Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

24.Қазақ ССР-нің қысқаша энциклопедиясы. 1-том.

Алма-Ата, 1985.

25."Правда", 1941-1943, февраль.

26."Социалситік Қазақстан", 1983, 9 мамыр.

27."Лениншіл жас", 1970, 9 мамыр.

1.Екінші дүние жүзілік соғыстын бірінші кезеңі (1939қыркүйек— 1941 маусым)

Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945) тарихтағы ірі соғыстардың бірі, оның ортін халықаралық империализмнің екпінді күштері: фашистік Германия, фашистік Италия және милитаристік Жапония түтаңдырды. Ол капитализмнің жалпы дағдарысының екінші кезеңінде империалистік мемлекеттер арасыңдағы қайшылықтың мейлінше шиеленісуінен басталды. 1929-1933 жылдары дүние жүзілік экономикалық дағдарыс капиталистік елдерде саяси реакцияның барлық бағытта күшеюіне әкеліп соқты. Сөйтіп, монополистік буржуазия өз үстемдігінің буржуазиялық демократия түрлерін террорлық билікпен алмастыруға тырысты. 1933 жылы үкімет басына келген герман фашизмі өз саясатымен, идеологиясымен герман монополистік капиталыныц дүіше жүзіне үстемдік ету ниетін іске асыруға үмтылды. Расизмнің барып түрған сорақы түрлерінің жиынтығы, агрессорлық "өмір кеңістігі" теориясы — фашизмнің негізіне аркау болды. Ол өзінің жауыздық мақсатына жету қүралы тек күш керсету, сондықтан соғыс әрбір неміс азаматы үшін қасиетті іс деп жариялады.

1933 жылы фашистік Германия Үлтгар Лигасынан шықты. Халықаралық аренада Германияның, Жапонияның және Италияның агрессиялық күштері бас көтере бастады. 1936 жылы 25 қарашада Германия және Жапония "Антикоминтерндік пактіге" қол қойды. 1937 жылы қарашада оған Италия косылды.

Өзара қырқысқан капиталистік топтар дүние жүзін қайта белісу және товар өткізу рыноктарына ие болу үшін күресе отырып, сонымен бірге КСРО-ны қүртуды коздеді. Сондықтан АҚШ, Англия, Франция ездерінің бірінші дүние жүзілік соғыстағы карсыласы Германияның әскери экономикалық қуатын жедел қалпына келтіруге комектесе отырып, болашақ агрессияны Совет Одағына қарсы айдап салуға тырысып бақты. 1938 жылы наурызда Германия Австрияны басып алды. Ал қыркүйекте, Мюнхен келісімінің нәтижесінде, Англия мен Францияның Судет облысын

79

Германияның басып алуына келісті. Мұны АҚШ қолдады. Соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Совет үкіметі соғысты болдырмау, бейбітшілікті сақтау үшін коллективтік қауіпсіздік жүйесін қүрып, агрессорларды ауыздықтау саясатын жүргізді. Англия мен Франция үкіметгері қоғамдық пікірден сескеніп жоне Германияның одаи орі күшеюінен қауіптеніп КСРО-мен келіссез жүргізді. Бірақ, Англия мен Францияның теріс бағыт үстауы салдарынан келіссез сотсіз болды да, 1939 жылы 23 тамызда КСРО өз қауіпсіздігі үшін Германиямен өзара шабуыл жасаспау шартына келісті. Совет үкіметінің жүргізген дүрыс жөне дәйекті саясатының нәтижесінде, екінші дүние жүзілік соғыс Батыс державалардың үмітін ақтамай, капиталистік дүниенің өз ішіндегі қақтығысынан бастадды.

