Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

жабдықталды. Көмірлі Қарағанды өз комплексін шахта қүралдарын шығаратын кәсіпорындармен толықтырды. Мұнайлы Ембіде мұнай өндіру құралдарын шығаратын кәсіпорындар салынды. 1942 жылдың ауыр кезендерінде республикада 25 рудник, он бір кен байыту фабрикасы 17 комір шахтасы мен қуатты комір разрездері, 3 мұнай кәсіпшілігі іске қосыдды'. Текелі мен Өскемен қорғасын-мырыш, Ақшатаудағы кен металлургиялық комбинаттарының, Ақшатау, Белоусов кен байыту фабрикаларының, сонымен қоса Жезді, шығыс Қоңырат, Найзатас, Мырғалымсай рудниктерінің салынуы оте маңызды орын алды. Отанымыздың кушқуатын нығайтуда шығыс Қоңырат руднигінің іске қосылуы ерлік еңбектің белгісіндей еді. Октябрь социалистік революциясының жиырма төрт жылдығының қарсаңында еліміз молибденді молдап өндіруге қол жеткізді. Соғыс уақытында елімізде өндірілетін әрбір жүз тонна молибденнің алпыс тоннасьш Балқаш қаласының кеншілері берді. Олардың өшпес еңбек ерлігі совет жауынгерлерінің қаһармандық ерлігі сияқты Үлы Отан соғысының тарихынан орын адды.

Қазақ Советтік Социалистік Республикасы еңбекшілерінің соғыс кезінде түсті металл өндірудегі ісі тарихта үмытылмас ерліктсрдің бірі болып қалды. Ақтобе ферросплав, металлургая заводтарьшың, Донской мен Кемпірсай хромит рудниктерінің пайдалануға берілуі Қазақстанда еліміздің қуатты қара металлургия базасының негізін қалауға мүмкіндік берді. Қарағанды көмірі Оралды, соның ішівде Магнитогорск, Орск-Холимов комплекстерін, Поволжье бойындағы өндіріс кәсіпорывдары мен теміржол траснпорттарын қамтамасыз етті.

Жастар майдан шебінен республикамызға көшіп келген заводтар мен фабрикаларды орналастыруға және оны іске қосуға, олардың жаңа кәсілорыңцарын салуға кьізу ат салысты. Жастар онеркәсіп пен транспортта шешуші күшке айналды. Мәселен, 1943 жылдың басыңда көмір және мүнай онеркәсібі жүмысшыларының 40-50 проценті жастар болды. Олар ком- сомол-жастар бригадаларын қүрып, қажырлы еңбектің тамаша үлгісін көрсетті. Комсомол-жастар бригадалары соғыс жылдарындағы жас жүмысшылардың еңбегін үйымдастырудың тамаша формасы ретінде нығайып, оларға ендірістік және саяси тәрбие берудің шынайы мектебіне айналды. Қазақ жастары комсомоддың жоддамасымен Оралдың металлургия ендірісінің түрлі саласында жүмыс істеп, металлургия мамандығын үйренді. Соғыс жылдары Орталық Россия мен Сібірде

1 Аманжолов К.Р. Ерлік жолымен. Алма-Ата: Жалын, 1977, 69-бет.

