Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

жеңістің занды жалғасы болып, соғыстың барысын антигитлерлік коалицияның пайдасына қарай бүрды. Гитлерлік Германия күрамаларына Францияны басып алу үшін 44 күн, Голландия мен Бельгияны басып алу үшін 19 күн жеткілікті болса, Сталинград шайқасы 200 күнге созылды және онда фашистік Германияныц тандаулы қүрамалары жеңіліске үшырап, тізе бүкті.

Европада екінші майданның басталмай отырғанын пайдаланып, гитлершілер 1942жылдыңжазында совет-герман майданының Оңтүстік қанатында ірі шабуылға шықты.

Фанатик Гитлер Волганың төменгі алқабындағы өнеркәсіп орталығын басып алу үшін, бүл майданға 330 мың адамы бар 22 дивизия және 160 жеке әскри бөлімдер енетін 6 және 4-танк армияларын бағыттады. 1942 жылдың тамыз айында жау Сталинград түбіне тақап келді, тарихта бүрын сонды болмаған ірі өскери күш жөне техника жағынан үлкен шайқас бастадды.

Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 27, 387, 28, 29, 38-атқыштар дивизиясы мен 81-атгы өскер дивизиясы, 152-атқыштар бригадасы қатысты. 1942 жылдың 10 қыркүйегінде бір ғана Сталинград майданында жалпы қазақ жауынгерлерінің саны 8280 адам болды1. Сталинград түбіндегі соғыс жүріп жатқан кезде ондағы қазақстандық жауьшгерлерге республика еңбекшілері, Қазақстан Компартия Орталык Комитеті, Қазақ ССР Жоғарғы Советі мен Халық Комиссарлары Советі 1942 жылы 9 қазанда үндеу жолдады. Бүл үндеуде: "Сталинград — шығыстың кілті. Сталинград түбіндегі қазақ жауынгерлері орыс, украин, белорус, өзбек, тәжік, түркмен, азербайжан, грузин жауынгерлері сияқты өзінің от басын, өз семьясын, өзінің туған Совет жерін қорғайды. Қазақ жауынгері өз анасының, әкесінің, өз жарының, оз балаларының неміс баронының күлдарына айналуына жол бермейді", - делінген.

Осы сүрапыл үрыс күндері Қарсыбай Сыпатаев өзінің тамаша ерлігімен көзге түсті.

Қарсыбай 61-атты әскер дивизиясы 13-атты артиллерия дивизионының екінші батареясында зеңбірек оқтаушы еді. Қарсыбай қызмет ететін батарея Сталинградтың іргесіндегі "Красный Герой" колхозының жерінде жаумен арпалысқан үрысқа қатысты. Осы үрыста ол зеңбіректен оқ жаудырып, жаудың бір взводқа жуық солдатын жойып жіберді. Ал 1942

1 Амаижолов К.Р. Ерлік жолымен. Алма-Ата: Жалын, 1977, 68-бет.

109

жылдың 26 қараша күні Арнутовск селосына таяу жерде бүл

батареяға үш бағыттан фашистердің 36 танкісі мен автомашиналары тікелей шабуыл жасады. Осы бір сын сағатта Қарсыбай асып-саспады. Алғашқы атыстан соң-ақ жаудың бірнеше танкісі жойылды. Бірақ дүшпанның басқа да танктері оршелене ілгері үмтылып, ок. жаудырумен болды. Батареяның жан-жағына келіп түсіп жатқан снарядтар жерді сілікіндіріп жіберді. Ал Қарсыбайдың мергендікпен дол атқан снаряды жаудың жаяу әскерлерін танкгерден бөліи тастады. Осы сәтте неміс танкілері оның зеңбірегінің үстіне теніп қалған еді. Қарсыбай снарядты көтеріп алып жау танкісінің астына жата кетті1. Жау танкісі қара түтінге көмідді.

СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1943 жылғы 17 сәуірдегі Указы бойынша коммунист Қарсыбай Сыпатаевқа (қаза тапқаннан кейін) Совет Одағьпшң Батыры атағы берідді. Қарсыбай Сыпатаев қызмет еткен болімінің командованиесі оның жерлестеріне былай деп хат жазды:

"...Қарсыбай Сыпатаевтың батылдығы, ерлігі жөне Отанына шексіз берілгеңдігі шайқас даласында жеңіс туывдай болып котерілді жөне оның ізгі ерлігімен жігерленген жауға бүрынғыдан бетер мықты соққы берді. Біздің жарқын ісіміз үшін батыр қаза тапты, бірақ оныц тамаша ерлігі совет халқының жүрегінде мәңгі өмір сүреді. Өшпес өмір осындай өлімнің аркасында туады". Бүл күнде Қарсыбай Сыпатаевтың туған ауылы мен Шымкенттегі орта мектептердің бірі оның есімімен аталады.