Соғыстың бірінші кезеңі (1939, 1 қыркүйек — 1941, 21 маусым) — фашистік Германияның соғыста уақытша жеңіске ие болған кезі. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады. Бүл екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы еді. 3 қыркүйекте Англия мен Франция Германияға қарсы соғыс жариялады. Қазанның басында Польшаны жау басып алды. 1939 жылғы 23 тамыздағы Кеңес-Герман келісімі бойынша КСРО-ныц оскері Батыс Украина мен Батыс Белоруссияға, 17 қыркүйекте Қызыл Армия совет-поляк мемлекеттік шекарасынан отіп, Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны қосып алды. 1939 жьшғы 23 тамыздағы қүпия хаттама келісім бойынша 1939 жылы қыркүйек-қазан айларында КСРО Эстония, Латвия және Литваны күшпен қосып алды1 . 1939-1940 жылдары совет-фин соғысы барысында КСРО озінің Солтүстік батыс шекарасын қауіпсіздендіруге жағдай жасады. 1940 жылы 12 мартта КСРО мен Финляндия озара бейбіт шартқа қол қойды. Бессарабия мен Солтүстік Буковина жөнінде Румыниямен бітім шарты жасалып, КСРО-нің шекарасы Батысқа қарай 200 км жылжытылды, Үлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағанымен 1940 жылғы майға дейін ешқандай үрыс әрекетін жасамады. 1940 жылы сөуір-мамырда гитлершілер Норвегия, Дания, Бельгия, Голландия, Люксембург және Францияны басып алды. Италия Жерорта теңізі бассейнінде үстемдік етуге тырысты. Гитлер Үлыбританияға басып кіру жонінде "Теңіз арыстаны" операциясын жүзеге асыруға тырысты. Бірақ Германия бүл операцияны жүзеге

1 Аманжолов К. Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945 ж.ж.). Алматы: Рауан, 1995, 14-23-бетгер.

80

асыра алмай, Үлыбританияның өскери-өнеркәсіптік объектілерін бомбалаумен шектелді'. 1940 жылдың жазынан бастап гитлершілер Шығыстағы агрессияны шүғыл күшейтті. 27 қыркүйекте Германия, Италия және Жапония өзара Үштік одақ пактісіне қол қойды. 1941 жылы көктемде Германия Балқан елдеріне агрессия жасап, соуірде Югославияны жоне Грецияны жаулап алды. 1940 жылы 18 желтоксанда Гитлер КСРО-ға қарсы соғыстың "Барбароссажоспарын" бекітті2.

Гитлер, оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен совет елін, оның қоғамдық қүрылысын қүртуды мақсат етті. Фашизм Совет Одағын бөлшектеп, "Остландия" (Белоруссия мен Прибалтика), "Московия" ("Россия") (Москва, Тува, Ленинград, Горький, Вятка, Қазан, Уфа, Пермь), "Украина" (Украина, Россия, Волга өңірі, Воронеж), "Кавказ" (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді қүруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Советтік Азия жерінде "Түркістан", "Еділ — Орал" деген қуыршақ мүсылман мемлекеттерін қүруды көздеді. Фашистер Россияныңкең байтақ территориясын мекендейтін халықтар арасында алауыздық пен жік туғызуға тырысты, оңда отаршылық езгі орнату — Герман фашизмнің бүкіл дүние жүзін жаулап, үстемдік жүріізуіе бағытталған стратегиялық жоспарының қүрамдас бөлігі еді.

2. Германияның КСРО-ға шабуылы Соғыстың бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктер Антифашистік одактың қүрылуы (маусым 1941 - казан

1942 ж.ж.).

Соғыстың бірінші кезеңі (1941, 22 маусым - 1942, 18 қараша) фашистік Германияның КСРО-ға опасыздықпен шабуыл жасауы және екінші дүние жүзілік соғыс аумағының онан әрі кеңеюімен сипатталды. 1941 жылы 22 маусымда Германия Совет Одағына түтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншьшарға қарсы совет халқының Үлы Отан соғысы басталды. Совет Одағына қарсы фашистік Германия одақтастарының (Венгрия, Румыния, Финляндия жөне Италия) армияларымен бірге ездерінің 190 дивизиясын шоғырландырды. Бүлардың қарауында 5,5 млн адам, 4,5

1 Аманжолов К. Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945 ж.ж.). Алматы: Рауан, 1995, 16-23-беттер.

2 Аманжолов К. Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945 ж.ж.). Алматы:

Рауан, 1995, 27-28-беттер.

 

6-148

8 1

мыңға жуық танк, 5 мыңға жуық самолет, 47,2 мың зеңбірек пен миномет болды. Демек, жау адам саны мен соғыс техникасы жағынан анағүрлым басым еді1. 1941 жылы 30 маусымда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылды. Соғыстың алғашқы күндерінле КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 14 әскери округ территориясыііда мобилизация жарияланды1.