9—148

129

және Оралдың өндіріс орындарында 200 мың қазақстандық жастар жүмыс істеді. Оның 13 мыңы — Магаитогорск комбинатында, 16 мыңы Кузбасста, 20 мыңы Орал заводтарында болды. Олардың біразы аса қажетгі мамавдықты игерген соң Қазақстан көсіпорындарына келіп жүмыс істеді. Мысалы бүрынғы колхозшы комсомол мүшелері Қазиев, Корімов, Омаров, Мустафин, Мағзумов, Есмағамбетов, тағы басқалары соң да үйымшылдыкпен өнімді еңбек етіп, майданға Қазақстаннан өндірілетін болатлың мол болуына бар күштерін салды. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Москваның, Горькиңдің, Свердловскінің жас жүмысшылары, еңбекте жаңа бастама көтерді. "Тек қана өзің үшін еңбек етіп қоймай, майданға кеткен жолдасың үшін де еңбек ет" деген үран тастады. Соғыс кезінде стахановшылардың ішінде екіжүзшілер, үшжүзшілер, мыңшылдар деген еңбек озаттары шықты. Олардың ішінде Ленин орденді Шымкент қорғасын заводының жүмысшылары, комсомолдары мен жастарының бірдебіреуі күндік нормасын орындамай қалған емес. Мөселен, Бабенко мен Семеновтың металлургтер бригадасы 10 күнде атқарылатын тапсырманы екі сменада бірдей жүмыс істей отырып, төрт күнде толық орындап шықты. Ал, комсомол токарьлар Лобанов пен Лаптеев болса өңдірістік жоспарын үнемі 200-300 процентке жеткізе орындады. Завод комсомол комитетінің бастамасымен 200 процент норма орындағандардың конференциясы өткізілді. Конференцияға қатысушылар жүмысшыларды екіжүзшілер қатарына теңелуге шақырды. Заводта өз ара көмек көрсету ісі өте жақсы қойылды. Осының нәтижесінде мүнда күн санап жоспарын 200 процентке орындаушылардың саны үнемі артып отырды. Осынау ауыр күндердегі әйелдердің еңбегі шын мәніндегі тендесі жоқ ерліктің белгісі болған еді. Мысалы, соғыстың алдында Лениногор қаласының 60 мың халқы болса оның 15 мыңы, яғни әрбір тортінші түрғыны майданға аттанды. 1943 жылы Лениногор қорғасын заводы жүмысшыларының 67 проценті әйелдер еді, осы кезенде кеншілерге 3700 әйел жүмысқа келіп, ерлердің орнын жоқтаткан жоқ. Олардың 2 мыңы еңбек екпіндісі, 108-і стахановшы атанды. Соғыста атылған орбір он оқтың екуі осында жасалып, дайындалғаны жүртшылыққа мәлім1. Жас жүмысшылардың жарысы бүкіл жастар бригадаларының жарысына айналды. Әсіресе, жарыстың барысында В.Шубиннің көп үлтты бригадасы үлкен табыстарға жетті. Бүл бригада соғыс жыддарында жоспардан тыс бір миллион сомның енімін берді. Ал,

1 Аманжолов К.Р. Ерлік жолымен. Алма-Ата: Жалын, 1977, 67-бет.

130

бригадирдің өзі соғыстың төрт жылы ішінде жиырма төрт жылдық жоспарын орындады.

1942 жыддың соңында Москва мен Москва облысының өндіріс орындарында 4000 комсомол-жастар бригадасы, Ленинградта 2790, Қарағандының шахталарыңда 54 бригада болды. Соғыстың аяғында елімізде 155 мың комсомол-жастар бригадасы жүмыс істеді. Бүлардың көпшілігі бар ынтасымен жан аямай еңбек еткендіктен "майдандық бригада" деген атаққа ие болды. Бүл бригадалардың барлығы "Еңбекте — майдандағыдай" деген үранмен еңбек етгі.

Қазақстандағы алғашқы комсомол-жастар бригадасы 1942 жылы Шымкент қорғасын заводында қүрылған еді... Ал, 1942 жылдың аяғывда республиканың басқа да өндіріс орындарында комсомол-жастар бригадасының саны 301-ге жетті, бүл бригадалар 2499 комсомолец пен жасты қамтыған болатын.

