Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиническая патофизиология 2010.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23.39 Mб
Скачать

Жіті қансырау

Жіті қансырау – тез арада қан жоғалтудан болатын айналымдағы қан көлемінің азаюына және қанның тасымалдық қызметінің төмендеуіне байланысты дамитын, гипоксияға бейімделу серпілістерімен көрінетін, күрделі дерттік үрдіс. Бұл кезде, қанның оттегін тасымалдауы бұзылуымен қатар, қоректік заттарды ағзаларға, зат алмасу өнімдерін ағзалардан сыртқа тасымалдауы бұзылған.

Айналымдағы қан көлемінің жоғалу дәрежесіне қарай жіті қансыраудың шамалы, ауыр және жантәсілімдік үш дәрежесін ажыратады.

Шамалы дәрежесі денедегі жалпы қан көлемінің бір мезгілде 20%-ға дейіні жоғалудан байқалады және ол шамалы гиповолемиямен, гипоксиямен көрінеді. Қан тамырларындағы хеморецепторлар арқылы мыйдың торлы құрылымының қозымдылығы артуынан тіршілікке маңызды орталықтардың белсенділігі күшейеді. Мәселен, тыныстық орталықтың қозуы нәтижесінде тыныс алу тереңдеп жиілейді, өкпенің сыйымдылықтары артып, өкпеде қанның оттегіге қанығуы жақсарады. Симпато-адреналдық жүйенің әсерленуінен жүрек соғу күші мен жиілігі артады, қанның минуттық көлемі ұлғаяды. Содан ағзалар мен тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуі және зат алмасуларының қалдық өнімдерінің сыртқа шығарылуы күшейеді. Сыйымдылық және кедергілік қантамырларының межеқуаты көтерілуінен көктамырлардан қанның жүрекке келуі жақсарады.

Организмде қордаланған қан қантамырларына шығарылады, бар қан тіршілікке маңызды ағзаларға (мыйға, жүрекке) бағытталады, жасушаларда оттегінің пайдаланылуы артады. Қантамырлары мен жүректе көлемдік рецепторлар қозуынан әлдостерон-вазопрессин-ангиотензин жүйесі әсерленіп организмнен су мен тұздардың сыртқа шығарылуы шектеледі. Содан қан сұйығының көлемі толықтырылады.

Бүйректе, бауырда және сілекей бездерінде гипоксия дамуынан эритропоетин өндірілуі артып, сүйек кемігінде колония құратын жасушалардың өсіп-өнуі күшейеді, эритроидтық жасушаларда гемоглобин түзілуі артады.

Ауыр дәрежесі денедегі жалпы қан көлемінің 40%-ға жуығы жоғалудан байқалады және айқын гиповолемиямен, гемдік гипоксиямен сипатталады. Бұл факторлардың хеморецепторлар арқылы тіршілікке маңызды орталықтарға тікелей немесе салдарлық әсерлерінен мый бағанасы орталықтары мен симпатикалық-адреналдық жүйенің қатты қозуы болады. Содан қанға катехоламиндер мен глюкокортикоидтық т.б. адаптациялық гормондардың тым көптеп шығарылуы байқалады. Осыдан кедергілік тамырлардың жалпылама жиырылуы болып, қан өтуіне олардың шеткері кедергілік қасиеті көтеріледі, гипергликемия, гиперлипидемия дамиды. Көптеген ішкі (жүйке жүйесінен басқа) ағзаларда энергия түзілуі, көмірсуларының орнына, липидтердің есебінен болады. Майлардың тотығуына оттегі артық пайдаланылатын болғандықтан тіндердің оттегіге мұқтаждығы одан сайын көтеріледі. Содан пайда болған гипоксия жасуша ішілік және сыртылық ацидоз дамуын үдетеді.

Жантәсілімдік дәрежесі денедегі жалпы қан көлемінің 50%-дан астамы жоғалудан байқалады. Ол тым қатты гиповолемиямен, ірі тамырларда артериалық қысым төмендеуімен, жүрек қағуымен, соққылық және минуттық қан көлемдері төмендеуімен, коронарлық артериялардың қатты жиырылуымен жүрек-қантамырлар жүйесінің жіті жеткіліксіздігімен, коллапс дамуымен көрінеді.