Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

қаржыларына жасалған болат танктер мен самолеттер көп болды. Мысалы, французша күрестің дүние жүзілік чемпионы Қажымұқан Мүңайтпасүлы жеңіс қорына 100 мың сом қаржы бергісі келетіні туралы Мемлекеттік Қорғаныс Комитетіне жазған хатында былай деді: "...каһарман Қызыл Армиямыз неміс-фашист армияларын талқандап, сүйікті Отанымызды неміс басқыншыларынан тазартып жатқан күндерде мен, жетпіс бес жыл өмірімнің елу бес жылын спортпен өткізген қарт палуан, жауды біржола талқандайтын күнді жақындату үшін езімнің еңбегіммен тапқан 100 мың сом қаржымды жеңіс қорына беремін. Сізден осы қаржыма қазақ халқының батыры Аманкелді Имановтың атындағы соғыс самолетін жасау үшін нүсқау беруіңізді өтінемін..." дей келе, қарт патриот осы соғыс самолетін майдандағы тавдаулы қазақ үшқышына табыс етілсе екен деген тілегін біддірген еді. Бірінші Белорус майданындағы "Қызыл Армия" газеті 1945 жылғы май айында "Қажымүкан самолеті" қазақ үшқышы Қажыбай Шалабаевқа тапсырылып, оның жаудан кек аламын деп Отан алдында уәде бергенін айтты.

1943 жылдың 20 қазанывда Алматыда өткен жексенбілікте майдангерлерге сыйлық регіңде 84447 бет орамал, 84560 калта, 7108 конверт жиналды. Республика еңбекшілерінің өз еркімен соғыс жылдары майданға 1600 вагон сыйлық, 2,5 миллионнан астам әр түрлі жылы киім жөнелтідді.

Республика комсомол үйымдары соғыс жүріп жатқан жерден Қазақстанға көшіп келген балалар үйі мен мектепинтернаттарын және әке-шешесіз жетім қалған балаларды күшақ жая қарсы алып, олардың ойдағыдай орналасуына жәрдемдесті. Олар өр түрлі қиыншылықтарға қарамастан балаларға ағалық қамқорлықтарын үнемі көрсетіп келді. Оларды тәрбиелеуге көп көңіл бөлді. Соғыс жыддары Батыс республикалардан Қазақстанға 19 мың жеткіншекті қамтыған 149 балалар үйіжәне Москвадан 1950 оқушысы бар 16 мектепинтернат көшіріліп әкелінген еді. Оның үстіне, соғыс кезінде республикадағы балалар үйлерінде 93153 жасөспірім бар болатын. Шешелері өндірісте жүмыс істейтін 42639 балабақшаларға, яслилерге орналастырьшып, оларға камқорлық жасалды.

Республикамыздың комсомоддары мен жастары жексенбіліктер кезінде жиналған қаржыны майдандағы жауынгерлер балаларының, жетім қалған балалардың білім алуына жөне науқас жеткіншектердің емделулеріне жүмсады.

Комсомол үйымдары оздерінің қамқорлығывдағы балалар үйлеріне жан-жақты жөрдем корсету істерін жүмыстан тыс

139

уақытта атқарды. Комсомол үйымдарының бастамасымен майдандағы жауынгерлердің балаларына көмектесу үшін Алматыда "мектеп оқушысының" күні өткізідці. Онда жиналған қаржы балалар үшін әр түрлі затгар сатьш алуға жүмсалды. Оңтүстік Қазақстан облысының бірсыпыра аудандарында комсомолецтер майдандағы жауынгерлердің б&іалары үшін сыйлықтар даярлап, бала тәрбиелейтін орындарға әр түрлі жабдықтар жасап берді. Алматы облысының селоларындағы, аудандарындағы комсомолецтер де бүл іске қызу кірісті. Алматыдағы ^68-мектепте майдандағы жауынгерлердің балалары үшін 100 балаға күнделікті ыстық тамақ беру ісі үйымдастырылып, Ш5-мектептің көптеген оқушыларының аяқ киімдерін жамап берді.