1943-1944 жыддары комсомол-жастар бригадаларының саны мейлінше көптеп өсті. 1942 жылы Қазақстанның ондіріс орындарында 301 комсомол-жастар бригадасы болса, 1944 жылдың басында олардың саны 1280-ге жетті. Бүл бригадаларда 15232 адам жүмыс істеді. Ал, 1945 жыддың басында жастар бригадасының саны 2750-ге жетіп, онда 19559 жас жүмыс істеді. Осы қүрылған комсомол-жастар бригадалары Ленин комсомолының қүрылганына 25 жыл толу қүрметіне орай мемлекетке жоспардан тыс 202,6 мың тонна көмір, 14 мың тонна мүнай, 310200 тонна металл күймаларын, 343 тонна қорғасын, 305 тонна мыс өндірді. ВЛКСМ Орталық Комитеті еліміздің қорғаныс қорына арнап, 1941 жыддың 17 тамызында Бүкілодақтық комсомол-жастар жексенбілігін өткізу туралы шешім қабылдады.Бүкілодақтық жастар жексенбілігін өткізу қалада да, ауылда да үлкен өріс алды. 1941 жылдан 1943 жылға дейін бүл секідді жексенбіліктер бес рет еткізілді.

Осы мерзім ішінде жастар Отанды қорғау қорына 811 миллион сомға жуық қаржы өткізді. Отан соғысы жьщдарыңда барлық республикалардьщ жастары мен комсомол мүшелерінің көмегімен қорғаныс қорына 7769260 тонна қара металл жөне 30300 тонна түсті металл сынықтары жиналып еткізілді. Қазақстанның жастары қорғаныс қорына металл сынықтарын жинап еткізу ісіне де көп үлес қосты. Мысалы, 1942 жылы 76000 тонна, 1943 жылы 53650 тонна, 1944 жылы 60192 тонна қара және түсті металл сынықтары жиналып откізілді1.

1 Аманжолов К.Р. Ерлік жолымен. Алма-Ата: Жалын, 1977, 68-бет.

131

Қазақставдықтар далада, ашық аспан астында, жаңбыр қүйып түрғанда, қақаған аязда еліміздің Батыс аудаңцарынан Қаз ССР-не кешірілген 142 кәсіпорынды қалпына келтірді. Донбасс көмірінің орнын Қарағаңцы, Никополь мырышын Жезді, Майкоптың мүнайын Ембі толықтырды, Қорғаныс онеркосібінің оскелең талабын Кенді Алтайдың полиметады, Шымкент пен Лениногордың қорғасыны, Балқаштың мысы, Ақтөбенің ферросплавы мен хромиті, Қоңыраттың молибдені қанағаттавдырып отырды.

Қазақстан 1943 жылы СССР-де өндірілетін молибденнің негізгі үлесін, марганещің 60%-ін берді. 1944 жылы өнеркәсіл оындарының саны 1940 жылмен салыстырғанда 460-қа дейін кебейді. 1945 жылы Қазақстан СССР-де өндірілетін қорғасынның, мыстың, висмуттың, полиметалл рудалары т.б. пайдалы қазбалардың едәуір белігін өндірді. 1944 жылы көмір өндіру 11,2 млн тоннаға үлғайды (1940 жылы 6,6 млн еді). Мүнай өндіру откен бесжылдықпен салыстырғанда 3 есеге дейін өсті. 1945 жылы 1148 млн киловатт-сағат электр-энер- гиясы өндірідді (1940 ж. — 632 млн квт-сағ.). Жауынгерлерді азық-түлікпен және киіммен үздіксіз қамтамасыз етуге тамақ және жеңіл енеркәсіп еңбеккерлері үлкен үлес қосты.

