Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

аса ауыр жүт пен ашаршылықтан күйзелген жүрт бүған төтеп бере алмай, беті ауған жақка көшіп кетуге мәжбүр болды. Ақырында мүның өзі "шаруаларға тікелей қысым" екенін партия да мойындады.

РКП(б) Орталық Комитетінің 1924 жылғы қазан Пленумы "деренняга бет бүру" үранын тастады. Яки шаруалар арасындағы жік енді барынша үлғая түсті. Бүрын дәулеттілер мен жарлыларға бөлінгендер бүдан бьшай партия қатарында барлар мен жоқтарға жіктеле бастады. Сөйтіп, ауыл-селодағы береке-бірлік кеміді. Көп үзамай көшпенділерді отырыкшыландыру процесі бастадды. Міне нақ осы кезде "шаруашылық ауыл" деген термин калыптасты. Мүндай ауыддарға шамамен 5-20 шаңырақтан топтасты. Олар жерді бірігіп өндейтін серіктіктер қүра бастады. Бірақ қазақтың жайсандары мен игі жақсыларына бүлардың арасынан да орын тимеді. Содан барып ел арасында дай-дай айтыс, тартыс, дау-дамай көбейді. Мінеки, И.Сталиннің үр токпағы — Голощекиннің "Үлы Октябрь қазақ ауылын жанай өтіп кетіпті, сондықтан Қазақстанда кіші Октябрь жүргізбесе болмайды-мыс" дейтін теориясымағын үсынатын кезі — міне нақ осы кез.

Голощекин Қазақстанға "жарты патша" болып келгеннен кейін қазак тағы да екіге жарылды. Енді "баррикаданың екі жағындағылар" интернационалистер мен үлтшылдарға бөлінді. Үлтшылдарға "алашордашылар", "үлтшылуклонистер", "жапонтыңшылары", "сәдуақасовшина", "тоғжановшина" деген ат беріліп, оларды қоғамдық-саяси, мәдени-экономикалық өмірден аластаудың барлық жолдары кдрастырылды. Бүған дейін бір жағынан — ақтардың, екінші жағынан — қызылдардын хан талауына түскен, малмүқамалынан жүрдай болған, бірлік берекесі қашқан, ашаршылықтан әбден күйзелген халықтың арасынан тағы да 700 бай тәркіленді1. Олар тәркіленіп қана қоймай, ата

1 Конфискелеу туралы заң — ҚАССР Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) ірі байлар мен жартылай феодалдардың мал-мүлкін конфискелеп, оздерін жер аудару туралы 1928 жылы 27 тамызда қабылдаған заңы. ЬК.(б)П ОК 1928 жылы мамырдың басында "Қазак партия ұйымдарының міндеттері жөне ахуалы туралы" қаулы қабылдап, онда негізгі назар муылдарда байлар мен ірі жартылай феодаддардың экономикалық ықпалын Сюлдырмау күресіне аударылып, олардың мал-мүлкін, шаруашылыктарын конфискелеу қажеттілігі айтылды. Конфискелеу туралы заң бойынша малы, дүние-мүлкі конфискеленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байлар мен жартылай феодалдардың катарына көшпелі аудандарда малы 400дсн асатын (ірі караға шакканда), жартылай көшпелі аудандарда 300ден асатын, отырыкшы жерлерде 150, кейде 100 малы бар адамдар,

39

конысынан аулаққа — "ит өлген" жакқа жер аударылды. Сөйтіп, байдың малын өз малына балап келген жарлыжақыбайлар тағы да сорлады.

Совда бүл байлар кім еді? Ата тегіне қарай бөлсек, олардың 134-і ғана хандар мен аксүйектердін түқымы, болыстар мен датқалардың, молдалар мен ишандардьщ үрім-бүтағы. 245-і кеңес заманында бүған дейін дуалы сөзімен, үтырлы ісімен, биік парасатымен едді аузына қаратқан билер, ақсақалдар, атқамінерлер. Қалғандары "мата даңқымен бөз етеді" деген сылтаумен байлар санатына жатқызылған орташалар. Кеңес үкіметі олардың тоқта-торымынан бастап, астыңғы атына дейін тартып алды. Қыскдсы осынау үлы тәркіге іліккендерден алынған малдың үзын саны — 144474 бас мал. Яки орта есеппен /4 койды — 1 ірі караға, немесе 2 қүлынды — 1 ірі қараға баласақ/ әр байдан 207 шартты ірі тәркіленіпті.