Соғыстың бірінші кезеңі (1941 жылы, маусым — 1942 жылы, қараша). КСРО Халкомсовы мен БК(б)П ОК-нің 29 маусымдағы Директивасы 3 шіддеде И.В.Сталиннің радиодан сөйлеген сезівде баяндалды — неміс-фашист басқыншыларына қарсы күрестің программасы болды. Коммунистік партия шаруашылықты соғыс жағдайына бейімдеуге, барлық күш пен күралдарды елімізді қорғауға жүмыддыруға басшылық жасап, жау тылында партизандық соғысты үйымдастырды. 1941 жылы 30 маусымда Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті қүрылды. Бүл Төтенше орган Отан тағдырына орасан зор маңызы бар 9971 документ қабылдады.

10 шілдеде қүрамында И.В.Сталин, В.М.Молотов, К.Е.Ворошилов, С.КТимошенко, Г.К.Жуков, Б.М.Шапошников, С.М.Буденный бар Жоғарғы командование Ставкасы (8 тамызда — Жоғарғы Бас комавдование Ставкасы) қүрьщды. Жауынгерлер арасында партиялық-саяси жүмыс күшейтіліп, комавдалық саяси, инженер-техник кадрлар даярлауға аса зор көңіл болінді. Әскери комиссарлар институты қүрылды.

Совет Армиясы жаңа әскери қүрамалар және халық жасақтары қатарымен толыға түсті. Тек 1941 жылдыңжазы мен күзінде халық жасақтарының жауынгері болу үшін 4 млн-нан астам адам арыз берді. 1941 жылдың маусымжелтоқсанында майданға 1100 мың коммунист, 1941 жыддың екінші жартысында армия мен флоттағы басшы жүмысқа 9 мыңға жуық жауапты партия қызметкері аттанды. Украина партия үйымы армия қатарына 240 мың, Москва мен Москва облысы 150 мыңға жуық, Ленинград 87 мың, Қазақстан мен Орта Азия республикалары, Урал, Волга өңірі, Сібір мен Қиыр Шығыс аудандары 600 мыңға жуық, ал Закавказье республикалары 110 мыңнан астам коммунистерді майданға жіберді. Қорғаныс Комитеті соғыс экономикасын қалыптастырды. Оның қүрамдас болігі жау басын алған батыс аудандардың ондіргіш күштерін сақтау, шығыс аудандарға көшіріп, тез арада қалпына келтіру еді. 13500-ден астам аса ірі кәсіпорын, сонымен бірге материаддық байлықтар және

2 Сонда, 27-29-бетгер.

82

адамдар көшірді. Тек 1941 жылы темір жол бойымен 1,5 млн вагон жүк көшірілді, 1941 жылы 12 шілдеде соғыс қимыддарын бірлесіп жүргізу жөніңде КСРО - Үлыбритания, тамыздың басында экономикалық комек туралы КСРО — АҚПІ келісімдері жасалды. Бірінші кезенде соғыс Солтүстік батыс (Ленинград), батыс (Москва), Оңтүстік батыс (Украина) бағытында жүрді. Басты әскери қимылдар: 1941 жылғы шекарадағы шайқастар. Брест қамалы қорғанысы; немісфашист әскерлерінің Прибалтика, БССР-ді басып алуы. Ленинград блокадасының басталуы; Смоленск шайқасы (1941); Киев, Одесса, Севастополь қорғаныстары (1941-1942); герман әскерлерінің Украина мен Қырымды оккупациялауы жөне олардың басып алған жерлерде террористік режим орнатуы. Москва шайқасы: 1941 жылдың қыркүйек-қараша

