Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

бере қоймағанын көреміз. Бүл саясат түсында да азықтүлік мәселесі Қазақстанда біржақты сипат алады. Ескі одіс бірден өзгере қоймайды. Жағдай 1921 жылы Ресейдің көптеген губернияларында, Еділ бойывда, Украинада бүрынсоңды болып көрмеген кең масштабта ашаршылык басталуына байланысты шиеленісе түседі.

4. Қазақстанда Азамат соғысы жылдарында жасақталған Қызыл армиянын әскери бөлімдері мен

қүрамалары (1918-1920ж.ж.)

;; Қазақстанда азамат соғысының басталуына байланысты жергілікті халықтың көптеген окілдері өз еркімен революция жеңісін қорғаушылар қатарына қосылды. Халықтың осы патриоттық қозғалысын ескере отырып, РСФСР Үлт істері женіндегі халкоматы 1918 жылы тамызда Қазақ үлттық оскери белімдерін қүру жонінде шешім қабылдады. 1919 жылы 3 сәуірде республиканың әскери-революциялық советі "Қырғыз (қазақ) әскери комиссариаттары туралы Ережені" бекітгі. Ереже бойынша республика өскери комиссариатының негізгі міндеті еңбекші қазақ халқы арасынан Отан қорғауға озір әскери бөлімдер қүру болып белгіленді.

Алғашында өскери болімдер бүкіл елімізде, оның ішінде қазақ өлкесінде 1918 жылы 15 (28) қаңтарда В.И.Ленин кол қойған жүмысшы-шаруа Қызыл Армиясын үйымдастыру жоніндегі Халкомсовтың декретіне сәйкес еріктілерден жасақталды (1918 жылы қаңтар-мамыр). Оның алғашқы оскери бөлімдерін жасақтау жөніндегі мәселе бүкіл олкеде сңбекшілердің көптеген съезд, жиналыс жөне митингілерінде галқыланды. 1918 жылы наурыз-сәуірде советтердің Торғай к.ыстық съезі Совет екіметін қолына қару алып қарғағысы келетін қазақ еңбекшілерінің тілегіне орай, атты әскер дивишясын жасақтау жөнінде шешім қабылдап, Торғай облысының тотенше ескери комиссары Ә.Т.Жангелдин арқылы Холкомсовқа өтініш етіп, осы дивизияны қару-жарақ- пен және киіммен қамтамасыз етуге көмек көрсетуін сүрады. Съезд әскери бөлімдерді толықтыру женіндегі нүсқауды Пекітті. 1918 жылы наурыз айының басында Семей облысыныңжүмысшы, шаруа, солдат, қырғыз (қазақ) және қазақ деиутаггарының біріккен 1-съезінін шешімі бойынша облысқа Советтің жасактау жөніндегі комиссиясы әскер қатарына оріктілерді жазуға кірісті. Наурызда Совдептің шешімімен Форт-Александровскіде (Ақтау) 100 жауынгерден түратын рота жасақталды. Петропавл уездік Советінің аткомы қүрған

