- •Алматы 2010
- •Ауру және біртектес дерттік үрдістер
- •Организм реактивтілігі
- •Организмнің төзімділігі және оның түрлері
- •Реактивтіліктің түрлері
- •Сүлде қабынудың даму жолдары
- •Тін бүліністеріне организмнің жалпы серпілістері
- •Жіті кезеңдік жауап
- •Жіті кезеңнің арнайыланған нәруыздары
- •Қан сұйығының протеолиздік жүйесінің әсерленуі
- •Қызбаның клиникалық жіктелу түрлері
- •Жалпы адаптациялық синдром (стресс)
- •Сілейме (шоқ)
- •Сілеймені емдеу әдістерінің патогенездік негіздері
- •Оттегі гомеостазының бұзылыстары
- •Гипоксия
- •Экзогендік (гипоксиялық) гипоксия
- •Эндогендік гипоксиялар
- •Тіндерде оттегінің пайдаланылмауынан дамитын гипоксия
- •Тіндерде қоректік заттардың тотығуы мен фосфорлану үрдістерінің бір-біріне ұласпауынан дамитын гипоксия
- •Гипоксия кезіндегі зат алмасулары мен физиологиялық міндеттемелердің бұзылыстары.
- •Гипероксия
- •Өкпенің газ алмастыру қызметін сипаттайтын қалыпты көрсеткіштер
- •Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары
- •Гипогидратация немесе сусыздану.
- •Гипогидрияны емдеу жолдарының негіздері.
- •Гипергидрия немесе сулану.
- •Гипернатриемия
- •Гипонатриемия
- •Кальций, фосфор, магний иондары алмасуының бұзылыстары
- •Гипокальциемия және гиперкальциемия
- •Фосфор иондары алмасуының бұзылыстары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Қандағы қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Жасуша ішілік қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (қсү) артериалық қандағы калыпты көрсеткіштері
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Гиперкапния кезіндегі жүйелердің бұзылыстары
- •Семіздіктің жіктелулері
- •Біріншілік (идиопатиялық) семіру
- •Семірудің зардаптары
- •Гиперлипопротеинемиялар. Атеросклероз
- •Атеросклероз
- •Бауырда бос май қышқылдарынан үшглицеридтер мен бете-липопротеидтер түзілуі
- •Атеросклероздың патогенезі
- •Қан плазмасындағы майлар мен липопротеидтердің алмасулары
- •Иммундық жүйенің бұзылыстары
- •Иммундық тапшылықты жағдайлар
- •Туа біткен (біріншілік) иммундық тапшылықтар
- •Салдарлық (жүре пайда болған) иммундық тапшылықтар
- •Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (житс)
- •Аутоиммундық үрдістер
- •Трансплантатты тойтару
- •Аллергия
- •Аллергиялардың жіктелуі
- •Аллергиялық серпілістердің патогенезі
- •Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі
- •Аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік III-түрі
- •Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-ші түрі немесе баяу дамитын жоғары сезімталдық (бджс)
- •Дереу және баяу дамитын аллергиялық серпілістердің айырмашылықтары
- •Жалған аллергиялар
- •Жұқпалар патофизиологиясы. Сепсис
- •Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының түрлері
- •Жұқпалар пайда болуына әкелетін жағдайлар
- •Микроорганизмдердің жасушаларды бүліндіру тетіктері
- •Жұқпалы үрдістердің патогенезі
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Жұқпа қоздырғыштарынан организмнің қорғану тетіктері
- •Бейспецификалық тетіктеріне:
- •Арнайыланған қорғаныстық тетіктер
- •Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері
- •Өспе өсу патогенезі
- •Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы.
- •Өспе жасушаларының қатерлі өспелердің қасиетін қабылдап, қарқынды өсіп-өнуінен бастапқы өспе түйіні пайда болуы (промоция)
- •Өспе алды жағдайлар.
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы
- •Тері бөртпелерінің морфологиялық элементтері
- •Тері қабынулары
- •Дерматиттер
- •Фолликулиттер
- •Гидраденит
- •Дерматоздар
- •Тері өспелері
- •Тірек-қимылдық мүшелердің патофизиологиясы Сүйек тінінің бұзылыстары
- •Остеопатиялар
- •Тұқыммен тарайтын остеопатиялар
- •Жүре пайда болған остеопатиялар
- •Остеопороз
- •Остеомаляция
- •Остеонекроз
- •Сүйек сынуы немесе шатынауы
- •Буын дерттері (артропатиялар)
- •Артриттер
- •Құздама тәрізді артрит
- •Бұлшықеттердің біртектес бүліністері
- •Бұлшықеттердің жүре пайда болған бүліністері
- •Бұлшықеттердің туа біткен бүліністері
- •Қозудың жүйкеден бұлшықетке тарауы және жүйкелік нәрленістік ықпалдардың бұзылыстары
- •Ацетилхолиннің түзілуі мен оның қимылдық жүйкелердің аяқшаларында жинақталуының ақаулары
- •Ацетилхолинэстеразаның шынайы тапшылығы
- •Холинорецепторлардың түзілуі мен жүйке-бұлшықет синапстарының пре- және постсинапстық мембраналарында олардың жинақталуының ақаулары
- •Қан жүйесінің патофизиологиясы
- •Анемиялар
- •Эритропоез бұзылыстарынан дамитын (дизэритропоездік) анемиялар
- •Тапшылықты анемиялар
- •Темір тапшылықты анемиялар
- •Теміртапшылықты анемияның патогенезі.
- •Сүлде аурулар кездеріндегі анемиялар
- •Сидеробластық анемиялар
- •Гем молекуласының түзілуі.
- •Фолий-тапшылықты анемия
- •Гипоплазиялық немесе аплазиялық анемиялар
- •Гемолиздік анемиялар
- •Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар.