- қорғаныс үрыстары; 5 желтоқсан — 1942 жылдың сәуірінде

— фашистік Германияның "қауырт соғыс" идеясын талқан етіп, соғыста түбегейлі бетбүрыс жасаған Қызыл Армияның қарсы шабуылы, герман әскерлерінің екінші дүние жүзілік соғыстағы алғашқы ірі жеңілісі. Бүл кезенде совет елінің сыртқы саясаты дүние жүзінің бейбітшілік сүйгіш халықтарын топтастыруға бағыттадды. 28 мемлекеттен антигитлерлік коалиция күрылып, Үлыбританиямсн оскери одақтастық туралы шарт жасалды. 1942 жылдың маусымында неміс фашист армиясының Волга өңірі мен Кавказды басып алуды көздеген Оңтүстік батыс бағыттағы шабуылы басталды. 17 шілдеде — 18 қарашада қаһарман Сталинград қорғанысы; 1942 жылдың шілдесіңде Кавказ үшін шайқас бастадды. Ауыр шайкастарда командирлер, саяси қызметкерлер, партия және комсомол үйымдары жауынгерлерді табандылыққа, темірдей тортіп пен жауға қарсы бітіспес өшпенділікке тербиеледі. Соғыс кезіндегі едәуір шығывдарға қарамастан, партия қатары озат жауынгерлерді қабылдау арқьшы барған сайын толыға түсті. (1942 жыддың ортасында Қарулы Күштерде 1,5 млн коммунист, 1942 жылдың аяғында — 1,9 млн коммунист болды). Кескілескен қанды шайқастарда Совет Қарулы Күштері шындалып, әскери шеберлігі арта түсті. Бүл кезеңде майдандағы да, тылдағы да жағдай ауыр болды, соған қарамастан совет жауынгерлерінің қаһармандығы мен ержүректігі арқасында жау шабуылы токталып, күштің ара салмағы совет халқы мен оны Қарулы Күштердің пайдасына шешіле бастады.

83

3. Брест, Мәскеу үшін шайқастағы қазақстандықтардьщ ерліктері

Брест қамалын қорғаушьшардың қатарында 1941 жылы 22 маусымда қазақ халқының өкілдері көп еді. Нақтылы айтқанда, Брест оскери гарнизонында қазақстаңдық солдаттар мен командирлер екі мыңнан астам болатын. Бүлардың кобі ерлікпен қаза тапты1. Белгілі жазушы Николай Андреевич Шахов Брест қорғанысына қатысқан қазақстандықтар туралы жазғандарында қамалды қорғауға қатысқан Жүмаш Қабдолдаевтың мына хатын келтірген: "1941 жылдың 22 маусымында біз Брест қамалына жақын жазғы лагерьде болатынбыз. Біздің бөлімше жігітгерінің ішівде Б.Аманжолов пен Қ.Орынтаев өрқашан көзге түсіп жүрді. Екеуі мерген атанды, екеуі де дивизион комсомол комитетінің мүшесі бодды.

Таң сәріде айнала арсыл-гүрсіл болып кетті. Фашистер үзын шеппен қаптап келеді. Екі жақтан да атыс басталды. Бірі оқ салып, бірі нысаналап жатқан Қ.Орынтаев пен Б.Аманжоловтың қимылдарынан сондай ерекше ептілік пен шапшандық сезілді. Енді бір сәтте жау машинасының тасталқаны шықты. Осы бір шақта тас төбеде жау самолеттері кобейіп кетті, автоматшылары да оқты жаудырып келеді. Гимнастеркаларын шешіп тастаған Б.Аманжолов пен Қ.Орынтаев денесі қан аралас терге малынды. Он минутгың ішінде оқ-дәрі түгел жүмсалып болды. Осы кезде комавдиріміз Лисач алға үмтылды, "Уралап" атой салған жігіттер жекпе-жек айқасты. Жау шабуылына тойтарыс берілгендей болып еді, бірақ екінші бір бүйірден танкілер бізге жақындап келе жатты. Олардың тасасында — автомашиналар. Ал бізде снаряд жоқ. Жау жақывдаған кезде граната лақтырдық. Бір танкінің күлі көкке үшты. Жауға граната лақтырған Аманжоловқа оқ тиді. Балаубек қолымызда көзін жүмды, денесін Брест каласының шетіне жерледік"2.

Кейіннен Барановичи қаласы түбіндегі шайқаста Қ.Орынтаев та ерлікпен қаза тапты.