21

құрамында И.Д.Дубинин, В.Трацевский т.б. бар әскери штаб пен жасақтау жөніндегі комиссия сәуірде атқыштар ротасы мен атты әскери эскадронды Ақмолада 200 адамдық отрад, наурызда коммунист Л.П.Емелев басқаратын Қызыл Армияның 1300 адамдык бірінші Жетісулық Социалистік жаяу оскср полкі, Верный (Алматы) қаласында жұмысшыметаллист И.Маментов басқаратын 500 адамдық отряд жасақталды. Қостанайда осы кезде жалпы саны 1045 жауынгерден түратын 10-Орал атқыштар полкі мен ерекше атты әскер отрядын жасақтау аяқталды. Әскери бөлімдерді жасақтау жергілікті жерлердегі партия, совет үйымдарының жүмысшы, шаруа және әскерден босатылған майдангерсолдатгар, тыл жүмысындағылар арасында ықпалды жүмыс жүргізуінің нәтижесінде жүзеге асты. Өлкенің барлық үлттарының еңбекшілері — қазақтар, орыстар, қырғыздар, украиндар, татарлар, дүнгендер, үйғырлар т.б. Қызыл Армия әскери бөлімдерін қүруды қызу қолдап, өз еріктерімен оның қатарына өтті. Азамат соғысы мен әскери интервенция басталуының алдында қүрылған әскери бөлімдер, негізінен, жергілікті жерлерде Совет екіметін нығайту жөне қүлатылған қанаушы таптардың қарсылығын басу үшін пайдаланылады. Олар Орынбор даласында Дутовты талқандауға, Петропавл мен Қостанайдағы (наурыз), Жетісудағы (1918 ж. сәуір — мамыр) бүліктерді басуға қатысты. Сан жағынан алғанда жергілікті жерлерде еріктілерден жасақталған әскери бөлімдер онша коп емес еді. 1918 жылдың май айына дейін Қазақстан жерінде жасақталған қүрамалардағы еріктілердің саны 7 мың адамнан аспады. Оларда үйымдық жағы жеткілікті дәрежеде нығаймаған, қатал тәртіп орнатылмаған еді. Бір ізге түскен, орталықтаңдырылған басқару аппараты болмады. Командалық кадрлер жетіспеді, әскери дайындық өлсіз болды. Соған қарамастан Қазақстанда сол уақытта, бүкіл еліміздегі сияқты, В.И.Ленин сөзімен айтқанда, күш жинап, "...тас үстіне тас қалап, нағыз социалистік Қызыл Армияның ірге тасын қалап..." жатқан кез болды.

1918 жылдың мамыр айынан 1920 жылдың қараша аралығында халықаралық империализмнің қарулы қоқанлоқысы өзінің шеңберінен шығып, жеңіліске үшыраған ішкі контрреволюцияны үйымдастырудағы шешуші факторға айналған кезде Қазақстанның советтенген аудандарындағы партия совет органдары, бүкіл еліміз сияқты, Советтердің Бүкіл россиялық 5-съезінің шешімі негізінде жалпыға бірдей әскери міндеттілікті енгізіп, түрақты армия қүруға кірісті. Болыс, уезд, губерния және облыстарда өскери болімдерді

