Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

сақтау туралы жағдай бүркемеленіп келді және республиканың негізгі заңында айтылмады.

Конституция бабывда Қазақстан үлттық республика ретівде керсетілмеген.

КПСС-тің басқару ролі занды түрде бекітілді. Бүл басқа да партиялар қүруға мүмкіндік бермеді.

Нақты окімет қоғамның барлық жолында партиялық аппараттық басқаруға көшті. Кәсіподақ үйымдары әкімшілік және партиялық органдардың корсетілген жүмыстарын атқарды. Халық совет депутаттары окіметті басқарудан кадды.

Қазақстандағы ауылдар мен қалалар арасындағы әбден асқынған өлеуметтік ауытқушылық көптеген адамның, отбасының тағдырын таптап, шексіз қүлдырауға, жалаң идеологияның сойылын соғып, оның қара қүлы болуға мәжбүр еткені бәрімізге мәлім. 1989 жылдың 28 наурызында Қазақ КСР Министрлер кеңесі Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Қостанай, Семей, Талдықорған, Орал және Шымкент облыстарының шалғайдағы аудандарының әлеуметтік дамуын жедеддету жоніндегі шаралар туралы каулы қабыддады. Бүл республикадағы мүлгіп жатқан ауылдардағы өлі тыныштықты бүзған қаулы болып табылды.

Бүл қүжатта Қазақстандағы 205 ауылдық ауданның 71інің әлеуметтік даму дәрежесі өте төмен, ал оның 30-ының мүлдем мешеу қалғандығы ашық айтылды. "... Осы 30 ауданда 1 млн. аса адам түрады. Ал, олардың 900 мыңы қазақтар. Ондағы әйелдің әдетте 6-8-ден баласы бар, балалардың шетінеуі ең жоғары деңгейде"1 — деді. Н.Ә.Назарбаев осы мәселеге арналған мәжілісте. 1990 жылдан бастап осы аудандардың "үмыт қалған" ауылдардың әлеуметтік дамуын жеделдету мақсатында 200 миллион, кейін 274 миллион сом қаржы бөліңді. Еліміз тәуелсіздік алып, еңсесі көтерілгенде түп бесігіміз — ауылдардағы тыныштықты жойып, аддыңғы қатарлы дамыған өркениетті елге айналу

— басты мақсат болды.

1989 жьшы ақпаңда "Невада-Семей" деп аталатын ядролық сынақтарға қарсы қозғалыс дүниеге келді. Қазақстандық ядролық қарусыз дүние үшін күресушілер өздерінің невадалық әріптестеріне достық ниеттерін білдірді. Қозғалыстың негізгі мақсаты Семей полигоны, әлемдегі басқа да ядролық қаруға қарсы күресушілер өлемнің түрлі еддерівдегі азаматтық қарсылық көрсету марштарьша қатысты. Бүл қозғалыстың қүрамына "Әлем дәрігерлері ядролық

1 Қазақ тарихы. 1994. №4, 26 бет.

199

соғысқа қарсы", "Парламентшілер ғаламдық шараларды қолдайды", "Гринпис" үйымдары, Жапония, АҚШ, Германия, Франция және басқа да елдердің күрескерлері енетін. Халықаралық ядролық қаруға қарсы альянсқа айналуына мүмкіндік берді. Қозғалыс бөлімшелері Қазақстанның барлық қалалары мен аудаңдарында, сондайақ Ресей, Қырғызстан, АҚШ пен Түркияда ашылды.

"Невада-Семей" қозгалысының жетекшісі О.Сүлейменов халықаралық қозғалысы өте аз мерзім ішінде Семей полигонындағы ядролық сынақтар санын қысқартуға кемектесті.

Қазақстан Республикасынын, Президенті Н. Назарбаев өзінің 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен 459 ядролық сынақ өткізген Семей полигонын жапты. Бүл акция біздің еліміздің атом қаруын таратпау саясатының басы болды.

Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасы алдында ядролық саясаттың өзіндік қыр-сырын, ядролық қаруды жоюдың түрлі мәселелері бойынша үстанымдарын анықтау секілді өте маңызды міндеттер түрды. Ядролық қарудан бас тарту саясатын үстанған Қазақстан 1991 жылғы 29 желтоқсандағы Алматы декларациясына қол қоюшы ретіңце Ресей, Украина және Беларусьпен бірігіп, бүрынғы КСРО ядролық арсеналының қызметіне, ядролық қауіпсіздіктің қажетті дәрежесін жоғалтпау үшін бақылау жасау қажеттігін айтты. Қазақстан сондай-ақ КСРО-ның стратегиялық шабуыл каруын қысқарту саласывдағы халықаралық міңдеттемелеріне сенімділігін қуаттады.

4. Қазақстандағы демографиялық процестер және 1986 жылы желтоқсанда қорлық көргендер мен зәбірленгендер

Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңында басталған республика түрғындары қүрамын интернационализациялау Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта тіптен күшейе түсті. Қазір мүнда 100-ден аса үлттар мен үлыстардың өкілдері түрады. 1939 жылы казақтардың пайдасына қалыптаспаған түрғындар саны мен олардың меншікті салмағы елу жылдан кейін ғана өзгерді. 1989 жылғы санақ бойынша Қазақстан түрғындарының үлттық қүрамы мынадай еді: қазақтар — 39,7, орыстар — 37,8, немістер — 5,8, украиндер — 5,4, өзбектер мен татарлар - 2, үйғырлар мен беларустар - 1,1, кәрістер - 0,6, әзербайжандар - 0,5, процент тағы сол сияқты1. Сонымен, казақтар 1926 жылдан кейін бірінші

1 Краткие итоги Всесоюзный переписи населения 1989 г. Каз ССР. Алма-ата, 1990. 19— 20 беттер.

200

рет езінің этникалық территориясында саны жағынан басқалардан озды. Міне, біз мүнан Қазакстан түрғындары үлттық қүрамының соңғы жарты ғасырда этнодемографиялық дамуының және бір ерекшелігін көреміз.

Еліміздегі үлтаралық қатынастардың күллі күрделілігін үғыну үшін коныс аударулардың тарихына кысқаша тоқталайық. XIX ғасырда Ресейден, Украинадан, басқа да аймақтардан Қазақстанға коптеген коныс аударушылар ағылып келіп жатты. Бүл лек 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін тоқтаған емес: XX ғасырдың алғашқы он жылында, столыпиндік реформаны іске асыру барысывда шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі шет елде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып, осында мәңгіге қоныстанып жатты. Тарихшылар берген бағаға сайсақ, сол кездерде Қазақстанға келгендердің үзын-ырғасы бір миллион 200 мың адамнан асады.

Бүл қоныстандырулардың жергілікті халықты орыстандыруды және огарлаудың барлық өлшемдеріне сәйкес олардың иелігіндегі жерді Ресей тәжіне түпкілікті бекітіп алу мақсатын кездегені түсінікті.

Шындығында дәл сол саясатты кеңес өкіметі одан әрі жалғастырады.

Сөйтіп, үжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың малмүлкі алынған бай-қүлақ жер аударылған еді. Соғыстың алдындағы жылдары түрлі республикалардан өнеркәсіп қүрылысын жүргізу сылтауымен тағы да бір миллион 200 мың адам қоныстандырылды.

Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы көбінесе Кеңестік жүйеге қас деген жалған желеумен жіберілетін адамдарды, сондай-ақ қылмыскерлерді айдайтын орынға айналады. Мүнда түрмелердің, легерьлердің және күштеп қоныстандыруға арналған орындардың тарам-тарам жүйесі жасалды. Қазақстанда қанша қамалғандардың, айдауылмен океліп қоныстандырылғандардың болғанында қисап жоқ. Олардың талай мыңы омір сүрудін қиыншылығына шьщамай дүниеден өтті немесе копшілігінің көзін жазалау-қудалау аппараты қүртты.

