Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

азахстан тарихы II том

.pdf
Скачиваний:
246
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.92 Mб
Скачать

орденімен наградталды. Бұл оқиға панфиловшылардың жігерін тасытты.

"Правда" газеті панфиловшылар ерлігін жоғары бағалады. "Москваны қорғаушылардың ұлы эпопеясы, ерекше берік рухы, бұқара көрсеткен табандылық, туған жерді азат ету жолындағы мыңдаған адамдардың жан қиярлығы халқымыздың есінде мәңгі жасайды.

Халқымыз жаумен айқаста мерт болған генерал И.В.Панфиловтың ерлігін мәңгі есіңде сақтайды. Отанға шын берілгендіктің символы, адамның алып күшінің шыңы іспеттес ұрпақтан-үрпаққа даңқы өнеге болып қала беретін қасиетті есімдер бүкіл совет адамдарына паш етілсін. Олар танктермен арпалысып, тарихта тевдесі жоқ үрысқа қатысқан генерал Панфилов дивизиясының 28 гвардияшылары. Бүл қаһармавдар ондаған неміс танкілері анталаған шегггі қорғады. Гвардияшылар жаудың 18 танкісін қиратып1, өздері де осы үрыста ерлікпен мерт болды, бірақ бір адым да шегінген жоқ. Осы ерлердің ішінде орыстар, украиндар мен қазактар бар — бүл Совет Одағы халықтары достығының айқын көрінісі..."2.

Неміс фашистері 312 атқыштар дивизиясының жауынгерлерінің тегеурінді соққысына тап болды, аскактаған арынын басты, шабуылын лажсыз тоқтатты. Москвадан 80 шақырым жердегі Нарва озені бойында 312 дивизияның жауынгерлері жау шабуылына берік тосқауыл қүрды.

Бес айға созылған ауыр үрыстың барысында гитлершілердің "жай оғындай" соғысы жоспарын бүзып, Қызыл Армия шабуыл қимылдарының инициативасын өз қолына адды. 1941 жылдың қараша-желтоқсанында совет әскерлері Дондағы Ростов және Тихвин аудандарывда фашист әскерлерін үлкен жеңіліске үшыратты. 6 желтоқсанда Қызыл Армия Москва түбінде тікелей шабуылға шықты және ірі жеңіске жетті. Даңқты совет өскерлері 11 мыңнан астам қалалар мен деревняларды азат етгі. Калинин және Калуга облыстарының орталықтарын азат етіп, Тулаға төнген қауіпті жойды. Жау Москвадан 100-200 км жерге шегіңдіріліп тастадды. "Центр" армиясының қүрамы орасан шығынға үшырады. Дүшпан өлідей, жаралай 300 мывдай адамынан, кептеген қару-жарағы мен әскери техникасынан айрыдды3.

1 Совет Одағының қазақстандық батырлары. 1-том, Алматы: Қазақстан, 1969, 38-бет.

2Лсниншіл жас. 1971, 8 май.

3Аманжолов К.Р. Шайқаста шындалған достық. Алма-Ата: Мектеп, 1985, 23-бет.

89

Әр түрлі үлттардың ондаған мың жауынгерлері, командирлері және саяси қызметкерлері Совет Одағының ордендерімен және медалвдарымен наградтадды,2 миллионнан астам адам "Москваны қорғағаны үшін" медалын алды. Ерекше көзге түскен 110 жауынгерге Совет Одағының Батыры атағы берілді. Олардың ішііаде орыстар В.В.Талалихин, ВА.Зайцев, В.Г.Клочков, украиндер А.А.Бондаренко және Д.ФЛавриенко, белорус Л.М.Доватор, қазақ Н.Есеболатов, қырғыз Д.Шопоков және тағы басқалар бар.

Москва түбіндегі жеңіс соғыс барысында түбегейлі бетбүрыстың бастамасы болды. Бүл жеңіс Совет Одағының фашизмге қарсы соғыста сөзсіз жеңіске жететіндігін көрсетіп берді.

Гитлер сәтсіздіктің бар кінәсын, бар жауапкершілігін өз генералдарына аударуға асықты. 19 желтоқсанда ол қүрлықтағы өскерлердің бас командашысы фельдмаршал Броухичты орнынан алып, бүл орынға өзі отырды. Неміс-фашист әскерлерінің жоғарғы командалық қүрамында өзгерістер жүргізілді.