Сталинградты қорғауда 1942 жылдың 19 желтоқсан күні Боковск-Пономаревка ауданындағы әуе үрысында 21 жастағы ер жүрек үшқыш Нүркен Әбдіров капитан Н.Ф.Гастеллоның ерлігін қайталады. Ол озінің жанған самолетін дүшпанның танк колоннасының үстіне қүлатты. Совет халқы Нүркен ерлігін жоғары бағалап, оған Совет Одағының Батыры атағын берді. Нүркен ана сүтін ақтап, туған елін, Отанын қорғады. Өмірді сүйген үлымыз олімнен қорықпады. Сталинград шайқасында қазақстандык, жауынгерлердің, басқа бауырлас үлттармен бірге жасаған қаһармандығы мен ешпес ерліктері танданарлық еді. Сталинград шайқасында жауынгер кыздар Мәлике Тоқтамысова, Роза Момынова, Әсия Бекерова өздерінің ерлігімен көзге түсті.

Сталинград шайқасы күндерінде Мамай корғаны Россияның басты биіктігі деп аталатын. Осы арада 140 күн

Аманжолов К.Р. Ерлік жолымен. Алма-Ата: Жалын, 1977, 65-бет.

110

мен түнге созылған үрысқа бүкіл дүние жүзі қүлақ түрді. Совет Одағының Маршалы, екі мәрте Совет Одағының Батыры В.И.Чуйков Мамай қорғанындағы үрыстарды былайша еске алады: "16 қыркүйектің таңынан бастап Елиннің полкі 12-атқыштар дивизиясының бөлімшелерімен бірге Мамай қорғанын жаудан қайтарды, бірақ одан арғы шабуыл богеліп кадды, бетпе-бет үрыстар басталды. Анығырақ айтқавда, 1943 жылдың қаңтарының аяғына дейін созылған қанды шайқас болды. Мүнда жаудың коптеген танк жоне жаяу әскер полктары мен дивизиялары қиратылды, ал біздің дивизиялар ауырлығы жағынан бүрын тарихта болып көрмеген қиянкескі үрыстарда шьщап шықты. Салмағы тоннаға дейін баратын авиобомбалар, калибрі 203 мм-лік артиллерия снарядтары жердің астан-кестеңін шығарды. Алайда, мылтықтың сүңгілері мен гранаталар іске қосылған қолма-қол айқас сол кездегі жағдайда күрестің басты, неғүрлым оңтайлы жөне қажет күралы еді. Мамай қорғаны қардың коп жауатын кезівде де қап-қара болып жататын: артиллерияның отынан қар тез еріп, топырақпен араласып кететін.

Аты аңызға айналған Сталинградтағы "Павлов үйі" шын мөнінде берілмес қамал болды. Осынау әйгілі үйді қорғаушылардың арасыііда қазақ жігіті Толыбай Мүрзаев та болды. Павловтың бастауымен шағын ғана топ 50 күн бойына үйқысыз не демалыссыз қаланың ортасындағы тактикалық маңызы бар осы үйді қорғап түрды. Гитлершілер "Павлов үйіне" қаншама бомбасын, минасын, снарядын жаудырды десеңізші! Бірақ олар шағын ғана қаһарман гарнизонның сағын сыңдыра алмады. 24 адамы бар аз ғана жауынгерлермен үрыс үстінде дүшпандар бүкіл Парижді алғанда қанша әскерінен айырылса, мүнда да сонша әскерін күрбан етті. Нағыз ерлік деген осы емес пе! Сталинградты қорғаушылар қүрыштай берік достықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің асқан үлгісін күллі әлемге паш етті. Омірді сүйген, Отанын сүйген ерлер, қаншама шаршап, қажыса да қорқуды білмеді. Олардың әрқайсысының ойында "Біз жеңеміз!" деген сенім бар еді. Сталинградты қорғаушылардың ерлігі — Совет Армиясының тарихындағы ең жарқын және мактаныш ететін үлы жеңістің үлкен бетбүрысы. Қаланың қорғанысы күшейген үстіне күшейе берді. Қарашаның орта кезінде немісфашист әскерлері Сталинфад түбіңде жүздеген мың адамнан жөне көптеген техникасынан айырылып, біржолата қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Сол мезгілде немісфашист әскерлерінің Кавказдағы шабуылы Кавказ жолының етегінде және Орджоникидзе қаласының іргесінде тоқталған

111

еді. 1942 жылғы 19 қарашада Сталинград түбінде Қызыл Армияның қарсы шабуылы басталды.