Соғыс қарсаңында және соғыс кезіңде "сатқындык пиғылда" деген жөн-жосықсыз айып тағылған түтас халыктарға қарсы катаң қуғывдау шаралары қолға алынды. Бейбіт жатқан, бейкүнә жандарды жүк вагондарына тиеп, біздің далаға жонелтіп жатты. Ондағы мындаған қоныс аударған адамдар осындай тағылық айдаудың салдарынан аштықтан, суықтан

201

және дерттен дүние салды. Тірі қалғандарының санасында қатыгез, қаскөй жендеттердің қарекетінен шеккен адамның иманын қасым ететін үрей мәңгілік сақталып қалды.

Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, КСРОның Батыс аймақтарынан 100 мыңнан аса поляк, Терістік Кавказдың 500 мыңнан астам тұрғыны күштеп қоныстандырылды. Қазақстанға күштеп көшірудің қара дауылын Қырым татарларының, гректердің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да кеңес халықтарының өкіддері бастан кешті1.

Ресми деректер бойынша сол кезде Қазақстан жүрты бір жарым миллионнан астам адамға кобейген екен. Алайда, бүл сан тым кемітіліп отыр. Соғыс кезінде әртүрлі өңцірістермен бірге мүнда 350 мыңнан астам адамның окелінгені де анық2. Сол жылдары республикамызда кеңес ғылымы мен мәдениеттің бетке шығар қаймағы — көптеген көрнекті ғалымдар, жазушылар, артистер мен сазгерлер жиналғанын еске түсірудің де артықтығы жоқ.

Амалсыздан қоныс аударушыларды қазақтардың қаншама қонақжайлықпен қарсы алғаны баршаға мәлім. Үжымдастыру мен ұлы жүт діңкелеткен, өздері асқа жарьшай жүрген халық ку дала, қу мекиенде қалған жандарға баспана беріп, бауырына тартып, соңғы тілім нанымен белісті. Мүны дархандық көрсетіп, ақ, адал көңілімен жасағанына да дау жоқ. Аман қалып, адам қатарына қосылуына жәрдемдескен жандар оларға күні бүгінге дейін көрсеткен көмегі үшін дән риза3.

"Үлы қоныстандыру" мүнымен де тоқталған жоқ. 60шы жылдарға дейін Солтүстік және Орталық Қазақстанньщ тың және тыңайған жерлерін игеруге екі жарым миллиондай адам келді. Олардың бір болігі көп үзамай мүнда жердегі жүмақ орнайды деген ресми насихатқа сенгендер еді. Өкімет орындары "қызыл" корсетіп, алдарқатумен қатар "қамшы" сілтеп те жіберді, алғашқы тыңгерлердің арасында Қазақстанға күштеп әкелінгендердің ішінде тікелей қамту орывдарынан жеткізілгендердің болғаны да жасырын емес. Нақ сол 30-шы жылдардағы сияқты бүл жолы да қаптатып қоныстанушыларды жіберген орталық екімет жергілікті

Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дойім сақталсын. "Егемен Қазақстан". 1998. 16 каңтар.

""Егемен Қазакстан". 1998 жыл 16 қаңтар Сонда. 1998 жыл 16 қаңтар.

202

басшылықпен де, республиканың қарапайым түрғыңцарымен де ақыл қосып өуреге түскен жоқ.

