- •Алматы 2010
- •Ауру және біртектес дерттік үрдістер
- •Организм реактивтілігі
- •Организмнің төзімділігі және оның түрлері
- •Реактивтіліктің түрлері
- •Сүлде қабынудың даму жолдары
- •Тін бүліністеріне организмнің жалпы серпілістері
- •Жіті кезеңдік жауап
- •Жіті кезеңнің арнайыланған нәруыздары
- •Қан сұйығының протеолиздік жүйесінің әсерленуі
- •Қызбаның клиникалық жіктелу түрлері
- •Жалпы адаптациялық синдром (стресс)
- •Сілейме (шоқ)
- •Сілеймені емдеу әдістерінің патогенездік негіздері
- •Оттегі гомеостазының бұзылыстары
- •Гипоксия
- •Экзогендік (гипоксиялық) гипоксия
- •Эндогендік гипоксиялар
- •Тіндерде оттегінің пайдаланылмауынан дамитын гипоксия
- •Тіндерде қоректік заттардың тотығуы мен фосфорлану үрдістерінің бір-біріне ұласпауынан дамитын гипоксия
- •Гипоксия кезіндегі зат алмасулары мен физиологиялық міндеттемелердің бұзылыстары.
- •Гипероксия
- •Өкпенің газ алмастыру қызметін сипаттайтын қалыпты көрсеткіштер
- •Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары
- •Гипогидратация немесе сусыздану.
- •Гипогидрияны емдеу жолдарының негіздері.
- •Гипергидрия немесе сулану.
- •Гипернатриемия
- •Гипонатриемия
- •Кальций, фосфор, магний иондары алмасуының бұзылыстары
- •Гипокальциемия және гиперкальциемия
- •Фосфор иондары алмасуының бұзылыстары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Қандағы қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Жасуша ішілік қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (қсү) артериалық қандағы калыпты көрсеткіштері
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Гиперкапния кезіндегі жүйелердің бұзылыстары
- •Семіздіктің жіктелулері
- •Біріншілік (идиопатиялық) семіру
- •Семірудің зардаптары
- •Гиперлипопротеинемиялар. Атеросклероз
- •Атеросклероз
- •Бауырда бос май қышқылдарынан үшглицеридтер мен бете-липопротеидтер түзілуі
- •Атеросклероздың патогенезі
- •Қан плазмасындағы майлар мен липопротеидтердің алмасулары
- •Иммундық жүйенің бұзылыстары
- •Иммундық тапшылықты жағдайлар
- •Туа біткен (біріншілік) иммундық тапшылықтар
- •Салдарлық (жүре пайда болған) иммундық тапшылықтар
- •Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (житс)
- •Аутоиммундық үрдістер
- •Трансплантатты тойтару
- •Аллергия
- •Аллергиялардың жіктелуі
- •Аллергиялық серпілістердің патогенезі
- •Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі
- •Аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік III-түрі
- •Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-ші түрі немесе баяу дамитын жоғары сезімталдық (бджс)
- •Дереу және баяу дамитын аллергиялық серпілістердің айырмашылықтары
- •Жалған аллергиялар
- •Жұқпалар патофизиологиясы. Сепсис
- •Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының түрлері
- •Жұқпалар пайда болуына әкелетін жағдайлар
- •Микроорганизмдердің жасушаларды бүліндіру тетіктері
- •Жұқпалы үрдістердің патогенезі
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Жұқпа қоздырғыштарынан организмнің қорғану тетіктері
- •Бейспецификалық тетіктеріне:
- •Арнайыланған қорғаныстық тетіктер
- •Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері
- •Өспе өсу патогенезі
- •Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы.
- •Өспе жасушаларының қатерлі өспелердің қасиетін қабылдап, қарқынды өсіп-өнуінен бастапқы өспе түйіні пайда болуы (промоция)
- •Өспе алды жағдайлар.
