құйылу – геморагиялық инсульт
- •Ишемиялық инсульт (мый инфаркты)
- •Жоғары жүйке әрекеттерінің бұзылыстары. Жүйке тозуы (невроздар)
- •Невроздардың жіктелуі
- •Невроздық жағдайлардың жалпы көріністері
- •Вегетоневроздар туралы түсінік
- •Эндокриндік жүйе бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Бездердіњ орталыќ реттелулерініњ бђзылыстары
- •Бездердіњ љздерінде орналасќан дерттер
- •Гормондардыњ безден тыс жѕне шеткері ѕсер ету тетіктерініњ бђзылыстары
- •Эндокриндік бездердіњ ќызметтерініњ бђзылыстары
- •Ќантты диабеттіњ патогенезі жѕне клиникалыќ кљріністері
- •Ќалќаншабез патофизиологиясы
- •Гипотиреоз
- •Гипотиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Гипертиреоз
- •Гипертиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Бџйрекџсті бездерініњ патофизиологиясы
- •Гипокортицизм
- •Гиперкортицизм
- •Гиперкортицизмніњ кљріністері
- •Гиперѕлдостеронизм
- •Феохромоцитома
- •Адамныњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ бђзылыстары Еркектердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Ерлердіњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардыњ ѕсері
- •Ѕйелдердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Етеккір оралымыныњ гормондыќ реттелуі
- •Жыныстыќ жетілу жѕне оныњ бђзылыстары
- •Еркектерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Туа біткен гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Нормогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Егде тартќан еркектерде андрогендердіњ тапшылыѓы
- •Еркектердіњ бедеулігі
- •Ќуыќастыбез ќызметініњ біртектес бђзылыстары
- •Ѕйелдерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Аменорея
- •Гипергонадизм
- •Дертті жџктілік
- •Жыныстыќ жџйеніњ даму аќаулары мен дерттік љзгерістері
- •Жџктілік дамуына жыныстыќ жџйеден тыс аѓзалар ауруларыныњ ѕсері
- •Жџктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жџкті ѕйелдердіњ нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдыќ сілейме
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболияныњ клиникалыќ кљріністері
- •Адамның ұрпақ өрбіту қабілеті Еркектердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Ерлердің ұрпақ өрбіту қабілетінің реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардың әсері
- •Атабездер мен олардың қосалқылары қызметтерінің біртектес бұзылыстары
- •Еркектерде гипоталамус-гипофиз-жыныстық жүйенің (ггжж) бұзылыстары
- •Қуықасты безі қызметінің біртектес бұзылыстары
- •Әйелдердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Етеккір оралымының гормондық реттелуі
- •Әйелдердің гормондық бұзылыстары
- •Аналық жасушаның ұрықтануы
- •Әйел денесінің жүктілікке бейімделуі және оның бұзылыстары
- •Дертті жүктілік
- •Жүктілік дамуына жыныстық жүйеден тыс ағзалар ауруларының әсері
- •Жүктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жүкті әйелдердің нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдық сілейме
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболияның клиникалық көріністері
Сидеробластық анемиялар
Сидеробластық анемиялардың барлық түрлеріне сүйек кемігінде эритроидтық өскіндердің, жиі миелоидтық тіндермен бірге, гиперплазиясы дамуы тән құбылыс. Бұл анемиялар кездерінде жүзік тәрізді сидеробластар (өзгерген эритроидтық жасушалардың ядросын айналасынан темір жиналған митохондрийлар қоршап сақина тәрізді болатын жасушалар) жиналып қалады, бауырда, өкпеде т.б. ағзаларда гемосидероз қатты дамиды. Шеткері қанда ретикулоциттер жоғалады. Өйткені сүйек кемігінде эритропоез дәрменсіз болады. Қанда эритроциттер азаяды, эритробластар, Жолли денешіктері, базофилдік нүктелері бар жасушалар, микроциттер пайда болады. Негізінен гипохромдық эритроциттер өндіріледі. Шеткері тіндерде темір иондары жиналып қалуынан көптеген ағзалардың ұлпасы бүлінеді. Бұл кездерде ең ауыр бүліністерге жүрек етінде серпіндердің өткізгіштігі бұзылыстарынан атриовентрикулалық бөгетпен, жүрекшелердің аритмиясымен көрінетін кардимиопатиялар, сарғыштанумен көрінетін бауыр беріштенуі, қан ұюының бұзылыстары, гипоәлбуминемиядан дене ісінуі, ұйқыбездің, гипофиздің, жыныстық бездердің қызметтерінің бұзылыстары жатады.
