- •Алматы 2010
- •Ауру және біртектес дерттік үрдістер
- •Организм реактивтілігі
- •Организмнің төзімділігі және оның түрлері
- •Реактивтіліктің түрлері
- •Сүлде қабынудың даму жолдары
- •Тін бүліністеріне организмнің жалпы серпілістері
- •Жіті кезеңдік жауап
- •Жіті кезеңнің арнайыланған нәруыздары
- •Қан сұйығының протеолиздік жүйесінің әсерленуі
- •Қызбаның клиникалық жіктелу түрлері
- •Жалпы адаптациялық синдром (стресс)
- •Сілейме (шоқ)
- •Сілеймені емдеу әдістерінің патогенездік негіздері
- •Оттегі гомеостазының бұзылыстары
- •Гипоксия
- •Экзогендік (гипоксиялық) гипоксия
- •Эндогендік гипоксиялар
- •Тіндерде оттегінің пайдаланылмауынан дамитын гипоксия
- •Тіндерде қоректік заттардың тотығуы мен фосфорлану үрдістерінің бір-біріне ұласпауынан дамитын гипоксия
- •Гипоксия кезіндегі зат алмасулары мен физиологиялық міндеттемелердің бұзылыстары.
- •Гипероксия
- •Өкпенің газ алмастыру қызметін сипаттайтын қалыпты көрсеткіштер
- •Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары
- •Гипогидратация немесе сусыздану.
- •Гипогидрияны емдеу жолдарының негіздері.
- •Гипергидрия немесе сулану.
- •Гипернатриемия
- •Гипонатриемия
- •Кальций, фосфор, магний иондары алмасуының бұзылыстары
- •Гипокальциемия және гиперкальциемия
- •Фосфор иондары алмасуының бұзылыстары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Қандағы қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Жасуша ішілік қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (қсү) артериалық қандағы калыпты көрсеткіштері
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Гиперкапния кезіндегі жүйелердің бұзылыстары
- •Семіздіктің жіктелулері
- •Біріншілік (идиопатиялық) семіру
- •Семірудің зардаптары
- •Гиперлипопротеинемиялар. Атеросклероз
- •Атеросклероз
- •Бауырда бос май қышқылдарынан үшглицеридтер мен бете-липопротеидтер түзілуі
- •Атеросклероздың патогенезі
- •Қан плазмасындағы майлар мен липопротеидтердің алмасулары
- •Иммундық жүйенің бұзылыстары
- •Иммундық тапшылықты жағдайлар
- •Туа біткен (біріншілік) иммундық тапшылықтар
- •Салдарлық (жүре пайда болған) иммундық тапшылықтар
- •Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (житс)
- •Аутоиммундық үрдістер
- •Трансплантатты тойтару
- •Аллергия
- •Аллергиялардың жіктелуі
- •Аллергиялық серпілістердің патогенезі
- •Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі
- •Аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік III-түрі
- •Аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-ші түрі немесе баяу дамитын жоғары сезімталдық (бджс)
- •Дереу және баяу дамитын аллергиялық серпілістердің айырмашылықтары
- •Жалған аллергиялар
- •Жұқпалар патофизиологиясы. Сепсис
- •Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының түрлері
- •Жұқпалар пайда болуына әкелетін жағдайлар
- •Микроорганизмдердің жасушаларды бүліндіру тетіктері
- •Жұқпалы үрдістердің патогенезі
- •Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері
- •Жұқпа қоздырғыштарынан организмнің қорғану тетіктері
- •Бейспецификалық тетіктеріне:
- •Арнайыланған қорғаныстық тетіктер
- •Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері
- •Өспе өсу патогенезі
- •Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы.
- •Өспе жасушаларының қатерлі өспелердің қасиетін қабылдап, қарқынды өсіп-өнуінен бастапқы өспе түйіні пайда болуы (промоция)
- •Өспе алды жағдайлар.