Өлкенің мүмкіндігін мүқият зерделеп, іс-қимылдың айқын, ғылыми негізді бағдарламасын әзірлеп барып жасаса, Қазақстанда астык ондірісін өркендетуге кім қарсьт болсын! Соңынан адам күлерліктей аз түсім — гектарынан баржоғы 3-5 центнер астык алу үшін жер өңцеуге орасан зор ақша шашатын үкіметті ақылды қожайын деп айтуға ауыз бара ма? Ал солай болғанына куәміз. Қазақстанның қүшақ толар "күлшелерінің" шамамен 40 миллион гектардан түратын байтақ алқаптың есебінен "пісірілгені де" баршаға аян. Мүны мемлекет қазынасынан өлшеусіз жәрдем көрсетуді талап еткен аса қымбатқа түскен астық әрі үстірт экономикалық және демографиялық стратегия демеске лаж жоқ1.

Соғыстан кейінгі жыддары тағы да 150 мың қоныстанушы республикада салынып жатқан әскери объектілерге, соның ішінде Семей ядролық полигоны мен Байқоңыр ғарыш айлағына келіп табан тіреді2. Содан кейін де жүмыс күшін басқа қүрылыстарға үйымдасқан түрде іріктеу жөніндегі бітіп болмайтын шаралардың жүргізілгеніне куәміз. Сонымен бір мезгілде табиғи кеші-қон да жүріп жатты: Қазақстанға басқа халықтардың өкілдері, негізінен алғанда, батыл да алғыр, көкірегінің оты бар, өлкенің келешегіне де, өзінің қайраты мен қарымына да сенетін адамдар ағылып келе бастады. Шындығын айту керек, түрмыс қамын күйттеп келгендердің үміті де ақталмай қалған жоқ.

Қазақстанға күштеп көшіріліп әкелінген жандардың каншама тақсырет шеккенімен, алайда, соның ішінде бәрінен бүрын қазақтардың өздері айтып жеткізгісіз ауыр жағдайда қалды десем шындыққа қиянат жасамаспын.3 Орталықтың ырқымен республика қатаң экономикалық және саяси тәжірибе жүргізетін бүкілодақтық сынақ алаңына айналды. Солардың қай-қайсысы да, мейлі, "индустрияландыру" жөне "үжымдастыру" үлгісін үйлестіруді, немесе "сенімнен кеткен" халықтарды қоныстандыруды, тың игеруді немесе "үлтгық мэдениеттерді жақындастыруды" алыңыз, сайып келгенде қазақтардың түрмысын қансыратқаны өз алдына, өсіресе, демографиялық ахуалға ауыр соққы болып тиді.

Ресей империясында 1897 жылы жүргізілген санақ сол

1Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дойім сақталсын. "Егемен Қазақстан" 1998 жыл 16 қаңтар.

2Сонда 1998 жыл 16 қаңтар.

3Сонда 1998 жыл 16 қаңтар.

203

кезде Қазақстан аумағында тұрған барлық жұрттың 90

процентін қазақтар құрағанына айғақ. Жарты ғасыр өтерөтпесте бүл көрсеткіш 29 проценттің деңгейіне дейін томендеді1. Бұрынғы одақтың бір де бір республикасында жергілікті жүрттың үлес салмағы жалпы халықтың қүрамында дәл біздің республикадағыдай томен болып корген емес! Елге есімін берген қазақтар туған топырағында үлттық азшылыққа айнадды.

Мүңдайда тоталитарлық мемлекеттің көсемдері жүргізген үлттық-демографиялық саясаттың жазалаушылық сипатта болғаны туралы түжырым жасамасқа амал жоқ.2 Большевиктік іс-әрекет қандай даңғаза идеологиялық үрандарды жеддеу еткенмен, олар патша заманында басталған істі одан әрі және көбінесе барынша қатал әрі сүрқия нысанда жалғастыра берді. Екі жүйенің екеуі де ез мүдделерін көздеп, "үлттық шет аймақтарға" катысты қатаң бағыт үстады. Екеуі де ешқашан және ешбір жағдайда жергілікті жүрттың мүдцесін ескерген емес, олардың кез келген қарсылығы қашан да қатаң басып тасталып отырды.