Майдангерлердің балалары мен семьясына жасалған комсомоддық қамқорлық оларды бүрынғыдан да қайраттандыра түсті. Мысалы, майдаңдағы қазақ жауынгерлері Қ.Сарқытов, С.Бекешов, М.Кенжебаев, М.Мүратов, Т.Мүқашев, тағы басқалар еңбекшілер депутаттары Гурьев облыстық Советі атқару комитеті председателінің орынбасарына жазған хаттарында семьяларына жасаған қамқорлық үшін өздерінің солдаттық рахметтерін айта келе, Отан жолында қаны мен жанын аямай, қазақ халқының ерлік салтын жоғары үстап, ата даңқына кір келтірмеу үшін ерлікпен күресіп жатқанын айтты.

Жалпы Қазақстан комсомолдары соғыстың соңғы жылдары майдандағы жауынгерлердің балалары және семьясы үшін 2314080 сомның комегін корсетті. Мүның өзі "кімде-кімнің резервтері кеп болса, күш шығатын негіздері көп болса, халықтың қалың ортасында, үстамдылығы артық болса, соғыста сол жеңеді"1 — деген лениндік қағиданы әбден растады.

Қазақстан жастары сүрапыл шайқастарда, тылдағы еңбек майданындағы ең алдыңғы қатарда болып ең қиын, ең жауапты жүмыстарды атқарды. Олар ерлік еңбекте табандылық пен тапқырлықтың таңғажайып өнегесін көрсепі. Комсомол үйымдарының белсенділігі, комсомол мүшелерінің еңбектегі ерліктері олардың беделін арттырды. ВЛКСМ қатарына өтем деушілердің саны кобейді. Соғыс жылдары республика комсомол үйымдары өз қатарына 230652 алдыңғы қатарлы еңбекші жастарды қабыддады.

Комсомол үйымдарының сан жағынан және сапа жағынан

1 В.И.Ленин. Шығ. 30-т. 60-бет.

140

өсуі республикада жасақталған қүрамаларда комсомол үйымдарын қүруда маңызды роль атқарды. 1943-1944 жылдары Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті жергілікті әкери комиссариаттармен біріге отырып, Қазақстан жастарынан 148569 адамды әскери дайындықтан откізіп, олардың 62300-нің әр түрлі оскери мамавдықтарды игеруін қамтамасыз етті. Олардың Отанды корғауға дайын екендігін хабарлады. Осы дайындалған адамдардан 6 артиллериялық және бір авиациялық полк, 12 қүрылысшылар, 2 автобатальон, 7 автоматшылар батальоны қүрылып, майданға, Қазақстан дивизияларын толықтыруға жіберілді. Осындай патриоттық үлес қосқан республика комсомол жастары Қазақстанда жасақталған әскери қүрамалар мен жеке әскери бөлімдерді соғыстың басынан аяғына дейін өзінің қамқорлығына алды.

Советгік Қазақстан еңбекшілері жау уакытша басып алған аудандардан көшірілген 1 млн-нан астам орыс, украин, белорус және баска халықтар өкіддерін бауырындай қарсы алды. Патриотизм сезімі жетелеген Қазақстан еңбекшілері қорғаныс қорына өздері жинаған қаражатган 4,7 млрд сом ақша берді, 2,5 млн-нан астам жылы киім жинап, майданға жөнелтті. 1600 вагон сыйлық жіберді. Қазақстан еңбекшілері Орел облысын, Ленинірадтың 12, Сталишрадтың 3 ауданын, Калинин облысының жаудан босатылған 1 ауданын қамқорлыққа алды. Москва маңының, Украинаның, Белоруссияның, Прибалтика республикаларының колхозшыларына туысқандық көмек көрсетті.

11. Қазақстандықтардың одақтас республикалардың жерін жаудан азат етуге қатынасуы (1943-1944 ж.ж.)

Совет әскерлерінің Курск шайқасындағы жеңісі жөне Днепрге келіп жетуі, Донбассты азат етуі, Үлы Отан соғысының барысындағы түбегейлі өзгеріс болды. 1943 жылғы 6 қарашада жау Киевтен қуылды. Совет әскерлері Новороссийскіні азат етіп, Таманьдағы жаудың плахщармын жойды. Днепр шебінде бекініп алмақшы болған гитлершілердің жоспарлары іске аспай калды. 1943 жыддың аяқ шенінде жау басып алған совет жерінің тең жартысынан көбі азат етілді. Енді Қызыл Армия фашистік Германияны толық талқавдағанға дейін стратегиялық инициативаны өз қолына мықтап үстады.

