Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

К.Р.Аманжолов

• Ш

ҚАЗАҚСТАН

ТАРИХЫНЫҢ ДӘРІСТЕР КУРСЫ

2-кітап

(1917-жылгы Қазан төңкерісінен 2003 жылга дейін)

X » * е •

Алматы "Білім" 2004

ББК 63.3 (2 Каэ) я 7

А52

Қачак, Мемлекетгік Қыздар педагогикалық инстшугының һылым ксңесінде бекітілген.^

Пікіржазгандар:тарихғылымдарыныңдокгоры,профессор У.Х.Шолекенов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Т.Берлібаев.

Аманжолов К.Р.

А 52. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 2-кітап. 1917 жылғы Қазан тоңкерісінен 2003 жылға дейін. —Алматы: "Білім", 2004. 336 бет.

\ЬШ 9965-09-217-6

1;ц*І

Мемлекеттік Стандарттау женіндегі Үлттық орталығы дайындап, 2002 жылы ҚР Білім және ғылым министірлігі бекіткен Қазақстан тарихьшың дәрістер курсы жоғары көсіптік мамандықты дайындауға арналып жазылған.

0503020905

/

 

А

 

 

ББК 63.3 (2 Каз) я 7

 

 

412(05)-04

 

 

©Аманжолов К.Р, 2004

©"Білім" баспасы, 2004

XIII тақырып. Қазақстанда қазан төңкерісі

және социализмді орнату (1917 қазан— 1940 жыл)

(21-22-дәріс)

Қаралатын мәселелер:

1.Қазан төңкерісінің әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері туралы пікірталастар.

2.Алаш партиясы және Алашорда Автономиясы (1917 жыл, желтоқсан — 1920 жыл ақпан).

3.Қазақстан азамат соғысы жыдцарында (1918-1920 жж).

4.Қазақстанда азамат соғысы жылдарында жасақталған Қызыл армияның әскери бөлімдері мен қүрамдары (19181920 жж).

5.РКП (б) X съезінің жаңа экономика саясаты (НЭП) және оның Қазақстан халқын ашаршылыққа ұшыратуы. Жерсу реформасын іске асыру.

6.Орта Азия Кеңестік Республикаларының ұлттық мемлекеттік межеленуі және Кеңестік Қазақ Автономиялық республикасының қүрылуы мен нығаюы (1920-1925 жж).

7.Қазақ АССР-дағы Кеңестік мемлекеттік қүрылыс жөне байлардың шаруашылықтарын тәркілеу (конфискелеу).

8.Қазақстандағы индустрияландыруға кешу жөне бірінші бесжылдық (1926-1932 жж).

9.Қазақставда күшпен үжымдастыру, отырықшыландыру мен орталыққа ет тапсыру науқанының қасіреті (1932-1933 жж).

10.Үжымдастыру жыддарывдағы қазақ босқындары және олардың жанкештілік күресі (1930-1932жж).

11.Қазақстанда халық шаруашылығын қайта қүрудың аяқталуы (1934-1940жж).

12.Қазақстандағы мәдениет қүрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940жж).

Әдебиетгер:

1.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында . "Атамүра", 1999.

2.Назарбаев Н.Ә. Жанымызда жатгалсын, татулық дәйім

Г.ЧҚТМІІСМП Алматьт, 1998.

.1. Мүсіафа Шоқай. Түркістанның қшіы тағдыры. Алматы,

1492.

4.Елсуов Т.Е. Установление и упрочение Советской власти

нКазахстане. Алма-Ата, 1961.

5.Социалистическое строительство в Казахстане в восстановительный период. Алма-Ата, 1962.

6.Шесть лет национальный политики советской власти и иаркомнац. М,.1924.

7.Қойгелдиев Мәмбет. Алаш қозғалысы. Алматы, "Санат",

1995.

8.Коллективизация селького хозяйства важнейшие постановление Компартии и Советского правительство 19271935. М., 1957.

9.Базанова Ф.Н. Формирование и развитие структуры населения Казахской ССР (национальный аспект), АлмаАта, 1987.

