- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы е.Н. Сраубаев, с.Р. Жакенова, ж.Ж. Жарылқасын
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
- •Еңбек гигиенасында қолданылатын негізгі түсініктер
- •Еңбек гигиенасының дамуы тарихы
- •Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің даму тарихы
- •Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі
- •1 Кесте Қауіпті және зиянды өндірістік факторларының жіктелуі
- •Өнеркәсіптік токсикология пәні, дамуының негізгі кезеңдері
- •2 Өндірістік токсикология негізі. Өндірістік улар және уланулар
- •Өнеркәсіптік токсикологияның міндеттері
- •Өнеркәсіптік токсикология әдістері
- •V. Математикалық-статистикалық әдістер.
- •VI. Жануарларды уландыру әдістері:
- •Өндірістік улардың организмге әсері
- •Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы. Тыныс алу мүшелерінің зақымдануына негізінен тітіркендіргіш заттардың газдары мен булары және әр түрлі шаңдар себепкер болады.
- •Улардың организмдегі тағдыры (енуі, тасымалдануы, өзгеріске түсуі, шығарылуы)
- •3 Өндірістегі аурушаңдық
- •4 Өнеркәсіптегі ескертпелі санитарлық қадағалау
- •Құрылысқа жер бөлу және таңдау сатысындағы ескертпелі санитарлық бақылау.
- •Еңбек жағдайы және жұмысшылар сырқаттанушылығы.
- •6 Металлургия өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Негізгі металлургия цехтарындағы еңбек гигиенасы
- •Уақтау-сұрыптау фабрикасы
- •Алгомерация цехі
- •Домналық цехтары
- •Болат балқыту цехтары
- •Илеу (прокат) цехтары
- •Түсті металлургия өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылардың сырқаттанушылығы
- •Мырыш өндірісіндегі жұмысшылар организмінің функциональдық жағдайы
- •7 Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Қой шаруашылығындағы еңбек гигиенасы
- •Шошқа шаруашылығындағы еңбек жағдайы
- •Мал шаруашылығындағы мал азығын дайындау цехтарындағы еңбек жағдайы
- •8 Құрылыс және құрылыс материалдары өндірісіндегі еңбек гигиенасы
- •Цементті өндіру
- •Темірбетондық бұйымдары мен конструкцияларын жасау
- •Құрылыс кірпіштері мен керамикаларын жасау
- •Ағаштан құрылыс материалдарын жасау
- •Сауықтыру шаралары
- •Құрылысты салу технологиясы және еңбек гигиенасы
- •Ғимараттарды құрылымдарды салу (көтеру) жұмыстарына мыналар кіреді.
- •Өңдеу (қорытынды) циклі, бұған кіретіндер
- •Нөлдік циклдің құрылыс жұмыстары
- •Ғимараттар мен құрылымдарды тұрғызу кездеріндегі құрылыс жұмыстары
- •Сауықтыру шаралары
- •9 Жасөспірімдер және әйелдер еңбегінің еңбек гигиенасы
- •Өнеркәсіп салаларын әйелдер еңбегінің шоғарлану дәрежесіне байланысты топтарға бөлуі
- •Әйелдер еңбегінің шоғырлану дәрежесі бойынша өндіріс салаларын топтастыру
- •Өндірістік ортаның физикалық және химиялық факторларының әйелдер организміне әсерінің ерекшеліктері.
- •Етеккір циклының жағдайы
- •Өнеркәсіптің жағымсыз физикалық факторларының әсері
- •Жоғары температура және жылулық сәулеленудің әсері
- •Радиожиіліктегі электромагниттік өріс әсері
- •Нервтік-эмоционалдық кернеулілік
- •Әйелдердің еңбек гигиенасы мен оны қорғаудың қазіргі басты бағыттары
- •10 Машина құрылысы өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
- •Металды балқыту
- •Ұста-пресс цехтары
- •Термиялық цехтары
- •Механикалық цехтары
- •11 Тесттік тапсырмалар
- •Жауаптар
- •Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде, даму тарихы. Еңбек гигиенасы облысындағы мемлекеттік санитарлық қадағалау
Кіріспе. Ғылыми-техникалық прогреспен (ҒТП) қойылған проблемалардың ішін-де ең күрделі және жан-жақты проблемасы болып ҒТП адамның тағдырына әсері саналады.
ДДҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) және халықаралық еңбек ұйымы мәлімдемелері бойынша дүние жүзінде жылына өндірістерде шамамен 120 млн. келеңсіз оқиғалар болады екен, оның ішінде 200 мыңнан көбі өліммен аяқталады. Әртүрлі кәсіптік әсерлермен байланысты 68 ден 157 млн. дейін кәсіптік аурулардың жаңа оқиғалары тіркеледі.
Планета халқының 40-50%-ы жұмыс жағдайында физикалық, химиялық, биологиялық, экономикалық, ал соңғы жылдарда психоэмоционалдық стресстік факторлардың әсеріне ұшырайды.
Шамамен 100 000 химиялық заттар (оның ішінде 3000 аллергендік және 300 канцерогендік факторлары), 50 шақты физикалық сипатты факторлары, 20 шақты қолайсыз эргономикалық жағдайлары және жұмыс орнындағы денелік салмақтар, көптеген психологиялық және әлеуметтік проблемалары еңбек жағдайы тұрғысынан қауіпті деп саналып, өзімен бірге кәсіптік аурулардың даму қауіпін, стресстік реакцияларды, мертігуді, жұмысына деген қанағаттанбаушылықты және соңында материалдық жағдайының нашарлауына әкеледі.
Осылардың барлығы экономикалық шығынды өсіреді, ол шамамен жалпы ұлттық өнімнің 10-15% алады екен.
Осыған қарамастан дамушы елдердің жұмысшыларының тек 5%-ы ғана, ал дамыған елдерде 50%-ға дейін жұмысшылары жақсы ұйымдастырылған еңбек гигиенасы мен медицинасының көмегін алу мүмкіншілігі бар.
ҒТП Республиканың алға қойып отырған жаңа технологияларының дамуын жүзеге асырушы басты құрал ретінде рөл атқарады. Республикамыздың алдында өте күрделі және жауапты міндеттер қойылып отыр – ол қысқа уақыт ішінде өнеркәсіптің магистралды бағыттағы салаларын жетілдіріп, ғылым мен техниканың жетістіктерін еліміздің халық шаруашылығына қолдану.
Халық шаруашылығын қарқынды түрде дамыту, жаңа энергия көздерін, өте жоғары және өте төмен қысымдарды және температураларды, улы және агрессивті агенттерді қолданумен, технологиялық процестердің орасан зор жылдамдықта өтуімен тығыз байланысты. Осылардың барлығы еңбек өнімділігін көп қайтара өсіріп, өзіне сақтықпен, жан-жақты тұжырымдалған ғылыми тұрғыдан қарауды талап етеді. Тек осындай жағдайда ғана қоғам алдына қойған нәтижелеріне анық жете алады, тек нәтижесі белгісіз немесе қауіпті болуы мүмкін шараларды қолданбауы керек.
Қазіргі таңда еңбек гигиенасы алдында жаңа міндеттер туды – ол жұмысшылардың организміне қарқындылығы төмен өндірістік факторлардың, еңбектің механикаландырылған,. автоматтандырылған түрлерінің және тіпті еңбек процесстерін роботтандырудың әсерлерін зерттеу болып келеді.
Өкінішке орай, жаңа нарықтық қатынастарына көшу жаңа мәселелерді тудырды.
