Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

отырса да даулы жерге съездердің, нә жер мекемелерінің заңға сыйымды рүқсаты болу керек.

Осы "негізгі заң" артынан 1922 жылдың 30 қазанында "земельный кодекс" деген бүтін Ресейге арналып заң шықты. Автономиялы республикалар үшін айрықша сол "кодекске" толықтырулар жоне озгертулер енгізіліп, 1923 жылдың сәуірінде жарияланды. Сол өзгерту бойынша Қазақстанның ішінде енбекпен жер пайдалану жайындағы "негізгі заң", оның бер жағында 32-бап пен 33-баптың ескертуі қайтадан бекітілді. Екінші "Земельный кодекстің" жалпы мағынасына қарағанда, пайдаланатын жердің ауданы бері болса күн көруге жетерлік, әрі болса әркім өз еңбегімен игерерлік болуға тиісті. Бірақ, үйге, шаңыраққа, адам басына пәлен десятинадан берілсін деп айтылған сөз жоқ. Және "Земельный кодекстің" айтуы бойынша, ең әуелі жерге түрғын халық орналасуы керек. Ең әуелі түрғын халықты жерге орналастыру керек (16-баптың 6-ескертуі). Жер жайыңца кезекті нүсқаулар, ережелер, жолдар шығарып түруға белгілі мөлшерде автономиялы республикаларға ерік берілген. Бір жерге переселен аудару мәселесі ВЦИК-тің билігінде (223-бап), бір жерден бір жерге қоныс аударуға — переселен болуға, яки қоныс іздеуге әркім ерікті. Төтенше уақытта ресейлік жер комитетіне бекһтіріп алып, автономиялы республикалар зорлап алуға еркі бар1.

Сонымен ЖЭС Совет өкіметін нығайту, Қазақстанда түбірлі социалистік қайта қүрылыстарды жүзеге асыру (қазақ ауылын советгендіру, 1921-1922 ж. жер-су реформасын жүзеге асыру, егістік жөне шабындық жерлерді қайта бөлу) оарысында ауылдық және шаруалар Советгерін пролетариат диктатурасының органдарына айналдыру, жер мәселесіндегі отаршылдықтың қалдықтарын жою, ауыдды экономика мен түрмыстағы патриархалдық-феодалдык, институттарынан тазарту міндеттері қоса шешілді.

6. Орта Азияда Кеңестік республикаларынын үлттық мемлекеттік межеленуі және Кеңестік Қазақ Автономиялық

республиканың қүрылуы мен нығаюы (1920-1925 жж)

Орта Азия Советтік республикаларының үлттық-мем- лекеттік жағынан межеленуі — үлттық мемлекеттік қүрылыстың аса маңызды актісі; Орта Азия, Қазақстан халықтарының өз еркімен үлт саясаты негізінде 1924-1925 ж.ж.

1 Текжан Шонанүлы. Болашақта қазақ жерге қалай орналасуы керек. Қазақ тарихы. 1994. NN6 12-13 беттер.

31

сүрақтарға жауап берерлікгей. Бірақ Қазақстан топырағывда бүл саясаттарға ортақ белгілер болғанын, яғни ең өуелі орталықтың мүддесі үшін азық-түлік күшпен экспроприацияланғанын ашық айтатын уақыт жетті.

Дегенмен бүл жылдары Қазақтың көшпелі және жартылай кошпелі шаруашылыктарының көгапілігінің бірте-бірте үсақ товарлы укладқа кошуі қазақтың еңбекші шаруаларын кооперацияға тартуды жеңілдетті, қазақ аулында колхоз қүрылысының жеңуіне белгілі алғы шарттар жасады.

Ауылшаруашылық сайманын жөндеумен айналысқан жүздеген мастерскойлар пайда болды, ауылшаруашылық саймандарын арнайы "жөндеу апталығы" өткізіліп отырды. Кедейлер егіндігін бірлесіп жырту үшін бірікті. Ауыл мен селоларда егіс науқанына әзірлену жөнінде сенбіліктер мен жексенбіліктер өткізіліп отырды, суармалы егіншілік аудандарында каналдар мен арықтар қалпына келтіріліп жатты. Машинаны жалға беретін түңғыш пункттер жүмыс істей бастады. Шаруалар астығьгн, картофелін, етін өткізіп, өнеркәсіп товарларын сатып алып отырған базарлар ашылды. Өлкенің шаруашылық өмірі коркейіп, азық-түлік қиыншылықтары бәсендей түсті.

