Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Республикада 2077 совхоз бен 415 колхоздың материалдық базасы едәуір нығайды.

Тың жер Қазақстанның ондірістік күштерін дамытуға, оның экономикасын, ғьшымын, мәдениетінің өсуіне қуатты серпін берді.

Аса ірі онеркосіп тараптары пайда болды, жаңадан 90 қала соның ішінде бүкіл елімізге әйгілі Рудный, Екібастүз, Ермак, Кентау, Арқалық, Ақтау бой котерді.

Жаңа станоктарды машиналармен, тракторларды Павподар (Кереку) шығара бастады.

Тың игеру үшін (1954-1959 жылдар) 1 млн. 450 мың адам, Қазақстанға қоныс аударды, оған қоса өздігінен келіп, қазақтың жақсы жерлеріне қоныстанушылар 1 млн. адам еді'. Әскери жабық қалаларға ведомствоаралық ектемдіктің үйғаруымен тағы сол сияқты қүйтырқы әдістермен көшіп келгендер 1 млн. 300 мың адамнан асады2.

Олар ең аддымен 1937 жылы сонау Қиыр Шығыстан 95 мың көрістерді отбасыларымен көшіріп әкелді. Олар негізінен Сыр мен Жетісу өңіріне орнықты. Содан 1940-1941 жылдары Батыс шекарадан 105 мың поляктарды осыңца жер аударды.

Соғыс басталысымен Еділ бойында ғасырдан астам қоныс тсуіп отырган бір миллиопнан аса немісті шығысқа кошірді, соның 400 мыңы Қазақстанға кедді. Бүл үлкен көштің басы ғана еді. Қазақстанға қаулаған босқындар шеруі молая түсті. Енді олар Кавказдан қопарылды. 1943 жылы екі мыңнан астам қалмақтар мен 30 мың қарашайлар, 1944 жылы Қырым татарлары мен балкарлар (18 мыңнан аса) осында әкелінді. Осы жылы ең саны көп екі халық қиянат-бейнеттен кемпір шалдарын, шиетгей балаларын алып қақаған қыс ішінде жүк таситын ағаш вагондарға сығылысып (мындаған адам жолда жан тапсырды) қазақ жеріне 310 мың шешендер мен 79 мың ингуштер жер аударылды.

Оларға қоса гректер, курдтар, грузин-месхеттер, түріктер мың-мындап айдалып әкелінді. Ең ақыры 1948-1956 жьщдары бүрынғы "басмашылар" мен "власовшылар" да осы Қазақстанға жіберідді ғой. Сонымен бас-аяғы осылай күшпен зорлықпен кошірілген халықтың саны 974 мыңға жетті. Бір миллион адам қазақтың нан-суына ортақ бодды. Оның үстіне соғыс кезівде жау қолында қалған жерлерден бір жарым

1Тотімов Макаш. Қазак үлтының касіреті. "Егемен Қазақстан". 1996. 18 соуір.

2Сонда "Егемен Қазақстан". 1996 ж. 18 соуір.

179

миллион адам жан сақтауға көшіп келді1. Сөйтіп, соғыс кезіңце сырттан, басқа жақтардан екі жарым миллион халық келіп қазақ еліне қоныстанған. Өзі екі миллионнан асар аспас қазаққа екі жарым миллион бөтен жүрт қосылғасын, араласқасын не болсын! Осының бәріне ақ көңіл, қонақпейіл қазак конді, шыдады. Сол жат адамдармен түсінісіп тіл тауып, араласып кетті. Ешқандай үлтаралық жанжалдар болған емес. Кейін өз еліне қайтқан шешендер бүрын Қазақстанда жүргенде Кавказ тауы түсімізге кіруші еді, енді мүнда қазақ даласы түсімізден шықпайды дейтін болды. Олардың бәрі де қазақ мейірбандылығын үмытар емес.

3. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ алаңдары және ядролық сынақтардың экологиялық зардаптары

1946-1990 жылдары Қазақстан территориясында Семей, Капустин яр, Азғыр т.б. полигондар жүмыс істеді. Арнайы деректерге сүйенсек, ядролық сынақ полигонының ең ірісі Семей полигоны болды. Қазақстан республикасына Кеңес Одағьшан мүра болып қалған Семей ядролық сьшақ полигоны адамдар денсаулығына, сондай-ақ аймақтың табиғи ортасына үлкен зардаптарын тигізді.

