Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

15. Үлы Отан соғысы жыдарында марапатталған

қазақстандық Совет одағының батырлары

Қазақстандық Совет Одағыиың батырлары

Совет Одағының Батыры — мемлекет алдындағы ерекше ерлігі мен батылдығы үшін берілетін ең жоғары дәрежелі қүрметті атақ. КСРО ОАҚ-нің 1934 жылы 16 сәуірдегі қаулысымен бекітілген, бүл атақ ереже бойынша "мемлекет алдындағы батырлық ісіне байланысты жекелей немесе коллективтік еңбегі үшін беріледі"1. Совет Одағының Батырына ең жоғары награда Ленин ордені мен "Алтын Жүлдыз" медалы (1939 жылы 1 тамызда белгіленген) табыс етіледі. Совет Одағының Батыры қүрметті атағын 2 мәрте алғанда екінші "Алтын Жүлдыз" медалімен наградталып, олардың туған жеріңце қола бюст орнатылады. Совет Одағының Батыры атағы түңғыш рет 1934 жылы 20 сәуірде Чукот теңізінде мүз қүрсауында қалған Арктика экспедициясы мен "Челюскин" мүз жарғыш кемесінің экипажын қүтқару кезінде ерекше козге түскен 7 үшқышқа берідді. Осы уақытқа дейін бүл атаққа 12,6 мындай адам, соның ішіңце 1941-1945 жылдары Үлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлік ерлігі үшін 11,6 мыңнан астам адам ие болды. Совет Одағының Батыры атағын екі морте 130 адам, 3 мәрте 3 адам — С.М.Буденный, И.Н.Кожедуб, А.И.Покрышкин, 4 мәрте — 2 адам Л.И.Брежнев және Г.К.Жуков алды. Қазақстаннан 500-ге жуық адам Совет Одағының Батыры атанды, соның 5-еуі бүл атаққа 2 мәрте ие болды. Олар: 1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларына қарсы ерлікпен шайқасқан үшқышштурмовиктер Т.Ж.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, үшқыш-истребитель С.Д.Луганский және 1969-1971 жылдары космосқа үш рет үшқан үшқыш-космонавт В.А.Шаталов2.

Екі мәрте Совет Одағынын Батырлары, (1943-1969).

Беда Леонид Игнатьевич (1920-1976), Бигельдинов Талғат Жақыпбек үлы (1922), Луганский Сергей Данилович (19181977), Павлов Иван Фомич (1922-1950), Шаталов Владимир Александрович (1927)3.

Қазақстаннан 500-ге жуық адам Совет Одағының Батыры атанды дедік, соның ішінде 1939-1940 жылдары қыста совет-

1Сб.Законов СССР и Указов Президиума Верховного Совета СССР

1938-1975, том 2. М., 1975, стр.416.

2Қазак ССР-нің қысқаша энциклопедиясы. 1-том. Алма-Ата, 1985, 255-256-беттер.

3Сонда, 256-бет.

159

финн майданындағы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық (үшқыш М.С.Пономарев, шекарашы Н.Ф.Карацупа және үшкышкосмонавттар В.А.Шаталов пен В.И.Пацаев) бүл атаққа соғыстан кейін ие болды. Қазақстандық Совет Одағының Батырының қалғаны бүл атаққа Үлы Отан соғысыіща, соның ішінде 200-ге жуык, адам Украина, 70 - РСФСР, 50-ден астамы — Белоруссия, 8 — Латвия, 7 — Молдавия, 6 — Литва, 1 — Эстония жерлеріндегі ерлігі үшін ие болды. Қазақстандықтардан Полыианы азат етудегі ерлігі үшін 47 адам, Венгрия жерівде 22 адам, Чехословакияны азат етуде 7 адам, Румыния жерінде 5 адам, Австрия жерінде 3 адам, Югославияны азат етуде 2 адам, Германия жерінде 63 адам және Қиыр Шығыста Жапонияға қарсы шайқаста 3 адам Совет Одағының Батыры атавды. Қазақстандық Совет Одағының Батыры арасында Қарулы Күштердің барлық түрлері мен қүрамаларының өкілдері, мамавдары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 85 қазақ (сонымен қоса Совет Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып және соғыс біткеннен кейін алған Бауыржан Момышүлы мен Бақтыораз Бейсекеевті қосқавда 98 болады, Қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8 татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 белорус, бірден тәжік, эстон, корей, лезган, үйғыр және еврей халықтарының өкіддері бар1.

