Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

қауіпсіздік органдары туралы", "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және мемлекеттік құрылыс мәселеріне арналған көптеген басқа да актілері жарық корді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1994 жылғы 24 қазанда Республика күніне арналған баяндамасыізда: "Бүгінгі Қазакстан — оз алдына тоуелсіз мемлекет. Оркениетті елге тән демократиялық Конституциямыз, заң шығарушы қүрылымдарымыз, атқарушы, сот биліктері, мемлекеттік тіліміз, үлттық валютамыз, қарулы күштеріміз, қысқасы, егемен мемлекетке не қажеттің бәрі бар. Қазір біз қазақ ғасырлар бойы үмтылып келген тарихи мақсаттар толығымен жүзеге асырылды деп зор мақтаныш сезіммен айта аламыз"' деді.

4. Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік, саяси дамудың кұқықтық базасы 1995 жылы жаца Конституция

қабылданды

Реформаларды ж&іғастыру және терендету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленген елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңызы аса зор болды.

Жаңа Конституцияны қабылдауды біддірген 1995 жылгы 30 тамыздағы референдумның оң қорытындылары (сайлаушылардың 89 пайызы жақтап дауыс берген) таңдаған жолдың дүрыстығын тағы да дәлелдеп берді.

Президенттің Қазақстан Республикасының егемендігін жариялауымен бірге аумақтық түтастықты сақтау мен елдің үлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің неғүрлым еткір мәселелері де шешімін тапты.

Жаңа Конституцияның қабыдцануы Презңдентгік басқару нысанының ауқымында Мемлекет басшысының мортебесі оның "ахуалды" меңгеруіне, сөйтіп Қазақстан жағдайында мемлекеттік билік органдарьшың үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз етуге, қоғамды ойдағьадай және түпкілікті реформалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қуатгы әлеуметтік жіктеліс жүріп жатқан кезде коп үлтты әрі көп дінді қоғамда азаматтық татулықтың, коғамдық түрақтылықтың және үлтаралық келісімнің кепілі Президент сынды түлғаның болуы омірлік мәнді мәселеге айналады. Ол сонымен қатар өкіметтің озін тағайындап отырған халықтың алдындағы жауапкершілігін көтерудің де үтымды қүралы болды.

1 "Егемен Қазақстан". 1994 ж. 3 қараша.

229

Биліктің түрақтылығы реформаларды жүргізудің жоспарлылығын, кезеңцерін, биліктің әр тармағындағы саясат сабақтастығын қамтамасыз етгі. Соның нәтижесінде қоғамда саяси тұрақтылық сақталды.

1995 жылғы Конституциямыз экономикалық реформаларға тың серпін беріп, Үкімет кызметі үшін нарықтық қатынастар талаптарына сай келген және сай келетін заңнамалық негіздің және заңнамалық өрістің жасалуын қамтамасыз етті. Мәселен, Конституция мемлекеттік те, жекелік те меншіктің бірдей қорғалуына кепілдік береді. Біздің еліміз үшін жерді жеке меншікке жатқызу мүмкіндігін конституциялық түрғыдан бекемдеудің маңызы ерекше болды соның ішінде макроэкономикалық түрақтылықты, инфляцияны толық тежеуді, тиімді қаржы-кредит жүйесінің қалыптасып, меншік қатынастарының түрақтанғанын, жекелендірудің кезең-кезеңімен ойдағыдай жүгізілгенін атаған жон. Әсіресе, инвесторлардың сеніміне ие болғанымыз президенттің көрегендігін көрсетті.

Қазақстан бүгінгі күні үлттық экономикаға шетел капиталын тарту жөнінен үздік көрсеткіштердің біріне ие. Өнеркәсіп овдірісі түрақты өсе бастады. Ауьш шаруашылығы жанданып келеді. Әлеуметтік реформа табанды да жоспарлы жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күні біздің Конституциямыз бен заңдарымыз адам игілігіне жүмыс істеумен қатар, оның шығармашылық, жасампаздық қуатына серпін беріп, кәсіпкерлік бастамашылығын ынталандырады деп айтуымызға толық негіз бар.

