Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

2)314-атқыштардивизиясы.

310-атқыштар дивизиясымен бір мезгідде жасақталып, 1941 жылдың күзіне таман Ленинград маңына жөнелтілген қүрамалардың бірі 314-атқыштар дивизиясы. Бүл қүрама соғыстың қаһарлы күңдері Петропавл қаласында жасақталды. Мүның қүрамында Солтүстік Қазақстан облысыныц еңбекшілерінен басқа, Қостанай, Кокшетау, Ақмола, Павлодар облыстарының түрғындары болды. Дивизия командирі генерал-майор АД.Шеменков еді.

Дивизия штабын - полковник В.И.Кувшин, ал дивизия полктерін — А.А.Мироненко, В.П.Томашевич, Я.С.Скачков және П.Ф.Ивашко басқарды. Бүлар тәжірибелері мол, өз кезіне сай әскери дайындықтан откен жандар еді.

1941 жылғы 4 тамызда дивизия жасақталып болды. Ендігі жерде жауынгерлерді әскери өнерге үйрету, соғыс жағдайына жедел жаттықтыру жүмысы қызу қолға алынды.

Ставканың бүйрығы бойынша бүл дивизия да СолтүстікБатыс бағытқа жөнелтіліп, тамыз айының аяғында Тихвин қаласының маңынан бір-ақ шықты.

314-дивизияның бөлімдері Свирь өзенінің бойындағы Лодейное Поле қаласының маңына 7 қыркүйекте орналасып, генерал В.Д.Цветасвтың 7-армиясыныц қүрамына қосылды1.

Бүл кезде жау Ленинградтың Ладога көлі маңындағы жалғыз ашық байланыс жолын кесіп тастауға үмтылып, қауіп төндіріп түр еді. Оңтүстік жақтан неміс әскерлері шабуыл жасаса, солтүстіктен, Онега — Ладога мойнағы түсынан фин әскерлері шабуыл жасады. Финдер Гитлердің одақтасы ретінде Россияның көп жерін олжалағысы келіп, әжептеуір дәмеленді.

Бүл кезде финдер Лодейное Поле қаласының маңында Свирь өзенінен өтіп, Ладога колінің оңтүстігінде шабуыл жасап келе жатқан өздерінің одақтас — неміс әскерлерімен қосылғысы келді. Олардың бүл мақсатын жүзеге асырмау үшін совет командованиесі шүғыл шаралар қолданды.

Свирь өзеніне таяу жердегі Заостровье станциясында эшелоннан түскен 314-дивизияның бөлімдері озеннен өтпек болған фин өскерлерімен шүғыл түрде шайқасқа түсті. Үрысқа кіріскен осы күндерде дивизияның полктеріне үзындығы 130 километрлік шепте қорғаныс үрыстарын жүргізуге тура келді. Кейіннен қыркүйектің аяқ кезінде өздерінің көмекке келген 21 және 114-дивизиялардың арқасында 314-диви- зияның қорғаныс шебі 30 шақырым ғана болып қалды2.

1Король И., Егошин П. Көрсетілген еңбек, 8-бет.

2Белан П.С. Казахстанцы в боях за Ленинград, с.87.

99

Свирь езенінің бойында совет жауынгерлерінің фин әскерлерімен жүргізген табанды үрыстары финдердің неміс әскерлерімен қосылуы жөніндегі жоспарын жүзеге асыртпай тастады. Сөйтіп финдерге қарсы бағытга, яғни Ладога көлінің Оңтүстігінде үрыс жүргізіп жатқан неміс корпусының жағдайын жақсарту үшін Свирь озені маңында қайткенде де біздің әскерлердің шебін бүзып өтуді талап еткен неміс командованиесінің дегені орындалмады. Дивизия бөлімдерінің бәрі бүйрықты бүлжытпай орындай отырып, ерекше табавдьшық көрсетті.

Қүрама басшыларының Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілеріне жолдаған есебінде көрсеткендей, алғашқы бес айдың ішінде дивизияның 160-тан астам жауынгері мен офицерін шайқаста айрыкша көзге түскені үшін үкімет наградаларына үсынды. Олардьщ ішінде 1941 жылғы 16 желтоқсанда өз денесімен жау пулеметінің үнін өшіріп, өз емірін қүрбан ету арқылы қарулас жолдастарын қүтқарып қалған атқыштар бөлімінің командирі Н.И.Сафронов, телефоншы К.Қайықпаев, Пресновкада туып-өскен коммунист М.И.Ралдугин бар еді.