Оның үстіне "жығылғанға — жүдырық" дегендей 19241925 жылдар аралығында егіннің шықпай қалуы, өнімнің күткендегіден мейлінше аз болуы тым жиілеп кетті. Соның салдарынан РКП(б) Қазак облыстык комитеті 1924 жылғы 26-28 қыркүйекте өткен Пленумында "Қазақ АССР-індегі егін шықпай қалуының зардаптарына қарсы күрес жәнс күзгі егіс науқаны" деген арнайы мәселе қарауға мөжбүр болды. Ал 1925 жылғы сәуірде өткен республика партия үйымының пленумы шындықтан тайсақтай алмай, тағы да өзінің қүжатына: "Егіншілікке үкіметтің жасаған қамқорлық шараларының бәріне карамастан, соғыс пен ашаршылықтың ауыр зардабы болғаны соншалық — Қазақстанның егін шаруашылығының қалпына келуі өте баяу: өткен жылы біз соғысқа дейінгі мөлшердің 74 процентіне жеттік" деп жазып қойыпты. Расында Түркістаннан қосылған Жетісу, Сырдария облыстарының жерін қоспағанда 1925 жылы Қазақстан егістігінің көлемі 20044268 десятина ғана бодды. Ал сонау 1916 жылғы дүрбелеңнің түсындағы егістіктің көлемі 28000000 десятинадан асып түсетін.

Осы жыддардағы партия басшылары Қазакстан үкіметі күш пен қаржының 90 процентін үдайы егіншілікпен

- сүлтандар мен хандардың үрпактары, ел билеген болыстар, аткамінер мансапқорлар жатты. 700-ге жуык шаруашылықтар конфискеленіп, 145 мыңнан астам мал (ірі караға шаққанда) тартып алынды да, 1928 жылдың казанында 25 мыңнан астам кедей шаруашылықтарына бөліп берілді. Конфискелеуге байланысты республикалык, және округтық, сол сиякты ауылдык комиссиялар кұрылды.

40

айналысатын аудандарға, отырықшы халыққа бөліп келілті. Екінші сөзбен айтқанда, "жіліктін майлы басы" орыстарға бүйырып, көшпенді казақ байғұс баяғы патшалы Ресей тұсындағыдай шөміштен қағылумен келген.

Қазак АССР-і 1920 жылы қүрылғанымен "Ауылға бет бұрайық!" дегсн үранньщ түңгыш рет 1927 жылы ғана жүзеге асырылғанын БКП/ б Қазақстанның өлкелік комитетінід сол жылы өткен алтыншы конференциясы мойындады.

1928 жылы байларды тап ретінде жоюдан басталып, елді еріксіз күшпен үжымдастыру, отырыкшыландырудағы асыра сілтеу саясаты елдін күн көрісінің көзі — малды жоюға әкеп соқты. Оны дәлелдейтін нақты дерек "Қазақстанның ауьш шаруашылығы, оньщ ішінде мал шаруашылығы туралы" 17. 09. 1932 жылғы БКП(б) Орталық Комитеті қаулысының орыңцалу барысын "тексеруге келген КСРО (СССР) Орталық жүмысшы шаруа инспекциясының аға инспекторы Лежневтің жазба есебі".

"Қазақстанда — дейді Лежнев өз есебінде — 1929 жьшы 39,5 миллион мал болса онан 1929-30 жылы 25 миллион 1930-31 жылы 10,5 миллион 1931-31 жылы 5,5 миллионға дейін қысқарды"1.

Бүгінгі уақыт аясынан қарасаң, сол кезеңцегі жерді пайдаланудың қоғамдық сипатын күйрету, қазақ қоғамьшың байлармен бірге аукатты бөлімін қатты жаза қолдану арқылы күйзеліске үшырату шаруаларының дүрыстығы күмөн келтіреді. Себебі, халықтың шаруашылығы, қоғамдық-саяси өмірдегі ең белсенді тобы осы ортада кездесуші еді. Бүл ортада мал шаруашылығын өнеркәсіп жольша қойған, сауда капиталымен байланыстырған талапты үйымдастырушылар да болды. Революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясы осы ортада қалыптасты2. Жекелеген қазақ интеллигенциясы өкілдерінің халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын қысқа мерзімде күштеп түбегейлі өзгерту жергілікті халықтың мақсат-мүддесіне нүқсан келтіреді деген пікір үлтшылдық әрекет деп есептедді де оған қарсы соққы беріліп отырды. Ал шовинизм идеясын уағыздаушылар үлт аймақтарын мекендеген халықтардың, оның ішінде Қазақстанныңэкономикалык,ерекшелікгерін,түрмыс-салтьш, мөдениетін, тарихи кезеңдерін ешқандай есепке алмады.