Жаңа Конституциямызда азаматгардың конституциялық қүқыктары мен бостандығы айқын түжырымдалып, оларға нақтылы кепілдік берілді. Негізгі заңда адамның қадірқасиеті, оның қүқықтары мен бостандығы туралы қағидалардың баяңцы етілуі әрбір азаматгы қорғауға деген үмтылыстан туындап отыр.

Басқаша айтсақ, Конституциямызда осы заманғы нарықтық экономиканың адамның оз еңбегінің нәтижесіндегі нақты үлесіне (нәтижесіне) қарай оның сан түрлі мүддесін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін алға тартатын принциптеріне сәйкес азаматтардың конституциялық қүқықтарының, бостандығы мен міндеттерінің мәнісі мен мазмүны пайымдалып отыр. Бүл ретте мемлекет тегін әлеуметтік қамтудың ең қажетті төменгі деңгейіне кепілдік береді.

Қазақстанда қазіргі қолданып жүрген Негізгі Заңның кабылдануына орай азаматтардың өз мүмкіндіктерін іске

230

асыруы үшш сапалық жаңа қүқықтық кеңютік қалыптасып, қоғамды одан әрі демократияландыру үшін кең өріс ашыдцы. Экономикалық бостандық, идеологиялық және саяси саналуаңдық, баршаның заң алдындағы тендігі — Қазақстанның қүқықтық дамуының негізгі басымдықтары, осылар. Сонымен катар, Конституция демократиялық институттары асыра пайдалануға жол берілмейтінін ескертеді, сөйтіп конституциялық қүрылысы күштеп өзгертуге, республиканың түтастығын бүзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нүқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, үлттық, діни, тектік-топтық жөне рулық алауыздықты қоздыруға тыйым салады. Негізгі Заңның қоғамда конституциялық зандылықты, түрақтылық пен қүқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған қорғаушылық уәзипасы, міне, осыдан айқын корініс береді.

Біздің Конституциямыз, бір қарағанға "Қатал" болып корінгенімен, демократиялық институттар қүруға кедергі келтірмегені былай түрсын, қайта оларды қоддап, көтермелеп отырады. Негізгі Заңға 1998 жылы енгізілгең түзетулер де, міне, осыған бағытталды. Мүны, тегінде, биліктің қолданыльш жүрген институтгарын демократиялаңдыруға — Парламенттің өкілеттігін кеңейтуге, жекелеген санаттағы басшылардың, соның ішінде аймақтағы басшылардың сайланбалылығына байланысты, сондай-ақ саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметіне, азаматтардың қоғамдық бірлестіктерінің ел өміріне белсене қатысуына байланысты да айтуға болады.

Бүған мысал ретінде Конституциямызға сәйкес қүрылған екі палаталы Парламенттгайтуға болады.

1998 жылдың күзінде Парламент қабылдаған Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жоғары өкілді органның мемлекеттік билік жүйесіндегі маңызын, релі мен орнын айқындап берді. Жүйеге келтірген конституциялық низамдар еліміздің заңнамалық органы қызметінің тегеурінін, оның депутаттарының көсіпқойлығын арттыруға бағытталды.

Парламенттің заңнамалық қүзыретінің аясын айқын белгілеу заңнамалық биліктің негүрлым тиімді жүмыс істеуіне қажетті алғышарттар жасап, заң шығару жүмысының пәрмеңцілігі мен сапасын артгырады, оны қатаң конституциялық негізге қояды. Ал, мүның өзі, оз кезінде, еліміздегі конституциялық зандылық тәртібін нығайтады.