Бүдан кейінгі үрыстарда қүрама жауынгерлері ерлік көрсетііі отырды. Мысалы, бір жау шабуылына тойтарыс беру кезінде аға сержант Нарутдинов, жауынгерлер Жүсіпов, Қалиакпаров, капитан Мүхамедиянов және басқа да овдаған жауынгерлер ерекше көзге түсті. Олар өз өмірлерін қия отырып, фашистердің шепті бүзып өтуіне мүмкіндік бермеді1.

Міне, бүл жөнінде соғыстан кейін неміс генералы К.Типпельскирх "Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы" атты еңбегінде фин армиясының немістердің тапсырмасын орындай алмағанын мойындайды. Ал екінші бір неміс генералы Бутлар естелігінде жоғарыда айтылғавдарды қуатгай келіп: "Жазғы науқанның ортасында Свирь өзеніне қарай финдердің шапшаң жылжығанына қарамастан, бүл манда неміс әскерлерімен қосьшуының сәті түспеді"2, -деп жазады.

1944 жылы Ораниенбауынның оңтүстігінде 2-Екпінді армияның қүрамында 314-дивизияның полктері шабуыл жүргізді. Дүшпанның табан тірескен қарсылығын баса отырып, дивизияның бөлімдері 1944 жылғы 1 ақпанда Кингисепп қаласын азат етіп, Нарваға шықты. Қүрамаға "Кингисепптік дивизия" деген қүрметті атақ берідді.

2 Мураден В.А. Боевое братство. М., 1978, с. 148.

1 Қараңыз: Мировая война 1939-1945 гг. М., 1957, 176-бет.

100

1944 жылдың жазында Ладогадан Фин шығанағына дейін Ленинград майданы әскерлерінің шабуылы кең қанат жая түсті, бұл әскерлердің қүрамында 314-дивизия да шайқас жүргізді.

314-атқыштар дивизиясы Ленин қаласын қоршаудан азат еткен соң 1944 жылдың күзінде Польша жеріне аяқ басты. Ол мүнда 1-Украина майданы өскерлерінің қүрамында үрысқа түсті.

1945 жъшғы 14 қаңтарда 314-атқыштар дивизиясы шайқаса отырып, 248 шақырым ілгері кетіп, Нида, Бяла, Черна Пшемша, Брыница, Одер өзендерінен өтті, 18 қаланы, 26 темір жол станциясын жөне басқа да 263 елді мекенді жаудан тазартты. 1945 жылдың март айында 314-дивизия Козель (Козле) қаласын және Леобщюцті (Глубчице) шабуылмен алып, гитлершілерден Оппельн тобын талқандауға қатысты. Осы үрыстан соң қазақстандық қүрама II дәрежелі Кутузов орденімен наградтадды.

II дәрежелі Кутузов ордені 314-Кингисепптік атқыштар дивизиясы Чехословакияның солтүстік аудандарында жорық жолын аяқтады.

Қорыта айтқанда, бүл дивизияның жауынгерлері Ленинград қоршауын бүзу, Ленинград - Новгород және Прага бағыты сияқты шешуші операцияларға қатысты. Қүрама белімдерінің бүл шайқастарда көрстекен ерлігі мен қаһармандығы Жоғарғы Бас Қолбасшының бүйрығывда жеті мәрте атап көрсетідці. Соғыс жыддары дивизияның 12 мыңнан астам жауынгері Совет Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталды1.

6. Қазақстанда жасақталган әскери бөлімдер мен қүрамалар ¥лы Отан соғысы жылдарында.

1941 жылғы, шілде мен 1942 жылғы, сәуір аралығывда Қазақстанда бірнеше атқыштар, атты әскер дивизиясы, атқыштар бригадасы жөне әскердің баска түрлерінің полктері мен дербес батальондары қүрылды. Бүл дивизиялар мен бригадалар жауынгерлердің шамамен 40-50% қазақтар, 3035% орыстар, 20-15%-іукраиндар, ал қалғандары басқа үлттар өкіддері болды. Қазақтың үлттық қүрамаларыңда - 100 және 101-атқыштар бригадаларывда, 96-, 105және 106-атгы әскер дивизияларында — олардың сан қүрамының 90%-і қазақтар

1 Аманжолов К.Р. Ерліктің жарқын беттері. Алма-Ата: Қазақстан, 1987, 89-95-беттер.