Қазақстанда жасақталған генерал И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Москваны қорғау үшін болған тарихи шайқаста мәңгі үмытылмайтын ерлік корсетті. 28 панфи- ловшы-гвардияшылар ерлігі бүкіл дүние жүзін таң қалдырды. Қазақстандык, жауынгерлер Ленин қаласын жанқиярлықпен қорғады, Сталинград үшін ерлікпен шайқасты, Украинаны, Белоруссияны, Прибалтиканы, Молдавияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатынасты. Совет Армиясының азат етушілік үлы міндетін патриоттықпен жүзеге асыруға мындаған қазақстаңцықтар айтарлықтай үлес қосты. Польша, Болгария, Чехословакия, Венгрия, Румыния, Югославия, Австрия халықтарына бостандық әперген жауынгер қүрамалар сапыңца республикада жасақталған 72-гвардиялық Красноград, 73-Сталинград және Дунай, 27-гвардиялық Новобуг, 150Идрицк және Берлин, 314-Кингисепп атқыштар дивизиясы және басқалары болды. Қазақстаңцық жауынгерлер Берлинге

1 Қазак ССР-нің қысқаша энциклопедиясы. 1-том. Алма-Ата, 1985, 256-бет.

160

шабуыл жасап, Рейхстаг төбесіне Жеңіс Туын тігуге қатысты. Жүз мындаған қазақстандық жауынгерлер Отан қорғаудағы ерліктері үшін жауынгерлік ордендермен және медальдармен наградтадды. 500-ден аса қазақстандық жауынгерлерге, соның ішінде 98 қазаққа Совет Одағының Батыры деген жоғары атақберілді. Нүркен Әбдіровтың, Сүлтан Баймағамбетовтың, Леонид Беданың, Иван Панфиловтың, Василий Клочковтың, Мәлік Ғабдуллиннің, Төлеген Тоқтаровтың, Иван Павловтың жөне соғыстан кейін осы атақты иеленген Бауыржан Момышүлы, Бақтыораз Бейсекеев және басқа да батырлардың есімдері совет халқының жүрегінде мәңгі сақталады. Үлы Отан соғысы батырларының ғажайып ерліктері ғасырдан ғасырға аңыз болып тарап, болашақ үрпақты патриоттық істерге жігерлендіретін болады. Майдан шебівде совет патриоттары — жүмысшы мен колхозшы, совет ителлигенциясының өкілдері, әр халықтың боздақ перзенттері ортақ мақсатпен қүрыштай берік күшке айналды. Халықтар достығы солардың бірлігі нәтижесінде көркейе түсті.

Советгік Шығыс ейедцерінің арасывда бірінші болып қазақ қыздары - Қазақстан 100-үлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі М.Мәметова, 54-атқыштар бригадасының мергені Ә.Молдағүловаға' Совет Одағының Батыры атағы берілді. Саяси жетекші В.Г.Клочков басқарған 28 пафиловшылардың

18Молдағулова Әлия (шын есімі Ілия) Нұрмүхамед қызы (1925-1944)

-Үлы Отан соғысына қатысушы. Совет Одағының Батыры (1944). Советтік шығыста бүл құрметті атаққа ие болған екі кыздың бірі. Ақтөбе облысы, Кобда ауданында туған. Ленинградтағы N9 орта мектепте оқьщы. Ол 1942 жылы өз өтініші бойынша Армия катарына алынып, ВЛКСМ ОК жанындағы мергендер даярлайтын мектепті бітірді. Бүдан кейін (1943) 2-Прибалтика майданыіща 26-атқыштар дивизиясы құрамында ұрысқа катысты. Ефрейтор Молдағүлова Псков облысы, Новосокольники ауданындағы Казачиха деревнясы үшін болған кескілескен үрыста қаһармандыкпен қаза тапты. Ленинград жоне Москва қалаларындағы көптеген облыстардағы ондаған мектептер мен пионер дружиналары, шаруашылықтар, көшелер Молдағүлованын есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында жоне туған аулында оған ескерткіш орнатылған. Ақтөбе облысының орталығында Молдағүлованың Мемориалдық музейі ашылды. Бүкіл одақтық пионер лагері "Артекте" мемориалдық тақта қойылған. Москваның N891 орта мектебі жанында Әлия Молдағүлованың музейі бар. С.Жиенбаев "Әлия" атты поэма, Ж.Жүмақанов "Әлия Молдағүлкызы", А.Нүрмаханова "Шығыс шынары" повесін жазды. Молдағүлова туралы фильм түсіріліп, балет қойылған. С.Бойтерековтың "Әлия" онін орьщдаған ҚазССР-інің артисі Р.Рымбаева дүние жүзілік конкурста лауреат атанды. Молдағүлованың өшпес ерлігінің 40 жылдығы слімізде кеңінен аталып етті (1984).

