Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Е.И.Воробьева, Т.Жүмабаева, Ж.Ақәділова, Л.И.Семенова, Я.И.Попиневская, Брянск ормандары мен Смоленск даласында А.Нүрымбаев, Дзержинский атындағы партизан отрядыныңкомандирі Н.В.Зебницкий, "Грозный" партизан отрядының командирі Ф.Ф.Озмитель, 2-Клетянск партизан бригадасы кОіМиссарының орынбасары Ә.Шәріпов, взвод командирі Ж.Ақөділов, И.Өтебаев, А.Төлегенов, "Он үш партизан күрамасы" батальонының барлау бастығы Г.Т.Синдеев, У.Ишанқүлов, А.Аддабергенов, ЖБекмүхаметов т.б. ерекше кезге түсті.

Қазақстандық партизандар: А.Сиддиков, К.Өтенов, П.Антипов, Т.Қайырбеков, Н.С.Калачев, К.Сандыбаев, Т.П.Мирошниченко,М.Ефремов,Н.Көшекбаев,П.ИДорошенко т.б. жүздеген мың партизан КСРО ордендерімен және медальдарымен наградтадцы. Совет партизандарының ошпес ерліктері Отанымыздың даңқты тарихына алтын әріппен жазьщцы.

Егемен Қазақстан мемлекеті Қасым Қайсеновке Отан соғысындағы ерлігі үшін Халық қаһарманы атағын берді.

13.ҚазақстандықтардыңЕвропаны

азат ету жорығына қатынасуы (1944-1945 ж.ж.)

Согыстыңушіншікезеңі (1944 жыл қаңтар — 1945 жыл 8 мамыр)

Қызыл Армия батыска азат етуші армия ретінде бара жатгы. Өз бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен совет халқы фашизмнің езгісінде жапа шеккен басқа халықтардың тағдырына немқүрайды қарай алмады. Соғыстың бүкіл он бойывда совет жауынгерлерінің тарихи азат етушілік міндетін баса көрсетіп отырды. Осы ардақты мақсатпен жігерленген Қызыл Армия Еуропаның қүлдыкқа түскен халықтарын фашизмнен қүтқарып, оларға азатгық әкеле жатты.

Қызыл Армияның батысқа қарай алға басуына байланысты европалық еддер халықтарының мемлекетгік, экономикалық және мәдени өмірінің маңызды мәселелері алға койылды. Совет үкіметі өз мақсаты ретінде мынаны жариялады:

1.Еуропа халықтарын фашист басқыншыларынан азат ету және олардың өздерінің тәуелсіз үлттық мемлекеттерін қайта қүруына көмектесу.

2.Өздерінің мемлекеттік қүрылысы мен әлеуметтік қүрылысы женшдегі мәселені шешуде азат етілген халықтарға толық ерік беру.

149

3.Соғыстың тууына және халықтардың қайғы-қасірет шегуіне айыпты басты-басты соғыс қылмыстыларын өздерінің жасаған зүлымдықтары үшін қатаң жазалау женінде шаралар қолдану.

4.Еуропада Германшшың жаңа агрессия жасау мүмкіндігін толық жоятын тортіи орнату.

5.Оккупацияға ұшыраған, фашистер талап-тонаған елдерде шаруашылық пен мәдениетті қалпына келтіру мақсатымен езара сеніммен, өзара жәрдем негізінде Еуропаның барлық

халықтарының экономикалық, саяси және үзақ ынтымақтастығын орнату1.

1944 жылы жазда совет әскерлері Польшаның территориясына кірді. Ауыр сыңцарға төтеп берген, қыруар күрбандықтарға үшыраған поляк халқы Қызыл Армияны сүйіспеншілікпен, шын ықыласпен карсы алды.

Көп үлтты Совет Армиясының қүрамывда қазақ жауынгерлері Еуропа мемлекеттеріне азаттық әперу жолында жан қиярлықпенқимыдцады.