Гемоглобин молекуласындағы гем молекуласының түзілуі көптеген ферменттердің қатысуымен өтетін күрделі үрдіс. Порфириннің түзілуі глициннің янтар қышқылы өнімдерімен байланысуымен басталады. Содан σ-аминолевулен қышқылы түзіледі. Ол үшін В6 витаминінің коферменттік түрі - пиридоксальфосфат қажет. Екі σ-аминолевулен қышқылынан порфобилиноген түзіледі. Артынан порфобилиногеннің төрт молекуласынан уропорфирин-копропорфирин түзіледі. Копропорфирин карбоксил тобынан айрылып, протопорфиринге айналады, соңғысы гемсинтетаза ферментінің қатысуымен темірдің иондарын байланыстырып, гемге айналады ( - сызбанұсқа).
- сызбанұсқа.
Гем молекуласының түзілуі.
Көрсетілген тізбектің бұзылуынан организмдегі бар темірдің гемнің молекуласына енуі болмайды. Оның себебі порфирин түзуге қажетті ферменттердің болмауы немесе олардың белсенділігі төмендеуі. Порфириннің түзілуі организмнің барлық жасушаларында болады, бірақ солардың ішінде сүйек кемігінде эритрокариоциттерде және бауыр жасушаларында ең көп деңгейде болады. Порфириндер темірі бар ферменттердің (каталаза, цитохромдар, пероксидаза т.б.) және миоглобиннің, гемоглобиннің құрамына енеді.
Сидеробластық анемия тұқым қуатын және жүре пайда болған болады.
Тұқым қуатын сидеробластық анемия гем молекуласы түзілуіне қажетті дельта-аминолевулен қышқылының синтетазасы өндірілмеуінен дамиды. Осыдан дельта-аминолевулен қышқылы порфобилиногенге, ол өз алдына уро- және копропорфиринге ауыспайды. Осыдан қанда гем молекуласына енбеген темір және жасушаларда ферритин түрінде жиналған темір көбейеді. Сүйек кемігінде эритроидтық өскіндердің гиперплазиясы дамиды және 90%-ға дейін жүзік тәрізді сидеробластар, ядросы өзгерген эритробластар байқалады. Бұл анемия ұрпақтан үрпаққа Х-хромосомамен тіркесіп немесе аутосомдық бәсеңкі түрде беріледі.
Шеткері қанда: эритроциттер шамалы азаяды, гемоглобиннің деңгейі 40-50 г/л дейін қатты төмендейді, түстік көрсеткіш 0,6-дан төмен, ретикулоциттер қалыпты деңгейде немесе шамалы азаяды.
Қан жағындысында анизоцитоз, пойкилоцитоз, нысана тәрізді эритроцитгер байқалады. Қан сұйығында темірдің денгейі әдеттегіден жоғары (80-100 ммоль/л) болады.
Жүре пайда болған сидеробластық анемия қорғасынмен уланғанда немесе В6 витаминінің аздығынан жиі дамиды.
Қорғасынмен организмнің улануынан протопорфириннің түзілуіне қажетті (аминолевулен қышқылының дегидразасы, уропорфириногеннің декарбокси-лазасы, гемсинтетаза) ферменттердің белсенділігі төмен болады.
В6 витаминінің тапшылығы нәтижесінде гемнің молекуласына темірдің енуі және гемоглобиннің түзілуі бұзылады.
Көрсетілген себептерден порфирин тапшылықты анемия дамиды. Әсіресе қорғасынмен уланудан қанда, жүйке жүйесінде, ас қорыту жолдарында ауыр бүліністер пайда болады. Бұл кезде шеткері қанда эритроциттер азайған, гипохромдық, нысана тәрізді эритроциттер байқалады. Эритроциттердің ішінде көк түске боялған нүктелер пайда болады. Ретикулоциттердің саны жиі 30-80%-ға жетеді. Қан плазмасында темірдің деңгейі (60-80 ммоль/л дейін) көтеріледі. Тіндерде, темір иондарының жиналуынан, гемосидероз дамиды. Аминолевулен қышқылының деңгейі қанда және несепте көбейеді. Бұл қорғасынның әсерінен аминолевулен қышқылының дегидразасының белсенділігі төмендеуінен болады.
Жүйке жүйесінің бүліністері. Қорғасын мыйға улы әсер етуінен бас ауыруы, тырыспа-селкілдек, жадының нашарлауы сияқты белгілермен көрінетін энцефалопатиялар, полиневриттер дамиды.