Совет Армиясының Москва түбіндегі жеңісінің үлкен халықаралық маңызы болды. Ол антигитлерлік коалицияның топтаса түсуінде орасан зор роль атқарды, гитлерлік "жаңа тортіптің" бүғауына түскен Европа х&чкының белсенділігін арттырды. Ағылшын тарихшысы Ч.Фуллер Москваны алу жоспарының сәтсіздікке үшырауын "Германияның стратегаялық үлкен жеңілісі"1 деп атады.

4. Қазақстан біртұтас соғыс лагерінің қүрамдас бөлігі (маусым 1941 — 1942)

Қазақстан еңбекшілері де, көп үлтгы совет халқымен бірге "Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!" дейтін үранмен майданға атгавды. Сөйтіп, совет халқы агрессормен соғысушы халыққа айналды. Сын сағаты соққан сәтте Совет Қарулы Күштерінің қатарьша 20 млн-нан астам адам алынды. Совет Армиясы жауынгерлерінің негізін орыс халқының екілдері қалады. Олармен жауынгерлік бір сапта 4,5 млн украиндер, 1 млн белорустар, 3 млн-ға жуық Қазақстан мен Одақтас Орта Азия республикаларының үл-қыздары болды. Совет Армиясы қатарына тек Қазақстаннан ғана 1 млн 200 мың адам шақырылды. 1941-1942 жыддары 80-нен астам дивизия

1 Ашнжолов К.Р. Шайкаста шыіиалған достық. Алма-Ата: Мектеп, 1985, 24-бет.

90

мен бригада Азербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Эстония, Тәжікістан, Түрікменстан және Өзбекстаннан шақырылған адамдардан жасақталды. Қазақставдықтар қүрамының үштен екісі (82500 коммунист) және республикалык комсомол үйымының 250 мын ВЛКСМ мүшесі Үлы Отан соғысы майдандарыңдағы үрысқа қатысты.

1942 жыл - Үлы Отан соғысы шежіресінде алар орны ерекше жыл. Халық шаруашылығы Отан соғысының талабына сай қайта қүрылып, қалыптасқан соғыс экономикасы майдан мүқтажын етеуге жүмдырылды. Күш-қуаты еселеп өсе түскен совет тыльшың қүрамды бөлігі Қазақстан да сан алуан табиғат байлығын, халқының патриоттық жігерін майданға, жеңіс жолына сарп етті. Бүл жылы республикаға еліміздің Батыс облыстарынан көшіріліп әкелінген кәсіпорындар қалпына келтірілді. Жаңадан салынған 25 рудник пен шахта, 11 кен байыту фабрикасы, 430 млүнай қүбыры іске қосылды. Ақтөбе ферросплав, Қарағавды металлургия заводы, Үлкен Пешной

— Ширина — Гурьев — Орск мүнай қүбыры қүрылысы жедел жүргізілді. Ақмола - Қарталы темір жол іске қосылды. Қарағанды көміршілері, Ембі мүнайшылары, Балқаштың, Лениногордың жөне Шымкенттің металлургтары, Қоңырат пен Ащысайдың кеншілері, Қазақстан еңбекшілері сталинградтықтарға қолдарынан келген көмектерін аяған жоқ. Республикада жасакталған әрбір үшінші әскери қүрама қаһарман қаланы қорғады. Еңбекшілердің қатысуымен 6 қорғаныс шебі, көптеген әскери аэродромдар салынды, Батыс облыстарда 20-дан астам эвакогоспитальдар, 120 әскери қүрама, оларды жабдықтайтын көмекші бөлімдер орналасты. Танк, самолет, зеңбірек сияқты соғыс техникаларын жөндейтін базалар іске қосылды. Ембі мүнайынан алынған жанар май толтырылған самолеттер жауды бомбалады. Каспий мен Аралдан балықшылары еңбек өнімділігін артгыра түсті. Өнімді артгыру мақсатында Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қарағанды көмір бассейніне, Ембіге, Балқаш мьгс заводына үлкен көмек көрсетті. 1942 жылы Қазақстанның Батыс аудандарының өміріндегі ерекше жыл еді. Сталинградтан басталған соғыс өрті онымен 500 шақырымдай шекаралас Гурьев, Батыс Қазақстан облыстарын шарпыды. Рязань — Урал темір жолының Жәнібек, Сайқын — Шонай станцияларына да соғыс қаупі төңці. 1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте облыстық Соғыс Қорғаныс Комитеті қүрылды. Осы жылы 15 қыркүйекте облыс соғыс жағдайында деп жарияланды. 1942 жылы 16 қарашада Сталинград соғыс Советі Орал қаласын майдан аймағына кіргізді. Ол әуе қорғанысы