- •Жіті қансырау
- •Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар
- •Лейкоздар
- •Лейкоздардың жіктелуі.
- •Жіті лейкоздар
- •Сүлде лейкоздар
- •Гемостаздың бұзылыстары
- •Қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын біріншілік гемостаз.
- •Қан ұю жолдары.
- •Қан ұюына қарсы (антикоагулянттық) жүйе
- •Фибринолиз жүйесі
- •Гемостаздың бұзылу түрлері
- •Қанағыштыққа бейімділік
- •Тамыр қабырғаларының бүліністерінен дамитын геморрагиялық диатездер
- •Тромбоциттердің өзгерістерінен дамитын қанағыштыққа бейімділіктер
- •Жүре пайда болған тромбоцитопатиялар
- •Коагулопатиялар
- •Гемостаздың плазмалық қан ұю факторлары мен тромбоциттік бұзылыстардың біріккен әсерлерінен дамитын геморагиялық диатездер.
- •Тромбоз, тромбэмболия
- •Тромбоз дамуында қан тамырлық-тромбоциттік гемостаз бұзылыстарының маңызы
- •Аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артерияларының эмболиясы
- •Хирургиялық науқастарда аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артериясының тромбэмболиясынан алдын-ала сақтандыру жолдарының патогенездік негіздері
- •Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (тшқұ) синдромы
- •Тшқұ-синдоромының патогенезі
- •Тшқұ-синдромының зертханалық көрсеткіштері
- •Тшқұ-синдромы кезіндегі қан ұю жүйесінің зертханалық көрсеткіштері
- •Жіті және жітілеу тшқұ-синдромын емдеу ұстанымдары
- •Жүрек-қантамырлар жүйесінің патофизиологиясы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі
- •Жүрек алдылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •Оңжақ жүрекше мен қуыс веналардың қанға артық толуы
- •Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты артуы
- •Жүрек қуыстарының диастола кезінде қанға артық толуы
- •А Ағзалардың қызметтері бұзылуы ғза қызметтерінің бұзылуы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (жқсж) емдеу шаралары
- •Жүректің ишемиялық ауруы (жиа)
- •Жүректің ишемиялық ауруының түрлері
- •Миокард инфарктының патогенезі
- •Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері
- •Миокард инфарктынан сауығу кезеңінде мүмкін болатын асқынулардың патофизиологиялық сипаттамалары
- •Жүрек аритмиялары
- •Номотоптық аритмиялар
- •Гетеротоптық аритмиялар
- •Шүріппелік белсенділік артып кетуі
- •Ұстамалы тахикардия
- •Өткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары
- •Ырғақ игерілуінің бұзылыстары
- •Cерпіндердің қалыптасуы мен өткізілуінің біріккен бұзылыс-тарынан дамитын жүрек аритмиялары
- •Жүрек аритмияларының патогенезі
- •Жүрек жыпылығы дамуының электрофизиологиялық негіздері
- •Жүрек аритмияларын емдеу негіздері
- •Артериалық гипертензиялар
- •Эссенциалық гипертензия.
- •Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтандыру мен емдеу әдістерінің патофизиологиялық негіздері
- •Әйгіленімдік гипертензиялар
- •Сыртқы тыныс патофизиологиясы
- •Обструкциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Бронхиалық демікпе
- •Демікпелік күй (status)
- •Демікпелік күймен ауыратын науқастарды қарқынды патогенездік емдеу негіздері
- •Асфиксиялық синдром
- •Рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Өкпе гипертензиясы
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпеқап дерттері
- •Өкпені жасанды желдетудің патогенездік негіздері
- •Асқорыту жүйесінің патофизиологиясы Бауыр патофизиологиясы
- •Сарғыштану
- •Механикалық сарғыштану
- •Бауырлық сарғыштану
- •Гемолиздік сарғыпггану
- •Сарғыштануларды өзара ажырату көрсеткіштері
- •Вирустық гепатит
- •Клиникалық көріністері
- •Сүлде гепатит
- •Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен сана-сезімнің бұзылыстары мен энцефалопатия дамуы
- •Бауыр циррозы, порталдық гипертензия және асцит
- •Бауыр ауруларына тән зерханалық көрсеткіштер
- •Холецистит
- •Тіс жегісі (кариесі).
