Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Тек соңғы 15 жылдың жүзінде үлттық-демократиялық интеллигенцияның халық таныған кесемдерінің есімдері халыққа қайтарьшып, олар қалдырған рухани мүра қалың жүртшылықтың игілігіне айнадды.

"Алаш Орда" үкіметінің Қазақстандағы 4 жылдык басқару кезеңі, міне осылай аяқталды1. Кеңестік социализм вдеологтары "Алаш Орданы" буржуазиялық үлтшылдық қозғалыстан өзге ешнәрсе емес деп бағалайды. Алаіада біздің жоғарьща атап көрсеткеніміздей оның қызметі мен бағдарламасында "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі жоқ. "Алаш" — "үлтгық-демократиялық" партия болды. Ал оның өмір сүрген уақытын қазақ халқының өз тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің маңызды бір кезеңі деп бағалау керек.

Үкімет билігін қолына алған болыпевиктік-марксистік партия үлттардың бөлініп кетуге дейінгі өзін-өзі басқару үранын "интернационалдық бірлік" және "сепаратизмге жол бермеу" үрандарымен ауыстырды. Ал оз идеяларын оздеріне дейінгі патшалы Ресейдегіден әлдеқайда қатал және қатыпсеміп қалған догмалық нүсқада жүзеге асыра бастады. Сонымен патшалық Ресейдің отарлау кезеңі "Алаш Орда" автономиясының уақытша жүргізген үлттық басқаруы кезеңімен алмасты. Ал "Алаш Орда" үкіметін Кеңес окіметі 1920 жылы қүлатты да, Қазақстан аумағында жаңа мемлекеттілік орнады. Ол іс жүзінде өзінің басқару тәсілдері жағынан үлттық дербестікке, өздерінің этникалық тарихы мен салтдөстүрлерін одан әрі жалғастыруға үмтылған халықтарды идеялык жағынан басып-жаныштап отыратын жүйесі болған патшалы Ресейдің тым қатал тәсілдерінен де асып түсті.

Сонымен қорыта келгенде Ақпан көтерілісінен кейін үлттық қозғалыс жаңа серпін алды. 1918 жылы 22 қаңтарда Кеңес өкіметіне балама ретінде Қоқавда Түркістан автономиялы республикасы, ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда Алаш автономиясы жарияланды. Алайда әуелі Қоқан, кейін "Алаш" өкіметтері үлттық мемлекеттік идеяны жүзеге толық асырып болмай-ақ, тарих саханасынан аластатылды. Қазақ үлттық мемлекеттігін қүру идеясы тек кеңестік түсінік түрғысында ғана үстем болды2.

1920 жылы 9 мартта Қырғыз (қазақ) ревкомы Алашорданың жөне оның барлық мекемелерінің жойьшғаны туралы хабарлады.

1 "Егемен Қазақстан". 1996 жылы 19 қыркуйек.

2Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 3-т. Алматы: Білім, 1999. 229-234 б.

11

3. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918—1920 жж.)

1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин қол қойған халық комитетінщ декреті бойынша қырғыз1 (қазақ) революциялык комигеті қүрыллы. Оның қарамағына Қазак Совет автономиясы жарияланып, өлке Советгерінщ құрылтай съезі шақырылғанға дейін қазақ түрғындары мекендеген Орал, Торғай, Ақмола, Семей облысы мен Астрахань губерниясы жеріндегі барлық жоғарғы әскери-азаматтық басқармалар берілді. Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті алғашында РСФСР үкіметі тағайындаған 7 мүшеден түрды. Халкомсовтың келісімімен қырғыз (қазак) революциялық комитеті өз қүрамын жергілікті түрғындардан қызметке адам алу арқылы толықтырып отыруға праволы болды. Ол ішкі контрреволюция мен әскери-интервенцияға қарсы еңбекшілер күресін басқарып, совет үйымдарыньщ мемлекеттік шаруашылық және