1944 жылдың бас кезінде Қызыл Армия саны жағынан және үрыс қүраддарымен жарақтануы жөнінен жаудан басым бодды. Совет Одағы жаудың жанталасқан тегеурінін тойтарып

141

қана қоймай, оның адам күштері мен техника жөнінде артықшылығын да толық жоқ қылды. Совет мемлекеті мен оның Қарулы Күштерінің жеңімпаз қуаты іс жүзінде айқын көрінді. Бірақ фашистік армия әлі де мықты еді.

Германия негізгі күштерін бүрынғыша совет-герман майданында үстады, мүнда жаудың 236 дивизиясы мен 18 бригадасы әрекет етумен болды, ал батыстағы одақтастарға қарсы түрғаны — не бары 102 дивизия еді.

Германия бүкіл Европаның дерлік ресурстарьш бүрынғыша билеп-төстеп отырды. Гитлершіддер өздері басып алған совет жерінің әлі де болса жартысына жуығын таптап-жаныштауда еді.

Жеңіске жету үшін совет халқының барлық күштерін мейлінше сарқа жүмсау қажет болды. Қызыл Армия 1943 жылғы соққыларынан кейін неміс әскерлеріне дамыл берген жоқ. Ол 1944 жылы гитлершілдерге бүрынғыдан да күйрете соққылар берді.

1944 жылғы жазға қарай Қызыл Армия жау басып алған территорияның төртген үш бөлігіне жуығын азат етті. Совет әскерлері Карпат тауларының етегіне жетті, сөйтіп жаудың майданын екіге бөліп тастады да, Балкан жеріне шықты. Германияның қол шоқпары болып келгендер арасында ыдыраушылык күшейді, олардың ішкі саяси жағдайы шиеленісіп кетгі. Германия саяси жағынан толық оқшау қалу шегіне жетті. КСРО-нің оз күштерімен-ақ фашизмді талқавдап, Еуропаны азат ете алатыңдығы жалпы әлемге аян болды. Бүл жағдай америка мен ағылшын окіметтерін ақыр аяғында қүрлыққа әскер түсіру жөнінде шешім қабылдауға мәжбүр етті. Еуропада екінші майдан 1944 жылғы шілдеде, екі жыл кешігіл барып ашыдды. Бірақ совет-герман майданы бүдан кейін де шешуші майдан күйінде қалып, фашистік әскерлердің үштен екі бөлігін өзіне аударып отырды. Қызыл Арияның 1944 жылғы қыс пен көктемде жасаған жорығының қорытындылары, міне, осындай. Көлемі мен нәтижелері жағынан жазғы-күзгі жорық бүдан да асқан зор бодды.

1944 жылы Совет Қарулы Күштері туған жерді толық азат етуге мүмкіндік берген бірсыпыра ірі операцияларды жүзеге асырды. Днепрден өту, Корсунь-Шевченко, ЯссыКишинев, Белоруссия және басқа операциялар сияқты есте қаларлық оқиғалар алтын әріппен жазылған жарқын беттер ретіңде жеңістеріміздің жылнамасына енді.

Бүл шайқастарда қазақставдықтардың қосқан үлесі де аз емес. Бауырлас Украина жерін жаудан азат етудегі қазақ жауынгерлерінің көрсеткен ерліктерін "Правда" газеті былай

142

деп жазған еді: "Бір топ қазақ жауынгерлер бұрын немістер үстап тұрған озеннің арғы жағасына ойдағыдай өтіп шықты. Азат етілген Украина жеріне аяқ аттап, қазақтар Украина жеріне бетін төсеп, жаудан тазартылған жерді құшақтап сүйді"1.

Жерлестеріміз ішінде Отанға, оз хатқына адал болып, ел алдындағы аманатын мүлтіксіз орындап, ел намысына кір келтірмеген азаматгарымыздың бірі Байдолла Доскенов болды. Ол бастаған десанттық батальонның жауынгерлері жаппай ерлік көрсетті.