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы
- •Тері бөртпелерінің морфологиялық элементтері
- •Тері қабынулары
- •Дерматиттер
- •Фолликулиттер
- •Гидраденит
- •Дерматоздар
- •Тері өспелері
- •Тірек-қимылдық мүшелердің патофизиологиясы Сүйек тінінің бұзылыстары
- •Остеопатиялар
- •Тұқыммен тарайтын остеопатиялар
- •Жүре пайда болған остеопатиялар
- •Остеопороз
- •Остеомаляция
- •Остеонекроз
- •Сүйек сынуы немесе шатынауы
- •Буын дерттері (артропатиялар)
- •Артриттер
- •Құздама тәрізді артрит
- •Бұлшықеттердің біртектес бүліністері
- •Бұлшықеттердің жүре пайда болған бүліністері
- •Бұлшықеттердің туа біткен бүліністері
- •Қозудың жүйкеден бұлшықетке тарауы және жүйкелік нәрленістік ықпалдардың бұзылыстары
- •Ацетилхолиннің түзілуі мен оның қимылдық жүйкелердің аяқшаларында жинақталуының ақаулары
- •Ацетилхолинэстеразаның шынайы тапшылығы
- •Холинорецепторлардың түзілуі мен жүйке-бұлшықет синапстарының пре- және постсинапстық мембраналарында олардың жинақталуының ақаулары
- •Қан жүйесінің патофизиологиясы
- •Анемиялар
- •Эритропоез бұзылыстарынан дамитын (дизэритропоездік) анемиялар
- •Тапшылықты анемиялар
- •Темір тапшылықты анемиялар
- •Теміртапшылықты анемияның патогенезі.
- •Сүлде аурулар кездеріндегі анемиялар
- •Сидеробластық анемиялар
- •Гем молекуласының түзілуі.
- •Фолий-тапшылықты анемия
- •Гипоплазиялық немесе аплазиялық анемиялар
- •Гемолиздік анемиялар
- •Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар.
- •Жіті қансырау
- •Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар
- •Лейкоздар
- •Лейкоздардың жіктелуі.
- •Жіті лейкоздар
- •Сүлде лейкоздар
- •Гемостаздың бұзылыстары
- •Қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын біріншілік гемостаз.
- •Қан ұю жолдары.
- •Қан ұюына қарсы (антикоагулянттық) жүйе
- •Фибринолиз жүйесі
- •Гемостаздың бұзылу түрлері
- •Қанағыштыққа бейімділік
- •Тамыр қабырғаларының бүліністерінен дамитын геморрагиялық диатездер
- •Тромбоциттердің өзгерістерінен дамитын қанағыштыққа бейімділіктер
- •Жүре пайда болған тромбоцитопатиялар
- •Коагулопатиялар
- •Гемостаздың плазмалық қан ұю факторлары мен тромбоциттік бұзылыстардың біріккен әсерлерінен дамитын геморагиялық диатездер.
- •Тромбоз, тромбэмболия
- •Тромбоз дамуында қан тамырлық-тромбоциттік гемостаз бұзылыстарының маңызы
- •Аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артерияларының эмболиясы
- •Хирургиялық науқастарда аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артериясының тромбэмболиясынан алдын-ала сақтандыру жолдарының патогенездік негіздері
- •Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (тшқұ) синдромы
- •Тшқұ-синдоромының патогенезі
- •Тшқұ-синдромының зертханалық көрсеткіштері
- •Тшқұ-синдромы кезіндегі қан ұю жүйесінің зертханалық көрсеткіштері
- •Жіті және жітілеу тшқұ-синдромын емдеу ұстанымдары
- •Жүрек-қантамырлар жүйесінің патофизиологиясы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі
- •Жүрек алдылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •Оңжақ жүрекше мен қуыс веналардың қанға артық толуы
- •Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты артуы
- •Жүрек қуыстарының диастола кезінде қанға артық толуы
- •А Ағзалардың қызметтері бұзылуы ғза қызметтерінің бұзылуы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (жқсж) емдеу шаралары
- •Жүректің ишемиялық ауруы (жиа)
- •Жүректің ишемиялық ауруының түрлері
- •Миокард инфарктының патогенезі
- •Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері
- •Миокард инфарктынан сауығу кезеңінде мүмкін болатын асқынулардың патофизиологиялық сипаттамалары
- •Жүрек аритмиялары
- •Номотоптық аритмиялар
- •Гетеротоптық аритмиялар
- •Шүріппелік белсенділік артып кетуі
- •Ұстамалы тахикардия
- •Өткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары
- •Ырғақ игерілуінің бұзылыстары
- •Cерпіндердің қалыптасуы мен өткізілуінің біріккен бұзылыс-тарынан дамитын жүрек аритмиялары
- •Жүрек аритмияларының патогенезі
- •Жүрек жыпылығы дамуының электрофизиологиялық негіздері
- •Жүрек аритмияларын емдеу негіздері
- •Артериалық гипертензиялар
- •Эссенциалық гипертензия.