22

жасақтаумен Халкомсовтың 1918 ж. 8 сәуірдегі декретіне сәйкес қүрылған оскери іс женіндегі комиссариаттар айналысты. Қазақставдағы советтік аудандар, Шығыс Ақтебе және Жетісу майдандарындағы әскери бөлімдер мен қүрамалар жауынгерлер жасактайтын базаға айнадды. Ақтөбе, Перовск, Қазалы, Жетісу партия ұііымдары мсн әскери комиссариаттары майданды жауынгерлермен толықтырып, қаружарақ пен оқ-дәрілер жіберіп отырды. Наурызда Перовск әскери комиссариаты Ақтөбе майданьша өздері жасақтаған 440 адамдық отряд, Темір комиссариаты 400 адамдық баталюн жіберді. 1918 ж. тамызда РСФСР Үлт істері жөніндегі халкоматы қазақ үлттық әскери бөлімдерін жасақтау туралы қаулы қабылдады. Бүл қазақ халқының мемлекет қорғанысы ісіне тартудың бір түрі еді. Торғайда әскери комиссар А. Иманов пен Қырғыз (кдзақ) Дала өлкесінің комиссары Ә. Жанкелдин 1919 ж. қаңтар — наурызында 500 адамдық үш атты әскер эскадронын жасақтады. Қостанайда Қызыл әскерлер арасында тәртіпті күшейтіп, тәрбие жүмысын жүргізуге Кәкімжан Саркин, Ильяс Қоғалбаев ат салысты. Қазақстанның Батысында қазақ әскери бөлімдерін жасақтау ісімен 1918 жылдың екінші жартысынан бастап Орда селосында орналасқан Түнғаншин Мүхамедияр Хангерсй үлы басқаратын үлт істері жөніндегі халкоматтың Қырғыз бөлімінің әскери бөлімшесі айналысты (кейіннен бөлімше оскери іс жоніндегі Қырғыз (қазақ) комиссариаты болып қайта қүрыдды). Оған Бекей даласындағы жергілікті партия, совет органдары көмектесті. Мүнда Орда, Казақ Таловкасы, Шоңай, Сайхын, Жанғала, Жәнібек т.б. селолар мен ауылдардың еңбекшілерінен дербес атқыштар полкі жасақталды. Бүл полк 1919 ж. дербес Александров-Гай атқыштар бригадасының қүрамына кірді. Жәнібек ауданында қазақ кедейлерінен Н.Дрюнин басқарған дербес өскери бөлім жасақталды. 1919 жылдың жазы қарсаңывда Ордада ондаған пулеметтер мен зеңбіректерден, мотоциклшілер взводынан түратын 1700 адамдық Қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкін жасақтау аяқталды. Полктің алғашқы үйымдастырушыларының бірі 1918 жылдан коммунист Бисен Жәнікешев кейін оның комиссары болды. Полкте коммунистер Ғабит Сарбаев, Алма Оразбаева, Хамит Чурин, Нүрсүлтан Бикетовтар үйымдастырушылық және саяси жүмыстар жүргізді. Кейін инженер-техник әскерлерінің генерал-майоры болған Ш.Жексенбаев, генерал атағын алған Рамазан Қүрманғалиев, т.б. осында бөлімше командирлері болды. 1919 жылдың жазында колчакшыларға қарсы шайқаста

23

корсетксн ерлігі мен қаһармандығы үшін полк БОАК-тың Қүрметті Қызыл Туымен наградтадды. Орал контрреволюциясыи жойғаннан кейін полк оңтүстік майданда шайқасып, Қырымды азат етті. 1919 ж. шілдеде Қырғыз әскери комиссариаты Аткарск қаласында Бокей даласындағы казақтардан 3500 жауынгерден түратын Дербес қазақ аггы оскер бригадасын жасақтауды аяқтады. Үлттық әскери бөлімдерді жасақтауға М.В.Фрунзе, В.В.Куйбышев, В.И.Чанаев, Ә.Әйтаев коп комек көрсетгі. Қазак еңбекшілері 4-Армияның қолбасшысы М.В.Фрунзенің "Туысқан кырғыздар" деген үндеуін жылы қабылдады. Қазақстандық әскери қүрамалар, Колчак, Дутов, Врангельді талқаңдауға, контрреволюциялық басшылары К.К.Мамонов, Б.А.Анненков, Г.И.Семенов, Р.Ф.Унгерн Фон Штернберг әскерлерін жоюға қатысты. Қазақ халкы көп үлттық Совет халқымен бірге Совет өкімет орнату жолындағы күресте шынығып, социалистік Отанды революция жауларынан жанқиярлықпен қорғады. Бригада күрамына кіретін Қазактың 2 үлгілі атты әскери полкын С.А.Кузинин (кейіннен Совет армиясының полковнигі) басқарды. 4-Шығыс майданы армиясына қосылған бүл бриіада Орал даласында ақ казактарды толық талқавдағанша шайқасты. 1919 жылы Ақтобе майданьшың қүрамында Қостанай партизандарынан жасақталған 785 адамдық 4- Долбышын атқыштар полкі қосылды. Осы кезде Орал облысының Зауралье бөлігівде дербес экскадрон базасында Экземплярский басқаратын атты өскери полкі қүралды. Оның үш пулеметі, 700 адамы болды. Оларға әкелінген полк қаланың 600-ге жуық коммунистерімен бірге қоршауға кезінде Орадды қаһармандықпен қорғады. Қазақстанда Совет өкіметін орнатуға белсене ат салысқан қүрамалардың бірі

