Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сраубаев_Е.ЕҢБЕК_ГИГИЕНАСЫ_БОЙЫНША.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

11 Тесттік тапсырмалар

1. Ауыл шаруашылығы -бұл:

А). халық шаруашылығының маңызды саласы.

В). әртүрлі өндірістік процестердің күрделі бірлестігі.

С). екі үлкен саладан:өсімдік және мал шаруашылығынан тұратын әртүрлі өндірістік процестердің күрделі бірлестігі.

D). ауылшаруашылығының жаңа техникалармен жабдықталған саласы.

E). өндірістік және өндірістік емес салаларға арналған негізгі фондтарды тудыратын халық шаруашылығының бір саласы.

2. Өсімдік шаруашылығы- бұл:

A). дала және ірі-қара мал шаруашылығы.

B). ірі-қара мал шаруашылығы,шошқа өсіру және құс өсіру шаруашылықтары.

C). дала және құс өсіру шаруашылықтары.

D). ірі-қара мал,бақша және көкөніс шаруашылықтары.

E). дала,көкөніс және бақша шаруашылықтары.

3. Ауылшаруашылығындағы еңбек жағдайы қанша ерекшеліктерден тұрады?

A). 2-ерекшеліктен.

B). 3-ерекшеліктен.

C). 4-ерекшеліктен.

D). 5-ерекшеліктен.

E). 6-ерекшеліктен.

4. Ауыл шаруашылығы ерекшеліктерінің толық тізімі:

A).негізгі жұмыстардың маусымдығы,жұмыстардың ашық ауада атқарылуы,жұмыс операцияларының салыстырмалы түрде жиі алмасуы, жұмыс орнының шашыраңқы орналасуы.

B). жұмыс операцияларының салыстырмалы түрде жиі алмасуы.

C). ауылшаруашылығын кең ауқымды химияландыру.

D). негізгі жұмыстардың маусымдылығы,биологиялық қауіптің күшеюі.

E). маусымдылық, ашық аспан аясындағы жұмыс, жұмыс операцияларының жиі алмасуы, кең ауқымды химияландыру, биологиялық қауіптің күшеюі, жұмыс орнының шашыраңқы орналасуы.

5. Дала шаруашылығы қандай кезеңдерден тұрады?

A). топырақты тұқым себу алдында өңдеу,өсімдіктерді себу және отырғызу, егінді күту және жинап алу.

B). жер жұмыстары,бұрғылау жұмыстары.

C). жару,бұрғылау жұмыстары.

D). төгу жұмыстары,тұқым себер алдындағы топырақты өңдеу.

E). монтаждау жұмыстары.

6. Ауыл шаруашылығындағы профилактикалық шаралар:

A). санитарлық техникалық,техникалық шешімдер.

B). технологиялық,архитектуралық-жоспарлау шаралары.

C). технологиялық шаралар,жеке қорғаныс құралдары.

D). профилактикалық-емдеу шаралары, жеке қорғаныс құралдары.

E). архитектуралық-жоспарлау,технологиялық шаралар.

7. Астық дақылдары шаруашылығындағы еңбек зияндылықтары:

A). мөлшерленбеген жұмыс уақыты/10-12сағатқа дейін/,ыңғайсыз жұмыс қалпы,жоғары шаңдану,химиялық заттар әсері,әртүрлі асқыну аурулары.

B). шаңдану,ылғалдылық.

C). химиялық заттардың әсері,аллергиялық аурулар.

D). мөлшерленбеген жұмыс уақыты,шу,шаң,жоғары ылғалдылық,химиялық заттар әсері.

E). діріл,шу,ылғалдылық,химиялық заттар әсері.

8. Астық шаңынан болатын аурулардың алдын алу шаралары:

A). тиімді желдендіру,технологиялық шаралар.

B). профилактикалық емдеу және санитарлық-гигиеналық шаралар.

C). жұмыс орнын дұрыс таңдау,астық ағымын мезгілімен тазалап отыру, жеке басты қорғау құралдарын пайдалану.

D). медициналық байқаудан өткізу,технологиялық шаралар.

E). санитарлық-гигиеналық,санитарлық-техникалық шаралар және технологиялық шаралар.