Ас қорыту жолдарында дамитын бұзылыстардан тәбеттің азаюы, ішектердің түйілуі, іш қату байқалады. Күрек тістердің, қызыл иектерінің жасушаларында қорғасын жиналудан, жіңішке қызыл түсті сызықшалар пайда болады.
В6 - витамині тапшылықты анемия кезінде шеткері қанда эритроциттер шамалы азаяды, бірақ олар көбінесе гипохромдық болады. Сонымен бірге анизоцитоз, пойкилоцитоз байқалады. Қан сары суында темірдің деңгейі қалыптыдан жоғары болады.
Сидеробластық анемияларды емдеу жолдары негізгі себепкер ықпалды аластауға бағытталуы қажет. Қорғасынмен улану кезінде қанды тазарту (гемодиализ), энтеросорбенттер қолдану, антиоксиданттық дәрілер мен витаминдер тағайындау маңызды. В6 - витамині тапшылықтықтығы кезінде осы витамин енгізілуі қажет.
В12-витамин және фолий тапшылықты анемия
В12-витамин және фолий қышқылы тапшылықты анемияны алғаш Аддисон 1849 ж жариялады. Артынан 1872 ж. Бирмер қатерлі немесе пернициоздық (лат. perniciosus-қатерлі) анемия деп атады. Бұл анемия мегалобластық анемияға жатады.
В12-витамині (кобаламин) етте, жұмыртқада, бауырда, сүтте, бүйректе, ірімшікте көп болады және оны Кастлдың сыртқы антианемиялық факторы дейді. Асқазанның кілегей қабығының іргелі жасушаларында Кастлдың ішкі антианемиялық факторы - гастропротеин өндіріледі.
Асқазанға түскен В12-витамині пепсиннің әсерімен нәруызды бөлігінен ажыратылып алынады. Ары қарай кобаламин сілекейде транскобаламин-1 нәруызымен байланыстырылып тасымалданады.
Ішкі антианемиялық фактор кобаламин-транскобаламин-1-мен бірге ұлтабардың төменгі бөліктеріне түседі. Содан ұйқы безінің протеолиздік ферменттерінің әсерлерінен кобаламин транскобаламин-1-ден ажырап, ішкі антианемиялық фактормен тасымалданады. «Ішкі антианемиялық фактор- кобаламин» кешені мықын ішекте қанға сіңіріледі. Қанда кобаламин транскобаламин-2 нәруызымен тасымалданады (-сурет). Қанға түскен В12-витамині бауырда жинақталады. Оның жалпы қоры мөлшермен 2-5 мг болады. Ол организмнен сыртқа мардымсыз мөлшерлерде шығарылады. Сондықтан тағаммен В12-витамині түспегеннің өзінде оның қоры 2-3 жылға жетеді.
-сурет Кобаламиннің сіңірілуі
Этиологиясы. В12-витаминінің тапшылығы мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:
● тағаммен түскен кобаламиннің қанға сіңірілмеуінен; ол өз алдына мына себептерден болады:
√ асқазанда ішкі антианемиялық фактор мен тұз қышқылының өндірілмеуінен; мәселен, асқазанның іргелік жасушаларының аутоиммундық бүліністері кездерінде, асқазанды сылып тастағаннан кейін немесе атрофиялық гастриттер кездерінде В12-витамині энтероциттердің Са2+-тәуелді арнайы рецепторларымен әрекеттесе алмайды;
√ ашішек аурулары (глютен ауруы, лимфома, энтерит, спру) кездерінде энтероциттердің үстіңгі мембранасы бүліністерінен В12-витаминді байланыс-тыратын арнайы рецепторлар қатты азайып кетеді;
√ ішектерде болатын жалпақ құрттар В12 витаминді артық пайдаланып қояды. Осы себептерден В12-витаминінің қанға сіңірілуі бұзылады.
● кобаламинге организмнің мұқтаждығы артып кетуінен; мәселен жүкті әйелдерде (ұрық дамуының 4-5 айлық мерзімінде қан өндірілу ұрықтық түрден эритробластық түрге ауысуына байланысты ұрық анасының кобаламині мен фолий қышқылын көп пайдаланады);
● бауыр аурулары (гепатит, цирроз) кездерінде витаминдердің қорға жиналуы бұзылуынан;
● тағамда кобаламиннің (қатаң тек өсімдіктерден тұратын тағаммен қоректенетін вегетериандарда, балаларды ешкі сүтімен, құрғақ сүт қосын-дыларымен тамақтандырғанда) жеткіліксіздігінен.