П-14Х

161

 

Москва түбінде жасаған мәңгі өшпес ерлігі дүние жүзіне белгілі болды. Аты аңызға айналған панфиловшы Василий Клочковтың: "Россия кең байтақ, бірақ шегінуге жер жоқ, артымызда — Москва!" деген қанатгы сөздері тарихқа мәңгілік кірді. Даңқ орденінің 3 дәрежесіне 142 қазақстандық ие болды.

Шынында да, совет халкы Отанымыздыц бостаңдыгы мен тәуелсіздігін фашист жевдеттерінен қорғап қалған, қасиетті жерімізді озбыр қарақшылардан тазартқан өзінің қаһарман үлдары мен қыздарын ардақ түтады, олардың ерлік дәстүрлерін бүгінгі және келешек үрпаққа үлгі етеді. Севастополь мен Одессаны, Москва мен Ленинфадты қасық қаны қалғанша қорғаған, Сталинград іргесінде арпалысқан, Днепр үшін жойқын үрыстар жүргізген, Берлинге екпіндете тегеурінді шабуыл жасаған мындаған майданшылардың бейнесі біздің жүрегімізде. Әрине, жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Үлы Отан соғысында миллиондаған совет патриоты қыршын кетгі. Қан майданда опат болғаңдарға Отанымыздың қасиетті ескерткішінің, кадір-қүрметінің символы ретінде Алматыда 28 панфиловшылар паркінде Белгісіз солдаттың бейітінде Мәңгі от жанып түр...

Соғыс жылдары ерлік жалпы халықтық сипат алды. Отаннын азаттығы жолында өр кеудесін окка тосқан Александр Матросовтың ерен ерлігі майданда 200-ден астам рет, Николай Гастеллоның ерлігі 74 рет1 қайталанды. Солардың бірі қазақ Бахтыораз Бейсекеев. Майдандағы жауынгерлік ерлігі үшін 7 млн адам ордендермен наградталды. Солардың ішінде 11603 адамға Совет Одағының Батыры деген атақ берідді2. Сүйікті Отанды, қасиетті туған жерді қорғауда корсеткен асқан ерлігі үшін ең жоғары, мәртебелі бүл атаққа 104 адам екі рет, 3 адам үш рет ие болды дедік.

Майдандағы асқан ерлігі мен қаһармавдығы үшін Қазақстанның 500-ден астам өкіліне, солардың ішінде қазақтың 98 үл-қызына Совет Одағының Батыры атағы берілді. Жанған самолетін жау колоннасының ортасына түсірген Бақтыораз Бейсекеевтің, Нүркен Әбдіровтың, өз кеудесін оқкд тосқан Ақәділ Суханбаев пен Сүлтан Баймағамбетовтің, Шығыстың қос шолпаны атанған Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағүлованың есімдері, үрпақтар игілігіне айналған мәңгі өшпес ерлігі бүкіл елімізге әйгілі. Астана мен Алматыдағы сияқты әр қалада маздаған мәңгілік алаулар — халықтың соларға деген шексіз сүйіспеншілігінің айғағы.

1Қазақстан коммунисі. 1970, N10, 11-бет.

250 лет Вооруженных сил СССР. 468-бет.

162

Үлы Отан соғысы жылдарыңда Үлы Жеңіс үшін шайқасқандардың үлдары мен қыздары, немерелері есіп, бүгінде бейбіт емірімізді қорғаушы қуатты ракеталарды, самолеттер мен айбарлы танкілерді солар басқаруда. Қазақ халқы қаһарлы қаруды Отанымызды қырағылықпен қорғау үшін соларға сеніп тапсырып отыр. Олардың копшілігі кокшіл туы жауынгерлік даңққа бөленген, ордендермен наградталған айтулы бөлімдерде азаматтық парызын өтеуде.