101

болды. Дивизиялар мен бригадаларды қүрған кезде олардың жеке қүрамының 10-нан 15%-не дейіні коммунистер, шамамен сондайы комсомоддар болды. Төменде ерекше кочіх* түскен қазақстандық қүрамалардың жауынгерлік жолдарымн қыскаша сипатгама берелік.

Гермашшны жеі-іу үшін қазаксгаіщыклсірдыңқосқап у-'кч і мен қатар олардың орны толмас шығынын естен шыгаругм болмайды.

1941—1945 жыддар аралығында республика әскери комис сариаттары 1196/164 адамды өскер қатарына шақырды1. \9У> жылғы санақ бойынша республика халқы 6,1 миллион адам бодды2. Әскер қатарына шақырылған қазақстандықтарді.іи барлығы 20-дан астам атқыштар және атты өскер дивизиясы мен бригадасы, бірнеше артиллериялық және авиация полкі, алуан әскер түрлеріне деп дайындаған ондаған батальон жасақталып, майданға аттанды. Олардың арасында 238, 316, 310, 312, 314, 387, 391-атқыштар дивизиясы болды. Огаи қоса 74-інші және 75-теңіздік атқыштар және 39-курсантп.ік атқыштар бригадалары бар еді. Бүл күрамалар согі.к басталысымен іле-шала жасақталып, жедел түрде әсксри дайындықтан отіп, 1941 жылы майданға жонелтіліти қазақставдық қүрамалардың алғашқы тобына жатады.

1942 жылдың бас кезінде Қазақстаннан үш атқыштар жопс бір атты әскер дивизиясы, бір атқыштар бригадасі.і аттандырылды. Олар: 8-атқыштар дивизиясы (Семсйд< қүрылған), 29-атқыштар дивизиясы (Ақмолада қүрылган) 38-атқыштар дивизиясы (Алматыда күрылған) және IV атқыштар бригадасы (Оралда жасакталған), 81-атты оскі'і> дивизиясы (Жамбылда қүрылған).

Қазақстандық әскери қүрамалар жүмысшылардан (4п проценттей), колхозшылардан (50 проценттейі) жоіп интеллигенциядан (10 проценттейі) жасақталды. Дивизиял;і|> қүрамына: 3-4 атқыштар, 1-артиллерия полкі жөне таіп жойғыш дивизион, миномет, сапер, байланыс, санитарлык дорігерлік батальондар, зениттік-артиллериялық батарся барлау ротасы, авторота, химиялық қорғаныс ротасы, тап.і басқа болімдер біріктірілді.

1941 жылы 13 қарашадағы Мемлекеттік Комитетіпіи алғашқы жоспары бойынша Қазақстан территориясымд;і

1 КСРО Қорғаныс министрлігінің орталық архиві (бүдан орі К('Г<> ҚМОА) 32-қор, 11302-тізбе, 169-іс, 157-159-п.

2 Итоги всссоюзной переписи населения 1959 года Казахской ССГ М., Госполитиздат, 1962, И-бет.

102

11VI иіика ресурстарынан 5 атты әскер дивизиясы, 4 үлтгық ыіитар дивизиясы және 4 жекелеген үлттық атқыштар щдаеы қүрылу керек еді, бірақ бүл жоспар коптеген

• іітсріс байланысты орындалмады. Тек үлттық 100, 101іниыііітар бригадалары, 105, 106, 96-атты өскер дивизиялары

, і 1 ! I 11.1.

Аікыштар бригадаларындағы адам саны 4356-дан 6000- ІІ-НІІІ жетті. Онда 3-4 атқыштар батальоны, артиллерия іі« мипомет дивизиондары мен басқа да бөлімдер болды.