9. Қант қызылшасы егілетін жерді өңдеу процестері:

A). минералдық тыңайтқыштарды себу,қопсыту,культивациялау және терең жырту.

B). мақта карталарын жоспарлау,жер жырту/айдау/.

C). топырақты қопсыту,егу.

D). топырақты өңдеу,минералды тыңайтқыштар себу,тұқым мен сабанды өңдеу.

E). топырақты өңдеу,егу,жерді терең жырту.

10. Мақта егілетін жерді өңдеу процестері:

A). мақта карталарын жоспарлау,жер жырту.

B). тұқым себер алдында топырақты өңдеу,астықты жинау.

C). қопару жұмыстары,тұқым себер алдында топырақты өңдеу.

D). кессонды,монтаж жұмыстары.

E). жер өңдеу,бұрғылау жұмыстары.

11. Сылақшы-бояушыларда болатын кәсіптік патология:

A). антрокоз.

B). құю лихорадкасы.

C). экзема.

D). электрофтальмия.

E). сидероз.

12. Қыш қалаушылар жұмысындағы негізгі жағымсыз факторлар:

A). жоғары шаңдану.

B). діріл.

C). интенсивті дене еңбегі,жағымсыз микроклимат.

D). электр дәнекерлері аэрозолдарының жоғары концентрациясы.

E). интенсивті шу.

13. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейтін сыртқы ауа

температурасы:

A). 10 оС-дан төмен.

B). 15 оС-дан төмен.

C). 25 оС-дан төмен.

D). 30 оС-дан төмен.

E). 40 оС-дан төмен.

14. Құю лихорадкасын тудыратын этиологиялық фактор:

A). көмір шаңы.

B). аралас шаң.

C). ауаның төмен температурасы.

D). мырыш тотығының булары.

E). темір тотығының булары.

15. Әртипті жабдықтар орналасқан өндірістік цехтарда,шу деңгейін өлшеуді технологиялық жабдықтардың орналасуына байланысты қалай жүргіземіз?

A). типтес жабдықтар орналасқан әр топ үшін 3 және одан да көп нүктелерде.

B). әрбір жұмыс орындарында.

C). жабдықтардың әрбір топтасқан жерінің ортасында.

D). цех ішінде,5 және одан көп нүктелерде.

E). цех ішінде,10 және одан көп нүктелерде.

16. Шу шығару көздерінде шу деңгейін бәсеңдету мүмкіндігі болмаған жағдайда аталған қорғаныс түрлерінің қайсысы тиімді болады?

A). шуды таралу жолы бойынша бәсеңдету.

B). жеке қорғаныс құралдарын қолдану.

C). витаминдеу.

D). мерзімді медициналық байқау жүргізу.

E). санаторий-профилакторилар ұйымдастыру.

17. Металлургия өнеркәсіптеріндегі технологиялық операциялар:

A). шихталық материалдарды балқытуға дайындау,пешке салу,металды қалыпқа құю, қағып тазалау, өнімді /бұйымды/ шабу және тазалау.

B). ғимараттың жерасты бөлімінің құрылысы, жер қазу, бұрғылау, кессонды, тасымалдау жұмыстары.

C). бұрғылап қопару жұмыстары,көлікке түсіру және тиеу.

D). рудаларды балқытуға дайындау, бөлу, іріктеу, сапаландыру, агломерациялау /араластыру/, сомдау, шойынды домна пешінде балқыту, шойынды болатқа дейін қайта өңдеу, болатты илеу.

E). металды құю, соғу, қалыптау, кесу және т.б.

18. Металлургия өндірісіне мыналар жатады:

A). илеу өндірісі, болат балқыту өндірістері, темір-бетон өндірісі.

B). цемент, бетон өндірістері, темір-бетон бұйымдары, асбесті бұйымдар өндірісі.

C). агломерат /араластыру/, темір-бетон өндірістері, болат балқыту өндірісі.

D). агломерат өндірісі, домналы өндіріс, болат балқыту өндірісі, илеу өндіріс.

E). темір-бетон өндірісі, керамикалық бұйымдар, асбесті бұйымдар өндірісі.

19. Илеу өндірісіндегі негізгі кәсіптік зияндылықтар:

A). газдану,шаңдану,қарқынды шу.