"Капитан Доскеновтың батальоны жауынгерлерінің әрқайсысы жекпе-жекте 3-4 немісті жайратты", - деп жазды 1943 жылғы 5 тамызда "За честь Родины" газеті. Доскенов бастаған жауынгерлердің тамаша ерлікгері және сан рет жауға берген соққысы туралы "Правда" газеті 1943 жылы 13 тамызда жазған болатын. Өздерінің өшпес ерліктерімен көзге түскендердің ішінде қазақ офицерлері, оралдықтар гвардия каптаны Дүйсебаев, гвардия аға лейтенанты Хансүлтанов, хансейітов, Әшіралиев, алматылықтар гвардия аға лейтенанты Түрлыбеков, Сандыбеков, жамбылдықтар қатардағы жауынгерлер Борабаев және Хайдаралиев т.б. болды2.

Мелитополь каласы үшін болған үрыста Қарақозы Әбдәлиев асқан ерлікпен Отанға берілгендіктің үлгісін көрсетті. 1943 жылдың 22 қазанывда ол өзінің взводымен дүшпанның бекінісіне шабуыл жасап, жауды 17 үйден қуып шықты, фашистердің оқ себелеген 23 нүктесін жойып, 60-тан астам гитлершілдерді баки дүниеге жөнелтгі. Көше бойында жекпежек арпалысқан үрыста Әбдәлиев жаудың орта салмақты танкісін жандырып жіберді, жиырмадан астам автомашиналарды сүлатты. Жаралы болғанына қарамастан, оқ жаудырып келе жатқан тағы бір танкіге граната лақтырып, оны да істен шығарды3.

Неміс командованиесі күшті табиғи тосқауыл болған Днепр езеніне ерекше маңыз берді. Фашистер Днепрдің оң жағалауындағы қорғаныс үрыстарында Қызыл Армияны қансыратып, одан соң шабуылға шығамыз деп үміттенді. Днепрдегі өздерінің қорғаныс шебін "Шығыс қамалы" деп атады.

1

Қазақ ССР тарихы. 2-том, 1964, 77-бет.

2

Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского

Союза. 2-том, Алматы, 1967, 354-355-беттер.

3

Лениншіл жас. 1968, 11 казан.

143

Днепр үшін үрыс, оның арғы жағасына өту Совет Одағының Үлы Отан соғысы тарихына совет жауынгерлерінің, халықтары ерлігінің тамаша үлгісі ретінде жазылды. Мыңцаған жерлестеріміз Днепр үшін орасан зор айқасқа қатысты. Днепрден алғашқы өткендердің ішінде әйгілі 8- атқыштар, 72-гвардиялық дивизиялар болды1.

Украинаның үлы езені бойында ерлікпен шайқасқан қаһармандарды қастерлеп, халық жырға қосты.

Днепрдің оң жағалауына өтіп, плацдармды басып алғаны үшін 50 қазақстандық солдаттар мен офицерлер Совет Одағының Батыры атағына ие болды. Украинаның жерін азат етуге көрсеткен ерлігі үшін 120 қазақстандықтар Совет Одағының Батыры атағын алып, еліміздің қүрметіне бөленді.

Украин жазушысы Петро Панч 1945 жылы 1 қаңтарда қазақ халқына жоддаған жаңа жыддық қүттықтауывда былай деп жазды: "Достар басқа қиындық түскенде танылады. Украин халқы фашистік тобырлармен соғыс кезінде Украинаға қауіп тенген шақта, бақытсыздық жыддарында өзіне қазақтар көрсеткен сол бір туысқандылық көмекті ешқашан үмытпайды. Қазақстандықтар біздің ағайындарды өз туыстарындай қарсы алды, оларға өз ошағының басынан орын берді. Алайда украиндықтарға көрсетілген комек бүл ғааа емес: қазақ халқы өзінің тандаулы үлдарын украин жерін неміс басқыншыларынан азат етуге жіберді. Енді достық халықтар туысқандығы жолында төгілген қасиетті қанмен бекіді.

Біз қазақ жауынгерлерінің азат етілген украин жерін сүйгені туралы хабарды көңіліміз елжіреп, кезімізден жасымызды теге отырып, қабыл аддық. Иә, оның есімі даңққа бөлене берсін. Қазақтар үйтқысы болған гвардиялық Сталинград дивизиясы жауыз немістерді бүкіл Украина арқылы өкшелеп қуды.

