Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Бізше бүған түсініктеме жасау артық. Себебі өмірдің алуан түрлі қиындығын керіп, буыны бекіп, бүғанасы қатпаған ересек адамдардың озі қара шыбындай қырыльш жатқанда сары ауыз балапандардың омірден сыбағасын ала алмай қыршынынан қиылатындығы екінішті де түсінікті.

Бір созбен айткаіща Голощекіш Қазақстан даласын комусіз мүрделерге толтырып, миллиондаған күнәсіздерді елінен, туған жерінен бостырып кегін қайтарды. Ол ойымызды Қазақстан өлкелік халком төрағасының орынбасары Әбдірахмановтың олкелік партия комитетіне Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы жағдайы жоніндегі жазған мәлімдемесі дәлелдейді.

... Қолда бар күжаттарға қарағанда, - дейді Әбдірахманов ауданда 3212 адам елген... № 6 ауылға баратын жолдың кез келген жерінде мүрде. Қаратобе колхозының № 6 ауылындағы Боқаев Мүхаметжанның отбасындағы 9 жанның 8-і, Әбіш Қадыровтың отбасындағы 8 жанның 7-і өлген. Мүндай жағдай өр отбасынан кездеседі. Аудандық екі балалар үйіндегі балалардың 130-ы өлген. Аудан орталығында 450 елік жиналып көмілген. Біз озіміз 30 өлікті жинап көміп жатқанын көзбен көрдік1.

Жүрек ауыртар мүндай хал бүкіл қазақ даласында орын алған жағдай.

Сондай сүреңсіз өмірді, тағдыр тәлкегін бастан кешкен семейлік 11 жасар Сөлім Мәденүлының балалық, балғын сезіммен жазғанын тындап коріңіздер.

"... 1931 жывдың қазан айынан бастап елдің жазда жинаған күрт-майын және қалған малын үкімет тартып адды. Сойып алған малдың жүрнағымен 1932 жылдың көкек айына әрең жеткенмен халық аштан қырыла бастады. Адамды көмуге кісі табылмайтын уақыттар болды.

...Біздің от басында алты адам болдық. Әкем мен кіші інім аштан өз аулымызда өлді. Ағам жаламен сотталып кетті. Шешем екеуіміз қалдық. Шешем: "ал қарағым, бар жоқты киейік, басқа қоқыр үй ішінде қалсын. Шама келген жерге дейін, сапар шегейік" — деді. Үлкен Нарын аталатын ауданда түратын нағашыма жете алмадық. Шешемнің жаяу жүрісі кібіртікке айналып, бет-аузы ісіп ана түрінен айырылды. Сонымен айдалада, Маралиха деген өндіріске үш шақырым қалғаңда күн батар атдында анам жан тапсырды. Бір от басынан жалғыз мен қалдым2. Қандай аянышты, ауыр хал.

1

ҚРОМА 1179 кор 1 тізімінде 47 іс 149-150 беттер.

2

"Егемен Қазақстан". 1998 жыл 29 мамыр.

49

Бірақ ел тағдыры осындай болып түрғанына қарамастан БКП (б) Орталық комитетінің хатшысы И.Сталин, КСРО Халық комиссарлар кенесінің төрағасы В.М.Молотов Қазақстан Өлкелік партия комитегінщ хатшысы Голощекинге, халком төрағасы О.Исаевқа "республикада қысқа мерзімде мемлекетке астық таисыруда нақты озгеріс үйымдастырылмаған жағдайда Солтүстік Кавказдағы куғын-сүргін тәрізді жазалау шараларын қолдануға мәжбүр болады" деп қаһарлы жедел хат жолдады.

Голощекиннің көктен іздегені жерден табыдды. Бүл хатты жедел қолына найза етіп үстаған ол 1932 жылы 11 қарашада БКП (б) Өлкелік комитеті мен халық комиссарлар кеңесінің мәжілісін өткізіп, онда БКП (б) Орталық комитеті мен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің "Астық дайындау женіндегі директивасы жайлы" деген мәселені қарап, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстық атқару комитеттеріне директиваны жеке-жеке бекітіп, оны жедел хаттармен облыстарға шүғыл жөнелтті. Ол директиваларда мына шараларды жүзеге асыруды міндеттеді:

Мемлекеттік астык тапсыру шараларын орындамаған аудандармен колхоз, совхоздарда:

1. Мемлекеттік және кооперативтік сауда жасау жоне кооперативтік дүкендердегі барлық тауарларды сыртқа шығару тоқтатылсын.