1 Қазак халкына күштеп тағылған "қырғыз-қазақ", "қырғыз" атаулары орыс тіліндегі ортүрлі одебиетте жоне кұжаттарда XVIII ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарынан бастап кездесе бастайды. Бұл сөзлерді алғаш рет жазбаша айналымға енгізгендер Оңтүстік Орал және Сібір арқылы қазақ өлкесінің Солтүстік аудандарында болып, қазақтармен алғаш жуздескен патша үкіметінің оскери, дипломатиялық жоне жергілікті басқару аппаратының қызметкері еді.

Қазақтардың қырғыз аталуына байланысты Міржақып Дулатов үсынған жорамал коңіл аударарлық. Ол өз болжамын 1923 жылы "Қызыл Қазакстан" журналында жарияланған "Қазақ, кырғыздың аты, тегі туралы" мақаласыида айтқап болатьш. Алаш орысының пайымдауынша XVII ғасырға дейін кырғыз халқының бір бөлігі: "Сібірді мекендеп түрғанда орыстың қалаларын дамылсыз шауып, мазасын кетіре берген...

сондықтан орыстың үғымында "қырғыз" деген сөздің өзі жау, шабағаншыл мағынасында орнап қалған. Ал қырғыздардан кейін орі көп, өрі орысқа бағынбай өз алдына отырған... қазақтарды да қырғыздай жек көріп, лағынет орнына "қырғыз" деп атаған". ("Қазак одебиеті", 1991 жыл, 5 соуір). Ал патша отаршылдары қазақтың казак. екенін біле түра, оларға "кайсақ", "қырғыз" деген сияқты аттарды зорлап таңып, оның іргелі халық ретіндегі намысын екі ғасырға жуық уақыт бойы қорлап келді.

XVIII ғасырдың отызыншы жылдарынан XIX ғасырдың алпысыншы жылдарына дейінгі мерзім аралығында Қазақстан Ресейге түгелдей бағындырылып, соның салдарынан оның отарлы аймағына айналып тынғаны белгілі. Патша үкіметі Қазақстан сиякты боданын тырп еткізбей билеп-төстеп үстаудың күралы ретінде 11 казак-орыс оскерін (казачье войско) жасақтады. Үлы Қазан революциясына дейін солардың төртеуі: Сібір, Орынбор, Орал жоне Жетісу казак-орыс оскерлері Қазақстанда болды.

Казак-орысты қазақпен шатастырмау үшін патша окімшілігі ресми түрде қазакты "кырғыз" деп атап, ал нағыз кырғыз халқына "қара қырғыз", "жабайы қырғыз" деп мазақтаған ат берді.

12

мәдени қүрылыстағы барлық істерін біріктіріп, үйымдастырды. Жергілікті түрғындардың әдет-ғүрпы мен жағдайын ескере отырьш, Совет үкіметінің қаулыларын жүзеге асырды, Қазақстан Советгерінің қүрылтай съезін шақырып, өткізуге дайындық жүмыстарын жүргізді, РСФСР-дің үлт жөніндегі халкоматының басшылығымен қазақ халқының Советтік мемлекетін күру жөніндегі ереженің жобасын жасады. Өлке халқының күнделікті өміріне түрлі салалар бойынша Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің жанына қүрылған бөлімдер мен бөлімшелер басшылық етті. Бірінші председателі С.С.Пестковский болды. Революциялық комитет қүрамында әр кезде Ә.Әйтиев, САрғыншиев, АД.Авдеев, Ә.Жанкелдин, Б.Қаратаев, С.Мендешев, М.Түнғашин т.б. кірді. Қырғыз (қазақ) революциялық комитет 1920 жылы 13 қазанда қүрылтай съезі шақырылғанға дейін жүмыс істеді.