10.Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. Том 3. Алматы. 1999.

11.Қазақ ССР тарихы (Социализм дәуірі). Алматы, "Ғылым", 1964.

12.Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 5-том. Алматы "Ғылым" 1984.

13.Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мүрағаты, 44 қор; 1179 қор; қор 16;

14.Кокішев Т. Шындықты бүрмаламай, жүлмаламай айтайықшы. Қазақстан Коммунисі, 1990, №5.

15.Вопросы истории Компартии Казахстана. Алма-Ата.

1985.

16.Народное хозяйство Казахстана, 1979, №4.

17.Қазақстан тарихы. 1991. №1,3. 1992 1993 №1,3 1995.

№3.

18.Қазақ ССР-нің 4 томдық қысқаша энциклопедиясы том 1. Алматы, 1985.

19.Нүрпейісов К. Ғасыр басындағы үлттық интеллигенция. "Егемен Қазақстан". 1997, 5желтоқсан.

20.Сариева Р. Қазақстан тотолитаризмінің 1932-1933 жылдарындагы касіреті мен қайғысы. "Егемен Қазақстан" 1998 жыл 29 мамыр.

21.Омарбеков Т. Азалы тарих ақиқаты. "Егемен Қазақстан". 1996 ж. 8 маусым.

22."ЕгеменҚазақстан". 1992,22желтоқсан.

23.Амангелді Айталы. Үлттың биік мерейі. "Егемен

Қазақстан". 2002, 22 наурыз.

1.Қазан төңкерісінің әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері туралы пікірталастар

1917 жылы қазанда Петроградта жөне оның маңайында социалистік революцияның жеңіп шығуы үшін партияның басшылығымен Қызыл гвардияшылардың, революцияшыл солдатгар мен матростардың 250 мың жауынгерінен түратын екпінді отряд жасақтадды. Осы басты үш күш 24 қазанда таңертең шабуылға шығып, сол күннің кешінде көтерілістің орталығы Смольныйға В.И.Ленин келгеннен кейін, көтеріліс езінің шешуші кезеңіне кешті. 25 қазанда (қарашаның 7) таңертең Петроград Советі жанывдағы Әскери-рев. Комерциялық комитет В.И.Ленин әзірлеген "Россия азаматтарына" үндеуді жариялады. Онда Уақытша үкіметтің қүлатылғаны хабарланды. 25 казанның кешівде Смольныйда Советтердің Бүкіл россиялық 2-съезі ашылды. Съезд "Жүмысшыларға, солдатгарга және шаруаларға" үңдеудегі бүкіл окімет билігінің Советтерге көшкенін мөлімдеп, қарулы көтерілістің жеңіп шыққанын баян етгі. Съезд Бейбітшілік туралы, Жер туралы декретгер қабылдап, БОАК-ті сайлады. Совет үкіметін-Халық Комиссарлары Советін қүрды. Оның Председателі болып В.ИЛенин бекітідді. Жаңа заман басталды.

Совет үкіметінің алғашқы актілерінің бірі "Россия халықтары праволарының Декларациясы" болды. Онда жүмысшышаруа мемлекетінің үлт саясатының негізгі принциптері: Россия халықтарының тендігі мен суверендігі, олардың өзінің мемлекет қүрылысын өзі шешу правосы жариялаңды. Үлтгық және этникалық азшылық пен топтардың еркін дамуы, үлтгық және діни артықшылықтарды жою-Совет өкіметінің үлт программасы, міне осындай еді.