- •Пародонтит
- •Гастриттердің патогенезі
- •Жіті гастрит
- •Сүлде гастрит
- •Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Жіті панкреатит
- •Сүлде панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі
- •Ішек бітелуі
- •Бүйрек патофизиологиясы Гломерулопатиялар
- •Жіті гломерулонефрит
- •Жітілеу жайылмалы гломерулонефрит
- •Сүлде жайылмалы гломерулонефрит
- •Нефроздық (нефроткалық) синдром
- •Пиелонефрит
- •Несеп-тас ауруы (нефролитиаз, уролитиаз)
- •Обструкциялық уропатия
- •Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
- •Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі (бжж)
- •Бүйрек кызметінің сүлде жеткіліксіздігі (бсж)
- •Жүйке жүйесінің патофизиологиясы Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
- •Қанайналымның бұзылыстарынан болатын мый бүліністері
- •Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістері
- •Нейрон мембраналарының бұзылыстары
- •Аксон қызметтерінің бұзылыстары
- •Дендриттердің бүзылыстары
- •Түйіспелер қызметтерінің бұзылыстары
- •Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері
- •Тежелудің тапшылығы
- •Сезімталдықтың бұзылыстары
- •Тітіркендіргіштің қарқынын түйсінудің бұзылуы
- •Тітіркендіргішке сезімнің сәйкессіздігі
- •Сезімталдық бұзылыстарының жалпы тетіктері
- •Ауыру сезімінің патофизиологиясы
- •Сүлде ауырулық синдромдардың түрлері және даму жолдары
- •Соматогендік ауырулық синдромдардың даму тетіктері
- •Бастапқы гипералгезияның пайда болу тетіктері
- •Салдарлық гипералгезияның даму тетіктері
- •Нейрогендік ауырулық синдромның даму тетіктері
- •Дерттік (сүлде) ауыру сезімін емдеу негіздері
- •Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары
- •Қимыл-қозғалыс бұзылыстарының түрлері
- •Гиперкинезиялар
- •Шабан гиперкинезиялар
- •Атаксиялар
- •Жүйкелік нәрленістің бұзылыстары және нейродистрофиялық үрдістер
- •Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік себепкер ықпалдар қалыптасуының маңызы
- •Эпилепсия (қояншық ауруы)
- •Тырыспа-селкілдек ұстамасының түрлері
- •Нейрожұқпалар
- •Менингиттер
- •Мый қанайналымының бұзылыстары
- •Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері
- •Оңжақ және солжақ мый жартылары инсультінің ерекшеліктері Мыйдың солжақ жартысының бүлінуі
- •Оңжақ мый жартысының бүлінуі
- •Инсульттің зардаптары
- •Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары (мқөб)
- •Мыйға қан құйылу – геморагиялық инсульт
- •Ишемиялық инсульт (мый инфаркты)
- •Жоғары жүйке әрекеттерінің бұзылыстары. Жүйке тозуы (невроздар)
- •Невроздардың жіктелуі
- •Невроздық жағдайлардың жалпы көріністері
- •Вегетоневроздар туралы түсінік
- •Эндокриндік жүйе бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Бездердіњ орталыќ реттелулерініњ бђзылыстары
- •Бездердіњ љздерінде орналасќан дерттер
- •Гормондардыњ безден тыс жѕне шеткері ѕсер ету тетіктерініњ бђзылыстары
- •Эндокриндік бездердіњ ќызметтерініњ бђзылыстары
- •Ќантты диабеттіњ патогенезі жѕне клиникалыќ кљріністері
- •Ќалќаншабез патофизиологиясы
- •Гипотиреоз
- •Гипотиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Гипертиреоз
- •Гипертиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Бџйрекџсті бездерініњ патофизиологиясы
- •Гипокортицизм
- •Гиперкортицизм
- •Гиперкортицизмніњ кљріністері
- •Гиперѕлдостеронизм
- •Феохромоцитома
- •Адамныњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ бђзылыстары Еркектердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Ерлердіњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардыњ ѕсері
- •Ѕйелдердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Етеккір оралымыныњ гормондыќ реттелуі
- •Жыныстыќ жетілу жѕне оныњ бђзылыстары
- •Еркектерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Туа біткен гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Нормогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Егде тартќан еркектерде андрогендердіњ тапшылыѓы
- •Еркектердіњ бедеулігі
- •Ќуыќастыбез ќызметініњ біртектес бђзылыстары
- •Ѕйелдерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Аменорея
- •Гипергонадизм
- •Дертті жџктілік
- •Жыныстыќ жџйеніњ даму аќаулары мен дерттік љзгерістері
- •Жџктілік дамуына жыныстыќ жџйеден тыс аѓзалар ауруларыныњ ѕсері
- •Жџктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жџкті ѕйелдердіњ нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдыќ сілейме
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболияныњ клиникалыќ кљріністері
- •Адамның ұрпақ өрбіту қабілеті Еркектердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Ерлердің ұрпақ өрбіту қабілетінің реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардың әсері
- •Атабездер мен олардың қосалқылары қызметтерінің біртектес бұзылыстары
- •Еркектерде гипоталамус-гипофиз-жыныстық жүйенің (ггжж) бұзылыстары
- •Қуықасты безі қызметінің біртектес бұзылыстары
- •Әйелдердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Етеккір оралымының гормондық реттелуі
- •Әйелдердің гормондық бұзылыстары
- •Аналық жасушаның ұрықтануы
- •Әйел денесінің жүктілікке бейімделуі және оның бұзылыстары
- •Дертті жүктілік
- •Жүктілік дамуына жыныстық жүйеден тыс ағзалар ауруларының әсері
- •Жүктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жүкті әйелдердің нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдық сілейме
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболияның клиникалық көріністері
Жүрек аритмияларын емдеу негіздері
Жүрек аритмияларының жеңіл түрлері (синустық тахикардия, бірен-саран экстрасистолия т.с.с.) жүйке жүйесінің функциялық бұзылыстарынан (жүйке тозуы, стрестік жағдайлар, дербес жүйкелік-қантамырлық дистония кездерінде) жиі дамитын болғандықтан оларды емдеу үшін көңіл-күйлерінің қобалжуын басатын (седативтік) дәрілер (белласпон, беллоид, валериана тұндырымы, корвалол т.б.) және калий мен магний препараттары (аспаркам, магнерот, панангин) пайдаланылады.
Аритмияның ауыр түрлерінде, ЭКГ өзгерістерін қадағалай отыра, арнайыланған антиаритмиялық дәрілер тағайындалады. Бұл кездерде:
● жасуша мембраналары арқылы натрий, калий иондарының жүрек жасушаларына артық енуін тежегіш дәрі-дәрмектер (новокаинамид, хинидин т. б.) қолдану;
● бета-адреноблокаторларды пайдалану;
● кардиомиоциттердің мембраналарындағы кальцийдің шабан өзекшелерінің тежегіштерін енгізу;
● май қышқылдарының асқын тотығуынан сақтандыратын антиоксиданттар мен фосфолипаза ферменттерінің белсенділігін төмендететін дәрі-дәрмектер қолдану;
● жүрек жыпылығын емдеу үшін жүрек арқылы қуатты электр ағымын өткізу негізінде дефибрилляция (жыпылықты жою) әдісі қолданылады.
