- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
Монтаждық жұмыстары. Тасымалдау, дайындық және тікелей монтаждық жұмыстарынан тұратын индустральдық құрылыс процесі.
Тасымалдау жұмыстары. Құрылыс материалдарын тасып, қоймаларда қалау және жұмыс орнына жеткізу.
Дайындық процестері. Конструкцияларды қарап, тексеріп күшейту, бекіту немесе мағымдау.
Тікелей монтаждық жұмыстары. Конструкцияларды көтергіштерге ілу, тиісті биіктіктерге көтеру, салатын орнына орнату, түзету және ұстау. Көбінесе монтаждық процесі кешенді-механикаландырылған түрде жүргізіледі. Тек соңғы кезеңінде ғана монтажниктер электрмен дәнекерлеу, болаттармен бұрау арқылы бекіту жұмыстарын атқару сәтінде механикаландырылған қол құралдарын пайдаланады.
Монтаждау үшін крандар мен такелажды жабдықтар (тұрақты мұнаралық және арнаулы крандар) қолданылады.
Аталған циклдің соңғы кезеңдерінде жоғарыда аталғандай дәнекерлеу жұмыстары атқарылады. Дәнекерлеу сәтінде бекіту үшін мырышталған метал кесінділері қолданылады. Конструкциялардың қосылған (түйіскен) жерлері цементті-құмды, цементті-казейінді, цементті-поливинилацетатты ерітінділерімен тығыздалынады. Жылу оқшаулау мақсатымен шынылы термотығындағыштар, пенобетондар т.б. пайдаланылады.
Сонымен, төменде де және өте жоғары биіктікте де атқарылатын монтаждық жұмыстары көбінесе ашық ауада, механикаландырылған қол құралдарын көптеп қолданумен орындалады. Жұмыс кезінде монтаждаушылар әртүрлі химиялық қоспалармен қоса, түрлі құрылыс материалдары шаңының зиянды әсерлеріне ұшырайды.
Тас қалау жұмыстары. Ғимараттар мен құрылысдарды салу кездерінде атқарылады. Бұл жұмыстар көбінесе қолмен істеледі. ҚҰрылыс материалы ретінде жасанды, сазды, силикатты кірпіштер мен керамикалық және бетонды блоктар, сонымен қатар, табиғи тастар, гранит т.б. қолданылады. Қолданылатын материалдың түріне байланысты қалау жұмыстары да буто-бетонды, бутты кірпішті, ұсақ және ірі блокты т.б. болып бөлінеді.
Аталған материалдар объектілерге арнайы сауыттарға салынып әкеліп, сол күйінде қажетті жерлерге түсіріледі.
Тастардың арасын бекіту үшін түрлі әктің, цементтің т.б. ерітінділері пайдаланады.
Ерітінділер құрамына байланыстырушы заттар, (әк, цемент) толықтырушы заттар (құм, шлак, ұсақ тастар т.б.) және су қосылады.
Ерітінділер зауыттарында дайындалып, құрылыс басына арнайы жүк машиналарымен жеткізіледі.
Тас қалаушылар жұмысы өзгермелі биіктіктерде, ашық ауада әртүрлі ауа-райында атқарылады. Қолмен жұмыс істеу барысында қалаушылар ағзасына әк, цемент ерітінділері жағымсыз әсерін тигізеді. Бұл жағымсыз жағдайларға қоса жұмыс ыңғайсыз дене қалпында (көбінесе еңкейіп т.б.) атқарылады.
Бетонды және темір бетонды жұмыстар. Бетондар деп, белгілі бір көлемде есептелген цемент немесе гипсті (байланыстырушы материалдарды) құм, ұсақ тастармен, сумен араластырылып қатыру арқылы алынған жасанды құрылыс материалын айтады. Дайындау процессінде басқа да арнаулы қосымша заттарды, фурильді, спиртті, тұз қышқылын, хлорлы натрийді, натрий нитритін пайдалануы мүмкін. Бетондарды арнайы зауыттарда дайындап шығарады. Зауыттардың арматура цехтарында болашақ өнімнің қаңқасы түрлі темір шыбықтардан құрастырылады. Құрастыру кезінде электрмен кесу, шауып кесу, тоқпен, газбен дәнекерлеу тәрізді жұмыстар атқарылады.