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Тері ауруларының жалпы этиологиясы
- •Тері бөртпелерінің морфологиялық элементтері
- •Тері қабынулары
- •Дерматиттер
- •Фолликулиттер
- •Гидраденит
- •Дерматоздар
- •Тері өспелері
- •Тірек-қимылдық мүшелердің патофизиологиясы Сүйек тінінің бұзылыстары
- •Остеопатиялар
- •Тұқыммен тарайтын остеопатиялар
- •Жүре пайда болған остеопатиялар
- •Остеопороз
- •Остеомаляция
- •Остеонекроз
- •Сүйек сынуы немесе шатынауы
- •Буын дерттері (артропатиялар)
- •Артриттер
- •Құздама тәрізді артрит
- •Бұлшықеттердің біртектес бүліністері
- •Бұлшықеттердің жүре пайда болған бүліністері
- •Бұлшықеттердің туа біткен бүліністері
- •Қозудың жүйкеден бұлшықетке тарауы және жүйкелік нәрленістік ықпалдардың бұзылыстары
- •Ацетилхолиннің түзілуі мен оның қимылдық жүйкелердің аяқшаларында жинақталуының ақаулары
- •Ацетилхолинэстеразаның шынайы тапшылығы
- •Холинорецепторлардың түзілуі мен жүйке-бұлшықет синапстарының пре- және постсинапстық мембраналарында олардың жинақталуының ақаулары
- •Қан жүйесінің патофизиологиясы
- •Анемиялар
- •Эритропоез бұзылыстарынан дамитын (дизэритропоездік) анемиялар
- •Тапшылықты анемиялар
- •Темір тапшылықты анемиялар
- •Теміртапшылықты анемияның патогенезі.
- •Сүлде аурулар кездеріндегі анемиялар
- •Сидеробластық анемиялар
- •Гем молекуласының түзілуі.
- •Фолий-тапшылықты анемия
- •Гипоплазиялық немесе аплазиялық анемиялар
- •Гемолиздік анемиялар
- •Жүре пайда болған гемолиздік анемиялар.
- •Жіті қансырау
- •Қансыраудан болатын (постгеморрагиялық) анемиялар
- •Лейкоздар
- •Лейкоздардың жіктелуі.
- •Жіті лейкоздар
- •Сүлде лейкоздар
- •Гемостаздың бұзылыстары
- •Қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын біріншілік гемостаз.
- •Қан ұю жолдары.
- •Қан ұюына қарсы (антикоагулянттық) жүйе
- •Фибринолиз жүйесі
- •Гемостаздың бұзылу түрлері
- •Қанағыштыққа бейімділік
- •Тамыр қабырғаларының бүліністерінен дамитын геморрагиялық диатездер
- •Тромбоциттердің өзгерістерінен дамитын қанағыштыққа бейімділіктер
- •Жүре пайда болған тромбоцитопатиялар
- •Коагулопатиялар
- •Гемостаздың плазмалық қан ұю факторлары мен тромбоциттік бұзылыстардың біріккен әсерлерінен дамитын геморагиялық диатездер.
- •Тромбоз, тромбэмболия
- •Тромбоз дамуында қан тамырлық-тромбоциттік гемостаз бұзылыстарының маңызы
- •Аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артерияларының эмболиясы
- •Хирургиялық науқастарда аяқ тіндерінде терең орналасқан көктамырлардың тромбозы мен өкпе артериясының тромбэмболиясынан алдын-ала сақтандыру жолдарының патогенездік негіздері
- •Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (тшқұ) синдромы
- •Тшқұ-синдоромының патогенезі
- •Тшқұ-синдромының зертханалық көрсеткіштері
- •Тшқұ-синдромы кезіндегі қан ұю жүйесінің зертханалық көрсеткіштері
- •Жіті және жітілеу тшқұ-синдромын емдеу ұстанымдары
- •Жүрек-қантамырлар жүйесінің патофизиологиясы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігі
- •Жүрек алдылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы
- •Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері
- •Оңжақ жүрекше мен қуыс веналардың қанға артық толуы
- •Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты артуы
- •Жүрек қуыстарының диастола кезінде қанға артық толуы
- •А Ағзалардың қызметтері бұзылуы ғза қызметтерінің бұзылуы Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (жқсж) емдеу шаралары
- •Жүректің ишемиялық ауруы (жиа)
- •Жүректің ишемиялық ауруының түрлері
- •Миокард инфарктының патогенезі
- •Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері
- •Миокард инфарктынан сауығу кезеңінде мүмкін болатын асқынулардың патофизиологиялық сипаттамалары
- •Жүрек аритмиялары
- •Номотоптық аритмиялар
- •Гетеротоптық аритмиялар
- •Шүріппелік белсенділік артып кетуі
- •Ұстамалы тахикардия
- •Өткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары
- •Ырғақ игерілуінің бұзылыстары
- •Cерпіндердің қалыптасуы мен өткізілуінің біріккен бұзылыс-тарынан дамитын жүрек аритмиялары
- •Жүрек аритмияларының патогенезі
- •Жүрек жыпылығы дамуының электрофизиологиялық негіздері
- •Жүрек аритмияларын емдеу негіздері
- •Артериалық гипертензиялар
- •Эссенциалық гипертензия.