Семей полигонында плутоний бомбасының бірінші жарылысы 1949 жылғы 29 тамызда, демек тура 55 жыл бүрын болды. Сынақтар екі бірдей үрпақтың өмірі бойы жалғасып келді. Полигондағы 500 —ден астам қүрылғылардың жарылыстары Семей аймағы түрғындарына ғана емес, соны мен қатар полигоннан алыста жатқан жерлердің түрғындарына да үлкен зардап әкелді.

Осы полигондағы 40 жылға созылған сынақтар кезінде 18 500 шаршы километр көлемінде жарылыстар болды, олардың қуаты 17 400 000 тринитротолуолға баланады. 19491963 жылдар аралығында барлық 116 жарылыс ауада және жер бетінде жасалды. 1963 жылы Кеңес Одағы Ауада, ғарыш кеңестігіңде және су астывда ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы Шартқа кол қойған соң (1963 жылғы 5 мамыр) жарылыстар жер астында жасалды.

Осы сынақтар нәтижесінде Балапан атты "атом өзені" пайда болып, ауаға радиоактивтік газдар тарады. Жалпы бүл сынақтар Қазақстанның кең аумағында радиоактивтік ластану дөрежесінің өсуіне өкелді. Жер асты сынақтары

Қазақстан тарихы. 1994, №1. 44 бет.

180

сондай-ақ экологиялық тепе-теңцікті бүзып, бүгінге дейін жасалып отырған шөлейтгену процесіне екеліп соқты.

Сынақтар сондай-ақ түрғын халық денсаулығының тез де үмітсіз нашарлауына әкелді. Түрлі аурулар, оның ішінде ісік аурулары, сынақтардан кейін болған радиацияға байланысты екендігі күмәнсіз. Алайда бүл аймақ түрғындарына Семей ядролық сынақ полигонының әсері тек радиациялық сәуле алу ғана болмай отыр.

Осы мерзім ішінде Семей аумағы ядролық полигонға экономикалық түрғыда төуелді күйге үшырады. Полигон жүмыс жасап түрғанда онда 400 000 адам қызмет етті.

Халықаралық қауымдастық тарапынан ерекше назар аударылуы тиіс Семей аймағының проблемаларын торт түргыда айту керек. Бүл — қоршаған орта мен экология 2) денсаулық қорғау 3) экономикалық қайта қалпына келтіру жоне 4) гуманитарлық көмек.

Ядролық сынақтардың экологияға, қоршаған орта мен ауыл шаруашылығына әсері мен салдарлары үлкен опат еді. Қаруды сынау ауыл шаруашылығы жерлерінің, табиғаттың, жологияның және дәстүрлі өмір сүру салтының жоғалуына окедді. Сынақтарды жүргізу барысыңда түрғындарға қажетті қоршаған орта, ауыз су, тағам және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы туралы қажетті ақпарат болмады.

Біздің әлі күнге дейін ядролық сынақтардың қоршаған оріаға әсері туралы тура ақпаратымыз жоқ. Белгілісі, 4500 інмршыкилометржер 137-цезиймен, 90-стронциймен уланган, <»111.111 үстіне бүл металдардың қордалануы Қазақстан зандарі.імен бекітілген нормадан едәуір жоғары. Оның үстіне гкміигоннан алшақ жатқан жерлердің, таулар мен сулардың иг іий және стронциймен уланғандығы дәлелденді1.

II. Ядролық сынақтар нәтижесінде радиация әсеріне 1,6 мпн. адам үшырады. Полигон әсер ететін аймакта бүкіл Семей мміс Павлодар облыстары, Шығыс Қазақстан облысының , ІІКСІІ болігі, Қарағанды облысының кейбір аудандары ммцаидығын естен шығармау қажет. Басқаша айтқанда, бүл и?рдс оңгіме бүкіл Шығыс және Орталық Қазақстан аумағы уршіы болып отыр. Бүл облыстарда ісік аурулары мен оның ііидіірынан адам өлімі 1,5 есе артып отыр. Әсіресе, өкпе,

.ІМІІК , асқазан, сүт бездері ісіктері мен қан түйіршіктерінің н нруы аурулары коптеп кездеседі.