Үлтгық дәстүрлер мен салт-сананы нысаналы түрде қүрту, үлттық төлтумалықты түншықтыру қайда әкеліп тірер еді? Сөз жоқ үлттық мәдениеттің қүлдырауы мен қоғамдық кері кетушілікке апарар еді. Орыс тілінің мыс ы тіпті қазақтар жүрттың 90-95 процентін қүрайтын жерлердің өзінде де басым түрады. Қазақ зиялылары, әсіресе, жазушылар, ақындар, драмашылар оздерін табан тірер түғырсыз қалғандай сезінді. Шығармаларын түщына, түсіне және бағалай білетін окушылар мен көрермендер күнненкүнге азайып бара жатқан кезде, қазақ тілінде кітаптар жариялаудың, қойылымдар жасаудың мән-мағынасы жоқтай корінген. Туған тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін қорғауға тырысқан зиялыларды жүйе үлтшылдық пиғылы үшін қаралады.

Мүның бәрі, сайып келгенде, қазақ халкының ашық наразылығын туғызбай қоймаса керек-ті. Шырқау шегіне жеткен наразылық бәріміздің жадымызда жатталып қалған 1986 жылғы желтоқсанда арнасынан асып төгіледі. Ызалы жастар Алматының көшесіне шығып, ез халқының абыройын бүлайша жаппай қорлауға ендігі жерде төзбейтінін, үлттық терлеуге қол жеткізу және ездерінің заңды қүқықтарын қорғау үшін барлық онтайлы әдіс-тәсілдерді қолдануға баратынын бүкпесіз жария етті.

"Егемен Қазақстан". 1998 ж. 16 каңтар. "Егемен Қазақстан". 1998 ж. 16 қаңтар.

204

Өкінішке қарай, өкімет орындары, ең алдымен партия органдары болған оқиғадан дүрыс қорытынды шығарып, ахуалды өзгертуге ықылас білдірді деп айту қиын. Есесіне, бүкіл қазақ халқына үлтшылдық күйесі жағылып, қудалау шаралары қолданылды, былайша айтқанда, "бүранданы қатайту" басталды. Милиция орі андары сегв жарым мындай манифестацияға қатысушыларды немесе өкімет "қүқыққа қарсы карекетжасады" деп күмон туғызған адамдарды үстады. Олардың копшілігін тергеу барысында аяусыз үрып-соқты. Кейбіреулерін жалаңаш-жалпы қалпында желтоқсан аязында қаланың сыртына, айдалаға апарып тастады. Тергеу барысында да заң бүзушылық тоқталмай, прокурорлар "қүлшына" жүмыс істеп, істің мән-жайына зерлеп қанығуға да қүлық таныта қойған жоқ. Сойтіп, "тәртіпсіздікке катысқан" жүзге жуық адам сотқа тартылды, алайда коп үзамай сот солардың 46сын ақтап шығаруға можбүр болды. Әділетсіздік етек алды, сенімсіздер тізіміне іліккен 800 бозбала мен бойжеткен комсомолдан шығарылып, 270 студент жоғары оқу орындарынан қуылды, ондағын жүмысшылар мен қызметшілер жүмысынан кетті.

Әлбетте окіметтің мүвдай қарекеті үлтаралық қатынастарға елеулі салкынын тигізбей кала алған жоқ. Сол жылдардағы саясатшылар "халықтар достығына нүқсан келген жоқ", "кеңестік интернационализм ауыр сында төзімділік танытты" сарындас әбден жауыр болған жаттанды тіркестерді дүға сөздеріндей жалықпай қайталаумен болды. Алайда, адамдар достыққа сызат түскенін, түрлі үлттар өкілдерінің арасывдағы қарым-қатынаста салқыңдық пайда болғанын, озді-өзі болып оқшаулануға бейімділік байқалғанын андамай қалған жоқ. Жағдайды партия және мемлекет органдарының орашолақ іс-қимылы одан сайын ушықтыра түсті, олар оңтайлы да нысаналы жүмыс жүргізудің орнына мәтібиліктің бәз-баяғы дәстүрлеріне басып, материалдық жағынан да, үйымдық жағынан да дәйектелмеген үзын-сонар "іс-шараларының жоспарын" жасаумен шектеліп жүрді1.