- •Эссенциялық гипертензиядан алдын-ала сақтандыру мен емдеу әдістерінің патофизиологиялық негіздері
- •Әйгіленімдік гипертензиялар
- •Сыртқы тыныс патофизиологиясы
- •Обструкциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Бронхиалық демікпе
- •Демікпелік күй (status)
- •Демікпелік күймен ауыратын науқастарды қарқынды патогенездік емдеу негіздері
- •Асфиксиялық синдром
- •Рестрикциялық тыныс жеткіліксіздігі
- •Өкпе гипертензиясы
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпеқап дерттері
- •Өкпені жасанды желдетудің патогенездік негіздері
- •Асқорыту жүйесінің патофизиологиясы Бауыр патофизиологиясы
- •Сарғыштану
- •Механикалық сарғыштану
- •Бауырлық сарғыштану
- •Гемолиздік сарғыпггану
- •Сарғыштануларды өзара ажырату көрсеткіштері
- •Вирустық гепатит
- •Клиникалық көріністері
- •Сүлде гепатит
- •Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінен сана-сезімнің бұзылыстары мен энцефалопатия дамуы
- •Бауыр циррозы, порталдық гипертензия және асцит
- •Бауыр ауруларына тән зерханалық көрсеткіштер
- •Холецистит
- •Тіс жегісі (кариесі).
- •Пародонтит
- •Гастриттердің патогенезі
- •Жіті гастрит
- •Сүлде гастрит
- •Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Жіті панкреатит
- •Сүлде панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі
- •Ішек бітелуі
- •Бүйрек патофизиологиясы Гломерулопатиялар
- •Жіті гломерулонефрит
- •Жітілеу жайылмалы гломерулонефрит
- •Сүлде жайылмалы гломерулонефрит
- •Нефроздық (нефроткалық) синдром
- •Пиелонефрит
- •Несеп-тас ауруы (нефролитиаз, уролитиаз)
- •Обструкциялық уропатия
- •Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі
- •Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі (бжж)
- •Бүйрек кызметінің сүлде жеткіліксіздігі (бсж)
- •Жүйке жүйесінің патофизиологиясы Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы
- •Қанайналымның бұзылыстарынан болатын мый бүліністері
- •Жүйке жүйесінің біртектес дерттік өзгерістері
- •Нейрон мембраналарының бұзылыстары
- •Аксон қызметтерінің бұзылыстары
- •Дендриттердің бүзылыстары
- •Түйіспелер қызметтерінің бұзылыстары
- •Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері
- •Тежелудің тапшылығы
- •Сезімталдықтың бұзылыстары
- •Тітіркендіргіштің қарқынын түйсінудің бұзылуы
- •Тітіркендіргішке сезімнің сәйкессіздігі
- •Сезімталдық бұзылыстарының жалпы тетіктері
- •Ауыру сезімінің патофизиологиясы
- •Сүлде ауырулық синдромдардың түрлері және даму жолдары
- •Соматогендік ауырулық синдромдардың даму тетіктері
- •Бастапқы гипералгезияның пайда болу тетіктері
- •Салдарлық гипералгезияның даму тетіктері
- •Нейрогендік ауырулық синдромның даму тетіктері
- •Дерттік (сүлде) ауыру сезімін емдеу негіздері
- •Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары
- •Қимыл-қозғалыс бұзылыстарының түрлері
- •Гиперкинезиялар
- •Шабан гиперкинезиялар
- •Атаксиялар
- •Жүйкелік нәрленістің бұзылыстары және нейродистрофиялық үрдістер
- •Жүйке жүйесінің бұзылыстарында екіншілік эндогендік себепкер ықпалдар қалыптасуының маңызы
- •Эпилепсия (қояншық ауруы)
- •Тырыспа-селкілдек ұстамасының түрлері
- •Нейрожұқпалар
- •Менингиттер
- •Мый қанайналымының бұзылыстары
- •Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері
- •Оңжақ және солжақ мый жартылары инсультінің ерекшеліктері Мыйдың солжақ жартысының бүлінуі
- •Оңжақ мый жартысының бүлінуі
- •Инсульттің зардаптары
- •Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары (мқөб)
- •Мыйға қан құйылу – геморагиялық инсульт
- •Ишемиялық инсульт (мый инфаркты)
- •Жоғары жүйке әрекеттерінің бұзылыстары. Жүйке тозуы (невроздар)
- •Невроздардың жіктелуі
- •Невроздық жағдайлардың жалпы көріністері
- •Вегетоневроздар туралы түсінік
- •Эндокриндік жүйе бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі
- •Бездердіњ орталыќ реттелулерініњ бђзылыстары
- •Бездердіњ љздерінде орналасќан дерттер
