Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

XV тақырып. 1946-1970 жылдардағы

Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы

(26-дәріс)

Қарастырылатын мәселелер:

1. Соғьістан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасының өнеркәсібін қайта құру.

2.Қазақстандағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны.

3.Қазақстан аумағыңцағы ядролық сынақ аландары және ядролык сынақтардың экономикалық зардаптары.

4.Қазақстандағы 1960-1970 жылдары 7-8-бесжылдыктың орындалу нөтижесі.

5.1946-1970 жыддардағы мәдениеттің дамуы және қазақтардыңтарихын, дәстүрін, салтын, тілін үмыта бастауының себептері.

Әдебиетгер:

1.Қазақ ССР тарихы бес томдык. 5 том. Алматы 1984.

2.Қазақстан за 40 лет Стат.Сборник. Алматы 1960

3.Освоение целины Велиісий подвиг партии и народа. 1974 №7. Вестник Высшей школы М., 1990 №7.

4.Тәтімов М. Қазақ үлтының касыреті. "Егемен Қазақстан". 1996 . 18 сәуір. Қазақстан тарихы. 1994. N1.

5.Тоқаев Қ. Семей — кешегі күннің жарасы. Семей — ертеңге жүктелген аманат. "Егемен Қазақстан". 1988. 8 қыркүйек.

Соғыс Қазақстан жерінде болған жоқ. Сондықтан оның шаруашылығы бүлінген жоқ. Солай болса да КСРО халық шаруашылығының ажырамас бір болігі ретінде республика экономикасы да соғыс жылдарывда әскери жағдайға, соғыстан соң бейбіт өмірге икемделді. 1945-1960 жылдары Қазақстанның енеркәсібінің отын-энергетика саласы жақсы дамьщы. Қарағавды көмір алқабывда ондаған ірі шахталар мен байыту фабрикалары іске қосылды. Екібастүзда ашық әдіспен көмір

169

ондірудің көлемі күрт үлғайды. 50-жылдары көмір шабу, қопару жене оны вагондарға тиеу жүмыстары толық механикаландырылды. Республика бойынша кемір өндірудің жылдық көлемі соғысқа дейінгі деңгейден 2,5 есеп артып, 1950 жылы 17,5 млн. тоннаға, ал 1960 жылы 32,3 млн тоннаға жетті, Бүл жылдары Алматыда, Қүлсарыда, Оскеменде су электр стансалары, Жезқазғаңда жылу-электр орталығы салынды. Қарағанды мен Шымкентте қосымша қуаттар іске косыдды. Бүқтырма СЭС-інің күрылысы басталды. 50жылдардың екінші жартысывда электр стансалары мен оның жүйелері бір орталықтан басқарыла бастады. Қуат өндірудің техникалық жабдықталуы едәуір артты. 1945 жылы республикада 1,15 млрд. квт сағат электр қуаты өндірілсе, 1960 жылы оның жыддық көлемі 10,6 млрд. квт сағатқа жетті.

4-бесжылдык деп аталатын жылдарда Теміртаудағы Қазақ металлургия зауыты іске қосылды. Ақтебе ферросплав зауытының қуаты едәуір үлғайтылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Балқаш мыс қорыту зауытының, Текелі қорғасын-мырыш комбинатыньщ қуаттары арттырыдды, шикізат базасы үлғайтылды. Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта күрылып, кеңейтілді. 50-жылдардыц алғашқы жартысында өнеркәсіпке республикаға бөлінген күрделі қаржының 40,4 проценті тиді. Оның 94,7 проценті ауыр өнеркәсіп салаларын дамытуға бағыштадды. Бүл жылдары өнеркәсіптің жалпы көлемі 82 процент, болат корыту 86 процент, қара металл прокатын шығару 119 процент, машина жасау енеркәсібінің өнімі екі есе артты. 6-бесжылдық жылдарында да осы салалардың дамуына айырыкдіа кеңіл бөлінді. Аталған кезевде республика бойынша жыл сайын жүздеген өнеркәсіп орындары мен цехтар іске косылып отьгрды. Жезқазған кен байыту фабрикасы, Өскемен тау-кен машина жабдықтарын жасау зауыты мен қорғасын-мырыш комбинаты, СоколовСарыбай комбинатының алғашқы кезегі, Ақтөбе хром қоспалары зауыттары салынды. Темір өндіруден республиканың Одақтағы үлесі күрт артып, 5,4 процентке жетті. Қарағанды металлургия комбинаты республиканы ғана емес, Сібір, Орал және Орта Азияны металмен қамтамасыз ететін базаға айналды. Қара және түсті металлургияның бір шама жедел қаркынмен дамуы және 50-жылдардың екінші жартысы мен 60-жылдардың басындағы жасанды миграциялық шаралардың нәтижесівде республиканың халық санының күрт артуы энергетика, тасымал және қүрылыс істерін де жоғары карқынмен дамытуға мөжбүр етті.