1917 жылғы қазан төңкерісіне дейінгі Казақстан өкімшілік түрғысынан қазақ жері біртүтас болмады. Мәселен, өлкенің Батыстағы айтарлықтай бөлігі — Астрахань генерал-губер- наторына, дала өлкесі — Батыс Сібірге, Оңтүстік облыстар Түркістан генерал-губернаторлығына қарады1. Совет өкіметі орнағаннан кейін де қазақ облыстары әкімшілік жағынан бытыраңқы жағдайда бодып, РСФСР-дің түрлі

1925 жылғы 15-19 соуірде республиканың жаңа астанасы Ақмешітте Қазакстан Советтерінің V съезі туңғыш рет өлкеміздің барлық аудандары еңбекшілерінің өкілдері қатынаскан жағдайда өтті. Осы съезд кабылдаған карарлардың ішінде үлкен саяси мәні бар шешімнің бірі — қазақ халкының бүрмаланған, патша отарлаушылары XVIII ғасырдан бастап зорлап таңған теріс атын — "қырғыздар" атауын өзгертіп, оның тарихи шын атын — "қазақтар" деген атауды қалпына келтіруі болды. Сонымен қатар, съезд Қырғыз АССР,-ін Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы деп кайта атады, республиканың жаңа астанасының да аты өзгертілді. Ақмешіт каласы Қызылорда деп аталды. Кеп кешікпей Бүкілресейлік Орталык Атқару Комитетінің Президиумы съезд шешімін бекітіп, былай деп қаулы етті: "I . Қырғыз Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы деп өзгертілсін; II. Үкіметтің орналасқан жері Ақмешіт қаласының аты Қызылорда деп өзгертілсін".

Қазақстан Советтерінің V съезінің шешімдерінде "Қазак" жоне "Қазақстан" сөздері орыс тіліндегі тіркестерде "казаки", "Казакстан" деп жазылған болатын. Орысша бұл сөздерді осылай жазу 1936 жылға дейін сақталды. Қазак АССР Орталық Атқару Комитетінің 1936 жылғы 9 ақпандағы каулысына сойкес орыс тілінде "казаки", "Казахстан" деген неғүрлым дол атау қабылданды.

"Қазақ" атымызды осылай қайтарып алған едік.

1 Елеуов Т.Е. Установление и упрочение советской власти в Клзахстане. Алма-Ата, 1961, стр. 48.

13

губернияларының қарамаіында калып қойды. Мәселен солтүстік-шығыстағы екі облыс Ақмола мен Семей облыстары орталығы Омбыда болған Сібір өлкелік советіне қарады, Торғай облысы — Орынбор губерниялық советіне, Бөкей облысы /орласы/ Астрахань губерниялык советіне кірді. Осьшайша казан төңкерісіне дейін орьш алған территориялык. бытыраңқылық әлГде сақталып түрды. Әйтсе де Совет өкіметі қазақ халқының үлттық территориялық мемлекетгігі правосын, патша өкіметі тартып алған барлық жерлерден күралатын Қазақ республикасының шеңберінде косьшуын куаттап берді. Республиканың территориясын қалыптастыру этникалык, экономикалық аспектілерді мүқият зерттеу негізінде жүрді. Бүл В.И.Лениннің басшылығымен және Қазакстан, Сібір, Урал, Түркістан Советтері өкілдерінің, ірі мамандар мен ғалымдардаң қатысуымен істелді. Бүл мәселені шешуде жергілікті органдардың пікірі де көп нәрсені дәлелдеуге, әртүрлі үсыныстарды таразылауға, әр түрлі пікірлерді тындауға, көптеген жобалар мен пікірлердің үлт мәселесі жөніндегі партия бағдарламасының мәні мен мазмүнына сай келетіндерін таңдап алуға тура келді. Совет өкіметі езілген халыктардың үлттык мемлекеттілігін тезірек күру және олардың территорияларын белгілеу міндетін алға қойды. Бүл бағыттағы әзірлік жүмысын РСФСР үлт істері жөніндегі халык комиссариаты тікелей жүргізді. 1917 жылы мамырда Халық комиссариатының қазақ бөлімшесі қүрыльш, ол көп кешікпей маңызды іске кірісіп кетті. Алайда Қазақ Совет республикасыныд қүрылуы мен оның территориялық бірлігінің орнатылуы азамат соғысының және итервенцияньщ басталуына байланысты 1918 жылғы жазда тоқтап қалды.