2.Колхозшыларға және жекешелерге колхоз саудасына тыйым салынсын.

3.Мемлекеттік аппараттар мен колхоздык кооперативтер жүмысшы шаруа инспекциясы тарапынан тексерілсін және олар жат және жауыз элементтерден тазартылсын.

4.Түтыну одағы қоймалары мен өндірістік және кооперация тауар базаларынан барлық тауарлар кері қайтарылып алынсын. Бүл тауарлар астық дайындау жоспарын орындаған аудандарға жіберілсін.

5.Астык, дайындау ісіне қарсылық көрсеткен, не жосиарды қасақана орындамаған колхоздар мен үйымдастырушыларды өлкеден тыс жерге жер аудару туралы және олардың поселкелерінің орнына жері шағын, не колайсыз жерге орналасқан астық тапсыру жоспарын орындаған колхозшыларды қоныстандыру туралы үкімет алдына моселе қойылсын.

6.Астық тапсыру жоспарын орындамаған не бас тартқан жекешелер 61-бап бойынша еркінен айырылып, 81-баппен жауапқа тартылсын, жерді, шөпті пайдалану қүқынан айырылсын. Оларды өлкеден тыс солтүстік облыстарға жер аудару үкіметтен сүралсын.

50

7. Прокуратура мен сотгар мемлекет және колхоз мүлкін үрлаушылар жөнінде 5 күн мерзім ішінде болыс бойынша 5 іс қарайтын болсын. Үкім баспасөзде жариялансын. Прокуратура және жүмысшы шаруа инспекциясына 10 күн мерзім ішінде шығарылған үкімнің орындалуын тексеру міндеттелсін1 деген қаһарлы бас бүлтартпас түжырымдар белгіленді. Осы қаулымен бірнеше басшылар қызметтерінен босатылып, жауапқатартылды. Міне, осы қаулы бойынша жазықсыз азаматтар қиянат қүрбандығына шалынды. Көшпелі соттар ПП ОГПУ2 шешімімен әр ауданнан 5-10 адамнан атыдды. Кейбір аудавдарда 40-қа дейін адам әртүрлі жазамен түрмеге жабылды3.

Мемлекетке астық тапсырудың тағы бір қатігездігіне қатысты бүрынғы Чапаев дивизиясына қатысушы Орал округі Заурал ауданы N1 ауыл азаматы Еділғали Баешевтің Голощекинге жазған хатында: "НЭП-ке өтуге және жүмыстың күрделігіне байланысты мен сауатсыз болғандығымнан қызметтен қалдым да ауыл шаруашылығымен айналыстым - отбасымда 9 жан — кіл жас балалар және көрі шешем бар. Шаруашылығым ортадан төмен. Ауыл шаруашылығымен айналысқанда әр уақытта басқа азаматтарға үлгі болып, алым-салықтарды уақтылы толеп түрдым, заемдарға жазылдым және Кеңес өкіметінщ басқа шараларын да белсенді жүргіздім.

1928 жылға дейін ауылдық кеңестің, т.б. үйымдардың мүшесі болдым. Өзімнің мүгедектігіме байланысты, оған куелігім бар, одан әрі жүмыс істей алмағанымды да айту қажет.

Колхоз қозғалысына байланысты мен 1929 ж. Колхозға кірдім және өзімнің бар мүлкімді коммуна уставын қолыма түсіріп колхозшыларды жоғары басқышқа — коммунаға етуге үгіттедім.

Астық дайындау науқаны кезінде маған 5 пүт астык, откізуге тапсырма берілді, мен сол бойда тапсырдым, ал кейін түқым қорына деп 30 пүтқа тапсырма берді, мен оның тек 8 пүтын тапсырдым, өйткені артық мүмкіндігім болмады - откен жылы астық шықпады. Мен тапсырған 13 пүт бидайдың өзін мүлкімді сатып тапқаным. Міне, жақында маған тағы 57 пүт еткізуге тапсырма берді. Бірақ

1Р. Сариева. Қазақстандағы тоталитаризмнің 1932-1933 жылдардағы қасіреті мен кайғысы. "Егемен Қазакстан". 1998, 29 мамыр.