ҚРОМА. 44-қор, 14-тізімінде, 549-іс, 50-бет. Қазақ өдебиеті. 1990. 6 көкек

41

8. Қазақстандағы индустрияландыруға кошу және бірінші бесжылдық (1928-1932 жж)

Қазақставды иңцустрияландыру жөнінде сөз еткеңде оньщ Ресей тарихымен етене байланысын айту керек. Бірінші бесжылдыкта Қазакстанда нсгізінен екі сала: тау кен жоие ауылшаруашылығы, әсіресе, мал өнімдерін өндеу өндірісі дамыды. Шикізатты тасымалдау үшін темір жол желілері салына бастады.

Қазақстанда елді индустрияландыру қарсаңында республикада әлеуметтік-экономикалык жағдай өте ауыр жағдайда болған. 307 мемлекет мүлкіне айналдырылған кәсілорынның 250-і жүмыс істемейді. Егістік жердің көлемі қысқарады. Мал басы 29,9 миллионнан 16,3 миллионға кемиді. Соғыс қимылдарынан әсіресе өндіріс орындары зиян шекті. Ірі өндіріс орындарынан жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 2 есе азайды. Өндіріс орнындағы өндіріс күралдары, мүнай өндіру 4 есе кысқарды. Көптеген кен шығаратын жер және кемір шахталарын су басқан еді немесе олар электр энергиясының бүзылуынан және қүрал-жабдық- тарының жетіспеуінен жүмыс істемеді. Жол қатынастары (транспорт) осірссе темір жол қатынасы оте қиын жағдайда еді. Паравоздардың жартысынан көбісі күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпірлер қираған еді.

1920-1921 жылдары шаруашылықтың күйреуі жүтпен (мал шығыны) жоне 1921 жылдың қүрғақшылығымен жалғасты. Осының барлығы ашаршылыққа әкеп соқтырды.

ВКП(б) XIV съезі (1925 жыл, желтоқсан) елімізді Социалистік индустриялауды іске асыру, міндетін белгіледі. Бүл жоспар бойынша Қазақстанды индустризациялаудың алғашқы кезінде көмірдің, мүнайдың, түсті металдың басқа да пайдалы қазбалардың бай кені жаңадан зерггеле бастаған еді. Сондықтан да жаңа өндіріс орындары темір жол қүрылыстары көп жағдайда дайындықсыз жүргізілді. Бүл кезде экономикалық және геологиялық зерттеулер әлі қорытындыланбай түрған кез еді. Жаңа қүрылыстарға мамандалған жүмыс күші, күрылыс материаддары, техникалар және механизмдер, ақша қоры т.б. жетіспеді. Осылардың бәрі индустриализацияның қарқынын төмендетгі және оны іске асыруды қиындатты. Қазақстанның индустриялық дамуының бірнеше ерекшеліктері болды. Әсіресе, мынадай қазып шығарушы салалары; мүнай шығару, көмір өндіру, түсті металдар шығару республикаға индустриясының үзақ уақыттардағы көрінісін белгіледі. Осы кездерде Риддер және

42

Қарсақбай өңціріс орыңдары, Ергістің мыс қорытатын заводы қалпына қайта келтіріліп, қайта қүрыдды. Шымкент қорғасын заводы, Балқаш мыс балқыту жөне Ащысай полиметалл комбинатгары салынып, іске қосыдды1. Қарағанды бассейні Одақта үшінші отын қоймасы болып аталды. 1927 жылдың көктемінде Түркісіб қүрылысы басталды. Ридцерді, Қарсақбайды қалпына келтіру жүмысы қүлаш жайды.