Сол кезде Қазақстанда түрғын елдің салтына, түрмысына, шаруашылығына қарай шешетін моселенің бірі жер моселесі болды. 1921 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Кіндік комитеті Декрет шығарды. 1917 жылға шейін Қазақстан кесіп алынса да, қара шекпендер орналастырылмай бос жатқан жерлер еңбекшіл қазақ еліне қайтарылады деді. 1921 жылдың 19 сәуірінде Ертіс және Ащыкол бойындағы ені 10 шақырымдық және Жайық бойындагы ені 10 шақырымдық жерлер еңбекшіл қазақ халқына қайтарылсын деді. Мүны шығарушы да Қазақстан Кіндік комитеті. Сонымен көп жылдан бері үздіксіз таласа, тармаса, жаддап алып, неше қиындықтармен, пайдаланып келе жатқан жерлеріне қазақ елдері қайтадан орналасатын болды.

1922 жылдың 26 тамызында федеральдық комитет қүрама республикаларда жер ісін карастыратын мекеме мен ВЦИК "Қазақстанда еңбекпен пайдаланудың негізгі заңын" бекітіп шығарды. Бүл негізгі заң 31-тамыздан бастап іске аса бастады. Сол "негізгі заңның" 32-33-баптарына ескерту бар. 32-бап бойынша әркім пайдаланып отырған жеріне түпкілікті орнығып иеленіп отыра береді. Бірақ, ол жерді съездер иә жер мекемелері заң бойынша берсе, ғана сол пайдаланып отырған жеріне ие болмақшы. Сонымен мейлі қазак, мейлі орыс, мейлі қай тек болсын, Қазакстанда еңбекпен жер пайдаланамын десе, іс жүзінде пайдаланып

30

отырса да даулы жерге съездердің, нә жер мекемелерінің заңға сыйымды рүқсаты болу керек.

Осы "негізгі заң" артынан 1922 жылдың 30 қазанында "земельный кодекс" деген бүтін Ресейге арналып заң шықты. Автономиялы республикалар үшін айрықша сол "кодекске" толықтырулар және озгертулер енгізіліп, 1923 жылдың сәуірінде жарияланды. Сол өзгерту бойынша Қазақстанның ішінде енбекпен жер пайдалану жайындағы "негізгі заң", оның бер жағында 32-бап пен 33-баптың ескертуі қайтадан бекітілді. Екінші "Земельный кодекстің" жалпы мағынасына қарағанда, пайдаланатын жердің ауданы бері болса күн көруге жетерлік, әрі болса әркім өз еңбегімен игерерлік болуға тиісті. Бірақ, үйге, шаңыраққа, адам басына пәлен десятинадан берілсін деп айтылған сөз жоқ. Жөне "Земельный кодекстің" айтуы бойынша, ең әуелі жерге түрғын халық орналасуы керек. Ең әуелі түрғын халықты жерге орналастыру керек (16-баптың 6-ескертуі). Жер жайында кезекті нүсқаулар, ережелер, жолдар шығарып түруға белгілі мелшерде автономиялы республикаларға ерік берілген. Бір жерге переселен аудару мәселесі ВЦИК-тің билігінде (223-бап), бір жерден бір жерге қоныс аударуға — переселен болуға, яки қоныс іздеуге өркім ерікті. Төтенше уақытта ресейлік жер комитетіне бекптіріи алып, автономиялы республикалар зорлап алуға еркі бар1.

Сонымен ЖЭС Совет өкіметін нығайту, Қазақстанда түбірлі социалистік қайта қүрылыстарды жүзеге асыру (қазақ ауылын советгендіру, 1921-1922 ж. жер-су реформасын жүзеге асыру, егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу) барысында ауыддық және шаруалар Советтерін пролетариат диктатурасының органдарына айналдыру, жер мөселесіндегі отаршылдықтың қаддықтарын жою, ауылды экономика мен түрмыстағы патриархалдық-феодалдық институттарынан тазарту міндеттері қоса шешілді.