Адамда қатерлі анемия дамуына жиі әкелетін себепкер ықпал болып асқазанда ішкі антианемиялық фактордың өндірілуі бұзылуы есептеледі. Асқазанның іргелік жасушаларының аутоиммундық бүліністерінен ішкі антианемиялық фактор мен тұз қышқылының өндірілуі азаяды. Сондықтан пернициоздық анемияны аутоиммундық ауруларға жатқызады. Бұл кезде 60% науқастардың қанында асқазанның эпителий жасушаларына немесе ішкі антианемиялық факторға қарсы аутоантиденелер анықталады. Кейбір адамдарда асқазанның эпителий жасушаларында ішкі антианемиялық фактор өндіре алмауына, аутосомдық-бәсеңкі түрде ұрпаққа тарайтын, бейімділік болады.
Патогенезі. Кобаламин жасушалардың ішінде болатын екі түрлі ферменттердің белсенділігін көтеретін коферменті болып саналады:
● біріншіден, метионин түзілуіне қажетті метионинсинтаза ферментінің;
● екіншіден, метилмалонил-коэнзим А-ны сукцинил-коэнзим А-ға ауыс-тыратын метилмалонил-коэнзим А-мутаза ферментінің коферменті.
Метионинсинтаза ферменті метилтетрагидрофолий қышқылынан метил тобын ажыратып алады да, оны гомоцистеинге қосып, метионин түзуге қатысады. Бұл кезде метил-тетрагидрофолий қышқылынан тетрагидрофолий қышқылы босап шығады. Бұл қышқыл дезоксиуридинді дезокситимидинге ауыстыру үшін қажет. Ал дезокситимидин ДНҚ молеку-ласы түзілуі үшін пайдаланылады.
Кобаламин тапшылығы кезінде метионинсинтаза ферментінің белсенділігі төмендеуден фолий қышқылының салдарлық жеткіліксіздігі дамиды, ДНҚ молекуласының түзілуі бұзылады (-сызбанұсқа). Бұл кезде РНҚ мен нәруыздар түзілуі сақталып қалады. Осыдан:
● сүйек кемігінде эритроциттердің өндірілуі бұзылады;
● ас қорыту жолдарының жаңарып тұру қабілеті бұзылады.
Эритроциттердің өндірілуі бұзылуы. Сүйек кемігінде эритрокариоциттерде, ДНҚ молекуласы түзілуі бұзылудан, РНҚ/ДНҚ арақатынасы 0,85-ке дейін көбейеді (қалыпты жағдайда ол 0,3) Содан бұл жасушалардың хромосомаларында хроматидтердің жыртылуы болып, олардың митоздық көбеюі S-фазасында тоқталады. Бұл кезде мутациялық өзгерістер дамуы жиілейді, мутацияға ұшыраған жасушалардың фагоциттелінуі қатты артады. Мутацияға ұшырамаған жасушаларда гемоглобин түзілу кезеңі ұзарады, гемоглобин мөлшері көбейген жасушалар пайда бола бастайды. Жасуша ядро-сындағы бар ДНҚ молекуласы жартылай ғана екіге ажырап, бір жасушаның ішінде сақталып қалады. Сол себепті жасушалардың ішінде қалыптыдан көп ДНҚ молекуласы болудан, олардың көлемі ұлғайып, алып жасушалар (мегалобластар мен мегалоциттер) пайда болады. Содан сүйек кемігінде қан өндірілу эритробластық түрінен мегалобластық түрге ауысады. Мегалоциттердің сүйек кемігі қойнауы мен қанайналымға шығарылуы баяулайды. Бұл кезде дәрменсіз эритропоез күшейеді, эритроциттердің тіршілік мерзімі қысқарады. Қан өндірілуі бұзылуынан және эритроциттердің сүйек кемігінде артық гемолизінен анемия дамиды. Мегалобластар мен мегалоциттер шеткері қанға түседі. Бұл алып жасушалар гемоглобинге қаныққан болады. Содан қанның түстік көрсеткіші 1-ден жоғары болып, гиперхромдық анемия дамиды, бірақ гемоглобиннің жалпы мөлшері тым аз болғандықтан қанның оттегіге сыйым-дылығы азаяды.
Бұл анемия кезінде, эритроциттер мен гемоглобиннің қатты азаюымен қатар, лейкоциттер мен тромбоциттердің де азаюы байқалады. Оларда бүліністік өзгерістерге ұшырап, алып нейтрофилдер және ядросы бүлінген мегакарио-циттер шеткері қанда көптеп пайда болады.