Қазақстанда қүрылған 27-гвардиялық атқыштар дивизиясы Полыла территориясын герман фашизмінен азат ету үшін ерлікпен шайқасты. 1944 жылы 2 тамызда Батыс Буг өзенінен сотті откеннен кейін дивизия Польша территориясы арқылы Висла өзеніне жылжыды. Ол бірсыпыра қалаларды, поселкелерді, деревняларды, солардың ішіңце маңызды тіректі пункт Мнищев қаласын азат етті. 27-атқыштар дивизиясының жауынгерлік қимылы Висла — Одер операциясының сәтті аяқталуына әсерін тигізді, оның барысында жау көп адамынан, техникасынан айырылды, осы ауданды тастап кетуге мәжбүр болды.

27-атқыштар дивизиясының, Совет Армиясының басқа да әскери бөлімдерінің қоян-қолтықтасқан қимылы нәтижесінде Лодзь және Гнезно азат етілді. 1945 жылы 25 қащарда Познань қаласын куатгы бекініске айналдырған жау гарнизоны талқандадды. Совет әскерлері 6 мыңнан астам жау солдаты мен офицерін қолға түсірді. Бірақ бүл жеңіс оңайға түскен жоқ. 17 мыңға жуық совет жауынгері мен офицері қаланы азат ету жолында өз өмірін қүрбан етті2. Познань үшін шайқаста ерекше көзге түскен 24-атқыштар дивизиясының отыздан астам қазақставдық жауынгерлеріне Совет Одағының Батыры атағы берілді.

1Совет Одағы Коммунистік партиясының тарихы. 518-бет.

2Үгітші блокноты, 1969, N3, 14-бет.

150

Полына жерін азат ету кезінде Сағадат Нүрмағамбетовтің пулемет ротасы 1945 жылғы 14-15 қаңгарда 120 гитлершідцерді жойды. Бірнеше поляк селоларын: Пилица өзені бойында орналасқан Выборуа, Маринка, Лихоница поселкелерін фашистік басқыншылардан тазартгы.

Польша аспанында корсеткен ерлігі үшін қазақстандық үшқыштар Константан Яковлевич Малинге, Иван Федорович Омиговқа, Николай Дмитриевич Авдеевке Совет Одағының Батыры атағы берілді1. Атақты үшқыш Талғат Бигельдиновке Польшаның көптеген қалаларын азат ету барысывдағы әскери айқастарда корсеткен ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атағы екінші рет берідді.

1945 жылғы 16 сәуірді Берлин операциясы басталды. Қаланың көшелерінде 10 күн бойы сүрапыл үрыстар жүргізілді.

Берлинге алғашқылардың бірі болып кіргендердің ішінде Орал облысы Қаратөбе ауданының азаматы жиырма жасар К.Мәденов те бар еді. Ол империя кеңсесі деп аталатын фашистердің Рейхстагган кейінгі бір ордасы Ратушаны алуда ержүректілігімен көзге түсті. Ол өзінің взводымен бірге оқ несерін бүзып-жарып, жаумен қоян-қолтық айқаска түсті. Жау шсбін бүзып, 5-армияның 1008-полкыныц шабуылына жол ашты. Лейтенант К.Мәденовтың империя кеңесін алудағы ерлігі туралы Совет Одағының Маршалы, терт мәрте Совет Одағының Батыры Г.К.Жуков өз естелігінде: "Лейтенант К.Мәденовтың взводы мүңца бірінші больш басып кірді. Жауынгерлер Н.П.Кондрашев, К.Е.Крютченко, И.Ф.Кашпурвский т.б. ержүрек лейтенантпен бірге батыл әрекет корсетті. Олар қол гранатымен вестибюль мен коридорларды атқылады. Әрбір бөлмені үрыспен алды"2 — деп жазды. К.Мөденов империя кеңесін алудағы ерлігі мен табандылығы үшін, взводын басқарудағы шеберлігі үшін "Қызыл Жүлдыз" орденімен наградталды.