170

Соғыстан кейінгі кезеңнен бастап 60-жылдардың басына дейінгі уақыт аралығында республикада химия енеркәсібі пайда болып дами бастады. Қаратауда кен-химия комбинаты, Жамбылда суперфосфат, Қостанайда жасанды талшықтар зауыттары сальтнды. Қарағандыда синтетикалык каучук. Ақтобеде хром қосылыстар зауыты кеңейтідді. 50-жылдардан бастап минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты. Химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Қазақстанның Оңтүстігінде орын тепті.

Соғыстан кейінгі онжылдықтарда социалистік жарыс кең етек алды. Қай саланың қай кәсіпорынынан болса да, еңбек озатгары мен жаңашьщцар коптеп шығьш жататын, 1948 жылы түңғыш рет шахтерлер күнінің аталып етуіне байланысты Қарағанды кеншілерінің бір тобына Социалистік Еңбек Ері атағы берідді. Олардың арасында шахта бастығы І.Күзембаев, кен комбаиыншысы Б.Нүрмағамбетов, проходшылар бригадирі П.Акуловтар болды. Қазақ металлургия зауытының болат қорытушылары АДәрібаев, И.Голубев, Матай станциясының машинкісі М.Қаптағаев сынды озат жүмысшьшар ез ісінің нағыз шеберлері ретінде көзге түсті.

Соғыстан кейінгі онжылдықтарда Казакстаннын түрғьтндары санының жедел өсуі күрылыс индустриясының ауқымын кеңейтуге мәжбүр етті. Қалалар өсіл, кәсілорындар мен түрғын үйлер көптеп салына бастады. Қүрылыс материалдарьш шығарудың көлемі күрт артгы. Сазтөбеде, Қарағандыда, Семейде, Өскеменде, Шымкентте цемент зауыттары бой кетерді. Таддықорғанда, Өскеменде, Қызылжарда,Қостанайда кірпіш зауытгары салынып, бүл бүйымды шығаратын Алматы мен Шымкенттегі кәсіпорындар кеңейтілді. Әк, алебастр ондіру де үлғайтылды. Темір-бетон шығару ісі белең ала бастады.

Ауьш шаруашылық шикізатының молдығы жеңіл және тамақ өнеркәсібінің даму қарқының жоғарылатуға әсерін тигізді. Жамбылда, Семейде, Петропавдда, Павлодарда тері илейтін, былғары жасайтын көсіпорындар, Алматы мен Шымкентте мақта-мата комбинаты салынды. Қарағандыда аяк -киім тігу мен шүлық шығаратын кәсіпорындар орын тепті. Жезқазғанда, Семейде, Ақтөбеде тоқыма фабрикалары жүмыс істей бастады. Аталған кезенде Ақтебеде, Шымкентте, Жамбылда, Теміртауда ет комбинаттары, ондаған сүт, май айыратын, ірімшік қайнататын зауыттар, ірі наубайханалар іске қосыдды. Негізгі азық-түлік өнімдерін шығарудың көлемі үнемі артып отырды.

Республикада аса бай өнеркөсіп шикізатының болуы және

171

оны орталыққа тасып алу қажеттігі көлік пен байланыс жүйелерін дамытуға әсер етті. 1951-1955 жылдарда келік пен байланысты дамытуға бөлінген күрделі қаржының мөлшері 65,4 млн. сом болғанда, 1956-1958 жылдары оған 146,4 млн. сомның күрделі қаржысы болінді. 1945 жылы темір жол желілерінің үзындығы 8212 шақырым болса, 1960 жылы оның пайдаланылатын желілерінің үзындығы 11470 шақырымға жетті. Аталған мерзімнің соңғы жылында Республиканың жалпы жүк айналымының жеке түрлерінің ішіндегі темір жол тасымалының үлесі 91,7 процент болды. Бүл кезде тасымаддың өзге түрлерінің — өзен, қүбыр және авиацияның үлесі мардымсыз еді.