Қарашаның басында Москвада жеңіске жеткен революция бүкіл елде өзінің салтанатты шеруін бастады. Поволжъеде, Уралда, Сібірде Совет өкіметінің орнауы кейбір себептерге байланысты біраз кешеуілдеді. 1917 ж. 30 қазанда Қазақстанда алғаш рет екімет билігін Перовск (қазіргі Қызылорда) жүмысшылары мен солдаттары ез қолына алды. Ол кезде бүл үлкен гарнизон орналасқан ірі теміржол станциясы болатын. 3 маусымда мүнда дербес большевиктік үйым қүрылып, РСДЖ(б) П ОК-нің Москва бюросымен байланыс орнатқан еді. Түркістан мен Сырдария облысының өкімшілік

орталығы Ташкенттегі қарулы көтеріліс жеңіске жеткеннен кейін Әулиеатада, Шымкентге, Қазальща т.б. жерлерде бейбіт жолмен Совет өкіметі орнады. Біраз кідірістен кейін — 22 қарашада Петропавдда, 27 желтоқсанда Ақмолада өкімет билігі Совстгер қолына кошті. Онъш кідіру себебі Сібір казактарының ауқатты болігіне арқа сүйеген эсерлер мен меньшевиктер белсенді қарсылық көрсетті. Үсақ буржуазиялық қайраткерлердің казакгардың офицер-атаман топтарымен бірігуі оларға кей жерлерде революция күшін уақытша тежеуге мүмкіндік берді. Оралда, Орынборда, Алматыда меньшевиктер мен эсерлердің қатысуымен, "ескери үкімет"қүрылды. Ол Совет екіметімен күреске өзірлікжүмысын өз қольша алды. Семейде, Павлодарда, Өскеменде үсақ буржуазиялық "делегаттар жиналысының" қолшоқпары басшылық етті. Бүл жерлерде казак полкгерімен, жасақтармен, офицерлік-юнкерлік отрядтармен бірге реакция жергілікті халықтардың буржуазияшылдарынан қолдау тапты. 14 қарашада атаман Дутов Орынборда төңкеріс жасап, Поволжье мен Орал еңірі Қызыл гвардияшылдармен ашықтан-ашық Қазақставда кеңес үкіметіне қарсы соғыс қимылдарына көшті.

Басқа жол, баска әдісті әлі танып-білмеген карапайым халықтың басым бөлігі коммунистердің соңына еріп, ал мүвдай өрекетгің арты немен аяқталатынын әуедде жақсы түсіне алмады. Олар ез арасынан комиссарлар сайлап Совет үкіметін қолдады.

Бірақ 1917 жылғы қазан тоңкерісінен кейінгі оқиғалар, сонымен бірге, қазақ қоғамында үлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен өдісіне қатысты жаңа көзқарастың қалыптасып қалғанын да көрсетіп берді. Оны үстанушы үлтгық демократиялық интеллигенция қазақ жеріңдегі ара салмақтың өзгергенін, қарсы түрған жаудың да күші мен айласы бүрынғыдан басқа екендігін ескере отырып, күрестің жаңа әдісіне көшу қажеттігін, ал ол әдістің негізгі белгісі үлттық саяси түтастық және негізгі мақсаттар үшін саналы, үйымдасқан әрекетке оту екендігін халыққа жеткізуге тырысты.

Оқиғалар ағымы екінші көзқарастың сол тарихи кезендегі үлт мүддесіне тура келетіндігін көрсетіп берді. Демократиялық интеллигенция болса жаңа заман, жаңа өзгерістердің келе жатқандығын тура түсіне отырып, енді белсенді әрекетке көшті. Оның бүл өрекеті алдымен саяси партия қүрудан бастадды.

2. Алаш партиясы және Алашорда автономиясы (1917 жыл,желтоқсан—1920жыл,ақпан)

Қазақтардың демократ жетекшілері 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда "Алаш" партиясының кезекті (үшінші) съезін өткізді. Съезде Алашорда автономиясыньщ орнағанын және кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі Ә.Бөкейханов бастаған үкімет қүрылғанын хабарлады, программалық документтер қабылдады. Ол 25 мың адамнан түратын милиция формасындағы үлттық қарулы күш үйымдастыруды белгіледі.

Алаш өкіметін қүру мәселесі 1917 жылы шілденің 21-28- інде Орынбор қаласында жалпы қазақтық I съезіңце қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқыға түсті. Алдымен мемлекет қүрылысы қаралды: "Русиядемократическая, парламентарская республика болып, қазақ облыстары қоныс-үлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс"1 деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайывда 14 баптан түратын қаулы қабыддады2. Ең мықтап айта алғандары: "қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін"3. Осындай дүрыс ойпікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ.

