Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

лық опера және балет театрының әншілері Е. Серкебаев пен Б. Төлегенова ие болды, "Алматы жас балеті", "Гүлдер", "Досмүқасан" атгы коллективтер артистерінің есімдері республикадан тыс жерлерге де әйгілі. Р.Рымбаеваның, Ә.Дінішевтің, дирижер Н.Тілендиевтің өнерлері кең танымал. Кино көрермендері " Қазақфильм" студиясының "Мәншүктуралы ән", "Атаманның ақыры", "ҚызЖібек", "Транссібір экспресі", "Ана туралы аңыз" сияқты фильмдерімен танысты. "Қан мен тер", "Даладағы дабыл", "Алатаудың күміс мүйіздері" атты фильмдер одақтық экранға шығарыдды.

Совет адамдары өмірінің сан қырлылығы — Қазақстан қыл қалам, графика мен монументгі онер шеберлерінің негізгі тақырыбы. КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі Қ.Телжановқа СССР Халық суретшісі деген қүрметті атақ берілді, Ү.Әжиев ҚазССР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Лейпцигте өткен кітап өнерінің халықаралық көрмесінде графикші Е.Сидоркиннің творчествосы алтын медальмен атап етілді. Қазақстан сәулетшілері зор табысқа жетті. Олардың жоба үлгісімен Совет Үкіметі жылдарында 66 қала түрғызылып, республика қалалары керкейе түсті. Алматыдағы "Медеу" спорт комплексін, "Қазақстан" көп қабатгы қонақ үйін, "Достық үйін", республика атывдағы алаң ансамблінің жобасын жасаған архитекгорлар жоғары наградаларға ие болды. Архитекторлар мен қүрылысшылар Қарағандыда, Әскеменде, Павлодарда, Целиноградта, республиканың басқа да қалаларыңда тамаша архитектуралық күрылыстар, ансамбльдер, алавдар садды.

Ғылыми мекемелердің сан-салалы жүйесін қамтитын Қазақстан ғылымы мықтап дамыды. Республика ғалымдары микро әлемнен бастап космосқа дейінгі аралықты қамтитын осы заманғы ғылымның барлық бағыттары бойынша зерттеулер жүргізіп, Совет Одағының, Социалистік елдер мен капиталистік дүниенің көптеген ғылыми мекемелерімен байланыс жасайды. Қазақстан ғалымдары жүмыстары арасыңда клетка ішіңдегі бөлшектердің жаңа класын — өсімдік клеткасындағы информосты ашу елімізде лайықты бағасын алды (бір топ совет ғалымдарына, солардың арасында ССР ҒА-ның академигі М. Айтхожинға Лениндік сыйлық берідді); 4 млн. сомнан астам экономикалық тиімділік берген "Карагандауголь" ендірістік бірлестігінің шахта алавдарын аршуды тиімді жобалаудың автоматты жүйесі енгізілді; СССР

ҒА-ның академигі, ҚазССР ҒА-ның президенті А. Қонаевтың басшылығымен (дүние жүзінде 1-рет) түсті металды вакуумдық тазарту процесі жасадды, қорғасын өндірісінің

189

жартылай шикізатынан рений алудьщ технологисясы игерілді;

СССР-де 1-рет галий өндірудің өндірістік тәсілі жасалды; "Қазақ ССР-інің Қызыл кітабы" шығарылды; Қазақ ССР-і топырағының картасы жасалды; егіншіліктің жаңа топырақ қорғау жүйесін жасау жөнінде жұмыстар жүргізілді: ҚазақССР ҒА-ныц акад. Н.Д.Беклемишев бастаған қазақстандық аллергологтардың зертгеулеріне ҚазССР Мемлекетгік сыйлығы берілді.

ҚазССР-і дүние жүзінің 82 елімен экономикалық жағынан, ғылыми-техникалық жағынан — 65, мәдениет бойынша

— 97 елімен байланыс жасады. Қазақстан дүние жүзі сауда рыногына 300-ден астам өнім түрлерін шығарды. Тек қана түсті металлургая өнімдерінің өзі Европа, Азия және Африканың 20 мемлекетіне экспортқа шығарылды. Республика өкіддері Европаның, Азияның, Африка мен Латын Америкасының 65 елінің халқына экономикалық және ғылымитехникалық жағынан комек көрсетті. Қазақстанға, оның қол жеткен табыстарына ынта қойып қараушылық республикада өткізіліп жүрген халықаралық конференциялардан, СЭВ-тің, ЮНЕСКО-ның, Дүние жүзілік денсаулық сақтау үйымының симпозиумдары мен семинарларынан, халықаралық коғамдық үйымдардыц, гылымл жоне творчестволық одақтардың кездесулерінен айқын байқалды. Бірақта қазақ халқының көркем әдебиеттегі үлтгық ерекшелігі жойыла бастады. Қазақ тілінің қоғамдық міндеті тарылды. Әдебиет пен онердегі үлттық жанры оше бастады.

