- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Өндірістік улардың организмге әсері
Қандай да болмасын зиянды заттың тигізетін әсеріне организмнің қайтаратын жауабын организм мен у арасындағы өзара қатынастың нәтижесі деп қарастыру керек.
Өнеркәсіптік улар организмге әр түрлі және күрделі әсерлерін тигізе отырып, жалпы патологияларда белгілі: қабыну, дистрофиялық өзгерістер, аллергия, қызба, қатерлі ісік процестері, ұрық дамуының бұзылуы сияқты патологиялық процестерді тудырады (А.А. Летавет, 1973).
Организмде әр түрлі патологиялық процестердің дамуы көбінесе эндогенді және экзогенді химиялық заттар арасындағы бәсекелік қатынастарға баайланысты.
Экзогенді заттарды алмастыра немесе оларды табиғи қоспалар құрамынан ығыстыра отырып, бәсекелес экзогенді заттар биохимиялық реакциялардың қалыпты жүруін бұзады. Бұл жағдай клеткалар, тіндер, мүшелер мен бүтіндей организмнің құрылымдары мен қызметіне міндетті түрде әсерін тигізеді.
Мұндай өзара қатынастар өнеркәсіптік улардың тек жергілікті әсерінен ғана емес сонымен қатар, олардың организмнің ішкі ортасына түсуі нәтижесінде де байқалады.
Химиялық заттардың әсеріне организмның қайтаратын патологиялық реакциясының ең көп тараған және жақсы белгілі түрі қабыну процесі.
Қабыну процестерінің қарқындылығы химиялық заттардың белсенділігі мен қоспалардың физикалық-химиялық қасиетіне және басқа да факторларға тәуелді болады.
Аталған факторларға байланысты қабыну процесі кезінде альтерация, экссудация немесе пролиферация сияқты оның компоненттерінің бірі болмаса, бірі айқын байқалады.
Суда және майларда жақсы еритін, реакция түсу қабілеті айқын заттар (күшті қышқылдар, тотықтар, ауыр металдардың тұздары, хлор) тікелей жанасу нүктелеріне демек теріге, көздің кілегей қабығына, жоғарғы тыныс алу жолдарына, ас қорыту жолдарына әсерін тигізеді.
Көптеген жоғары белсенді химиялық агенттер тіндерде альтеративті – некрозды өзгерістері басым жедел қабыну процесін тудырады. Тері мен көздің қабығының некрозы фенол, нафтол, әк, кальций карбиді сияқты жоғарғы тітіркендіргіш қасиеті бар өнеркәсіптік улардың әсерінен болады. Хром және никел тұздары мұрын мен мұрын қуысы іргелерінің қабықтарын едәуір жарақаттайды.
Қабыну процестері зиянды заттардың тіндерге тікелей әсерінен ғана болмай, олардың тіндерде орналасқан рецепторларға, оның ішінде тамыр жүйелерінің хеморецепторларына рефлекторлық әсерінің салдарынан дамитынын ескерген жөн.
Мысалы: қорғасын, кобальт, мырыш, никель, мыс сияқты бірқатар металдардың ауада тез тотығатын буларымен демалған кезде, дене температурасының тез көтерілуіне соқтыратын қарапайым жұқпалы емес қызбаны байқауға болады (құю қызбасы).
Құю қызбасының механизмі металл қышқылдарының жоғары дисперсиялық буларының тыныс алу жолдарына тереңдеп түсіп, ондағы тін белоктарын жеңіл денатурациялауымен түсіндіріледі.
Құю лихородкасы организмге феналин, бетатетрагидронафтиламин немесе фенилгидразин сияқты ОНЖ-нің және термореттеу орталықтарының тікелей бұзылуын тудыратын химиялық заттардың түсуінен болуы мүмкін.
Тері қабатына тікелей түскенде немесе ішкі ортаға өткеннен кейін у барлық тіндерге (протоплазмалық улар, есірткілер) немесе олардың тек кейбіреулеріне ғана әсерін тигізеді. Соңғы жағдайда удың таңдаулы әсер етуі немесе тиімді әсері жайында айтып отырмыз.