1918 жылы Николаевск қаласында жасақталған 25-атқыштар дивизиясы болды. Дивизия 1918 жылдьщ аяғы — 1919 жыддың басында ақ чехтар Еділ бойындағы ақ казактармен шайқасты. 1918 жылы 7 кдзанда Самараны, 1919 жылы 24 қаңтар Оралды, 1919 жылы наурызда Ілбішінді азат етті. 1919 жылы маусым-шілде Оралды коршаудан босатуға қатысып, 1919 жылы 5 қаңтарда Гурьевті жаудан босатты. 1919—1920 жылдар қүрамында кептеген қазақстандықтар болған бірқатар қүрамалар жасакталды. 1919 жылы 26 қазанда Түркістан майданы Әскери Революциялық Советінің бүйрығымен Орынбор мен Ақтобедегі 1-Армия бөлімдерінен 1 -Түркістан атқыштар дивизиясы жасақтала бастады. Республика әскери революциялық Советінің 1920 жылы 12 қарашадағы бүйрығымен Оңтүстік майданыңдағы Түркістан майда-

24

нынан келген Қырғыз және Өзбек атты әскер бригадасының Екінші-Түркістан атты әскер дивизиясы жасақталды.

1918 жыддың мамырынан 1920 жыддың қарашасына дейін тек қана Ақтөбе майдандарында өлкенің әскери комиссариаттарында жасақталған 1375 адамдык 1-Торғай революішялық полкі, 5 экскадроннан тұратын 400 адамдық атты оскери полкі, теміржолшылардың 771 адамдық 1-коммунистік полкі, 785 адамдық 4-Долбышын атқыштар полкі, 2-Біріккен атқыштар ітолкі (Перовск және Қазалы батальонынан) шайқасты. Сол уақытта Жетісу облысы әскери комиссариаты жалпы саны 4968 адамдық, 18 зеңбірегі мен 23 пулеметі бар 4-атқыштар полкін, 1-атты өскер 2-Біріккен атқыштар батальонын және бірнеше арнаулы бөлімдерді жасақтап, Жетісу майданына жөнелтті. Облыс бойынша әскери бөлімдерге барлығы 9587 адам шақырыдды (Черкасск қорғанысы ауданындағыларды есептемегенде).

Қазақстанда әскери бөлімдер жасақтау өлке азат етілгеннен кейін де жүргізілді. 1920 жылдың наурызында әскери қатарына шақыру нәтижесінде жалпы саны 9 мың адамдық Дербес далалық бригада, 3 қорғаныстык, атты әскери полкін, 6 дербес эскадрон жоне арнаулы мақсаттағы 8 бөлім жасақталды. Жетісуда осы уақытта жалпы саны 5,5 мың адамнан артық дербес қырғыз атты өскери бригадасы, 27Түркістан атқыштар полкі, күзде коммунист Магаз Масанчи басқаратын 15-Дүнген атты өскер полкі, Дербес Үйғыр атты әскери эскадроны жасақталды. 1920 жылдың жазында Жаркент, Нарын қалаларында мемлекеттік шекараны күзететін үлтгық болімдерді жасақтау табыспен өтгі. Қазақстан еңбекшілері Коммунистік партия мен Совет окіметінің басшылығымен Азамат соғысының жоне шетеддік интервенцияның барлық кезендерінде Совет мемлекеті Қарулы Күштерінің қүрамдас бөлігі болып табылатын әскери жасақтауға белсене қатысты. Бүл өскери белімдерге жергілікті үлт еңбекшілері мейлінше көп қабылданды.

5. РКП(б)-нін X съезінің жана экономика саясаты (ЖЭС) және оның Қазақстан халкын ашаршылыққа

үшыратуы. Жер-су реформасын жүзеге асыру

1920 жылдың аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) өзірлеуге кірісті. 1921 жылғы ақпанның басында Ленин азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығын енгізудің қажеттігін атап корсетті.