Кеңес империясының отарлық саясаты Қазақстанның өнеркәсіпті орталықтары мен шикізат базаларының өзара байланысын ескермей, олардың әрқайсысының Ресеймен қосылу бағыттарының артықшылық жағдайда дамытылуын қадағалаудан көрініс тапты.

Өнеркәсіптің өндіруші салаларында едәуір жетістіктерге жетуге қарамастан 50-60 жылдар ішівде Қазақстан экономикасында, оның келешегі түрғысьшан алып қарағанда, бірқатар келеңсіз тенденциялар да қалыптасты. Республика экономикасында шикізаггық бағдар белең алды. Өнеркәсіп ондірісінің қүрылымы салалық түрғыдан түрленбеді. Шығарған онімі күрделенбеді. Өндіруші секторға сай өндеуші сектор дамымады. 30-жыддары калыптасқан қағида бойынша өнеркәсіптің "Б" тобына (түтыну тауарлары) қарағанда "А" тобына (ондіріс қүралдарын) өндіруді жеделдете дамыту бағыты сақталып қалды. Қазақстан онеркәсібін шикізатгық өндірушілік бағьпта қалдырып қойғанда Орталық мынадай мақсаттарды көздеді деп қорытынды жасауға болады. Біріншіден, Қазақстанның аса бай табиғи ресурстарын қодцан келгенінше көбірек қамти пайдаланып қалу; екіншіден, қоршаған ортаны ластайтын, суды, шикізатты, қуатты көп қажет ететін, лас өндіріс орындарын осында қалдыру; үшіншіден, тәуелді аумақты мәңгілік қолдан шығармау үшін онда жоні дүрыс бүйым, машина, прибор, станок, электроника және электротехника тауарларын, көпшілік қолданатын бүйымдарды шығармауды мақсат етіп қойылды. Нәтижеде Қазақстан бай болса да тәуелді мемлекетке айналды. Бүл сол кездің озіңце Қазақстаңды Ресейден ешқашан ажырап кете алмайтын етіп, байлап-матап тастауды көздеген қүйтыркы саясаттың нәтижесі болатын.

Қорыта келгеңце Үлы отан соғысынан кейін барлық елдер, соның ішінде Қазакстанда жанадан бейбіт енбек етуде, өңціріс пен ауыл шаруашылығын қалпына келтіріп, одан ары

172

дамытуға кірісті. Сталиндік қатты бірізділіктен қүтылған соң, жақын арада жақсы нәтижелерге жете бастады. Қазақстанда бүл кезде отын энергиялық базасы кеңінен дамыды. Қарағанды кемір бассейнінде оннан астам үлкен шахталар мен байыту фабрикалары кеңінен дамыды. Осы жылдары Өскемен су электр станциясы, Жезқазғаида жьшу электр станциялары жүмысқа қосылды. Бүқтырма ГЭС-ы салына бастады. Электр энергиясын өндіру екі есе артты, соның ішінде су энергиясы бес есе көбейді. 1960 жылы өндірістің жалпы көлемі 1940 жылға қарағанда 732 %-тін қүрады. Соколово мен Сарыбай өндіріс орыңцарының базасывда Ертіс химиялық - металлургия Қарағанды заводы, тау-кен байыту комбинатгары іске қосылды. Сонымен бірге, осы кезевде республиканың даму барысында, халық шарушылығында шығарылатын шикізат өнімдері иңдустриялық өнімдерге қарағанда басым болды. Мүндай жағдайда халықтың саны қалалар мен өңціріс орталықтарында кобейді, ал астық кажеттілігі бірден котерідді. Колхоз егін салудан, астық жинаудан 1949-1953 жылдары орта жылдық жалпы өндірісі 1909-1913 жылдарға қарағанда тың игеруге дейін 8 миллион тоннаға ғана көтерілді. Жүмсалған астық шығыны өндірілген өнімнен асып кетті, соіідықтан қажетті астықты мсмлексттік қордан алуга мәжбүр болды. Дағдарыстық тенденцияның беті ашылды. Оның шешімі екі бағытта іске асатын бодды. Бірінші бағыты тереңдетілген трансформация системасын ендірістік қатынастарына кошу немесе нарыққа оту, сонымен қатар жекеменшік шаруашылығын көбейту, бүл тек жекешелендіру арқылы іске асады. Ол кезде бүл мүмкін емес еді.