Таңдаулы әсер ету – удың әртүрлі қасиеттеріне байланысты. Мысалы: майда, липоидтарда ерігіштігінің әртүрлі болуында.
Бір удың түсу жолдарына, дозасына, организмнің күйіне байланысты әртүрлі
таңдаулы әсерлері болуы мүмкін.
Олардың мүшелерге немесе мүшелер жүйесіне таңдаулы әсері әртүрлі кәсіптік интоксикациялардың өздеріне тән клиникалық өзгерістердің сипатын анықтайды.
Интоксикацияның қандай түрі болмасын, орталық нерв жүйесінің қызметіне, оның жоғары бөлімі – ми қабығына міндетті түрде әсерін тигізеді. Оған қарамастан, көптеген химиялық заттар ішінен ОНЖ-не таңдаулы әсерін тигізетін агенттер тобын бөліп алуға болады.
Орталық нерв жүйесіне тигізетін бірнеше дүркін әсерлерінің бағытына байланысты уларды 4 түрге бөлуге болады:
Арнайы емес (электролиттік емес, есіртпелі) әсер. Көптеген органикалық ерітінділердің есіртпе әсерлері олардың нерв клеткаларына жеңіл еніп, парабиоз тудыру мүмкіндігіне байланысты.
Нерв клеткаларын арнайы зақымдау. Бұл удың биологиялық субстратпен өзара химиялық қатынасқа түсуіне негізделген (күкіртті көміртегі, қорғасын, тетраэтилқорғасын, сынап, фторацетат, метил спирті).
Медиаторлық (немесе ацетилхолиндік) алмасуды арнайы бөгеу. Бұл фосфор қоспаларымен, оның ішінде негізінен фосфорорганикалық қоспалармен нейроинтоксикациясына негізделген.
Жергілікті немесе жалпы қан айналымының бұзылуымен немесе гипоксия күйімен байланысты екінші дүркін әсер. Нерв тіндеріне тасымалданатын оттегінің азаюын тудырып, өкпедегі газ алмасуды бұзатын улар. Оларға тұншықтырғыш, тітіркендіргіш әсерлі улар жатады.
Көптеген нейротропты улардың қайталанған әсеріне организмнің негізгі реакциясы ретінде вегетативті – тамырлы дистонияны атаймыз. Интоксикацияның бастапқы кезеңдерінде ол вегетативтік жүйенің, көбінесе симпатикалық бөлігінің қозғыштығының жоғарылауын куәлайтын симптом ретінде айқындалады; қан тамыры соғысының тұрақсыздығы, қызыл демографизм, қалқанша безінің гиперфункциясы. Уларды ұзақ уақыт әсер ету кезіндегі астеновегативтік синдромға қажығыштық, ұйқышылдық тән. Уланудың бұдан да айқын түрлерінде астено-органикалық синдром мен энцефалопатия дамиды. Бұларға: мидың діңгекті бөлімдерінің, оптиковестибулярлық кешенінің зақымдануы, бас ауруы, эмоционалдық тұрақсыздық сияқты өзгерістер тән.
Нейрогуморальды вегетативті – қан тамырлары қызметтерін реттеу механизімдерінің координациясының, эндокриндік және алмасу процестерінің бұзылуымен жалғасатын аралық мидың зақымдануы тетраэтилқорғасынмен, сынаппен, хлорланған көмірсутегімен, бензолмен, цианидпен ауыр улану себебінен туады. Ал марганецпен, күкіртті сутекпен, көміртегі тотығымен уланған кезде экстрапирамидалық синдром дамып, паркинсон сырқаты пайда болады.
Қорғасын, мыс, бромэтил, мышьяк, талимен уланған кезде невриттер мен полиневриттер байқалады, нервтер бойында ауыру сезініп сал және жартылай салдану туындайды.