Қарағандының шахтерлері, Ембінің мүнайшылары, қорғасын заводтарының коллективтері, Жезқазганның кеншілері, Балқаштың металлургтері, Қарағанды көміршілері, Түрксіб теміржолшылары, республика малшылары, Ақтөбе, Гурьев облыстары, Новобогат, Баянауыл, Қарқаралы аудандары, "Авангард" МТС-і, "Алматы" темекі совхозы және басқалары Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің (МҚК) Туын бірнеше мәрте жеңіп алды. Соғыс кезеңінде бүкіл одақта өндірілген мыс рудасының 50%-ін, марганецтің 60%-ін, полиметаддың 70%-ін, қорғасынның 85%-тен астамын Қазақстан берді. Көмір өндіру Қарағанды бассейнінде 76%-ке артты, ал республика бойынша 1940 жылғы 6,6 млн тоннадан 1944 жылы шамамен 11,2 млн тоннаға немесе 68%-ке өсті. Соғыска дейінгі деңгеймен салыстырғанда көмір әндіру — 1,5 есе электер энергиясын ондіру 2 есе артты. Соғыс кезеңінде Қазақстанньщ жеңіл онеркәсібі бірнеше жүздеген дивизия әскерлерін киіндіруге жеткіліктей жазғы және қысқы киім түрлерін тікті.

1942 жылы республикадағы егіс алқабының көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 872 мың гектарға артты. Ал, 1943 жылы шаруашылық айналымына жаңа 775 мың гектар жер қосылды. Ауыл шаруашылығында да өндірістегідей жүздеген жастар бригадалары қүрылды. Қазақстанның ауыл шаруашы-

132

лығында 1942 жылдың күзінде 3211 комсомол-жастар бригадасы бодды. Бүл бригадаларда 127741 комсомол мүшесі және 121 мыңнан астам жастар жүмыс істеді.

1943 жылы көктемгі егіс кезінде 3203 жастар бригадасы қүрылды. Осы кездегі транспортта 4418 жастар бригадасы үйымдастырылып, олар 24 миллион пүт астықты мемлекет қоймасына жеткізді, оның үстіне жастар бригадасы Қарулы Күштердің қорын молайтуға 11887 гектар жерге астық егіп, өз меншіктерінен 100 мың пүт бидай, 24 мың картоп жинап жіберді.

1944 жылы комсомолецтер мен жастар арасында Қызыл Армияның астық қорына ездерінің меншік астығынан үлес астық тапсыру кең өріс алды. Соның нөтижесінде Қостанай облыстық комсомол үйымы Қызыл Армия қорына 6200 пүт бидай, Көкшетау облыстық комсомол үйымы 27000 пүт, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол үйымы 15000 пүт, Ақмола облыстық комсомол үйымы 9000 пүт, Солтүстік Қазақстан комсомол үйымы 4108 пүт бидай тапсырды.

Жалпы, соғыс жылдарында республиканың комсомол жастары өздерінің жеке меншік қорынан мемлекетке 643273 пүт астық, 12908 бас ірі қара және 94038 жылы киім тапсырды. Жастардың бүл қосқан үлестері азық-түлік проблемасын шешуде маңызды роль атқарды1.

Советтік Қазақстанның совхоз жүмысшылары, колхозшылары қаһармандық еңбектің үлгісін көрсетті. Соғыс жылдарында республиканың совхоздары мен колхоздары майданға 360 миллион пүтқа жуық астық берді.

Қазақстан комсомолы республика ауыл шаруашылығының жетекші саласы — мал шаруашылығын ерекше қамқорлыққа алып, оған комсомолдар мен жастарды жыл сайын кептеп жіберіп отырды. Соның нәтижесінде бүл салада еңбек еткен жастар саны барған сайын кебейе түсті.

Қазақстан еңбекшілері азық-түлік қорына түтас алғанда 733,9 мың тонна ет, 1142 мың тонна сүт, 62,4 тонна жүн өткізді. Майдан мен тыл арасындағы бөлінбейтін бірлік совет адамдарының ерлік еңбегімен ғана емес олардың қару-жарақ өндіру үшін қаржы жинау, жауынгерлерге жылы киімдер мен түрлі сыйлықтар жіберу, әскери бөлімдерге, госпитальдарға қамкорлық жасау, майдандағылардың семьясына, балаларына көмек керсету сияқты игі істерінен айқын керіңді.