Партияның нүсқауымен өрістетілген қазақ тілін жаппай оқып-үйрену науқаны — совдай шаралардың бірі. Жоғарыдан барлық жерде бірдей қазақ тілі курстары мен үйірмелерін қүру, оған тіл білмейтін азаматтардың бірін қалдырмай тарту табысталған тиісті нүсқау түсірілді. Ізінше келіп түскен есептерге көз салсақ, осындай бірнеше мың үйірме қүрылған

1 Назарбаев Н.Ә.Жадымызда жатталсын, татулык дойім сақталсын. "Егемен Қазақстан". 1998 жыл. 16 қаңтар.

205

екен. Бүл жақсы ниетті жоққа шығарудың кеселді керінісі еді, адамдарды тілге шындап оқыту жоніндегі жүмысты мықтап жолға қою үшін республикада оқулықтар да, сөздіктер де, білікті оқытушылар да жоқ болатын.

Дереу қазақ мектептерін қүру, дәлірек айтсақ, қайта қүру, орыс мектептерінде қазақ тілінде оқытатын сыныгггар ашу колға алынды. Ақыры қисынсыздыққа үрынған кездер бар. Аралас оқыту делінетін (оқушылардың бір бөлігі тек орыс тілінде, келесі бөлігі тек қазақ тілінде оқытылатын) қолға алынған Алматы мектептерінің бірінде күллі қаланы абыржытқан жарылыс болды. Бақытымызға қарай, зардап шеккендер болған жоқ, бірақ, қара ниеттілер де сол бетінде таптырмай кетті. Оқиғаны бажайлай келгенде, бүған кінәлі жағдай болып шықты. Олар мектепті үлттық белгісіне қарай екі "егемен" — қазақ және орыс аймағына белген екен. Сөйтіп екі директор, екі оқшау үжым пайда болады. Мүны, сірә, ақымақшылықтың шегі деу керек шығар, дәлізге білеудей металл тор қойылады. Сол торды жарған екен. Осындай әрекет жасаған бір-бірінен бөліп оқытуды қаламаған оқушылардың өздері болса керек ...

Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана елімізде қазақ халқының тілін, одет-ғүрпы мсн достүрлерін шыңдап қалпына келтіруді мақсат еткен рухани өрлеу бастадды. Сонымен тоталитарлық тыйылды. Мәңгіге тыйылды деп сенемін'деді.

Қорыта айтсақ Социализмнің "гүлденуі" мен лениндік үлт саясатының "салтанатының" мысалдары Қазақстан түрғындарының коп үлттары болуынан, түрлі үлт өкілдерінің арасындағы аралас некенің көбеюінен, қазақ жастарының орыс тіліне, өзге мәдениетке кебірек ден қоюынан ізделініп, насихатталып жатты. Қоғамдық ой түтасымен өміршіл әкімшіліктің көздеген саяси мақсаттарын діттеу жолына түсті. Үстемдік етіп отырған коммунистік идеологияның талаптарына қарай бейімделу, қоғамдық ғылымдарды сыңаржақ, насихаттың қүральша айналдырьш жіберді. Әсіресе, қазақ тарихы катгы бүрмалавды. Әміршіл өкімшілікке Қазан төңкерісіне дейінгінің бар жақсысын жоққа шығарып, қазақ халқының жетістігінің бәрін Компартия мен Кеңес өкіметінің арқасында болды, делінді. Олар ондай "зерттеулерді" алды да.

Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулык, дәйім сақталсын. "Егемен Қазакстан". 1998 ж. 16 каңтар.

206

XVII тақырып.