Көпесбай Иманқүлов, Евгений Андреевич Качан, Александр Федорович Наганов, Мақсүт Ниязов, Хажымүрат Садықов, Әбдіманап Шанақов, Владимир Авнович Фурсов, Шавкат Чултуров және басқа қазақстандықтар қамалдың әр түрлі учаскелерінде соғысты. Қызыл Армия бөлімдерінің

1Шахов Н.А. Алыста қалған ағалар. Лениншіл жас. 1970, 9 май.

2Аманжолов К.Р. Ерлік жолымен. Алма-Ата: Жалын, 1977, 41-бет.

84

қайыспай қарсылық көрсетуіне қарамастан, дұшпан әуелгі бетте көп жерімізді басып алды. Бірақ соғыстың бастапқы кезіндегі сәтсіздіктер халқымыздың, армия мен флот жауынгерлерінің еңсесін түсірген жоқ. Совет үкіметінің 1941 жылғы 22 маусымдағы мәлімдемесінде айтылған: "Біздің ісіміз - әділ іс. Жау талқандалады. Біз жеңіп шығамыз!" деген создер олардың жігеріне жігер қосты, рухын көтерді. Қызыл Армияның жауға қарсылығы күннен-күнге өсе түсті. Смоленск шайқасы екі айға созылды. Совет гвардиясы осы жерде туды. Шайқас кезінде Смоленск, Москва, Калинин, Орел облыстарынан 500 мыңнан астам адам қорғаныс бекшістерін садды. Совет әскерлері қорғаныстан шабуылға көшіп отырды. Ельня түбіңде олар немістің 8 дивизиясын талқандады1.

Шілдеде фашистік әскерлер Ленинградқа жақындап келді. Ленинградтықтар күндіз-түні қорғаныс бекіністерін садды, жаудың үздіксіз атқылауы мен бомбалауының астывда жүріп заводтар мен фабрикаларда еселеген жігермен жүмыс істеді. Ленинград алынбас қамалға айналды. Табанды қарсылыққа кездескен жау, қаланы тағылықпен атқылай бастады.

Гитлершілер соғыстың алғашқы айының ішіңде-ақ Киевті басып алмақ болған-ды. 10 шідде шамасында олар қаланың іргесіне келіп жеткен еді. Тек 19 қыркүйекте Жоғарғы командованиенің бүйрығы бойынша совет әскерлері Киевті тастап шықты. Гитлершілердің бірден Одессаны алмақ болған әрекеті іске аспай қадды. Кескілескен үрыстар екі айдан астам уақыт бойы үздіксіз жүргізілуімен болды. Ставканың бүйрығы бойынша біздің әскерлер қаланы тастап шығып, оны қорғаушылар Қырымға әкетілген кезде ғана жау Одессаға кірді. Қазанның екінші жартысында жау Қырымға бұзып өтті. Ол Севастопольді тез-ақ басып алуға өрекеттенген еді. Бірақ мүнысынан ештеме шықпады. Қаланы ерлікпен қорғау басталды. Ленинградты, Киевті, Одессаны, Севастопольді қорғаудьщ фашистік "қауырт соғыс" жоспарьш іске астыртпай тастау үшін және Москваны қорғау үшін зор маңызы болды.

Еліміздің барлық халқы қасиетті Үлы Отан соғысына аттавды. Қысқа мерзім ішінде бүкіл ел біртүтас соғыс лагеріне айналдырды. Совет мемлекетінің барлық күш-жігерін, материалдық, жөне адам ресурстарын фашист жауыздарды талқандауға жүмылдырылды. "Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін" деген үран басқыншыларға қарсы күрестің айбынды туы бодды. Партия, оның Орталық Коми-

1 Аманжолов К.Р. Шайқаста шыңдалған достык,- Алматы: Мектеп, 1985, 11-бет.

85

теті совет экономикасын соғыс талабына сай қайта қүру жолында орасан зор саяси-үйымдастыру жүмысын жүргізді.

Совет Одағына қарсы фашистік Германияның стратегиялық жоспарларында біздің үлттар арасындағы достықты бүзу мақсаты да қарастырылды. Алайда гитлершілер баса-көктеп кірген кезінен бастап-ақ еліміз халықтарының бауырластық күшіне кездесті. Жүмысшы Галуст Карагезов әскер қатарына алынарда митингіде сөз сойлеп былай деді: "Менің екі ағам қазір қаныпезер жаумен жағаласып жүр. Бүгін майданға бес ағайынды аттанып барамыз. Отавды қорғау — ана сүтін ақтау емес пе! Солай болғандықтан қолымызға қару алып жауға қарсы аттанбақпыз".