Қазақ халқының үлттық қүндылықтарының жойылуға аз қалғаны туралы дерек ретінде Н.Ә.Назарбаевтың "Жадымызда жатталсын, татулық дөйім сақталсын" — атты еңбегінен үзіндіде:

"Сөз жок, үлттык, мәдениетгің қүлдырауы қоғамдық кері кетушілікке апарар еді.

Өзінің баяңдамаларының бірівде Брежневтің кемелденген социализм заманында Кеңес Одағы халықтарының үлттық мәдениетінің әрқайсысы алмастың қырлары сияқты өзіне тән қайталанбас бояуымен қүлпырып шыға келді, деп мәлімдегені есімде. Іс жүзівде нак, сол жылдары қазақтардың ездерінің сан ғасырлық тарихын, дәстүрін, салтын, тілін үмытуы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалғаны жасырын емес. Өз басым кеңес тарихшыларының бағзы заманның істерін, ежелгі дүниенің мағлүматын партиялық пайымның қатаң қүндағына салуға өрекеттеніп, тарихты әдденеше қайтара көшіріп жазғанына әрдайым таңырқаумен келемін. Есімдері жадымызда жатталып қалған даңқты бабалары-

190

мыздың ерлігі мен ісі жайлы байыпты тарихи зерттеулер жүргізу қайда, тіпті баспасөздің езіңде оларды ауызға алудың өзіне тыйым салынды. Өткеніміздің коптеген парақтарына жүйенің қалт етпес қолымен "феодалдық сарқыншақтар" немесе "үлтшылдық" деген таңба соғыдды. Халықтың рухани дүниесін қүрту арқылыжүйе борімізді моңгүртке айналдыруға тырысып бақты. Әйтпесе, болыііевиктердің еліміздегі үлттық ерекшелік біткеннің тамырына балта шауып, олардың өз сөзімен айтқанда, "үлттардың үласуына" қол жеткізуге және халықтардың санасына адамдардың жаңа қауымдастығы — кеңес халқының дүниеге келгені туралы түжырымын сіңіруге, сөйтіп өздерінің есер ниеттерір іске асыруға тырысқан әрекеттерін немен түсіндіреміз?"

"Ақыры ең бір сүрқия міндет — тілді қүрту қолға алынды. Ол біртіндеп іске де асырыла бастады. Егер қырғыз (қазак) Автономиялық Республикасы Конституциясьшың 13-бабында бізде мемлекеттік тілдер ретінде қазақ және орыс тілдері танылады деп жазылса, 1937 жылғы республикалық Конституцияда мемлекетік тіл туралы тіпті әңгіме қозғалған жоқ. Бүл жайында 1977 жылы қабылданған Қазақ КСР Конституциясында да ауызға алынған жоқ. Сол арқылы қазақтарды жаппай орыстаіщыруға заіщық негіз қаланды. Бүрышы Кеңес Одағы халықтарының бәріне де осылай жасалды.

Қазақтар ғүмыр-бақи пайдаланып келген араб әліпбиі 30шы жылдары әуелі латиницамен, кейіннен кириллицамен алмастырылды. Сөйтіп, бірер жыддың жүзінде қоғамның дүниетанымдық негізі аяғынан басына түрғызылып, халық ғасырлар бойғы тіддік дәстүрлерінен ажырап, өзіне беймәлім тілдің табиғаты бөтен әлемін қайтадан шиырлауға мәжбүр болды. Қоймалардың сөрелерінде тарихтың, мөдениет пен әдебиетгің орасан мол аса үлы ескерткіштері, көптеген қүнды тарихи қүжатгар шаң басып жатгы. Олар ездерін қазақ тілінен қайтадан қазақ тіліне, тек жаңа өліпби бойынша аударатын мамандардың келетін сәтін сарсыла тосып жатты. Көптеген материалдарға сол бетінде кезек жетпей, енді-енді ғана ғалымдарымыз бүл іске кірісе бастады. Есесіне, мүның өзі жүйеге қолайлы еді, бір сәтте жол-жөнекей қоғамдық айналыстан, кеңестік идеологияға сәйкеспейтін дүние атаулы түгелдей сыпырып алынды.