Міне, солардың бірі - Үлы Отан соғысында ерлігімен елді сүйсіндірген Совет Одағының Батыры генерал-майор И.В.Панфилов атывдағы Ленин ордені, Қызыл тулы, Суворов орденді біздің Режицк гвардиялық мотоатқыштардивизиясы. Үлы Отан соғысының үрыс даласында панфиловшы жауьшгерлер өшпес даңққа бөленді. Қырылғанына қарамай, өлігін таптап, аласүра Москваға үмтылған есірік жауға олар алғаш қансырата соққы берді.

Гитлершіл басқыншыларға қарсы айқастардың отжалынында қазақ жауынгерлерінің биік түлғасы мүсінделді, оньщ абзал моралъдьіқ қасиеттері таньщды. Біздің күресіміздің әділдігін кәміл түсіну, туған жерге, елге сүйіспеншілік, идеялық берік сенім, қауіп-қатерден жасқанбай, қиыншылыққа қасқайып қарсы түру, үрыс үстіндегі өжеттік пен ер жүректілік — міне, қазақ жауынгерлерінің рухани бейнесіндегі ардақты қасиеттер осындай. Жылдар жылжып өткен сайын сол бір сүрапыл соғыс кезеңі де алыстай түсуде. Бүкіл әлемді апаттан аман сақтап қалған қаһарман совет халқының Үлы Жеңісінің өр түлғасы бүрынғьщан да асқақтай береді. Бүл — жас үрпақ үшін мәңгі өшпес енеге, ерліктің, отаншыдцықтың сонбес жарық жүлдызы.

Жауынгерлер мен командирлерді сонда ажал оғын сепкен дзот амбразурасын кеудесімен жабуға, гранатпен танкі табанына түсуге, лапылдап жанған самолетімен жау колоннасына шүйілуге бастаған қандай күш! Ондай қүдіретті күш — Отанға, қасиетті туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік, азаматтық борышқа деген ададдық, басқыншыларға деген ыза-кек жарқын болашаққа деген сенім. Ал, бүл азаттыққа лайық елінің перзенттеріне ғана тән қасиет.

Бүгін Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жауынгерлері де еліміздің ерлік дәстүрлерін жан-жүрегімен қастерлейді, өздерін туған Отаны үшін жасалатын сол ерліктің биік шывдарына бастайтын даңқты жолды — ерлік пен каһармандық эстафетасын одан әрі жалғастыра береді. Қаһармандық істер жөніңцегі естеліктер содцат жанын баурап алып, олардың бойыңда белсеңді өмірлік позицшшы қалыптастыруға, әскери және саяси даярлықта олардың табыстарға жетуіне жәрдемдеседі.

163

16. Соғыс жылдарындағы Қазақстанныи мәдениет қайраткерлері мен ғалымдарының ерен еңбектері

Совет Одағы Үлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған әдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз алдына бір төбе. Осы кезде үлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1- кітабын жазьш, аты елге жайылды. С.Мүқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мүстафин, Б.Бүлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нүрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы болды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіп қана қоймай, қазақтың үлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.

Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбылдың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толгана оқыды. М.Әуезов, С.Мүқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бүлқышев, Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындарының соғыс кезіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды.

Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен онерді, ғылымды дамытуда қазақ мәдениет кайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің корнекті окілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак, К.Г.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.СергеевЦенский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Черкасов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.

Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғылыми мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп келді. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент қүрылыс материалдары технологиялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазақ физкультура институты ашылды.

Интеллигенция Отанға шексіз берілгендіктің өнегесін кор-

164

сетгі. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажетіне жаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, оңціріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым кепшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, тендесі жоқ Т-34 танкісі, агақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезендегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен майданның бірлігін артгырды, тыдда да, майданда да, партазан өлкелеріңде жеңісті шыңдады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар жүргізді. КСРО халықтарының 70 тілінде, 28 шетел тілдерінде сүрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.