Екінші бағыт, ірі жер байлықтарының тың көзін игеру еді.

2. Қазақстандағы тың жерлерді игерудің пайдасы мен зияны

1940 жылы Қазақстандағы дәнді дақыддар егісін тың жерлерді игеру есебінен бір миллион гектарға кеңейту кезделді1. Екінші дүние жүзілік соғыс басталғанға дейін 750 мың гектарға жуық тың жер ауыл шаруашылық айналымына енгізіледі. Қолға алынған жүйелі жүмыс соғыс жылдарында да жалғасады. КСРО-ның батысывдағы астықты алқаптың 47 проценті2 жау қолында қалғанның өзінде 1941-1944 жылдары

1

"Егемен Қазақстан", 1994, 1-наурыз.

2

Вестник высшей школы, Москва, 1990 N7, 49-бет.

173

одақ бойынша 4264 миллион пүт астық өндіріледі1. Соғыс жыддарында Қазақстан колхозшылары қиын жағдайға қарамастан жанқиярлыкгтен жүмыс істеп, мемлекетке жоспардан асырып 30,8 миллион пұт^астық тапсырады. Соғыстан кейінгі ауқымы мен ауыртаалығы айырықша болған халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында да аштыққа жол берілмеді, тіігген 1947 жылы нанға кәртішке жүйесі жойылды. Қазақстандағы астық өндірісі 1950 жылы 1751,3 мың тоннадан 1953 жылы 1977,5 мың тоннаға жетті3.

Қазақстандағы астық өндірісінің үлес салмағы анағүрлым азайып, одақ бойынша белгіленген өнім дайындаудың 5-6 процентін ғана қүрады, ал астықтың тауарлы түсімі тым төмен болып гектарына 2,57 центнерден айналады4. 1953 жылы дәнді дакылдар өнімі күрт кемуіне орай ашаршылық қаупі төнеді, ауыл адамдары қалаларға барып, нан сатып алып күнелтуге мәжбүр болады. 1953 жылғы қыркүйекте өткен КОКП Орталық Комитетінің Пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан ауыр жағдайға оділ баға берііі, елдің жалпы дамуы мен ауыддағы жағдай арасында тепе-теңдіктің жоқтығы, адамдардың нашар тамақтанатыны атап көрсетіледі. Мол мүмкіндік бола түрып, біздің республикада да халықтың нан жоніндегі сүранысы қамтамасыз етілмейді. Себебін түсіндіру қиын. Айтуға түратыны: егіншілік мәдениетінің төмендігі, механизаторлар жетіспеуі, ауыл шаруашылығы мамаңдарының аздығы, еңбеккерлерді материалдык, ынталандырудың мәз еместігі, салаға басшьшықтың бәсендігі.

Істің оңға басуына қажетсіз қайта қүрулар да кедергі келтіреді. 1951-1952 жылдары жергілікті жағдайды жеткілікті зерттеп жатпай-ақ кішігірім колхоздар асығыс ірілендірідді. Соның салдарынан Қазақстандағы колхоздар 3 есеге кемиді. Жергілікті билік органдарының окілетгілігі трактор-егіс бригадаларының шеңберімен шектеледі. Мүндай бүрмалауларды жонге салу Сталиннің жеке басына табынуды талқандағаннан кейін ғана қолға алынады. Анахронизм ауыртпалығынан арылған ауыл еңбеккерлерін аграрлық салада келесі істер күтіп түрған еді. Бүл дағдарыстан шығудың бір ғана жолы бар еді. Ол үшін өндірістік қатынастар жүйесін езгерту, атап айтқавда, нарық қатынастарына кошу керек болатын. Бірақ, ол кезде мүндай әңгімені қозғауға ешкімнің батылы бармады. Өзін

1Чернявский У. Г. Война и продовольствие. Москва, 1964, 20-бет

2"Егемен Қазақстан", 1993, 8-мамыр.