Дефибрилляция кезінде жүрек етінде кейбір жасушалар толық рефрактерлік (қозымсыздық), екіншілері - салыстырмалы қозымсыздық, үшіншілері - қалыпты қозымдылық, төртіншілері - жоғары қозымдылық жағдайларында болғандықтан, жүрек арқылы қуатты электр ағымын өткізу кардиомиоциттердің барлығын бір жағдайға келтіреді.
Жүрек аритмияларынан алдын-ала сақтандыру үшін жүрек етін физикалық жүктемелерге ұдайы шынықтырудың маңызы үлкен.
Артериалық гипертензиялар
Артериялық гипертензия:
● біріншілік, эссенциялық (ағыл. essential - мәні) гипертензия;
● салдарлық, әйгіленімдік (симптомдық) болып ажыратылады. Барлық артериялық гипертензиялардың 90-95%-ы біріншілік (эссенциялық) гипертензияға жатады. Қалған 5-10%-ы ғана әйгіленімділік гипертензия-ларға, әсіресе бүйрек ауруларымен байланысты қан қысымының көтерілуіне, жатады.
Артериалық қысым ұзақ тұрақты көтерілуінен:
● жүректің өзгерістері:
√ сол жақ қарыншаның гипертрофиясы;
√ іркілулік жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі;
√ миокард ишемиясы мен инфаркты;
√ өкпе ісінуі – дамуы мүмкін.
● мый бұзылыстары:
√ мый ишемиясы;
√ мый ісінуі;
√ мыйға қан құйылу;
√ мый тамырларының тромбозы;
√ энцефалопатия – дамуы ықтимал.
● қан жүйесінде қан тамырлық-тромбоциттік және коагуляциялық гемостаздың бұзылыстары, тромбоз дамуына бейімділік.
● қан тамырларының бұзылыстары:
√ эндотелий жасушаларының бүліністеріне;
√ сыдырылатын аневризма дамуына;
√ қолқа жыртылуына - мүмкіндіктер болады.
● бүйректің өзгерістері:
√ нефросклероз;
√ бүйрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі дамуына әкелуі ықтимал.
Эссенциалық гипертензия.
Этиологиясы. Бұл ауру көп факторлық (мүлтифакторлық) ауруларға жатады. Гипертензия дамуына әкелетін факторларды қауіп-қатерлі факторлар – деп атайды.
Артериялық гипертензия дамуына әкелетін қауіп-қатерлі факторлар экзогендік және эндогендік болып ажыратылады.
Экзогендік қауіп-қатерлі факторларға:
● жиі қайталанатын жан күйзелістері, ойсоққылық жағдайлар;
● ас тұзын артық пайдалану;
● организмнің гиподинамиясы;
● созылмалы гипоксия;
● қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы т.с.с. жатады.
Эндогендік қауіп-қатерлі факторларға:
● тұқым қуалаушылыққа бейімділік;
● семіру;
● артериялық тамырлардың атеросклерозы;
● ішке сөлденіс бездері қызметтерінің өзгерістері;
● ұлғайған жас мөлшері т.б. жатады.
Осы келтіргендердің ішінде тұқым қуалаушылыққа бейімділік, жан-дүниелік күйзелістер мен жан жарақаттары, қимыл-қозғалыстың аздығы, семіру, организмде натрий тұздарының тұтылуы, созылмалы гипоксия маңызды орын алады.
Тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы. Жақын туыстардың арасында және кейбір отбасыларында артериалық гипертензия жиі байқалады. Бір ұрықтан дамыған егіз адамдарда ол бірдей жиілікпен кездеседі. Зертханалық егеуқұйрықтардың арасында қан қысымы жоғары болатын таза текті (асыл тұқымды) буындар өсіріліп шығарылған.
Бұл ауру полигендік ауруларға жатады. Сол себепті эссенциалық гипертензияның даму негізінде қай геннің маңызы зор екенін дөп басып айту қиын. Бұл кезде бірнеше гендердің қалыптыдан ауытқулары болуы мүмкін. Солардың ішінде жасуша мембраналары арқылы электролиттердің тасымалдануын қадағалайтын гендердің, артериялық тамырлардың қабырғаларындағы эндотелий және тегіс салалы ет жасушаларының қызметтерін қадағалайтын гендердің ауытқулары болуы ықтимал. Осыдан Na+-, K+-АТФ-аза және Са2+-АТФ-аза ферменттерінің белсенділігі төмендеуден миоциттердің іштерінде натрий мен кальций иондары көбейіп, ет талшықтарының жиырылуы, олардың гиперплазиясы мен гипертрофиясы дамуы және тамыр саңылауының тарылуы қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Бүгінгі күні жасушалардың іші мен сыртында катиондардың алмасуын қадағалайтын нәруыз болатыны белгілі болды. Оны натрий-сутектік қарсы тасымалшы - NHE-нәруыз дейді. Ол жасуша ішілік рН мөлшерін бақылайды. Солардың бір түрі NHE-1 нәруызы барлық жасушалардың қабықтарында болады және оның түзілуі SLC9A1-генімен қадағаланады. Бұл геннің ауытқуы кезінде көрсетілген нәруыз түзілмейді де, сырттан әсер ететін қауіп-қатерлі ықпалдардан эссенциалық гипертензия дамиды. Тұтас организмде және бүйрек деңгейінде мембрана арқылы иондардың тасымалдануы бұзылыстарына әкелетін гендік ақаулар денеде натрий иондарының жиналуына, айналымдағы қан көлемінің көбеюіне және қан тамырларының қатты жиырылуына әкеледі.