()иыц үстіне басқа да аурулар, қан айналымы, ас қорыту,

1Іок.;ісі) Қ. Семей — кешегі күннің жарасы, Семей — ертеңге

укн>іиси аманат. Егемен Қазакстан. 1999 ж. 8 қыркүйек.

181

дем алу жүйелерінің эндрокринологиялық, ганекологиялық қанның ісік емес, катаракта аурулары бар Семей облысында иммунитет жүйесінің бүзылуы кептеп байқалады. Мүның өсері А жөне В сары ауруы, туберкулездің кең тарауына әкелген.

III. Өкінішке орай, полиюнды салу мен пайдалану жергілікті экономикаға да үлкен шығын әкелді. Кеңес Одағының қүлауы орналасқан жері бойынша 240 миллион адамның орталық рыногы болып табылатын полигонның аяқ астынан экономикалық түрғыда шет қалуын білдірді. Кеңес Одағы әскери күштері тарапынан сүраныстардың болмауы салдарынан бүл аймақтағы өскер үшін тамақ пен киім дайындайтын көптеген ірі кәсіпорындар маңызын жоғалтты. Бүл өз кезегінде жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының кызметін тоқтатты. Семей аумағындағы ахуал мемлекеттің экономикалық қызметі ортасывда болған адамдардың бүгіңде жүмыс таба алмай сандалуы кезінде шиеленісіп отыр.

Түжырымдай келе, сынақ полигонын басқарған қүпия әскери кешен, яғни, 52605 әскери бөлімшесінің атқарған істері, — негізгі экологиялық дағдарыстың негізгі себептері.

Сол сияқты 50 жылдары жергілікті үлт өкілдерінің көптеген топтарына тожірибе жасағаны белгілі болды.

Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдықкан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692 кобейді, ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңцеген1.

Елу жылдан аса уақыт бойы Қазақстанның Батыс өңірінде радиацияның қара бүлтын төндіріп келген "Капустин Яр" полигоны туралы 1992 жылға дейін көпшілік ештеңе білген жоқ. Ел аузында "әскери зона" атты үрейлі жүмбақ аты ғана жүретін. Тек "Нарын қозғалысы" өмірге келгеннен кейін ғана көптеген қүпия мөліметтер бізге белгілі болды.

Елу жыл ішіңдегі 11 ядролық жарылыс (бізге белгілі болып отырған) кезінде 24 мыңнан астам зенитті басқару зымырандары (1993 жылғы мәлімет) үшырылып жарылды. Соңғы жыддары аса қуатгы СС-300 зымыран кешендері сынақтан өткізіліп жатыр. Жаңа 177 қарулану үлгісі мен жауынгерлік техника сыналды. Полигонда Ресей армиясының

1 Жылқышбаева Қ.Қ. Қазақстан жеріндегі жаппай кырып-жоятын қаруды сынаудың зияны мен салдары (1946-1991 жж.) Автореферат, — Алматы, 2000.

182

сан мыңцаған бөлімшелерінің әскери жатгығулары отеді. Осы сынақтардың барлығы Батыс Қазақстан жерінде желдің бағыты Еділ жак беттен ескен кезде жүзеге асырылып отырған. Осының салдарынан аймақтың экологиясы нашарлап кетті. Аймақтың едәуір бөлігі радионуклидтермен, ауыр металдармен, бірінші класты — норсе гептилмен, сондай-ақ кадминмен, мыспен, қорғасьшмен шамадан көп зақымданды. Атмосфераға көптеген химиялық қосындылар лақтырыдды: амоний, хлор қышқылы, хлор сутегі. Бүлар жарылыстардың онімдері болып келеді.

Полигондар Қазақстанның кең байтақ алқабының экологиялық ортасын күйретті. Шағын көлдер, су көздері жоғалып кетті. Үстерінде ракеталар мен үшақтар жойылып, әскери зарядтар сынақтан өтетін "қүлау аймақтары" біздің кең даламызды қу медиен елі алқаптарға айналдыруда. Радиация мен зиянды заттардың бірлескен әсері қатерлі аурулармен ауыратын адамдардың, сондай-ақ, жануарлар санының апатты молшерге дейін кобеюіне өкеліп соқтырды.