Екінші ерекшелігі сол — Қазақстанның индустриялық дамуы басқа да республикалармен салыстырғанда аса үлкен қарқынмен жүргізідді. Тағы бір ерекшелігі — республикалық өндіріс орындары шикізат өндірумен айналысты. Сондықтан да республика өзіне қажетті заттардың жартысынан көбісіне көптеген машиналарды, металдан жасалған бүйымдарды, цемешті, ағаш материалдарьш сырттан әкелуге мәжбүр болды: индустрияның дамуы Қазақстан түрғындарының арасында күрделі өлеуметтік демографиялық өзгерістерге өкеліп соқтырды.

Жүмысшылардың басым көпшілігі орыстар мен украивдар болатын, жергілікті түрғындар, негізінен, көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын сақтады. Рулық қауымдастық әлеуметтік жіктелуге қатты кедергі жасады. Қазақ ецбекшілерінің жаңа қоғамға отуі біраз уақытты талап етті. Алайда болыпевиктердің "революциялық-демократиялық" бағытта жүргізген: ауыдды кеңестендіру, жер-су реформасы, жерді қайта бөлу, бай мен жартылай феодалдардың малмүлкін тәркілеу сияқты шаралары қазақ қауымдастығының дәстүрлі өмір-салтын бүзып, олкедегі таптық жіктелуді күшейтті. Әсіресе, рулық қатынастар мен патриархарлыққа қатты соққы берілді. Аталған жәйттерді күшпен жүргізу үлттық апатқа айналды.

Жаңа экономикалық саясаттан ауытқу, ауылшаруашылығын үйымдастырудағы жіберілген өрескел қателер мен асыра сілтеулер қазақ ауылына қатты әсерін тигізді, аштық тудырды, өлкенің жергілікті түрғындарының миграциялық процесін күшейтті. Егер 1926 жылы өлке түрғындарының қүрамында қала халқы 8,6 процент болса, отызыншы жылдардың аяғында олардың үлесі 29,8 процентке жетті. Алғашқы жылы қаладағы қазақ саны 77,6 мың болса, 1939 жылы олардың саны бес есе есті2.

Олардың қала түрғындары аралығындағы меншікті үлесі

Народное хозяйство Казахстана. 1979 N4. Стр. 34-35. Қазақстан тарихы. 1995. N3. 58 бет.

43

14,3-тен 21,9 процентке дейін ұлғайды1. Бұрын бұл цифрлар жаңа қоғамның оскелендік күшін көрсету кезінде қолданылатын. Алайда, миграция қарқынының өсуі қоғам дамуының ішкі зандылықтарынан гөрі, объективтік емес, волюнтаристік, кей кездері тіптен қылмысты шешімдерден туатын.

Иидустрияландыру саясатын жүргізуде, әсіресе, Ф.И.Голощекиннің қылмысты ролін ерекше атап кету керек. Ол орталық әмірін екі етпей орындайтын қатыгез, мейірімсіз адам болатын. Республиканы басқарған жылдары (19251933 ж.ж.) Мәскеудің Қазақстанды шикізат базасына айнаддыру саясатын бұлжытпай жүргізді. Әңгіменің жөнін айтқан С.Сәдуақасүлы сияқты азаматтарға "үлтшылуклонист" деген айдар тағып, қудалады. Жергілікті халыктың дамуьш ескермеген ол қазақтарды үлкен қырғынға үшыратты.

Сонымен Бірінші бесжылдық жылдарында Қазақстанда 1929-32 ж. Совет мемлекетінің республиканың халық шаруашылығына жүмсаған күрделі қаржысының көлемі 1,5 млрд. сомнан асты, оның 48%-і өнеркәсіпке, транспортқа, байланысқа жүмсалды. Бесжылдық ішінде Қазақстанда жаңадан салынған және жабдықталған 40-тан астам ірі заводтар мен фабрикалар, шахталар мен рудниктер және электр станциялары қатарға косылды. Халық шаруашылығындағы өнеркәсіп өнімдерінің үлес салмағы 39,5%-ке жетті. Ауыр өнеркәсіпті, мүнай мен көмір өнеркәсібін, түсті металлургияны дамытуға бірінші кезекті көңіл бөлінді. Донбасс пен Кузбасс көмір ондірушілері Қарағанды бассейнін салуға, Баку мен Грозныйдың мүнайшылары Орал—Ембі мүнайлы ауданын игеруге комектесті. Түркістан-Сібір магистралы, Лениногор полиметалл комбинаты т.б. ірі кәсіпорындар — Қазақстанның өнеркәсіптік бейнесін айқындайды.