Жоғарыда айтқанымдай, 50-ші жыддардың ортасына таман қазақтар республикада азшылыққа айналып, олардың ана

1 Назарбаев Н.Ә. "Жадымызда жатталсын, татулык дойім сақталсын". "Егемен Қазақстан". 1998 ж. 16 каңтар.

191

тіліне деген сұранысы мүлде төмендеп кетгі. Қазақ мектептері жаппай жабыла бастады. Көптеген отандастарым балаларын ана тілінде оқытудың ешқандай мән-мағынасы жоқ дегендей торығушылық сезіміне берілді, өйткені Кеңес Одағының, соның ішінде Қазакстаннын барлык орта және жоғары оқу орындарында сабақ орыс тілінде ғана жүргізілді.

Тағдырдың бағытымен республикамызға тап болған басқа халықтардың тілдері де осывдай ауыр хадді бастарынан кешті. Әлбетте, орыс тілінен басқа тілдер есесіне, барлық партиялық есептерде реті келген сәтте, бізде ұлттық азшылықтардың бірнеше тілінде газеттердің, журналдар мен кітаптардың шығарылып жүргені мақтанышпен айтылып жүрді. Олардың шығарылғаны да рас. Бірақ тіддің зандылықтарына, кәдімгі қисынға келмейтін қиындықтармен шығарылып келгені де рас" — дейді.

1 Назарбаев Н.Ә. "Жддымызда жатталсын, татулық дойім сақталсын". Егемен Қазақстан. 1998 ж. 16 қаңтар.

XVI такырып.

1970-1990 жылдардағы Қазақстан

(27-дәріс)

Қарастырылатын мәселелер:

1. 1970-1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа үшырауы.

2.1970-1990 жылдары Қазақстанда ауылшаруашылық жоспарларын орындаудың барысы жөне оның дағдарысқа үшырауы.

3.1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономикалық жағдай. "Невада-Семей" қозғалысы.

4.Қазақстандағы демографиялық процестер және 1986 жылы желтоқсанда қорлық көргендер мен зәбірленгендер.

Әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә. "Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сакталсын". "Егемен Қазақстан". 1998, 16 қаңтар.

2.Қазақстан агроөнеркәсібі. 1990, №4.

3.Ақиқат. 1994, №5.

4.Қазақ тарихы. №4.

5.Краткие итоги Всесоюзной переписи населения 1989

г.КазССР. Алма-Ата, 1990.

6.Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 5-том. Алматы, 1984

7.Казахская ССР Краткая энциклопедия. том 1. Алматы,

1985.

1.1970-1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың барысы және

онын дағдарысқа ұшырауы

1970-1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіп косіпорындары мен цехтар салынды. Павлодар — Екібастұз, Қаратау — Жамбыл, Маңғышлақ, Теміртау - Қарағанды, Рудный - Алтай, Қостанай - Лисаковск және басқа да бірегей территориялық-өндірістік комплекстер (ТӨК) іске қосылды және даму үстінде болды. Халық шаруашылығына жаңа

І З - І 4 Х

1 9 3

салалары — газ, подшипник, трактор, фосфор, атомөнеркәсібі пайда болып, интенсивті түрде дамыды. Республика титан, магний, глинозем, шойын, кокс, жасанды каучук, полиметалл аммофос, көтергіш крандар, электро-двигательдер, осы заманғы сым созатын станоктар, ұста-пресс машиналарын жоне басқаларды шығара бастады. Шевченко (Ақтау) қаласында түңғыш рет шапшаңдатылған нейтронды (Б— 350) еңдірістік атом реакторы жүмыс істей бастады. Екібастүз еліміздің төртінші көмір ошағы деп аталды. 80 жылдары мүнда Советтік Қазақстанда совет өкіметі орнаған жылы бүкіл елімізде ендірілгендегіден көп көмір шығарылады. Ермак ферросплав, Павлодар алюминийді кайта ондеу заводтары салынды. 1975 ж. мартта 100 мыңыншы трактор жасап шығарғанды. Үзындығы 1500 км Өзен — Гурьев — Куйбышев "ыстық" мүнай қүбыры салынды. Қаратаудағы фосфорит кені негізінде химия енеркәсібінің ірі террито- риялык-өндірістік комплексі (ТӨК) пайда болды. Қаратау

— Жамбыл ТӨК-і СССР-дегі сары фосфор мен қүрама тыңайтқыш өндіру жөніндегі ірі базаға, Соколов-Сарыбай және Лисаковск кен байыту комбинаттары Урал мен Қазақстандағы қара металлургияның ірі шикізат базасына айналды. Көмір өндірудің негізгі процесі толык механикаландырылды. Жер асты рудниктерінде кен қазудың прогрессивті әдістері ондіріске енгізілді. Түсті металл балқыту оттегін үрлеуді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Өнеркәсіпте механикаландырылған тасқынды жене автоматты желілерді автоматты басқару жүйесінің, есептеу және информациялық орталықтардың саиы артты.