91

пунктіне айналды. Міне, осылай республиканың батысы Сталинград майданының ең жақын тылы болды, ал кейбір аудандары соғыс шебіне айналды. Соғыс темір жолшыларға ауыр салмақ түсірді. Батыстан лек-легімен көшкен совет семьяларын, өнеркәсіп жабдықтарын толассыз тасу керек болды. Сонымен қатар майдавдағы әскери эшелондарды, қаружарақ, азық-түлік, шикізаттарды өнеркөсіп орталықтарына кідіріссіз жеткізу міндеті алға койылды. Көптеген маман паровоз машинистері майданға кетті. Тылда қалған темір жолшылар еліміздің атақты машинисі Николай Луниннің жүмыс әдісіне көшті. Мындаған машинистер мен олардың көмекшілері, кочегарлар паровоздарды жөндеуге түрғызбастан 100 мың шақырым жол жүруді міндеттеріне адды.

Жамбыл депосының машинисі Сыздық Өтеповтың бастамасы бойынша ауыр составтарды бір паровозбен жүргізу әдетке айналды. Қазақстан темір жолшылары соғыс қажетіне сай жүмысты қайта қүрып, ерлік еңбекгің үлгілерін көрсетті. Түрксіб темір жол бойынша шаруашылық жүктерін тасу 1942 жылы еткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Қарағанды темір жолы 1942 жылы қорғаныс өнеркәсібіне көмірді 1940 жылмен салыстырғанда 1,4 млн тонна көп жеткізді. Орал теіржолшылары Сталинград түбіндегі шайқас кезінде тәулігіне 18-19 жүп поезд өткізді (соғысқа дейін 4-5 жүп) болатын. Республикада ет, сүт, май, жүн т.б. да өнімдер өндіру молайтылды. Тек 1942 жылды 1941 жылмен салыстырғанда ет және сүт өнімдері 4 млн. пүтқа артты. Мал санын кебейтіп, одан алынатын өнімдерді арттырудағы еңбек жоғары бағаланып, республика Мемлекет Қорғаныс Комитетінің Ауыспалы Қызыл туына ие болды. "Жауды қиратып, жеңіске жетеміз!" — деген бүкіл халықтык үран еңбекшілердің күвделікті қайтпас жігерінен, қаһармандық ерлігінен көрініп отырды. Халық жанын да, малын да, жүрегінен шыққан жалын патриотгық сөзін де Отан қорғауға бағыштады. Байтақ еліміз осылай соғыс лагеріне айналды. Қазақстан да берік қамаддың бірі болды. Жауға аттанған халық қаһары мен тылдағы еңбек серпіні міне осылайша үштасып жатты. Отан әмірі, партия үраны, халықтың игі тілегі мен кджырлы еңбегі жеңіс арнасына қүйылып жатты. Қысылтаяң кезенде майдан мен тыл берік қамалға айналды. Экономика саласында Жеңіс программасы совет қоғамының жоспарлы артықшылығына, саяси моральдық бірлігіне сүйеніп, барлық материалдық, адам ресурстары соғысқа байланысты қайта қүрылып, бір жүйеге түскен соғыс экономикасы жасалыңды. Шығыс аудандардың, соның ішінде Қазақстанның дамуы тездетілді, экономикалық

92

күш-қуаты арттырылды. ҚазССР-і өнеркәсібінің дамуына 1941-1945 жылы 3,6 млрд сом қаражат жүмсалды, бүл соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда ендірістік қор 2 есеге жуық өсті деген сөз. Отан қорғау мақсатындағы көптеген өнеркәсіп орындары екпінді қарқынмен салывды. Соғыс жылдары кемір қазу колемі 1,7 есе, электр энергиясын ондіру 2 есе артты. Одақ бойынша қорытылған мыс, марганец т.б. түсті металдар өндірудің едәуір бөлігі Қазақстан еншісіне тиді. "Кез келген қаруда, кез келген жауынгерлік машинада — танк пен сүңгуір қайықта, самолет пен эсминецте Қазақстан металы болды. Майданды біздің мүнайымыз да жабдықтап түрды. Қазақстандық конвейерден жауынгерлік техниканың, қару-жарақ пен оқ-дәрінің алуан түрлері шығарылды. Біздің қуатты тылымыздың дәл соққыларының күшін жау бірден-ақ сезді"1.