1-бесжылдық түсында пайда болған республика индустриясы КСРО (СССР)-де социализмнің экономикалық ірге тасын қалауға, Совет мемлекетінің технико-экономи- калық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, оның қорғанымпаздық қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосты.

Қорыта келгенде Қазақставда индустриялавдыру негізінен қазақ байларын тәркілеуден (конфискелеу) алынған малмүлкініқ есебімен іске асты, оларды адамдық қүқынан айыру, езі мекендеген жерден басқа жаққа жер аудару мен қорқыту немесе "Тәрбиелеу мақсатында" қамауға алу, үймүлкін конфискациялау, түрмеге жабу (ГУЛАГ) жалған атуды үйымдастыру, үрып-соғу т.б. 1930 жылдың 15

Қазақстан тарихы. 1995. N3. 59-бет.

44

наурызында ЦИК-тің және СНТ, КАССР "Жартылай коллективтендіру жоне бай кулактармен күрес жүргізілген аудандарда социалистік ауылшаруашылығын нығайту жөніндегі қаулысы қабылданғаннан бір ай өткен соң-ак камауға алынған жоне сотқа берілгендердің саны 3113 адам, озі түрған аймақтап тыс жерде жер аударылғандардың саны 6765 адамға жетті. Үй қожайыны қамауға алынды. Колымге немесе Коли түбегіне жер аударылды".

Халық арасында ашаршылық болды. Одан 1,7 миллион шамасында қазақ түрғындары қырғынға үшырады. Бір миллиоңцай адам Қазакстан территориясынан тысқары жерге көшіп кетті.

9. Қазақстанда күшпен үжымдастыру, отырықшыландыру мен орталыққа ет тапсыру

науканының қасіреті (1932-1933 жж.)

БК(б) партиясының XV съезі 1927 жылы ауыл шаруашылығын коллективтендіру бағытын жариялады.

1930 жылдың қащарыңда ЦКВК (б) "Коллективтендірудің қарқыны және колхоз қүрылымының мемлекеттік көмегі жөнінде" қауды қабыддады. Ол шешім бойынша Қазақстаіща жалпы коллективтендіруді 1932 жылдың көктеміне дейін аяқтау көрсетідді. Сонымен, коллективтендіру әкімшілік тәсілімен негізінен күш корсету арқылы, жергілікті жағдай ескермей жедеддетілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2 пайызы коллективтендірілген болса, 1933 жылдың бірінші көкегінде 50 пайызға жетті, ал 1931 жьщдьщ қазан айында 65 пайызға жетті. Жоғарыдан жүргізілген коллективтендіру жүмысы ауылшаруашылық өнімдерін ондіру жолында жіберілген бүрмалаушылықтарға малшы көшпенділерді және жартылай көшпенділердің отырықшы жағдайға күшпен ауыстыру саясатына байланысты қиындай түсті. Ауылшаруашылық өнімдерін ендіру, ауыддық жерлерде арсыз үранның астында жүргізілді: "Бүрмалаушылық болмасын, аша түяк, қалмасын." Малшылардың соңғы түяғына дейін колхозға алынды. Егер коллективтендірілгенге дейін республикада алты жарым миллиондай ірі қара мал болса, 1932 жылы оның саны 965000-ға қысқартылған. Қой мен ешкінің саны 18,6 мил-нан 1,3мил-ға азайған. Жылқының саны 3,3 мил-нан 1 мил-ға, түйенің саны 300000-нан 60000ға кеміген1.

1 "Егемен Қазақстан". 1998, 29 мамыр.

45

Қазақ халқының ертеден ата кәсібі, күн көрісі мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан 1932-33 жылдардағы мал шаруашылығы ең алдымен соз болуы занды. Себебі халқымыздың аштыққа ұшырауының елінен, туған жерінен ауа босуының басты бір себебі кеңес үкіметінің шаруаның қолындагы малын гартып алуы екендігі созсіз.