2ПП ОГПУ (полномочное представительство объединенного

государственного политического управления). 3 "Егемен Қазақстан". 1998, 29 мамыр.

51

менің енді тапсыратын мүмкіндігім жоқ, өйткені менің отбасым қазіргі кезде шын мәнінде ашығуда.

Менің Кеңес өкіметі алдында барлық осы еңбектеріме қарамастан,кейбір рулық қайшылықтарға байланысты (біздің ауылдағы) мені қазіргі кезде колхоздан шығарып тастады, мүнысы тіпті жонсіз деп есептеймін

Осы айтқанымды Сіздің қаперіңізге сала отырып, Сізді Қазақстан үйымының басшысы ретінде менің жағдайымды тусінуіңізді және менің ісімді ажыратуды біреуге тапсыруыңызды және маған социалистік мүддеде жұмыс істеуге мұмкіндік беруіңізді, соған қоса мені шамам келмейтін астық даярлау тапсырмасынан босатуыңызды сеніммен өтінемін.

Голощекин жоддас, мені жеке қабылдауыңызды сүраймын, мен мүнда жазғаннан гөрі ауызба-ауыз өз жағдайым туралы кобірек айтар едім, өйткені мүнда тек негізгі оқиғаларды, оның озін қысқа баяндап отырмын."1

Бүл қүжаттан оқушының көз алдына социализм идеясына сеніп, большевиктер партиясының соңына ерген сауатсыз қазақ шаруасының мүшкіл халі елестейді. Оның Кеңес өкіметі алдындағы еңбегі елеусіз қалып, мал-мүлкін ортаға сапытт, жиған-терген астығын салыққа өткізіп, өзі 9 жан шиеттей бала-шағасымен аштыққа үшыраған. Сонда да ол сенімінен айрьшмай, енді оны тығырықтан тек Голощекин қүтқарады деген соңғы әрі үмітсіз шешімге келіп, тағы сорлап отыр.

Голощекин оқымақ түгіл, бүл хат ОК кеңесіне де жетпей, өмірде моні шамалы "Колхоздар одаіы"(Колхозсоюз) деген үйымға етіп, осы кезге дейін тарихи қүжат есебінде жатып қалған. Осыған қарағанда Баешев сияқтылардың тағдыры қасіретпен аяқталғанына күмән келтіре алмайсың.

Қазақстанда мемлекетке астық дайындаудан келген қасіреттердің түрлері осындай. Қазақстан Коммунистік партиясы мен үкіметі тарапынан жүргізілген мүңдай шаралар тікелей ашаршылыққа, босқыншылықкд көрер көзге айдап салу екендігі сезсіз.

Біз жоғарыда әңгімелеген аштық, қазақтардың шыбындай қырылуы қандай саясатгың жөне шаралардың салдары дегенге келер болсақ, турасын айтқанымыз жөн. Бүл 1928 жылы

1 Қаз. Орт. мемл. арх, 247-қор, 1-тізбе, 434-іс, 15-бет. Қүжат орыс тілінде машинкаға бастырылды.

52

ақпан айынан басталған зорлықпен астық және ет даярлау науқанының, онан соң әрине, күшпен үжымдастыру және зорлап отырықшыландыру шараларының тікелей салдары. Ал енді осы аштықтың негізгі себептері болып табылатын осынау науқандардың қайсысы қалың қазақтың жаппай шығынға үшырауында шешуші рол атқарды дегенге келер болсақ: әрине, ең алдымен ет дайындау науқанын ауызға алар едік. Нақты мәліметтер тарихи шындықты көрсетеді. Ашаршылық қарсаңында 1930 жылы 20-шы ақпанда Қазақстанда 6.899 колхоз тіркелді. Олар барлық халықтың 36,7 процентін біріктірді. Ал оларды қауымдастырған барлық малдың басы 1252.309 болып, яғни қазақ өлкесіндегі барлық малдың 21,7 процентін қүрады1.