Днепрде біздің тамаша Киевтің, бүкіл Украинаньщ тағдыры шешідді. Қазақтар өзеннің арғы жағалауьгаа от-жальш арқылы алғашқылардың бірі болып жол салды. Осы теңдесі жоқ ерлігі үшін еліміз 20-гвардияшыға Совет Одағының Батыры атағын берді. Украин халқы озіне қымбат есімдерді - қызыл әскер, Жамбыл облысы, Талас ауданының колхозшысы Сөду Шәкіровты, шебер мерген, Оңтүстік Қазақстанның Сайрам ауданының колхозшысы Әдібай Қүрмантаевты, капитан Владимир Савваны, Садық Жақсықүловты ердайым шынайы

1 50 лет Вооруженных сил. 375-бет.

144

алғыспен және сүйіспеншілікпен есіне алады. Олар Днепрдің қаһармандары атавды, олардың есімдері мәңгі өшпейді"1.

Туысқан Белоруссия территориясын азат ету жолындағы шайқастарға қазақстандық жауынгерлер коптеп қатынасты. Қазақстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитетіне жіберген хатында 6-гвардиялық армияның командашысы генерал-полковник И.М.Чистяков былай деп жазды: "Қазақ халқы қамқорлыққа алып отырған армияның әскерлері осы жылғы туысқан Белоруссия мен Советгік Прибалтиканы азат ету жөніндегі жазғы үрыстарды бірінші болып бастады...

Біздің гвардиялык туларымыздың астында Совет Одағының барлық халықтарының үлдарын көруге болады, ал жауынгерлік саптың алдыңғы қатарындағылардың бірі —күн нүрына бөленген Қазақстанның батыр үлдары"2.

Туысқан Белоруссияны фашистік басқыншылардан азат ету жолында 20 жастағы Сүндетқали Есқалиев дүшпан дзотының амбразурасын кеудесімен жапты: жауьшгер достары оның ерлігіне бас иді...

1944 жылы 26 маусымда СССР Жогарғы Советі Президиумының Указы бойынша қатардағы жауынгер Сүндетқали Есқалиевқа Совет Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді.

Есқалиевтің есімін Ладоница түрғындары ешқашан да үмытпайды. Оның облыстық музейде сақталған совет жауынгерлеріне үндеуін тебіренбей оқи алмайсыз. "Бауырларым, орыстар, украиңцар, қазақтар, белорустар, өзбекгер, грузиңдер! Біз бәріміз де бір кісінің баласындаймыз, біз үшін Отан біреу. Үлтымыз - совет, мекеніміз — совет. Сондықтан бәріміз бар күш-жігерімізді жауға қарсы жүмсауымыз керек. Сонда ғана Отан — Ана бізге риза болады.

— Бауырластар! Отан үшін алға!" — де жазды Сүндетқали майдандық "За Родину" газетінде.

Прибалтика республикаларын жаудан азат етуге ер азаматтармен бірге көптеген қазақ қыздары да қатысты. Олар өздерінің жастығына қарамастан аз уақытга соғыс техникасын меңгеріп танкші, үшқыш, атқыш, және даңқты барлаушы болып алды. Бірінші Прибалтика майданында болып, Белоруссия мен Литва, Полыиа жерлеріндегі жойқын соғыстарға қатысып, фашистік Германияға жеткендердің

1 Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза. 2-том, Алматы, 1967, 426-427-бетгер.

2 Қазак ССР тарихы. 698-бет.

ю-мь

1 4 5

ішіңце Баян Байғожина да болды. Батыс Двинадағы майданға оқ-дәрі, азық-түлік өткізіп түрған стратегиялық маңызы бар көпірді аман сақтап қалып, дүшпанның жансыздарын үстап алған қазақ қызы Баян Байғожина "Қызыл Жүлдыз" орденімен наградтадды. Ал, кейін үрыс майданындағы ерлігі үшін Баян үшінші дорежелі "Дацқ" орденін алды. Шыңғыстаудың Баяны арпалысқан үрыстармен бірге Белоруссияның, Литваның, Польшаның кең даласынан өтті. Жауынгер жолдастарымен бірге неміс жеріне де келіп жетті. Гинденбург іргесіндегі қыстақтарда оте қатты үрыс болды. Гитлершілдер үйдің шатыры астынан, кез-келген қалтарыстан оқ жаудырды. Баян үйдің кірпіш қабырғасын тасалап, жапсарлас үйлерге бекінген немістерді жайратып түрды. Снарядтың жарықшағы бір кезде Баянның бетіне кеп тиді. Командир оған дәрігерге баруға бүйырды, бірақ Баян жарасын өзі байлады да, өртенген поселкенің көшелеріндегі шабуьшшы солдатгармен бірге алға үмтылды.