Соңғы онжыддықта ''Капустин Яр" жүйесіндегі полигондарға жақын жатқан аудан түрғындарының денсаулық жағдайы Семей полигоны маңындағы аудандардағыдан анағүрлым нашар. Халықтыц гсндік қорына нақты қатер төніп, ол үздіксіз жалғасуда.

Полигондардың тоталитарлык, режимнен, казармалық социализм кезеңінен Қазақстанға қалған ауыр мүра екендігі жақсы белгілі. "Капустин Яр" полигоны әрекет етіп түрған елу жылдык, кезең — біздің халқымыздың оміріндегі қоркынышты да, қасіретті уақыт, Қазақстанның таяу және алыс шетелдер үшін белгісіз болып келген тарихы.

Түстігі мен өрістігінен жоғарыда аталған екі полигон қос қыспақка алған азғырлықтарды ортасынан ойып түрып қоныс тепкен (Азғыр селосының дәл өзінде орналасқан) Оңтүстік сейсмикалык сынақтармен шүғылданатын КСРО атом энергаясы мен өнеркосіп министрлігіне қарайтын Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу экспериментальды "Оңтүстік сейсмикалық экспедиция" дейтін мекемесі 1964 жылы қүпия келіп қоныстанған еді. Артынша жергілікті түрғындардан жасырын жағдайда жер асты ядролық сынақтарын жүргізіле бастады. Экспедицияның он арнайы сынау нүктелері болды.

"Азғыр" полигонындағы "Галит" деген учаскелердің радиоактивтілігі тым жоғары екені, ал А — 1 алаңдағы скважина арқылы жер астынан әлі күнге дейін строниций, цезий, плутоний, радионуклиттері ашық ауаға тарап жатқаны анықтадды.

183

Бүл полигондағы екінші алаңда 17 рет атом қаруы сыналған. Алғашқы жарылыс Азғыр ауданынан 300 метр терендікте жүргізілген. Сол сәтге жер бетіне 190 мың кюрий радиоактивті газ 20 тәулікке дейін атқылап түрды.

Одан кейін жарылыстар кезінде де 11 ай бойы бүл жер^ ажал уын аяусыз бүркіп жатқаны мәлім. Атом мамандарының* айтуы бойынша (8 қүпия жарылыстың деректерін қоспа^анда) осы кезең ішінде 10 млн. кюрий улы газ тараған екен .

Атырау облыстық экология және биоресурстар бас басқармасының деректері бойынша, "Балқүдық" шаруашылығында тексеруден өткізілген қүдықтардың ешқайсысы тиісті санитарлық талапқа сай келмеген, олардан ауыз су алып ішу адам өміріне, келер үрпақтың деніне өте қатерлі екен. Сөйте түра, жергілікті түрғындар, малшылар мен шопандар қауымы осы улы қүдықтардың суына қанағат қылып отыр.

Мамандардың тілімен айтқанда, радиоактивті газдың бүндай колемі табиғатқа және адамдардың өміріне үлкен қауіп тондіруге жетеді.

4. Қазақстандағы 1960-1970 жылдардағы жетінші,

сегізінші бесжылдықтың орындалу нәтижесі

1960—1985 жыддар аралығындағы 13 жыл Қазақстанның тың игеру аудандарында қүрғақшылық болды. Экономикалық қүддырау, экологаяның бүзылуы, материалдық, энергиялық шығындардың бәрі астық енімділігінін күрт төмендеуіне әкеп соқты. Бақылаусыз көшіп-қонудың салдарынан республикадағы жергілікті халықтың саны 30%-ке азайды. Осының нәтижесінде тың игеру қазақ үлтына функционалдық дамуында және әлеуметтік-мөдени дамуыңца қауіп төндірді.