B). жалпы және жергілікті діріл,қарқынды шу.

C). инфрақызыл сәулелену, конвекциялық жылудың бөлінуі, газдану және шаңдану, қарқынды шу, жалпы және жергілікті діріл.

D). жергілікті діріл, шаңдану, газдану, шу.

E). шу, конвекциялық жылудың бөлінуі, инфрақызыл жылу.

20. Металлургия өндірісіндегі негізгі мамандықтар:

A). көрікші жұмысшылар, шлакшылар, агломератшылар, үгіту және тасымалдау операторы, жөндеу қызметінің жұмысшылары, бұрғышылар.

B). бұрғышылар, бекітушілер, қопарушылар, тасып шығарушылар, агломератшылар /араластырушылар/.

C). көрікші жұмысшылар, агломератшылар, қопарушылар, бекітушілер.

D). көрікші жұмысшылар, шлакшылар, агломератшылар, бөлу және тасымалдау операторы, жөндеу қызметінің жұмысшылары.

E). агломератшылар,бұрғышылар,көрікші жұмысшылар,тасып шығарушылар.

21. Болат балқыту өндірісінің негізгі технологиялық процестері:

A). ұсталық-қысу /сығу/, мартенде, конверторда және электрлі пештерде балқыту цехтары.

B). конверторда, мартенде және электрлі пештерде балқыту цехтары.

C). құю,ұсталап-сығу, механикалық, термиялық, гальваникалық.

D). құю,термиялық, механикалық, конверторлы.

E). конверторда, мартенде, механикалық, термиялық, құю, гальваникалық.

22. Металлургтардың арасында жиі байқалатын аурулар:

A). жүрек аурулары, жедел асқазан-ішек аурулары,терінің іріңді аурулары, гинекологиялық аурулар.

B). құлақ, көмей, мұрын аурулары, бүйрек,бауыр аурулары.

C). орталық жүйке жүйесі аурулары, жүрек, бүйрек, бауыр аурулары.

D). жүрек аурулары, жедел асқазан-ішек аурулары, терінің іріңді аурулары.

E). орталық жүйке жүйесі аурулары, жедел асқазан-ішек аурулары.

23. Металлургтардың негізгі кәсіптік аурулары:

A). пневмокониоздар, шаңды бронхиттер, діріл ауруы, кохлиарлы неврит, силикоз.

B). силикоз, пневмокониоз, діріл ауруы.

C). пневмокониоздар, шаңды бронхиттер, діріл ауруы, кохлиарлы неврит.

D). діріл ауруы, кохлиарлы неврит, силикоз.

E). пневмокониоз, силикоз, шаңды бронхит.

24. Болат балқыту өндірісіндегі негізгі кәсіптік зияндылықтар:

A). газдану,шаңдану,инфрақызыл сәулелену.

B). жылулы сәулелену,көміртегі тотығы,шаң.

C). конвекциялы жылудың бөлінуі,шу,діріл.

D). шу,діріл,инфрақызыл сәулелену.

E). жалпы және локальді діріл,шу қос тотықты кремнийдің бөлінуі.

25. Машина құрылысы саласындағы цехтардың тізімі:

A). құю, темірді қысып соғу, ыстықпен өңдеу, механикалық, гальваникалық цехтар.

B). арматуралы, кассеталы, дайындық цехтары.

C). құю цехтары, ыстықпен өңдеу, кассеталы цехтар.

D). дайындық, механикалық, гальваникалық цехтар.

E). дайындық, темірді қысып соғу, ыстықпен өңдеу цехтары.

26. Темірді қысып соғу цехтарындағы технологиялық процесс:

A). динамикалық/қыздыру,штампылау/және статикалық қысу.

B). металға белгілі бір физико-химиялық қаттылық қасиет беру, тұтқырлық, серпімділік, электр өткізгіштік және т.б.

C). металды суықтай өңдеу.

D). металды кесу, қорыту, дәнекерлеу, бетін тозаңдату, локальды өңдеу.

E). кесетін аспапты және өңделетін бұйымды суыту.

