Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

III тарау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет органдары

9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік окімет билігі бүл биліктің зандық, атқарушы жоне сот билігі болып бөлінуі принципін басшылыққа ала отырып қүрылады және жүзеге асырылады.

Республика халқы атынан сөйлеу қүқы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мен Президентіне беріледі.

10-бап. Заң шығару билігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы Президент болып табылады.

Сот билігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Жоғарғы арбитраждық соты атқарады.

Конституцияны сот арқылы қорғайтын жоғары орган Қазақстан Республикасының Конституциялық соты болып табылады.

ІУ-тарау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік

тәуелсіздігінің экономикалық негіздері

11-бап. Жер жөне оның қойнауы, су, өуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, экономикалық жене ғылыми-техникалық потенциал Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін қүрай отырып, тек қана соның меншігінде болады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сай келетін жөне меншіктің алуан түрлілігіне, барлық формалардың теңдігіне негізделетін дербес экономикалық жүйесі бар.

Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттердің, олардың республика зандарына сәйкес территориясыңда шаруашьшық жөне өзге де қызметті жүзеге асыратын азаматтары мен үйымдарының мүліктік қүқыларын қорғауды қамтамасыз етеді.

12-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекетгік үлттық банкісі бар, ол өзінің қаржы-кредит, ақша жүйелерін жасауға хақылы, республикасының салық және кеден жүйесін үйымдастырады.

Қазақстан Республикасы өзінің алтын қорын, алмас және валюта қорларын қалыптастырады.

219

У-тарау Қазақстан Республикасы — дүниежүзілік

қоғамдастықтьщ мүшесі

13-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық қүқтың субъектісі болып табылады, дипломатиялық жөне консулдық өкілдіктер алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіруіне және олардың қызметіне қатысуына болады.

14-бап. Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін дербес шешеді.

УІ-тарау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін қорғау

15-баіі. Қазакстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қоргау жене ұлтгық мемлекетгігін нығайту жөнінде шаралар қолданады.

Республиканың ажырағысыз қүқы болып табылатын мәселелерді шешуге араласудың қандайы болса да оның мемлекеттік тәуелсіздігіне қол сүғушылық деп бағаланады.

16-бап. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық түтастығын қорғау мақсатывда өзінің Қарулы Күштерін күруға хақылы. Республика өз азаматтарының өскери қызмет атқару тәртібі мен шарттарын дербес белгілейді, өз территориясында оскерлер қару-^жарақ пен техника орналастыру мәселелерін шешеді.

УІІ-тарау

Қорытынды ережелер

17-бап. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік символдары — елтаңбасы, жалауы, әнүраны бар.

Қазақстан Республикасының астанасы - Алматы қаласы. 18-бап. Осы заң Қазақ ССР Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациямен бірге республиканың жаңа Конституциясын

әзірлеуге негіз болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актілерінің нормалары аталған Заңға қайшы келмейтін болса ғана қолданылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Алматы, 1991 жылғы желтоқсаннын 16-сы.

220

Елдің жаңа мемлекеттілігін қүру Қазастан тәуелсіздігі мен егемендігінің жаңа нышандарын әзірлеп, қабылдауды да талап етті. Осынау жаңа мемлекеттік нышандарға ие болу тарихи факті Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттікжалауытуралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы туралы" Қазақстан Республикасының зандарына қол койған 1992 жылғы 4 маусымда жүзеге асты.

1992 жылғы 6 маусымда Республика Президентінің Резиденциясы үстіне көгіддір жалау — егемен Қазақстанның жаңа рәмізі кокке желбіреді.

Өткен онжылдықта Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" (1992 жыл) атты хрестоматиялық кітабында корсетілген президенттік басқару нысанына тән мемлекет қүрылысы, заң шығару және сот билігін реформалау, экономика мен өлеуметтік саланы түбегейлі реформалау үшін нормативтік база жасау жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру мақсатты түрде әрі жоспарлы жүзеге асырылады.

Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздік алуы туралы айта келсе Н.Ә.Назарбаевтың өділ жазып корсеткеніндей, "Жер шарының басқа бөліктеріндегідей емес, КСРО-ның ыдырауы, тарихи негізі жоқ атымен жаңа мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи тамыры теренде жатқан, кейін күшпен жойыла жаздаған мемлекеттіліктердің кайтадан қалпына келтірілуіне үласады. Біз тек КСРО-ның ыдырауының ғана емес, мемлекеттіліктердің жаңадан жандандырылуы және зандандырылуының жан-жақты күрделі процестеріне үласты деп айтқан болар едік"1.