- •Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтандыру мен емдеу әдістерінің патофизиологиялық негіздері
- •Әйгіленімдік гипертензиялар
- •Сыртқы тыныс патофизиологиясы
- •Обструкциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Бронхиалық демікпе
- •Демікпелік күй (status)
- •Демікпелік күймен ауыратын науқастарды қарқынды патогенездік емдеу негіздері
- •Асфиксиялық синдром
- •Рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Өкпе гипертензиясы
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпеқап дерттері
- •Өкпені жасанды желдетудің патогенездік негіздері
- •Асқорыту жүйесінің патофизиологиясы Бауыр патофизиологиясы
- •Сарғыштану
- •Механикалық сарғыштану
- •Бауырлық сарғыштану
- •Гемолиздік сарғыпггану
- •Сарғыштануларды өзара ажырату көрсеткіштері
- •Вирустық гепатит
- •Клиникалық көріністері
- •Сүлде гепатит
- •Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен сана-сезімнің бұзылыстары мен энцефалопатия дамуы
- •Бауыр циррозы, порталдық гипертензия және асцит
- •Бауыр ауруларына тән зерханалық көрсеткіштер
- •Холецистит
- •Тіс жегісі (кариесі).
- •Пародонтит
- •Гастриттердің патогенезі
- •Жіті гастрит
- •Сүлде гастрит
- •Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Жіті панкреатит
- •Сүлде панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі
- •Ішек бітелуі
- •Бүйрек патофизиологиясы Гломерулопатиялар
- •Жіті гломерулонефрит
- •Жітілеу жайылмалы гломерулонефрит
- •Сүлде жайылмалы гломерулонефрит
- •Нефроздық (нефроткалық) синдром
- •Пиелонефрит
- •Несеп-тас ауруы (нефролитиаз, уролитиаз)
- •Обструкциялық уропатия
- •Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
- •Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі (бжж)
- •Бүйрек кызметінің сүлде жеткіліксіздігі (бсж)
- •Жүйке жүйесінің патофизиологиясы Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
- •Қанайналымның бұзылыстарынан болатын мый бүліністері
- •Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістері
- •Нейрон мембраналарының бұзылыстары
- •Аксон қызметтерінің бұзылыстары
- •Дендриттердің бүзылыстары
- •Түйіспелер қызметтерінің бұзылыстары
- •Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері
- •Тежелудің тапшылығы
- •Сезімталдықтың бұзылыстары
- •Тітіркендіргіштің қарқынын түйсінудің бұзылуы
- •Тітіркендіргішке сезімнің сәйкессіздігі
- •Сезімталдық бұзылыстарының жалпы тетіктері
- •Ауыру сезімінің патофизиологиясы
- •Сүлде ауырулық синдромдардың түрлері және даму жолдары
- •Соматогендік ауырулық синдромдардың даму тетіктері
- •Бастапқы гипералгезияның пайда болу тетіктері
- •Салдарлық гипералгезияның даму тетіктері
- •Нейрогендік ауырулық синдромның даму тетіктері
- •Дерттік (сүлде) ауыру сезімін емдеу негіздері
- •Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары
- •Қимыл-қозғалыс бұзылыстарының түрлері
- •Гиперкинезиялар
- •Шабан гиперкинезиялар
- •Атаксиялар
- •Жүйкелік нәрленістің бұзылыстары және нейродистрофиялық үрдістер
- •Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік себепкер ықпалдар қалыптасуының маңызы
- •Эпилепсия (қояншық ауруы)
- •Тырыспа-селкілдек ұстамасының түрлері
- •Нейрожұқпалар
- •Менингиттер
- •Мый қанайналымының бұзылыстары
- •Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері
- •Оңжақ және солжақ мый жартылары инсультінің ерекшеліктері Мыйдың солжақ жартысының бүлінуі