Соғыс жылында ҚазССР-і еліміздің шикізат және азықтүлік базасының бірі бодды. Мысалы, малшылар соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда етті 4 есе көп тапсырды. Республикада соғыс барысында мемлекетке 360 млн пүтқа жуық астық, 175 мың тонна көкөніс, 240 мың тоннадан астам картоп, 1 млн 142 мың тонна сүт тапсырды. Мақташылар мен тоқымашылар 7 млн жауынгерді толық киіндіруге жететін молшерде мақта өсіріп, мата тоқыды. Совет халқының саркылмас күш-жігерінен творчестволық нәр алған коммунистер "Екі, үш адам үшін еңбек етейік!" дейтін үран тастады. Шымкент қорғасын заводындағы 200 жүмысшының майдандық бригада, смена атағын жеңіп алу жолындағы инициативалары игі бастамаға негіз болды. Еңбекшілердің социалистік жарысы жаңа сипат алды. Мүндай серпілісті еңбекшілер "Майдан вахтасы" деп атады. 1942 жылдың көктемінде тыл қаһармандарының қажырлы еңбектері Бүкіл одақтық социалистік жарысқа үласты. Мысалы, Лениногор кеншісі, коммунист Г.Хайдин 1 сменада революциядан бүрынғы Риддердің барлық рудниктері беретін кен ондірді. Жезқазғандық атақты кенші, ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты Ахметқали Сафин 1 сменада 1,5 айдың нормасын орындады. 1941 жылдың аяғында тек қана Петропавл қаласында 2 норма орындаушы жастар саны 5000-нан асты. Соғыстың алғашкы жылында Бүкіл одақтық социалистік жарысқа қосылған Қүлсары мүнайшылары, Балқаштың мыс қорытушылары, Жезқазған мен Успен мыс рудниктері, Петропавл ет комбинаты, Алматы темекі фабрикасы Отан

1 Қонаев Д.А. Таңдамалы сөздер мен мақалалар. Алма-Ата, 1978, 318-

бет.

93

қорғау Комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Кең байтақ Отанымыз қүрыштай берік соғыс лагеріне осылайша айналды. Көлемі мен алатын орны жағынан Қазақстан осы лагерьдің маңызы күшті арсеналының бірі болды. Ол көмірдің, мүнайдьщ, түсті жөне сирек кездесетін метаддардың қоймасына, маржандай астықтың, күріштің, алтын мақтаның, биязы жүн мен семіз еттің, сары майдың сарқылмас қазынасына айналды. Сын сағаты соққан кездегі еңбек вахтасының көш бастаушылары, социалистік қүрылыстың ардагерлері — Шығанақ Берсиев, Ыбырай Жақаев, Зағи Абакова, Прасковья Ангелина, Салиха Оңғарбаева, Түсіп Күзембаев, Рамазан Есқараев, Александр Орлов болды. Еліміздің соғыс барысындағы күш-қуатын арттыруға Қазақстан жүмысшы табының жас толқыны да білек сыбана араласты.