6. Орта Азияда Кеңестік республикаларынын ұлттық мемлекеттік межеленуі және Кеңестік Қазақ Автономиялық

республиканың қүрылуы мен нығаюы (1920-1925 жж)

Орта Азия Советтік республикаларының үлттық-мем- лекеттік жағынан межеленуі — үлттық мемлекеттік қүрылыстың аса маңызды актісі; Орта Азия, Қазақстан халықтарының өз еркімен үлт саясаты негізінде 1924-1925 ж.ж.

1 Текжан Шонанүлы. Болашақта казақ жерге қалай орналасуы керек. Қазак тарихы. 1994. NN6 12-13 беттер.

31

Совет мемлекеті жүзеге асырған территориялық-мемлекеттік қайта езгеріс; одактас советтік социалистік мемлекеттік қүру кезеңдершің бірі. Орта Азия халықтарының өрқайсысының оз тарихы, талай ғасырлардан бері келе жатқан үлттық дәстүрлері мен ерекшеліктері бар. Совет өкіметінің алғашқы жылларьшда күрылған Түркістан АССР-ын, Бүкар жоне Хорезм Халықтық Совет Республикаларын Орта Азия халықтарының түр жағынан шыңдалған мемлекеттік қүрылымдары деп есептеледі. Сондықтан да ол РК(б)П- нін Түркістандағы міндетгері туралы ОК (Орталық Комитет) шешімінің жобасына жасалған ескертпелерінде былай деп жазды: "1) Түркістанның Өзбекстан, Қырғызстан жөне Түркістан өлкелеріне бөлінген картасын (этнографиялық және басқа) жасау тапсырылған. 2) Осы 3 бөліктің қосылу немесе боліну шарттары егжей-тегжейлі анықталсын"1. Ол кезде Орта Азияны үлттық жағынан межелеу үшін саяси және әлеуметтік жағдайлар әлі жасала қоймаған еді. РСФСР қүрамына енген көп үлттық Түркістан АССРның қүрылуы Орта Азия халықтарының советтік үлттық мемлекет жасаудағы алғашқы елеулі қадамы бодды. Түркістан АССР-нің саяси, экономикалық және мәдени дамуының шапшан алға басуы Бүхар мен Хорезм еңбекшілерінің өз халық республикаларын социалистік республика етіп қайта қүруға деген талабын күшейтті. Совет өкіметінің нығаюы, жүмысшылар мен диқандар одағыньщ күшеюі, Азамат соғысының аяқталуы, халық шаруашылығын калпына келтірудегі табыстар, Орта Азиядағы үлттық қатынастардың жаңа да әділ негізде үйлесуі мен жергілікті халықтар арасындағы достастықтың едеуір өсуі, совет қызметкерлерінің үлттық кадрларының өсіп жетілуі Орта Азияда үлттық мемлекеггік межелеудің аса маңызды алғы шарттарын жасады. Бүлардың нәтижесінде Бүхар мен Хорезмде аса ірі саяси, әлеуметтік-экономикалық шаралар жүзеге асырылды. 1923 жылдың қазанында Бүкіл Хорезмдік қүрылтай жиналысы Хорезм Халықтық Совет Республикасын Советтік Социалистік Республика етіп қайта қүруға каулы адды, ал келесі жылы қыркүйекте Бүкілбүқаралық қүрылтай жиналысы Бүхар Советтік Социалистік Республикасын жариялады. 1924 жылы ақпанда, наурызда Түркістан Бүхар және Хорезм Компартиялары Орталық Комиттеттерінің пленумдары мен партия-совет активтерінің кеңестері Орта Азияда үлттык межелеу ісін жүргізуді жақтады. РК(б)П

Ленин В.И. шығ. Толық жин. 41т. 477 бет.