пгистың алғашқы жылында Қазақстанда барлығы 14 і.шітар жоне атты өскер дивизиясы, 6 бригадажасақталып, ішша аттандырылды. Бүдан кейінірек 6 артиллериялық і'1 ;інііация полкі, 12 қүрылыс, 2 автобатальон, 7 автомашиір Сштальоны қүрыдцы. Осы кезенде тылдағы он мындаған ікс гандық соғысып жатқан армияға толықтыру ретінде І.ІІІ косылды. Қазақстан территориясында жасақталған міиялар соғыстың алғашқы қиын кезеңінде ерлікпен

и-1 І,І. Кеңес қарулы күштерінің мақтанышына айналды. ерлікке толы жауынгерлік жолы Мәскеу, Ленин- і, I талинград, Кавказ, Курск, Украинаны азат етуде

•ікиралық қүрмеже ие болды. Ағылшын тарихшысы А.Верт ; ІІІ /і.ічі жазды: "Қызыл армияның табанды жауынгеріиін бірі - қазақтар еді, соғыстың басывда қазақтар өздерін *иксы жақтарынан көрсетіп отырды. Ал Сталинградта і* жауынгерлер қатарында Орта Азия халықтарының щсрі - қырғыз, қазак, башқүрт болды".

М іакстанда қүрылған әскери қүрамалардын, бесеуіне •ПИИ.ИЫҚ дивизия деген күрметгі атақ берілді. Бүлар 8- фшюнатындағы, 72, 73-сталинградтық, 27, 30-гвардиялық и іиялар еді.

'(ігііісгың басынан аяғына дейін қазақстандық 9 дивизия (імсіі сакталды. Олар — 314, 310, 316 (8-гвардиялық іішіар), 238 (30-гвардиялық атқыштар), 391, 387, 8, 29 цііірдиялық атқыштар), 38 (73-гвардиялық атқыштар) п шялары еді. Бүл қүрамалар Мәскеуді, Ленинградты, іимградгы қорғауда, Курск шайқасында, Украинаның оң •иіиуыіі, Қырым мен Карпатты азат ету жолындағы ІКІК' іарда оздерін өшпес даңққа бөледі. Украинаны азат «цііыидағы жауынгерлік тапсырманы үлгілі орындағаны ін /2-гнардиялық дивизия Қызыл ту орденімен рнліалды, оған "Красноград дивизиясы" деген қүрметті і Пгрілді. 118-дивизия "Мелитополь дивизиясы", 27-

.іциялі.ік. дивизия "Новобугдивизиясы" және Қызыл тулы и мія болды. 387-атқыштар дивизиясы Қырымды азат ету

103

жолындағы шайқастарда "Перекоп дивизиясы" және осы дивизияның екі полкі — 15-атқыштар жөне 62-артиллерия полкі "Карпат полкі" болып аталды, ал 229 және 310атқыштар полкінің бірі — III дәрежелі Суворов, екінші II дәрежелі Кутузов орденімен наградталды. Жоғарғы Бас Қолбасшының бүйрығымен оларға бірнеше рет алғыс жарияланды және олардың қаһарман жауынгерлік ерлігін бірнеше рет салютпен атап өтті.

Соғыстың қарсаңывда Гитлер былай деп сандырақтағанды: "Немістер басқа бірде-бір үлтгың ешқавдай қару үстауына ешқашан да жол бермейді, ...словянин де, чех та, қазақ та, украин да емес тек неміс қана қару үстауға праволы"1 .Бүл сөздің бос даурығу екенін көп үзамай-ақ омір дәлелдеді. Бірак жеңіс жолында бүрынғы Кеңес одағының халқы да орны толмас шығынға үшырады. Жалпы Кеңес одағы халқынан, осы соғыста каза тапқандардың саны 27 миллион адам болса, қазақ халқының қаза тапқан адамдарының саны 3500002 деп көрсетіледі.

Қазақ КСР Әскери комиссариаты 1979 жылы жинастырған дерек бойынша облыстарға шаққанда соғыс қүрбандары мынадай: Атырау (Маңғыстау облысын қоса есептегенде) — 11,839 адам қаза тапты. Қызылорда — 12,609; Қарагаііды (қазіргі Жезқазған облысымен) — 17,027; Павлодар — 18,200; Көкшетау - 19,025; Актебе - 19,725; Ақмола - 20,237; Солтүстік Қазақстан — 24,428; Жамбыл - 24,797; Қостанай

— 27,465; Талдықорған — 34,217; Алматы (Алматы қаласымен)

-43,189; Шығыс Қазақстан - 46,090; Шымкент - 56,989. Жалпы Қазақ КСР-і (Орал облысын қоспағанда) 393946

адамынан айырылды3. Бүл мәліметгің өзі әлі толық емес. Соғыс жылдарында республика территориясына орналасқан

әскери оқу орындарының қызметі ерекше көңіл бөлуге түрарлық.