Шындығында "алып" колхоздар үйымдастыру үраны еріксіз жүргізілді. Оны үйымдастыруға ауыл мен ауыл, белсенді мен белсенді арасында "шапшандық", "еселенген екпін" жарыстары үйымдастырылды. Соның салдарынан 1930 жылы желтоқсанда Қазақстандағы еңбек үйымдарының 33%-і колхозға біріктірілді. Ол жыл санап қарқын алды. Колхозға үйымдастыру 1931 жылы қаңтарда 37,9 %-ке, наурызда 41%-ке, мамырда 47%-ке, шілдеде 60%-ке, қыркүйекте 64.1% -ке жетті1.

Колхоздастыру кезінде "асыра сілтеу болмасын, аша түяқ қалмасын" үранынан мал да ауылшаруашылық қүралдары да, тіпті, жеке киіз үйлерге дейін ортаға салынды. Осыдан барып үйің де, малың да, жаның да ортақ болғаннан кейін "әйелің де ортақ болады, барлығы бір көрпе астында боласың" деген соз елге тарап, үлттың рухын, намысын отбасы деген үғьтмды корлау басталдьт.

Өлкелік партия комитетінің 1931 жылғы ақпанда өткен пленумы "Отырықшыландыру кезінде өртүрлі рулардың кедейлері мен орташаларынан қүралган колхоздың поселкесін үйымдастыруды" үсынды. Бір қызығы осы қаулыға сәйкес интернационадды аудан, интернационадды колхоз қүрудеген теріс үғым туып, сріксіз түрдс қазақ, орыс т.б. үлт окілдерін әр жерден жинап колхоз қүру басталды. Бүл да коллективтендіру кезіндегі солақай саясаттың бір түрі болды. Өйткені осы қаулы бойынша интернационалдық колхоз поселкесін үйымдастыру үшін арасы алшақ әр рудан отырған жерінен кедейлер мен орташаларды еріксіз көшіруге, топтастыруға тура келді. Осыдан барып колхоздың, поселкенің орналасатын орынын әр ру өз жеріне, ез елі мен өз руына қарай тарту басталып, олардың өз арасында алауаздық тартыс етек адды. Оның аяғы ел ауызбірліктен айырылып, талас-тартыс туып, шапқыншылыққа үласты. Осындай интернационаддық колхоз поселкесі ауыз судан, егіндік, не шабындық жерден қашық, шаруаға қолайсыз жерге орналасуға әкеліп соқты. Мүның өзі елді біріктіруден гөрі оларды өзара қырқыстыру, алакөз ету, ру былай түрсын үймен үйдің арасында қайырымсыздық, қатігездік туғызды.

"Егемен Қазақстан". 1998, 29 мамыр.

46

Елді ашаршылықтан титықтап, ағайын-туғанынан ажырап, қодцағы мадцан мақрұм қалып босудан басқа амалы қалмайтын жолға әкеліп тіреді. Елдің іргесі сегіліп жаппай босуына мүндай саясаттың елеулі әсері болды.

Осыдан барып өлкедегі 123 ауданның 70 (оның ішінде кошпелі және жартылай кошпелі-50, отырықшы-20) аудан жаппай босты.

Бүл қазақ даласыңдағы босқындықтың 1916 жыддан бергі үшіншісі. Оның біріншісі 1916-1917 жылдары болса, екіншісі 1928-29 жыддары, үшіншісі 1931 жылдың күзінен басталып 1932 жылға үласты.

Мысалы, өлкеде 1931 жылы 1119 мың қожалық болса, сонан соң 1932 жылы 723 мың, ал 1933 жылы 6129 ғана қожалық немесе 308432 адам босып кеткен. Олар Сібірге (27,5%), Қарақалпакқа (15,9 %) төменгі Еділ өлкесіне және Неміс Республикасына (8,8%), Өзбекстанға(8,2 %,) Орта Еділ өлкесіне (7,6%), Украинаға (6,3%), Орал облысына (5,8%) қоныс аударған. Әсіресе Алматы (45185 қожалық), Ақтөбе(39076 қожа,. »іқ), Батыс Қазақстан(70696 қожалық), Қарағанды(22374 қожалық), Оңтүстік Қазақстан (12878 қожалық) облыстары мен Алматы, Талдықорған, Мерке, Тайпақ, Шу, Созақ Қордай, Іле, Қаратал, Жетіғара, Семиозер т.б. аудандарының халқы жаппай босты1.