Тектік ақаулардың нәтижесінде артериялық қан тамырлары межеқуатының эндотелий-тәуелді өзін-өзі реттеу жолдарының бұзылыстары болуы ықтимал. Содан эндотелий жасушалары бұл тамырларды кеңейтетін заттарды (нитроксид, простациклин т.б.) бөліп шығармай, керісінше, оларды жиыратын заттарды (эндотелин-1 т.б.) көптеп шығарады.
Ангиотензиноген молекуласы түзілуінде тектік ақау болатыны белгілі. Бұл кезде оның молекуласында метионин аминқышқылы треонинмен ауысып кетеді.
Осы келтірілгендердің өзі артериялық гипертензия дамуында көптеген гендердің ауытқулары болу мүмкіншіліктерін көрсетеді. Дегенмен, қазіргі кезде бұл аурудың дамуын тек осы тектік ауытқулардың жинақталуымен түсіндіруге болмайды. Артериялық гипертензия дайын күйінде ұрпақтан ұрпаққа тарамайды, тек оған деген бейімділік беріледі. Бұл бейімділік сырттан және іштен әсер ететін көптеген ықпалдармен бірігіп қана артериялық гипертензия дамуына әкеледі.
Қазіргі ғылыми-техникалық өркендеудің нәтижесінде адам организміне көптеген ықпалдар әсер етеді. Жақсы дамыған мемлекеттерде елдің көпшілігі қалаларға ауысуына байланысты олардың организміне эмоциялық ауыртпалықтар, гиподинамия, созылмалы гипоксия, атмосфераның химиялық заттармен ластануы т.б. әсер етеді.
Жақсы дамыған мемлекеттерде қолмен атқарылатын жұмыстың мөлшері азайып гиподинамия дамуымен қатар, ұдайы кәсіби бәсекелестікке бейімделу үшін эмоциялық ауыртпалықтарға әкелетін, жан-дүниелік күйзелістердің үлесі артты.
Жан-дүниелік күйзелістердің маңызы. Жиі қайталанатын жан күйзелістерінен артериалық тамырлардың межеқуатын реттейтін жүйкелік-сұйықтық тетіктердің бұзылыстарына әкелетін эмоциялық ауыртпалықтар (стресстер) дамиды (толығырақ патогенезін қараңыз).
Ұзақ гиподинамияның нәтижесінде:
√ денеде энергия алмасуының тепе-теңдігі өзгереді. Тағаммен түскен энергияның атқарылатын жұмысқа пайдаланылуы азайғандықтан, ол май түзілуге жұмсалады. Осыдан адам толып кетеді, май алмасуының бұзылыстарынан қанда төмен тығыздықты липопроитеидтер көбейеді, дисли-пидемия, атеросклероз дамиды. Семірудің нәтижесінде май тінінде инсулинді қабылдайтын рецепторлар азаюдан инсулинге төзімділік, және инсулинге тәуелсіз қантты диабет пайда болуына қауіп төнеді, гиперинсулинемия байқалады. Гиперинсулинемия симпатикалық-адреналдық жүйенің белсенділігін көтеріп артериалық гипертензия дамуына әкелетіні белгілі;
√ гиподинамия тұздардың организмде тұтылып қалуына әкеледі. Мәселен, ауыр қол жұмысын атқарғанда, спортпен шұғылданғанда термен бірге тұздарда организмнен шығарылады, бүйректің қызметі жеңілденеді.
Созылмалы гипоксияның маңызы. Организмге гипоксия ұзақ әсері етуі де артериалық гипертензия дамуына қауіп төндіреді. Бұл кезде гипоксияға жауап ретінде шеткері қан тамырларының рефлекстік жиырылулары, ішкі ағзалардың (бүйректің т.б.) гипоксиясы, тамырлардың қимылдық орталығының тұрақты қозуы қан қысымының жоғары деңгейде тұрақталып қалуына әкелу мүмкіндігі пайда болады. Таулы жерлерге ауысқанда қан қысымы көтерілуге бейім адамдарда артериялық гипертензия асқынып кететіні белгілі.
Эссенциялық гипертензияның этиологиясында сыртқы ортаның ауыр металдармен ластануларының белгілі маңызы болуы мүмкін. Бұл жөнінде мәліметтер әлі толық жинақталмаған. Солардың ішінде қорғасынның және кадмийдің маңызы бар. Жануарларға тамақпен немесе сумен бірге өте аз мөлшерлерде ұзақ мерзім қорғасын немесе кадмий енгізгенде оларда артериялық гипертензия дамиды. Олардың бұл әсерін шеткері қан тамырларының жиырылуымен, натрийдің организмде жиналуымен, қанда ренин мен ангиотензин-II мөлшері көтерілуімен байланыстырады.
Организмде магнийдің жетіспеушілігі артериялық гипертензия дамуына әкеледі. Магний иондары тамыр қабырғаларының жиырылуын туындататын ықпалдарға олардың сезімталдығын төмендетеді және қан тамырларын кеңітеді.
Эссенциялық гипертензия дамуына бейімдейтін ықпал болып адамның жас мөлшері ұлғаюы есептеледі. Балалар мен жастардың арасында бұл ауру сирек кездеседі. Өйткені олар ұдайы қозғалыста дамиды және эмоциялық ауыртпалықтарға ұшырамайды немесе өте сирек ұшырайды. Ал, жас ұлғаюына қарай артериялық гипертензиямен адамның сырқаттануы жиілейді. Мұны ұлғайған жаста гиподинамия мен тамырлардың атеросклероздық өзгерістерімен және эндокриндік бездердің кері дамуымен, жан-дүниелік күйзелістерге жиі ұшырауымен байланыстыруға болады. Мәселен, мый тамырларының атеросклероздық өзгерістері нәтижесінде тамырлардың қимылдық орталығының гипоксиясы қан қысымының көтерілуіне әкеледі.