60-шы жылдардың басывда Н.Хрущевтың бітпейтін тізбектелген ойсыз үйымдар қүруы, партияның мемлекет басқару жүйесіндегі кейбір адамдарының наразылығын тудырды. Бүның борі өкіметтің өзгеруіне әкеп соқты. Жаңа партия басшылығы Л.И.Брежневтің басқаруымен, кезекті басқару системасын қысқа мерзім арасында күшіне ендірді. Бүның нәтижесінде: 8-ші бесжылдықта (1966-1970 жж.) КСРО тарихында экономикада жоспар елеулі орындадды. Бүл кезең біздің республика үшін де өте тиімді бодды. Жалпы қоғамдық азық-түлік 1,5 есе өсті. Өндіріс онімдерінің көлемі 1,6 есе асты. Энергия да қарқынды дамыды. Республика металлургиялы елге айналып, қара және түсті металлургия, химиялық

184

оіщіріс жан-жақтыдамыды. Республикада мынандай метаддар шығарылды: мырыш, қорғасынның 30%-тен 70%-ке дейін Қазақстанның үлесіне тиді. Оңтүстік Қазақстанда КСРОпың есебі бойынша 30%-тен астам фосфориттің қоры табылды. Осының базасында салынған заводтар жалпыоіақтық ондіріске 90% фосфорын берді. Ауыл шаруашылығында да кейбір өзгерістер болды. 60-шы жылдардың скінші жартысында жалпы өнім 28%-ін қүрады. Республика ауыл шаруашылық ауданға айналды. Одақ көлемінде ондірілген енімнің 11% ауыл шаруашылығы енімін берді. ()н тонна жүннің әрбір 4 тонна жүні, әрбір 100 тонна еттің 12 тоннасы, әрбір 100 тонна астықтың КСРО келемінде 5 тоннасын Қазақстан мемлекетке тапсырып отырды.

Дегенмен, 1956 жылы шаруашылық реформа тек жеке жономикалық басқаруға ғана қатысты болды да, ал басқа 11іаруашылықтардатартылмады.

Шаруашылық есеп бағыты бірте-бірте тар көлемде бір жақты, сыңар жақты болып дамыды.

70-ші жылдарға төн ғылыми әдістердің басқаруы формальдық, бюрокарттық түрғыда бодды. Ел басшылығын мадақтау, ксмшілікті жасырып қою, іс жүзінде кеңінен етек алды. Сөз г"'іі іс аралығының алшақтығы, олеуметтік шыңцықты бүзу, иіындықты бүрмалау, қабылданған шешімнің орындалмауы коғамның калыпты дамуына, экономикасьша, мәдениетіне, м.ілымына кедергі жасады. Халықаралық қатынастар ишеленісті. Көптеген жазушылар, музыканттар, артистер, і уретшілер өздерінің көзқарастарын еркін білдіруге мүмкіндіктері болмады. Олар Совет одағынан кетуге және

ІІІСТ елдерде жүмыс істеуге мәжбүр болды. Дегенмен бүл кезенде республикада экономиканьщ және мәдениетгің дамуы жүріп жатгы. Жүздеген өнеркәсіп орындары іске қосылды. ЛІ уақыттың ішінде Маңғышлақта мүнай-газ игерілді. (һідірілген өнімнің жалпы келемі екі есе көбейді. Жалпыға Оірдей орта білім беру, мәдени мекемелер, жаңа жоғары оқу орындары, ғьшыми мекемелердің саны көбейді.

5. 1946-1970 жылдардағы мәдениеттің дамуы және қазақтардың тарихын, дәстүрін, салтын, тілін үмыта

бастауының себептері

Соғыстан кейінгі жылдарда мәдениетгің материалдық базаіы олсіз болды. Соғыс алдындығы жылдардағы оқымыс- і ылардың үлкен тобының қүртылуы, олардың бір қатарының майданнан оралмай қалуыда мәдениеттің алға басуына коп

185

кедергісін тигізді. Компартияның мөдениет қайраткерлерін қудалауды жалғастыра беруі себептерінен мөдени салаларды кадрлармен қамтамасыз етілуі төмен болды. 50жылдар ішіңде мәдениетті дамытудың жағдайы біртіндеп түзеле бастады.

1946 жылдың маусым айында КСРО Ғылым Академия-^ сының Қазақ филиалының негізінде Қазак КСР ҒА—ның құрылуы республиканың мөдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Қазақстанда ғылымды дамытуға көрнекті орыс ғалымдары С.И.Вавилов, И.П.Бардин, А.М.Панкратоважәне басқалары үйымдастырушылық кемек көрсетгі. Академияның түңғыш президенті болып көрнекті ғалым, Қазақстандағы ғылымды үйымдастырушы Қаныш Имантайүлы Сатпаев сайланды.