Бүл жылдарда Қазақстан фашистік жауыздар баспанасын өртеген және талқавдаған миллиондаған совет адамдарының туған үйіне айналды. "Бізді бейне бір аға-інісі және апақарындастарындай қабылдады", - деп сол бір қиын-қыстац кезді есіне алды П.Н.Ангелина. "Тың"кітабында Л.И.Брежнев өз семьясына қамқоршы болып, баспанасын бөліскен "мейірбанды қазақ семьясына рахмет айтып", алғысқа толы көңіл қошын біддірді. Украинаның, Москва мен Ленинградтың т.б. қалалардың өндіріс орындарынан келген 50 мыңнан астам жүмысшы Қазақстан өндірісін тьш қамалына айналдыруға ат салысты. Уралдың, Сібірдің, Орталык. Россияның қорғаныс кәсіпорындарында қазақстандық 200 мың жүмысшы кәсіби шеберліктерін үштап, интернационализм мектебінен өтті. Қазақстан Орел, Калининград, Москва облыстарына, Ленинград пен Донбасстың көптеген аудандарына, қалаларына қамқорлық көмек көрсетті. 1943 жылдың 6 ақпандағы "Правда" газеті бас мақаласында атап көрсетілгендей: "Қазақстан өз жерінің барлык байлығымен, оз тауларының асыл қазыналарымен майданды қуатты діңгектей тіреп түрды"1. Совет халқы Үлы Отан соғысында жеңіске жетіп, Октябрьдің жемістерін корғап қалды. Ленин партиясы ғажайып жеңістің стратегі болды. Осы кезеңде Қазақстан Коммунистік партиясы өсіп, вдеялық жағынан шыңцалды, үйымдық жағынан нығайып, партиямыздың Орталық Комитетінін төңірегіне бүрынғыдан да топтаса түсті.

Соғыс жылдарында оның қатары 130 мың адаммен толықты. СССР-дің фашизмді талқандауы совет халқының

Правда. 1943, 6 акпан.

94

моральдық-саяси бірлігінің, социалистік интернационализм

принциптерініңжеңісі. Бүл адамзат алдынантарихи процестің тағы бір көкжиегін ашты.

** 5. Ленинград үшін шайқасқан

қазақстандықтардың ерліктері

Ленинград қаласын қорғау Үлы Отан соғысының тарихынан айырықша орын алады. Жау Ленин қаласына бір миллионнан астам адамнан түратын күшпен шабуыл жасады, оларда 17 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 1500-дей танк және 2 мың самолет болды1.

Ленинград түбіндегі шайқас 900 тоулікке созылды, ақырында фашистік Германияның армиясы мен Финляндия агрессорлары жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды. Ленинградқа тура шабуыл 1941 жылғы 10 шілдеде басталды. Немісфашистерінің 714 мың солдаты мен офицері калаға анталай үмтылды. Сол күннен бастап басқыншылар 90 төулік бойы қалаға толассыз шабуыл жасады. Озбыр жау 1941 жылдың кыркүйек-қараша айларыңда калаға 64930 ертегіш, 3055 фугас бомба тастап, 30154 снаряд атты2.

Ленинградтықтар революция бесігін берік қамалға айналдырды. Жау қаншама жанталасса да, қүрыштай берік қорғаныс шебін ала алмады. Аласүрған жау алғы шепті бүзған күнде де қаланың ішіне кіре алмас еді. Өйткені қала алдын ала арнаулы бірнеше қорғаныс аймақтарына, 110 қорғаныс торабына бөлініп, оларда 570 зеңбірек бекінісі салынып, 3600 пулемет, 17 мың жеке атыс үясы жасалғанды.

Ленинградты айнала қоршаған қамалдың алғы шебінде жауынгерлер шапқыншыларды сынық сүйем ілтері бастырмай түрса, қаланың ішінде еріктілерден күрылған ширек миллионға жуық халық жасақтары күні-түні қаланың аспанын, халықтың тыныштығын ерлікпен күзетті. Шынында, бүл тамаша ерен ерлік болатын. Өйткені қоршауда қалған Ленин қаласында әйелдер атқарған істерді айтсак, аңыздай болар еді. Тойьш тамақ ішпегендеріне, бел шешіп дем алмағандарына карамастан, олар қақаған аязда, қарлы бүрқасында бомбадан қираған үйлерді аршып, жаралыларға жәрдем берді, өрт сондірді, жаудың әуе шабуылын тойтарды. Ал жеңіс үшін өкесі мен ағасының, жары мен жолдасының

1

Битва за Ленинград, 1941-1944. М., 1964, с. 19-20.

2

БСЭ. 14-том, 312-313-бетгер.

95

орнын басып, заводтарда оқ құйып, снаряд жасаған, танк жөвдеп, зеңбірек құрастырған әйелдер қаншама! Ленинград 900 күн бойы қоршауда түрды. Қаланың жүздеген түрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым кепшілігі алғашқы ең ауыр ашаршылық күндерінде жвне коршаудағы суық қыс кезінде кез жүмды.