- •Гормондардыњ безден тыс жѕне шеткері ѕсер ету тетіктерініњ бђзылыстары
- •Эндокриндік бездердіњ ќызметтерініњ бђзылыстары
- •Ќантты диабеттіњ патогенезі жѕне клиникалыќ кљріністері
- •Ќалќаншабез патофизиологиясы
- •Гипотиреоз
- •Гипотиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Гипертиреоз
- •Гипертиреоздыњ клиникалыќ кљріністері
- •Бџйрекџсті бездерініњ патофизиологиясы
- •Гипокортицизм
- •Гиперкортицизм
- •Гиперкортицизмніњ кљріністері
- •Гиперѕлдостеронизм
- •Феохромоцитома
- •Адамныњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ бђзылыстары Еркектердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Ерлердіњ ђрпаќ љрбіту ќабілетініњ реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардыњ ѕсері
- •Ѕйелдердіњ ђрпаќ љрбіту жџйесі
- •Етеккір оралымыныњ гормондыќ реттелуі
- •Жыныстыќ жетілу жѕне оныњ бђзылыстары
- •Еркектерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Туа біткен гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Жџре пайда болѓан гипогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Нормогонадотроптыќ гипогонадизм
- •Егде тартќан еркектерде андрогендердіњ тапшылыѓы
- •Еркектердіњ бедеулігі
- •Ќуыќастыбез ќызметініњ біртектес бђзылыстары
- •Ѕйелдерде гипогонадизм
- •Біріншілік гипогонадизм
- •Салдарлыќ гипогонадизм
- •Аменорея
- •Гипергонадизм
- •Дертті жџктілік
- •Жыныстыќ жџйеніњ даму аќаулары мен дерттік љзгерістері
- •Жџктілік дамуына жыныстыќ жџйеден тыс аѓзалар ауруларыныњ ѕсері
- •Жџктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жџкті ѕйелдердіњ нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдыќ сілейме
- •Ќаѓанаќ сђйыѓынан дамитын эмболияныњ клиникалыќ кљріністері
- •Адамның ұрпақ өрбіту қабілеті Еркектердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Ерлердің ұрпақ өрбіту қабілетінің реттелуі
- •– Кесте Адамда андрогендік гормондардың әсері
- •Атабездер мен олардың қосалқылары қызметтерінің біртектес бұзылыстары
- •Еркектерде гипоталамус-гипофиз-жыныстық жүйенің (ггжж) бұзылыстары
- •Қуықасты безі қызметінің біртектес бұзылыстары
- •Әйелдердің ұрпақ өрбіту жүйесі
- •Етеккір оралымының гормондық реттелуі
- •Әйелдердің гормондық бұзылыстары
- •Аналық жасушаның ұрықтануы
- •Әйел денесінің жүктілікке бейімделуі және оның бұзылыстары
- •Дертті жүктілік
- •Жүктілік дамуына жыныстық жүйеден тыс ағзалар ауруларының әсері
- •Жүктіліктен уыттанулар (токсикоздар)
- •Жүкті әйелдердің нефропатиясы
- •Талмадерт (эклампсия)
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболия
- •Кардио-пульмоналдық сілейме
- •Шарана сұйығынан дамитын эмболияның клиникалық көріністері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі,
С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Клиникалық патофизиология
Алматы 2010
Кіріспе
Патофизиология - ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын зерттейтін медицинаның түбегейлі ілімі. Ол клиникалық пәндердің негізгі іргетасын қалайтын, аурудың пайда болу себептерін, дамуы мен аяқталу заңдылықтарын тұтас организмнің, жүйкелік-эндокриндік және иммундық реттелу негіздерінде, дерт туындататын ықпалдарға икемделіп-бейімделу мүмкіншіліктерімен біріктіре қарастыратын іргелі қағидалық ілім. Ол физиология, молекулалық биология, биохимия, иммунология, патомор-фология, фармакология т.б. пәндермен тығыз байланыста болу арқылы медицина ғылымының заманына сай жетістіктерін клиникалық пәндермен байланыстырып біріктіретін пән. Патофизиология ауру туралы жалпы қағида қалыптастырып, оның даму жолдарын анықтау арқылы аңғарымдамалық, патогенездік профилактика және емдеу жолдарының негіздерін қалайды. Қандай да болмасын жаңадан ашылған аңғарымдамалық және терапиялық ісшаралар алдымен патофизиологиялық тәжірибелерде тексеріледі. Ауру дамуындағы себеп-салдарлық арақатынастарды ажырату арқылы дәрігер мамандарда клиникалық дүниетанымды қалыптастырады.