Гитлер әскерлерінің Сталинград түбінде ойсырай жеңіліске үшыруы, оның еуропалық тылын шайқалтты, Германияның соғыс қуатын жөне фашистік армияның күші мен моралъдық рухын олсіретті. Фашистік Германия үкіметін терең дағдарыс кезеңге әкеп соқты. Сталинград түбіндегі жеңістен соң Совет Одағьшың халықаралык беделі артгы. Гитлерге қарсы одақтастардың бірлігі нығая түсті. Сталинград түбівдегі шайқас 1942 жылдың 19 қарашадан 1943 жылдың 2 ақпанына дейін созылды, осы шайқаста Германия мен оның одақтастарының бес армиясы жойылды. Оның ішінде жаудың 32 дивизиясы, 3 бригадасы бар.

Қазақстанда жасақталған 29 және 38-атқыштар дивизияларының батырлары Сталинградты қорғаушылардың қатарьшда өздерінің батырлығымен елімізді сүйсіндірді. Сталинград шайқасында көрсеткен үйымшылдығы, ерлігі, тәртіптілігі үшін 29-атқыштар дивизиясы 72-гвардиялык деген қүрметгі атаққа ие болды. Бүл дивизияның жауынгерлері қазақ халқының "Өліспей беріспеңдер" деген тапсырмасын адал орыидап шықты, жаппай ерлік көрсетті.

Сталинград шайқасында Гитлер армиясының 297-фенадер жаяу әскер дивизиясының желігін басып, қабырғасын қаусатқан, ақыры тізе бүктірген қазақстандық 38-аткыштар дивизиясы болды. 297-гренадер дивизиясының командирі генерал Мориц фон Дреббер тізе бүгер аддында былай деді: "Бүдан былайғы қарсыласуды пайдасыз деп білемін. Қарауымдағы солдаттар мен офицерлердің өміріне жауапты болғандығымнан, ең болмаса қалғандарын сақтап қалғым кеп мен дивизияның барша адамдарымен бірге Қызьш Армияның 38-дивизиясының командиріне түтқынға берілуді үйғардым. Дүшпан болса да, сонау Харьковтен Волгаға дейін ерлікпен соғысып келе жатқан бүл дивизияның жауьшгерлік ісін жақсы бағалауға тура келеді. Оған бас июіміз де сондықтан"1.

Волга үшін үрыстарда, яғни 1942 жылдың тамызынан бастап қоршалған гитлершілерді талкандағанға дейін қазақстандық 38-дивизияның бір озі жаудың 12 мыңнан астам соддаты мен офицерін, соның ішінде 8 полковнигін, 2 генералын түтқынға алды. 68 танкісін, 22 самолетін, 3 бронепозын, 400-ден астам зеңбірегі мен минометін, көптеген вагондар мен поездарын, мыңнан астам автомашинасын, үш мың

Аманжолов К.Р. Ерлік жолымен. Алма-Ата: Жалын, 1977, 41-бет.

112

автоматын, 800 пулеметын, жүздеген қару-жарақ қоймаларын және басқа мүліктерін қолға түсірді. 15 мыңнан астам солдаты мен офицерін, 108 танкін, 5 самолетін жоқ қылды1.

Сталинград шайқасындағы жауынгерлер мен командирлердің ерлігі, батылдығы жөне тәртіптілігі үшін 1943 жылы 1 наурызда 38-дивизияға 73-гвардиялық дивизия деген кұрметті атақ берілді. Осы 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 2882 адамы өр түрлі ордендермен, медальдармен наградталды. Осы дивизияның полк штабының бастығы капитан Талғат Алмаев, батальон командирі Досжан Әлімжанов, жауынгерлер Молдағүл Ералиев, Қамшал Омаров және т.б. ерліктің тамаша үлгілерін көрсетіп, Отан наградасына ие болды.