32

Орталық Комитеті бүл мәселені қарап, Түркістан, Бүхар және Хорезм Компартияларының қызметін ретгеп отыратын РК(б)П Орталык Комитетінің Ортаазиялык бюросы мен жергілікті партия органдарына үлттык, межелеу жобасын әзірлеп, Орталық Комитетінің қарауьша үсынуды тапсырды. 1924 жылы 12 маусымда Саяси Бюро "Орта Азия республикаларын (Түркістанды, Бүхарды, Хорезмді) үлттық межелеу туралы'" каулы кабылдады. Өлке халықтарының тілектері мен мүделерін еске ала келіп, Орталық Комитетінің Түркімен және Өзбек Советгік Социалисіік Республикаларын қүруды жақтады. РК(б)П Орталык Комитеті Түркістанның Қырғыз (қазақ) аудандарын Қырғыз (қазақ) АССР-мен біріктіру РСФСР қүрамында Қара Қыргыз (қырғыз) автономиялы облысын, Өзбекстан ССР-і қүрамында Тәжік автономиялы облысын қүру кажет деп тапты. Орталық Комитет бүл одақтас республикалардың СССР күрамына енуін және Түрікменстан, Өзбекстан компартияларын қүру туралы мәселені де қарады. РК(б)П Орталық Комитетінің Ортаазиялық бюросы жанынан үлттық-территориялық межелеу жөніндегі Орталық комиссиясы қүрьшып, оған жаңадан күрылып жатқан барлық республикалар мен облыстардың окілдері енді. Орта Азия республикаларын үлттық межелеу жөніндегі шешімді Орта Азия халықтары зор қанағаттанғандықпен карсы алды. Бүл үйғарымды бүкілхалықтык талкылау кезінде еңбекшілер бүкарасы үлт саясатын бір ауыздан мақүддады. Мүньщ өзі үлттық межелеу туралы шешімнің халық тілегіне сай екенін, бүқара ырқын баянды ететінін көрсетті. 1924 жылы күзге салым межелеуге озірлік негізінен аяқталды. Сол жъшы қыркүйекте Түркістан ОАҚ-нің төтенше сессиясы мен Советгердің Бүкілбүхаралық және Бүкілхорезмдік күрылтай жиналыстары межелеу ісін Түркістан, Бүхар және Хорезм республикаларының үкіметгері арасындағы келісім негізінде жүргізу жөнінде бірауыздан қаулы қабылдады. Орта Азия республикаларын үлттық межелеу жайында Я.Э.Рудзудактың сөзін тындай келіп РК(б)П Орталық Комитетінің Қазан (1924) пленумы Орта Азия партия, Совет үйымдарының бүл бағыттағы жүмысы туралы хабарды мақүлдады. Өлкеде жүзеге асырьшған орасан зор саяси және үйымдастыру жүмыстарының нәтижесінде Түркістан, Бүхар, Хорезм Советтік Республикаларының орнына: Өзбек Советгік Социалистік Республикасы, Түркімен Советтік Социалистік Республикасы, Тәжік Автономиясы Советтік Социалистік Республикасы (бастапқы Өзбек ССРнің қүрамында болды 1929 жылы желтоқсанда одақтас

.1-14Х

33

республика болып қайта қүрылды). РСФСР күрамына енген Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысы (1926 жылдан АССР 1939 жылдан одақтас республика), ҚазССР-нің қүрамында Қарақалпақ автономиялы облысы (1932 жылы АССР болып қайта қүрылып, РСФСР қүрамына енді, 1936 жылы Озбек ССР қүрамында) үйымдасты. Бурыш ы бытырап жатқан өзбек, түркімен, тәжік, қырғыз, казақ, қарақалпақ жерлері бірыңғай Советтік социалистік республикалар мен автономиялы облыстарға бірікті. Бүл арқылы Орта Азия халықтарының Советтік үлттық мемлекеттігін одан әрі дамытуға жаңа қадам жасалды.

1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан советгерінің Қүрылтай съезі 1920 жылгы 26 тамызда Ленин және Калинин қол қойған декрет негізіңде РСФСР— дің қүрамыңцағы Қазақ автономиялық Советтік Социалистік Республикасының күрылғандығын жариялады. Ресми мәліметтер бойынша 1920 жылдың күзінде Қазак АССР — нің жер көлемі 2,285,26 кв верста болып, халкының саны 4,068920 адамға жетті. Солардың ішінде казақтар — 2,441360 немесе 60 проценті, орыстар — 1,627560 немесе 40 проценті1.