Дайын қаңқа касеталы цехқа жіберіліп, сол жерде арнайы қалыптарға кигізіледі. Осы қалыпқа дайындалған ерітінділер тығыздалып толтырылады. Тығыздау үшін арнайы діріл қондырғылары мен дірілді қол құралдары қолданылады. Толтырылған дайын қалып жоғары температураның көмегімен кептіріледі. Кептіру процесі жоғары ылғалдың бөлінуімен байланысты.
Бетон және темірбетон жұмыстары құрамында силикат және кварц бар шаңды мате-риалдарды қолданумен байланысты. Жеке учаскелердегі жұмыстарда жұмысшылар ағза-сына дәнекер аэрозольдері, газдар, әртүрлі улы заттар және діріл мен шу әсерін тигізеді.
Ағаш жұмыстары. Жұмыстың бұл түрі әлі күнге дейін көлемдік жағынан маңызын жоғалтқан жоқ. Ағаш конструкциялары (есік, терезе блоктары т.б.) және бөлшектері, арнайы ағаш өңдеу фабрикасында дайындалады. Құрылыс басында оларды құрастыру, сәйкестендіру, орнату сияқты жұмыстар атқарылады.
Жұмыс кезінде ағаш шеберлері механикаландырылған және қол құралдарын пайдаланады (балға, балта, ара, электрлік ара, электрлік бұрғы т.б.).
Көптеген ағаш өнімдері фабрикаларда антисептикалық заттармен өңделеді. Ол үшін натрий фториді, натрикремнифторді т.б. қолданылады.
Ағаш шеберлерінің жұмысы да әртүрлі биіктікте, өтімді жел өтінде, ашық ауада атқарылады. Олардың ағзаларына ағаш шаңдары, химиялық зиянды антисептикалық заттардың әсері тиеді.
Төбесін жабу жұмыстары. Бұл үшін рулонды, мастикті материалдарды пайдаланады.
Рулонды жапқыштар руберойдтардан (битум сіңірілген қағаздар), пергаминдерден, тольдердан, шыны маталардан т.б. дайындалады. Жабу жұмыстарны аз механикаландырылған. Жұмыс ашық ауада жоғары биіктікте, көбінесе ыстық күйіндегі әртүрлі химиялық қоспалардың әсер ету жағдайында атқарылады.
Таттануға қарсы жұмыстар. Бұл жұмыстарға, құрылыстық монтаждың жұмыстары біткеннен кейін ғимараттар мен жайлардың ішкі беттерін тотұа, әртүрлі заттардың химиялық әсеріне, ыстыққа, ылғалға, суға, төзімді заттармен қаптау жатадыү Ол үшін түрлі кірпіштер, керамикалық плиткалар, шыны блоктары т.б. қолданылады. Аталған материалдарды бір-біріне бекіту цемент, замазкалары (арзамит, фаолит, эпоксидті смоланы) қолданумен іскеи асырылады.
Гидро оқшаулау жұмыстары. Жабдықталауы мен технологиясы жағынан гидрооқшаулау жұмыстарының жабы жұмыстарынан айырмашылығы жоқ.Тек бір қосым-ша айтатын жай, гидрооқшаулауды аталған шаралармен қоса, әртүрлі ерітінді-лерімен майлау (штукатурка) жұмыстары атқарылады. Тұмшалау материалдары ретінде суық асфальт ерітіндісі, церезит, натрий амониаты, хлорлы темір қоспалары және латексті-битумді эмульсия, сұйық шыны қосылған цементті-құмды ерітінділер қолданылады.
Жоғарыда аталған тұмшалау, тотқа қарсы жұмыстарда өте көп химиялық және шаңды материалдар қолданылады.