— Бүл қалада мен он бес фашисті өлтірдім. "Отан соғысы" орденін осы қалада алдым! — деп әңгімелейді Баян.

Туысқан Литваның жерін азат етуге танк командирі, комсомол мүшесі Жамал Байтасова, атқыш Күлжәмила Таяанбаева, радист-пулеметші Жомила Бейсенбаева зүлым жауға қарсы үрыстарда ерліктің, табандылықтың, қажырлылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Танк командирі Жамал Байтасова "Батылдығы үшін" медалімен нафадталды. Күлкен Тоқбергенова жау тыльша кзріп мәліметгер жинайтын, жаудан "тіл" әкелетін барлаушы болды. Барлау жүмыстарывда командованиенің тапсырмаларын батырлықпен орындағаны үшін ол үш рет наградталды.

Міне, бүлардың ерлік істері қазақ халқын мақтаныш сезіміне бөлейді. Қазақ жауынгерлерінін, ерлігін бағалай келе Литва ССР Жоғарғы Советі Президиумының председателі М.Ю.Шумаускас былай деді: "Орыстың, украинның, белорустың және басқа халықтардың даңқты үлдарымен бірге Қазақстан перзентгерінің де жанын пвда етіп, бізге азаттық өперу үшін көрсеткен көмегін литва халқы еш уақытта үмытпайды. Совет Одағының Батырлары, қазақ азаматтары Ақәділ Сүқамбаев, Ізғүтгы Айтықов және еліміздің басқа да халықтарының ер жүрек үлдарының есімі шексіз ерліктің, интернационализм вдеяларына ададдықтың айғағы ретінде литва халқының жүрегінде мәңгі сақталады".

Совет халқы ез Отанын бір кісідей қорғап, жеңіп шықты. Бүл бүрын болып көрмеген, шын мөнісіндегі бүкіл халықтық ерлік еді.

146

12. Үлы Отан соғысына қатынасушы

қазақстандық партизандардың ерліктері.

Үлы Отан соғысындағы (1941-1945 ж.ж.) қазақстандық партизандар — жау уакытша басьтп алған совет жерлерінде Отанның бостандығы мен тоуелсіздігі жолындағы бүкіл халықтық қарулы күреске белсене қатысқан қазақстандық жауынгерлер. КСРО Халкомсовы мен БК(б)П ОК-нің 1941 жылы 29 маусымдағы Директивасында, БК(б)П ОК-нің сол жылғы 18 шіддедегі қаулысында т.б. документтерде жау уақытша басып алған жерлердегі партизан қозғалысы мен жасырын ұйымдардың жүмысын өрістетудің нақты программасы белтіленді. Партизан қозғалысына стратегиялық басшылық жасау ісін Мемлекеттік Қорғаныс комитеті мен Жоғарғы Бас командованиесінің Ставкасы партизан қозғалысының Орталық штабы (1942, май) сондай-ақ оның республикалық, облыстық шатбтары арқылы жузеге асырды. Партизан отрядтары мен совет патриоттарының диверсиялық топтары КСРО-нің жау уақытша басып алған жерлерінде соғыс басталысымен үйымдасты. Олардың негізгі үйытқысы қоршауда қалып, өз әскерлеріне қосыла алмаған Совет Армиясының командирлері, саяси қызметкерлері мен солдаттары, түтқыннан қашып шыққан совет жауынгерлері еді. Партизан қозғалысына мыңцаған жүмысшылар, колхозшылар мен қызметшілер, партия, совет және комсомол қызметкерлері қосылды. Мысалы, 1943 жылдың аяғында 1 млн-нан астам совет адамдары фашист басқыншыларына қарсы партизан қозғалысын жүргізді. Партизан қозғалысы, әсіресе, БССР-де, РСФСР-дің Орел, Смоленск, Ленинград және Калинин облыстарывда, сол сияқты УССР-де кең қанат жайды. Партизандар түтас аудандарды жаудан толық азат етіп, партизан аймақтарын қүрды, жау гарнизондарына шабуыл-рейдтер жасады, басқыншылар мен сатқындардың, жау сілімтіктерінің көзін жойды, әскери базалар мен қаружарақ қоймаларын талқандады, көпірлер мен темір жол составтарын және жолдарды қиратгы, байланыс қүралжабдықтарын бүддіріп, дүшпанның алдын ала белгілеген қирату-бүлдіру жоспарларын жүзеге асырмай тастады. Халық кекшіддері жау коммуникацияларын талқандау жонінде іріірі операциялар ("Рельс соғысы", "Концерт") жүргізді.

