- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Өнеркәсіптік токсикология әдістері
Заттардың ағзаға ықпалынан 2 түрлі: арнайы және жалпы уытты әсерлер айқындалады.
Оларды анықтау үшін қолданылатын әдістер де шартты түрде арнайы және арнайы емес деп 2-ге бөлінеді. Арнайы түрі өнеркәсіптік токсикологияда интегралды деген атауға ие болды.
Интегралдық көрсеткіштерге мысал ретінде орталық нерв жүйесінің функционалдық жағдайын келтіруге болады. Тура және кері байланыстары бола отырып, орталық нерв жүйесі организмнің қандай нүктесіне болмасын және қандай фактор әсер етпесін (егер аталған фактордың күші жеткілікті болса) оған міндетті түрде функционалдық күйін өзгерту арқылы реакция береді.
Интегралды көрсеткіштер қатарына: шартты рефлекстер әдісін, орталық нерв жүйесінің шектік импульстарды жинақтау (суммация) қабілетін, яғни суммациялық шектік көрсеткішті (СШК) анықтауды, бұлшық ет күші мен оттегін тұтыну көлемін өлшеу әдістері мен жануарлардың дене салмағы, денесінің температурасы, т.б. деректерді жатқызуға болады.
Бұлардың қатарына организмге өте жоғары талаптар қоя отырып, организмдегі жасырын өзгерістерді айқындауға мүмкіндік беретін, функционалдық сынамаларды жатқызуға болады.
Бұл сынамалардың ішінде: жануарлардың жүзу ұзақтығы, центрифугаларда қысқа уақыт айналдырғаннан кейін тышқандардың түзу сызықта жүруінің қалпына келуі, т.б. кеңінен қолданылады.
Арнайы әдістер белгілі бір қоспаларға немесе қоспалар класына тән зиянды әсерлерді айқындауға бағытталады. Мысалы: холинэстеразалар белсенділігін әлсірету фосфорорганикалық қоспаларға, т.б. тән.
Өнеркәсіптік токсикологияда қолданылатын барлық әдістерді шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады.
І. Физиологиялық әдістер.
ОНЖ-нің, вегетативтік, ми–жұлын жүйелерінің функционалдық күйін зерттеу. Бұған электрлік энцефалография, миы қабықшасының шектік импульстарды жинақтау қабілеттілігін анықтау сияқты зерттеулер жатады.
Организмге жоғары дәрежедегі талаптар қоятын (оттегінің жетіспеушілігі, қан шығару) әдістер.
Жануарлардың жұмысқа қабілеттілігін су құйылған астауларда жүздіру арқылы зерттеу, жануарлардың қимыл белсенділігін зерттеу.
Функционалдық сынамалар (минутына 800 айналым жылдамдықпен 10 сек. аралығында арнайы құрылғыда айналдыру).
ІІ. Биохимиялық әдістер.
Белоктар, көмірсулар, майлар, минералды заттар және витаминдер алмасуларын зерттеу.
Ферменттердің белсенділігін бағалау
Функционалдық сынамалар, мысалы: глюкоза енгізу арқылы көмірсулар алмасуларының төзімділігін зерттеу.
Изотоптық әдістер.
ІІІ. Арнайы зерттеу әдістері.
Зертханалық аталық және аналық жануарлардың ұрпақ тарату өнімділігін сандық зерттеу әдістері.
Жаңа химиялық заттардың бластомогендігін зерттеу.
Химиялық заттардың сенсибилизациялық қасиетін зерттеу.
Иммундық биологиялық тесттер.
ІV. Патоморфологиялық әдістер.
Гистологиялық
Гистохимиялық
V. Математикалық-статистикалық әдістер.
VI. Жануарларды уландыру әдістері:
1.Ингаляциялық
2.Асқазанға енгізу
3.Теріге егу
4.Іш қуысына егу
5.Трахеяға енгізу
Экспериментте неғұрлым жиі қолданылатын жануарлар қатарына тышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, қояндар жатады.