Ал қазақтың үлтгық-территориялық мөселесін Алашорда автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласывдағы жалпықазақтың II съезінде занды түрде бекітті4.

Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссиялық қүрылтай съезі бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ" газетінің 251 санында жарияланды. 10 баптан түратын саяси қүжатга қазақ елінің үлтгық, тілек-мақсатының негізгілері баяңдалды, онда: "Алаш Орда" үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекетгік үкімет билігінің түрі "федерациялық республика қүрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды. Ол республиканың Қүрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады, атқарушы механизм міңдетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетідці. Бүл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекеттен бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болып

1Туркестанские ведомости". 1917, 6 желтоқсан.

2Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, 1992, 61-6.

3Қойгелдиев Момбет. Алаш қозғалысы. "Санат" Алматы. 1995, 300-6.

4Кокішев Т. Шындықты бүрмаламай, жүлмаламай айтайықшы. Қазақстан коммунисі. 1990. №5, 80-81 беттер.

7

табылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер қүру мен салық салу ісін үйымдастыру, "түземдіктердің"жерді пайдаланудағы қүқығын анықтау жөне жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды1.

Осы жалпықазақтық II съезінде: "Алаш облыстарын казіргі бүліншіліктен қоргау мақсатымен уақытша үлт кеңесі қүрылды, оның аты "Алашорда" деп аталды. "Алашорданың" өкімет қүрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды2.

Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) үлт кеңесінің қүрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмүхамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мүстафа Шоқай (Сырдария облысы), облыстардан тыс Алашорда қүрамына Әлихан Бокейханов, Жаһанша Досмүхамедов, Әлімхан Ермеков, Мүхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Қүлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтіңосы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі оңірлерінен тағы да 15 кісінің каңдидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясьшың үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды3.

Сол кездегі Алашорда автономиялық мемлекетінің жері Россия империясының бес әкімшілік (административных) қүрамы болып кірген еді. Сырдария мен Жетісу облыстары

— Түркістан генерал губернаторлығына, Торғай облысы Орынбор губерниясына, Орал облысы тікелей Россия мемлекетінің қүрамына кірді4.

Алашорданың уақытша үлт кеңесінің басшы қүрамына сайланғандар, 1918 жылғы көкектің екісіне дейін Халел мен Жаһанша Досмүхамедовтар Москвада автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермековтер В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қазақ автономиясының жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді5. "Қазақ" газетінің 1918 жылғы 30 шіддеде шыққан

1"Егемен Қазақстан". 1996, 19 қыркүйек.

2Кокішев Т. Шындықты бурмаламай, жұлмаламай айтайықшы.

Қазақстан коммунисі, 1990, 81 бет.

3Нүрпейсов К. Ғасыр басындағы үлттық интеллигенция. "Егемен Қазақстан". 1997. 5 желтоқсан.

4Елеуов Т.Е. Установление и упрочение Советской власти в

Казахстане. Алма-Ата, 1961, стр.48.

5 Ленин В.И. Шығармалар толық жинағы. 52 том, 352-353 беттер.

262 санында "Заречная слободада Алаш орда хүкумөтінің іске кіріскені" туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жылы майда Оралда өткен қазақ съезінде Жаһанша және Халел Досмүхамедовтер бастаған "Ойыл уәлаятының" уақытша үкіметі (провинпиальное правителъство) жарияланды. Ол сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Бірак Алаш орданың батыс бөлігі жеке үйым деп есептелмеген. Алашорда автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов "Алашорданың батыс бөлімін қүру жайын іс қағазына қол қойған, бірақ Алашордада завды түрде мүндай белінуі болмаған1". Осының бәрін ескере отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке үйым деп есептеуге болмайды2 — деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған есебінде.

"Алаш Орда" үкіметі өзінің әскерін қүруға және Қазақстан аумағында өкілетті өкімет биліктерін үйымдастыруға кірісті, "ресей патриотизміне" ақырына дейін адал болып қалған әскер бөлімдерінің атамандарымен әскери одақ қүрып, олардан қару-жарақ алмақ болды3.