Өркениетгі қоғамда Парламенттің қолындағы ықпал ету мен бақылау жасаудың ең қуатты қүралдары үтымды зандар қабылдау, мемлекеттік бюджетті бекіту, Үкімет қызметінің

231

бағдарламасан мақұддау немесе кабыддамай тастау, Үкіметгің осы бағдарлама бойынша Парламентке есептілігі, Премьерминистрді тағайындауға келісім беру, сенімсіздік білдіру, Парламент палаталарында үкімет мүшелерінің есептерін тындау және Президентке оларды қызметтерінен босату жонінде ұсыныс жасау болып табылады. Сойтіп, барлық бақылау жасау окілеттері біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан Парламентінің қолына беріліп отыр.

Мұның үстіне, Үлттық Банктің төрағасын, Бас прокурорды, ҮҚК-нің торағасы, Жоғарғы Соттың торағасы мен судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін, совдай-ақ Конституциялық кеңестік қүрамының копшілік бөлігін тағайындау сияқты негізгі кадр мәселелері де Парламенттің немесе оның палаталарының токтамды, шешуші созінсіз жүзеге аспайды. Осылайша, Қазақстан Парламентінің конституциялық өкілеттігі қазіргі жағдайда барынша ауқымды болып отыр.

Бүрынғы қолданылып келгеніне қарағанда, 1995 жылғы Конституция жаңа институттар мен низамдар енгізді. Бүл арада әңгіме Парламенттің екі палаталы қүрылымын, Конституциялық кеңес тағайындау, қолданылып жүрген қүқық коздерінің арасалмағын айқындау, соттардың біртүтас жүйесін қүру, биліктің сот тармағының тәуелсіздігін қамтамасыз ететіндей деңгейге оларды жасақтаудың жаңа тертібі жайында болып отыр.

Бізде қүқықтық мемлекет қалыптастыру процесі енді ғана күш алып келеді, сондыктан да біз үшін күкықтык. жүйесінің, соның ішінде сот жүйесінің тиімділігін арттыру маңызды мәселе болып табылады. Оның үстіне бүл процесстер бір-бірімен өзара байланысты әрі өзара тығыз қарым-қатынаста болып отыр.

Үтымды экономика, жетік қүқықтық база болмайынша, әділ де адал соттың болуы да мүмкін емес. Өз кезінде, нарықтық қүқықтық жүйені қалыптастыру, Конституция мен заңцарды мемлекеттік аппаратқа, барлық азамматтар мен заңды түлғаларға мүліксіз орындату арқылы ғана экономиканы оркендетуге болады'.

Заңды қастерлемейінше, күкық пен сот жүйесін үлықтамайынша, Қазақстанда тиімді экономиканың болуы мүмкін емес.

1 Назарбаев Н.Ә. Конституция Қазакстанның өркені меи ерлеуінің негізгі. "Егемен Қазакстан". 2000 ж. 30 тамыз.

232

Мемлекет қүру ісі - үздіксіз процесс, ол мемлекет қанша өмір сүрсе, сонша уақыт жүргізіле бермек. Әлбетте өмірдің өзі оған өзгерістер енгізуді, соның ішінде конституциялық озгерістер енгізуді талап етуі ықтимал. Бірақ бір мәселенің басы ашық, Қазакстан Республикасының Конституциясы озі омір сүрген жылдардың ішінде озінің оміршеңдһі мен тиімділігін дәлелдеді, оның басты қағидалары бүгін де кокейкесті қалпында қалып отыр. "Қазақстан 2030" стратегиясында атап көрсетілген: "Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттік қүру, саяси және экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз", қазақстандықтардың тозімділігі мен түсінушілігі бізге қосымша күш-қуат пен сенімділік үстейді"1.

Еліміздің негізгі Заңы біз үшін алдағы уақытта да озіміздің билік мақсатымыз — мемлекеггердің олемдік қоғамдастығына енген, азаматгарының дәулетті лайықты омір сүруіне барлық жағдай жасалған тәуелсіз экономикалық өркенді мемелекет қүру жолындағы ілгері басуымызды реттейтін негізін қалаушы басты қүжат болып қала береді.