1921 жылдың 8—16 наурызында партияның X съезі өтті.

25

В.И.Ленин Орталық Комитеттің есепті баяндамасы мен натуралды салық туралы баяндамасында салғырттан азықтүлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін жете дәлелдеп берді.

Социализмнің экономикалық негізін салу үшін жаңа техникалық базада ірі онеркәсіиті қалпына келтірін, қайта қүру керек болды, ал бүл үшін жүмысшыларды азықтүлікпен, онеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын ең алдымен қалпына келтіру керек болды. Ауылшаруашылық өндірісін көтеруге еңбекші шаруалар бүқарасын ынталандыру керек болды, бірте-бірте, ептепептеп миллиондаған бытыраңқы шаруалар шаруашылығын социализм жолына кошіруге негіз дайындай беру керек болды; ал қала мен деревняның, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының экономикалык байланысты тауар айналымынан капиталистік элементтерді ығыстыра отырып, сауда арқылы үйымдастыру керек болды. ЖЭС дегеніміз капитализмге белгілі шамада уақытша жол бере отырып, бірақ халық шаруашылығын билеу тізгіндерін міндетті түрде пролетарлық мемлекеттің қолында сақтай отырып, жүмысшылар мен шаруалардың экономикалык жөне саяси одаіьш нығайтуды, пролетариат диктатурасын нығайтуды көздейтін пролетарлық мемлекеттің айрықша саясаты еді. ЖЭС бастапқы кезде және белгілі мөлшерде шегіну болды, бірақ жүмысшылар мен шаруалардың капитализмге қарсы жаңа шабуылға кешуіне қажетті шегіну еді. ЖЭС капиталистік элементтермен озінің күресінде социалистік элементтердің басым өсуін, социалистік элементтердің капиталистік элементтерді жеңіп шығуын, қанаушы таптарды жоюды, социализм орнатуды көздеген еді.

Съезд партияның соғыс коммунизмі саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу жөніндегі үстаған бағытын мақүлдап, салғыртты азық-түлік салығымен ауыстыру туралы шешім алды. Шаруалар шаруашылығына салынатын салықтың міндетті мөлшері белгіленді, өйткенмен артық өнімдерді шаруаның өзі толық билейтін болып, ал өнімдерді шаруа енеркөсіп товарларына айырбастауға, базарға шығарып сатуға мүмкіндік алды.

Қазақстанның жағдайы 1916 жылғы ойран Жетісуда, өсіресе, қазақтарды үлкен қиыншылыққа үшыратты. Он мындаған адам көтерілісте қырыдды. 300 мыңы Қытай асып, елінен, жерінен айырыльш қадды. Революцияғадейін шүрайлы жерінен айырылған халық ашаршылыққа үрынды. 19171918 жылдары Түркістанда 1,114 миллион адам аштан

26

қырылды. Оның 75 проценті қазақтар. 1919 жылғы Т.Рысқүловтың бастауымен Түркістан өлкесінде аштарға көмек беру комиссиясы қүрьщцы. Бірақ соның езіңце бүл өлкеге жеңілдік жасалмады. Азық-түлік Қазақстанда 1920 жылы қандай мөлшерде жиналып, орталыкқа жіберілгені жоғарыда айтылды. 1921 жылы Қазакстанның 5 губерниясы, кейбір уездері ашаршылыққа үшырады. Бүл губерниялар (ішінде Семей губерниясы да бар) Қазақ АССР ОАК-інің өтініші бойынша, 1921-1922 жылдары азық-түлік салығынан босатылды. Сондай-ақ Қазақстандағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі халық ет, сүт, тері, жүн толеуден босатылды1.

