- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
Илеу (прокат) цехтары
Илеу өндірісі – соғу және илеу, металлды қысыммен өңдеу әдістерінің бірі болып келеді. Көптеген учаскелерде қуатты қыздыру жабдықтарының және балқыған металлдың болуы орасаң зор сәулелердің таралуына келтіреді. Сонымен қатар, технологиялық процесс ауаның көміртегі тотығымен ластануымен және шудың пайда болуымен жүреді. Осы факторлардың негізгі көздері болып қыздыру құдықтары, әдістемелік, күйдіру пештері, ысыған құймалар, ыстық дайын бұйымдар саналады.
Қыздыру құдықтары бөлімшесінде жылудың қарқынды бөлінуі құдықтардың сыртқы футеровкасынан және олардың қақапақтарынан, қақапақтарын ашу уақытында құдықтардың өздерінен және ыстық құймаларды құдықтан шығаруда және тасымалдауда олардың өздерінен болады.
Көп жылу бөлу нәтижесінде жылдың жазғы уақытында құдықтардың маңайында ауаның температурасы ысиды. Әсіресе жағымсыз метеорологиялық жағдайлар көтеру кранының кабинасында құдықтарды тазалау уақытында құралады.
Блюминг немесе слябинг және үздіксіз-дайындау станы учаскесінде жылу прокатталушы құймалардан бөлінеді. Блюминг, слябинг бөлімшесінде, әртүрлі кәсіптік жұмысшылары ұшырайтын, инфрақызыл радиациясының маңызыда кем емес.
Прокатты цехтарында пеш алаңдарының жанындағы жұмыс орындарында ауаның температурасы өте жоғары болып келеді. Илеу цехтарының учаскелерінде иленетін металдың температурасы 12000С, ал илеу алаңдарының беті 600С жетіп, қарқындылығы 3,5 ккал/см2/мин дейін жететін инфрақызыл сәулесінің жайылған көзін құрады. Жұмыс орындарының тікелей жанында сәулелеу көзі болып жабдықтың өзі болады. Ал жайылушы металлдың өзі қарқынды инфрақызыл сәулелерінің көзі болып табылады.
Ең жағымсыз микроклимат көлемдері шектеулі жұмыс учаскелерінде болады, оларға жататындары: қыздырушы құдықтардың шлактік тоннельдері және көтеру крандарының кабиналары, құдық аралары, қыздыру пештерінің араларындағы жұмыс алаңдары.
Прокатты цехтарда кейбір технологиялық операциялар ауа ортасына шаң бөлуімен жүреді. Прокатты цехтардың шаңы негізінен темір тотықтарынан және басқа заттардың қоспаларынан тұрады.
Прокат өндірісінің көптеген технологиялық операциялары әртүрлі жиіліктегі шудың пайда болуымен жүреді. Деңгейі рұқсатталған санитарлық нормалардан маңызды асып кететін қатты шулар металлды рольгант бойынша тасымалдауда, осы станда прокаттауда, аралармен кесуде, пороктарын шабуда пайда болады.
Қазіргі прокаттық цехтарда, технологиялық жабдықтардың жұмысының параметрлерінің ұлғаюына байланысты және прокатты жедел қарқында жүргізуі салдарынан, операторлардың жұмысы маңызды нервтік-эмоциональдық күш түсуімен жүріп, оларды қалжыратады. Прокаттың цехтардың операторлры жұмыс күні ішінде жиі қайталанушы қол қозғалыстарын жасап, бұл арада бірнеше өндірістік процесстердің жұмысы туралы ақпараттарды қабылдайды.
Прокатты цехтарында еңбек жағдайларын сауықтыру бойынша шаралары, ең бірінші кезекте еңбектің метеорологиялық жағдайларын қалыптастыру шаралары, ысыған жабдыөтарды жылу оқшаулауын жақсарту жолымен және гигиеналық тұрғыдан ұтымды келетін технологиялық процесстер мен технологиялық жабдықтарды қолдаумен жүргізілуі керек.
Прокатты цехтарында қыздыру құдықтарын, әсіресе олардың қақапақтарын және методикалық пештерін қатаң жылу оқшаулау қажет.
Қыздыру құдықтары орналасқан ғимаратындаметеорологиялық жағдайларды қалыптастыру тек ауаны шығару фонарлері арқасында ғана емес, сонымен қатар, таза ауаның жеткілікті берілуімен қамтамасыз етілуі керек.
Барлық қыздыру пештерінің қабырғалары мен төбелері жақсы жылу оқшаулануы қажет. Пештердің терезелері рамаға тығыз орналасқан қақапақтармен жабылуы керек. Жоғары температура аймағында орналасқан терезе рамалары сумен салқындату қондырғыларымен жабдықталуы керек. Мұнда рамалардың қопарылу қауіптігін алдын алу үшін, олардың жоғары бөлігінде будың шығуына арналған ашық құбыршалар қарастырылуы керек.
Қызмет көрсертуші қызметкерді жылу сәулелерінен қорғау мақсатымен, пештерден бүйірлік қабырғаларының алдында олардың барлық иіктігіне арнайы экрандар, іші ағымды сумен салқынданатын, қуысты қалқандар түрінде жасалу керек.
Пайда болған буларды шығару үшін осында экрандарда ашық құбыршалары қарастырылуы керек. Сонымен қатар, пештердің терезелерінен алдында су бүркеулері орналастырылуы қажет.
Қыздыру пештерінің жанындағы барлық тұрақты жұмыс орындарын жылдың жылы кезеңдерінде алдын-ала салқынданатын, үрлеуші вентиляциямен жабдықтау қажет.
Басқару пультін ысыған жабдықтардан немесе ыстық металлдың өту орнынан мүм-кіндігінше алшақ орналастырған дұрыс. Жылу кезіне тікелей жақын орналасқан басқару пульті бөлмесіндегі терезе әйнегінің ауданын минимумге дейін қысқарту керек. Басқару пультінің бөлмесі сәулелерден, олардың сыртқы бетін ақ түспен бояу жолымен, жақсы қорғалуы керек. БАсқару постарының бөлмелерін таза сыртқы ауамен қамтамасыз ету керек.
Оңтайлы температуралық жағдайларды (18-200С) ауаны кондиционерлеу жүйесімен қамтамасыз етуге болады, оларды дұрыс қолдану жағдайында қандай болсын қажет температураны ұстау мүмкіншілігі бар.
Жұмыс орнында операторлардың ыңғайлы жұмысын қамтамасыз ету мақсатымен, пружиналық орындығы мен ыңғайлы арқасы бар айналушы креслоларды орнату қажет. Бақылау пост кабинасының ішкі брезендірілуі техникалық эстетиканың талаптарына сай келуі керек.