30 сәуірді 3-екпінді Армияның әскерлері Берлиннің орталығына басып кірді. 1 мамырға қараған түні жау үясы рейхстагтың төбесінде Жеңіс туы желбіреді. Оны сержанттар МА.Егоров пен М.Б.Кантария қадады. Рейхстагты алу үшін болған үрысқа 3-екпінді Армияның жауынгерлері қазақстан-

1Совет Одағының казақстандық батырлары. 17, 18, 53-54, 113-116, 133-134, 159-160-беттер.

2Маршал СоветскогоСоюза Г.К.Жуков. "Воспоминания и размышления". Москва, 1970, стр. 626.

151

дық лейтенант Р.Қошқарбаев пен Г.П.Булатов сияқты мындаған жауынгерлер қатысты. 2 мамырда сағат 15-те талқандалған Берлин гарнизоны тізе бүкті, қарсыласуын толық тоқтатты.

Гитлер өзінің адам айтқысыз қылмыстарынан қорқып, империя канцеляриясының бункерінде өзін-озі олтірді.

Берлинді алғандардың ішінде медицина қызметінің капитаны М.Түкібаева бодды. Ол рейхстаг қабырғасына өзінің ана тілінде "Қазақ қызы — Мархабат Түкібаева Берлинге жетті. Талдықорған — Алматы — Москва - Берлин, май, 1945 жыл" деп белгі қалдырды.

Берлин операциясын ойдағыдай жүзеге асырып, фашистік Германияның астанасында Жеңіс туын тіккеннен кейін Бірінші Белорус майданының қүрамалары кейін шегінген жауды қуып отырып, 7 мамырда Эльбаға жетгі, онда американ өскерлерімен кездесті. Тоғызыншы мамырда неміс-фашист әскери командованиесі Совет Қарулы Күштері мен оның одақтастырының аддывда өздерінің жеңілгендігін мойындап, актіге қол қойды. Берлин операциясы барысында Совет Қарулы Күштері жаудың 90-нан астам дивизиясын талқандады, 480 мың неміс-фашист солдаты мен офицері түтқынға алынып, 1550 танк пен 8600 зеңбірек, 4,5 мың самолет қолға түсті. Орасан зор Берлин операциясы Еуропадағы екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуын қамтамасыз етті.

Орталық және Солтүстік Германияда зүлым жауды талқандаудағы Берлин операциясын жүзеге асыруда Совет Одағының Батыры атағын алғандардың ішінде қазақстандық 20 жауынгер болды.

Олар: қатардағы жауынгер И.Ф.Беляков, сержант В.А.Бовт, аға сержант И.Я.Сьянов, лейтенанттар А.Д.Романов, Н.С.Шелихов, аға лейтенанттар Қ.М.Сүрағанов, Г.М.Вожакин, капитан Р.С.Балтаев, подполковник С.М.Бендиков тағы басқалар бодды.

1 Май күні елең-алаңда рейхстагта Жеңіс Туы желбіреп түрды.

Қазақ халқының адал үлы Жүман Қарақүлов өзінің қаһармандық ерлігін Чехословакияны азат ету жолындағы үрыс күндеріңце жасады.

Звала деген елді мекеннің батыс жағындағы 762 биіктік қолдан-қолға кеше берді. Жау күшті қарсылық көрсетті.

Рота үшінші рет шабуылға шыққанда Қарақүлов, жауынгер Саркисьянов екеуі бірінші болып жау траншеясына жетіп, рота жауынгерлерінің ілгері жылжуына көмектесті.

152

Бірақ, аяқ астынан бір неміс пулеметі ажал сеуіп қоя берді. Қарақүлов от шашкан аждаһаның аузына тап берді. Ол көкірегін окқа тосып, пулеметтің үнін өшірді. Отан алдындағы борышын осылай өтеді.

СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Указы бойынша Қарақұлов Жүман Совет Одағының Батыры атанды'.

1945 жылғы 9 мамырда совет әскерлері өзінің ақтық операциясын аяқтады. Чехословакияның астанасы Праганы азат етті.