Тәуелсіз Мемлекетгер Достастығы тарихывдағы аса жарқын күжаттардың бірі "Қарапайым адамдарға карай қарапайым он қадам" бағдарламасы мен Еуразия одағының моделі болып табылады, оларда Президент Н.Ә.Назарбаевтың жан азабы мен ақиқаты — ез елінің қарапайым адамдары және тарих пен тағдыр тәлкегіне орай бір сәтге шекараның екі жағында қала берген бүрынғы КСРО азаматтары жөніндегі қамқорлығы шоғырланып, корініс тапқан. Жөне де ақиқат пен әділетгікке жүгіне отырып, Н.Ә.Назарбаевтың адаңдарға көмек беру және олардың өмірін жеңілдету түрғысындағы жарқын идеясы мен шынайы үмтылысын осынау оң існиет арналған жандардың жылыүшырай қабыл алғанын ' есте сақтаған жөн. Бағдарламаның ТМД-да қабылдануы, Қазақстан Президентіне жолданған жүздеген, тіпті мындаған алғыс хаттар осының куәсі болып табылады.

Сонымен Ата Заңьшыздың қабылдануы, экономикаға басшылық жасаудың жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік және үлттық саясаттың негізгі бағдарын белгілеп беру, түрақтылықтың сақталып отыруы Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастырудың сын сағатынан сүрінбей оттік деп қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді.

1 Назарбаев Н.Ә. Конституция Қазакстанның өркені мен өрлеуінің негізгі. "Егемен Қазақстан". 2000 ж. 30 тамыз.

233

5. Қазақстан экономикасына шетелдер инвестициясыныц

тартылуы және оның пайдасы мен зияны

Қазақстан шетелдік инвестициялар үшін неге тартымды? Біріншіден:

Қазақстан қазыналы ел

Минералдық қазба байлыктар қорынан дүниежүзіндегі 170-тен астам елдердің арасывда Қазақстанның алатын орны мынадай:

вольфрам — 1 орын хромит — 2 орын фосфор — 2 орын марганец — 3 орын уран — 3 орын қорғасын — 4 орын молибден — 4 орын мырыш — 5 орын мыс — 6 орын күміс — 7 орын

темір рудасы — 8 орын (371 жылға жетеді) көмір — 9 орын никаль —10 орын

мүнай — 12 орын (81 жылға жетеді — 7 орын) Қазақстан жерінің көлемі жағынан өлемде 9-орын,

халқының саны жағынан — 71 - орын алады'.

Бүрынғы Совет елінде Қазақстан қазына байлықтар қоры жағынан алдыңғы орынды алатын.

Екіншіден, Қазақстанда "Тікелей инвестицияларды мемлекетгік қолдану туралы" заң қабылданған. Ол республикадағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған. Бүл қүжат инвесторлардың мүдделерін қорғайды. Жаңа кепілдіктер инвесторлардың бәсекеге түсу еркіндігін, бір жағынан өз бөсекелестеріне деген қарымқатынас жасау қүқықтарын, екінші жағынан — кәсіпкерлік қызмет түрлерінің еркіндігін, яғни, олардың мемлекетке деген қарым-катынас жасау қүқықтарын қамтамасыз етеді2.

Үшіншіден, Қазақстанның инвестициялар үшін тартымдылығы мынада. Әлемде 50-ден астам сирек металдар бар. Олар жер бетінде аз, көп кездеспейді. Бірақ алынуы қиын,

1Ақикат. 1994 № 1. 93 бет.

2Андриянов Виктор. Мүнда өкімет билігі бар. Рабочая трибуна газеті 1997 ж. 23 мамыр, Егемен Қазақстан. 1997 ж. 29 мамыр.