Сонымен 1991 жылғы 16 желтоқсанда Егемендік туралы заң қабылданған еді. Біздің көз алдымызға мемлекет болып, шаңырақ котеруімізге және болашақ Ата Заңымыздың қабылдануына берік негіз калаған, әлеуметгік-экономикалық және қоғамдық саяси дамуымыздың келешегіне айқын жол ашқан осы мемлекеттік төуелсіздік заңы екені анық.

Сол кездің озінде Заң Қазақстан аумағының түтастығы және қол сүғылмайтындығы, билік белінісі, меншік түрлерінің алуан салалығы мен тендігі және оны қорғаудың кепіддігі, барлық үлттгар мен үлыстардың қүқылық жағынан

Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1997. 131 бет.

221

тендігін және қоғамдық өмірдің барлық салаларывда олардың тең мүмкіндіктері сияқты маңызды принциптерін жариялады.

Сонымен мемлекетгіх төуелсіздік туралы заң Қазақстанның мемлекет ретінде ез алдына отау тіккен, республикамыздың мөртебесін асқақтатқан, букіл елем алдында Қазакстан деген ел бар екенін паш еткен туған тарихымыздағы 200 жылдан кейінгі тұңғыш қүжат. Мұнда егемендіктің басты ерекшеліктері болып табылатын белгілер — өз жер аумағымыз бен, азаматтығымыз, дербестігіміз бен ел ішіндегі мемлекеттік биліктің өз қолымызда екені, Конституция мен Заңдардың үстемділігі, өз бюджетіміз бен қаржы-несие жүйесі, пәрменді қүрылымдарымыз, халықаралық қатынастардағы еріктігіміз көрініс тауып, баршамыз үшін ең қымбаттысы - мемлекетгік егемендігіміздің классикалық нысандары — Елтаңбамыз, Туымыз, Әнүранымыз бекітілді.

1993 жылы қабылданған Конституцияға да осы Заң негіз етіп алынды. Бүл Заң қазақ үлтының тарихында еліміздің үлан—ғайыр жерінде 200 жылдан соң қайта қалыптасқан шынайы мемлекеттігіміздің бастауына айналды.

3. Өтпелі кезеңдегі Қазақстанның Конституциясы және елдеіі құқықтық реформалар

Елде қүқықтың реформаны жүзеге асыру мен жаңа завдар базасын жасаудың басты нүктесі 1993 жылғы 28 қаңтарда өтпелі кезең кезіндегі Қазақстан Конституциясын қабыддау болды.

Уақыт және Ресейдегі биліктің екі тармағының дағдарысы екілді билік органдарын кеңестік принциптер бойынша қүрудың күні өткендігін әрі бойында бүғып жатқан егес қаупі барын айқын көрсетті.

Осы кезеңде республика басшылығы қолға алған батыл саяси қадамдар "Ресей синдромын" болдырмауға мүмкіндік берді. Қазакстанның өкілді және атқарушы органдарын реформалау, орталық мемлекеттік және жергілікті органдар өкілеттіктерін белу, Халық депутаттары кеңесі тәрізді коммунистік өткеннің кенерген көбесін сөгу — осының куәсі. 1993 жылғы 10 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша косымша өкілеттіктер беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Алайда бүл да, дүниенің тез озгеріп жатқан жағдайларына жеткіліксіз болып шықты.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — тәуелсіз Қазақ мемлекетінің негізін қалап отырған түңғыш Ата Заңы.

222

Конституцияның алғы сөзінен-ақ Қазақстанның ұлттық мемлекет екені жер жүзіне жарияланып, оның мызғымастығы баянды етіледі. Айта кету керек, Конституция жобасын жасау барысында "үлттық мемлекет" түсінігі төңірегіндегі түрлі пікірлер боллы. Кейбіреулер "үлттык мемлекеттін доуірі отіп барады, Қазақстан сияқты коіі үлттар түратын елде үлттық мемлекет туралы оңгіме болмауы керек" деген ойды долелдемекші болды. Әрине, мүндай пікірдің ғылыми да, өмірлік те негіздері жоқ болатьш, сондықтан Конституцияның жобасын жасағанда қазақ үлтының өзін-өзі билеу қүқығын жүзеге асыру мақсаты алда түрды.