Қазақ АССР-нің жариялануы Қазақ Совет мемлекетгігінің территориялық түтастығын қамтамасыз ету жолындағы аса ірі оқиға болды. Алайда қазақтар мекендеген оңтүстік облыстар әлі де Түркістан республикасының қүрамында еді. Сонымен катар қазақтардың айтарлықтай топтары Хорезм және Бүхара республикаларьшың территорияларында бытырап жатты. Олар Түркістан АССР-і түрғындарының 19,3 процентіне, Бүхара республикасы түрғындарының 1,5 және Хорезм түрғындарының 3,5 процентіне тен болды. Ал Қазақ автономиялық республиканың қүрамына: Семей (Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралыуездері), Ақмола (Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері және Омбы уезінің бір бөлігі), Торғай (Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғайуездері), Орал (Орал, Ілбішін, Темір, Гурьев уездері) облыстары сондай-ақ Маңғыстау уезі Закаспий облысындағы Красноводск уездерінің төртінші және бесінші Адай болыстары, Астрахань губерниясының Каспий теңізі жағалауындағы Солтүстік шығыс бөлігі, Бөкей ордасы мен теңіз маңындағы округтердің болыстықтары енді. Совет өкіметі ешқандай да территориялық талас пен алауыздыққа

1 Шесть лет национальной политики советской власти и наркомнац. М.1924, стр. 40.

34

жол бермей кейбір жекелеген жергілікті қызметкерлердің шовинистік жөне ұлтшылдық көзқарастарьш тойтара отырып қазақ халқының біртүтас бірігу мәселесін осылайша әділ шешкен еді.

1921 жылы Акмола мен Семей облысынъщ Омбы уезінен басқа жері Сібір ревкомының қарауынан алынып, Қазақ АССР-нің қүрамына берілді. Сол жылы Қазакстан Орталық Атқару Комитетінің Декреті бойынша Жайық пен Ертіс өңірінде бүрын казактарға тартып әперілген он шақырымдық шеп қүраған жерлер қазақ халқына қайтарылды. Бүл жекелеген орыс жауапты қызметкерлерінің ызалы қарсылығын туғызды.

Республиканың қүрамынан жекелеген уездерді тіпті губернияларды бөліп әкетуге әрекеттер жасалды, мысалы, 1921 жылы маусымда Орал губкомы казактардың правосын қорғау желеумен Жайықтың сол жақ жағалауында да қазақтарға қайтарылған он шақырымдық шеп күрайтын жерді бермеу туралы хабарлады. Алайда партиянын орталық комитеті мүндай өтінішті қабылдамай тастады. Ал РК(б) партиясының қазақ обкомының президиумы губкомының позициясын саяси кателік ретінде айыптады. Сөйтіп губкомның қүрамына өзгерістер енгізілді.

Қостанай губерниясындағы кейбір басшы кызметкерлердің тарапьшан да шовинистік әрекетгер көріңді. Үлт саясатының мәнісін түсінбеген олар Қостанай уезін Қазақ АССР-нан бөліп, Челябі губерниясына қосу туралы талап қойды. Алайда РК(б) II Орталық Комитеті және обком Қостанай губкомының жүмысын зерттеп, басшы қызметкерлер тобының шовинистік көзқарасын айыптады. Сөйтіп губкомның хатшысы Шафет бастаған бүл топты қызметтен босатты.

В.И.Лениннің басшылығымен Орта Азияны Үлттық мемлекеттік межелеу, Оңтүстік Қазақстанды Қазақ Республикасына қосу жөнінде үлкен әзірлік жүмыстары жүргізілді.

1918 жылы мамырда Түркістан автономиясы қүрамына кіріп кеткен Жетісу, Сырдария облыстары мен Каспий сырты аймағының тағдырын шешу де күн тәртібінде түрды. Бүл туралы 1920 жылы 11 қаңтарда Ақтөбеде өткен 1-ші Бүкілқазақстандық конференцияда арнайы мәселе қарадды. Онда Ташкент қаласы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы болады деп жариялавды. Әрине бүл қата шешім еді. Ежелгі қазақ жерлері

— Жетісу мен Сырдария облыстарын, Маңғыстау мен Красноводск уездерін Қазақ өлкесіне қосу мәселелерін