- •Оңжақ мый жартысының бүлінуі
- •Инсульттің зардаптары
- •Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары (мқөб)
- •Мыйға қан құйылу – геморагиялық инсульт
- •Ишемиялық инсульт (мый инфаркты)
- •Жоғары жүйке әрекеттерінің бұзылыстары. Жүйке тозуы (невроздар)
- •Невроздардың жіктелуі
- •Невроздық жағдайлардың жалпы көріністері
- •Вегетоневроздар туралы түсінік
- •Эндокриндік жүйе бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Бездердіњ орталыќ реттелулерініњ бђзылыстары
- •Бездердіњ љздерінде орналасќан дерттер
- •Гормондардыњ безден тыс жѕне шеткері ѕсер ету тетіктерініњ бђзылыстары
- •Эндокриндік бездердіњ ќызметтерініњ бђзылыстары
- •Ќантты диабеттіњ патогенезі жѕне клиникалыќ кљріністері
- •Ќалќаншабез патофизиологиясы
- •Гипотиреоз
- •Гипотиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Гипертиреоз
- •Гипертиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Бџйрекџсті бездерініњ патофизиологиясы
- •Гипокортицизм
- •Гиперкортицизм
- •Гиперкортицизмніњ кљріністері
- •Гиперѕлдостеронизм
- •Феохромоцитома
- •Адамныњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ бђзылыстары Еркектердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Ерлердіњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардыњ ѕсері
- •Ѕйелдердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Етеккір оралымыныњ гормондыќ реттелуі
- •Жыныстыќ жетілу жѕне оныњ бђзылыстары
- •Еркектерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Туа біткен гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Нормогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Егде тартќан еркектерде андрогендердіњ тапшылыѓы
- •Еркектердіњ бедеулігі
- •Ќуыќастыбез ќызметініњ біртектес бђзылыстары
- •Ѕйелдерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Аменорея
- •Гипергонадизм
- •Дертті жџктілік
- •Жыныстыќ жџйеніњ даму аќаулары мен дерттік љзгерістері
- •Жџктілік дамуына жыныстыќ жџйеден тыс аѓзалар ауруларыныњ ѕсері
- •Жџктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жџкті ѕйелдердіњ нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдыќ сілейме
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболияныњ клиникалыќ кљріністері
- •Адамның ұрпақ өрбіту қабілеті Еркектердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Ерлердің ұрпақ өрбіту қабілетінің реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардың әсері
- •Атабездер мен олардың қосалқылары қызметтерінің біртектес бұзылыстары
- •Еркектерде гипоталамус-гипофиз-жыныстық жүйенің (ггжж) бұзылыстары
- •Қуықасты безі қызметінің біртектес бұзылыстары
- •Әйелдердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Етеккір оралымының гормондық реттелуі
- •Әйелдердің гормондық бұзылыстары
- •Аналық жасушаның ұрықтануы
- •Әйел денесінің жүктілікке бейімделуі және оның бұзылыстары
- •Дертті жүктілік
- •Жүктілік дамуына жыныстық жүйеден тыс ағзалар ауруларының әсері
- •Жүктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жүкті әйелдердің нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдық сілейме
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболияның клиникалық көріністері
Сүлде гастрит
Пайда болу себептеріне қарай сүлде гастриттерді В түріндегі (бактериялық) гастрит, А түріндегі (аутоиммундық) гастрит, С түріндегі (химиялық) гастрит деп ажыратады.