Патофизиология пәні жалпы және жүйелік бөлімдерден тұрады. Жалпы патофизиология, организмде орналасқан жеріне және пайда болу жаратылысына қарамай, ағзалар мен тіндердің қызметтері бұзылыс-тарынының даму тетіктері мен себептерінің үлгілік заңдылықтарын зерттейді. Жүйелік патофизиология дерт туындататын ықпал әсер еткенде жекелеген ағзалар мен тіндердің қызметтерінің бұзылыстары мен сауығуының жалпы және арнайыланған тетіктерін анықтайды. Патофизиологияның бұл екі бөлімі де аурудан сақтандыру, аңғарымдау және емдеу әдістерін іздестіретін және практикаға ендіретін амалдық медицинаның қағидалық негізін қалайтын ілімге жатады.
Патофизиологиялық зерттеулер жасуша ішілік, жасушалық, тіндік, ағзалық жүйелік және тұтас организмдік деңгейлерде физологиялық, био-химиялық, биофизикалық, иммундық және морфологиялық әдістерді пайдаланып өткізіледі. Науқас адамдарда бұл әдістерді қолданып ауруды зерттеу клиникалық патофизиологияның негізін құрайды.
Организмнің бүліністеріне әкелетін себепкер ықпалдардың топтық және түрлік сипаттамаларын, молекулалық, жасушалық, тіндік, ағзалық және жүйелік деңгейлерде олардың бүліндіру тетіктерін, спецификалық және бейспецификалық қорғану жолдарын, бүліністер кездерінде икемделу-бейімделу тетіктерін зерттеу патофизиологияның түбегейлі бағыты болады. Осының нәтижесінде адам ауруының заманына сай қағидасын қалыптастырады, дерттің дамуы мен аяқталуының жалпы және нақты заңдылықтарын анықтайды.
Сонымен бірге, патофизиологияның практикалық медицинаға қатысты үлкен амалдық бағыты бар. Ол дәрігерде клиникалық дүниетаным қалып-тасуына, ауруды дұрыс аңғарып, дұрыс емдеуді үйретуге бағытталады.
Осы мақсатта:
● аурудың патогенезіне қарай әйгіленімдерін талдау арқылы оның:
√ қай ауру екенін аңғаруға;
√ пайда болу себебін анықтауға;
√ ары қарай даму мүмкіндіктері туралы болжам жасауға;
√ емдік шараларды таңдап алуға - қажетті тұжырым жасалады;
● аурудың түрін аңғару үшін функциялық және зертханалық аңғарымдамалық әдістерді ғылыми тұрғыда таңдап алуға ықпал етеді және зертханалық зерттеулердің нәтижелері талданады;
● дерттік ықпалдардың әсерлеріне қарсы бағытталған организмнің қорғаныстық-икемделістік тетіктерін ажырату арқылы оларды сергітетін әдістерді пайдалану барлық емдеу тәсілдерінің негізін қалайды.
Осы келтірілгендерге байланысты клиникалық патофизиология пәнінің негізгі мақсаты болып, нақты науқас адамда, оның өмір сүретін қоршаған ортасымен және организмнің даралық реактивтілігімен байланыстырып, аурудың этиологиясы мен патогенезі және сауықтыру шаралары туралы түсінік қалыптастыру есептеледі.
Оның міндеттеріне:
● науқас адамда ауру дамуының жалпы және өзіндік заңдылықтарын зерттеу;
● организмнің даралық реактивтілігімен және қолданылған емдік шаралармен дерт дамуының байланысын анықтау;
● емдік шаралардың нәтижелілігін арттыру үшін нақты науқаста нақты дерттің патогенезін зерттеу;
● ауру патогенезінің заманына сай түсінігіне байланысты патогенездік емдеу тәсілдерін қалыптастыру – жатады.
Ұсынылып отырған «Клиникалық патофизиология» оқулығы медициналық жоғары оқу орындарының жоғары курстарының студенттеріне және медицина мамандарына арналған. Ол екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде клиникада көптеген аурулардың патогенезін ұғынуға маңызды біртектес дерттік үрдістер дамуының жалпы заңдылықтары талданады. Екінші бөлімінде жекелеген жүйелер мен ағза қызметтері бұзылыстарының заңдылықтары және оларды патогенездік емдеу негіздері ұсынылады. Әрине бір оқулықта медицинаның барлық салаларын қамту мүмкін емес. Сол себепті бұл оқулықтың негізгі мақсаты болып, клиникалық медицина мамандарын бүгінгі күннің ғылыми жетістіктеріне сай дерттанудың жалпы заңдылықтарымен таныстыру есептелді.