Патогенезі. Артериалық қан қысымының көтерілуі:
● жүрек шығарымының немесе минөттік қан көлемінің ұлғаюынан;
● қан ағуына шеткері қан тамырларының жалпы кедергілік қасиетінің жоғарылауынан - байқалады; соңғысы өз алдына:
√ қан тамырлары межеқуатының жүйкелік-сұйықтық реттелуі (симпато-адреналдық жүйе, ренин-ангиотензин-II-әлдостерон-вазопрессин жүйесі) бұзылыстарынан;
√ қан тамырларының межеқуатын өзіндік реттейтін эндотелий-тәуелді тетіктердің бұзылыстарынан;
√ тамыр қабырғаларындағы тегіс салалы ет жасушаларының гипертрофиясы мен гиперплазиясынан – байқалады.
Жоғарыда келтірілген жан күйзелістерінен дамитын эмоциялық ауыртпалықтар кезінде мый қыртысының қызметтері өзгеріп, симпато-адреналдық жүйенің межеқуаты көтеріледі, гипоталамус-аденогипофиз-бүйрек үсті бездері сыртқы қабатының белсенділігі көтеріледі.
Симпато-адреналдық жүйенің межеқуаты көтерілуінен бүйрек үсті бездерінің мыйлық қабатында және симпатикалық түйіндерде катехоламиндер (адреналин, норадреналин) артық өндіріледі, гиперкате-холаминемия дамиды. Катехоламиндер кардиомиоциттердің β-адренорецепторларын қоздырып жүрек жиырылуын жиілетеді және күшейтеді. Норадреналин қан тамырларының α-адренорецепторларына әсер етіп, артериолаларды жиырады. Қан тамырларының жиырылуында катехоламиндердің әсерлерінен олардың қабырғаларындағы тегіс ет жасушаларының қабықтарында май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза, липаза ферменттерінің артық әсерленуі маңызды орын алады. Осыдан бұл жасушалардың қабықтарының өткізгіштігі көтеріліп, олардың іштерінде Nа+ мен Са2+ иондарының көбеюінен тамырлардың тұрақты жиырылуы болады. Бұл кезде май қышқылдарының гидроасқын тотықтарының әсерлерінен тегіс салалы ет жасушаларының мембрана-ларындағы Nа+-, К+- және Са2+-АТФ-азаларынын белсенділігі төмендейді. Липидтердің асқын тотығуы эндотелий жасушаларында т.б. фагоциттерде лизосомалық мембрананың өткізгіштігін көтереді. Содан лизосомалық қышқыл гидролазалар (катепсиндер, эластаза, химаза, қышқыл фосфатаза т.б.) босап шығады. Олардың әсерінен бүйректе ренин түзілуі болады, ангиотензин-I ангиотензин-II-ге айналады.
Гиперкатехоламинемия бүйректе шумақ жанындағы жасушаларда ренин өндірілуін арттырады. Ренин катепсин В және катепсин Д ферменттерінің қатысуымен түзіледі. Олар ангиотензиногенді ыдырататын протеолиздік ферментке жатады. Оның әсерінен ангитензиноген декапептид ангиотензин-І-ге айналады. Ол артериолалардың эндотелий жасушаларында өндірілетін ангиотензинге ауыстыратын ферменттің (ААФ, ФК 3.4.15.1) қатысуымен ангиотензин-II-ге ауысады. Бүгінгі күні ангиотензинге ауыстыратын ферменттің қатысуынсыз-ақ, лизосомалық ферменттердің (катепсин G, эластаза, химаза, тонин) әсерінен ангиотензин-II-нің ангиотензин-І-ден немесе тікелей ангиотензиногеннен құрылатыны белгілі.
Ангиотензин-II қан тамырларының қабырғасындағы тегіс салалы ет жасушаларының, бүйрек үсті бездерінің, бүйректің, жатырдың, бауыр мен жүрек жасушаларының мембранасында арнайыланған ангиотензиндік рецепторлармен байланысып әсер етеді. Бұл рецепторлардың екі түрін АТ1 және АТ2 ажыратады. Артериалық гипертензия дамуында АТ1 рецепторының маңызы зор. Ангиотензин-II осы рецептормен байланысуынан:
√ артериолалардың жиырылуы болады, өсу факторларын әсерлендіріп тамыр қабырғаларындағы тегіс салалы ет жасушаларының гипертрофиясы мен гиперплазиясы туындайды,
√ әлдостерон түзілуі мен бөлініп шығарылуы артады,
√ өсу факторлары әсерленіп сол жақ қарыншаның гипертрофиясы туындайды,
√ миокардта фибробластардың өсіп-өнуі артып кардиосклероз дамиды,
√ кардиомиоциттерде апоптоз дамуына ықпал етеді.
√ ренин түзілуі шектеледі.
АТ2 рецепторының гипертензия дамуында маңызы онша емес – деп есептеледі.
Жиі қайталанатын эмоциялық ауыртпалықтардың нәтижесінде гипоталамуста кортиколиберин, аденогипофизде кортикотропин, бүйрек үсті бездерінде глюкокортикоидтық гормондар артық өндіріледі, гиперкортикостероидемия дамиды. Глюкокортикоидтық гормондар: біріншіден, бауырда ангиотензиногеннің түзілуін, екіншіден, ангиотензинге ауыстыратын ферменттің түзілуін арттырады. Бұл фермент ангиотензиногеннің ангиотензин-І-ге және ангиотензин-І-дің ангиотензин-II-ге ауысуын сергітеді және тіндерде брадикининді ыдыратады. Сол себепті оны кининаза II деп те атайды. Брадикинин эндотелий жасушаларында нитроксид (NO) түзілуін және простагландиндер J2 мен E2 құрылуын арттырады.