1965-80 жылдары республика бойынша ондірілген жалпы қоғамдық енім 3 еседен астам өсті. 1940 ж. шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің көлеміндегі өнімді республика 1965 ж. 30 күнде, 1970 ж. 19, ал 1978 ж. 12 күнде өндірді.

Өндірілген өнеркәсіп өнімдері мен электр энергаясының жан басына шаққанда Қазақстан еліміз бойынша алдыңғы орындардың біріне ие бодды. Жарыстың коллективтік және жеке түрлері бір-бірімен табиғи үйлестірілген. Жүмысшы табының калың тобы "Қатарымызда бірде-бір артта қалушы болмасын", "Бескүндіктапсырмасынтөрткүнде", "Сапа бесжыддығына — жоғары кепіддік" деп аталатын патриоттык қозғалыс азаматгық үлкен мәнге ие болды. "Қазақстандық сағат үшін", "Тиімділік пен сапа бесжылдығына — жастардың энтузиазмы мен творчествосы", "Қол еңбегін — механизмдерге жүктейік", "Тиімділік пен сапа бесжылдығына — тыңның толық дәнді масағы" деп аталатын және басқа да бастамалар республика жастарының творчестволық еңбек

194

және саяси белсенділіктерінің артуына ықпал етті. Семей облысы Шүбартау ауданы мектеп бітірушілерінің "Мал шаруашылығы — жастар ісі" деп аталатын бастамалары қоддау тапты. Жеке творчестволық жоспар бойынша жарысқа түсу, аралас мамандық кәсіпорындарының жарысы, достық балқымасы, бригадалық шаруашылық есеиті енгізу қозғалысы т.б. кең өрістетідді. Ғылым мен өндіріс қызметкерлері арасындағы озара достык нығайды. Осы жылдарда ҚазССР ҒА республика халық шаруашылығын, экономикасы мен мәдениетін өркендетудің маңызды проблемаларын шешетін еліміздегі ірі ғылыми орталыкда айналды. Республика ғылымдарының геология, сейсмология, металлургия, химия, зоология, астрофиз және жаратылыстану техника білімдер салаларындағы зерттеулерінің нәтижелері дүние жүзіне белгілі болды.

Қазақ ССР-і, РСФСР және УССР өндірістік және ғылыми коллективтері арасындағы тәжірибе алмасу барған сайын жаңа салаларды қамтыды. Донбас пен Қарағанды шахтерлерінің, металлургтерінщ, "Казметаллургстрой" жөне Череповец трестері қүрылысшьшарының, Кривой Рог пен Соколов

— Сарыбай кеншілершің, Запорожье және Өскемен металлургтерінің, Ембі мен Түмен мүнайшыларының, Қазақстанның және Алтай өлкесі мен Орынбор тың игерушілерінің, Қазақстанның, Ростов обл., Ставрополье, Кубань қой өсірушілерінің арасындағы жарыс дәстүрге айнадды. Е.Проскурин мен А.Дәрібаевтың, Ембі мен Түменнің мүнайшылары А.Назарымбетов пен М.Фарраховтың арасындағы творчестволық достыққа үласты. Республика өкілдері Қарақүм каналын, Белоруссияның Солигорск комбинатын, Бүхара — Орал газ қүбырын, камазды салуға қатысып, БАМ-ды, қара топырақты емес аудандарды игеруде қажырлы еңбек етті. Қазақстанда ірі агроөндірістік жүйелерді қалыптастыруда, бірсыпыра территориялық-өндірістік комплекстер қүру жоніндегі кең көлемді жүмыстарды ерістетуде, өңдіргіш күштерді орналастыру проблемаларын үйлесімді шешуде, ҚазССР-інің бүкілодақтық экономикадағы үлесінің артуында рөлі зор болды.