35

Түркістан республикасы үкіметінің алдына қою үшін Ташкентке Казревкомның арнаулы өкілі жіберілді. Сібір ревкомына қарап келген Ақмола және Семей губернияларын Қазақ республикасына қосу мәселелерін талқылау мақсатымен және осы екі облысты мекенлеген казак еңбекттгілерімен тығыз байланыс жасап, олардың талап тілектерін жете түсшу үшін Омбы мен Семей калаларына да комитет өз өкілдерін аттандырды. Олар Қазақ республикасының түпкілікті шекараларын анықтауға байланысты келіссөздер жүргізді. Бүл салада Казревкомның жанынан қүрылған Қазақ АССРнің мемлекеттік шекарасын анықтау жөніндегі комиссия қызметі аса маңызды болды. Оның аддына мынадай міңдетгер қойыдды: өлкеніңэкономикалық, саясижәне этнографиялық жағдайларына байланысты Қазақ Республикасына қосылуға тиіс байырғы территорияларды анықтау: республика шекарасын дәлдеп анықтау және оған байланысты Халық комиссарлары Советі мен бүкілқазақстаңдық Советгер съезіне үсыныстар әзірлеу: көрші губерниялар мен Қазақстан Республикасы арасындағы шекара мен территорияға байланысты даулы мәселелер жөнінде қорытынды беру және оларды тікелей шешу; республиканың ішкі әкімшілік бөлінушің жобасын жасау тапсырылды.

В.И.Лениннің Түркістанды болашақта үлтгық мемлекеттерге бөлу мүмкіндігі туралы ескертуі көптеген жан-жақты әзірлік жүмыстарынан кейін, 1924 жылы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде СССР-дің қүрамында Өзбек және Түркімен Советтік Социалистік Республикалары, Өзбек ССР-нің қүрамында Тәжік АССР-і, РСФСР-дің қүрамында Қырғыз АССР-і күрылып, бүрынғы Түркістан АССР-не қарап келген Жетісу және Сырдария облыстарьшың қазақтар мекендеген уездері Қазак АССР-не қосылды. Атап айтқанда Қазақстанға Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, Әулиеата уездері мен Ташкент, Мырзашөл уездерінің және Самарқанд облысы Жизак уезінің кейір облыстары, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Піспек уезінің қазақтар мекендеген аудандары қосылды. Қазақ АССР-нің жер көлемі 700 мың шаршы шақырымға, халқының саны 1 млн. 468 мың адамға көбейді. 1926 жылғы ресми мәліметтер бойынша республика халқының 61,3 проценті қазақтар болды.

1925 жылғы 26 қаңтарда РКП(б) Орталық Комитеті Қазақстанды аудандастырудың жаңа жобасын қарап, оны пысықтауға ВЦИК-тің Орталық әкімшілік комиссиясына берді. Республиканың әкімшілік бөлінуін қайта қүру

36

осылайша аяқталды. Нәтижесінде Қазақ АССР-і губерния дәрежесіндегі Адай уезінен, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губерниялары мен кейін Өзбек ССР-і қүрамындағы Қарақалпақ АССР-і болып кайта күрылған Қарақалпақ автономиялы облысынан түратын болды

1925 жылы Қазақ АССР-нің астанасы Орынбордан Ақмешітке көшірілуіне байланысты Орынбор қаласы мен оның төңірегіндегі аудандар РСФСР-дің қүрамына енді. 1925 жылғы 15-19 сәуірде республиканың жаңа астанасында Қазақстан Советтерінің съезі түңғыш рет Қазақстанның барлық аудандары еңбекшілерінің өкіддері қатысқан жағдайда өтті. Съезд халықтың шын аты — "қазақ" деген атауды қалпына келтірді және ресми республика Қазак АССР-і болып аталатын болды. Оның астанасы Ақмешіт қаласы Қызылорда деп өзгертілді.

1929 жылы Республика астанасы Қызылордадан Алматыға ауыстырыдды. Ал 1936 жылғы желтоқсанда Қазақ АССР-і одақтас Республика болып қайта қүрылды. 1990 жылы 25 казанда Қазақстанның мемлекетгік егемендігі туралы тарихи декларация, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет детт жарияланды. 1998 жылы 10 маусымда Қазак Республикасының астанасы Астана (Ақмола) қаласына ауыстырылды".