Негізгі мал жекеше қазақ шаруалары қолдарында екенін жақсы түсінген мемлекет органдары ет дайындау жоспарын жекешелер есебінен орындауға күш салады. Қазақстанда ет дайындаумен "Союзмясопродукт", "Животноводсоюз", "Ленинфадмясопродукт", "Москвамясопродукт", "Потребкооперация" тәрізді үйымдар айналысты. Мекемелердің аттары айтып түрғанындай Қазақстанның еті негізінен республикадан тыс жерлердің мүддесін қанағаттандыруды көздеді. Нақты деректерге жүгінер болсақ, тек бір ғана "Союзмясопродукт" мекемесі Қазақстаннан тыс жерлерге 1929 жылдың 1-ші қазанынан 1930 жылдың 30 қыркүйегіне дейін, яғни тек бір жылдың ішівде ғана 700025.0 тонна ет жөнелтіп белгіленген жоспарды 89,1 процентке орындаған. Ал енді бүл еттердің нақты қандай жерлерге жөнелтілгеніне назар аударар болсақ, көрсетілген мерзімде Мәскеуге 3647,0 тонна, Ленинградқа 4351,6 тонна, Орта Азияның Ташкент, Самарқант, Бүқара, Әндіжан, Ашхабад тәрізді ірі қалаларына 9931,5 тонна ет жіберілген2. Сондай-ақ, Қазақстанның күшпен үжымдастыру жылдарында т.б. көптеген өнеркәсіпті аудандарды және мақта өсіруші аудандарды, тіпті Кавказды да етпен жабдықтаушы болғанын қазір ел біле бермейді.

Біздің есебіміз бойынша Қазақстандағы малдың басты үш түрі — жылқыдан, мүйізді ірі қарадан, қойдан 1927-31 шаруашылық жылдары аралығында барлығы 11753.1 мың бас өлген, ал 10022,8 мың бас сойылған. Соңғы көрсеткіш негізінен ет дайындау жөне оны ішкі қажеттілікке түтыну

1Омарбеков Т. Азалы тарих ақикаты. "Егемен Қазакстан". 1996 8 маусым.

2Омарбеков Т. Азалы тарих ақиқаты. "Егемен Қазакстан". 1996ж. 8 маусым.

53

нотижесі болын габылады. Дегенмен де Қазақставда сойылған еттің жсргілікті жабдықтауға небәрі 8-9 проценттейі ғана қалдырылғанын ескерер болсақ, жоғарыдағы 10022,8 мың бас малдың 9120,7 мың басы көрсетілген жылдары Қазақстаннан сыртқа әкетілген болып шығады1.

Қазакстанда мал етін дайындаудың аса катал қорқыту жоне қысым жасау өдістерімен жөне өсери тәртіппен жугізілгенін Қазақстандағы олкелік конторасының меңгерушісі Прокудиннің аудандық партия комитеттеріне ай сайын "мясное" деген бұрыштамамен үздіксіз жолдап отырған көп, шүғыл теллеграммасының бірінің мазмүнымен толығырақ танысайық: "Біздің қатаң нүсқауларымызды сіздердің орындау мүмйндіктеріңіз бар екендігіне қарамастан, жүкгі (етгі) тиеу қылмыскерлікпен баяу жүргізілуде. Сіздердің тарапыңыздан оңбағандықпен қараудың арқасыңца Қазақстан үш айдан бері орталыққа ет тасып жеткізуді бүддірді, сөйтіп пролетарлық жүмысшы ядросын етпен қамтамасыз етуді орындамады. Жиырма бесінде желтоқсан тапсырмасын, сондай-ақ тиелмеген жүкті бүлтарыссыз тиеп бітуді бүйырамын. Көрсетілген мерзімде орындалмаса, үздіксіз орындамау ретінде сотқа тартып, іс қозғаймын. Прокудин.

П.ХІІ.ЗОж. Алматы. "Союзмясо".2

Осындай қатал талап, бай — кулактар жөне ауқатты шаруалар қожалықтарына 1930-1931 жылдары түрақты ет дайыңдау тапсырмаларын беру түріндегі қысым, әдістерімен қатар жүргізілді. Мүндай бағыттың мал шаруашылығын және онымен, белсенді айналысатын қазақ халқын күйзелтпеуі мүмкін емес еді. Окінішке орай, Кеңес үкіметі және оны басқарушы Коммунистік партиясы өздері жүргізіп отырған саясаттың аппаттылығын тым кеш үқты, бірак қателіктерін кейін де мойындамады. 1931 жылы 7 желтоқсанда ССРО ОАК мен ХҚК "Жылқыны заңсыздықпен сойғаны және жыртқыштықпен пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы", ал 1932 жылы 10 мамырда ССРО ХКК мен БК(б)П ОК "Ет дайындау жоспары және колхозшылар мен жекеше еңбекші шаруалардьщ етпен сауда жасауы туралы" қаулылар қабылдады3.