Құрылыс жұмыстарының өңдеу циклі. Бұған негізінен сылау, бояу жұмыстары жатады. Сылау процесі мына операциялардан тұрады: сыланатын бетті өңдеу, шашырата себу арқылы бұдыр қабат жасау, сылау арқылы тегістеп өңдеу. Көптеген жағдайларда ерітінділер арнайы механикаландырылған форсункалармен шашыратылады. Аздаған операцияларда аталған процесс қолмен атқарылады. Тегістелмекші қабат арнайы тегістеу машиналарымен, немесе қол тегістегіштерімен жүргізіледі.
Жұмыстардың көбі жасалынатын қимыл-қозғалыстардың бір ырғақтылығымен және бір түрлілігімен сипатталады. Қимыл-қозғалыстар көп күштің жұмсалуымен көп мөлшердегі энергияның жұмсалуын қажет етеді. Жұмыс көп жағдайларда дененің ыңғайсыз қалпында атқарылады. Жағымсыз факторларға жұмыс барысындағы ауаның әртүрлі заттардың шаңымен ластануы (гипс, цемент, құм, цк т.б.) мен жағымсыз микроклимат жатады.
Қолмен жұмыс істеуде теріге әртүрлі ерітінділер құрамына кіретін химиялық қоспалар тұз қышқылы, хлорлы қоспалар әсер етеді. Сылау жұмытары сәтінде бөлмелерді (жұмыс орындарын) жылытуда қолданылатын газды жылытқыштардан, газды генератордан, ашық мангалдардан бөлінетін зиянды газдарда жұмысшылар ағзасына зиянды әсерлерін тигізеді. Механикаландырылған қол құралдарымен және басқа құралдармен жұмыс істегенде шу мен дірілдің әсеріне ұрынады.
Бояу жұмыстары тазалау, шпаклевкалау, грунттау, жылтырату, бояу сияқты операциялардан тұрады.
Бояушылардың жұмысы ыңғайсыз, шаршатқыш жұмыс қалыптарында орындалады. Жоғары биіктіктерде немесе жабық кеңістіктегі атқарылатын жұмыстар нервтік-эмоциональдық ауыртпашылық күйімен байланысты.
Аса зиянды факторлардың бірі әртүрлі бояулардың, еріткіштердің тікелей өзінің немесе олардың буларының сырттан немесе ішке түсу арқылы зиянды әсері.
Еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы. Құрылысты салудың негізі сатыларындағы еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамсы әртүрлі келеді. Жұмыстың алғашқы екі сатысында машинистің жұмысы кабиналарда өтіп, олар шудың, дірілдің, салқын және ыстық микроклиматтық әсеріне, ал кейде шаң мен токсикалық газдардың (бульдозерлердің, экскаваторлардың газдарының т.б.) әсеріне ұшырайды.
Мысалы, кабинаның ауасындағы шаңның концентрациясы 30-40 мг/дм3 дейін, ал ондағы көміртегі тотықтары 10-35 мг/дм3 аралығында болады.
Микролимат параметрлері жылдың мезгіліне байланысты өзгереді: жазғы кезеңде ауаның температурасы 37-420С дейін жетіп, ал ылғалдылығы төмендейді, қысқы уақытта-ауаның температурасы 0,4-4оС төмендейді, және де мұнаралық крандардың кабинала-рындағы ауаның жазда ысып кетеді, ал қыста қатты салқындауы байқалады. Экскава-торлардың кабиналарында шудың деңгейі 90-100 дБА дейін, ал жалпы дірілдің ампли-тудасы 1,4 мм жетіп, рұқсатталған деңгейлерінен асып кетеді. Монтаждық жұ-мыстарда механикаландырылған қол аспаптары жиі қолданылады (детальдерді қағу үшін тапанша қолдану, бетонды қолдық вибротығыздағыштармен тығыздау т.б.), олармен жұ-мыс істеу локальді дірілдің әсерімен және қарқынды шуды генерациялаумен байланысты болады.
Электрлік дәнекерлеу жұмыстары да аз емес, мұнда марганец тотықтары және токсикалық газдар бөлінеді.