Қорыта келгенде Қазақстан соғыстың аса маңызды арсеналдарының біріне айналды. Қаһарлы кезеңде казақ

1 Аманжолов К.Р. Ерлік жолымен. Алма-Ата: Жалын, 1977, 65-бет.

133

даласынан майданға әскер, қару-жарақ, азық-түлік тиеген эшелондар үсті-үстіне жөнелтіп жатты. Қарағанды көмір комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш мыс қорыту зауыты, Лениногор полиметалл комбинаты, Ембі мүнай кәсіпшіліктері майдан тапсырмаларын мүлтіксіз орындап отырды. Қазакстаііда түсті металлургияның сан алуан жаңа салалары паңда бодды. Вольфрам жөне молибден өнімдерін, сурьманы, висмутты тағы басқа түсті прокатты өндіру ісі бастадды.

Неміс-фашист басқыншыларының кескілескен шайқастар кезінде Қазақстан бүкіл елде өндірілген қорғасынның 80 процентін, молибденнің 50 процешін берді1. Бүған қосымша өндірілген қыруар вольфрам, мырыш пен қалайы қоспалары, мыс, алтын, күміс және басқа түсті металдар өз алдына бір төбе. Гитлершілерге атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанның қорғасыны, жезі мен мысынан жасалғаны мәлім.

10. Соғыс жылдарында Отан қоргау қорына қаржы жинаудағы патриотгық қозғалысы

Отан қорғау қоры — 1941-1945 жылдары Үлы Отан соғысы кезінде майданның жан-жақты қажеті үшін Совет елі еңбекшілерінің өз ерліктерімен жинаған ақша қаражаты мен материалдық байлығы. Қорғаныс қорын жасау жолындағы патриоттық қозғалыс алғашында стихиялы түрде басталды. Бүл қозғалыс БК(б)П ОК тарапынан да, жергілікті партия үйымдары тарапынан да қолдау тапты. Халықтан қор жинауды үйымдастыру мәселесімен барлық жерде арнайы қүрылған комиссия айналысты. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен транспортта істейтін коллективтер, ғылым мен мәдениет орындарының қызметкерлері Отан қорғау қорына ай сайын 1 немесе 2 күндік еңбекақысын аударды, ал село еңбекшілері жоспардан тыс "қорғаныс гектарларына" егін екті, жастар жексенбіліктер үйымдастырып, мектеп оқушылары металл сынықтарын жинады. Отан қорғау қорына Мемлекеттік заем облигациялары, түрлі сыйлықтар т.б. откізілді. 1942 жылдың желтоқсанынан бастап тамбовтық кохозшылардың бастамасы бойынша танк колонналарын, авиаэскадрильялар және басқа соғыс техникаларын жасау үшін Қызыл Армия қорына жаппай қаражат жинау басталды. Саратов облысындағы колхозшы Ф.П.Головатыйдың самолет жасауға 100 мың сом

1 Аманжолов К.Р. Фашизмге қарсы күреске қазақставдыктар үлесі. Қазак тарихы. 1995, N2, 51-54-беттер.