Бактериялық гастрит пайда болуында Helicobaсter pylori бірінші орында тұрады, ал вирустар, майда саңырауқұлақтар және паразиттер гастрит дамуына сирегірек әкеледі. Helicobaсter pylori (НР) асқазанның антралдық-пилорустық бөлігінде өсіп-өнеді. Сол себепті В түріндегі сүлде гепатит кезінде асқазанның антралдық бөлігінің шырышты қабығы басымыр-ақ бүлінеді де, тұз қышқылын өндіретін іргелік жасушалардың бүліністері шамалы ғана дәрежеде болады. Кейбір науқастарда G-жасушаларына қарсы антиденелер анықталады. Содан гастрин өндірілуі азаяды. Сондықтан сүлде гастриттің бұл түрінде асқазан сөліндегі тұз қышқылының деңгейі көтерілмей, қалыпты шамада сақталады.
Патогенезі. Helicobaсter pylori (НР) уреаза, фосфолипазалар А1, А2 және С, протеолиздік ферменттер, көпіршіктендіретін цитотоксин, нейтрофилдерді әсерлендіретін нәруыз, тромбоциттерді әсерлендіретін фактор өндіреді.
Уреаза асқазанның шырышты қабығына НР-дің енуін және оның ары қарай бүліністеріне әкеледі, моноциттер мен нейтрофилдердің белсенділігін арттырып, олардан қабыну медиаторлары және оттегінің бос радикалдары босап шығуын күшейтеді.
Фосфолипазалар жасуша мембранасындағы фосфолипид лецитин молекуласынан бір май қышқылын бөліп алып лизолецитин құрылуына, басқа протеолиздік ферменттер асқазан шырышындағы, қорғаныстық маңызы бар, гликопротеидтер мен антиоксиданттық ферменттерді ыдыратып жіберуіне әкеледі.
Цитотоксин асқазанның эпителий жасушаларын көпіршіктендіріп, олардың тіршілігін жояды. Бұл токсин түзілуіне жауапты ген Vac A деп аталады. Одан басқа иммуногендік қабілеті бар нәруыз түзілуін қадағалайтын ген болатыны белгілі. НР-де липополиқанттардың көптеген түрлері болады. Олар организмнің иммундық жүйесін ретке келтіріп сергітеді.
НР, Әмерика ғалымдарының зерттеулері бойынша, қуатты канцероген болып есептеледі. Ол асқазан мен ұлтабардың шырышты қабығы семуіне әкеліп, обыр өспесі туындатуы ықтимал.
Асқазанның антралдық бөлігінде НР тұз қышқылының әсеріне онша ілікпейді. Ол асқазанның шырышты қабығына нейтрофилдердің сіңбеленуін арттырады. Оған НР-дің липополиқанттары, нейтрофилдерді және тромбоциттерді әсерлендіретін факторлар, уреаза, көпіршіктендіретін цитотоксин т.б. ықпал етеді. Бұл факторлар шырышты қабықтың эпителий жасушаларына әсер етіп, қабыну туындататын цитокиндер интерлейкин-8, интерлейкин-1, өспені жоятын фактор т.б. өндірілуін арттырады. Лейкотриендер В4, С4-тің және комплементтің әсерленген құрамбөлшектерінің әсерлерінен нейтрофилдердің белсенділігі көтеріледі. Әсерленген нейтрофилдер өздері цитокиндер (интерлейкин-1,2, өспені жоятын фактор) және оттегінің бос радикалдарын өндіріп, ары қарай асқазанның шырышты қабығы қабынуын ұдайы қолдап тұрады.
Артынан НР асқазанның шырышты қабығына макрофагтар, лимфоциттер және плазмалық жасушалардың сіңбеленуін туындатады. Бұл кезде иммундық қабілетті жүйенің дамуы Тх-1 жасушасының бағытында ең жиі байқалады да, Тх-2 жасушасы бағыты тежеледі. Тх-1 жасушалары гамма-интерферон, өспені жоятын фактор, интерлейкин-2 өндіріп шығарады. Сондықтан НР-дің әсерінен, ойық жара дамуынан сақтандыратын, Тх-2 жасушалары азаюынан асқазанда ойық жара дамуына қауіп төнеді. Осылай НР-дің әсерінен антралдық сүлде гастрит дамиды.