РСФСР халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин 1919 жылы 10 шіддеде "Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы уақытша ережеге" қол қойды. Бүл революциялық комитет іс жүзінде алғашқы кдзақ кеңес үкіметі болды да, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарындағы (бүлар қазіргі Қазақстанның Оңтүстік аймағынан басқа аумағын түгел қамтитын) сондай-ақ қазіргі Астарахань губерниясының қазақтар түратын аудавдарындағы әскери-азаматтық басқару ісін өз қолына түгелдей шоғырландырды. Қазақ революциялық комитеііне жүктелген негізгі міндеттердің бірі Қазақстан Кеңестерінің қүрылтай съезін әзірлеу және өткізу, қазақтардың бүған дейін бөлініп қалған шашыраңқы аумақтарын біртүтас етіп біріктіру болды.

1919 жылғы 19 шілдеде Ленин қол қойған Казревком қүру туралы декретте Орал губерниясы қазақ өлкесінің

14

қүрамына кіргені белгілі. Осыған қарамай губернияның кейбір басшы партия және совет қызметкерлері Орал губерниясьшың Қазақстанға кіруіне қарсы бодцы, ол РСФСРге тікелей бағынуға тиіс деген пікірді жақтап келді. Онымен коймай шовинистер Орал губерниялық екінші партиялық конференциясына (1920 ж. мамыр) Орал губерниясының Қазақстаннан бөлінуі туралы қарар қабылдапты. Мүндай теріс көзқарасты түзету үшін Казревкомға РКП(б) Орталық комитеті мен Совет үкіметінің нақтылы көмегі қажет болды. Орталық органдардың қолдауымен маусым айында Орал губерниясына РКП(б) Қазақ облыстық бюросы мен Казревкомның арнаулы комиссиясы жіберілді. Көп кешікпей Орал партия үйымы мен губерниялық совет аппараты үлы державашыл шовинистерден тазартылып, губернияда жүргізілген орескел қателіктер түзетідді. 1920 ж. 1 шілдеде болған Орал губкомының пленумы губернияның Қазақстан қүрамына кіру қажеттігін жақтаған қарар қабылдады. Казревкомның тарапынан мүндай жүмыстар Қазақстанның қүрамына кіруге тиісті басқа қазақ жерлеріне байланысты да жүргізілді.

Ежелгі қазақ жерлері — Жетісу мен Сырдария облыстарьш, Маңғыстау мен Красноводск уездерін қазақ өлкесіне қосу мәселелерін Түркістан республикасы өкіметінің алдына қою үшін Ташкентке Казревкомның арнаулы өкілі жіберілді. Сібір ревкомына қарап келген Ақмола мен Семей губерниялары Қазақ республикасына қосу мәселелерін талқылау мақсатымен жөне осы екі облысты мекендеген қазақ еңбекшілерімен тығыз байланыс жасап, олардың талаптілектерін жете түсіну үіііін Омбы мен Семей қалаларына да комитет өз өкілдерін аттандырды. Олар Қазақ республикасының түпкілікті шекараларын анықтауға байланысты келіссөздер жүргізді. Бүл салада Казревкомның жанынан қүрылған Қазақ АССР-нің мемлекеттік шекарасын анықтау жөніндегі комиссия қызметі аса маңызды болды. Оның алдына мынп дай міндеттер қойылды: өлкенің экономикалық саяси және этнографиялық жағдайларына байланысты Қазақ республикасына қосьшуға тиіс байырғы территорияларды анықтау және оған байланысты Халық комиссарлары Советі мен бүкілқазақставдық Советтер съезіне үсыныстар әзірлеу: көрші губерниялар мен Қазақ республикасы арасындағы шекара мен территорияларға байланысты даулы мәселелер жөнінде қорытынды беру және оларды тікелей шешу: республиканың ішкі әкімшілік бөлінуінің жобасын жасау.