Қазақ халқы — қазір өзі мекендеп отырған жер кеңістігіңде ежелден қалыптасқан негізгі және бірден-бір үлт. Рас, қазақ үлты жеке мемлекет ретінде жойыла жаздап барып, өзінезі билеу қүқығына Қазан революциясынан кейін ғана ие болды. 1920-жылы автономиялы республика больш қүрылып, 1936-жылы одақтас республикалар шоғырына енгеніміз тарихтан белгілі. Жетпіс жылдық тарихи кезеңді қанша ғайбатгасақ та, кеңестік дәуірде қазақ халқы дамудың белгілі деңгейіне жеткенін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ осы кезенде казақтың шын мәніндегі егеменді үлтгык мемлекеті қалыптаспағаны, езін-өзі билеу қүқығына толығынан ие бола алмағаны, ана тілінен және басқа да үлттық қасиетгерінен айырыла бастағаны баршаға белгілі.

Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Деклорацияда тәуелсіз үлттык мемлекет жарияланды. Қазақстанның мемлекеттік тоуелсіздігі туралы занда қазак үлтыньщ озінөзі билеу қүқығы баянды етілді. Осы аталған қүжаттарға сүйене отырып, жаңа Конституция үлттық мемлекетіміздің негізгі белгілерін зандастырады. Ол белгілер мен қасиеттер мыналар:

Біріншіден, Қазақстан Республикасы өзін-озі билейтін қазақ үлты мемлекетінің түрі ретінде жарияланып отыр. Үлттык мемлекет үлттың өзін-өзі билеуінің саяси түрі. Үлттық мемлекет түрінде қалыптаса отырып, ол елімізде түрған басқа үлттар өкілдерін өгейсітпейді, олардың занды қүқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге кепілдік береді. Елімізде түратын барлық адамдар үлтына, нәсіліне қарамай, біртүтас халық ретінде саналады және мемлекеттік окімет билігінің бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Мемлекеттік өкімет билігін халқымыз тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.

Екіншіден, қазак тілі мемлекеттік тіл болып біржолата жарияланды. Бүдан былай оған ешкім таласа алмайды. Әрине,

223

бүл жағдайдың үлтгар арасына ірікті салушыларға үнамайтыны сөзсіз. Ондай адамдар қазақ тілімен қатар, мемлекетімізде орыс тілін де ресми тіл ретінде баянды еткенді қалаған, талап еткен. Ал осы козқарас жеңе қалғанда қазақ тілі қайтып күш ала алмай, дағдарысқа белшесінен батып, біржолата күйреу жолына түсер еді. Соз жоқ, мемлекеттік тіл болып жариялану тілді өздігінен қаз қалпына келтіре алмайды. Тілімізді жоғары деңгейге котеру үшін, шын мәніңде өмірдің барлық салаларында қолданылатын тілге айналдыру үшін мемлекеттік бағдарлама жасап оны жүзеге асыруға үлтжанды өрбір азамат өз үлесін қосу қажет.