134

ақша беру бастамасы жеке колхозшылардың ірі жарна төлеуіне мүрындық болды. Бүл бастаманы Қазақстан патриотгары да жан-жақты қодцады. Қазақтың атақты балуаны Қажымүқан Мүңайтпасов өз қаржысынан самолет жасауға ақша берді. Танк колоннасын жасау ісіне патриот Оразбай Бөкенбаев 300 мың сом (Қаратал ауданыидағы "Қызылбүлақ" колхозының председателі), Қабаш Қозыбаев — 190 мың сом (Мендіқара ауданындағы "Жаңатүрмыс"колхозының председателі), Сәпи Байжанов 175 мың сом (Обаған ауданындағы "Совет коммунистов" колхозының тракторшысы), Бисе Бедесаров — 167 мың сом (Шаян ауданындағы "Ақбастау" колхозының председателі), Кәделі Ысқақова жерлес үшқышы В.И.Ишенге арнап самолет жасау үшін 175 мың сом (Теңіз ауданындағы Карл Маркс атындағы колхоздың председателі) ақша берді. Соғыс жыддарында Қазақстан еңбекшілері танк колонналары мен авиаэскадрильяларын жасау үшін 723 млн сом өткізді. Қызыл Армияның қорғаныс қорына түскен қаржылар мен еліміздің жекелеген азаматгарының патриоттық істері жөнінде баспасөзде үнемі жарияланып түрды. Үлы Отан соғысы жылдарында Отан қорғау қорына еліміз бойынша 16 млрд сомнан астам ақша, 13 кг платина, 131 кг алтын, 9519 кг күміс, 1,8 млрд сомның қымбат бүйымдары, шетел ақшалары, 4,5 млрд сомнан астам Мемлекеттік заем облигациясы, 0,5 млрд сомнан астам сақтық кассаларының қаржысы түсті. Осы жыддарда Қазақстан еңбекшілерінің өз ерліктерімен берген қаржы мөлшері ақшадай, заттай қүнды бүйымдар мен азык-түлік түрінде 4,7 млрд сом болды. Үлы Отан соғысы жыддарында жалпы алғанда еліміздің еңбекшілерінің қаражатынан 2,5 мыңнан астам соғыс самолеттері, бірнеше мың танк, 8 сүңгуір кеме, 16 әр түрлі соғыс катерлері және басқа да көптеген техникалар жасалынды.

"Қарағаңды шахтеры" танк колоннасы - Үлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде Қарағанды көмір бассейні шахтерлерінің жинаған қаржысына жасалып, майданға жіберілген колонна. "Қарағанды шахтеры" танк колоннасын жасауға қаржы 1942 жылы желтоқсанда Қарағанды қаласы, Киров ауданының шахтерлері, инженерлері мен техниктері және үй шаруасындағы әйелдердің үндеуі бойынша жинала бастады. Бүл патриоттық іске үн қосқан шахтерлер мен қаланың барлық түрғындары өздері берген қаржыдан басқа жүмыстан тыс уақытта жүмыс істеп жинаған ақшаларын "Қарағанды шахтеры" таіж колоннасының қорына өткізді. Тек 1942 жылы желтоқсанда 20 мыңнан астам адам жүмыстан тыс уақытта еңбек етті. 1943 жыддың көктеміне дейін миллиондаған сом

135

қаржы жиналып, қорғаныс қорына берілді. Бастама көтеруші Киров ауданының шахтерлері жүмыстан тыс уақытта 25600 тонна көмір шығарып темір жол вагондарына 20 мың тоннадан астам көмір тиеді, сөйтіп, 1 млн 800 мың сом ақша жинады.

"Қазақстан балықшысы" танк колоннасы - Үлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан балыкдіыларының қаржысына жасақталды. 1942 жылы 24 желтоқсанда Орал-Каспий тресінің Ново-Лицевой балық заводының коллективі "Қазақстан балықшысы" танк колоннасы жасақтау жөнінде бастама котерді және Қазақстан балықшыларын оған қаржы жинауға шақырды. Танк колоннасын жасақтау қорына завод коллективі 5 күңцік еңбек ақысын берді. 4 баласы фашистік басқыншылармен соғысып жүрген осы заводтың балык, аулаушылар бригадирі У.Каймашников өзінің жеке қорынан 2 мың сом ақшасын тапсырды. Алғашқы күні, 24 желтоқсанда жұмысшылар мен қызметкерлер 140 мың сом қаржы жинады. ОралКаспий тресінің N7 жүзбелі заводының жүмысшылары мен қызметкерлері "Қазақстан балықшысы" танк колоннасына 25 мың сом қаржы бөлді.