1Омарбеков Т. Азалы тарих ақиқаты. "Егемен Қазақстан". 1996, 8 маусым.

2Қазақстанның Орталык. мемлекеттік архивы. 116-қор; 1 т; 24-іс; 234п.

3Важнейшие Постановление Компартии и советского правительство. М., 1957. С.400-401, 416-417.

54

Бұл шешімдердің алғашқысында жылқыны союға тиым салынса, ал соңғысында ет дайындаудың 1932 жылғы үшінші тоқсанына арналған ет дайындау жоспары ССР-ның барлық аудандарында едәуір төмендетілді. Қазақстан енді бұрын белгіленген 255.500 тоннаның орнына 56.000 тонна ет дайындайтын болды1.

Көп кешіктірмей БК(б)П ОК 1932 жылы 27 мамырда осы бағытта тағы бір - "Жылқының басын сақтау жоне дамыту туралы" қаулы қабылдады. Мұнда жылқыға жыртқыштықпен және немқүрайлы қарау олардың жаппай өліміне жол берсе, халық шаруашылығы мүддесіне қарсы қылмыс ретінде қарастырылатыны және заңмен барынша қатал жазаланатыны" ескертілді.

Бүл шешімдер жағымды роль атқара бастаса да, кезінде орын алған өрескел қателіктердің ауыр салдарын жоя алмады. Мал шаруашылығының дамуы үзақ жылдарға тежелді. Мысалы Қазақстанда 1928-1931 жылдар ішінде ғана 1119.0 мың бас жылқы өліп, 1157.0 мың бас жылқы сойысқа түсті. Сондықтан да, 1931 жылдың соңында Қазақстанда не бәрі 3952.0 бас қана жылқы қалды2.

Оған қосымша жылқының немесе т.б. түліктің басын сақтауға байланысты Кенес үкіметінің, тіптен Коммунистік партияның көптеген нүсқаулары Қазақстанда шын мәнінде орындалмай, аяқ асты болды. Мал және ет дайындаудың ауқымды жоспарлары мал басын сақтау туралы нүсқауларға қайшы келіп, жергілікті жердегілер алғашқысын қалайша орындаулары тиіс болды.

Қырылудан қалған мал басын сақтауға байланысты нақты шаралар шын мәнінде БК(б)П ОК "Қазақстанның ауыл шаруашылығы және соның ішіңде мал шаруашылығы туралы" қаулысынан және осыған сәйкес ССРО ХКК осы жылы 5 қазаңца қабылдаған осы аттас шешімінен соң ғана біртіндеп жүзеге асырыла бастады.

Бүл шешімдер көп кешікпей 19 қазанда Қазақстан үкіметі мен Қазақ өлкелік партия комитетінің біріккен мәжілісінде талқыланып, толық мақүлданды. Енді Қазақстан алдағы 5 тоқсан бойы (1932 жылдың Іқазанынан 1934 жылдың 1 қаңтарына дейін) әр тоқсанда бүрынғыдай 56.000 тонна емес 34.000 тона ет дайындайтын болды. Әрине алапат

1Сонда 420 бет.

2Қазақстан Республикасы Орталык мемлекеттік архиві 116 қор. 1- тізбесі; 19 іс 20 парақ.

55

ашаршалықа үрынған Қазақстанға мүның өзі де оңайға түспейтін еді. Тағы бір жеңіддік: орталыққа ет дайындаудан 206.000-дай көшпелі және жартылай, көшпелі аудандардағы колхозшылар, кедейлер қазақтар жанүялары босатылды1.