Қызыл Армияның Ленинградты қорғаудағы ерлігі Үлы Отан соғысында фашистік Германияны талқандауда үлкен роль атқарды. Өйткені Ленинградты тікелей шабуылмен ала алмайтынына көзі жеткен неміс-фашист комавдованиесі оны қорғаушыларды аштан қырамыз, алыстан атқылап, тынымсыз бомба жаудырып, жігерін қүм қыламыз деп ойлады. Сөйтіп үзаққа созылған қоршау басталды. Халықтың қолдауымен жауынгерлер мен кала түрғындары кескілескен шайқас пен ауыр еңбек үстінде қаланы жанқиярлықпен қорғады. Олар ауыр жағдай мен аштык, азабын табандылықпен жеңіп отырды. Осындай қиян-қыстау күн таяп, Ленин қаласына қара бүлт төнген кезде ленинградтықтарға Қазақстанда жасақталған 310, 314 атқыштар дивизиясы көмекхе барды.

1)310-атқыштардивизиясы

1941 жылдың тамызында майдан шебіне қарай жол тартқан қүрамалардың бірі - қазақстандық 310-атқыштар дивизиясы еді.

Бүл шақ неміс-фашист өскерлері "Солтүстік" армия тобының Ленинградқа шабуыл жасап, оны қоршауға алу әрекетін жүргізіп жатқан кезі болатын. Гитлер командованиесінің "Барбаросса" жоспары бойьшша жүргізілген жазғы стратегиялық операциясы сөтсіз аяқталды, сөйтіп жаз айларында-ақ Ленинград пен Москваны басып алып, оларды жермен-жексен ету керек деген Гитлердің бүйрығы орындалмады. Жау әскерлері Қызыл Армияның мықты қарсылығына тап болып, Москва мен Ленинградтың шалғай шептерінде үлкен шығынға үышарды. Жоғарғы Бас Комаңцованиенің Ставкасы Москва мен Ленинград бағытын жаңа резервтермен толықтырып, жауға қарсы соққыны үдете түсті. Міне, осындай резервтер қатарындағы 310-атқыштар дивизиясы маусым-тамыз айларында Ақмола (қазіргі Астана) қаласында жасақталып, жауынгерлері қысқа мерзімді әскери дайындықтан өтті. Оның қатарына Ақмола маңының түрғындарынан басқа Қостанай, Қарағанды облыстарының

1 Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза (1941-1945). Алма-Ата, 1964. Т.1. "Солем саған майданнан Қазақстан". Алма-Ата, 1975, документті жинақтарда жарияланған.

96

еңбекшілері болды. Дивизияның командирлігіне полковник Н.М.Замировский, коммиссарлығына С.И.Шаманин, штаб бастықығы болып полковник М.И.Кружков тағайывдалды'.

310-дивизия құрамының 40 проценті - қазақтар, 30 проценті — орыстар, 25 проценті — украиндер, ал қалғандары басқа ұлт окілдері болды. Олардың 30 ароценті - жұмысшылар, 60 проценті - колхозшылар, 10 проценті — интеллигенция еді. Дивизияның командалық қүрамының 15 проценттен астамы коммунистер мен комсомолдар бодды2.

1941 жылғы 18 тамызда 310-дивизияның алғашқы болімдері майданға жол тартгы. Акдіоладан (қазіргі Астана) атганған бүл эшелондар 28 тамызда Тихвин қаласына келіп, онда дивизия Ленинград майданы әскерлерінің қүрамына қосылды.

Қару-жарақтармен толық жабдықталғаннан кейін 310дивизия 1941 жылғы 9 кыркүйектен бастап Ленинград, Волхов және Карель майданыньщ түрлі учаскелерінде шайқастарға қатысты. 1941 жылғы қазанның аяғына дейін дивизия 54армияның басқа да қүрамаларымен бірге қаһарман қаланың блокадасын бүзып өтуге үмтылды. Ал жау қоршаудың екінші шеңберін түйықтау үшін Волхов өзенінің орта ағысынан Тихвин қаласына қарай шабуылға шыққан кезде 310-дивизия жедел түрде осында жіберілді. Дивизия мен оған көрші қүрама көп шығынға үшыраса да, Кириши ауданындағы Пчевжа селосы түбінде жаудың шабуылына бір апта бойы төтеп берді. Бүл аптаны біздің командование жаңа күштер жеткізу, сөйтіп жаудың жоспарын бір жолата іске асыртпай тастау үшін пайдалаңцы. Аса маңызды торап — Волхов қаласы біздің қолымызда түрды3.