Сайып келгенде артериалық гипертензия дамуында «ренин-ангиотензин-II-әлдостерон» жүйесі қалыптасуының маңызы зор. Бұл жүйенің қанмен айналып жүретін және тіндерде орныққан тізбектерін ажыратады. Бүйрек, бүйрекүсті бездері, мый, жүрек жасушаларында және қан тамырларының тегіс салалы ет жасушаларында жергілікті орныққан ренин-ангиотензин-II» жүйесі болатыны белгілі болды. Оның қанмен айналып жүретін тізбегі артериалық қысымды қысқа мерзімде ғана қадағалай алады. Ал, тіндік тізбегі ағзалар мен тіндердің құрылымы мен функцияларын ұзақ реттеуге қатысады. Қан сұйығында ренин мен ангиотензин-II-нің белсенділігі қалыпты мөлшерде болғанының өзінде жүрек пен бүйректе олардың белсенділігі жоғары күйінде сақталады. Бүгінгі күні қалыпты және дерттік жағдайларда тіндердің деңгейінде «ренин-ангиотензин-II-әлдостерон» жүйесінде ангиотензин-II құрылуында ангиотензинге ауыстыратын ферменттің маңызы өте шамалы (10-15%) ғана болады деп есептеледі. Ал, бұл пептидтің өндірілуіне эндотелий жасушаларының лизосомалық ферменттері өте үлкен ықпал етеді. Сау адамдарға қарағанда эссенциалық гипертензиямен сырқаттанған науқастарда лейкоциттердің катепсин G ферменті мен мес жасушаларының химаза ферментінің белсенділігі 7 еседей жоғары болатыны белгілі. Осыдан артериалық гипертензия қалыптасуында лизосомалық ферменттердің маңызы зор екенін байқауға болады.
Катепсин G және қышқыл фосфатаза қан тамырларының қабырғаларында дәнекер тінді және миоциттердің дәнекер тіндік қабығын ыдыратады. Соңғысында артериалық қысымды реттеуге қажетті α- және β-адренорецепторлар болатындықтан олардың бүліністерінен майда артериалардың жүйкелік-сұйықтық реттелуі бұзылады. Ренин-ангиотензин жүйесінің ең үлкен белсенділігі эссенциалық гипертензияның бастапқы кезеңдерінде және қатерлі гипертензия кезінде қанда рениннің мөлшері көбейгенде байқалады. Артериалық гипертензия үдей түсуіне және науқастың жасы ұлғаюына қарай ренин мен ангиотензин-II-нің белсенділігі азая бастайды. Артериалық қысымның қандай себептен болмасын көтерілгенінде бүйректе ренин өндірілуі кемиді. Сол себепті тұрақты артериалық гипертензия кезінде қанда рениннің мөлшері азаяды. Содан кейбір гипертензиямен ауыратын науқастарда ренин аз болады. Бұл кезде гипертензия дамуында организмде натрий мен су көлемінің артуы маңызды орын алады. Сондықтан қанында рениннің аздығымен көрінетін артериалық гипертензиямен сырқаттанған науқастарда зәрайдатқы дәрілер жақсы емдік әсер етеді.
Ренин-ангиотензин жүйесі бүйрекүсті бездерінің сыртқы қабатында әлдостерон түзілуін сергітеді. Әлдостерон организмде натрийдің және онымен бірге судың тұтылуын арттырады. Тамыр қабырғаларының жасушаларында натрийдің көбеюі:
● артериолалардың қабырғасын ісіндіріп саңылауын тарылтады,
● майда артериалар қабырғасының тамыр жиыратын ықпалдарға (катехоламиндер, вазопрессин, ангиотензин т.б.) сезімталдығын көтереді.
Осыдан қан ағуына қарсы шеткері қан тамырларының жалпы кедергілік қасиеті көтеріліп гипертензия дамиды. Клиникада артериялық гипертензиясы бар адамдардың тағамында ас түзын шектеу белгілі емдік әсер етеді.
Сонымен қатар, қанда натрийдің көбеюі, гипоталамустың осмостық рецепторларын қоздырып, вазопрессин өндірілуін арттырады. Вазопрессин тамыр қабырғаларындағы тегіс салалы ет жасушаларының V1-рецепторларына әсер етіп артериолаларды жиырады, бүйрек өзекшелерінің эпителий жасушаларының V2-рецепторларын қоздырып бастапқы несептен судың кері қанға сіңірілуін күшейтеді. Вазопрессиннің бірінші әсерінен шеткері тамырлардың жалпы кедергілік қасиеті көтеріледі, екінші әсерінен айналымдағы қан көлемі көбейеді. Оның осы екі әсерінен де артериалық қысым көтеріледі.
Бүгінгі таңда қан тамырлары межеқуатының өзгерістері эндотелий-тәуелді өзін-өзі реттеу тетіктері бұзылыстарынан да дамиды – деп есептеледі. Қанда холестерин көбеюінен, артериалық қысым көтерілуінен, қантты диабет, атеросклероз, тромбоциттердің белсенділігі артуы, гипоксия кездерінде т.б. ауыртпалықтардан эндотелий жасушаларының бүліністері пайда болады. Қалыпты жағдайларда ацетилхолин, брадикинин, гистамин, серотонин, АДФ т.б. биологиялық белсенді заттар бұл жасушалардың арнайыланған рецепторларымен байланысып эндотелий жасушаларында NO-синтаза (NOS) ферменті түзілуін күшейтеді. Бұл фермент L-аргинин аминқышқылын оттегі атомымен тотықтырып L-цитрулин және нитроксид (NO) түзілуін сергітеді. Нитроксид және простациклин (простагландин J2) тамыр жасушаларында гуанилатциклаза ферментін әсерлендіріп, цГМФ түзілуін арттырады. Ол цГМФ-тәуелді протеинкиназа ферменті мен Са2+-АТФазаның белсенділігін көтеріп, миоциттердің саркоплазмасынан Са2+-иондарының шығарылуын тездетеді. Содан тегіс салалы ет жасушаларының босаңсуы болады және олардың өсіп-өнуі тежеледі, қан тамырларының қабырғалары кеңиді. NO тромбоциттерге әсер етіп олардың көтеріңкі белсенділігін бәсеңсітеді, тромбоз дамуынан сақтандырады. Солармен бірге нитроксид, прооксиданттық ферменттерді тежеп, оттегінің бос радикалдары пайда болуынан сақтандырады, эндотелин түзілуін кемітеді.