15

1919 ж. 13 қыркүйекте Казревком осыған дейін уақытша Челябі губерниясының құрамында болып келген Қостанай уезін қазақ өлкесіне қосу туралы өтінішті ВЦИК-тің алдына қойды. Мұндай талап-өтініштер Сібір ревкомьшың, Түркістан АСГР-нің қоластындағы казак. жерлері туралы да қойылды. Сонымен 1920 жылғы 9-10 тамызда Москвада Қазақ ресгіубликасының шекарасын біржолата анықтауға жөне оны басқару мәселелеріне арналған мәжіліс шақырылды. ВЦИК-тің Презвдиумы шақырған осы мәжіліс Лениннің тікелей қатысуымен өтті. Мәжіліске Қазревкомның жауапты қызметкерлері, Түркістан майданының әскери революциялық советінің, Түркістан өлкелік партия үйымының, Омбы жөне Орал облыстары революциялық комитеттерінің екілдері қатынасты. 2 күн бойы Қазақ республикасының шекарасы туралы мәселе қызу айтыстың тақырыбына айналды. Әсіресе Сібір ревкомының өкіддері қүрылғалы отырған қазақ республикасының терриориялық түтастығына нүқсан келтіретін үсыныстар айтып, дау-дамай шығады. Екі жақтың пікірін мүқият тындаған В.И.Ленин Қазақстанның шекарасы туралы мәселенің барынша өділ шешуіне асқан мүдделік танытты.

Мәжіліс барлық Қазақ облыстарының басын біріктіретін Қазақ Автономиялык, Советтік Социачистік Республикасътн қүру туралы декреттің жобасын талқылап бекітгі. 1920 жьшғы 26 тамызда РСФСР халық комиссарлары Советінің председателі В.И.Ленин мен Советгердің бүкіл россиялық атқару комитетінің председателі М.И.Калинин Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын қүру туралы декретке қол қойды. Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің қүрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының күрамына мына облыстар мен уездер кірді:

1. Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездерінен түратын Семей облысы.

2.Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уезінің бір бөлігінен түратын Ақмола облысы.

3.Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінен түратын Торғай облысы.

4.Орал, Ілбішін, Темір және Гуръев уездерінен түратын Орал облысы.

5.Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстың Красноводск уезіндегі Адайлар мекендеген төртінші және бесінші облыстар.

6.Астрахань губерниясының қүрамында болып келген Бекей ордасы, Синемор облысы, бірінші жөне екінші Приморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.

16

"Известие ВЦИК" газетінің 1920 жылғы 22 қазаныңдағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің күрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаевжәне Петровск аудандары қосылатындығы айтылды.

Қазан төңкерісімен қатар басталған азамат соғысы 1920 жывдың соңына дейін Ресей карауындағы халықтардың, оньщ ішінде Қазақстанның барлық күшін осы шиеленіскен тап күресіне жүмсауға мэжбүр етті. Халықтардың санасына сіңіп үлгермеген жаңа мемлекетгік басқару жүйесі кеңестер қүралмай жатып, бірден жан түршігерлік, бітпес тап тартысының — азамат соғысының қансоқтасына белшесінен батгы да кетті. Ресей тарихында қалыптасып қалған мемлекет, заң, қоғамдық тәртіп аяқ асты болып қалды, ал жаңа мемлекет, оның завдары осы соғыс жағдайында қалыптасты. Уақыт тығыздығы, соғыс, еддегі шаруашылық күйзелісі, тіпті орта, үсақ кәсіпорындардың өз иелерінен, шетел инвесторларынан тартып алынуы, бірақ