В түріндегі гастриттің антралдық және жайылмалы екі түрін ажыратады. Біріншісі дерттің бастапқы сатысында байқалады және бұл кезде асқазанның сөлденістік қызметінің жеткіліксіздігі болмайды. Гастриттің жайылмалы түрі кейінгі сатыларында байқалып, сөлденістік қызметі әлсірейді. Сонымен, антралдық гастрит кезінде асқазанда тұз қышқылы мен пепсин өндірілуі қалыпты деңгейде ұзақ сақталады, кейде гиперхлоргидрия байқалуы мүмкін. Сондықтан асқазанның шырышты қабығында сілті және қышқыл өндіретін аумақтардың шекарасында ойық жара пайда болу қауіп сақталады.
Дерттің үдеуі біртіндеп тұз қышқылы мен пепсин өндірілуі азаюына және шырышты қабықтың семуіне әкеледі. Кейбір науқастардың қанында гастрин өндіретін G-жасушаларына қарсы аутоантиденелер анықталады, асқазанда гастриннің деңгейі төмендейді.
А түріндегі сүлде гастрит кезінде аутоантиденелер шырышты қабықтың іргелік жасушаларының беттеріндегі антигендерге (Н+-К+-АТФазаға және ішкі антианемиялық факторға) қарсы өндіріледі. Бұл гастрит кезінде асқазанның түбі мен денесі бүлінеді.
Патогенезі. Аутоантиденелер іргелік жасушаларды шабуылдап, оларды комплементтің құрамбөлшектерінің қатысуымен бүліндіреді. Гастриттің бұл түрінде асқазанның шырышты қабығы оның түбі мен денесінде бүлінеді. Содан асқазан түбіндегі бездік жасушалардың, репарациялық қабілеті азаюымен қабаттасатын, үдемелі атрофиясы дамиды, тұз қышқылы мен пепсин және ішкі антианемиялық фактор өндірілуі қатты төмендейді, ахлоргидрия дамиды. Ахлоргидрия G-жасушаларын ұдайы сергітіп гастрин өндірілуін арттырады. Содан айналымдағы қанда гастриннің деңгейі жоғары болады. Іргелік жасушалардың аутоиммундық бүліністерінен оларда тұз қышқылымен қатар ішкі антианемиялық фактордың өндірілуі болмайды. Сондықтан бұл гастрит кезінде В12-витамин тапшылықты қатерлі анемия дамиды.
Соңғы сатысында асқазанның түбі мен денесінде шырышты қабықтың толығынан семуі және оның метаплазиясынан полипоздар мен обыр өспесі өсуі байқалады.
А түріндегі сүлде гастрит көптеген аутоиммундық аурулармен (аутоиммундық гипотиреозбен, қантты диабеттің I түрімен т.б.) қабаттасады.
А және В түрлеріндегі сүлде гастрит 10-20 жыл ішінде асқазанның шырышты қабығында ауыр атрофия және В12 витамин тапшылықты анемия дамуына әкеледі.
С түріндегі гастрит химиялық заттардың әсерлерінен (chemical-химиялық уыттардан пайда болған гастрит) дамиды. Олардың ішінде рефлюкс (өттің ұлтабардан асқазанға лықсуы), бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілер, ішімдік маңызды орын алады.