234

қолға қиямет-қайым қиындықпен түседі. Шартты айтқавда, өтіп бара жатқан XX ғасырда түсті металдар заманы десек, келе жатқан XXI ғасырды сирек металдар ғасыры деп атауымызға болады. Бүл жаңа ғасырдың басты бір бағдары.

Сирек металдар кез келген жерде кездесе бермейді, олар таза күйінде жалпы үшыраспайды, басқа түсті металдардың қүрамынан жоғары технология жәрдемімен алынады. Қазақстанда олар Алтай таулары мен Сарыарқа даласында шоғырланған. Қазақстан жер бетіңце сирек метаддар бойынша Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Америка секілді аса бай өлке. Біздің кен орындарында кездеспейтін сирек металл жоқ десе де болады. Уран мен вольфрамды (екеуінен де Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынды алады) былай қойғанда кен орындарынан тантал мен титан, ниобий мен цирконий, рений мен гелий, молибден мен ванадий алынады.

Бүл ғасырды уран мен берилийдің заманы деп атайтын боламыз. Қазақстандағы бүл қазыналы қуаттың мол екені келешегіміздің көкжиегін де аңғартады. Президент Н. Ә. Назарбаев 2000 жылы қыркүйекте Америкаға барып БҮҮ саммшіне қатысқан кезде американдық фирмалармен бірнеше маңызды келісімдерге қол қойылды. Соның ішінде берилий мен уран жоніндегі қол қойылган шарт ерекше аталды. Уран да, берилий де ғасырдың аса ғажап та қажет қымбат металдары. Бүл екеуіне ғана арнайы келісім-шарттың жасалуында үлкен мөн-мағына жатыр.

Әлемдегі бар уран қорының төртген бірі Қазақстан жерінде жатыр. Оның мөлшері 926 мың (яғни миллиондай тонна), ал әлемдік қоры 4 миллион тоннаға барады1. Қазір дүние жүзінде бір жылда 50-60 мың тонна уран шығатын болса, қазақ жерінің қазынасы қаншаға жететінін осыған қарапақ есептей беріңіз.

Одан қуатты мүнайға қарағанда он мың есе көп алуға болады. Әзірге бар уранның он пайызы да пайдаланылып отырған жоқ.

Бір тонна рудадан 0,045-0,06 грамм таза уран алуға болады. Бүл кен орнын 1976 жылы Волков экспедициясының геологтары Н.Петров пен Л.Павлов ашқан. Ал қазір Созақ жерінде үш рудник істейді. Оларда уранды жер астынан қышқылдың күшімен ерітіп, сорғытып алады.

Қазақстанның таулы-тасты аймақтарының бөрі уранға

1 Смайылов Камал. "Қазынасы куат қазақ даласындағы уран мен берилий кені олемді қызықтырады". "Егемен Қазақстан". 2000 ж. 27 кыркүйек.

235

толып тұрған секідді. Уран ондіру қарт Қаратау қойнауынан басталған, Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес одағьшьщ түңғыш руднигі елуінші жылдардың басында Қордай даласында орнаған. Оған ілесе Шу - Сарысу, Іңкәр, Буденновск, Мыңқүдық кеніштері осы Қаратау мен Бетпакдала өңірінде, уран қорының тең жартысы Созақ ауданында жатыр.

Ондағы уранның сапасы қандай?

Жерінің беті коріксіз болса да асты қазына екен. Содан өрі Маңғыстау даласында, Көкшетау, Атбасар аймағында табылып, Ақтауда, Ақмолада аса ірі комбинаттар жүмыс істеді.

Сондықтан да біздің еліміз уран қоры жағынан дүниежүзінде бірінші орын алып отыр. Кеңес заманында атом қаруы шүғыл қажет болғанда іздегенде уранның мол қоры осы қазақ даласынан табылған. Содан сол ураннан жасалған атом бомбалары сыналып, жарылып сол мол уран жатқан алқапқа алапат әкелді.