Қазақстандағы ашаршылық тек 1921 жылмен шектелмейді, одан өлдеқайда бүрын басталды, бірак оның мөлшері, халықтың шеккен зияны өлі толық анықталмай келеді. Бір ескерерлік жайт — ЖЭС-те бізге жақсылық өкелмеді. 1921 жылы күзде Лениннің өзі Арал балықшк ларына хат жазып, орталыққа балық алғызды, Тіпті Ақмола, Семей губернияларынан 1921 жылы ашыққан неміс жүмысшыларына астық женелтіліп, оларды "таң қалдырдық".

1921 жылы Мәскеу Қазақстаннан 1920 жылдың орындалмаған 20 миллион пүт астығын жинауға орекеттенді. Бүған тек шаруалар ғана емес, осы әрекеттің жөнсіздігін түсінген кейбір Кеңес қызметкерлері де наразылық білдірді. Осыған қарамастан, 1921 жылы мамырда Мәскеу мен Ленинградтан Павлодарға 7 мың жүмысшы және 2,5 мың адамнан қүралған бірнеше автоколонналар келіп түсті. Астық жоспарын орындату мақсатымен кейбір губернияларға зат айырбасын жасауға әртүрлі тауарлар да жіберілді. Бірақ Кеңес өкіметінен жүрегі шайлығып қалған шаруалар бүған сенбеді және ел ашығып жатқанда астығынан айырылғысы келмеді. Соңцықтан олар астықты тіпті өнеркәсіп тауарларьша айырбастаудан да бас тартты. 1921 жылғы 2-шілдеде Лениннің РК(б)П-ның Сібір және қазақ бюроларына жіберген телеграммаларында "шешуші шаралар қолданып, базарларды толық жабудан (шаруалар астығын сатгырмау үшін) тайсалмай, кең мөлшерде зорлап алмастыру жүргізіндер" деп кеңес берді2. Осылайша Кеңес өкіметі жоғарыда көрсетілген жеңілдіктердің бәрін- бірте-бірте жойып, іс жүзінде ескі "соғыс коммунизмі" саясатына қайта кошуге бет алды. Соның бір көрінісі — 1921 жылы 20-қарашадан бастап

1Социалистическое строительство в Казахстане в восстановительный период. А., 1962, 40-41-беттер.

2ПОМА, 12-қ., 3-т., 5-іс, 9-бет.

27

Павлодар үйезінде енгізілген барлық көлікті үйездік кеңеске беру туралы бүйрық. Азық-түлік салығын уақтылы орындауды қадағалауды үйездік азық-түлік үштігі (продтройка) аталатын төтенше топ қадағалайтын болды. Тәртіп орындалмаған жағдайда бүрынғыдай (откен жылғыдай) "репрессиялық" шаршіар қолданылатыны ескертілді (оі-ідай селоларды ерекше азық-түлік жағдайында деп жариялау, оларға әскери болімдерді жіберу)1. Бүл жай сөз болып қалмағанын архив қүжаттарынан коруге болады. Мысалы, Семей губревтрибуналы 57 жастағы орта шаруа Егор Постелнякты 6 айга соттап, оның төмендегідей астығы мен мүлкін тәркілеген: 30 пүт арпа, 30 пүт сүлы, 10 пүт бидай, 3 ат, 5 сиыр, 4 өгіз, 3 арба, 2 жас мал, 10 ірі қой, 1 мая сабан және бүкіл малға жиған жем-шөп. Бүл шешім езгертілмейді делінген2.

1922 жылы да ЖЭС-тің енгізілгеніне қарамастан азықтүлік салығының салғырттан айырмасы болмағанын байқаймыз. Олардың мелшері де бірдей және жоғарыдан түсірілетін әрі күштеп жиналатын. РК(б)П Орталык Комитетінің "орталыкқа" астық жіберу талабы өте қатаң болғандықтан жергілікті органдар да әртүрлі жантүршігерлік өрекеттерге барды. Соның бірі — салықты аз толеу үшін егістік жерін жасыргандарды ошкерелеушілерге әр десятина үшін 50 тиыннан ақша төлеу шарасы3. Ал жерін жасырған адам торкілеуге үшырап, сотқа тартылатын.