Үлы Отан соғысы кезінде (1941-1945) Совет Армиясының жауынгерлеріне тыддағы еңбекші халықтың көмегін жеткізген делегациялар. Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі Қазақстан еңбекшілерінің әскери қүрамалармен және бөлімдермен байланысында тылдан майданға және майданнан тылға делегациялар жіберулерінен айқын көрінді. Реснубликаның тандаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхозшылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді. Алматы қаласы мен Алматы облысы еңбекшілері 1941 жылы желтоқсанда 8-гвардиялық атқыштар дивизиясьшың жауынгерлеріне жаңа жылдық сыйлықпен делегация аттандырды. Делегаттар жауынгерлерді гвардиялық жоғары атаққа ие болуымен қүттықтады, тыддағы жан қиярлық еңбек жайлы айтып берді.

"Гвардияшылардың жүздерін шатгық сезім кернеді, - деп жазды делегаттар елге оралғаннан кейінгі берген есептерінде, - олар өздерінің туыстарына, таныстарына, жерлестеріне дән риза болды, тыл еңбеккерлеріне Қызыл Армияны қаружарақпен, азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз ететіндіктеріне сенімдері арта түсті. Біздер сөйлеп болған соң жауынгерлерге, комавдирлерге және саяси қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарату басталды. Жауынгерлер үлкен қуанышқа бөленді. Олар біздің қолымызды қатты кысты, сол жерде, өздерінің омірлерін әділ ісіміз үшін, Отанымыз үшін аямайтындықтары туралы серт берді...". Сыйлық тиелген эшелондармен Қазақстан делегациясы

165

қоршаудағы Ленишрадқа барды. 1942 жылы ақпан-наурызда Ленинград майданына қарағандылық делегация 24 вагон, Ақмола облысының делегациясы 25 вагон азық-түлік жөне киім-кешек әкедці. Қазақстан еңбекшілері 1943 жылы Қызыл Армияның юбилейі күрметіне Ленинградтын каһарман қорғаушыларына арналған 65 вагон сыйлық жинады. Қазақстан делегациясын ленинградтықтар, жауынгерлер мен командирлер, Балтық теңізшілері мен партизандар ерекше ілтипатпен қарсы алды. Барлық жерде халық көп жиналған митингілер өтті. Ленинград радиосы Қазақстан майданды қару-жарақпен қамтамасыз етудегі ерлік еңбегі жайлы хабар таратты.

Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдавдық концерт бригадалары үйымдастырылды. Олардың қүрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері К.Ж.Байсейітова, ЖЕлебеков, М.Ержанов, Ғ.Қүрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Түрдықүлова, Ә.Ә.Үмбетбаев, М.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқүлова, З.Розмүхамедова; домбырашы Л.Мүхитов болды. Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мүстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы онер істері жөніндегі басқарманың бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А.Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасывдағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңде Қазақстанда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларьшың т.б. өскери бөлімдер мен қүрамалардың жауынгерлері болды. Олар кәсіпорындарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, ез бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. 1943 жылы 10 ақпанда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы "Казахстанская правда" газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстан- дықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант Кравченко, әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды. 1943 жылы сәуір-мамырда екі апта Алматыда және облыста "Киров" крейсерінің делегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған хатын ала келді. Қазакстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы өрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалыска

166

келген Совет Одағының Батырларымен откізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бүрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда каһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.

17. Үлы Отан соғысындағы жеңістің тарихи маңызы

Үлы Отан соғысыңдағы жеңіс — Совет Қарулы Күштерінің жеңісі. Совет Қарулы Күштері Үлы Отан соғысы жылдарында 51 майдавдық топтасуды, 250 майдавдық ірі операцияларды, мындаған шайқастарды откізді. Майдан шебі 3000 км-ден 6200 км-ге жетті. Соғыстың шешуші үрыстары совет-герман майданында өтті. Неміс-фашист армиясының 506 дивизиясы, олардың сыбайластарының 100-ге жуық диыизиясы қүртылды. Ал Германия басқа майданда 176 дивизиясынан айрылды, совет-герман майданында Германия 77 мың самолетінен (3/4 болігі), 2500 корабль мен транспорттық кемелерінен айырылды. Жаудың жалпы шығыны-олгені, жараланғаны, түтқынға түскені 13,6 млн адам болса, осының 10 млн-ы совет-герман майданында болды. Екінші дүние жүзілік соғыстың тағдырын совет елі, оның Қарулы Күштері Шығыс майданында шешті. Жау басып алған совет жерінде 6200 партизан отрядтары мен топтарында 13 млн патриот тылында соғысты. Партизандардың 30,1%-і жүмысшы тобының, 40,5%-і колхозшылардың, 29,1%-і интеллигенциясының көп үлтты окілдері болды. Фашистер партизандарға өздерінің жаяу өскер бөлімдерінің 10%-ін қарсы қоюға можбүр болды. Партизандар жаудың 1,5 млн солдаттары мен офицерлерін, оккупациялық өкімшілік орындарының қызметкерлерін қүртгы. Совет патриоттары 20 мыңнан астам поезды қиратып, 12 мың кепірді бүзды.