Алаш үкіметінің терағасы Ә.Бөкейханов 1919 жылдың басында Омбыда Колчактан қару-жарақ сүрау ниетімен барғанда Алаш Орда үкіметіне бағынышты өскердің қүрамын, түрған жерін санын айтады: солардың ішінде:

Жетісу майданында — 700 адам, Тройцкіде — 540 адам, Орал облысында 2000 адамнан қүрылған 2 өскери бригада болғанын көреміз. Колчак Қазақ автономиясын мойындаудан бас тартқан соң Алаш Орда үкіметінің басшылары Совет окіметімен келісімге келеді. Аи А.Байтүрсынов 1919 жылы 25 шіддеде Кирревкомның мүшесі болып В.ИЛенин қолынан мавдат алды.

Батыс Алашорданың басшысы Жаһанша Досмүхамедов озінің 1919 жылы 21 желтоқсанда Орынбордағы Кирревкомға жазған қүпия хатында атты казактардың қыстағанына қарамастан Алаш солдатгарының қызыдцарға қарсы соғыспаганын, тек тым болмай бара жатқан жағдайларда ғана ақтардың қатарында кдра беріп кейін қашып кетіп жүргеңцерін, қазіргі кезде ақтардың бастықтары Алашқа анығынан сенбей қарап, қысымын күшейтіп отырғанын, сондықтан Түркістан майданының Оралдағы соғыс-революция советінің мүшесі

1Ақиқат. 1994, №1, 95.

2Сонда. 95 бет.

3Егемен Қазақстан. 1996, 19 қыркүйек.

Лежава-Мюратпен байланыс жасап, ақтарга қарсы әрекетгерін тездетіп, қазақ даласын ақтардан тазартуларын етінгендерін хабарлайды, озара келісіп сөйлесу үшін ревкомның бір адамын жіберулерін өтінеді.

Батыс Алаіп Орда басшылары Қызыл Армияның Ойьтл қаласына келген татар атқыштар полкінің командирі Мөулюдов жоне коммиссары Қасымовпен тығыз байланыс жасайды. Бүл жөнінде татар полк командирінің 3-ші Түркістан атты дивизиясының бастығына жазған ақпарында: "Қызыл коғадағы Алашорда отряды біздің нүсқауымыз бойынша, 1919 жылы 27 желтоқсанда таң алдында білдірмей шабуыл жасап, Елек корпусының барлық штабын, бастығы корпус комавдирі генерал Акутинді, оның көмекшісі полковник Марковты, штаб бастығы Шадринді, полковник Ершовты қарусыздандырып үстап алды. Біздің отряд Қызыл қоғаға 28 желтоқсанда кірді," — деп хабарлайды. Батыс Алаштың қызылдарға берілгені жөнінде майдан қолбасшысы М.В.Фрунзе 1919 жылы 21 желтоқсанда В.ИЛенинге берген телеграммасында: "... Алашорданың Каспий жағалауына дейінгі диктатурасын негізге алған большивиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш косемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы 1917 жылғы Қазан революциясының үрандарын, кеңес өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты1.

Азамат соғысы жъщдарында (1918-1920) Алашорда Кеңес екіметіне жау күштермен одақтас бодды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес окіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдістерін де, қару жүмсап күштеу жолын да қоддавды. Кезінде (1919 және 1920 жыддары) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан азамат соғысынан кейінгі 7-8 жыдда Қазақстан ғыпымының, оқу-ағарту ісінің, өдебиеті мен өнерінің халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан үлтгық-демократиялық интеллигенция өкіддері, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлер, түгелге дерлік жалған жаламен "халық жауы" аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің қүрбандары болды., ал олардың ғылыми және әдеби мүрасы халықтан .жасырын жағдайда үсталды немесе жойылды2.

' Нүрпсйісов К. Ғасыр басындағы үлттық интеллигенция. "Егемен Қазақстан". 1997 жылы. 5 желтоқсан.

Сонда.

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]