73-гвардиялық дивизия Сталинградтық дивизия деген қүрметті атаққа ие болды, дивизия командирі Ғани Сейфуллинге генерал-майор атағы берілді.

1943 жылдың 6 ақпанында "Правда" газеті өзінің "Даңқты қазақ халқы советтік Отан үшін күресте" деген бас мақаласында қазақ еңбекшілерінің тылдағы және қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерліктерін жоғары бағалады: "Қазақтар майдавда жауға қарсы жақсы соғысады, тылда олардың өкелері, аналары, әйелдері майдан үшін жүмысты аянбай жақсы істейді. Қазақстан оз жерінің барлық байлықтарымен, тауларының барлық асыл кендерімен майданға қуатты тірек болып отыр. Қазақстан совет адамдарына жақын және қымбатты. Біздің ел қазақ халқының турашыл, ашық, ер жүректігін, оның кішіпейіддігін, оның адалдығын жақсы көреді", - деп жазды.

Волга жағалауывда және Кавказ тауының етегінде болған қиын-кескі шайқастар кезіңде фашистік блоктың армиялары бір миллионнан астам адамынан айрылды. Сталинград шайқасы жау әскерлерінің ең таңцаулы деген 300 мыңнан астам адамы бар армиясын қоршап алып, біржола талқандаумен аяқталды.

Волгоградтағы Мамаев қорғанында Сталинградты қорғаушыларға арналған ескерткіш ансамбльде көптеген қазақ жауынгерлерінің есімі бар. Солардың ішінде Нүркен Әбдіровтың есімі бірінші болып жазылған. Арада 60 жылдай уақыт өтсе де Сталинград шайқасывда қаза тапқан батырларды еліміз аса қүрметпен ардақтауда. Мамаев корғанындағы Мәңгі от жанып түрған әскери даңқ залы өте салтанатты және байсалды керінеді. Қабырғаларда қырмызы жалаулар, оларға Мамаев қорғанында неміс-фашист басқыншыларына қарсы жүргізілген үрыстарда ерлікпен қаза тапқан мындаған совет жауынгерлерінің есімдері алтын әріптермен жазылған.

8-14Х

И 3

Мамай қорғанының топырағы - қасиетті топырақ. Оның топырағы Кремль қабырғасы жанындағы Белгісіз солдаттың бейітіиде, Бресте, Батыр қалаларда, бүкіл еліміздегі, яғни Куриль аралдарынан Батыс шекараларға дейінгі орнатылған барлық ескерткіштерге киелі дүние ретінде әкелінген.

Сталииград шайқасы кезінде Қазақстанның Батыс аудандары соғысушы армиялардың оперативті тылына айналды. Мүңда оскери қоймалар мен госпитальдар, жондеу базалары орналастырыдды, үзақ қашыктыққа қимыл жасайтын авиация аэромдромдары мен Жоғарғы Бас командованиенің Ставкасы Закавказье майданымен жалғастыратын байланыс жүйесі салынды. Жау бүл аудандарды, әсіресе, Шоңай, Жәнібек, Сайқын станцияларын үздіксіз бомбалады. Сталинград шайкасына Совет Армиясының тарапынан 350 дивизия, 250ден астам полктер, жекелеген әскер түрлері қатысты. Олардың қатарында Қазақстанда жасақталған 292-, 387-атқыштар дивизиялары мен 152-атқыштар бригадасы, 81-атты әскер дивизиясы, 129-миномет полкі мен 15б-копір салғыш жеке батальон болды. Сталинград шайқасының қорғаныс және қарсы шабуыл үрыстарында ерекліе козге түскен 29және 38-атқыштар дивизиясы 1943 жылы 1 наурызда 72-, 73гвардиялық болып қайта қүрылып, кейін осыған қосымша Сталинград облыстық партия жене атқару комитеттерінің отініші бойынша "Сталинградтық" деген қүрметті атак берілді. Рабоче-Крестьянская көшесігще қорғаныс үрыстарын жүргізген 116-атқыштар дивизиясындағы 565-атқыштар полкінің 7-ротасы түгелге дерлік қазақтар еді. Ротанын жартысына жуьиы қаза талқанымен корғаныс шебінжау ала алмады. Үрыс аяқталған соң кошеге "Казахская" деген ат берілді, Сталинградтың трактор заводы мен оның солтүстік квадратын қорғауда 124-атқыштар бригадасының жауынгерлері К.Әлімбаев, С.Грушевский, Б.Қарымбаев, Д.Солоха т.б. қазақстандықтар көзге түсті. Ал аты аңызға айналған Солдат даңқы үйінің гарнизоныңда Т.Мүрзаев асқан ерлікпен шайкасты. Танк десантында ондаган жауды қырып салған автоматшы И.Ш.Сүйінбаев Ленин орденімен наградтадды. Сталинградтағы шайқастарда қольшдағы минасымен жау танкісінің астына түскен қатардағы жауынгер, минометші Қ.Сыпатаевқа, жанған самолетін жау әскерінің шоғырына бағыттаған сержант Н.Әбдіровке Совет Одағының Батыры атағы берідді. Сталинград шайқасындағы жеңіске халықтардың тьтл мен майдандағы шынайы достығы негіз бодды.