Ең бірінші болып 1940 жылдың маусым айында Алматыда атқыштар-пулеметшілер училищесі қүрыдцы. 1941 жылы бүл училище бес рет түлектерін дайындап шығарды. Сол жылы училище әскер қатарын 2429 жас офицермен толықтырды. 1942 жылы училище сегіз рет бітірушілер дайындап, 2869

1Застольные беседы в ставке Гитлера (июль 1941 - июль 1942 г.г.). Нюрнбергский процесс. Материалы, 2-т. 1951.

2Татимов М. Социальная обусловленность демографических

процессов. Алматы, Наука, 1984, 126-бет.

3 Текущий архив Казвоенкомата. Справка о потерях ВОВ от 1 декабря, 1979 года, 2/в документе.

104

адамға білім берді. 1943 жылы 154 офицер, 1944 жылы 881 офицер дайындап шығарды. Училище барлығы 6333 офицер атгестатын берді. Сонымен қатар курсанттардан үйымдасқан соғысқа баратын бригадаларында 7001 қатардағы жауынгер майданға атганды.

Соғыс кезінде Қазақстанға Ресей жоне басқа республикалардан көшірілген училищелер көп болды. Соның бірі — Алматының 22-әскери авиация мектебі. Ол командир, конструктор үшқыш, түнде шабуылдайтын үшқыштар, инженер-техник мамандарын дайындады. Бүл училище майданға 662-ші, 991-ші, 992-ші үшқыш полктерін дайындап жіберді. 1942 жылдың ақпаннан 1943 жыддың көкегіне дейін 14 ай Атырауда жаяу әскер училищесі жүмыс істеді. 1942 жылы 6 желтоқсанда оның алғашқы түлектері бітіріп шықты.

Кеңес Одағының маршалы В.М.Шапошников атындағы Тамбов Қызыл Тулы жаяу әскер училищесі 1941 жылдың күзінен Семейде жүмыс істей бастады. Бүл училище 1943 жылғы шілдеге дейін алты айлық, сосын бір жылдық оқыту бағдарламасымен 2725 адамды оқытып шығарды. 1944 жылдың көкегінде Тамбовқа қайта көшті.

1942 жылдың қарашасынан 1946 жыддың ақпанына дейін Талғарда Рязань артиллерия училищесі жүмыс істен, 1943 жылдың наурызында 141 офицері дайындап шығарды. Бітірушілердің 64-і Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы грамотасымен марапатталды. Қостанайда орналасқан Сталинградтың Қызыл Тулы Үшқыштар және десанттық әскери мамандар дайындайтын әуе училищесі 1941 жылдың 6 қазанынан соғыстың аяғына дейін 2444 үшқыш оқытып шығарды. Олардың 26-сы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен грамотамен марапатталды. Чугуев (Харьков облысынан келген әскери әуе училищесі) 1941 жылы Оңтүстік Қазақстанға (Шымкент, Жамбыл, Сайрам, Арыс, Сас-Төбе, Манкент) орналасты. 1942 жылдың қаңтарында училище 969, 1942 жылы 847, 1943 жылы 718, 1944 жылы 362, 1945 жылы 312 үшқыш даярлады. Соғыс жылдарында барлығы 3228 үшқыш-истребительді (жойғыш) оқытып шығарды. Серпухов әуе механиктерінің әскери мектебі Қызылордаға 1941 жылдың 21 қазанында кешіп келіп, соғыс жыддарында 4097 әуе мамандарын даярлады (оның 3937-сі үшқышжөне 160-ы әуемоторшылар).

1941 жьщдың 9-10 тамызывда Петропавловскіге Новгород облысынан өуемеханиктер даярлайтын әскери училищенің курсанттары мен командалық - оқытушылар үжымы келіп орналасты. Ол 1941-1944 жылдары 2400 әуемеханиктерін,

105

400 моторшыларды дайындап берді. 1941 жылдың қарашасынан 1946 жыддың шіддесіне дейін Оралда Одессаның әуеатқыштарын даярлайтын училищесі орналасты. Сол Орадды Ворошиловградтың әуеатқыштарын даярлайтын 22ші өскери әуе училищесі мекендеді. Ол соғыс жылдарында 1842 атқыш-радистер мен 298 әуе атқыштарын 350 радиотелеграфистер дайындады.