3

Казахстан за 40 лет. Стат. сборник, Алматы,

1960, 95-бет.

4

ИМЛ қазақ филиалы 708-кор, 27-тізбе, 6-іс,

576-бет.

174

озі сақтау үшін билік иелері мәселені экстенсивтік әдіспен

— тың жерлерді кен ауқымда игеру жолымен шешуге кірісті.

Тың игеруге жаппай кірісу. 1953 жылдың аяғында тың игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейіңде қызу талқыланып жатты. Жарамды жерлер көп делінетін Орал, Сібірмен бірге Қазақстан да аддымен аталып жүрді. Жерлерді жыртып тастау дөстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді деп санаған республика партия үйымының басшылары орнынан алынды. Орталықтың нүсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып П. К. Пономаренко сайланды, ал оның орынбасарлығына біраздан кейін оның орнына келген Л. И. Брежнев отырғызылды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктеміне қараған шақта қабылданды. Онда 1954— 1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егіс аумағын 13 млн. гектарға арттыру, ол жерлерден 11001200 млн. пүт астық, соның ішінде 800-900 млн. пүт тауарлы астық алу козделді. Тың игеру жөніндегі бүл шешімді қазақстандықтар мақүлдап, қуаттайтындықтарын біддірді. Республика еңбекшілері белгіленген шараларды жүзеге асыруға белсене араласып, шабытты еңбек етті. Бүл науқан кезінде қазақ халқы тағы да өзіне тән қонақжайлық, интернационалдық, бауырмаддық мінездерін таныта бідді.

КСРО-ның түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келе бастады. Ол кезде коммунистер мен комсомолдардың бастама котеріп, түрлі науқандарға шақырып жатуы әдеттегідей жәй еді. Баспасөз бетінде тың игерушілердің сапына қосьшуға шақырған үндеулер мен үрандар жиі басылып түрды. Тың игеруге салт басты, сабау қамшылы жастар ғана емес, отбасымен толық кошіп келушілер де көп болды.

Өнеркәсіп ошақтарын орнатамыз деп мыңдаған жүмысшықүрылысшылар келіп жатгы. Халықтың қазақ жеріне ең көп қаптап келгені — 50 жылдардағы тың жерлерді игеру кезі болды. 1953-1965 жыддары Қазакстанға бас-аяғы 2 миллион адам сырттан келіп, осында орналасты, қоныс тепті, жүмыс тапты1. Олар негізінен орыстар мен украиндар болды. Олар жергілікті халықпен санаспады, көрмеді. Қазақ халқының өз жерінде азшылық болып үштің бірі деген үлеске түсіп қалатын халі осылай жасалған.

Тың игерудің ачғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам келді. Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауыл шаруашылық механизаторлары еді. Тың игеруге қатысқан адамдарды материалдық ынталандыру шаралары жүзеге

1 Қазакстан тарихы. 1994 №1. 44 бет.

175

асырылды. Тыңгерлер барар жеріне шейін тегін көшірілді. Әр отбасына 500-1000 сомнан бір мезеттік көмек көрсетілді. Үй салу үшін (оның 35 процентін мемлекет өз мойнына алып), мал сатып алу үшін несие берілді. Астық немесе үн ретінде азық-түлік көмегі көрсетілді. Тыңгерлер 2 жылдан 5 жылға шейін ауыл шаруашылык салығынан босатылды.

Бүл жерде жоғарыдағыдай ынталандыру үшін бөлінген материалдық кемекті белуде алалық болғандығын ескере кету керек. Көтерме көмекті славян тектілер артықшылықпен пайдаланғанда, Қазақстан тыңын игеруге үлес қосуға ниет білдірген, Ресей жерінде түратын қазақ жүртының екіддері ешқандай материаддық көмек ала алмады1.