Чехословакияның астанасы Праганың ортасында еңсесі биік монумент түр, оны қаланы азат ету үрыстарында қаза тапқан Совет жауынгерлеріне ризалық білдірген чехословак халқы қойған. Монументте батырлардың аттары алтын әріптермен ойып жазылған. Олардың ішінде кешегі қыршын жерлестеріміз — Совет Одағының Батыры Жүнісов Мәжитгің, жауынгерлер Сапабаев Мүстафаның, Қоңырғалиев Зейнулланың, зейнуллин Талғаттың, Ахметов Сейдахметтің және басқалардың аты бар. Олардың әрқайсысы үлы жеңістің келетініне көміл сенді. Асыл азаматтар әділ күрес жолында соғыстың ақырғы күндеріңце қаза тапты. Оларды туған халқы үмытқан жоқ. Ақын Түманбай Моддагалиев "Чехословакия дәптерінен" деген өлеңінде чех жерін азат ету үшін қасық қаны қалғанша шайқасып қаза тапқан осы ерлерге арнап:

Чех жерінің топырағын жамылып, Жатыр үнсіз менің қандас бауырым. Анасына оралмапты шіркін жас, Сағынумен көз жүмыпты ауылын.

Мерт болыпты жау оғынан қаңғырған, Бүйырмапты бақыт тойы, ән бүған. Жүрегінде сақтап жүрген қызы боп Өтті ме екен қайран өмір аддынан.

Рухын оның әкет елге тауып жел, Оны әлі де күтіп жүр ғой ауыл, ел. Дос жүрегін Еуропаға үсынып Түрған кезде мерт болыпты жауынгер.

Бүл өлкеге Абай әні жетпепті, Қағазымның арай өңі жетпепті.

1 Совет Одағының қазақстандық батырлары. Ітом, 343-344-беттер.

153

Бауырлардың керген кезде зиратын Ой, бауырымдап жылап алғым кеп кетті1, - деді.

КСРО халықтарының достығы фашистік басқыншыларды жеңіп шығудың басты негіздерінің бірі болды. Бүл достық соғыстың ауыр сындарынан сүрінбей өтіп, онан сайын шыңдала түсті. Орталық және Оңтүстік, Шығыс Еуропа елдерін гитлерлік басқыншылардан азат етуге миллиондаған совет жауынгерлері қатысты. Барлық жерде, соның ішінде Германияның азат етілген территориясында да совет жауынгерлері адамгершілік, табандылық, тапқырлық, саналылық көрсетгі. Шетел халықтарын азат етуде совет әскерлері өз туған жеріндегідей ерлік пен батырлық косетті.

Егер Үлы Отан соғысының басты батырын айтатын болсақ, онда нағыз мәңгі жасайтын батыр елімізді мекендеген және мызғымас туысқандык. дөнекерлермен берік байланысқан халыктардың бүкіл достық семьясы болып табылды.

Фашистік Германияның 10 млн әскері болғанына қарамастан, әскер және экономика жағдайы нашарлай түсті. Жау 1943 жылдың шілде-караша аралығында совет-герман майданында 1223 мың адамнан айрылды. 1944 жылдың басыида псміс-фашист армиясының 4906 мың адамы, 57570 зеңбірек пен миномет, 5400 танк, 3071 самолеті болды. КСРОде қару-жарақ шығару едәуір дәрежеде ості. 1941 жылғы шығарылған танк пен самолеттен 1944 жылы ай сайын 5 есе артық шығарды. Қызыл Армияның 1944 жыддағы міндеті совет жерін неміс-фашист басқыншыларынан біржолата азат етіп, Европа халқын фашистік езгіден қүтқару болды. Бүл кезендегі басты оқиғалар: 1943 жылдың желтоқсаны - 1944 жылдың сәуірі — Оң жағалаулық Украина азат етілді, қаңтар

— наурыз — Ленинград және Новгород түбінде неміс-фашист әскерлері талқандалды, сәуір-мамыр — 1944 жылғы Қырым операциясы, маусым-тамыз - фин армиясы талқандалып, 19 қыркүйекте Финляндия соғыстан шықты. БССР және Польшаның Шығыс болігі, шілде-қазанда Балтық жағалауының копшілік бөлігі азат етіліп, тамыз-қыркүйекте ЯссыКишинев опреациясы жүзеге асырылды. Румыния мен Болгария Германияға қарсы соғысқа кірісті. 1944 жылдың аяғында совет әскерлері соғыс операцияларын ойдағыдай жүргізе отырып, Венгрия, Солтүстік Норвегия, Шығыс Югославияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етті. Совет Армиясының бүл жеңістері Германияның барлық

"Социалистік Қазақстан". 1974, 15 қыркуйск.