Мал-жанын аштық жалмап үлгерген қазақ даласының ауыр қасіретінің орньш жоғарғылардың бүл шешімі толтыра алған жоқ. Бүл қаулылар тек қана осы апатты процеске тосқауыл қойып, оның одан ары кең өрістеп кетуіне мүмкіндік бермеді. Кеңес өкіметінің 1928 жылдан бастап 1932 жыддың 17 қыркүйегіне дейінгі казақ даласында жасаған жан түршігерлік зобалаң қылмысын тарих бәрібір үмыта алмады. Тегінде мүны тарих ешқашан да кешіре қоймас. Ал енді жалпы 1929-1933 жылдар ішіңдегі қазақтарды ашаршылықкд үрындырған мал басының шүғыл кемуі процесіне осындай талдау жасасақ, осы жылдары шығын болған Қазақстаңдағы 36 миллионға жуық бас малдың шамамен 15 миллионы, оның басым көпшілігі Қазақстаннан сыртка тасылып өкетілген деп қорытынды жасауға болады2. Ал қалған шығынын егер Ф.Голощекиннің И.Сталинге 1931 жылы желтоқсаңда берген мәліметтеріне сенсек, қазақ босқындары ездерімен бірге айдап әкеткен.

Ауа көшулер негізінле 30-31 жылдарда халықтың 12-15 процент азайғаны байқалады. Қоныстарынан ауа көшкен халық өздерімен бірге, қолдағы мәліметтер бойынша, кем дегенде 1,5-2 млн. бас малды айдап кетті3.

Төмендебіз 1925-1933 жыддарда Қазақстан өлкелік партия комитетінің жауапты хатшысы қызметінде болған Ф.И.Голощекиннің архивтің қойнауында сақталған Сталинге жазған хатынан үзінді беріп отырмыз. Мүндағы мақсатымыз, нақты қүжаттың негізінде Қазақстанның бірінші басшысының И.Сталиннің алдыңда Қазақстандағы мал басының кемуіндегі шындықты қалай бүрмалағанына оқырманның өзінің көзі жетсін деген ойдан туындады.

Мал басының кемуіне басты себеп туралы Голощекин өзінің И.Сталинге жазған хатында "мал басының мүндай апатты қүлдырауының себептері неде?" — деген сүракқа былай деп жауап береді: "Қазақстанда мал шаруашылығының дамуында екі түрлі қарама-қарсы процестер жүріп жатыр:

1 ҚРОМА 1179-қор 4-тізбесі; 1-іс 213 парақ.

2Омарбеков Т. Азалы тарих ақиқаты. "Егемен Қазақстан". 1996 жыл 8 маусым.

3Голощекин Ф.И. БК (б) П Орталык Комитетінің хатшысы жолдас Сталинге. Қазақ тарихы 1991 жыл N 3. 63-64 бет.

56

Алғашқысы — жағымсыз, мал басының апатты қүлдырауынан көрінуде; егер соңғы үш жылды алар болсақ, мал басының кемуі томендегідей болып шығады. 29 жылы

— 36 млн. бас1 30 жылы - 20 млн. және 31 жылы 8 млн. бас мал. Бүл финхалкомның2 есебі бойынша. Егер мүнда есепке енбей қалғандарды, тығып қойғандарды жоне сол секілді түзетіп толықтырсақ, бәрібір мал басының қүлдырау динамикасы өзгермей; оның үстіне ең үлкен кему осімтал етті-сүтті мадда және осіресе қой отарларында байқалуда. Мал басының мүндай апатты қүлдырауының себептері неде? Үлтшылдар және оппортунистер бәрін мал дайындауға әкеліп тірейді. Бүл дүрыс емес. Рас, соңғы екі жылдың мал дайындау жоспары, қалыпты өсу қажеттілігін ескерместен аса үлкен. Рас мал дайындау кезіндегі "Союзмясо"3 органдарының асыра сілтеулерінің салдарынан мал басының белгілі бір бөлігін қырып-жою болып түрады," деп мойындайды4.

Қорытьш айтқаңда,ет дайыңдау науқаңцары қазақ жеріндегі мал басының кемуіне басты себеп болды дегіміз келеді. Тіптен шаруашылықтың алапат көлемі анықталып, Мәскеу өзінің 1932 жылдың 17-ші қыркүйегінде қабылдаған әйгілі қаулысынан соң да Қазақстаннан ет тасып әкетуді тоқтата қоймайды. Мысалы, аштықтың шырқау шыңы болған 1932 жылы Қазақстанда 898,8 мың центнер (тірі салмақ) ет дайындалса, ал 1933 жылы бүл көрсеткіш 405,5 мың центнер болған.5 Бүл жерде мәселе дайындалған ет көлемінің аздығында емес, аштан қырылып жатқан қазақтардан ет жинауды тоқтатпауда болып отырғанын кереміз.