ТүбірлібегпбурыстарКурскіиніндегіжеңіс.

Москва мен Сталинград түбінде ойсырай жеңілсе де Гитлер

114

және оның тобыры соғыстан әлі де үтылғанымыз жоқ деп есептеді. Олар Сталинград түбіндегі және Солтүстік Кавказдағы жеңілістері үшін кек қайтарамыз деп үміттенді. Стратегиялық инициативаны өз пайдаларына қарай өзгертуге барынша жанталасты. Фашист стратегтері совет-герман майданыида 1943 жылғы жазғы, жаңа үлкеи шабуыл жасауға ниет қойғанды. Гитлершілдер Москва мен Сталинград түбіндегі жеңілістері үшін "кінәнің" бәрін "Аяз генералына" жауып қойған-ды. Жаз шыға жолымыз болар деп дәмеленді.

1943 жылғы жазғы шабуылға вермахт командованиесі үлкен үміт артты. Гитлер мен оның генералдары Курск ауданындағы иінді Қызыл Армияға соққы беру үшін ең ыңғайлы және пайдалы майдан ауданы деп санады. Бүл иіннің солтүстік жағынан немістің "Центр" армиясының ескерлері түрды, ал оңтүстік жағында "Юг" армиясының әскерлері қоршап түрды. Дүшпан иінді қиып тастап, біздің Орталық және Воронеж майдандарымыздың қорғаныста түрған ірі күштерін талқандамақ болды. Бүл шабуылға әзірлік 1943 жылғы коктемнен басталды. Бүкіл Германияда ер-азаматтардың барлығын армияға жаппай шақыру басталды. 17-ден 50-жасқа дейінгі барлық ерлер қолдарына мылтық үстап, сапқа түрғызылып, майданға аттандырылды. Әскери техниканы және кару-жарақты шығару шүғыл кобейтідді. Болатпен қүрсанған ауыр "Тигр" және "Пантера" танктері, "Фердинад" зеңбіректері пайда болды. "Фокке — Вульф 190А", "Хеншель —129" тәрізді соғыс самолеттеріне де гитлерлік командование зор мән беріп үлкен сенім артты.

Гитлерлік командование Шығыс майдандағы озінің 3- стратегиялық шабуылына соншалықты маңыз бере отырып, бүл үшін күшті де, қажетті қүралдарды да аямады. "Герман армиясы жинақтауға болатын барлық күш-қуатты, - деп корсетті гитлерлік генерал Эрфург, - "Цитадель" операциясын іске асыруға жүмдырды". Бүған Еуропада 2-майданның ашылмауы да жақсы жағдай жасады, гитлерлік командование Франция мен Германиядан қосымша бірнеше дивизияны Орелдің оңтүстігі мен Харьковтың солтүстігіне алып келді. Франциядан авиациялық бес топ осында әкелінді. Шығыс майданындағы әскерлер қүрамы мейілінше толықтырыдды.

Операцияны жүзеге асыру үшін жау 50 дивизиясын, оның ішінде 16 танк және моторлы дивизиясын бір жерге шоғырландырды. Оларда 900 мыңға жуық соддат пен офицер, 10 мыңға таяу зеңбірек пен миномет, 2700-дей танк және 2 мывдай самолет болды. Сойтіп, бронетанкгі және авиациялары орасан зор күш жинақтаған 50 дивизия шабуылға сақадайсай әзірленді.