154

одақтастарын соғыстан шығуға мәжбүр етті. 1944 жылы маусымда АҚШ пен Үлыбритания Солтүстік Франциядан 2-ші майдан ашты. КСРО, АҚШ және Үлыбритания мемлекеті басқыншыларының соғыстан кейінгі проблемаларды шешу және соғыс қимылын бірлесіп жүргізу мәселелерін талқылаған Қырым конференциясы (1945 жылдың 4-11 ақпаны) өтті. Қаңтар-сәуірде Польша және Чехословакия жерінің көпшілік бөлігі азат етіліп, совет әскерлері Шығыс Пруссия, Померания, Силезияға келіп кірді. Будапешт жаудан босатылып, Вена алынды. Берлин операциясы (16 сәуір — 8 мамыр) шеберлікпен жүргізіліп, Берлин алынды. 8 мамырда сөзсіз тізе бүгу актісіне қол қойылып, 9 мамыр Жеңіс күні болып жариялаңцы. 6-11 мамырда Прага операциясы негізінде бүкіл Чехословакия жері жаудан толық азат етілді. Совет халқы мен оның Қарулы Күштері дүние жүзілік соғыста жеңіске ие болды, Еуропаның бірқатар елдерін фашистік езгіден қүтқарды; фашистік Германия мен оның одақтастарын талқавдауға шешуші үлес қосты. Еуропадағы соғыс біткенмен, екінші дүние жүзілік соғыс әлі аяқталмаған еді. Қиыр Шығыстағы соғыс ошағын жою, КСРО-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жер жүзінде баяңды бейбітшілік орнату мақсатында Қырым конференциясында қабылдаған одақтастық сертіне адал Совет мемлекеті 8 тамызда Жапонияға қарсы соғыс жариялады. Қысқа мерзім ішінде оның қүрлықтағы басты күші — Квантун армиясын талқандап, Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдарын жаудан босатты. 2 қыркүйекте Жапония сөзсіз тізе бүгу актісіне қол қойды. Екінші дүние жүзілік соғыс осылайша аяқталды.

Совет Қарулы Күштерінің неміс фашист басқыншыларына қарсы айбынды күресі Еуропа елдерінде Қарсыласу қозғалысын туғызды. Олардың қүрамывда 40 мыңнан астам совет интернациналистері болды. Совет елі Чехословакия, Югославия, Италия, Польша партизандарына материаддықтехникалық көмек көрсетті. С.А.Ковпак атындағы 1-Украин партизан дивизиясы Польша жерінде жаумен шайқасты. 92 оперативтік қүрамадан түратын 8,5 млн-ға жуық жауынгерлерді іріктірген Совет Армиясы Отаннан алыс жерде азаггық күресін жүргізді. Олар Еуропаның, Азияның 2700 мың км2 жері, 170 млн халы бар 12 елін толық немесе жартылай азат етті. Бүл жорықтарда 1 млн-нан астам ардагер азаткерлер қаза тапты, ал жаралы жөне хабарсыз кеткендерді есептегенде жалпы шығын 3 млн-нан астам адам еді.

155

14. Жапон милитаристерініц талқандалуы және оған қазақстаңдықтардыңқатынасуы

Совет Одағы 1945 жылдың мамырында гитлерлік Германияны талқаңцап, Еуропадағы соғыс қимылдарын төмамдады. Бірақ Қиыр Шығыс пен Тынық Мүхитта соғыс өрті әлі де лаулап жатқан еді. Милитаристік Жапония өршелене қарсылық көрсетіп, қаруды үсті-үстіне төгумен болды. Әскери қимылдар Совет Одағының Қиыр Шығыстағы шекараларына таяп қалды. Жапон әскерлерінің Солтүстік шығыс Қытай территориясында, Корея, Оңтүстік Сахалин мен Куриль араддарына орналасқан Квантун тобының бір өзінде 1,2 миллион адам, 1200 танк, 5400 зеңбірек және 1800 самолет бар еді.