1954 жыддан бастап егіске жарамды жерлерді зерттеп, тавдап алу жүмыстары жүргізідді. Ол жүмыстарға Мәскеудің, Санкт-Петербургтың, Украинаның топырақ зертгеуші ғалымдары, ботаниктері, гадрогеологтары қатысты. Алайда, өмірлік тәжірибе көрсеткендей, орасан көп жерді жыртып тастаудың зиянды саддарлары болатыны ескерілмеді. Және сол кездің айқайшыл басшыларын келешек туралы гыльши болжамға иландыру оңай емес те еді.

Тыңның алғашқы табыстары. Тың игеру республиканың

Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүсгік Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді. 1954 жылдың көктемінен 1955 жыддың көктеміне дейінгі бір жыл ішінде тың өлкесінде 337 астық совхозы қүрылды. Олардың егіске жарамды жерлері 10 млн. гектардан астам бодды. 1954 жылдың өзіндеақ тың көтеру жоніндегі тапсырма артығымен орындалды. Қазақстанда 6,5 млн. га тыңжер жыртылды. Астықтың жалпы түсімінің мөлшері 7650 мың тоннаға жетгі. (1950 жылы Қазақстанда 7854 мың гектар жерге дән себіліп, одан 4,7 млн. тонна астық жиналған болатын). 1955 жылы егіс көлемі 1954 жылғымен салыстырғанда екі еседей артып, 20,6 млн. га жер жыртылғанымен, ауа райының қолайсыздығынан 4750 мың тонна ғана астық алынды. Тыңгерлер ауыз толтырып айтатындай көрсеткішке 1956 жылы ғана жетті. Бүл жылы республика 16 млн. тонна астық жинады. Мүны коммунистік даңғазалықпен 1 млрд. пүт деп ауыз толтыра айту қалыптасты. 1956-1958 жылдары республикада тағы да 4,8 млн. га тың жер игеріліп, егіс колемі 28,6 млн. гектарға дейін өсті. Мүның ішінде дәнді дақылдар егісінің аумағы 23,2 млн. га еді. Республикада техникалық дақыддар, көкөніс, жемшөп өндіру де үлғайтылды2.

Қазақстан тарихы. 1994 №5. 66 бет. Қазақстан тарихы. 1994 №5. 66 бет.

176

Тың игерушілерде көтеріңкі рух, еңбекке деген құлшыныс болды. Еңбек озатгары көптеп шыға бастады. Астық жинаудың түрлі әдістері дүниеге келді. Мәселен, Қостанай облысывдағы "Ярославский" совхозының бригадирі М.ЕДовжик, Қостанай облысьтндағы Павлов атындағы совхоздың комбаиншысы Ж.Демеев, Павлодар облысының Буденный атындағы колхоздың комбаиншысы П.Ф.Музыка т.б. тыңгерлер еңбектегі ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті.

Тың игеру бидайды ғана емес, астықтың өзге түрлерін өсіруге де игі ықпал етті. Сол жылдары Қазақстанның Оңтүстігівде күріш осіру едәуір жанданды. Қызылорда облысының Шиелі ауданының "Қызыл ту" колхозының звено жетекшісі Ыбырай Жакаев күріштен мол өнім алудың ғажап үлгісін керсетті. Ол көптеген ізбасарлар дайындап шығарды.

Тың жерлерді игеру жыддарыңца біздің Қазақстан сапалық жағынан жаңа экономикалық жөне өлеуметтік деңгейге шықты. Өте қысқа мерзім ішінде оның еліміздің азық-түлік балансындағы ролі артты. Қазақ жерінде ірі-ірі кәсіпорындар пайда болды, ғылым мен мәдениет одан әрі дами түсті. Алаңца, тың игерудің нәтижелері тіпті де бір мәнде емес. Қазақ КСРінің 70 жыддығына арналған мәжілісте жасаған баяңцамасында Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткеніндей, бүкіл жағымды қорытындыларын мойындай отырып тың игеру қозғалысы терең ойластырылмаған, дайындықсыз қолға алынған. Көп жагдайда волюнтаристік сипаты басым кең ауқымды әрекет болды. Мүнда ең адцымен республиканың үлттық ерекшелігі назарға алынбаған еді. Дәстүрлі мал шаруашылығына елеулі нүқсан келтірілді, астық проблемасын шешудің өзі негізінен алғаңца экстенсивті жолмен ғана қолға алынды. Орасан зор көлемде халықтың басқа жерден Қазақстанға тоғылуы рухани, адамгершілік түрғыдан әубастан-ақ кереғар сипатта болды. "Бос жатқан, қумекен далаға барасындар, оны игеріп, оздерің қолдарыңмен орнатасындар" деген ат үсті нүсқауларға иек артқан тың игерушілер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне, оның тарихи ескерткіштеріне қандай түрғыдан қарауға тиіс еді?1 Қазак мектептерінің саны осы жылдары күрт қысқарды. Бір ғана дерек мысалы, 1956 жылдың қаңтарында облыста 154 қазақ тіліңде оқитын мектеп болса, оның саны 1991-ші жылдың 1 қаңтарында небары 57 ғана болып отыр2.