Енді уран қатер әкелер бомба емес, бейбітшілікке қуат берер атом электр станцияларына отын болып, адамдарға қызмет етеді.

Мүнай сарқылып, кейін көмір таусылған кезде (ол да осы XXI ғасырдьгң ішінде болатьтн оқиғалар) адам жылу мен жарықты атом қуатынан алатын уақытта уранның қажетілігі арта түседі.

Төртшшіден Мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметі мен Қазақстанның әлем мемлекеттерімен сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту мәселелерін шешумен тығыз сабақтасып жатыр.

Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттарға іс жүзінде Шығыс жөне Батыс Еуропаның барлық мемлекетгерімен, арабтық Шығыс елдерімен, Үңдік.ытаймен, Корей түбегімен, Түркиямен, Иранмен және Пәкістанмен қол қойылды. Экономикалык, ынтымақтастық үйымы шеңберінде корсетілген еддермен ынтымақтастық табысы жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Германия арасындағы белсенді әрі үзақ мерзімді ынтымақтастық дамуда, Балтық және Қара теңіз жағалауы еддерімен байланыс жолға қойыдды. "Шеврон", "Мобил", "ЭНИ", "Бритиш Газ", "Мицуи", "Харрикейн", "АЕС" және басқа жетекші корпорация, компаниялармен жемісті ынтымақтастық дамуда. Ірі келісімдерге қол жеткізіліп, Каспий мүнайы мен газын өндіру, Қарашығанақ пен Теңіз кеншілерін, сондай-ақ Екібастүз комір разрездерін пайдалану жоніндегі жобалар іс жүзінде іске асуда. Каспий қүбыр жүргізу консорциумының

236

жобасы іске асуда. Трансазиялық көлік дәлізі жасалып, байлығы мен жер асты кендерін игеруге әлемнің дамыған елдерімен ынтымақтастық кеңейе түсуде.

Қазақстанда іргелі әлемдік компаниялардың пайда болуы

— Мемлекет басшысының елге шетелдік инвестицияларды тарту жоніндегі табанды қызметінің нотижесі. Қазақстан жетекшісінің Давостағы дүниежүзілік экономикалық форумның, Кранс-Монтана мен Зальцбургтағы инвестициялық саммиттердің жұмысына белсенді қатысуы да осыған бағытталған.

Қазақстанның Еуропалық қоғамдық, Халықаралық валюта коры, Халықаралық және Еуропалық қайта қүру жөне даму банктері, Азиялық банк және басқа көптеген іргелі әлемдік институттармен ынтымақтастық нығайып келеді.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың әлем елдеріне сапарлары барысында Қазақстандағы қүрылған жеткілікті нормативтікқүқықтық база негізінде өзара тиімді ынтымақтастық жобаларына назарлары ауған әлемдік бизнес-элитаның өкілдерімен коптеген кездесулер откізілді.

Қазақстанда Алматы инвестициялық саммиті және кәсіпкерлік форумы өткізілді; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шстелдік инвесторлар кеңесі табысты жүмыс істеп келді. Бірақ мүнай қүбырының кілтін үстанғандардың билікке ықпал етуге мүмкіндігі мол.

Мүнай - саясат. Себебі ол — байлық. Ал байлыққа барлығының қол артатыны тағы мәлім. Десе де келер ғасырдағы дау-дамайдың да, жетістіктің де, геосаясаттың да көкесі мүнай айналасында болатын тәрізді. Мүнай саясатының күрделілігі сол, кейде алып мемлекеттірдің өздері қатаң үстанған басым бағыттан ауытқуына да мәжбүрлейді. Мәселен, мүнайға деген мүдцелік АҚШ-тың да, түбегейлі Батыстың да демократия, адам қүқығы деген айқындамасы түрғысынан "оз тағдырын өзі шешіп алған" Түркіменстанға көзжүмбайлықпен қарауға итермелейді. "Қалғанының қажеті шамалы, ең бастысы энергоресурстарға қол жеткізу керек". Саясаттың сан қүбылмалылығы осы жерден тағы бір байқалады.