Алматыға Мәскеудін жоғарғы шекара мектебі мен Харьков шекара кавалериялық атты-әскер училищесі орналасты. Ол қазір коп салада әскери мамандар дайындайтын тәуелсіз Қазақстанның әскери институты болды.

Архив материаддары мен күнделікті баспасезде бұдан басқа да әскери оқу орындарының аты атадды. Солардың ішінде Баку жаяу әскер училищесі (Жамбыл), Моздактан келген үшқыштар және теңізшілер дайындайтын мектеп (Актобе), Одессаның барлаушы-үшқыштар мектебі (Қүлан, Луговое ст. Жамбыл облысы), 6~Воронежжәне 16-Харьков арнаулы әуе мектебі, НКВД өскерінің Ленин орденді Жоғарғы мектебі (Алматы), НКВД әскерлерінің Ленинфад әскери училищесі, Коммышенсклілік-танкілі, 2-Бердичевск жаяу әскер училищесі, Ленинградтың байланыс әскери училищесі 14Харьков артиллерия арнаулы мектебі, тағы басқа оқу орындары болды.

Жинастырылған деректерге жүгінсек, республикамызда 1941-1945 жылдары барлығы 27 әскери оқу орны болыпты. Соғыс жылдары бүл училищелерде 16000 офицер, 10,5 мың сержант оқып, 10000-нан аса түрлі мамандар дайындалып майданға аттандырыдды.

Жоғарыда дайындалған әскери мамандарға қоса Қазақ КСР-і майданға 14,952 запастағы офицерді жіберді. Бүл соғыстың басталған уақытында есепте түрғандардан 2 есе көп. Жалпы алғанда республика офицерлерінен (әскери оқу орындарын қоса есептегенде) соғыс жылдары 42439 адам майданға аттанды. Оның 8146-сы қазақ1.

Жазушы Илья Эренбург "Соғыс" деген атпен шығарылған жинақта қазақтар туралы екі мақала жариялады. Сол мақаланың 1942 жылы 18 қазанда жариялануында: "Бір неміс офицері маған мынадай бір әңгіме айтты, - дейді автор. — Сүмдық бір қорқынышты соддаттар бізге қарсы шабуылға шыкты, олар бораған оқты елемейді, бізді басып-жаншып отетіндей атой салып келе жатгы. Олардың қазақтар екенін

1 Аманжолов К.Р. Фашизмге қарсы күреске қазакстандықтар үлесі. Қазак тарихы. 1995, N2, 54-бет.

106

кейін естідім, өлемде мүндай халық бар екенін бүрын білмеуші едім", - депті.

И.Эренбург Ленинградты қорғаушы қазақтар жоніндегі 1942 жылғы ] 8 шілдедегі мақаласында: "Қазақтар далада жел жетпес жүйрік мініп дағдыланған. ол бірак кажет болса еңбектей да біледі, биік тауларга ормелеп те шығады. Саз батпаққа малшынып та жата береді. Оларды ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды", - деп жазады.

1941-1945 жылдары үрыс даласындағы қаһармандығы, батырлығы үшін марапатталғандардың ішінде 99 мың казақстандық бар. 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алған, оның 99-ы қазақ. Әлікбай Қосаев, Сүлтан Баймағамбетов, Нүркен Әбдіров, Мөншүк Мәметова, Әлия Молдғүлова, Қарсақбай Сыпатаев, Боран Нысанбаев, Толеген Тоқтаров, Бауыржан Момышүлы сияқты жолбарыс жүректі хас батырлардың аты аңызға айналды.

Үрыс даласындағы жеңіс тыддағы қажырлы еңбекпен шыңдалды. Миллиондаған жүмысшылар мен шаруалар фабриктер мен зауытгарда метадды, әскери техниканы еселеп берді, колхоздар мен совхоздарда бітік егін өсіріп, мал санын көбейтті, сөйтіп, майданды не керектің бөрімен жабдықтап отырды.

7. Қазакстандыктар Үлы Отан соғысына түбегейлі бетбүрыс жасаған Сталинград-Курск шайқасында(1942—1943ж.ж.).