В.И.Ленин атындағы Гурьев балық консервалық комбинаты қаржы жинауға белсенс қатысып 13400 сом жинады. 1943 жылы 6 сәуірде Қазақстан балықшылары Жоғарғы Бас қолбасшының атына рапорт жолдап, онда өздерінің жеке меншік қаржысынан "Қазақстан балықшысы" танк колоннасын жасақтауға 3 млн 860 мың сомнан астам ақша жинағандықтарын баяндады. Бас колбасшы 1943 жылы 24 сәуірде ҚазССР Балық енеркәсібінің балықшыларына, жүмысшыларына, инженер-техник қызметкерлеріне бүл патриоттық бастамасы, қаржылай комегі үшін алғыс жариялады.

"Түрксібші" танк колониасы - Үлы Отан соғысы жылдарында Түркістан-Сібір темір жол жүмысшылары мен қызметкерлері қаржысына жасақталған колонна. 1942 жылы желтоқсанның басында Сарыөзек станциясы депосының коллективі Түркістан-Сібір темір жолының барлық еңбеккерлеріне "Түрксібші" танк колоннасын жасақтауға қаржы жинауды үйымдастыру жөнінде үндеу жарияланды. 1942 жылы 3 желтоқсанда депоның барлық жүмысшылары жексенбілікке шығып, одан түскен еңбек ақыларын танк колоннасын жасақтауға аударды. Сарыөзек теміржолшыларының үндеуін Түркістан-Сібір темір жол бойының барлық жүмысшылары қызу қуаттады. Шар және Аякөз болімшелерінің коллективтері 500 мың сомнан астам, Жабыл

136

бөлімшесі 43665 сом, Шу бөлімшесі 309130 сом қаржы жинады. "Түрксібші" танк колоннасын жасақтауға әрбір теміржолшы семьясының мүшелері де белсене қатысты. 1943 жылы 21 қаңтарда Түрксіб темір жол коллективі Қазақстан К(б)П ОК-не "Түрксібші" танк колоннасын жасақтауға 3 млн 133 мың сом қаржы жинады.

"Қазақстан пионері" торпедо катері - Үлы Отан согысы жылдарында республика пионерлері мен мектеп оқушыларының жинаған қаржысына жасалып, майданға жіберілген катер. 1944 жылы Қызьш Армияға қару-жарақ жасауға көмек көрсету үшін республика еңбекшілерінің патриотгық қозғалысы онан ері өріс алды. Комсомолдар мен жастардың "Қазақстан комсомолы" торпедо катеріне қаржы жинауын бір ауыздан қолдаған пионерлер мен мектеп оқушылары сенбіліктерде тағы бір жүмыстарда 1 млн сомнан астам қаржы жинап өткізді. Пионерлердің сүрауымен катер "Қазақстан пионері" торпедо катері деп аталып, экипажы қазақставдықтардан үйымдастырыдды.

"Қазақстан колхозшысы" танк колоннасы - Үлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан колхозшыларының Отан қорғау ісіне жинаған қаржысына жасақталды. 1942 жылы күзде Тамбов облысының колхозшылары Қызыл Армияны қаруландыру үшін қаржы жинауға бастама көтерді. Бүл патриоттық бастаманы Қазакстанда бірінші болып Ақтөбе облысының, Новороссийск ауданындағы С.М.Буденный атындағы ауыл шаруашылық артелінің мүшелері қызу қолдады. Олар мемлекетке ауыл шаруашылык өнімдерін мерзімінен бүрын тапсырып, танк колоннасын қүруға 15 мың сом қаржы еткізді. Қазақстан К(б)П ОК бүл патриоттық бастаманы 1942 жылы желтоқсанда мақүлдады. 1943 жылы 3 қаңтарға дейін "Қазакстан колхозшысы" танк колоннасын жасақтауға 270 млн 658 мың сом қаржы тапсырылды.