115

Курск иініндегі шайқас басталар аддыңца еліміздің әскерисаяси жағдайы анағүрлым нығая түскен еді. Соғыс қажеттеріне сәйкес халык шаруашылығын қайта қүру 1942 жыддың орта шеніңцегі толық аяқталды. Әскери өнеркәсіп қуаттары шығыска көшірілген соң қалпына келтіріліп, қуаттылығын бүрынғысынан да күшейте түсті. Майданға сапалы да оскеритехниканың талаптарына сай Отандық өндірістің онімдері үздіксіз жөнелтіліп жатты. 1943 жылдың шілдесіне дейін 9580 танк және зеңбірек қондырғылары әзір бодцы. Самолеттердің жалпы саны 1941 желтоксанында 2495 қана болса, 1943 жылғы шілдеде 8293-ке жетті. Реактивті артиллеряны үдайы үдемелі әдіспен шығарудың нәтижесінде, 1942 жылғы күздің өзінде арнаулы миномет бригадаларын және дивизияларын қүруға мүмкіндік туды. 1943 жылы жазға таман Совет Армиясы гитлершіл вермахтан адам жағынан 1,2 есе, әскери техника жағынан 2 есе артып түсті.

1 шілдеде Гитлер "Цитадель" операциясының негізгі басшыларын шақырып алып, шабуылды 5 шілдеде бастау туралы жарлық берді. Шабуыл жоніндегі бүйрықта ол былай деп жазды: "Солдаттар! Бүгінгі күннен бастап сіздер үлкен шабуыл жасайсыздар, оның аяқталуы соғыс үшін шешуші маңыз алуы гиіс. Совет Армиясына берілетін бүгінгі таңдағы соққы оларды түп негізіне дейін жойып жібереді". Совет барлаушылары гитлершілердің шабуылға озірленуінің бүкіл көлемін дер кезінде ашып қана қоймай, сонымен қатар олардың өскерлерінің басты соққы беретін бағыттарын да анықтап алды. Кейінірек операция басталатын уақьттта да аныктау мүмкін бодды. Вермахт генералдары біздің майдан шебінің тылына қарай 250-300 шақырымға дейін жерді алып жатқан жақсы жабдықталған қорғанысымыздың бар екенін ойламаған да еді. Дүшпан шабуыл жасардың алдында Орталық және Воронеж майдандарының өскерлері 9240 километр болатын траншеялар мен қатынас жолдарын өзірлеп үлгірді.

Фашистердің әскери техникасына жаңадан "Тигр", "Пантера" және "Фердинандтардың" қосылғаны да бізге қүпия емес еді. Сондықтан 5 шідде күні таң сәріде, фашистердің артиллериялық әзірлігі басталғанға дейін Воронеж және Орталық майдан өскерлері артиллериялық қарсы соққы берді. Жау шабуылын өздері белгілеген мерзімінен 2 сағат кеш бастаған еді. Ең ауыр шайқас басталды.

Үрыс барысындағы негізгі озгеріс 12-13 шіддеде бастадды. Бүған дейін стратегиялық маңызы бар екі ірі оқиға бодды. Прохоровка түбінде танктер шайкдсы болып, Батыс және Брянск майдандарының сол қанатындағы әскерлер

116

дүшпанның Орел тобына қарсы шабуылға шықты. Екі жақтан 1200-ге жуық үрыс машинасы қатысқан, бүл шайқасты танктердің жекпе-жегі деп атауға болады. Біздің гвардияшыларымыз дүшпанды жақын жерден соғысуға мәжбүр етті, сөйтіп жаудың ауыр танктері кейбір артықшылықтарынан айрылды. Прохоровка түбіндегі бір күші шайқастың ішінде гитлершілдер 400-ден астам танктерінен айрылды! Осы кезде барлық майданның басқа да учаскелеріңде совет әскерлерінің шабуылы басталды.

Совет Армиясы 600 шақырымға созылған кең майданда алға қарай шабуыл жасап бара жатты. Бесінші тамызда Орел және Белгород, 23 тамызда Харьков қалалары жау шеңгелінен азат етіліп, Курск иініндегі 50 күнге созылған шайқас аяқтадды. Совет әскерлері Орел мен Белгородты жаудан азат еткен 1943 жыддың бесінші тамызында Москва аспанында Үлы Отан соғысы күвдеріндегі алғашқы салют берілді. Содан бері салют беру дәстүрге айналды. Курск пен Белгород түбіндегі қантөгіс шайқастарда неміс-фашист армиясы жеңіліске үшырап, содан есін жия алмады. Қызыл Армия ол жолы жаудың өте жақсы қаруланған және жабдықталған 30 дивизиясын талқандап, 1500-дей танкін, 3500-ден астам самолетті жоқ етті.