Ағайынды Карагезовтер жауды толық талқандағанша шайкасуға ант берді1. 1942 жылдың жазында Қызыл Армия қүрамында Кавказ және Орта Азия үлттары өкілдерінің қатары кобейе түсті. 1941 жылдың 21 маусымынан 1942 жылдың сәуіріне дейін Қызыл Армия қатарына 1 миллионнан астам грузин, азербайжан, армян, өзбек, қазақ, қырғыз, тәжік қосылды. Тек Қазақстанның өзінде 1942 жыддың желтоқсанына дейін 12 дивизия мен жеке бригадалар жасақталып, майданға атгандырылды2.

Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешіміне сәйкес, Қазақстанда бес үлттық дивизия мен бригада жасақтау үйғырылды. Олар: 105, 106, 96 үлттық атгы өскер дивизиялары және 100, 101 үлттық атқыштар бригадасы3. Бүл қүрамалардың қатарына жазылуға республиканың жігіттері мен қыздары лек-легімен ерікті түрде келе бастады. Мысалы, 101 үлттык атқыштар бригадасыңда Батыс Қазақстан (қазіргі Орал) мен Ақтөбе облыстарынан ғана 2485 қазақ жігіті кедді4. Бүл бригаданың қүрамына Гурьев, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Семей, Солтүстік Қазақстан, Қарағавды облыстары да коптеген азаматтарын атгандырды. Үлттық қүрамаларға жіберу жөнінде әскери госпитальдарда емделіп жатқан көптеген комаидирлер мен саяси кызметкерлерден етініштер түсті. 101 үлттық дербес атқыштар бригадасы Ақтөбе қаласында жасақтадцы. Оның жауынгерлерінің 80%-тен астамы жергілікті түрғындар бодды5.

1Правда. 1941, 28 июнь.

2Артемьев А.П. Братский боевой союз народов СССР в Великой Отечественной войне. М.: Мысль, 1975, 41-бет.

3Дружбой великой сильны. Алматы: Қазакстан, 1972, 308-бет.

4"Социалистік Қазақстан". 1983, 9 май.

5Ачанжолов К.Р. Шайқаста шындалған достық. Алматы: Мектеп, 1985, 13-бет.

86

Еліміздің түрлі үлттары мен халықтарының мызғымас достығы жеңістің қуатты қайнар көзі болды, бұл достық соғыс кезінде шынығып, нығая түсті.

Үлы Отан соғысындағы ірі оқиғалардың бірі — Совет Армиясының Москва түбіндегі 1941 жылдың күзі мен қыс айларындагы жеңістері болды. Бүл шайкас жарты жылға созылып, соғыстыңбастапқы кезініңтағдырын шешті. Москва түбіңдегі үрыста совет армиясы алғашқы стратегаялык жеңіске жете отырып, дүние жүзілік соғыстағы жағдайды өзгертті. Москва түбіндегі бүл жеңістің әскери-саяси мәні зор бодды, оның барысында соғыстағы түбірлі бетбүрыстьщ бастамасы қаланды.

Жеңіске жететініне сенген Гитлер 7 қараша күні Қызыл алаңца озінің "жеңілмейтін" әскерлерінің парадын өткіземін деп бүкіл дүние жүзіне жариялады. Москваға шабуылды бастаған фашист әскерлері оньщ қорғаныс шебін бүзды. Қызыл Армияның бөлімдері қан төгіс күрес жүргізе отырып, шегінуге мәжбүр болды. Бір ай ішінде жау 230-250 шақырым алға жылжып, Калининді, Волоколамскіні, Можайскіні, Орелды алып, Тулаға таяп келді.

Москва үшін шайқаста орыс халқымен бірге, Совет Одағының басқа үлттары ерлікпен күресті. Бүл шайкаста бауырлас республикаларда қүрылған интернационалдық және үлттық әскери бөлімдер ерекше роль атқарды. Жауға қарсы қазақстандық 312, 316, 319, 387 атқыштар дивизиялары ерлікпен шайқасты1.