ч өндірістіжаңаша басқара алмау — осыныңбәрі, сайып келгевде, ^Л*жаңа өкіметті әскери диктатураға еріксіз итермеледі. Әрине,

мкеңестердің демократиялық түрі сақталды: кеңес, партия

^съездері жъшма-жыл откізіліп түрды. Шыіщығыіща, ісжүзііще,

№ Кеңес өкіметінің шығарған зандары (декрет деп атадды), Мдирективалары, бүйрық-жарлықтары және олардың

^орындалуына зер салсақ, окіметтің диктаторлық міндеттер атқарғанын байқау қиын емес.

Біз бүл мөселені азық-түлік саясатына қатысты қарастырмақшымыз. ӨйткеніЛениннің озі айтқаңцай, "астық үшін күрес — социализм үшін күреске" айналған еді. Кеңес окіметіне қалаларға (жүмысшы табына) жоне соғысқа (Қызыл Әскерге) қажетті тамақ, киім, колік сияқты заттарды, ең аддымен, ауыл-селодан (шаруалардан) алуға тура келді. Сөйтіп, ауыртпалық шаруаларға түсті. Әскери диктатура астық үшін күресті, яғни социализм үшін күресті шаруаларға қарсы жүргізді. Бүл кезде помещиктер бірден экспроприацияланған, кулактар да 1918 жылы жазда соның кебін киген. Олай болса, ауыртпалық ауқатты шаруалар ^£&ц—жащ.ы- жақыбайларға түсетіні анық. Бірақ өкімет^өзін жүмысіііышаруалар екіметіміз деп атағандықтан халйКқа ашық қареыЧ шыға алмады, саясат колданды. РК(б)И аті^нан Орталық Ч комитет үздіксіз үндеу, қаулы-қарарлар Шығарып, үгіт- \ насихатты үдетіп, халықпен байланысын үзбеді, оның миыңа ; ез идеологиясын сіңірді. Елдегі азамат еоғысы, бүліншілік таланған, тоналған, репрессияланған үстем тап екілдерінщу

2~14Х

17

'-V. *У.,

өрекетінен болып отыр-мыс. Ендігі ең қауіпті, ең күшті езуші тап — кулактар деген ұран тасталып, оған қарсы: орта шаруа мен жүмысшы табы (Кеңес өкіметі) одақ жасап, кедей шаруаларға сүйенеді деген такгика 1919 жылы наурызда РК(б)П-ның VIII съезінде қабылданған еді.

Ал іс жүзіндс осы саясат қалай жүргізілгені азық-түлік мәселесінен анық көрінеді. Жоғарьща айтылғандай, Кеңес окіметі алдымен озін қорғауға, сақтап қалуға күш салды. Кедей шаруаларға сүйенеміз дей отырып, оған нақты кемек көрсете алмады, керісінше өзі олардың мойнына асылды. Партияның "одақтасы" — орта шаруа бергені болмаса, өз басына жақсьшық таппады.

1920 жылдың басында кеңестер Қазақстанда азық-түлік салғыртын (продразверстка) жаппай енгізді. Салғыртты жинау күшпен жүргізілді, сондықтан азық-түлік отрядтары (продотряд) қарулы күштерге сүйенді және олар Ресей қалаларында жасақталды. Бүл арада да қисын бар: сырттан келген қалалықтар әзі үшін қандай қаталдықтан да бас тартпауы керек. Астық олардың қалаларына, отбасыларына жіберілетіні анық еді.