27. Дәнекерлеу процесінің термиялық класы - бұл:

A). Электрлі доғалы дәнекерлеу, жарық сәулесімен дәнекерлеу, электронды-сәулелі дәнекерлеу, материалдарды плазмалы өңдеу.

B). Электрлік жалғастырып дәнекерлеу, жоғары жиіліктегі тоқтармен дәнекерлеу,вакуумда диффузиялық дәнекерлеу.

C). Суықтай дәнекерлеу, ультрадыбыспен дәнекерлеу.

D). Электронды-сәулелі дәнекерлеу, вакуумде диффузиялық дәнекерлеу.

E). Металды плазмалы өңдеу, суықтай дәнекерлеу.

28. Еңбек жағдайы - бұл:

A). жұмысшыларды қоршаған өндірістік орта.

B). әлеуметтік-экономикалық процестер әсерінен түзілетін факторлардың

жиынтығы.

C). өндірістегі жұмысшыларды тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету.

D). еңбек ұжымындағы психологиялық климат.

E). жұмыс орнын ұйымдастыру.

29. Жалпы еңбек гигиенасының аумақты бөлімдері:

A). еңбек физиологиясы,микроклимат.

B). еңбек физиологиясы,аурушаңдық.

C). өнеркәсіптік токсикология,микроклимат.

D). еңбек физиологиясы,өнеркәсіптік токсикология.

E). өнеркәсіптік токсикология, ескертпелі санитарлық қадағалау.

30. Өндірістік у түсінігінің нақты анықтамасы:

А).цехтың ауасына түсетін бу, газ және щаң түріндегі химиялық қосылыстар

В).өндірісте қолданылатын улы қосылыстар

С).өндіріс жағдайында организмге еніп, қалыпты тіршіліктің бұзылыстарын тудыратын химиялық заттар

Д).өндіріс жағдайында организмге тыныс алу мүшелері арқылы еніп, қалыпты тіршіліктің бұзылыстарын тудыратын химиялық заттар

Е).өндіріс жағдайында организмге асқазан-ішек жолы арқылы еніп, қалыпты тіршіліктің бұзылыстарын тудыратын химиялық заттар

31. Өндірістік улардың организмге енуінің негізгі жолы:

А).тыныс алу мүшелері

В).асқазан-ішек жолы

С).зақымдалған тері

Д).зақымдалмаған тері

Е).шырышты қабаттар

32. Өндірістік улардың сіңірілуі жақсы жүретін жолды көрсетіңіз:

А).тыныс алу мүшелері

В).асқазан-ішек жолы

С).зақымдалған тері

Д).зақымдалмаған тері

Е).шырышты қабаттар

33. Тері арқылы енуі ең қауіпті заттардың агрегаттық күйін көрсетіңіз:

А).газ

В).бу

С).сұйық

Д).түйіршік

Е).шаң

34. Реакцияланбайтын газдар мен булармен қанның қанығуы қалай жүреді?

А).тез

В).баяу

С).бастапқыда тез, кейін баяу

Д).бастапқыда баяу, кейін тез

Е).өте тез

35. Құрылыс жұмыстарының нөлдік циклін орындау кезінде санитарлық қадағалау кімдерге жүргізіледі?

A). жұмысшы-механизаторларға,құрылыс техникаларында қызмет жасайтын

жұмысшыларға

.B). қыш қалаушылар мен көмекшілерге.

C). биікте монтаждаушыларға.

D). такелаж жұмысшыларына.

E). электрмен дәнекершілеулерге.

36. Ғимаратты қыштан салғанда негізгі кәсіптік топқа жататындар:

A). жұмысшы-механизаторлар.

B). қыш қалаушылар.

C). монтаждаушылар.

D). такелаж жұмысшылары.

E). ағаш шеберлері.

37. Ғимараттарды блоктардан салғанда негізгі кәсіптік топқа жататындар:

A). жұмысшы-механизаторлар.

B). қыш қалаушылар.

C). монтаждаушылар.

D). бояушылар.

E). ағаш шеберлері.

38. Жер қазу жұмыстарын орындайтын механизаторларда болатын кәсіптік патология:

A). пневмокониоз.

B). электрофтальмия.

C). дерматит.

D). толуол буымен улану.

E). құю лихорадкасы.