Адамның қырьшуы туралы сандық керсеткіштерден горі мал басының қысқаруы төңірегінде әңгіме казып кетуіміздің себебі де түсінікті болса керек. Қазақтың "мал-жан аман ба?" - деуден бастайтыны елге белгілі. Ол жылдары әсіресе негізінен көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтардан қүрылған қазақ ауылы үшін мал емірлік мәселе еді. Орталықтың жоғарыда көрсетілгендей, озбыр ет дайындау

1 Кейбір ресми деректерде 1929 жылдағы Қазақстаидағы мал басы

39-40 млн. бас деп көрсетіледі.

2Финанс халық комиссариатыныц

3"Союзмясопродукт" — күштеп коллективтендіру жылдарында ССРОның өнеркосіп аудандарын және әскери мекемелерді Қазақстанның мал шаруашылығында дайындалған етпен қамтамасыз өтумен айналысқан одақтық мекеме.

4Қазақ тарихы. 1993 N1, 61 бет.

5Омарбеков Т. Азалы тарих ақикаты. "Егемен Қазақстан". 1996, 8 маусым.

57

саясаты жанама жағымсыз құбылыстарды да туғызды. Соның бастыларының бірі - "меншігімдегі малымды мемлекетке тегін өткізгенше, өзім неге сойып алмаймын!"1 — деген меншік иесінің психологиясы еді.

Осы жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуы туралы моселені оңгіме еткенде аштық қарсаңында қазақтардың сандары қанша еді деген мәселені анықтау шешуші рөл атқаратыны белгілі. Өкінішке орай, біздің кейбір әріптестеріміз бүл мәселені анықтауда негізгі есеп-қисап ретінде 1926 және 1939 жыддардағы Бүкілодақтық санактар көрсеткіштеріне жүгінеді. Бірақ, бүл екі санақтың да түсінікті себептермен көптеген кемшіліктерге жол бергені қазіргі ғылымға белгілі. Сондықтан да бүл сандық қасіретті анықтауда тек жанама, көмекші материалдар ретінде пайдалану керек деген ойдамыз. Бүл пікіріміздің дүрыстығын кезінде И.Сталин мәліметтерін ел көзінен тасаға тықтырып тастаған, ал осы санақты жүргізушілерді түгелге жуық атқызып жіберген2. 1937 жылғы Бүкілодақтық санақ материалдары да дәлелдеп бере алады. Бүлардан басқа әртүрлі жанама санақ материаддарының деректері аштық қарсаңындағы және оның барысындағы қазақтар сандарын толық анықтап алуға комектесе алады.

Мысалға, Халық Комиссарлары Кеңес жанындағы отырықшыландыру жоніндегі республикалық комитетінің техникалық кеңесінің мәліметтеріне жүгінсек, зорлап отырықшыландыру қарсанындағы барлық қазақ қожалықтарының сандары 826 мың, оның 706 мыңы (яғни 4 миллион 236 мың адамы) көшпелі және жартылай көшпелілер болғанын, мүвдағы ауқатты қожалықтар сандары 42.000 екенін көрер едік. Осы саннан 2 миллион 300 мыңдай қазақ қырылып қалды. Бүл деректер Қазақстанның санақ басқармасы басшылары Н.Мацкевич, М.Саматов берген деректерде, сондай-ақ, "алтау" (Г.Исаков) И.Сталинге (көшірмесі Л.Мирзоянға) жазған хатта және т.б. архив материалдарында жанама және тікелей дәлелденген. Мысалы, "алтаудың" хатында Қазақстан үкіметі моліметтері негізінде "800.000 қазақ қожалықтарынан 1932 жылдың көктемінде 450.000 ғана қазақ қожалықтары қалғаны"3 айтылады.

1"Егемен Қазақстан". 1996, 8 маусым.

2"Егемен Қазақстан". 1996, 8 маусым.

3Омарбеков Т. Азалы тарих ақиқаты. "Егемен Қазақстан", 1996. маусым.

58

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]