1920 жыддың соңыңда РК(б)П-ның шақыруымен Ресейден Казақстапға 11500 азық-түлікжинаушыжіберілді1. Әрине, қарулы күш есебінде бүл аз емес, кейін оның саны еселеп артпаса кеміген жоқ. Олардың күшімен тек Семей облысынан 15 миллион пүт астық жиналуы тиіс болды. Үйез көлеміне шақсақ, Павлодар үйезінің өзі орталық үшін ғана (ішкі қажеттілікті есептемегенде) 3 миллион пүт астық жөне 37 мың бас мал жинап беруі керек екен. Сонша астық, мал, басқа азық түрлері сөзсіз әрі күштеп жиналатыны ашық ескертілді. Үйездік азық-түлік комиссары Калинин дегеннің сөзінде: "Азық-түлікдиктатурасынасәйкес, ешбір үйымның, тіпті ревкомға дейін декретті жою немесе оны не олай, не бүлай іске асыруға байланысты азық-түлікке қатысты араласу қүқы жоқ екендігі анықталып отыр",— деп мәлімдеді 1920 жылы 6-мамырда Семей губерниясы азық-түлік комиссарлары мәжілісінде2. Бүған қарағанда жергілікті басшылар азық дайындау "диктаторлық" жолмен, "декрет" арқылы жүру керектігін дәл үққан төрізді. Олардың ісі де со зіне сәйкестендірілгенін кореміз. Азық-түлік саясатын іске асырудағы басты қиындық — оған шаруалардың

1Известия Тур ЦИКа, 1920, 19-тамыз.

2Павлодар обл. парт. архиві (ПОПА). 360-қор, 1-тізбе, 20-іс, 3-

бст.

18

қарсылығы. Бұл күштеу саясатына халықтың наразылығы, күшке кушпен жауап беруі кеңес тарихна-масында "бандитизм", "саяси бандитизм", большевик-терге жау партиялардың ұсақ буржуазияның үйымдасуы деп теріс корсетіліп келді. Павлодар үйезінде "кулактар мен әскерден қашқандардың" (дезертир) котерілісі деи аталған қарсылық 1920 жылы 22-шілдеде басталады. "Қара бандылар" деген атпен белгілі болған көтерілісшілер Ямышеводан Подстепнойға дейін кеңес ескерлерін шегіндіреді. Оларға қарсы 190 және 35 кісілік отряд көмекке жіберіледі1. "Толастамайтын бандиттік қозғалыс" жайлы хабар Омбыдан да келіп жатты. Қүжаттарда көпшіліктің "көңіл күйі коммунизмге қарсы" екендігі ашық айтылады. Оның дәлелі — халық көтерілістерінің 192ІЖЫЛЫ да тоқталмауы. Өкімет тарапынан көтерілісшілерге қарсы жазалаушы отрядтар шығарьшды, шаруалардың қолындағы мылтықтар тартып алынды. Бірақ кетеріліске себеп болған азық жинау ісі тоқтатылмады.

Мысалы, Семей губревкомы үйездерге мьшадай телеграмма жіберді: "Батыс майдандағы жағдай, Сібірдің оте ірі қалаларында азық-түліктің тапшылығы қатаң азық дайындау саясатын жүргізуде шешуші шараларға баруды талап етеді, с-алғыртты орындаудан кашқақтайтындарға коңіл аударьпщар, репрессиялық шаралар қолданындар, қаруланған азық-түлік отрядтарын дайындандар. Керек кезінде зорлаудан, салғыртгы күштеп орындатудан тайсалмандар"2. Мүндай жол корсеткен директивалар шаруалар мен азық-түлік отрядтары арасындағы аяусыз қан төгіске алып келді.

Соның бір көрінісі 1921 жылы тамыз айының басында Павлодардан Омбыға келе жатқан "Витязь" параходын 11іаруалартарапынан атқылаудан бастадды. Параходты қорғауға жергілікті гарнизоннан Медведевтің отряды жіберідці. Бірақ ол ешкандай қарулы адамдарды кездестірмепті. Дегенмен, ол станцияларды аралап, "контрреволюционерлерді" өз бстінше үстап, жазалауға кірісті. Сөйтіп ол Песчанскаядан - 13, Качирыдан — 9, Пресновскаядан — 13, Чернорецкаядан

1, барлығы — 36 адамды атып кетеді. Кейінірек Медведев соуір айында да осы маңайда көп адамды шыбықпен, пюмполмен дүрелегені анықталады3. Азық-түлік диктатурасының осындай өз жендеттері шыға бастайды.