Жау тылындағы бүкіл халықтық күрестің өзіндік ерекшелігі — халық кекшіддері қатарының коп үлтты болғандығы. Отанымыздың барлық халықтарының өкілдерімен бірге қазақстандықтар да ерлікпен шайқасты. Мысалы, 2

147

мөрте Совет Одағының Батыры С.А.Ковпактың партизан қүрамасында 70-тен астам қазақстандық (оның 56сы қазақ), М.И.Шукаевтың құрамасында 79, С.Ф.Маликовтың қүрамасында — 24, М.И.Наумовтың қүрамасында — 17, А.Ф.Федоровтың күрамасында — 9, А.З.Одуховтың күрамасында — 21, С.А.Олексенконың қүрамасында - 13 қазақ болды. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Украин партизандарының сапында 1500 қазақстандық шайқасқан. Белоруссияда шайқасқан тек 65 отряд пен бригада қатарында 1500 қазақстандық, ал Смоленск облысындағы 15 партизан қүрамасында, бригадалар мен полктарда 270-тен астам қазақставдық бодды. Сондай-ақ Ленинград облысындағы партизан қүрамында 200-ден астам қазақстандықтар жау тылында ерлік жөне қаһармандықпен шайқасты.

Өздерінің партизандық сертіне адал берілген қазақставдық халық кекшілдері тек батьш жауынгер ғана емес, сонымен бірге партизандық қозғалыстың ірі үйымдастырушылары екендіктерін көрсетгі. Киев облысында, Ржищевск ауданында партизан қозғалысын үйымдастырушылардың бірі, 1941 жылы желтоқсанда жау тылына жіберілген Қ.Қайсенов бодды. Украин партизандары арасында партизан отрядының саяси жетекшісі ретінде, белгілі қазақ ақыны Ж.Саин және Ф.Абдуллин, Д.Байдәулетов, Н.А.Калачев, П.С.Шленский, Р.Ибрагимов, И.Т.Сердюк, М.Қүлсейітов, Д.И.Сачава, К.Әшірбеков, Н.Есентеміров, А.С.Егоров, С.Мүсаханов, Ж.Омаров, АЖүмағалиев, Х.Қазыбаев т.б. ерекше көзге түсті. Белоруссияда С.Орджоникидзе атындағы отряд командирі, кейін Фрунзе атындағы партизан бригадасы штабының бастығы Ғ.Ахмедьяров, "Железняк" партизан бригадасының командирі В.И.Шарудо, комиссардың орынбасары Ж.Наметов, 425-Қызыл партизан полкінің командирі Ф.Ф.Сухов, осы полктың штаб бастығының кемекшісі Ғ.К.Омаров, "Дядя Коля" атгы бригада комиссарыньщ орьшбасары Т.Жанкелдин, Е.Сағынов, Черняк атындағы партизан отрядының рота командирі Н.Сыдықов, взвод командирі Х.Смағүлов, рота командирі М.Ф.Стрельников, И.А.Ерошенко, И.И.Погукаев, Р.Қайратдинов, "Болъшевик" партизан отрядының комиссары У.Б.Оразбаев, 8-партизан бригадасының рота командирі А.Ш.Айсаев, Пинск партизан бригадасы ерекше бөлімнің бастығы Г.И.Беляев, "Советтік Белоруссия үшін" отрадының командирі В.Ф.Целуйко, рота командирі А.Күзембаев, А.Қасқабасов т.б. өз ерлігімен даңкқа бөленді. Сонымен бірге Советгік Қазақстанның өйеддері мен қыздары да партазавдар қатарыңца қаһармандықпен шайқасты. Олар: Н.Байсейітова,

148

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]