Үшіншіден, мемлекет органдарының ресми тілі — қазақ тілі. Әрине, мемлекеттік іс жүргізуді бірден қазақ тіліне кешіру асыра сілтеушілік болар еді. Кейбір жерде осыңцай асыра сілтеушілік орын алып орыс тілінде сөйлейтін азаматтардың наразылығын туғызуға себеп болып отырғаны да рас. "Басқа пәле тідцен" дегендей, тіл мәселені тоңірегенідегі кейбір проблемалар үлттар арасында қайшылықтар тууының негізгі бір себебіне айналуда. Осы жағдайды, осыған дейін Қазақстанда орыс тілінің үстем болып келгенін ескере отырып, Конституция орыс тілін үлтаралық қарым-катынас тілі деп белгілсді. Ата Заң қабылданбас бүрын да, қабылданғаннан кейін де айтылып жүрген пікірлерге қарағаңда, кейбір казақ азаматтарына бүл ереже үнамайтын сияқты. Олардың пайымдауынша, осы жағдай қазақ тілінің мемлекеттігін жоққа шығарады-мыс. Әрине, мүндай қауіп бар. Конституцияның жобасын жасағанда, оны талқылағанда. тіл мәселесінің төңірегінде қисапсыз көп айтыстар болды. Жоғарғы Кеңестің сессиясында Конституцияның жобасы бойьшша 110 депутат сейлесе, солардың 108-і тек тіл мәселесін қозғады. Мәселе тығырыққа тірелгендей болды. Ақырынд^ депутаттар бір мәселеге келді. Ол келісім өтпелі кезеь( ережелерінің 4-бабында айтылады. Онда өтпелі кезеңде мемлекетгік тідді еркін және тегін оқып-үйрену үшін жағдай жасалып, осы кезенде Қазақстан Республикасында іс қазак, және орыс тілінде жүргізіледі делінген. Есте болатын бір жәйт — ана тілінің мемлекеттік тіл болып танылуы қазақтың әрбір азаматына үлкен жауапкершілік артады. Мемлекет қызметінде қазақ тілін кең қолдану үшін өзіміз жетік білуіміз керек.

Төртіншіден, Қазақ мемлекетінің жері түтас, ол бөлінбейді және оған қол сүғуға болмайды деп жазылған конституциялық қүрылыс негіздерінде Қазақстан үшін бүл өте маңызды қағида, ойткені қазақтың кең байтақ атамекеніне көз

224

алартушылар баршылық. М.Горбачевтің үялмай-қызармай, Қазақ Республикасының бес облысы Ресейдің жері деп, екі халықтын арасына от тастамақ болғаны белгілі. Осындай үшқары пікірді демеушілер біздің елімізде де бар. Олар ауық-ауық оз дауыстарын котеріп кояды. Конституциямыз мемлекетіміздің жерінің түтастығын баянды етіп, осындай әрекеттерге қарсы бүзылмас қорған қойған сияқты... Конституцияда жеріміздің түтастығын қамтамасыз ететін тағы бір қағида бар. 129-бапқа сәйкес, конституциялық қүрылыс негіздеріне қатысты түзетулер Жоғарғы Кеңес депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үші жақтап дауыс бергенде ғана енеді. Демек, мемлекетіміздің жерін, шекарасын өзгерту мәселесі кеңес заманындағьщай бір басшының айта салуымен шешілмейді. Оны озгерту үшін Жоғарғы Кеңес депутатгарының кем дегенде 75 проценті дауыс беруі қажет. Бүл — жердің тағдырын шешу мәселесін өкілдер арқылы халықтың өз қолына беру деген сез.

Бесіншіден, Конституция тәуелсіздік жағдайда үлтымыздың сана-сезімін қалыптасуының ерекшеліктерін ескеріп үлттык мемлекеттің өркендеуіне қажет саяси-қүқықтық алғышарттар жасап отыр. Қазақ елін отарлап, халқымызды қанап-жаншып, өз жерінде азапқа салған патша үкіметі казак-орыс әскеріне сүйеніп, оларға ең қүнарлы жерлерді тартып алып беріп еді. Казак-орыстардың жазалау жорықтары, ата-бабаларымызға істеген зорлықпен халкымыздың жадыңда көп уақытқа дейін сақталар. Міне, солардың "тарихи қызметтерін" аңсаушылар, олардың әдеттерін жаңғыртуға тырысушылар бүгін де жоқ емес. Конституция осыны ескере отырып, ондай пыйғылдағы үйымдарға жоне өрекеттерге тыйым салды Конституцияның 55-бабы тектік-доулеттік астамшылықтары жариялайтын, ңемесе іс жүзіне асыратын, конституциялық қүрылысты күш қолданып қүлатуға шақыратын, республиканың аумақтық түтастығына қол сүғатьш қоғамдық бірлестіктердің қүрылуына және олардың қызметіне тыйым салады. Қазақстан Республикасы аумағында мемлекетіміздің зандарында көзделмеген әскерилендірілген қүрамалар, сондай-ақ жасырын қоғамдар мен бірлестіктер қүруға болмайды.