Сонымен соғыс жылдары бүкіл совет халқы сияқты Қазақстанның жастары қорғаныс қорын жасауға, майданға көмекті күшейткен үстіне күшейте түсуге қызу ат салысты. Майдан мүқтажына республика еңбекшілерінің соғыс жылдарыңда оз еркімен берген қаржылары 5 миллиард сомнан артты. Жүмысшылар, қызметшілер мен интеллигенция арасында "Қарағанды шахтері", "Қазақстан металлургі", "Қазақстан мүнайшысы", "Түрксибші", "Озат ғылым үшін" атты танк колонналаларын қүруға қаржы жиналды.

Сол ақшаның 11650 мың сомы "Қазақстан комсомолы" атты танк колоннасын жасақтауға, 9579 мың сомы "Қазақстан комсомолы" атты авиаэскадрильясын жасақтауға, 589 мың

137

сомы "Советтік студент" атгы танк колоннасын жасақтауға, 2179136 сомы "Қазақстан комсомолы" және "Қазақстан пионері" атты торпедалық соғыс кемесін жасауға 2965209 сомы Сталинградты қалпына келтіруге, Алматылық Совет Одағының Батыры Сергей Луганскийге самолет жасауға 330000 сомы, тағы басқадай танк колоннасы мен авиаэскадрильяны қаруландыруға жүмсалды.

Ел басына күн туган шақта үлкендермен бірге қаршадай балалардың қарап қалмағаны да белгілі. 1943 жылдың 9 сәуір күні Гурьев облыстық "Социалистік қүрылыс" газетінде Қызыл Армияның бас қолбасшысы жолдаған қүттықтау телеграмма жарияланды. Онда былай делінген: "Қазақ ССР, Гурьев облысы, Теңіз ауданының оқушы пионерлеріне — Формул Досалиевке, Есен Бейсеновке, Ғалым Қуанғалиевке, Бәтима Мәженоваға, Вера Тарасоваға, Нина Загребинаға, Римма Спиридоноваға, Роза Пакке, Асылғали Тайпақовқа, Болат Ысқақовқа, Таңатар Досаевқа, Ораз Жүпқалиевке, Зайра Сүлейменоваға, Хамеден Сатқыновқа, Каким Юсуповқа, Тама Досжановаға, Соня Лүқпановаға, Жәрдем Қосбергеновке, Еркін Жантеміровке, Қадір Бекеуілтановқа, Мүсілима Қожаеваға, Сережа Потемкинге, Ақтығали Әбішевке, Бәти Рахметовке, Инаят Бекмырзаевқа және пионерлер мен оқушылар атыңдағы танк колоннасына 160 мың сом жинаған Теңіз ауданының оқушы пионерлеріне Қызыл Армияның алғысын және олардың оқуда, қоғамдық жүмыста табыстарға жете берулеріне менің тілектестігімді тапсырыңыз".

1942 жылдан бастап "Қазақстан пионері" атындағы танк колоннасын жасауға қаржы жинау жөнінде Теңіз ауданының оқушы пионерлері республикамыздың барлық пионерлеріне арнап үндеу жариялады. Осы бір игі бастама жас өспірімдердің Отанға деген патриоттық қасиеттерін паш еткен еді. Бүған тек қана есімдері аталған 25 оқушы емес, аудан пионерлері болып түгелдей ат салысты. Солардың көзге түскен ең үздігі ғана "Жиырма бестің" қүрамында аталды. Оқушылардың еңбек күнінен табылған қаржы тоқтаусыз танк колоннасына женелтілді. Оған қоса қажетті бүйымдар мен жылы киімкешек те жиналып жатты. Сол уақыттағы балалар оздерінің тиісті борышын өтеп, ауыз толтырып айтарлықтай тамаша іс тындырды. Сын сағатта майдан мен тылдың, армия мен халъщтың бірлігі еңбекшілердің осы патриотгық қозғалысынан да айқын көрінді. Майданға республика комсомолдарының сөлемдемелері жіберіліп түрды. Мысалы, бір ғана лениногорлықтар 1942-1944 жыддары майданға 15 вагонға тиелген азық-түлік жөнелтті. Қазақстан еңбекшілерінің жеке

138

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]