Қазақстандағы ашаршылық пен босқындық және басқа да ел басына төнген ауыртпалықтар жөнінде Т.Рысқүлов және О.Исаевтың И.В.Сталинге жазған хатында жеткілікті жазылды.

1929 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда 40 млн. бас (төлімен және үсақ малды ірі қараға шақпағанда) мал болатын. Онан қазір 6-ақ млн. мал қалды.

Орталық Қазақстанның 10-12 ауданы халқының едәуір бөлімі аштыққа үшырауда. Шамамен алғанда тек коктемде 10-15 мың адам аштықтан өлді. 1931 жылдан бастап басқа елкелер мен республикаларға жаппай басқыншылық қазірде тоқталар емес деп жазған2.

Мал шаруашьшығьшың мүндай халге үшырауының басты себебі, Қазақстаңца партия саясатының бүрмалауында күшпен үжымдастыруда, малды еріксіз қоғамдастыруда және мал дайындау, Орталыққа ет тапсыру практикасында және тікелей бассыздықта болды.

1 Сариева Р. Қазақстандағы тоталитаризмнің 1932-1933 жылдардағы қасіреті мен кайғысы. "Егемен Қазақстан". 1988. 29 мамыр.

1 Сонда: "Егемен Қазақстан". 1998, 29 мамыр.

47

1932 жылдан бастап елде жаппай ашаршылық басталды, халқымыз орны толмас қайғы мен қасіретке душар болды. 1 млн.750 мың адам ашаршылыққа үшырады. Республикадағы қазақ жүртының жалпы санының 42%-імлн. 100 мың адам Ресейдің Еділ, Орал, Сібір бойына, Қытайға, Монғолияға, Түркияға, Иранға, Орта Азия республикаларына жаішай босып кеткен1. Бүл жылда жазықсыз жандарды ату, асуды үйьшдастырған И.В.Сталиннің, Голощекиннің қатыгез саясатының үстемдік қүрған кезі еді.

Осындай жауыздықтың салдарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Төралқа комиссиясы анықтағандай 2 миллион 200 мың адам опат болды2.

Осы қасіреттің ішінде халқымыздың келешегі — жас балалардыңтартқантақсіреті, қыршынынанқиылуыөкініштіақ. Ол үшін КСРО Орталық жүмысшы шаруа инспекциясының аға инспекторы Петневтің 20 қаңтар, 1934 жылғы есебіне жүгінелік. 1933 жылдың 7 қарашасында 72069 панасыз бала (өлген балалар есепте жоқ) есептеледі. Ол өлі күнге тоқтар емес. 1933 жылы балалар үйлеріне қабылданған балалар: қаңтарда —35191, ақпанда — 42000, науырызда — 53216, сәуірде - 60839, мамырда — 66912, маусымда — 67781, шілдеде — 69260, тамызда — 68416, қыркүйекте — 62684, желтоқсанда — 72069. Әсіресе, панасыз балалар Алматы, Ощүстік облыстарда өте жоғары. Жекелеген қабыддау пункттерге панасыз балалардың есепсіз көп келуіне байланысты балалар үйлері мен интернат ашу үшін бірсыпыра мекемелерді жабуға (Әулиеата) тура келді. Панасыздардың 69%-і қазақ, 31%-і әртүрлі үлттар, олардың 4-жасқа дейінгілері 13%, 4-тен 8 жасқа дейінгілері 28%, 8-ден 12-жасқа дейінгілері 35%, 12-15 жас арасындағылары 34,6%, ересек балалар 1,1%. Бүлардың 53%-і ер бала 47%-і қыз бала3.

Балалардың басым копшілігі жүқпалы аурумен ауырады. Басқаларды айтпағанда, тіпті балалар үйлері мен интернатқа қабылданғандар арасында өлім көп. Тек Аягөз ауданында бірнеше ай ішінде 404 бала өлді4.

1Назарбаев Н.Ә. "Жанымызда жатталсын татулық дойім сақталсын" Алматы. 1998. 11-12 бет.

2Сариева Рысты. "Қазақстандағы тоталитаризмнің 1932-1933 жылдардағы қасіреті мен қайғысы". Егемен Қазақстан. 1998. 29 мамыр.

3Егемен Қазақстан. 1992 жыл 22 желтоқсан

4ҚРОМА 44 кор. 14 тізімдеме 549 іс, 64 бет.

48

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]