Қазақстандық үл-қыздар қасиетті Совет жерін жанқиярлықпен қорғады. Олар Москваны жаудан сақтап қалды. Ленин қаласын қорғады. Сталинград түбінде ерлікпен шайқасты. Украинаны, Белоруссияны, Советтік Прибалтика республикаларын, күн сәулетті Молдавияны жаудан босатуға қатысты. Украин ССР-інің көрнекті қоғам қайраткері Александр Довженко "Үлы ынтымақтық" деп аталатын очеркінде туысқан украин жеріне үрыспен кірген қазақтардың жата қалып, оны қалай сүйгенін суреттеп жазды. Отанның баска да адал үлдары сияқты, қазақ жауьшгерлері де туысқан республикалардың қасиетті жерлерін жаудан босатуға осылайша бар ынта-жігерін жүмсады. Қабанбайдың, Бөгенбайдың, Наурызбайдың, Махамбеттің, Аманкеддінің, үрпақтары Варшаваны, Белградты, Будапешті, Праганы азат

167

етуге қатысып, ғажайып батырлармен бірге фашизмнің ұясы Берлинге шабуыл жасады.

Қазақ халқы еліміздің басқа халықтарымен бір сапта жеңіс күнін жақывдатуға үлес қосты. Республикадан қару-жарақ, киім-кешек, азық-түлік үздіксіз ағылып жатты.

Майданды қамтамасыз етуде осіресе Қазақстанның көмір онеркәсіп орындары зор роль атқарды. Лениногордың кеншілері де қомақты үлес қосты.

Сол бір жылдарда Өскемен, Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары, түсті металл рудаларын шығаратын 25 рудник, шахта, 11 байыту фабрикасы, Ақтөбе ферро-корытпа заводы, металлургия заводтары, 4 мүнай косіпшілігі, Гурьев мүнай айдау заводы тағы басқалары қатарға қосылды1.

1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүкті. Екінші дүние жүзілік соғыс агрессорлардың толық талқандалуымен аяқталды.

Үлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында бүкіл совет халқымен бірге Қазақстан еңбекшілері де Отанды қорғауға атгавды. Совет Армиясы қатарында Қазақстанның 1 млн 200 мыңға жуық үлдары мен қыздары шайқасты. Үлы Отан соғысының жарқын беттерін Қазақстанда жасақталған И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық,72-гвардиялық Красноірадтық, 73-Сталишрадтық және Дунайлық, 27гвардиялық Новобугтік, 150-Идрицкілік жөне Берлиндік, 314-Кингисептік атқыштар дивизиялары жазды. Үлы Отан соғысы жылдарында Қазақ ССР-і майданның аса ірі арсеналына айнадды. Соғыстың 4 жылы ішінде республикада өнеркәсіп өнімін өндіру 1,5 есе артып, қара металлургия мен машина жасау дамыды. Қазақ ССР-і руда, концентрат және түсті металдың көпшілік бөлігін ондірді. Үлы Отан соғысында КСРО бүкіл дүние жүзілік тарихи маңызы бар жеңіске жетгі, фашистік Германия мен милитаристік Жапонияны талқандауға шешуші үлес қосты. Ол өзінің бостандығы мен тәуелсіздігін сақтап қана қойған жоқ, сонымен бірге Европа мен Азияның халыктарын фашистердің қүлдығы қатерінен қүтқаруда шешуші роль атқарды, дүние жүзілік цивилизацияны сактап қалды.

Екінші дүние жүзілік соғыс империализм күтпеген нәтижелермен аяқталды. Еуропа мен Азияның 700 млн-нан астам халқы бар 11 елі тәуелсіздік адды.

Қазақстан коммунисі. 1975, N5, 15-бет

168

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]