' Партииная жизнь. Освоение целины. Великий подвиг партии и иарода. 1974, №7. с. 7-13.

2 Бул да сонда.

12-148

177

Сол баяндамасында Н.Ә.Назарбаев: "Тіл туралы мәселе халықтың "жан ашуы" сияқты бір ышқынар сәті. Біз сондай тығырыққа тірелген халықпыз. Бірақ үмітсіз емеспіз" деді. Оған қоса Қазақстанда қазақ топонимдерінің үштен бірі өзгертілді, жаңа ауыстырылған жасанды тіліміз бен рухани болмысымызға жат шығу тегі, қойылу тарихы күмонді атаулар кебейді.

Қазақ жерінің Есіл, Нүра, Еремен, Атбасар, Қорғалжын, Теңіз, Сілеті атаулары ғана сақталып, қалған аймағы — Алексеев, Астрахань, Целиноград, Вишнев, Макин, Балкашин, Краснознамен, Красный флаг, Красный яр болып жалғасып кете барған осы олкенің тың игеру кезіндегі күнгейі мен колеңкесі, қуанышы мен қасіреті қатар болғандығы рас. Шүрайлы шабындық, жасыл жайлау есепсіз жыртылып, аң ауып, қүс үясы бүзылды. Небір айнакөлдер тартылып, бүлақ көздері бекітілді.

Халықтың тағдырына да тыңның тегеуріні нендей "сыйлық" бергенін жариялылықтың арасында ашық айта бастады. Туған халқымыздың әр перзентінің осыған жаны ауырады' деді Н.Ә.Назарбаев. Ал жазушы С.Жүнісов әңгімелейді: 1) 1955 жыл еді. Тың игерудің нағыз басталған шағы. Осы наукан елдін берекесін қашырды. Жыртылмаған жер калмады. Небір қасиетті орындар егіннің астында рәсуа болды. Ауылдарда үрлық көбейді. Қүлпы жоқ үйлерді түгел көшіріп әкеткен окиғалар аз болмады. Ел бүзылды. Маскүнемдік етек алды. Қазақ әйелдері аузына арақ ала бастады2.

Қорыта келгенде 1954-1960 жылдары жалпы Совет одағында 42 млн. гектар жер кетерілді. Мүның ішінде Қазақстанда 25 млн. гектар жаңа жер игерілді. Қазақ ССРында тың игерудің көлемі мен тиімділігі жонінде мына цифрлар айғақ бола алады: тың игеру басталған 1954 жылдан 1978 жылга дейінгі мерзімге Қазақстанда 438,9 миллион тонна астық өндіріліп, оның 252,2 миллион тоннасы мемлекетке сатылды. Осы мерзімде Қазақстанның ауыл шаруашылығын, оның ішінде тынды дамытуда 21,2 миллиард теңге жүмсалды.

Астық сату айналымынан 27,2 млрд. сом алывды. Сөйтіп жүмсалған барлық еңбек пен шығын барынша қысқа мерзімге өтеліп, оның үстіне айтарлықтай пайдаға да қол жетті.

Тың игерілгенге дейін республикамыздың мемлекетке астық сатудағы үлес салмағы 4,6 процент молшерінде болса, 1978 жылы 12 процентке тең болды немесе қазақтардан орта есеппен жылына 1 млрд. пүт дерлік астық тасылып отырды.

1Партийная жизнь. 1974, №7. с. 3-12.

2Казақстан тарихы.1994, №5. 67 бет.

178

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]