39. Монтажшыларда болатын кәсіптік патология:

A). пневмокониоз.

B). құю лихорадкасы.

C). дерматит.

D). толуол буымен улану.

E). бурситтер.

40. Қыш қалаушылар жұмысындағы негізгі жағымсыз факторлар:

A). жоғары шаңдану.

B). діріл.

C). интенсивті дене еңбегі,жағымсыз микроклимат.

D). электр дәнекерлері аэрозолдарының жоғары концентрациясы.

E). интенсивті шу.

41. Ескертпелі санитарлық қадағалау неше кезеңнен тұрады?

A). 1.

B). 2.

C). 3.

D). 4.

E). 5.

42. Бір реттік құрылыс салуға арналған жоба:

A). жалғызданған.

B). бастапқы.

C). дербес.

D). типтік.

E). сериялы.

43. Әртүрлі аймақтардағы бір-біріне ұқсас мекемелер құрылысына арналған жоба қалай аталады:

A). дербес.

B). типтік.

C). сериялы.

D). жаппай.

E). көп қолданылатын.

44. Өнеркәсіп құрылысын жобалау тапсырмасын кім орындайды?

A). еңбек гигиенасынан санитарлық дәрігер.

B). мемлекеттік санитарлық бас дәрігер.

C). жобаның бас инженері.

D). өндіріс басқармасы.

E). салынатын өнеркәсіпке тапсырма берген мекеме.

45. Қандай жобалар міндетті түрде санитарлық қадағалау органдарымен келісілу керек?

A). барлық жобалар.

B). зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларымен сипатталатын

барлық өндірістердің жобалары.

C). құны 2 миллионнан асатын жобалар.

D). қолданылып жүрген санитарлық ережелер мен нормалардан ауытқуы бар жобалар.

E). 2000 адамнан көп жұмысшылары бар өндірістің жобалары.

46. Жобаның қолданылып жүрген санитарлық ережелер мен мөлшерлерге сай келуінне жауап беру кімге жүктелінеді?

A). санитарлық бас дәрігерге.

B). еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігерге.

C). жобаның бас инженеріне.

D). тапсырыс берушіге.

E). бас мердігершіге.

47. Кәсіптік ауру - бұл:

A). еңбек және демалыс процестерінің бұзылуының әсерінен болатын ауру.

B). еңбектің зиянды ықпалдарының әсерінен болатын ауру.

C). тамақтану тәртібінің бұзылуынан және еңбектің зиянды ықпалдарының әсерінен болатын ауру.

D). тамақтану және демалыс тәртіптерінің бұзылуы нәтижесінде туатын ауру.

E). зиянды әсерлердің қайталануынан немесе олардың ұзақ әсер етуі салдарынан туатын ауру.

48. Жедел кәсіптік ауру - бұл:

A). зиянды өндірістік факторлардың бір рет әсер етуінің нәтижесінде туатын ауру /бір ауысымнан аспайтын.

B). қайталанатын және ұзақ әсер ететін зиянды факторлардың салдарынан болатын ауру.

C). тамақтану және демалыс тәртібінің бұзылуының нәтижесінен туатын ауру.

D). еңбектің зиянды ықпалдарының әсер етуінен туатын ауру.

E). тамақтану және демалыс тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туатын ауру.

49. Кәсіптік аурушаңдық - бұл:

A). биылғы жылы алғашқы рет анықталған,ауырған адамдар саны.

B). биылғы жылда алғашқы рет анықталған ауырған адамдар санының жұмысшылар санына қатынасы.

C). емханаға қаралған адамдар саны.

D). еңбек процестерінің бұзылуынан болатын ауру.

E). осы жылы алғашқы рет диагнозы анықталған адамдар саны.

50. Мерзімдік медициналық тексеруден өтетін контингентті таңдап алуды мыналар жүргізеді:

A). СЭС қызметкері әкімшілікпен /кадрлар бөлімі/ және мекеменің

кәсіподақ комитетімен бірігіп.

B). цех дәрігері әкімшілікпен бірігіп.

C). СЭС бас дәрігері.

D). әкімшілік кәсіподақ комитетімен бірігіп.

E). кәсіподақ комитеті СЭС қызметкерімен бірігіп.