Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиническая патофизиология 2010.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.39 Mб
Скачать

Невроздық жағдайлардың жалпы көріністері

Невроздық жағдайлар дамуына әртүрлі жүйелер қатысуының заңды бір ізділігі байқалуынан жалпы көріністер қалыптасады.

● әсер еткен ықпалдарға дербес жүйкелік серпілістерің сәйкессіздігі (мәселен, тахикардия, аритмия, ентік, тершеңдік, тері мен шырышты қабықтардың бозаруы немесе қызаруы, гипо- немесе гипертензия, ұйқы мен тәбеттің бұзылыстары, ықпалдың әсеріне жауап ретінде жүрек ауыруы және оған науқастың қатты назар аударуы) байқалады;

● дерттік сезімдік және қимылдық серпілістер дамуы (мәселен, әртүрлі сыртқы әсерлерге немесе организмнің өзіндегі өзгерістерге көтеріңкі сезімталдық, әбігершілік, мағынасыз артық қозғалыстар, қимылмен көрсету, уақиға сәйкес келмейтін ым жасау, өткінші толық немесе шала салданулар);

● жиі долылық (аффектілік) серпілістер – әсер еткен ықпалға қатты көңіл-күйдің қобалжуымен жауап қайтару (мәселен, үрей, өлімнен қорқу, эмоциялық ширығу, өкіріп жылау, балағаттау). Науқас өзінің сезімін билей алмай, оны сезім билеп кетеді;

● дерттік жағдайды оймен талдау және тәртібінің түрі туралы шешім қабылдау қалыптасқан жағдай мен дерттік сезімді жеңуге бағытталады. Клиникада бұл идеаторлық өңдеу және икемделістік шаралар табу делінеді.

Невроз дамуындағы осы келтірілген көріністердің бірізділікпен қалыптасуы (алдымен дербес жүйкелік, артынан сезім-қимылдық, аффектілік және идеаторлық серпілістер) көпшілік науқастарда байқалады. Осындай бірізділік аз айқындалған өзгерістермен әртүрлі стрестік ықпалдар кездерінде де көрінеді.

Осыған байланысты клиникада невроздар дамуының:

● дербес жүйкелік;

● сезім-қимылдық;

● аффектілік;

● идеаторлық (біріктіретін, оймен топшылайтын, тұжырымдайтын) жағдайды қайта қарастыру және дерттік жағдайды жеңуге бағдарлама табу – сатыларын ажыратады.

Бұл келтірілген бұзылыстар науқастарда бір мезгілде пайда болуын дәлелдейтін деректер белгілі. Сол себептен оларды невроздардың сатылары деуден құрамбөлшектері деуге болады.

Вегетоневроздар туралы түсінік

Невроздың ерте және ұдайы пайда болатын жалпы құрамбөлшегі болып дербес жүйкелік бұзылыстар: ішкі ағзалар мен физиологиялық (қанайналым, тыныс алу, асқорыту, жыныстық т.б.) жүйелер қызметтерінің әртүрлі бұзылу синдромдары есептеледі. Олар бұл жүйелер қызметтерінің орталық жүйке жүйесімен реттелулерінің бұзылыстарынан дамиды. Кейбір адамдарда артериялық гипертензия, кейбіреулерінде керісінше, гипотензия, ал басқаларында артериялық қысым өте құбылмалы, біресе жоғарылап, біресе төмендеп кетуі мүмкін. Жүректің ырғағы мен соғу жиілігі бұзылады, қан тамырларының межеқуаты құбылып тұрады. Бұндай бұзылыстарды клиникада «нейроцинкуляциялық дистония», «вегетоневроз», «вегетодистония», «дербес жүйкелік-қантамырлық дистония» т.с.с. көптеген атаусөздермен атайды. Бұндай атаусөздердің көп болуы невроздар кезінде дербес жүйкелік бұзылыстардың көріністері мен патогенезі күрделі және әртүрлі болуына байланысты болады.

● бұл бұзылыстар әртүрлі тітіркендіргіштерге ішкі ағзалар мен жүйелердің әртүрлі және сәйкессіз жауап қайтаруымен, организмнің тұтасып жауап қайтаруы мен жекелеген дербес жүйкелік құрамбөлшектердің үйлеспеуімен, қимылдық және дербес жүйкелік серпілістердің сәйкес келмеуімен, дербес жүйкелік функциялардың қорғаныстық-икемделістік маңызын жоғалтуымен сипатталады.

Көрсетілген өзгерістер невроз кезінде тұрақты, ұстамалы немесе тұрақты-ұстамалы түрлерде болуы мүмкін.

● вегетоневроздардың ең жиі кездесетін көріністері болып жүрек аумағында ауыру сезімі, тахипноэ немесе диспноэ, қан тамырларының дистониясы, диспепсиялық құбылыстар есептеледі. Бұл өзгерістер әдетте әлсіздікпен, тез қажулықпен, қызбалықпен, ұйқының бұзылыстарымен (ұйқы қашуымен, ұйқы басуымен, мазасыз ұйқымен т.с.с.) қабаттасады.

● невроздық жағдайлар соматикалық аурулардың (жүректің ишемиялық ауруы, артериалық гипертензия, асқазан мен онекелішектің ойық жарасы, әртүрлі эндокринопатиялар) даму алдында байқалады.