1945 жылғы шіддедегі дерек бойынша, Жапон қарулы күштерінің жалпы саны мен орналасуы былай еді:

Қытайда, Кореяда және Тайваньда екі миллионнан аса, Үндіқытайда, Тайландта және Бирмада - 200 мыңнан аса, Индонезияда жөне Филиппинде 500 мыңнан аса және Жапонияның өзінде 2 миллионнан аса солдат пен офицер болды. Сөйтіп, екінші дүние жүзілік соғыстың соңында Жапония карулы күштерінің адам саны аса мол еді - бес миллион адамға жететін. Жапон командованиесі Қиыр Шығыста 42 жаяу және 7 атты әскер дивизиясынан, 23 жаяу

Iжәне 2 танк бригадасынан, сондай-ақ коптеген жеке полктардан түратын Квантун армиясын сақадай-сай үстап түрды.

Жапонияның едәуір оскери күштері өздері жаулап алған Оңтүстік Шығыс Азия мен Оңтүстік шығыс елдерінде де түрды. 1942 жыддың ортасына таман Тынық мүхит соғысы басталғаннан кейін көп үзамай-ақ жапондар Малайяны, Сингапурды, Индонезияны, Бирманы, Гонконггы, Филиппиңцы, Жаңа Гвинеяның бірсыпыра жерін, Гуан, Уэйк, Жаңа Британия аралдарын және басқа да жерлерді жаулап алғаны белгілі. Жапонияның Оңтүстік Шығыс Азия елдеріңде, Шығыс Азияда бүрын басып алған территорияларын қоса есептегенде, оңда түратын халықтың саны 400 миллионнан асты. Бүл метрополия халқынан 5,5 есе артық еді. Бүдан екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында Азия халықтарының біразы жапон милитаризмінің езгісінде болғанын көруге болады.

Соғыс пен басқыншылықтың екінші ошағы жойылмайынша, Совет Одағы езінің Қиыр Шығыстағы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмас еді. Тонген қауіптің бетін неғүрлым тезірек қайтару қажет болды.

Шығыстан тонген қатерге Совет Армиясының қарсы

156

қойған ең басты әскери стратегиялық мақсаты — Жапон армиясының негізгі екпінді күші Квантун армиясын талқандап, Қытайдың (Маньчжурия) Солтүстік шығыс провинциялары мен Солтүстік Кореяны жапон басқыншыларынан азат ету еді. Ол үшін Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдарындағы жау әскерлерін талқандау қажет болды.

Бүл аса ірі соғыс операциясын сәтті өткізу үшін Совет Одағы әуелгі кезде Қиыр Шығысқа орасан зор күшті шоғырландырды: онда 1,5 миллион әскер, 26 мың зеңбірек пен миномет, 5550-тен астам танк пен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, 3800-ге жуық соғыс самолеті болды. Совет әскерлерімен бірге Монғол Халық Республикасының 4 атты әскер дивизиясы және бір мотобронды бригадасы шайқасты.

1945 жылғы 9 тамызда совет жауынгерлері күрылықтан, әуеден және теңізден Маньчжуриямен шекарада және Солтүстік Корея жағалауында орасан зор 5 мың километрлік шептің бойымен Квантун армиясына шабуыл жасады. Түтқиыддан берілген қуатты соққьшар совет әскерлерінің үрыс тізгінін бірден өз қоддарына алуларына мүмкіндік берді. Совет жауынгерлері Шығыс Маньчжурияның асу бермес биік тауларына көп түйыққа тіреледі деген жаіюн командованиесі дәмесінің күлі көкке үшты.

Совет Армиясымен тізе қоса шайқасқан Монғол Халық Республикасының Халықтық-революциялық армиясының тегеурінді операциялары жапон басқыншыларын ішкі Монғолия мен Солтүстік Қытайды дереу тастап шығуға мәжбүр бодды.