Заңсыздықтан репрессиядағы жергілікті халық та (қазақтар) қүтыла алмады. Жоғарыда аталған жеңілдіктер казақтардан алынып, 1922 жылы 13-тамызда Павлодар үйезіндегі көшпелі және жартылай көшпелілерден ет салығы жинала бастады. Ал сол жылы 25-қазанда үйездік атқару комитетінің қаулысында, "орталықтың бүйыруы бойынша", етке, жүнге, теріге мемлекеттік салық түседі. Төлеу шарты ете қатал болатын: 1 желтоқсанға дейін төленбесе, салық екі еселенеді, ал 1923 жылдың 1-қантарынан үш еселеніп күшпен тартып алынады. Бүл қаулыны орындай алмаса, атқару комитеттерінің басшылары өздері сот және әкімшілік жолымен жазаланады делінген4.

Сонымен 1920—1922 жылдары Қазақставда жүргізілген Кеңес окіметінің азық-түлік саясатының негізі ауыл-село есебінен РК(б)П-ның бүйрық-жарлықтарына сүйеніп,

1ПОМА, 206-қ., 1-т., 4-іс, 164-бет.

2ПОМА, 206-к., 1-т., 4-іс, 21-бет.

3ПОМА, 206-қ., 1-т., 2-іс, 131-бет.

4ПОМА, 12-қ., 1-т., 9-іс, 7-бет.

28

орталықтың қажетін өтеу болды. Ал Қазақстан еңбекшілершің оз мүдцесі, ондағы ашаршылық, күйзеліс есепке де алынбады. Керісінше, азық-түлік халықтан Ресейден арнайы жіберілген әскери күштерге сүйеніп күшпен тартып алынды, зкспроприацияға негіздедді, шаруалардың наразылығы аяусыз басып-жаншылды. Жергілікті кеңестер тек орталықтың мүддесін көздейтін өскери-саяси күшке айналды, олардың заңсыз әрекеттерінің өзі кешіріліп отырды. Халыктың (әсіресе, шаруалардың) Кеңес өкіметіне сенімі жоғалды.

Осындай кезде революция косемдерінің позициясы қандай бодды дегенге келсек, олар жағдайды түсінсе де, осы әрекеттерді біліп те, қолдап та отырғанын байқаймыз. Ол үшін көпшілікке мәлім Ленин шығармаларына коз жүгіртсек болғаны. 1921 жылы Ленин Петропавл қаласы арқылы Ақмола, Семей губернияларынан орталыққа үздіксіз азықтүлік тиелген вагондарды жіберіп түру ісін бақылауды орталықтан ерекше өкілдік алған (ҚАССР Азық-түлік Халық Комиссарының орынбасары) Т.М.Пономаренко дегенге үздіксіз телеграммалар жіберіп түрған. Телеграммалардың бірінде 1921 жылы 15-тамыздан бастап Мәскеуге күніге 60 вагон астық жіберіп түруды қатаң тапсырады. Ізінше, 25-тамызда, Ақмола және Семей губернияларынан Орталыққа "бронь" аркылы бөлінген астықты қайта болмеуді осы адреске тағы тапсырады'. Ал Т.М.Пономаренко да тікелей ел басына азық-түлік дайындау ісі туралы баяндап түрған. Әрине, бүл түсінікті де, ейткені ол кезде азық-түлік мәселесінің тетігі тіпті Қазақстан үкіметівде емес, "өз адамы" Т.М.Пономаренконың қолында болатын.

1920—1922 жылдардағы азық-түлік саясаты Кеңес окіметінің әкімшіл-әміршілдік сипатын айқын көрсетеді.