Неміс басқыншылары өлермендіктен үнемі алға үмтылып, қысқы суық түскенше қайткен күнде де Ладога көліне жетуді көздеді және солтүстіктен шабуыл жасап келе жатқан фин өскерлерімен қосылуды көздеді.

Волхов каласы үшін жау айдан астам арпалыса үрыс жүргізгенімен одан ешбір нәтиже шығара алған жоқ.

Ленинград майданындағы дивизия бөлімдерінің көрсеткен ерлік істері жайлы Совет информбюросының 1941 жылғы 23 қараша күні берген хабарында былай делінді: "Ленинград

 

1

Белан

П.С. Казахстанцы в боях за Ленинград. Алма-Ата, 1973, с.

66-67.

 

 

2

Балақаев Т., Алдажуманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан

к.ызметінде

(1941-1945), 66-67 бетгер.

 

3

Қазак ССР тарихы, 5-том, 104-бет.

7

14Х

 

97

майданы учаскелершің бірінде қимыл жасаған Замировский жолдастың белімі екі ай бойы жүргізген үрыстың нәтижесіңде, толық емес мәлімет бойынша, 3000-нан астам немістің соддаты мен офицерін жер жастандырды. Екі айдың ішінде Замировский жоддастың жауынгерлері 11 неміс танкін, екі қаружарак. қоймаеын, екі самолетін жойды, сонымен бірге жаудың 9 зеңбірегін, 22 минометін, 26 станокты жөне 104 қол пулеметін, үш полкінің туын, коптеген винтовкаларды, снарядтарды, автоматтарды, мина мен патрондарды колға түсірді"1.

Совет әскерлерінің Тихвин түбіндегі шабуылында 310дивизияның бөлімдері маңызды роль атқарды. Бүл қүрама 1941 жылғы 19 желтоқсанда Сорокина, Бор, Усадище деген едді пунктердің маңайындағы дүшпанның қарсыласу торабын басып алып, Тихвин-Волховстрой темір жолының соңғы учаскесін гитлершілерден тазартты. Совет әскерлерінің бүл ойдағыдай шабуыл жүргізуі фашистердің Ленинградты толық қоршап алмак болған үмітін күл етті.

Ленинград пен Новгород түбіндегі фашистердің қорғаныс шебін бүзуға қатысқан казақтың батыр үлдарының бірі, ротаның партия үйымдастырушы, аға сержант Сүлтан Баймағамбетов Александр Матросовтың ерлігін қайталап, оқ шашьш тұрған дзоттың амбразурасын оз денесімен жашы. Оған Совет Одағының Батыры атағы берілді.

Дивизия 3 жыл бойы Ленинград, Волхов, Карель майданында үрыс жүргізіп, Ленинградтың оңтүстік және солтүстік-шығыс бөлігін толық тазартуға қатысты.

Волхов майданында шабуылға шыққан әскерлердің қүрамында 310-дивизия да болды. Екі күн бойы жүрген кескілескен үрыстан кейін дивизия бөлімдері дүшпанның шебін бүзып өтті. Сөйтіп 1944 жылғы 20 қаңтар күні Новгород қаласын азат етті. Осы үрыстардағы ерлігі үшін қүрама Ленин орденімен наградталды. Қала түрғындарының өтініші бойынша казақстандықтарға "Новгород дивизиясы" деген қүрметті атақ берілді.

1944 жылдың жаз айларында дивизия Карелияны жаудан азат етіп, 1945 жылдың ақпанында жаудың Померания тобын талкандауға қатысты, сондай-ақ Польшаны фашистерден тазартып, Берлин бағытында жаппай шабуыл жасап бара жатқан совет өскерлерінің оң қанатында болды. Ақырында қүрама озінің жауынгерлік жолын Балтық теңізіндегі Узедом аралында аяктады.

Белан П.С. Казахстанцы в боях за Ленинград, с.80.

98

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]