Қазақстан — тәуелсіз егеменді мемлекет (19902003 жж.)

(28-29-дәріс)

Қарастырылатынмәселелер:

1. КСРО-дағы экономикалық дағдарыс және Қазақстан мен Ресей арасындағы 1990 жьшғы шарт. Н.Ә.Назарбаевтың тұңғыш ел президенті болып сайлануы.

2.КСРО-ның құлауы және Қазақстан Республикасының мемелекеттік тәуелсіздігі туралы заңының қабылдануының тарихи маңызы.

3.Өтпелі кезеңцегі Қазақстанның Конституциясы жөне елдегі қүқықтық реформалар.

4.Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және саяси дамудың қүқықтық базасы. 1995 жылы жаңа конституцияның қабыддануы.

5.Қазақстан экономикасына шет еддер инвестициясынын, тартылуы және оның пайдасы мен зияны.

6.Қазақстанда ішкі және сыртқы инвестицияның дамуы, және шағын көсіпкерлік. Қазақстандық патриотизмнің қальштасуы.

7.Қазақстан Республикасының қарулы күштерін қүру аумақтық түтастық пен тәуелсіздіктің кепілі.

8.Қазақстан Республикасының ядролық қаруды таратпау саласындағы саясаты.

9.Қазақстандағы саяси партиялар және бүгінгі күннің өзекті мәселелері.

10.Мемлекеттік білім беру саласындағы заң және оның орындалуы.

11.Біріккен үлттар үйымы және Қазақстан.

12.Төуелсіз Қазақстанның халықаралық байланыстары жөне оның белсенді сыртқы саясаты.

207

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы. 1993.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы. 1995.

3.Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы (Социалистік Қазақстан. 1990. 26 қазан)

4.Қазақ Советгік Социалистік Ресгіубликасы мен Россия Советтік федерациялық Социалистік республикасы арасывдағы шарт. (Социалистік Қазақстан. 1990. 24 қараша)

5.Қазақстан Республикасының мемлекетгік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы (Социалистік Қазақстан. 1991. 16 желтоқсан).

6.Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы - 1997.

7.Қазақстан Республикасының халық депутаттары жергілікті кеңестерінің окілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заңы. ("Егемен Қазақстан". 1993 10 желтоқсан).

8.Назарбаев Н.Ә. Конституция Қазақстанның өркені мен орлеуінің негізі ("Егемен Қазақстан". 2000 ж. 30 тамыз)

9.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына 2004 жылға арналған жолдауы ("Егемен Қазақстан." 2003. 5 сәуір).

10.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының қарулы күштерін құру туралы жарлығы. "Егемен Қазақстан". 1992. 9 мамыр.

11.Назарбаев Н.Ә. 2030 — Стратегиясын жүзеге асыру

.— жастардың еншісінде. "Егемен Қазақстан". 1998. 6 қаңтар.

12.Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. 1999

ж."Егемен Қазақстан".

13.Назарбаев Н.Ә. Еліміздің сыртқы саясаты Қазақстан мемлекеттілігінің маңызды белігіне айналды. "Егемен Қазақстан". 1998 ж. 1 желтоқсан.

14.Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның беделін нығайту жолында. "Егемен Қазақстан". 1998 ж 15 кыркуйек.

15.Ертысбаев Е. Казахстан и Назарбаев: логика перемен Алматы. 2001.

16.Алтынбаев М. Современствование управления Вооруженными Силами Республики Казахстан. "Бағдар". 1998, №2.

17.Алтынбаев М. Актуальные вопросы обеспечения военной безопастности Республики Казахстан на современном этапе "Бағдар". 2003. №1. Бағдар. 2003. №2.

18.Қазақстан қазыналы ел. "Ақиқат". 1994. № 1. 9-19 беттер.

19.Әділбаев Жалғас. Қазақстан дипломатиясы: қалыптасу

208

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]