Кеңес өкіметінің өмір сүрген жылдары (1917-1991) аралығында 75 жыл бойы айналысып, шеше алмай кеткен мөселесінің бірі — азык-түлік мөселесі. Бірақ кеңес тарихнамасында КОКП-ның басқаруымен Кеңестер Одағы шаруашылық саласында адам айтқысыз табыстарга жетті деген жалған түжырым басым болып келді. Мысалы, азамат соғысы жылдары жүргізілген "Соғыс Коммунизмі" саясаты, одан кейінгі — ЖЭС (жаңа экономикалык саясат) ерекше дәріптелінді.

Біздің қолымызда жинақталған архив қүжаттары осы екі саясат аралығывда (1920-1922) азық-түлік мәселесі кімнің пайдасына және қандай әдістермен шешілді деген нақты

3 В.И.Ленин о Казахстане, А., 1982, 381-384-беттер.

29

сұрақтарға жауап берерліктей. Бірақ Қазақстан топырағывда бүл саясаттарға ортақ белгілер болғанын, яғни ең еуелі орталықтың мүддесі үшін азық-түлік күшпен экспроприацияланғанын ашық айтатын уақыт жетті.

Дегенмен бүл жылдары Қазақтың көшпелі және жартылай кошпелі шаруашылықтарының копшілігінің бірте-бірте үсақ товарлы укладқа көшуі қазақтың еңбекші шаруаларын кооперацияға тартуды жеңілдетті, қазақ аулында колхоз қүрылысының жеңуіне белгілі алғы шарттар жасады.

Ауылшаруашылық сайманын жөндеумен айналысқан жүздеген мастерскойлар пайда болды, ауылшаруашылық саймандарын арнайы "жөндеу апталығы" өткізіліп отырды. Кедейлер егіндігін бірлесіп жырту үшін бірікті. Ауыл мен селоларда егіс науқанына әзірлену жөнінде сенбіліктер мен жексенбіліктер өткізіліп отырды, суармалы егіншілік аудандарында каналдар мен арықтар қалпына келтіріліп жатты. Машинаны жалға беретін түңғыш пункттер жүмыс істей бастады. Шаруалар астығын, картофелін, етін өткізіп, өнеркөсіп товарларын сатып алып отырған базарлар ашылды. Өлкенің шаруашылық омірі коркейіп, азық-түлік қиыншылықтары бәсеңдей түсті.

Сол кезде Қазақстанда түрғын еддің салтына, түрмысына, шаруашылығына қарай шешетін мэселенін, бірі жер моселесі болды. 1921 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Кіндік комитеті Декрет шығарды. 1917 жылға шейін Қазақстан кесіп алынса да, қара шекпендер орналастырылмай бос жатқан жерлер еңбекшіл қазақ еліне қайтарылады деді. 1921 жылдың 19 сәуірінде Ертіс және Ащыкол бойындағы ені 10 шақырымдық жөне Жайық бойындағы ені 10 шақырымдық жерлер еңбекшіл қазақ халқына қайтарылсын деді. Мұны шығарушы да Қазақстан Кіндік комитеті. Сонымен көп жылдан бері үздіксіз таласа, тармаса, жалдап алып, неше қиындықтармен, пайдаланып келе жатқан жерлеріне қазақ елдері қайтадан орналасатын болды.

1922 жыддың 26 тамызында федеральдық комитет қүрама республикаларда жер ісін қарастыратын мекеме мен ВЦИК "Қазақстанда еңбекпен пайдаланудың негізгі заңын" бекітіп шығарды. Бүл негізгі заң 31-тамыздан бастап іске аса бастады. Сол "негізгі заңның" 32-33-баптарына ескерту бар. 32-бап бойынша әркім пайдаланып отырған жеріне түпкілікті орнығып иеленіп отыра береді. Бірақ, ол жерді съездер иө жер мекемелері заң бойынша берсе, ғана сол пайдаланып отырған жеріне ие болмақшы. Сонымен мейлі қазақ, мейлі орыс, мейлі қай тек болсын, Қазақстанда еңбекпен жер пайдаланамын десе, іс жүзінде пайдаланып

30

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]