Ас қорыту жолдарының бұзылыстары. Кобаламинңің жеткіліксіздігінде, ДНҚ молекуласы түзілмеуінен, асқорыту жолдары эпителий жасушаларының өсіп-өнуі бұзылып, оның бөліктерінің кілегей қабықтарында атрофиялық қабыну (глоссит, стоматит, эзофагит, гастрит, энтерит) дамиды. Атрофиялық глоссит дамуынан тілдің бүрлері жоғалып, жып-жылтыр болып, ол тегістеліп кетеді. Бұндай тілді «Гунтер тілі» дейді ( - сурет). Атрофиялық гастриттің нәтижесінде ішкі антианемиялық фактордың өндіріліп шығарылуы бұзылып, В12-витаминінің сіңірілуі болмайды. Осыдан, кері айналып соғу шеңбері бойынша, кобаламиннің тапшылығы одан сайын күшейеді.
- сурет. В12-тапшылықты анемия кезіндегі Гунтер тілі.
Метилмалонил-коэнзим А-мутаза ферментінің белсенділігі төмендеуі. Кобаламин жетіспеуі кезінде осы ферменттің белсенділігі төмендеуінен, жүйке жасушаларына улы әсер ететін метилмалонил-коэнзим-А жиналып қалып, қанықпаған май қышқылдарының алмасуы бұзылады (-сызбанұсқа). Осыдан, жүйке талшықтарын қаптайтын миелиннің құрамына қалыптыдан ауытқыған май қышқылдары еніп кетеді немесе миелин қабықтары құрылмайды. Содан жүйке жүйесінің миелин қабықтары жоғалып, аксондардың қызметтері бұзылыстарына әкеледі. Бұл кезде жұлынның артқы және ірге мүйіздерінің бүліністері дамиды, мидағы және шеткері жүйкелер бүлінеді. Көптеген жүйке талшықтарының қабынулары, сезімталдықтың бұрмаланулары (парестезиялар) байқалады. Бұл бұзылыстардың дамуында, жоғарыда келтірілгендермен қатар, кобаламин тапшылығынан метионин түзілуінің азаюы да маңызды орын алады. Өйткені метиониннің аздығынан құрамына холин енетін, жасуша мембрана-сының құрамында болатын, фосфолипидтердің түзілуі тежеледі.
Қорыта келгенде, бұл анемиялар кездерінде қан жүйесі, асқорыту жолдары мен жүйке жүйесінің бұзылыстары біріккен түрде байқалады.
Қан көріністері. В12-витамин тапшылықты анемиялар:
● қан өндірілудің түрі бойынша - мегалобластық анемия;
● түстік көрсеткіші бойынша – гиперхромдық анемия;
● эритроциттердің көлемі бойынша – макроциттік немесе мегалоциттік анемия.
Қанда эритроциттер мен гемоглобиннің жалпы деңгейі бұл анемияларда қатты төмендейді, бірақ гемоглобинмен толған мегалобластар мен мегалоциттердің қанда көп болуынан түстік көрсеткіш 1-ден жоғары (1,4-1,8) болады.
Қан жағындысында сүйек кемігінің дерттік өзгерген жасушалары:
● мегалоциттер (диаметрі 10-12 мкм-ден үлкен, ортасында жарықтануы жоқ қарқынды боялған, бірқатар сопақша жасушалар);
● мегалобластар (диаметрі 12-15 мкм цитоплазмасы көгілдір, қызғылтым немесе көп түске боялған, ядросы бар ірі жасушалар) көрінеді. Бұларға ерте гемоглобиндену және нәзік торлы, әдетте шеткері орналасқан, ядросы болуы тән.
-сурет. Сол жақта эритробластар (нормобластар), оң жақта мегалобластар.
Қанда көптеген бүліністік өзгерістерге ұшыраған эритроциттер: пойкилоцитоз, анизоцитоз (макроцитоз), гиперхромия, Жолли денешіктері, Кебот жүзіктері бар мегалоциттер, көгілдір нүктелері бар эритроциттер кездеседі (-сурет). Физиологиялық регенерациялық жасушалар (ретикулоциттер) азаяды, өйткені сүйек кемігінде қан өндірілуінің эритробластық түрі бөгеліп, мегалобластық эритропоез басым болады. Миелоидтық және мегакариоциттік өскін тіндердің қалыптыдан ауытқыған жасушалары (көп бөлшектелген алып нейтрофилдер) болуымен қатар (-сурет), лейкоциттер мен тромбоциттердің саны азаяды.
-сурет. Қан жағындысында алып таяқша ядролы және көп бөлшектенген ядролы нейтрофилдер.
- сызбанұсқа
В12-витамині тапшылықты анемияның патогенезі