Хабар-ошарсыз кеткендерді есептемегенде, Квантун армиясының 1945 жылғы 9-20 тамыз аралығында елген, түтқынға түскен адамдарының саны жапон қарулы күштерінің дүние жүзілік екінші соғыстың алғашқы төрт жылындағыдан әлдеқайда асып түсті.

Совет Қарулы Күштерінің қуатты соққысының нәтижесінде Квантун армиясы қысқа мерзім ішінде талқандалып бітті. Мүның өзі Қытай халқының азаттық күресін тездетулеріне орасан үлкен мүмкіндік туғызды, Солтүстік Шығыс Қытай түрғындары совет соддаттарын қуанышпен қарсы алды. Бүл түсінікті де. Өйткені интернационализмнің үлы принциптері рухывда тәрбиеленген Совет Армиясы Солтүстік Шығыс Қытай халқын отарлық езгіден азат етіп, Қытай халқының жапон басқыншыларын қуып шығуына көмектесті.

Шығыс халықтарын қүлдыққа салу қаупін туғызған

157

Жапон қарулы күшіне қарсы күрескен совет әскерлерінің қатарында қазақстандықтар да аз болған жоқ еді.

Қазақстан комсомолының түлегі, Совет Одағының Батыры генерал Г.Б.Сафуллиннің басқаруындағы 25-гвардиялық корпустің жауынгерлері жау үрейін үшырды. Квантун армиясымен болған кескілескен үрыстарда 1941 жылғы күзде Ақтөбеде жасақталған 74-теңіз атқыштары бригадасының негізінде күрылған 292-атқыштар дивизиясы Совет Қарулы Күштерінің дәстүрлі ерліктерін ойдағыдай жалғастырды. Байкал майданы әскерлерінің күрамында, кейіннен бірінші Қиыр Шығыс майданы әскерлерінің қүрамында казақстаңдық 1299-минометшілер полкі шайқасты.

Тынық мүхит флотының 12-шабуылдаушы авиадивизиясының үшқышы Михаил Янко да Қазақстан комсомолыньщ түлегі еді. Тамыздың 10-күні ол капитан Гастеллоның ерлігін қайталап, каһармавдықпен қаза тапты.

Отан-Ана Михаил Янконың ерлігін жоғары бағалады, 14 қыркүйек күні СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша оған Совет Одағының Батыры атағы берідді.

Осындай жоғары атакқа Солтүстік Кореядағы Сесин қаласы үшін болған үрыстағы көрсеткен ерлігі үшін шығыс қазақстандық бүрынғы механизатор Иван Яроцкий де ие болды.

Квантун армиясы күйреген соң империалистік Жапония сөзсіз тізе бүкті. Совет Қарулы Күштерінің тамаша жеңісімен дүние жүзілік екінші соғыс аяқталды.

Жапонияның әскери-саяси жағынан талқандалуы Азия халықтары үшін ерекше маңызды болды, өйткені жапон милитаризмі үзақ уақыт бойы Шығыс және Ощүстік-Шығыс Азия халықтарын отарлық қанауда үстап келген еді. Тіиті гитлершіл Германия тізе бүккеннен кейін де Жапония Тынық мүхит ауданывдағы соғыс қимыддарында аса зор әскери күш болып қалған болатын.

Герман фашизмі мен жапон милитаризмінің талқаңцалуы халықаралық аренада бейбітшілік, демократия және әлеуметтік прогресс күштерінің пайдасына түбірлі әлеуметтік-саяси өзгерістер ала келді. Әлемдегі негізгі күштердің ара қатынасының бүлай өзгеруі Азиядағы отаршыддык системаны қиратудың шешуші факторларының бірі болды.

Біздің Қарулы Күштеріміз Отанымыздың ар-намысы мен төуелсіздігін қорғап қалды, халықтарды фашистік езгіден қүтқарды. Жеңістің нәтижесінде Еуропа мен Азияның бірқатар еддерінде азаттык. күресі кеңінен өрістеді.

158

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]