Алтыншыдан, Конституцияның тағы бір ерекшелігі қазақ үлтының шаруашылыққа, табиғи байлыққа, ортаға ежелден қалыптаскан көзқарасын ескеруі болып табылады. Қазақтарда бүрыннан жерге табиғи байлыққа жекеменшік болғаны белгілі. Кеңестікдәуірде жердің, табиғатгың қасиетін бағаламау кең оріс алды. Нарықтық шаруашылққа кошу алғышарт-

І5-14Х

225

тарының бірі — жерді жекеменшікке айналдыру. Бірақ өзін мекендеген халықпен бірге зардап шеккен, астан-кестеңі шыққан жер-ананы казіргі етпелі кезеңде жекеменшікке беру проблеманы шеше алмайды. Қисапсыз шығынды қажет ететін жерді қалпына келтіру, игеру шаралары тек мемлекетгің қамқорлығымен жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан жер, оның қойнауы, су, жабайы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байлық тек мемлекетгің меншігінде болады. Рас, "осы байлықтар бүрын да мемлекеттің меншігінде болды ғой, содан көрген пайдамыз кәні?" деген сүрақ тууы да мүмкін. Үміттің ақталатынына бір-ақ кепілдік бар, ол

— мемлекетіміз үлтгық болғаңцықтан, онда қызмет атқаратын лауазымды қандастарымыз өздерінің халық алдындағы, тарих алдындағы жауапкершілігін сезінуі. Әрйне, ондай сезім өздігінен пайда болмайды, оны мемлекет кадрларын даярлауда басты мақсат етіп қою қажет. Мемлекет қызметі туралы заң дайындап, қызметке шыққан тегіне, туған жеріне қарап емес, біліміне, білігіне, қабілетіне, жауапкершілікті сезінуіне қарап кадр іріктеуді әдетке айналдырған жон.

Жетінші үлттық мемлекет қасиетінің тағы бір корінісі халқымыздың басына түскен нәубет салдарынан елінен, жерінен кеткен қандастарымызға қамқорлық жасаудьщ заңдастырылуы болып табылады. Бүрынғы кездерді айтпағанда, жиырмасыншы ғысырдың озінде қазақтар бірнеше рет "актабан шүбырындыға" үшырады. Миллиондаған қандастарымыз осы уақытқа дейін ботадай боздап шет елдерде емір сүріп жатыр. Аты Заңның 4-бабында айтылғандай, Қазақстаннан лажсыз кеткен барлық азаматтарымыздың, сондайақ басқа мемлекеттерде түратын қазақтардың егер өздері түрған мемлекеттердің заңдарына қайшы келмесе, басқа мемлекеттің азаматтығымен қатар Қазақстанның азаматы болу қүқығы танылды. Қазір мыңцаған отандастарымыз басқа елдерден атамекеніне оралып жатыр. Оларға қажетті жағдайлар жасау, қамқорлыққа бөлеу біздің елемізді танытады, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың азаматтық борышы болып табылады.

Осы айтылғавдардан туындайтын қорытынды 1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының үлттык, мемлекет ретіндегі қүқықтық негізін сальш, қазақ халқына қазір де, болашақта да қамқорлық жасайтынын дүниежүзіне паш етті. Сонымен бірге, үлтына қарамай барлық азаматтардың қүқықтық теңдігін қамтамасыз ету кепілдігі жасалды. Конституцияның 6-бабында "Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ үлтымен біріктірген республиканың барлық үлтгарының

226

азаматтары Қазақстанның біртүтас халқын қүрайды"деп жазылған. Бүл қүр ереже болып қалмай, "кеңес халқының" аяғын қүшып жүрмеуі үшін түрлі үлт екілдерінің мызғымас бірлігін қүрайтын белгілі шарттар болуы керек. Ол Ата Занда толығымен ескерілген. Мысалы қазақ тілінен басқа да тілдердің қолданылуы аясын сақтауға кепілдік беріледі, олардың еркін дамуына қамқорлық жасалады. Конституцияда Қазақстан халқы демократиялық қоғам мен қүқықты мемлекет қүруға бекем бел байлап, азаматтық татулык пен үлтаралық келісімді, өзіміз үшін жоне оз үрпақтарымыз үшін лайықты өмірді қалайды делінген. Алдағы мақсат — барлық үлт өкілдерінің мүддесін қорғайтын үлттық мемлекетімізді күқықтық мемлекетке айналдыру, омірдің барлык, саласыңда заңның үстемдік қүруына қол жеткізу. Осы түрғыдан алғанда, Жоғарғы Кеңестін жаңа заңдарды қабылдауға асқан жауапкершілікпен, мүқияттылықпен қарауын қалар едік. Бірақ сол жылдары қабылданған сапасыз заң жалпы заң атаулының беделін түсіреді, адамдардың қүқықтық санасына нүқсан келтіреді.