Каспий теңізіндегі мүнай әлемдік ықыластың нүктесіне айналғаны қашан. Әуелі Ресей теңіздегі өз үлесіне қоса басқа мемлекеттердің еншісіне ықпал етуге үмтылып отыр. Мүхиттың арғы бетіндегі алпауыт АҚШ та Каспийдегі энергетикалық қорларға қол жеткізуді "АҚШ Әкімшілігінің шешуші басымдығы" ретінде бағалайды. Сол себепті, Баку- Тбилиси-Жейхун бағытына барын салып үмтылуда. Алайда

237

ара ағайындықта Түркия жүрген бүл бағыт соңғы кезде іске аса бастады. Әзербайжан жағы аталған күбырды жарым жартылай толтырамын деп мәлімдегеннен кейін-ақ жобаның жүзеге асуы қияметке айналды. Осы сәтті пайдаланып Қазақстан АҚШ жағына қарай ойысып, мүнай тасымаддау жоніндегі келісімге кол қойды.

Астана да Атырау-Самара бағытын куаттайтындығын білдірді. Сойтіп әлі күнге дейін кеңестік кеңістіктігі ықпалынан айырыпа қоймаған Ресей стратегиялық бағытгагы тізгінді уысынан шығармауға түбегейлі бет бүрды. Қазақстан мүнайын тасымалдауға ықылас танытып отырған елдің іргелесінің бірі — Қытай. Батыс Қазақстан-Батыс Қытай бағыты болашақта жылына 20 миллион тонна мүнай тасымаддауды, өрі оны болашақта қуаттылығын 40 миллион тоннаға жеткізуді коздейді. Азия аумағындағы беделін ол да пайдаланғысы келеді.

Каспий аумағындағы қалған елдерге ықпал етуді Иран да қостайды. Таяу Шығысқа тасымалданатын мүнай қүбырыньгң өз жерінен өткенін ол да қалайды. Каспий жағалауындағы елдер халқының басым копшілігін исламға мінәжат ететівдер қүрайтыңдықтан, Иран осы көзірді тиімді пайдаланғысы келеді. Ең бастысы әлемдік аренада саяси қарсыласы болып табьшатын АҚШ-тың Каспий аймағыңдағы ықпалын әлсірету болып табылады. Алайда, иран бағыты экономикалык, жағынан тиімді болғанымен, саяси жағынан күрделі. Каспий аумағындағы басқа елдердің бүл бағытқа тәуекел ете алмай отырғаны да сондықтан. Әлемдік аренадағы қарымқатынас коп полюсті бағытқа қүрылып отыр дегенімен де басты өуеннің кімнің сүранысына қатысты орындалатыны тағы да белгілі. Сол себепті Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан бүл төңіректе жалғыз бағыттан гөрі көп векторлы бағытты куаттайды. Жалғыз бағытқа жолығып, арандап қалмасақ деген аландаушылық басым бүл жерде.

Каспийдегі көздің қүртына айналған байлық геосаясатпен қосыла өрілетініне ешкім шек келтіре қоймас. Қалай болғанда да басты нәтиже Астананың әуелі Ресеймен, одан соң Қытай, АҚШ және басқа да Батыстың алып мемлекеттерімен арадағы қарым-қатынасына келіп тірелді. Ресей мен Қытайдың, АҚШ-тың, қажетті жерінде Иранның өз ережесіне күрылған саясат ойыны күрделі қимылға үласады. Мүнай теңіреіінде мың-сан қатпардан түратьш сан күбылмалы саясатгың ара-жігін ашып, "диагаозына сәйкес" амал істегенде ғана Астана алпауыт әлемнің қырғи қабақ көзқарасына ілікпейді. Ал бүл дегеніміз қазіргідей кезенде дишіоматиялық

238

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]