Россияның қара металл прокаты мен автомобильдерді ауыл-шаруашылық машиналары мен тау-кен шахталарына арналған қүрал-жабдықтарды, Украинаның қүрылыс-монтаж жабдығы мен металл кесетін станоктары, Белоруссияның радиоагшаратуралары мен подшипникгері ҚазССР-інің өндіріс потенциалының бүрын болып көрмеген динамикалық қарқынмен өсуіне жағдай жасады. Қарағанды металлургия, Соколов-Сарыбай, Жаркент кен-байыту, Қаратау химия, Жез-

195

қазған кен-металлургия, Өскемен титан-магний, Жетіқара асбест комбинаттары, Бұқтырма, Қапшағай СЭС-тері, Павлодар алюминий, Гурьев мүнай-химия, Кентау тарнсформатор заводтары, Ермак ферроқорыта заводы, Алматы төменгі вольтті агшаратуралар заводы, "Семипалатинск-ковальт" заводы сияқты иидуегриялық алыіггар - барлық коллективтік еңбегінің және ынтымақтаса күш жүмсауының игі нөтижесі еді.

Бірақта өнеркәсіп өнімдерінің табысы КСРО-ның қарулы күштерін нығайтуға жүмсалды. Соның салдарынан қалыпты жанжақты шаруашылығының дамуы жоғалды. Орта жыддық ондірістік өнім 9-шы (1970-1975) бесжыддыкта 10% (19751980) 8,4%-ке, 11-ші (1980-1985) бесжылдықта 3,8%-ке, үлттық кіріс 4,4 %-ке азайды. 9-шы бесжылдықта 12,6%, 10-шы бесжылдықта 25%, 11-ші бесжылдықта 3,6% жоспар орындалмаған.

Сонда мүның себебі не? Республиканың экономикалық өнімінінің жартысынан астамы одақтық Министрлер одағының басшылық тарабывда болды. Соның салдарынан шикізат өнімін жонелтуге кедергі жасалды.

Кәсіпорынның жалпы табысы 15 миллиард сомның Қазақстан бюджетіне тек қана 30 миллион сомы түсті немесе 1% қана қүрады, Ресиубликадан кең көлемде мүнай, комір, түрлі-түсті қара және сирек кездесетін металдар, тыңайтқыштар шығарылды. Жалпы көрсеткіш пен пайда табудың санына түскен қаржыдан министрлер орталығы қоршаған ортаны қорғауға, адамдардың денсаулығын сақтауға, әлеуметгік қүрылымының дамуына ешқавдай қаражат бөлмеді жән көңіл қоймады.

2. 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылық жоспарларын орындаудын барысы және оның дағдарысқа

үшырауы

Тың игеру Қазақстанды еліміздегі ірі мықты аймақтың біріне айналдырды. Тың игергеннен бері республика совхоздары мемлекетке 17,7 млрд. пүттан астам астық сатты. 10-бесжылдықтан кейін Қазақстан жыл сайын мемлекетке орта есеппен 1 млрд. пүттан жоғары астық өткізіп түрды. Елімізде өндірілетін товарлы бидайдың 25-28%-ін, жалпы одақ жүн ендірудің 24%-ін, қаракөл терісіне 33%-ін береді.

Республикада 2077 совхоз, 415 колхоз жүмыс істеді. Колхоздар мен совхоздарда қормен жарақтану 15 жылда (1967-82) 4 есе, электрмен жарақтану 3,4 есе өсті. Ауыл, селоға қызмет корсететін барлық салалар — химия, қүрама

196

жем, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, су шашу және селолық қүрылыс дамыды. Республика егістіктерінде 239 мың трактор, 109 мыңнан астам астық комбайындары, 184 мың жүк автомобильдері, көптеген басқа техника жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық өндірісін мамандану мен шоғырландыру, оның агроондірістік интеграциясы кең колемде жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығын химияландырудың, жер суландырудың және жайылымдарға су жіберудің колемі өсті. Мал бордақылау және ет өндіру жөніндегі мал шаруашылық комгоіекстері, ірі қүс фабрикалары, жүздеген совхоздар мен колхоздардың күшін біріктіретін шаруашылықаралық үйымдар қүрылды.

1971—1982 жылдары ғана 7,9 млн. адам жаңа үйге көшті, яғни әрбір екі түрғынның бірі жаңа үйге көшті. Адамдардың денсаулығын сақтау саласында 46 мыңға жуық дәрігер еңбек етті.

1985—1990 жылдары ауыл шаруашылығы дағдарысқа үшырады.