Соғыстыңекіншікезеңі(1942жылдыңқарашасы— 1943 жылдың соңы). Бүл кезеңде партияның дана әскеритехникалық саясаты негізінде Совет Қарулы Күштері қаружарақтың жаңа үлгілерімен жабдықталып, СССР-дің әскери резерві кеңейе түсті. Совет жауынгерлері фашистік техникадан әлдеқайда басым түсетін жаңа советтік әскери техниканы меңгерді. Тек қана 1942 жылы 25 мыңнан астам самолет, 24 мыңнан астам танк, 57 мыңға жуық зеңбірек және 125 мыңнан астам миномет шығарылды. Совет тылы бүрынғысынан да нығая түсті. Фашистік Гремания мен оның одақтастары 1942 жылдың қарашасында совет-герман майданына барлық күштерін төкті. Мүнда дүшпанның 6.2 млн әскері, 71 мыңға жуық зеңбірек пен миномет, 6600 танк, 3500 самолет жөне 194 өскери кораблі болды. 1942 жылдың 19 қарашасы — 1943 жылдың 2 ақпанында екінші дүние жүзілік соғыста түбегейлі бетбүрыс жасаған ең ірі шайқас — совет әскерлерінің Сталинград түбіндегі қарсы шабуылы

107

болды. Ол 330 мың неміс-фашист тобын талқаңдап, 91 мың адамды қолға түсірумен аяқталды, гитлерлік комавдованиенің Әскери доктринасы толығымен күйреді. Сталинград шайқасы кезінде 2 неміс, 2 румын және 1 итальян армиясы талқандалып, 1,5 млн адамның көзі жойылды. Солтүстік Кавказ, Орталық Донда шабуыл операциялары басгалды. 1943 жылдың каңтарында Ленинград блокадасы бүзыдды. Советгерман майданындағы шығындардың орнын толтыру мақсатымен 1943 жылдың жазында Германия мен оның одақтастарыңда жаппай мобилизация бастадды. 1943 жьщдың 5 шілде

— 5 тамызы аралығында Курск шайқасы совет әскерлерінің тамаша жеңісімен аяқталды. Бүл айқас Қызыл Армияның Сталинград түбіңце болған жеңісін одан әрі бекіте түсті. Жаудың 30 дивизиясы (оның ішінде 7 танк дивизиясы), 500 мың әскері талқандалды. Сталинград және Курск шайқасындағы жеңістермен жігерленген совет өскерлері өскери инициативаны біржолата оз қолына алып, 6 қарашада Киевті азат етгі. Жау тылындағы партизандық күрес күшейді. Бүл кезеңде СССР фашистік Германиядан экономикалық және әскери жағынан басым түсті. Азат етілген жерлерде халық шаруашылығы қалпына келгіріле бастады. Совет қарулы Күштерінің дүние жүзіндеіі беделі артып, Европадағы Қарсыласу қозғалысы мен жау басып алған елдердегі астыртын топтар жүмысы өрістеді. СССР, АҚТТТ және Үлыбритания мемлекеті басшыларының соғыс қимылын бірлесіп жүргізу туралы Тегеран конференциясы (1943 жылы 28 қараша — 1 желтоқсан) өтті.

Сталинград шайқасы - Үлты Отан соғысының 1942 жылғы 17 шілдеден 1943 жылғы 2 ақпанына дейінгі аралыққа созылған соғыс тарихындағы ірі шайқастардың бірі. Ол Совет Армиясының Сталинград қорғанысы (17 шілде — 18 қараша 1942) операциясынан басталып, Сталинград қарсы шабуьшы ("Уран", 19-30 қараша 1942), Котельников қорғанысы (1223 желтоқсан 1942), Орталык, Дон қарсы шабуылы ("Малый сатурн", 16-31 желтоқсан 1942), Котелъников қарсы шабуылы (24-31 желтоқсан 1942) және қоршауға түскен жаудың топтасқан күшін жоюды көздеген қарсы шабуыл ("Кольцо", 10 қаңтар — 2 ақпан 1943) операцияларын қамтыды. Шайқас Үлы Отан соғысы мен бүкіл екінші дүние жүзілік соғыстың барысында түбегейлі бетбүрыс жасауға шешуші үлес қосқан Совет Армиясының ірі жеңісімен аяқталды.

Екінші дүние жүзілік соғыстың көрнекті оқиғаларының ішінде оның барысы мен нәтижесіне шешуші ықпал жасаған оқиға Сталинград шайқасы болды. Бүл Москва түбіндегі

108

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]