7. Қазақ АССР-дағы кеңестік мемлекеттік күрылыс және байлардың шаруашылықтарын тәркілеу (конфискелеу)

ҚАССР Халық Комиссарлары Советі 1920 жылғы 9 желтоқсандағы декрет бойынша қүн төлеу мен қүн1 алуға тыйым салды. Сол жыддың 28 желтоқсанында заң бойынша қалың мал жойылды. Декретте: "Үндемей жүре беретін қазақ әйелінің еркі мен сезімін қорлайтын бүл тәртіпті (қалың малды) сактауға Советтердің ерікті социалистік республикасында орын болмауға тиіс", — делінген. Мүның өзі Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел ішінде де семьялық праводағы патриархтық-феодалдық қатынастардың сарқыншақтарымен күресу жөніңдегі түңғыш заң актылары болды.

1 Құн — өлтірілген адамның туған-туыскандары мен букіл "руына" кісі өлтіргендік үшін төленетін төлем. Патриархтык ру тұрмысынын осы ескілікті қалдығын өз мудделері үшін ауылдың жоғарғы бай топтары пайдаланып отырған.

37

Республика үкіметі 1921 жылы қаңтарда көп қатын алушылық пен әмеңгерлікке тыйым салды1.

ҚАССР Халык Комиссарлары Советі мемлекеттік мекемелері өз шешімдерінің бәрін қазақ және орыс тідцерінде шығарып отыруға міндетті. Совет өкіметі қалалар мен басқа да елді мскендсрдің бүрмаланған немесе патша окімст орындары басқаша ат берген тарихи қалыптасқан атаулары қайтадан қалпына келтіретін шаралар қолданды. Түркістан республикасының қазақ аудандарының территориясында Совет өкіметінін сайланып қойылган органдары жүмыс істеді.

1921 жылдың жазы мен күзінде уездер мен губернияларда Советтердің съездері болып өтті, бүларға 2871 делегат қатынасты, олардың қазағы 1432. Делегаттардың ішінде коммунистер 1345 кісі болды2. Съездердің күн төртібінің басты мәселесі — шаруашылық қүрылысының жаңа жағдайларында Советтердің жүмысын қайта қүру болды.

1922 жылдың аяғына таман Түркістан республикасында шаруалардын үйымы — "Қосшы" одағы қүрыла бастады. Алғашында ол қазак. кедейлері мен батырақтарының одағы, сәл кейінірек жерсіз және аз диқандардың одағы деп, ал 1921 жылдың желтоқсанында "Қосшы" одағы деп аталды.

1924 жылы Қазақстанда да казақ кедейлерінщ бүқаралық үйымы — "Жарлы" одағы дүниеге келді. Бүл екі одақ негізінен қаймағы бүзылмаған қазақ ауылына іріткі салды. Бүрын бірге түрып, бірге көшіп, бірге конып жүрген елге ылаң әкелді. Олар компартия қүжаттарының тілімен айтқанда, кедейлер шаруашылықтарының қалың бүкдрасын біріктіріп, өздерінің алдына қазақ ауылдарында шаруашылық жүргізудің орнықты формаларын үйымдастыру, таптық күресте партияны қолдау міндеттерін қойды. 1924 жылы бүл екі одақ бірігіп "Қосшы" одағы деп аталды. Келесі жылы оның қатарында 200 мыңнан астам мүше бодды. Олар "тап күресін" одақты тазалаудан бастады. Яки өз арасындағы "жат элементтерді" — байлар мен кулактарды, молдалар мен ишандарды, атқа мінерлер мен саудагерлерді қуып шықты. Содан азық-түлік салығымен салғыртты батпандап кірді. Азамат соғысынан, 1921-22 жылдардағы

2Әмеңгерлік — өдет правосының тәртібі, бұл тәртіп бойынша күйеуі өлгеннен кейін жесір калған өйел сол күйеуінің ағасына не інісіне тиюге тиіс, немесе аға, інісі болмаған күнде басқа бір тумасының әйелі болуға тиіс.

3 Қазақ ССР тарихы (социализм дөуірі). Алматы, "Ғылым", 1964. 212-бет.

38

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]