1941 жылы қазанның ауыр күндерінде Батыс майданның әскери кеңесі жауынгерлерге мынадай үндеу таратты: "Жолдастар! Біздің мемлекетіміз үшін сын сағат туған кезде Отан сіздердің әрқайсыңыздың аса зор күш жүмсауыңызды талап етеді, ерлік, батырлық, табандылық қажет. Отан бізді мызғымас қамал болуға және фашистік орданың Отанға және сүйікті Москваға баратын жольш қорғауға шақырады"2.

Майдандағы жауынгерлер бүл шақыруға жаппай ерлік көрсетумен жауап берді.

Москва үшін шайқастарда генерал И.В.Панфиловтың 316 атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен офицерлері ерекше көзге түсті. Бүл коп үлтты дивизияның жауынгерлері 33 күн бойы Волоколамск бағытындағы маңызды шепті табандылықпен үстап түрды.

1Аманжолов К.Р. Шайқаста шындалған достык,. Алматы: Мектеп, 1985, 17-бет.

2История второй мировой войны. 1939-1945. 4-том. 99-бет.

87

Саяси жетекші Клочковтан үлгі алған жиырма сегіз батырдың ерлігі дүние жүзіне белгілі болды. Олардың ішінде орыстар Иван Шадрин, Николай Трофимов, қазақтар Нарсүтбай Есеболатов және Әлікбай Қосаев, украиндық Григорий Петренок, қырғыз Дүйсенқүл Шопоков және баскдлар болды. Олардың әрқайсысы саяси жетекші Василий Клочковтың "Россия кең байтақ, ал шегінерге жер жоқ - артымызда Москва!" деген үранын қабылдады1. Сойтіп, олар достық шежіресін қанмен жазды. Панфиловшылар қысқа мерзім ішінде жаудың танк дивизиясын, моторлы екі жаяу өскер дивизиясын талқаңдады. "Правда" газеті 1941 жыддың 12 қарашасындағы нөмірінде былай деп жазды: "Панфилов дивизиясы жауынгерлерінің, командирлері мен саяси қызметкерлерінің ғажайып ерліктері жауды жерге тығылып бас сауғалауға мәжбүр етті".

Аты аңызға айналған өжет офицер Бауыржан Момышүлының есімі де осы кезде шықты. Ол өзінің ерлігімен, қиын кездегі тапқырлығымен, үрысты жүргізу шеберлігімен, жауынгерлік тапсырманы мүлтіксіз орындаушылық қасиетімен жауынгер-офицерлердің, генерал И.В.Панфиловтың сүйіспеншілігіне бөленді2. Осы бір қиын күндердегі жауынгер Алексей Блоха мен офицер Бауыржан Момышүлының достығы, офицер Бауьфжан Момышүлы мен генерал И.В.Панфиловтьвд достығы кімге болса да зор өнеге бодды. Шынайы достық, нағыз ынтымақтастық осывдай қиын күвде, ел басына күн туған шақта ерекше керінді.

Панфилов дивизиясында 26 үлттың жауынгерлері: орыстар, қазақтар, қырғыздар, украиндар, татарлар, өзбектер, т.б. болды. Күші басым гитлершілермен Мәлік Ғабдуллин бастаған автоматшылар тобы ерілкпен шайқасты. 1941 жылғы 16 қарашада совет автоматшылары жаудың бірнеше шабуылын тойтарды. 200-ден аса фашист пен бірнеше танкі жойды. Топта 30 жауынгер болды. Орыс — Алексей Попов пен қазақ

-Мәлік Ғабдуллин, украин - Максим Коваленко мен өзбек

-Қасым Абдукаримов, татар - Қүсайын Саитов т.б. болды3.

1941 жылдың 18 қарашасы дивизия жауынгерлері үшін даңқты күн боды. Осы күні 316 атқыштар дивизиясына гвардиялық дивизия деген атақ беріліп, ол Қызыл Ту

1Правда. 1941, 12 ноябрь.

1Аманжолов К.Р. Ерліктің жарқын беттері. Алматы: Қазакстан, 1987, 14-бет.

1Артемьев А.П. Братский боевой союз народов СССР в Великой Отечественной войне. М., 1975, с. 117-118.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]