Құрылысшы-жұмысшыларда жалпы сырқаттанушылық деңгейі жоғары болады, және де діріл ауруы және пневмокониоздар сияқты кәсіптік патологиялары да байқалады.
Ағаш шеберлік және санитарлық-техникалық жұмыстары қарқынды шудың пайда болуымен сипатталады, оны генерациялаушы көздеріне паркеттік-сүргілеу машиналары жатады, және де ауаға ағаш шаңдары бөлінеді.
Тас қалаушылардың еңбегі жоғары энергошығынмен сипатталады, өйткені жұмыс ауысымы ішінде олар 6 тоннадан атық салмақты көтеріп қоюына тура келеді. Сонымен қатар, олардың қолдары құрамында сілтілер мен хром болатын ерітінділермен ластанады.
Өңдеу және соңғы циклдегі жұмыстарды жүргізудегі еңбек жағдайы ауа ортасының еріткіштердің буларымен ластану мүмкіндігімен сипатталады (ксилол, толуол, стирол т.б. концентрациясы 30 мг/м3 және одан жоғары).
Ғимараттың ішін жылтыратушы-тегістеуші машиналардың көмегімен тегістеу жұмыстары шуды генерациялаумен жүреді, олардың қарқындылығы рұқсатталған деңгейлерден асып кетеді, және де мұнда локальді дірілдің әсері де болуы мүмкін.
Құрылыстық қоқыстардан тазартуда ауа, концентрациясы жүздеген мг/м3 дейін жететін, шаңмен ластанады.
Газотеплогенераторлардың көмегімен ғимаратты жылыту мен кептіруде (өңдеу жұмыстары аяқтағаннан кейін) ауаға, концентрациясы ШРЕК-тен 50%-ке асып кететін көміртегі тотығының және азот тотықтарының түсуімен қабаттасады.
Соңғы циклдегі жұмысшыларда еріткіштермен улануы, тірек-қимыл аппараттарының аурулары, дерматиттер және экземалар болуы ықтимал.
Тұрғын үйлерді салушы құрылысшылардың және құрылыс материалдарын жасаушы зауыттарының жұмысшыларының сырқаттанушылығын талдау мәлімдемелері мынаны көрсетіп отыр: ер адамдармен салыстырғанда әйел адамдардың сырқаттанушылық оқиғалары бойынша 7,9%, ал еңбекке қабілеттілігінің жарамсыздық күндері бойынша 11,3% жоғары келеді екен.
Жұмысшылардың жасының да маңызы кем емес (яғни стаждық маңызы), оның өсуі сырқаттанушылықтың өсуіне келтіреді.
Жыл сайын еңбек қабілеттілігін жоғалтуы жұмысшылардың 50,2% алған, мұнда сырқаттанудың маусымдығы байқалған: жұмысшылардың жалпы санының 18,1% - ақпанда, ал қаңтарда – 13,2%, наурызда – 12,4%, желтоқсанда – 14,2% ал мамырдан – қыркүйек айларына дейін – тек 5,8% сырқаттанған. Барлық ауру формалары бойынша екінші қайта сырқаттануы 1,14 тең болған, ал ойық жара ауруы және радикулит бойынша – 1,42-1,46 болған (1000 жұмысшыға шаққанда). Барлық жұмысшылардың бір мәрте сырқаттанғаны – 61,2%, 2 мәрте – 21,1%, 3 рет – 9,2%, 3-тен көп – 8,5% болған.
Жалпы сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі тас қалаушыларда, арматурщиктерде, сылақшыларда, бояушыларда және қосалқы жұмысшыларында болған. Аурулардың іріңдік формалары негізінен перкетчиктерде, тас қалаушыларда, арматурщиктерде байқалған, ал көз аурулары бояушыларда жиі кездескен.
Өнеркәсіптік объектілерді салушы құрылысшылардың арасындағы сырқаттанушылығы химия өнеркәсібіндегі, машина жасау, мұнай өнеркәсібіндегі және көлік кәсіпорындарындағы жұмысшыларына қарағанда 10-11% жоғары болады.