Қазіргі таңда экономиканың мемлекеттік секторындағы күйзелістің өсу жағдайларында, халық шаруашылығының барлық салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына және жұмысшылар санының азаюына қарамастан (кейбір мәлімдемелер бойынша 2 есе), еңбек жағдайының нашарлануы тұрақты өсіп келеді, ал өнеркәсіптердегі еңбек жағдайының нашарлануы тұрақты өсіп келеді, ал өнеркәсіптердегі еңбек жағдайын қазіргі стандарттарға сәйкесті жақсарту бойынша шараларды жүргізу одан да зор проблемаға айналып отыр – бұл үшін қажетті қаражаттар жоқ. Өнеркәсіптердің басты салаларында жағымсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеушілердің саны біртіндеп өсіп келуде. Мұндай зиянды жағдайларда жұмыс істеушілердің ең жоғары үлесі өнеркәсіптерге келіп отыр (66%). Әсіресе қиын жағдай көмір өнеркәсібінде құралған, мұнда санитарлық-гигиеналық нормалары орындалмайтын жағдайда жұмысшылардың 79%-ы еңбек етеді, осындай жағдайлар жалпы және кәсіптік патологиялардың және де өндірістік мертігудің маңызды өсуіне ықпал жасап отыр. Тек келеңсіз оқиғалардың 1994 жылғы материалдық шығыны 5 млн теңгеден асып кетті.
1996 жылғы кәсіптік патологияның 433 оқиғасы тіркелген, мұнда ең жоғарғы үлесі көмір саласы кәсіпорындарына келеді (90%).
Қарағанды облысы бойынша жалпы кәсіптік сырқаттанушылықтың құрылымында алдыңғы орындарды жоғарғы концентрациядағы шаңның және зиянды заттардың әсерінен туған тыныс органдарының аурулары (39,5%), перифериялық нерв жүйесінің аурулары (25%) және діріл ауруы (16,4%) алып отыр.
Жалпы кәсіптік сырқаттанушылықтың өсуі, негізінен еңбектің қанағаттанарлықсыз жағдайларымен байланысты. Мысалы, Қарағанды облысы бойынша санитарлық-гигиеналық нормаларына сай келмейтін еңбек жағдайларында шамамен 90 мың. адам жұмыс істейді, олардың ішінде 16 мыңы әйел адамдар (олар жалпы жұмысшылар санының 40%-ын алады).
Көмір және металлургия өнеркәсібінің ең көп тараған және негізгі кәсіптерінің еңбек жағдайына талдау жүргізу нәтижелері шаңдану бойынша көрсеткішінің өте қанағаттанарлықсыздығын айқындап отыр. Кеншілер мен металлургтар ШРЕК-тен 40-50 есе асып кететін шаңның әсеріне ұшырайды екен, көптеген жұмысшылар химиялық заттардың ШРЕК-дан әлде қайда асып кететін жағдайында еңбек етеді: көміртегі тотығы бойынша 3 есе, күкіртті ангидрид – 4 есе, темір тотығы 7 есе, хром ангидриді – 30 есе, марганец – 5 есе.
Маңызды алаңдатушылықты өндірістік ортаның шу және діріл сияқты физикалық факторларының әсері тудырып отыр. Облыстың кәсіпорындарында шу және діріл жағдайларында 26 мыңнан көп адамдар еңбек етуде.
Республикамызда қанағаттанарлықсыз еңбек жағдайы себебінен кәсіптік аурулар мен кәсіптік уланулардың өсу тенденциясы байқалып отыр: қорғасынмен, фосформен, хроммен, сынаппен және басқа өнеркәсіптік улармен улануы өсуде, әсіресе көмір, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында.
Қазақстанда қазіргі таңда әртүрлі этиологиясы созылмалы сырқаттарымен 3,5 млн адам есепке алынған.
Осы күнге дейін көп факторлық әсер сұрағы шешілмеген, оның ішінде кәсіптік қауіпті бағалау сұрағы.
Сонымен, еңбек сипаты немесе өндірістік жағдайы адамның іскерлігіне немесе денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін, ол өндірістерде кәсіптік зияндылықтың барын куәлеп отыр.