Эндотелий жасушаларында NO-синтаза ферментінің туа біткен немесе жүре пайда болған жеткіліксіздігінен NO түзілуі азаюы артериалық гипертензия дамуына қолайлы жағдай туындатады.
Қан тамырларын жиыратын қуатты зат болып эндотелин-1 есептеледі. Эндотелин эндотелий жасушаларында эндотелинге ауыстыратын ферменттің қатысуымен өндіріледі. Сонымен бірге катепсин Д ферменті бар қышқыл ортада аспарагиндік протеаза ферментінің белсенділігі өте жоғары болады. Ол эндотелий жасушаларында эндотелин өндірілуіне қатысатын ферменттердің біріне жатады. Оның өндірілуі ангиотензин-II-нің, вазопрессиннің, катехоламиндердің, инсулиннің, гипоксияның т.б. әсерлерінен артады. Эндотелин-1 өндірілуін тотыққан төмен тығыздықты липопротеиндер мен атеросклероз дамуына әкелетін медиаторлар да арттырады. Содан гиперлипидемия және атеросклероз кездерінде эндотелин-1-дің деңгейі көтеріледі. Керісінше NO, простациклин, натрийурездік атриопептин, тромбин бұл пептидтің түзілуін тежейді. Эндотелин-1 тамыр қабырғаларындағы рецепторлармен байланысып инозитолфосфатаза ферментін әсерлендіреді, тегіс салалы ет жасушаларының ішінде Са2+-иондарын көбейтеді. Содан қан тамырлары жиырылады және тегіс салалы ет жасушаларының өсіп-өнуі артады. Бұл пептид тікелей өзі немесе ренин-ангиотензин-II-әлдостерон жүйесін әсерлендіру арқылы артериалық гипертензия дамуы мен қарқындауын үдетеді. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша ол ангиотензин-1-ді ангиотензин II-ге ауыстырады және әлдостерон өндірілуін күшейтеді.
Эндотелий жасушаларының қызметтері тромбоциттердің белсенділігінен де байланысты. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде артериалық гипертензия кезінде тромбоциттердің агрегациясы қатты көтерілетіні белгілі. Тромбо-циттер, гемостаз жүйесіне ғана қатысып қоймай, эндотелий жасушаларымен өзара әрекеттесіп, қан тамырларының межеқуатын реттеуге қатысады. Тромбоксан А2 тамыр қабырғасын жиырады.
Ангиотензинге ауыстыратын ферменттің бәсеңсіткіштері артериалық гипертензия кезінде эндотелий жасушаларының қызметтерін қалпына келтіреді. Олар ангиотензин-1-дің ангиотензин-II-ге ауысуын тежейді, брадикининнің ыдырауын бөгеп, оны қабылдайтын рецепторлардың белсенділігін тұрақтандырады, эндотелин-1 түзілуін шектейді. Осыдан NO өндірілуін арттырып қан тамырларын босаңсытады, олардың шеткері кедергілік қасиетін азайтады. Дигидропиридин қатарындағы кальцийдің антагонистері де эндотелий жасушаларына жағымды әсер етеді, эндотелин-1-дің әсерін бөгеп, NO-синтаза ферментін сергітеді.
Сайып келгенде, артериалық қысым көтерілуінде қан тамырларын босаңсытатын және жиыратын факторлардың өзара қатынасы бұзы-лыстарының маңызы бар. Сонымен бірге есте сақтайтын бір жәйт ол эндотелий жасушалары қызметтерінің бұзылыстары артериалық қысым көтерілуінің салдары да болуы мүмкін. Бірақ олар пайда болғаннан кейін артериалық гипертензияны тұрақтандырып үдететін ықпалға айналады және гипертензияның 3-ші сатысында көз түбі мен бүйрек тамырларының бүліністерінде эндотелий жасушаларының өзгерістері маңызды орын алады..
Шеткері қан тамырларының ұзақ жиырылуынан олардың қабырға-ларындағы тегіс салалы ет жасушаларының гипертрофиясы дамиды.
Қорыта келгенде, қан тамырларының жиырылуы, артериялардың атеро-склерозы және миоциттердің гипертрофиясы тамыр саңылауын тарылтып, қан ағуына олардың шеткері жалпы кедергілік қасиетін арттырады. Эссенциалық гипертензияның патогенезі қысқартылып – сызбанұсқада келтірілген.
Эссенциялық гипертензияның өту сатылары. Эссенциялық гипертен-зия біршама уақыт байқалмауы мүмкін. Ол үш сатыда өтеді:
● бірінші өткінші сатысында артериялық қан қысымы мезгіл-мезгіл көтеріліп, ешқандай емшара қабылдамай-ақ, қалыпты деңгейге түсіп тұрады;
● екінші қан қысымының тұрақты көтерілу сатысы кезінде артериялық қысым ұдайы жоғары деңгейде болады. Осыдан сол жақ жүрек қарыншасының гипертрофиясы дамиды;
● үшінші қан тамырлары мен көз түбінің жүйкелік құрылымдарының ауыр құрылымдық өзгерістерімен көрінетін сатысы.
Миоциттер дің
гипер- трофиясы