1Сонда, 4-іс, 53-бет.

2Павлодар обл. мемл. архиві (ПОМА), 1966-қор, 1-тізбе, 1-іс, 207-бет.

1Павлодар обл. мемл. архиві (ПОМА), 1966-кор, 1-тізбе, 1-іс,

273-бст.

19

Шыдамы таусылган халық әділеттілік іздеп, жоғарғы орындарға арызды қардай боратады, бірақ арыздар тексерусіз қалып отырады. Кейде тіпті жазаланғандарды емес, жазалаушы партия, кеңес қызметкерлерін ақтауға тырысушылық та орын алады. Мысалы, бейбастықтық жасаған Павлодар окімдері (жауапты қызметкерлер дсп аталады) 24 адамды аманатқа (заложник) ұстап атқаны, тағы 54 аманатты түрмеге жапқаны жуып-шайылып, ақталып кетеді. Үстірт тексерген Семей губревтрибуналы бұл әрекеттер "революциялық тәртіп орнату" үшін, халықтын антикоммунистік коңіл күйі ескеріліп жасалған, атылғандар, негізінен, кулактар, ал аманат үстау арқылы террор жүргізу қаскүнемдерден қорғану өрекеті деп түсіндірген1. Мүндай заңсыздықтармен ауызданған кеңес әкімдеріне, ревтрибуналға халықтың қалай бүйрегі бүрып, сенім артпақшы? Семей ревтрибуналына карағанда, ҚАССР Жоғарғы трибуналы сорақы заңсыздықтың болғанын мойындайды: "Семей губерниясының Павлодар уезіңце азық-түлік салығын жинау науқаны кезінде азық-түлік қызметкерлері үқыпты телемегевдерге зорлаудьщ жабайы әдістерін қолданған: қамшымен сабаған, үстіне суық су қүйган, салқын сарайларға қамаған және т.т., Паволжьенің бір кезде оліктердің етін жеуге мәжбүр болған, аштык жайлаған аудандарына кошіруді қолданған"2. Сөйте түра, заңсыздық жасау орталыққа астық, азық жинаушылар үшін кешірімді болғаны таңқалдырады. Сірә, олардың қолын ешкім қақпаса керек.

Осындай жағдайда Кеңес окіметінің азық-түлік саясаты да оңға баспады, жонді нотиже бермеді. Мысалы, салғырт жоғарыда айтылған Семей облысында 1920 жылы жиналуға тиісті 15 миллион пүттың орнына — 2,1 миллион (1/7 болігі), Павлодар уезі бойынша 3 миллион пүттың орнына

— 0,4 миллион пүт қана алынды3. Шаруалар қарсьшығын жеңе алмаған Семей облысы басшылары шарасыздан енді жоспардың 60%-ін орындаудан артық міңдеттеме ала алмады. Қазақстан бойынша 1920 жылғы салғырт жоспары 20 миллион пүтқа кем орындалады.

Мүмкін 1921 жылы наурызда РК(б)П X съезі қабылдаған НЭП саясаты шаруаларға жеңілдік әкеліп, азық-түлік жинау ісін жеделдеткен болар? Жоқ, Қазақстан жағдайында НЭП саясаты да өз жемісін бүрын КОКП тарихында жазылғандай

1

ПОПА,

360-қ., 1-т., 6-іс, 53-бет.

2

ПОМА,

206-қ., 1-т., 2-іс, 58-бет.

3

Вопросы истории Компартии Казахстана. А., 1985, 178-бет.

20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]