Сол бір жылдар парламент жүмысы туралы Президент өзінің "Ғасырлар тоғысында" атты кітабында: "Бөлу, үлестіру қызметін өзіне алып, реформа барысын жауапкершілігімен атқарушы билікке итере салу ортақ үрдіске айналды. Сөйтіп, Парламент жалақыны көтеру, орындалмайтын әлеуметтік бағдарламалар туралы популистік шешімдер қабылдады, ал олардың жоқ-жітікті бюджет жағдайында орындалмауының жауапкершілігін атқарушы билік көтеруге тиісті болды. Атқарушы билік орындары баспасөздің, депутаттардың, қоғамның қатал сынына үшырады. Ал, парламенттер бүндай жағдайда бөліс жолындағы биліктің қарқынымен, реформа табиғатымен атымен сиыспайтын қайшылықтарға үшырай бастады. Ақырында, жаңарту баяулады, күні өткен экономикалық қүрылымдар өзгеріссіз қалды. Оқиғалардың даму барысы атқарушы билік пен парламент арасында объективті қарама-қайшылықты өрбітті"1 деді.

Сонымен 1994 жылғы 7 наурызда сайланған Қазақстанның түңғыш косіби парламенті жедел даму үстіндегі ахуалға барабар оңтайласуға дайын болмай шықты. Дауыстарды санау түрғысында сайлау қорытындьшары елдің Конституциялық сотының 1995 жылғы 10 наурыздағы шешімін заңсыз деп таныды.

Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысьшда. Алматы, 1996.

227

Қазақстан Республикасы халық депутаттары жергілікті кеңестерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылданды.

1995 жылғы 25 наурызда қоғамның бірлігін сақтау мен елдегі саяси және өлеуметтік жағдайдың терең жарыкшақтануына жол бермеу мақсатында, елдіц барлық үлттары мен халықтарының мүдделерін зерделеу мен есепке алу, сондай-ақ жан-жақты және тең қүқықты даму үшін 1994 жылы Мемлекет басшысының бастамасьшен қүрылған бірегей қоғамдық орган — Қазақстан Халықтарының ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін үзарту жөнінде республикалық референдум өткізудің қажеттілігі туралы қарар қабылдап, аталған үсыныспен Мемлекет басшысына етініш білдірді.

Қалыптасқан ахуалды негізге ала отырып, сондай-ақ қоғамның жіктелуіне жол бермеуге Президенттен шаралар қолдануын талап еткен ел түрғындарының күллі әлеуметтік топтарының пікірін ескере отырып, Мемлекет басшысы уақыт талабына орай референдум өткізуге шешім қабыддады.

1995 жылғы 29 сөуірде өткізілген референдум қорытындысында Қазақстан Республикасы Президенті өкілдігінің мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 95,46 пайызы дауыс берді және Н.Ә.Назарбаевтың реформашыл жолын бүкіл халық болып қолдайтынының жарқын дәлелі болды.

Осы кезде Президент қызметі әдетгегіден әддеқайда қауырт та ауқымды еді. Парламент тараған кезде мемлекет басшысы жауапкершілік жүгін батыл түрде өзі қолға алып, жаңа әрі жеткілікті нормативтік-қүқықтық база жасау жолымен экономиканы жандандыруға бағытталған 511 Жарлық шығарды, оның 132-сінің заң күші бар еді. Дәл осы уақытта реформаны жалғастыру үшін өмірлік қажеттіліктен туындаған "Жер туралы", "Мүнай туралы", "Үлттық банктуралы", "Акциздертуралы", "Банкроттық туралы" және басқа заңдар шығарылды. Мемлекет басшысыньщ "Қазақстан Республикасыңцағы сайлау туралы", "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы", "Республикалық референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматтарының қүқықтықжағдайытуралы", "Мемлекетгіктуралы", "Қазақстан Республикасының соггары және судьяларының мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы", "Қазақстан Республикасының үлттық

228

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]