Ғылым Академиясы күрылғаннан кейінгі жылдарда Қазақстан ғалымдары жемісті еңбек етті. Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелері 1946—1949 жылдары халық шаруашылығына енгізу үшін 900-ден астам үсыныс пен зерттеу үсынды. Минерал, шикі заттар, кен орындарын табиғатта таралу зандылықтарын ашып, болжамды металлогендік карта жасағаны үшін Қ.И. Сатпаев бастаған бір топ ғалымға Лениндік сыйлық берілді.

50-жылдар ішінде Қазакстаііда қоғамдық салаларының базасы недәуір кеңейтідді. ҚазМУ-де философия факулыеті ашылды. 1958-ші жылы Қазақ КСР ҒА-ның философия және қүқық иниституты қүрылды.

1950 жыддың аяғына қарай ҚКСР ҒА-ның жүйесінде 50 ғылымизерттеу мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13 сектор, 2 музей, обсерватория, 3 ботаника бағы мен 8 ғылыми база жүмыс істеді.

Академия жүйесінде жаңа институтгар — физика, техника, экономика, Алтай Кен, металлургия институттары, космос сөулелері лабораториясы, Астроботаника секторы ашыдды. 1957 жыддан бастап ядролық физика саласында зерттеу жүмыстары жүргізіле бастады, физика-техникалық институты ядро-физика институты болып қайта күрылды, атом реакторы мен циклотроны салына бастады.

1947 жылы Мүхтар Әуезов "Абай" романының екі кітабын жазып бітірді. Шығарма КСРО Мемлекеттік сыйлығына үсынылды. 1955 жылы жазушының іргелі туындысының жалғасы — "Абай жолы" эпопеясы дүниеге келді. Бүл шығарма автордың ғана емес, көп жанрлы қазақ әдебиетінің жетістігі деп есептелді. Қазақтың үлы ақыны, философ, ағартушы Абайдың шырғалаңы көп, күрес пен ізденіске толы емір жолы романда халықтың өмірімен етене байланысты

186

суреттелді. 1959 жылы М. Әуезовке өдебиет пен өнер саласындағы Лениндік сыйлықтың берілуі "Абай жолы" эпопеясының мәдени, көркемдік жөне ғылыми-танымдық маңызын бағалау болды.

Ғабит Мүсіреповтың "Оянған өлке" романы 50-жылдар- дағы ұлттық прозаның жетістігінің бірі болды. Романды жазушы нанымды көркем бейнелер арқылы қазақ даласындағы өзгерістерді — үлттық жүмысшы табының қалыптасуын, дала өміріндегі жаңалықтарды, ғасырлар бойы орныққан дәстүрлердің жалғастық табуын тарихи нағыздық шеңберінде, психологиялық тереңдікпен суреттеді.

Көрнеісгі қазақ жазушысы Сәбит Мүқанов "Сырдария" романында замандастарының өмірін, еңбегін, арманмақсаттарын бейнеледі. "Өмір мектебі" трилогиясында жазушы ауызекі әңгіме, өмірбаяндық сыр шерту дөстүрін жалғастыра отырып, туған халқының тарихи жолына өз түсінігінше баға берді.

Ғ. Мүстафин бүл жылдары жемісті еңбек етті. 1949 жылы Мәскеуде өткен қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігінде орыс тіліне аударылған "Шығанақ", "Миллионер" повестері әдеби қауымның назарын аудартты. Кейіннен автор тарихи тақырыптарга қалам тартып, "Қарағанды", "Дауылдан кейін" романдарын жазды.

50-жылдарда қазақ поэзиясы неғүрлым бай жөне алуан түрлі бола бастады. Бүл жылдары көрнекті қазақ ақыны Әбділда Тәжібаев бір қатар поэзиялық циклдер, сатиралық "Шайтан" поэмасын, терен философиялық мәні бар, "Портреттер" поэмасын жазды. Х.Ерғалиевтың "Біздің ауылдың қызы", "Қүрманғазы", Т.Жароковтың "Жапанды орман жаңғыртты", Қ.Бекқожиннің "МарияЖагор қызы", Ж.Молдағалиевтың "Ән туралы ен" поэмалары казақ кеңес поэзиясының алтын қорына қосыдды.