Курск түбіндегі шайқаста 73-гвардиялық дивизия Қазақстанның даңқын арттыра түсті. 1943 жылы 6 шілдедегі үрыс қимылдарына көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 7- гвардиялық армияның командашысы генерал-лейтенант Шумилов 73-твардиялық дивизияның барлық жауынгерлеріне, офицерлеріне алғыс жариялады. Белгород қаласының маңындағы кескілескен үрыстарда дивизияның 1040 гвардияшысы үкімет наградасына ие болды. Қазақстанның 4 қаһарман үлына, оның ішінде 23 жасар капитан Ілиясовқа Совет Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді.

"Цитадель" операциясының күйреуімен бірге фашистік билеп-төстеушілер Совет Одағына қарсы бастаған соғыста үтамыз деген үміттерінен біржола айрылды. Курск шайқасында 5 майданның - Батыс, Брянск, Орталық, Воронеж және Дала майдандарының әскерлері қатысты. Олар өте жақсы ойластырылған және әзірленген стратегиялық ірі операцияларды тамаша орындады. Совет Одағының 1943 жылдың жазындағы жеңістері фашистік топтың шаңырағын шайқалтып, олардың берекесін кетіре бастады.

117

8. Майдандағы қазақ жауынгерлеріне қазақ халқының

хаты және жауынгерлердін патриоттық анты

1943 жылдың 6 ақпан күнгі санында "Правда" газеті "Қазақ халқының майдаидағы қазақ жауынгерлеріне хатын" жариялағаны белгілі. Бұл хат майдандағы қазақ жауынгерлері ғана емес, күллі майдангерлердің рухын, жігерін, фашизмге деген өшпенділік ыза-кегін одан сайын арттырып, қайратқа қайрат қосты. Сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.А.Скворцовтың басшылығымен дайындалған бұл хаттың текстісін Ғабит Махмутүлы Мүсірепов жазып, орыс тіліне сөзбе-сөз аударуды Б.Асанов, І.Омаров, Қ.Жармағанбетов ез міндеттемелеріне алған. Енді орысшасын редакциялап, көркемдеуде С.Н.Сергеев-Ценский, К.Г.Паустовский, М.О.Әуезов коп еңбек сіңірген көрінеді. Бүл тарихи хатқа сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті үгіт-насихат белімінің орынбасары Бөлебай Исабековте белсене араласып, үйымдастыру жүмыстарын жүргізген. Хаттың қалай жазылуы керектігіне С.Мүқанов, Қ.Сәтбаев, Ә.Тәжібаев, Ғ.Ормановтар өздерінің ой-пікірлерін қосқан. Бүл тарихи хатты қысқартып томенде келтірейік:

Қазақстанныңардақтыулдары!Қүрметтібалаларымыз, ерлерімізбентуысқандарымыз!

Өздеріңніңтуганүйлеріңненалганхаттықандайсезіммен оқысаңдар,булхаттыдасондайсезімменоқыңдар,бауырлар!

Согыстыңкдталтагдырықайдаапарса,солжердеоқыңдар,

бүлхатты! Мүзтеңізініңаралдарында,Карелияныңграниттішыңда-

рында,Кавказдыңқарбүркегентауларында,Смоленщинаның қалың ормандарында, Украинаның бүйратты белестерінде, қысқасы, қасықтайқандарыңды, қадірліжандарыңдыаямай щоргапжүргенқасиеттіОтанныңқайбүрышындабүлхатты алсаңдар да, кәз алдарыңа туган жерді, Қазақстанды елестетіңдер...

Майдан өлкесінде әрқашан көкживктвн көтерілген күнге қараңдар да, туган жерлеріңдіескеалыңдар. Селеуітеңіздей тербелгенАрқаның адырыкеңдалаларын, алтынбүлагысоргалаганАлтайдыңасщржоталарын,ақбасАлатаудыңжеміске безенгенсай-салаларын,соншалықкең,туганжерлеріңдегіата- ларыңның қасиетті қабірлерін, туган-оскен үйлеріңді көз алдарыңакелтіріңдер.Солардыжаугатаптатпаймыздепант етіңдер!

118

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]