Рефлюкс-гастрит. Дуоденит, дуоденостаз, холецистит, панкреатит, асқазан бөлігін отағанда пилоропластикадан кейін, холецистоэктомиядан кейін асқазан қақпашысының функциялық және құрылымдық кемістіктері байқалады. Содан ұлтабар ішіндегі заттар (өт, протеолиздік т.б. ферменттер, сілтілік және жасуша мембранасын бүліндіретін заттар) асқазан қуысына кері лықсиды. Сілтілік заттар асқазан сөлінің қышқылдығын азайтады, протеолиздік ферменттер мен өт қышқылдары ондағы, қорғаныстық маңызы бар, шырышты және шырышты қабықтың эпителий жасушаларын бүлдіреді. Асқазанда қышқыл ортаның сілтілік жаққа ауысуынан асқазанның шырышты қабық жасушалары ішек жасушаларына айналуы (метаплазиясы) сүлде қабыну дамуына әкеледі және артынан өспе өсуіне әкелуі мүмкін.
Гастриттің барлық түрілері де асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, полипоздар және обыр өспесі дамуына қауіп-қатерлі фактор болады. Бірақ асқазанның обыры В түріндегі гастритпен ауыратын науқастарда жиірек байқалады.
Рефлюкс гастритті емдеу ішек-қарын жолдарының қимылдық әрекеттерін қалпына келтіруге және өт қышқылдарын байланыстыруға бағытталуы қажет. Осы мақсатта церукал, реглан, мотилиум немесе координакс қолдану арқылы рефлюксті жоюға болады. Өт қышқылын бейтараптау үшін холестирамин қолданылады.
Бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілерден дамитын сүлде гастриттің патогенезі. Бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілер асқазанда:
√ шырыш пен бикарбонаттар өндірілуін азайтады;
√ шырышты қабық арқылы қан ағуын баяулатады;
√ тромбоциттердің агрегациясын тежейді;
√ тұз қышқылы мен пепсиноген өндірілуін арттырады;
√ эпителий жасушаларын апоптозға ұшыратады;
√ цитокиндер (өспені жоятын фактор т.б.) және бос радикалдар құрылуын күшейтеді;
√ нейтрофилдердің хемотаксисін арттырады;
√ жасушалар ішінде Са2+ иондарын көбейтеді;
√ глутатион құрылуын азайтады;
√ тотығулық фосфорлануды ажыратады;
√ шырышты қабыққа уытты әсер ететін В4-лейкотриендер түзілуін күшейтеді – деп есептеледі. Бұл дәрілердің ішінде тек аспирин ғана нитроксид (NO) түзілуін тежейді. Содан асқазанның шырышты қабығында қанайналымның және тамыр қабырғасына лейкоциттер жабысуының бұзылыстары байқалады.
Бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілер асқазанның шырышты қабығының эпителий жасушаларына диффузиялық жолмен енеді және оларда иондық түрлерге айналып жинақталады да жасушаларды бүліндіреді. Бұл дәрілер, циклоксигеназа ферменттерінің белсенділігін тежеп, шырышты қабыққа қорғаныстық әсер ететін простагландиндер Е2 және простациклин (PGJ2) түзілуін азайтады. Содан асқазан сөлінің қышқылдығы шырышты қабықтың эпителий жасушаларын бүліндіріп ойық жара дамуына әкелуі мүмкін.
А,В,С түрлеріндегі сүлде гастриттердің араласқан (А+В, В+С, А+С) түрлерінен басқа ерекше түрлеріде болуы мүмкін.
Сүлде гастрит дамуына қоректену тәртібінің бұзылыстары (ұзақ ашқарынмен жүру, ұдайы ашты тамақ қабылдау т.с.с.), ішімдіктерді артық пайдалану, темекі шегу және басқа экзогендік (иондағыш сәулелер, көмір шаңы, ыстық цехтарда жұмыс істеу т.с.с.), және эндогендік (сүлде жұқпа ошақтары болуы, гормондық бұзылыстар, жан-дүниелік күйзелістер, зат алмасуларының бұзылыстары, қанайналымның сүлде жеткіліксіздігі, гипоксия т.б.) ықпалдар әкелуі мүмкін.