Қазақстанның 50-жыдцардағы әдеби өмірі республикада түратын орыс, үйғыр, кәріс, неміс жазушыларының шығармаларымен толығырақ сипатталады. И.Шуховтың "Тың игерушілер" атты очерктер кітабы одаққа танымал шығарма болды. НАновтың, А.Ананьевтың, С.Мартьяновтьщ, И.Шеголихинның есімдері кең танымал бола бастады. Үйғыр жазушысы X. Абдуллин "Гүлстан" повесін жазды. К.Хасанов үйғыр драматургиясын жасауда көп еңбек етті. Ким Кван Хен бастаған кәріс жазушыларының дарынды тобы өдебиет сахнасынан көзге іліге бастады.

Ол кездегі езге Кеңес жазушылары сияқты Қазақстан қаламгерлері де Коммунистік партияға иланып, елдің

187

болашағына сеніммен қарады. Сондықтан олар революцшшы, социалистік құрылыс екелген жаңалықтарды шабытпен жырлады, большевиктік қайраткерлердің үнамды бейнелерін жасады. Хшіықтар достығы тақырыбы өмірдің оз ағысынан туындап көркем шығармаларға өзек болып жатты. Сталиннің, жеке басына табынушылықты айыптаған КОКП-иың жиырмасыншы қүрылтайынан кейін әділетсіз жазаға үшыраған С.Сейфуллинің, Б. Майлиннің, І.Жансүгіровтың есімдері қайта қалпына келтірідці. Алайда, А.Байтүрсынов, М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов секілді аса көрнекті ақынжазушылар мен ірілі-уақты жүздеген ақын-жазушылардың есімдері ақталмады. Олардың көркем туындылары республика оқырмандарының қолына тие қоймады.

Қазақстанда да жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүйесі енгізілді. Республикада 9 мыңға жуық мектеп, 55 жоғары және 240 орта арнаулы білім беретін оқу орындары жүмыс істейді, бүларда республиканың 7 жастан жоғарғы әрбір 2-түрғыны оқиды. Республиканың әр 10 мың түрғынына 169 студенттен келді. Алматы, Қарағанды, Қостанай, Целинофад, Семей, Жамбыл қалалары жоғары оқу ордаларының ірі орталықтарына айналды. Мәдениет сарайлары, театрлар, музейлер, клубтар, кітапханалар кала мен село еңбскшілеріне қызмет етті. Телевизия кең көлемде жүмыс істеді, республика түгел радио хабарымен камтылды.

Республика баспаларында жылына 29 млн. данаға жуық тиражбен 2300-ден астам кітап шығарылды. Қазақ, орыс, үйғыр, неміс және кәріс тілдерінде бір жолғы тиражы 5 млн. данадан астам 427 газет шықты.

Қазақ әдебиетшілерінің көптеген шығармалары одақтық жоне шетеддік оқырмандардың игілігіне айналды. Қазақ совет әдебиетін дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін Ғабит Мүсіреповке Социалистік Еңбек Ері атағы берідді. Ә.Нүрпейісовтың осы жылдары аяқталған "Қан мен тер" трилогиясы, Әзілхан Нүршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогы, ақын Ж.Молдағалиевтің творчестволық табысы КСРО Мемлекетгік сыйлықтарына ие бодцы. Республикамызда театр өнері жоғары кәсіби шеберлікпен даму үстінде. Ә.Нүрпейісовтың романы бойынша Қазақ драма театры койған "Қан мен тер" спектакліне СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Композиторлар С.Мүхамеджанов, Е.Рахмадиев, Ғ.Жүбанова, Н.Тілендиев өздерінің тамаша шығармаларымен қазақ музыкасын байыта түсті; Үйғыр композиторы Қ.Қожамьяров, дүнген Б.Баяхунов жемісті еңбек етті. КСРО Мемлекеттік сыйлықтарына Абай атындағы мемлекеттік академия-

188

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]