Ауыл шаруашылығының теменгі дәрежеде дамуының негізгі себептері мыналар: шаруалардың экономикалық ынтасының шаруашылықта қыспаққа алынуы, колхоздық секторларды жою және мемлекетгік меншікке алу совхоздарды кобейту. Шаруашылық еңбек үнемі қатар әкімшілік бақылауда болады. Бүның борі шаруашылық бастамаларын төмендетуге, қоғам еңбегінің нәтижесін де немқүрайлы қарауға әкелді! Түрғындар ауылдық жерлерден кете бастады.

Егер 1950 жылы Қазақстанда 3760 колхоз болса, ал 1985 жылы 388 ғана қалған.

Колхоздардың өлшемі ерікті түрде қүралды, оларды орналастыруда табиғи өндіріс орыңдары мен басқа да фактілер есепке алынбады. Бүның нәтижесінде бірнеше түрғындар пункттері басқарусыз қалды.

Жалпы істің нәтижесінде 1956-1965 жылдармен салыстырғанда 1966-1975 жыддардағы дәнді дақылдар түсімі әр гектарға шаққанда орта есеппен 1,9 центнерге артты. Осы мерзімде Қазақстан одаққа үш мәрте 16,4 миллион тоннадан асырып астық тапсырды1. Бүл көрсеткіш оныншы бесжылдықта маусым сайынғы сипат адды. Жан басына шаққанда 19861990 жыдцары Қазақстанда 1556 килограмм астық өндіріледі2. Орталық басшылық болса республика алар межені қол жеткен табыстардан жоспарлай отырып, бүрынғыдан бетер биіктетгі. Он бірінші бесжылдықта астықтың жалпы түсімін 28-29

Қазақстан агроөнеркосібі, 1990, № 4, 7-бет. 2 "Ақиқат", 1994, №5, 20-бет.

197

миллион тоннаға, он екінші бесжылдықта 31,5 миллон тоннаға1 жеткізуді талап етті.

Жөнсіз қабылданған шешімдер мен нүсқаулар егіншілік шаруашылығының қайтарым заңын бүзды. Сол кездің өзінде егіншілікте топырақ еңдейтін тиімді машиналар ықпал жасайтын тыңайтқыштар жүйесі қайтадан ойластырылмады. Жер қыртысына органикалық заттарды енгізу, арамшөптермен, өсімдік ауруларымен күрес ісі жеріне жете шешілмей қалды.

3. 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономиялық жағдай. Невада-Семей қозғалысы

Әскери объектілер, ірі енеркәсіп пен энергетикалық комплекстердің салынуы, қоршаған ортаға үлкен шығын әкедді.

Айырықша экологиялық жағдай Арал теңізі бойындағы аудандарды қамтыды. Арал теңізіндегі Сырдария мен Амудария суларын мақталы алқаптарға пайдаланды. Осының салдарынан теңіз суы 15 метрге төмендеп, колемі 54%-ке азайды. Жағалауы оңтүстік пен шығыска қарай 60-120 км кейін шегінді. Теңіз түбі 25 мың кв. километрге тартылды.

Мұның бәрі аймақтағы экологиялық және санитарлықэпидемиялық жағдайын біршама нашарлатты. Бірден жүқпалы аурулар көбейді, әсіресе іш сүзегі, сары ауру, туберкулез бен онкологиялық аурулардың саны көбейді.

1970-1990 жылдары Арал жағалауында жалпы өлім саны екі есе көбейді. Туылған 1000 баланың 40-60-ы өлімге үшырады. Ал, аналар өлімі жалпы одақтық көрсеткіштен 46 есе артық болды. Семей ядролық полигоны жерінде үнемі экологиялық қауіп бүлты сейілмеді.

Қоғамды саяси өзгерістер шарпыды.

Л.Брежнев басқарған мемлекеттік партия 60-шы жылдардың 2-ші жартысында КПСС-тің ХХ-съезі салған жолдан тайып кетгі. Бүрынғы сталиндік өкіметгің саяси қүрылымын және мемлекет бюрократиялық басқаруды сақтап қалуға барлық мүмкіндіктерді жасады. Репрессиялық қүрбандыққа үшырау тоқтатылмады.

1978 жылы Қазақ ССР-ның жаңа конституциясы қабылданды. Оның жобасы кең көлемде талқыланғанмен формальдық түрғыдан жүргізілді.

Үсыныстар мен ескертулер республиканың правосын кеңейтуге, қоғамды демократияландыру, адамның қүкығын

Қазақстан агроөнеркосібі, 1990, № 4, 7-бет.

198

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]