Амалдық медицинада сүлде гастриттердің гиперсекрециялық және гипо-секрециялық түрлерін ажыратады. Гиперсекрециялық сүлде гастрит асқазанның ойық жара алды жағдай болып есептеледі. Оны емдеу әдістері ойық жараны емдеу сияқты болады. Бұл гастрит кезінде қабыну ұйқыбезге, ұлтабарға немесе өт жолдарына тарауы мүмкін. Ол ұзақ өткенде асқазанның бездік жасушалары біртіндеп семіп, олардың сөлденісі азаяды және гипосекрециялық гастритке ауысады. Гиперсекрециялық сүлде гастрит аш қарынға төс етегінде ауыру сезімінің болуымен және жүрек қыжылы, қышқыл заттармен кекірумен, іш қатуымен көрінеді.
Гипосекрециялық сүлде гастрит кезінде асқазан сөлі аз өндіріледі және оны емдемегенде асқазан обырына ауысу қауіпі болады. Оның клиникалық әйгіленімдеріне:
√ тамақ ішкеннен кейін қарын үсті аумақта ауырлық сезімі;
√ жүрек айну, кекіру, кейде іш кебуі және ішектердің шұрылы, іш өту;
√ тамақ ішкеннен кейін 1-2 сағаттан соң қарын үсті аумақта батып ауыру сезімі өз бетінше жоғалуы – жатады.
Сүлде гастриттерді емдеу дұрыс емдәммен, асқазан сөлденісін қалпына келтіретін дәрілермен және Helicobakter pylori-ді жоюға бағытталады (асқазанның ойық жарасын емдеуді қараңыз).
Кейде асқазанның алдыңғы (антралдық) бөлігі мен ашішектің қабырғаларына эозинофилдердің сіңбеленуі болуы мүмкін. Осындай жағдайды эозинофилдік гастроэнтерит дейді. Ол иммундық дерттік өзгерістерден дамуы ықтимал. Бұл кезде асқазанның алдыңғы бөлігінің қабырғасы қалыңдаудан тамақтың өңештен асқазанға өтуі қиындайды, қанда эозинофилдердің көбеюі жиі анықталады. Бұл дертті кортикостероидтық гормондармен емдеуден эозинофилдер апоптозға ұшырап, гатроэнтерит кері дамиды.
Асқазанның шырышты қабығы қатпарларының қатты көбеюі оның гипер-плазиясы делінеді. Ол асқазанның шырышты қабығында көлемі әдеттегіден ұлғайған жасушалардың көбеюімен, сонымен қатар кейбір науқастарда оған бірядролы фагоциттер мен лимфоциттердің сіңбеленуімен байқалады. Асқазанның гиперплазиясы:
√ Менетрие ауруы;
√ молсөлденістік гастропатия;
√ гастринома (Золлингер-Эллисон ауруы) – кездерінде пайда болады.
Менетрие ауруына мукоциттердің гиперплазиясына әкелетін шырышты қабықтың қатты иректелген қатпарлары көп болуы және тұз қышқылы мен ішкі антианемиялық фактор өндіретін іргелік жасушалар, пепсин өндіретін негізгі жасушалар азаюы тән. Асқазан эпителиоциттерінің гиперплазиясынан бұл жасушалардың аралық кеңістіктері кеңейді. Осыдан дерттік өзгерістерге ұшыраған шырышты қабық арқылы қан әлбуминдері асқазан қуысына шығарылады. Асқазан сөлінде протеолиздік ферменттердің азаюынан тағамның, оның ішінде асқазанға түскен әлбуминнің ыдыратылуы жетіспейді және асқазаннан ұлтабарға түсетін тамақ қойыртпасында коллоидтық-осмостық қысым көтеріледі. Сол себепті бұл ауру кезінде осмостық диарея байқалады. Қанда әлбуминнің деңгейі төмендеуінен тін аралық ісінулер болуы мүмкін. Менетрие ауруы жиі тек қарынүсті аумағында ауыру сезімі болуымен ғана әйгіленеді.
Менетрие ауруын емдеу:
√ өте құнарлы, нәруыздарға бай емдәм тағайындау;
√ көп мөлшерде антихолнергиялық дәрілер (атропин) немесе Н2-гистаминдік рецепторлардың тежегіштері (ранитидин т.б.) тағайындау арқылы болады.
